ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік-технологиялық факультет
«Технологиялық жабдықтар және машина жасау» кафедрасы
6М071200 «Машина жасау» мамандығы
Педагогикалық практика
ЕСЕБІ
Орындаған:
6М071200 - «Машина жасау» мамандығының 2 курс магистранты
Тайжумин М.А. ____________ ____________
қолы (күні)
Бағасы ____________
Практика
жетекшісі ____________ Тохтаров Ж.Х. phD доктор
(қолы)
____________
(күні)
Комиссия
мүшелері ____________ _______________
(қолы)
____________ _______________
(қолы)
Семей 2019
1.Магистрант-практиканттың өткізетін сабақтарының жоспар–кестесі
мерзімі
|
Орындалған жұмыс/сипаттау
|
Ескерту
|
7.11.2019
|
Педагогикалық тәжірибе жоспарымен танысу
Тәжірибе жетекшісінен кеңес алу.
|
|
4.11-8.11.2019
|
Бекітілген пән бойынша студенттердің пәнге қызығушылығын
арттыратын дидактикалық материалдар көрнекті құралдар
дайындау .Сабақ берудің негізгі принциптері бойынша кіріспе дәріс және лабораториялық сабақтарын жүргізу
|
|
8.11-14.11.2019
|
«Основы проект. Конст. цехов» пәні бойынша дәріс сабақ жүргізу.
|
|
14.11-21.11.2019
|
«САПР» пәні бойынша дәріс сабағын жүргізу. Тақырыбы: «Бағдарламалық басқарылатын металл кесу станоктары».
|
|
8.11.-21.11.2019
|
Оқытушылардың сабақтарына қатысып,
оларға талдау жасау.
|
|
24.11.2019
|
Сабақ берудің негізгі принциптері бойынша кіріспе дәріс және дәріс сабақтарын жүргізу
|
|
21.11.-28.11.2019
|
«Основы проект. Конст. цехов» пәні бойынша дәріс сабағын жүргізу.
|
|
8.11.-28.11.2019
|
«САПР» пәні бойынша дәріс сабағын жүргізу. Тақырыбы: «Бағдарламалық басқарылатын металл кесу станоктары».
|
|
4.11.-28.11.2019
|
Курстық жобаға кеңес беру
|
|
4.12.2014
|
Есепті тапсыруға дайындық
|
|
8.12.2014
|
Есепті қорғау.
|
|
Орындаған:
2 курс магистранты Тайжумин М.А.
Тәжірибе жетекшісі:
Т.ғ.д.профессор Тохтаров Ж.Х.
Cемей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 2 курс магистранты Тайжумин Максат Айкыновичке
МІНЕЗДЕМЕ
Тайжумин Максат 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап қарашаның 30 –на дейін педагогикалық тәжірибені өтті. Алғашқы күннен бастап, берілген тапсырмаларды дер кезінде орындап, өз ісіне жауаптылығын, ұқыптылығын танытты.
Тәжірибе өту барысында білімге, жаңашылдыққа деген құштарлығын, сабақ беру шеберлігін көрсете білді, өзін тек жақсы жақтарымен көрсетті. Өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарады. Ұйымдастырушылық қабілеті жақсы. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген және сауатты.
Тәжірибенің өту мерзімінің қысқа болғандығына қарамастан, өзін белсенді және жауапты магистрант ретінде ұсына білді, қажетті ақпараттардың үлкен көлемін игерді. Жақсы жұмыс атқару үшін өздігінен қосымша материалдармен жұмыс істеп, оларды меңгерді. Барлық тапсырмаларды жақсы орындап шықты.
Тәжірибе жетекшісі _________ Тохтаров Ж.Х.
Пән бойынша оқу және аудиториядан тыс жұмыстардың анализі
Жоғары оқу орнының оқу сабақтарының сарапталған және қатысқан сабақтар саны (профессорлар мен аға оқытушылар сабақтары)- 3. Өзі жүргізген сабақтар саны - 4(«Основы проект. Конст. цехов», САПР пәнінен,). Тәжірибе кезінде дәріс, лабораториялық және тәжірибелік сабақтарды беруді меңгерді. Сабаққа дайындалуда және беруде алғашқы дәрісті неден бастау керектігі, аудиторияның назарын өзіне қарату, жалпы ұсынылған материалдың қызықты болары, болмауы тәжірибенің аздығынан қиыншылықтар туындатты.
Практиканттың педагогикалық жұмысының өзіндік стилінің анализы
Студенттерге материалды баяндауда олардың белсенді сабаққа қатысуы үшін негізінде бұқарашыл стильде сабақ берілді. Меніңше, бұл стильде сабақ беру тиімді. Студентердің сабаққа белсенді қатысуы пәнге қызығушылықтарын арттырып, материалды жылдам меңгеруге себебін тигізеді. Мұндай сабақ беруде тек қана назарларын пәнге арттырып қоймай, жағымды ішкі қозғамдаманы сезінеді, өзара жеке қатынастары да үйлеседі. Бірлесіп шығармашылықпен де айналысты. Осылайша бірлесіп шығармашылықпен айналысып, қызығушылықтары артты.
3. Тәжірибе бойынша қорытынды
Менің ойымша, педагогикалық тәжірибені өту болашақта студентке оқытушы болуға апаратын жолдың негізгі іргетасы болып табылады. Тәжірибенің қысқа мерзіміне қарамастан, педагогиканың өнеріне үйреніп, аудиториямен жанасудың негізгі дағдыларын алдым.
Тәжірибе арқылы өзімді және группамды жақсы тани білдім. Материалды түсіндіруде түрлі базыналықтарды қолдануды, материалды тоқулы етіп жеткізуді, сұрақтарға сауатты жауап беруді, белгіленген уақытта сабақты жоспарлауды, тақтамен сауатты жұмыс істеуді, аудиторияның зейініне материалды икемдеуді үйрендім. Педагогикалық жұмысты жақсарту үшін жасымай, дауыстың қаттылығын дамытып, аудиторияға көп көңіл бөлу керек.
Осылайша, Семей қаласының мемелекеттік университетінде оқу- сабақ берудің негізін қалайды, ал тәжірибе өзіндік стилінді шығаруға көмектеседі.
4. ЖОО дәрісіне өзіндік анализі
4.1 Мақсаты
«Основы проект. Конст. цехов», САПР пәнінен дәріс берілді. Берілген дәрісте бағдарламалық басқарылатын металл кесу станоктарының құрылысы мен жұмыс істеу принциптері және станоктың реттеулері мен кинематикалық сұлбасы айтылды. Бұл пән профильді болғандықтан, дәріс материалы студенттердің ақпараттық технологияда кәсіби дағдыларын жетілдіріп жоғары классты маман болуға көмектеседі.
4.2 Мазмұны
«Основы проект. Конст. цехов», САПР пәнінен машина жасау саласының дамуының негізгі бағыттары мен ғылыми-технология үрдістегі рөлі көрсетіледі. «Сандық бағдарламалық басқаруы бар станок» — барлық жұмыстық және қосалқы операциялары берілген программаға сәйкес басқару құрылғыларының командалары бойынша орындалатын станок-автомат. Сандық басқаруы бар станоктың жетектерінің негізгі ерекшелігі оның жұмысының үздікті принципінде, яғни жұмыс органдарының және өңделетін бұйымдардың кез келген орын ауыстыруы жеткілікті аз қадамдардың ақырғы тізбегі бойынша жүзеге асырылады. Станоктың жұмысын басқару құрылғысы басқарады, басқару негізінен микропроцессормен немесе микрокомпьютермен орындалады. Станокты жұмысқа дайындау бұйымды өндеу процесін алгоритмдеуден, программа құрудан және оны басқару құрылғысына енгізуден тұрады. Бағдарламалар бұйымның жұмыс сызбасының және оны өңдеуге қойылатын технологиялық талаптардың негізінде құрылуы осы тақырыпта айтылған.
4.3 Технологиясы
Аудиторияның техникалық жабдықталуы берілетін материалды таныстырылым түрінде көрсетуге мүмкіндік берді. Негізгі ұғымдарды түсіндіруде уақытты үнемдеуге және ұсынылған ақпараттың көрнекілігін берді. Кейбір бағдарламалық үндеулердің ұстанымдары мен әдістерін түсіндіру үшін сұрақтарға жауап беруде тақта қолданылды.
Қорытынды
Дәріске дайындалуда тақырып бойынша материалдың көптігінен, ең керектісін, қызықтысын таңдап алу қиыншылықтар туғызды. Барлық материал берілмесе де, сабақ жақсы өтті деп ойлаймын. Дәріс кезінде бірнеше рет талас- тартыстар болды. Бұл студенттердің сабақты тыңдап, зер салғандарын көрсетеді. Мүмкін оларға қызықты да болған шығар. Сабақ беруде негізгі қиыншылық аудитория алдында сөйлеу тәжірибесінің аздығынан кідіріс, тым-тырыс кездер болды. Дәрісті бастауда толқығаннан дәрістің жоспары өзгерген кездері де болды. Бірақ берілген материалдың мазмұны өзгерген жоқ. Болашақта материалды мұқият таңдап, дәрістің кіріспе бөліміне жақсы дайындалу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |