«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
Педагогикалык менеджменттін жүйе күраушы факторлары
Орындаған
Кайранбаева Г. Н. ДПМНО - 101в
Семей – 2021
Кіріспе Педагогикалық менеджмент - мектеп жұмысын басқарудың мазмұны мен əдістері, оқу-тəрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру туралы педагогика ғылымының бір бағыты ретінде, білім берудің жаңа парадигмасы мен басқару теориясының дамуына байланысты қайта жаңғыртылуда. Білім беру жүйесін жетілдіру, ең алдымен оның сапасын арттыру – мемлекеттің таяу онжылдықтағы басты басымдықтарының бірі болып табылады. Білім беру жүйесін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, Назарбаев Зияткерлік мектептері негізінде əлемнің алдыңғы қатарлы тəжірибесін бойына жинақтаған білім берудің ұлттық моделі, білім сапасы мен оны бағалау өлшемдері, нəтижеге бағытталған басқарудың индикаторлары, критериалдық бағалау- əлемнің үздік тəжірибесі ғана емес- сапалы оқытудың бірден бір үлгісін дəлелдейді. Білім берудің түрлі деңгейлерінде оқыту мазмұны, əдістері мен құрылымдары жаңартылып, жаңа бағдарламалар мен оқулықтар, ақпараттық-комуникативтік, интерактивтік, роботтық технологиялар кеңінен ендірілуде. Білім беру ұйымдарында білім сапасын дамытуды, мектеп басшылары мен педагогтардың сыни ойлау деңгейі мен педагогикалық көзқарастарының күтілетін нəтижеге бағытталған–жаңа өзгерістерге сай болуын қажет етеді. Оны қамтамасыз ету мектептанудың төмендегі бағыттарын: - мектеп басқарудың дəстүрлі сипатын, құрылымы мен мазмұнын жаңарту; - нəтижеге бағытталған білім беру мақсатына сай басқаруды ресурстық, əдістемелік, технологиялық қамтамасыз ету үшін мектеп басшыларының заманауи құзыреттіліктерін дамыту; - оқытудың субъектаралық, коллобративтік, бірлесе оқыту түрлеріне сəйкес басқаруды корпоративтік, нəтижеге бағытталу түрінде ұйымдастыру; - оқыту бағдарламалары мен əдістемелерінің өзгермелі жағдайында педагогтардың құзыреттілігін көтеру арқылы үнемі кəсіби-əдістемелік дамыту жолдарын қамтамасыз етуді айқындайды. Мектеп басшылары өзгерістердің неліктен қажет екенін түсінуі үшін, біріншіден, білім берудің құндылықтары мен күтілетін нəтижелерін терең зерделей білуі тиіс, екіншіден, сол құндылықтар мен нəтижелерді қамтамасыз ету үшін мектепте нені өзгерту керек, ол үшін қандай əрекеттер мен жобаларды іске асыруға болатынын,үшіншіден, өзгерістерді жоспарлау жəне орындау барысында ол өзгерістер немен өлшенеді, оның тиімділігі қалай бағаланатынын алдын-ала айқындап, оны қадағалай білуі тиіс. Осы жүйелі өзгерістерді түсіну жəне оны орындау мектеп басшыларының өздерінің кəсіби құзыреттілігін дамытуды, олардың өз ұйымында қызмет ететін педагогтардың кəсіби шеберлігін дамытуға даярлығын талап етеді. Педагогикалық менеджментте басқару неғұрлым сапалы болса, соғұрлым үрдістің сапасы артады. 5 Оқу құралының мақсаты: болашақ мұғалімнің мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқарудағы педагогикалық менеджменті туралы теориялық білімі мен тəжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері: болашақ мұғалімдерді білім берудегі менеджменттің теориялық-əдіснамалық негіздері мен тұтас педагогикалық үдеріс жөнінде біліммен қаруландыру; педагогикалық менеджментің мəні жəне негізгі міндеттерімен таныстыру; педагогикалық менеджмент туралы саналы көзқарастарын қалыптастыру; менеджер қызметінің нысаны ретіндегі тұтас педагогикалық үдеріс тұрғысынан білім беру ұйымдарын басқару дағдыларын қалыптастыру. Оқу құралының мазмұны «Педагогикалық менеджмент» пəніне жəне «Кəсіби қоғамдастық пен білімнің барлық мүдделі тараптарымен өзара əрекеттесу» кəсіби модуліне сай, 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы білім алушыларына арнап жазылған. Ұсынылған оқу құралдың мазмұны мен құрылымы білім алушылар үшін ізденушілік пен инновациялыққа ұмтылуға, мектеп басшылары үшін қалыптасқан стереотипті түсініктерін өзгертуге белгілі бір дəрежеде ықпал етеді деп сенеміз. 6 I-ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ - БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖƏНЕ ТƏЖІРИБЕЛІК НЕГІЗДЕРІ, БАСҚАРУДЫҢ ƏДІСНАМАСЫ 1 бөлім. Педагогикалық менеджмент негіздері Тақырып 1.1.1. Білім беру жүйесін басқарудың қазіргі парадигмалары, құндылықтары. Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, даму кезеңдері, тарихы, басқару концепциялары. Менеджмент, педагогикалық менеджмент ұғымдары. UМақсаты: UМенеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, даму кезеңдері жəне тарихы, оның кəсіби білім беру жүйесіндегі түрленуі. Басқарудың парадигмалары, құндылықтарын, пəнін, ұғымын жəне əдіснамасын анықтау UНегізгі ұғымдар: Uбасқару, парадигма, құндылықтар, менеджмент ұғымы, даму кезеңдері, педагогикалық менеджмент UЖоспары: 1. Басқарудың парадигмалары, құндылықтары. 2. Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, даму кезеңдері жəне тарихы, оның кəсіби білім беру жүйесіндегі түрленуі. 3. Ғылыми менеджмент мектептері. 4. «Менеджмент», педагогикалық менеджмент ұғымдары. Қазақстандық білім жүйесі бəсекеге қабілетті, үш тілде еркін сөйлейтін, еуразиялық көпмəдениетті, əртүрлі ұлт арасында тіл табыса алатын жəне техника мүмкіндіктерін пайдалана алатын, базалық құзыреттіліктерді меңгерген, өзге халықтың мəдениеті мен дəстүрін қолдайтын тұлғаны қалыптастыруға бетбұрыс алды. Қазіргі таңда жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру мақсатында еліміздің білім беру жүйесі нəтижеге бағытталған білім беру моделіне көшті. Жаңа білім беру моделінің жекелеме элементтері нақты білім беру тəжірибесінде көрініс тапты, жаңа оқу орындары, жаңа бағдарламалар мен оқулықтар, білім берудің жаңа əдістері мен технологиялары пайда болды.[1] Бүгінгі қоғамның талабының бірі – жалпы білім беретін, бастауыш мектептердің педагогикалық үрдісін менеджмент негізінде басқару. Осындай өзгерістерге орай білім беру жүйесін басқару парадигмалары да жаңғыртылуда. Басқару парадигмасы (парадигма латынша paradeigma – үлгі)– ғылыми концепцияға негізделген негізгі идея, ғылым дамуының белгілі кезеңінде ғылыми қауымдастық тарапынан қабылданған болжамдардың мəнін түсіндіру жəне ғылыми тану үрдісінде пайда болатын мəселелерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт (қалып) ретінде пайдаланылатын теориялық жəне əдіснамалық ережелердің жиынтығы. Басқару тəжірибесінің жинақталуына байланысты басқару парадигмалары өзгеріске ұшырап отырады. Соңғы жылдары басқару- ұйымдастыру мəдениетіне, басқарудың жаңа əдістері мен қағидаларына, менеджердің көшбасшылық сапаларына бағытталған.Қазіргі басқару парадигмасында тиімді (рационалды) басқару қағидасы басшылыққа алынады. Қазіргі басқару парадигмасы: «ашық 7 жүйенің» құрылуы; басқарудың əдістерін жетілдіру; басқаруды орталықсыздандыру; əкімшілік-орындаушылық командалардың тиімді түрлері, мақсатты - бағдарлы жобалау; жаңашыл-бейімді білім беру жүйесін басқару арқылы қарастырылады. «Ашық жүйенің» құрылуы негізінде, мектеп сыртқы ортаға сай бейімделіп, қаржылық, əлеуметтік, мəдени, саяси, ғылыми-техникалық өзгерістерге дайын болуы қажет. Мектептің сыртқы ортаға бейімделу жетістігі мұғалімдердің кəсіби біліктіліктеріне, шығармашылық қызметтеріне, ой- өрісінің тереңдігіне, қарым-қатынас мəдениетіне, билік құрылымына, басқару əдістері мен формаларына жəне басшының осы жұмыстарды ұйымдастыра алу құзыреттілігіне тікелей байланысты. Басқару əдістері ішкі жəне сыртқы орта жағдайларда таңдалып, жұмыстың тиімділігіне қарай қолданылады. Педагогикалық үрдіске қатысушылардың дербес таңдаулары арқылы шығармашылық өсуге жағдай жасалып, жұмыстың жаңа тəсілдері енгізілетін болады. Басқаруды орталықсыздандыру (децентрализация) арқылы басшы, өз міндеткерліктерін, əкімшілік кеңестің мүшелеріне жолдайды, ұжым боп шешім қабылдауға жағдай жасайды. Əкімшілік-орындаушылық командалар, қаржылық, əлеуметтік, психологиялық əдістерді қолдану арқылы, мектептің сыртқы жəне ішкі мəселелерін дербес шешетін болады. Мақсатты - бағдарлы жобалау қызметі маңызды мəселелер бойынша нақты іс-əрекеттерді ұйымдастыру жəне қалыптасқан жағдайды өзгертуді жүзеге асырады. Жобалау, нақты есептер, ғылыми негіздер бойынша болашақтың моделін қамтамасыз етеді, əсіресе ашық жүйелерде. Жобалық ойлау педагогикалық жүйелерді басқару парадигмасының өзгерісінде өзекті орында болып отыр.[1] Жаңашыл-бейімді білім беру жүйесін басқару-кəсіби саладағы, өмірде болып жатқан өзгерістерге, жағдайларға тез икемделу, білім беру жүйесінің бəсекеге қабілеттілігін арттыратын үздіксіз дамуды білдіреді.[2] Қазіргі кезде оқушыға білім, білік, дағдыларды беру жеткіліксіз бола бастады. Бүгінгі басты құндылық оқушының білімі мен білігі ғана емес, оның ойлау қабілетін, ақпараттық жəне қарым-қатынастық мүмкіндіктерін дамыту, өзінің іс-əрекетін өзі басқару тəсілдерін меңгерту. Бұл білімнің ролін төмендетпейді, жаңа сапалары қалыптасқан ойлау деңгейі, өз мүмкіндіктерін сыни бағалай жəне дамыта білуге апаратын сатылы үдерісті құрайды. Білім, білік, дағдыдан жоғары нəтижелер бар, ол - тұлға ресурстарындағы өзгерістерге негізделген білім нəтижесі. Білім алушының тұлғалық ресурстарын мотивациялық (тұлғаның құндылықтық бағдарлары, қажеттіктері мен сұраныстары); əрекеттік (игерілген əрекет түрлері мен амалдары); танымдық (іс–əрекет барысында бағыт беруді қамтамасыз ететін білімі) деп ажыратуға болады. Мотивациялық ресурстары дамуының көрсеткіштері - оқушының тұлғалық сапалары, əрекеттік ресурстары дамуының көрсеткіштері – метапəндік (құзыреттілік) нəтижелері, ал танымдық ресурстар дамуының көрсеткіштері - пəндік нəтижелері деп қарастырады. Тұлғалық нəтижелер – оқушылардың білім беру үрдісінде қалыптасқан құндылықтар жүйесі, олар оқушының өзіне, өз біліміне сыни 8 көзқарасы, оқытудағы өз ролін бағалауы, танымдық зеректігі, т.б. анықтайды. Метапəндік нəтижелерді классификациялаудың бірнеше түрлері бар, білім алушының ізденушілік мəдениеті: жалпы оқу мəдениеті, ақпартпен жұмыс істеу мəдениеті, зерттеу жүргізу мəдениеті; жобалау мəдениеті: оған жобалау əрекетінің алгоритмін білу, жобалау жəне оны жүзеге асыра алу мəдениеті жатады; коммуникативтік мəдениет: өз пікірін білдіре алу, өзгелерді тыңдай алу, дискуссия жасай білу, конфликттерді шеше білу, бағалай білу жатады. Пəндік білім нəтижелері құрылымының компоненттері ретінде алынатындар: фактілер мен нақты мəліметтер;тірек ұғымдар; себеп– салдарлық байланыстар; заңдар мен заңдылықтар; ережелер мен қағидалар; идеялар мен теориялар; əдістер; мəдениеттанымдық мағлұматтар, құндылықтар мен дəстүрлер; проблемелар мен гипотезалар.Сонымен, пəндік нəтижелер– білім алушылардың оқылатын жеке пəндер деңгейінде игеретін əлеуметтік тəжірибенің нақты элементтері болып табылады. Оқушының проблемаларды өз бетімен шешу қабілеттерін дамытуда аталған тұлғалық, метапəндік жəне пəндік нəтижелерін біріктіретін интергативтік нəтижелердің маңызы зор. Білім берудегі интегративтік нəтиже білім алушының білімділік деңгейін көрсетеді. Білімділік – тұлғаның игерілген əлеуметтік тəжірибесін пайдалана отырып проблемалар класын, түрлерін өз бетімен шешуге қабіллеттілігін көрсететін жалпы білім нəтижесі. Білімділік деңгейі тұлғаның өзі шешуге қабілеті жететін проблемалар класы, түрлері арқылы белгілінеді. Олар: Сауаттылық–оқу əрекетіндегі проблемаларды шеше алу қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі. Сонымен қатар, бұл деңгей өз əрекетін ұйымдастыра алу, өзге де білім үрдісіне қатысушылармен қарым– қатынас жасау проблемаларын шеше алуды да қамтиды; Функционалдық сауаттылық – қоғамдық ортадағы əлеуметтік рөлдерді (оқушы, тұтынушы, қызметкер, клиент, азамат, отбасындағы, жолдастар арасындағы, қызмет бабындағы рөлдер, т.б.) жүзеге асыру проблемаларын шешуге қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі. Кұзіреттілік – өмірлік жəне кəсіби жолын таңдаудағы проблемаларды шеше алу қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі. Білім берудің жаңа нəтижелеріне жету – ол білім нəтижелерінің жаңа компоненттері тұлғалық, метапəндік жəне пəндік нəтижелерді меңгеру негізінде жүзеге асырылады. Білім нəтижелері білім беру мақсатын айқындайды, М.Фулланның айтуынша «білім берудің нəтижеге бағытталған мақсатын нақты белгілеу арқылы оқыту мен бағалау үрдістеріне мақсатқа қол жеткізетін өзгерістер енгізуге болады». ХХІ ғасырдың басынан бастап білім нəтижелерінің əлеуметтендіріле бастағаны байқалады. Егер, əлеуметтендіру үрдісін адамның өмірде кездесетін сан алуан проблемаларды шешуге қабілеттілігін дамыту деп қарастырсақ, бұл жағдайда білім беру мəні білім алушылардың əлеуметтік тəжірибесін, өз мүмкіндіктерін пайдалану негізінде проблемаларды шешуге қабілеттілігін арнайы дамыту болып табылады. 9 Жаңа білім парадигмалары жалпы білім беретін мектептерде білімнің жаңа мақсатын, міндеттерін, басымдылықтарын, келесі құндылықтарын: көпжылдық тарихы мен ұлттық тағылым, салт- дəстүрлер; педагогикалық шеберлік пен кəсібилікке негізделген білім бағдарламаларының сапасы; мектептегі қолайлы жағдай мен ұстаз беделінің кепілі болып табылатын білім беру жүйесінің мəдениеті; мектептің тұрақты дамуы, стратегиялық даму басымдықтары негізінде анықтайды. Бəсекелестік қағидасын басшылыққа ала отырып, мектептің Стратегиясында келесі бес басымдық анықталған: инновациялар, тұрақты даму, көптілділік, аймақтық инновациялық жүйеге ену жəне кəсіпкерлік ойлау, бұл оқу орнын сапалы өзгерту бағытындағы негізгі бағдар болады. Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, дамуы жəне тарихы. Адамдарды басқару өнері ежелгі заманнан қалыптасып, ғасырлар бойы жетілдіріліп, бүгінде заманауи түрге еніп отыр.Менеджменттің теориясы мен практикасының дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді: І кезең – ежелгі кезең (б.э.д. 6-9 ғғ.- ХҮІІІ ғ. дейін) Алғашқы қауымдық құрылыста ру басшысының, қауымдық жетекшінің көмегімен, басшылығымен бірігіп тіршілік еткен, кейіннен термешілік пен аң аулаудан өнеркəсіптік өндіріске ауысу менеджементтің қалыптасу бастамасы болды. Біздің заманымызға дейінгі басқару принципінің жан-жақтылығын зерттеп сипаттама берген адам Сократ (470-439 жж.) мемлекеттің билігі «үздіктерге» яғни тəжірибелі, адал, əділетті, ұқыпты, мемлекеттік басқару өнерін меңгерген адамға берілуі керек. Платон (б.з.д 428-348) мемлекеттік басқарудың түрлерін талдаумен бірге басқару органдарының функцияларын анықтаған, «Мінсіз мемлекет» азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне қажеттіні жасайтын қолөнершілердің жер өңдеушілердің, қауіпсіздікті сақтайтын əскерилердің жəне ақылмен, əділетті түрде басқаратын философбасқарушылардың бірлестігі болуы керектігін айтқан, ал Александр Македонский (б.з.д 356-323) əскерді басқарудың теориясы мен практикасын дамытты. Менеджмент туралы сөз болғанда біз ең бірінші Əбу Нəсір ƏлФарабиді (870-950) еске аламыз. Əл-Фараби басқару мен патшалық құруға, жоғары өкіметтің негізі болып табылатын басқару саясатына зор мəн берген. Оның ойынша басқару өнерінің басты бір ерекшелігі – адамдар мен əлеуметтік топтардың үйлесімдігіне жету, олардың мұң-мүддесін ескеру. Басқару теориясы жайлы алғашқылардың бірі болып 2,5 мың жылдықта жазған Ежелгі Қытай ойшылы Конфуций болды. Ол адамдарды заң арқылы басқару емес, моралдық қағидалар мен қалыптасқан дəстүрлерге байланысты басқару керектігін жəне қоғамның дамып, гүлденуі үшін басшының өзі моралдық жағынан көшбасшы- қайырымды, ұқыпты болуын, осы сапаларды басқаларда да дамыту керектігін жəне мемлекеттік қызметті атқаратын адамдардың сыпайылығы басқарудың негізгі, міндетті элементі болып табылады деген тұжырым айтты.[3] ІІ кезең – индустрияның даму кезеңі (1776-1890 жж.). Өкілдері: А. Смит, Р.Оуэн, Б. Бэббидж,Э. Юр т.б. Бұл кезеңде басқарудың теориялық 10 негіздерін іздеу бағытында өнеркəсіп иелері, ғалымдар түрлі эксперименттік сынамалар жүргізді. Шотланд экономисті Адам Смит (1723-1790 жж) менеджмент əдістерін мемлекеттік басқару саласында қолданып, мемлекет басшысының міндеттеріне анықтама берді жəне жұмыстың тиімділігі мен оны бақылау теориясының негізін қалады. Менеджменттегі реформаторлық идеялардың авторы Роберт Оуэн (1771 - 1858 жж.) басқа адамдардың еңбегінің көмегіне сүйеніп, ұйым мақсатына жету идеясын жасап, ынталандыру əдістерінің жұмысшылардың еңбек өнімділігін көтеру үшін қажеттілігін дəлелдеді. Басқару саласында алғашқылардың бірі болып басқару бұйрық беру емес, жеке тұлғалардың біріккен іс əрекеті, ұйым мақсатына жету үшін адам жəне басқа да ресурстарды қолдану екендігін анықтады. Ағылшын математигі, алғаш рет аналитикалық есептеу машинасын ойлап тапқан Чарльз Беббидж (1751-1871 жж) басқару теориясына ауқымды үлес қосқан, ол «Машиналар мен мануфактуралар экономикасы» (1832) еңбегінде еңбекті мамандыққа байланысты ақыл-ой жəне физикалық еңбек деп бөлу керектігін, жұмысшыға істеген еңбегіне қарай жалақы төлену керектігін айтты. ІІІ кезең – басқаруды бір жүйеге (систематизация) келтіру кезеңі (1856-1960 жж.) Бұл кезеңде ғылыми басқару бір жүйеге келтіріліп, басқару мектептері, концепциялары қалыптасты. Ғылыми басқару концепциясы, негізін салушы Ф. Тейлор, оның еңбектері «Ғылыми менеджмент ұстанымдары» (1911), «Фабриканы басқару» (1903). Ол менеджментті нақты заңдары мен ережелері, принциптері, жоспарлауы бар ғылым ретінде қарастырды. Ф. Тейлор еңбектерінің құндылығы сол оның теориясы бойынша өнеркəсіпті кеңейту, жұмысшылардың еңбегін ынталандыруды жетілдіру арқылы еңбек өнімділігін арттыру. Ф. Тейлор жəне оның қолдаушылары еңбек операцияларына талдау жасай отырып, оны жетілдірудің түрлі əдістерінің негізін қалады. [1] Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915 жж) - американдық инженер, менеджмент пен еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негізін қалаушы, еңбекті ғылыми басқару жүйесі кейіннен Тейлоризм деп аталды. Ф. У. Тейлордың айтуы бойынша: ғылыми басқарудың басты идеясы- əр адамның іс əрекеті ғылыми негізде құрылуы керек, соған сай əр қызметкерді қажетті дағдыларды меңгерту үшін оқыту керектігін айта отырып, ғылыми басқарудың келесі принциптерін ұсынады: орындалған əрбір жұмыс ғылыми тұрғыдан талданса, ондай жұмысты орындаудың ең озық əдісі анықталатын болады;кез келген жұмысты орындау үшін кəсіби маман керек, ол үшін қызметкерлердің білімін көтеру керек; қызметкер еңбегін ынталандыру арқылы еңбек өнімділігінің артуына, шығармашылықпен еңбек етуге, еңбекке деген құлшынысты, белсенділікті туғызуға жағдай жасалады; менеджерлер жеке адамдармен серіктес болғанда ғана жұмыс ғылыми негізде орындалады; менеджерлер мен қызметкерлердің жауапкершілігі жоғары болуы тиіс. Менеджер жұмыстың күрделі түрін орындайды: жоспарлау жəне бақылау, ал белгіленген мақсаттың жүзеге асуын қызметкерлер орындайтын болады. 11 Тейлор өз жүйесінің мəнін білім арқылы басқару, еңбектегі үйлесімділік, серіктестік, əр жұмысшының жағдайын жасау екендігін жəне өнеркəсіптегі билікті сол сала бойынша маманданған адам (менеджер) жүзеге асыру керектігін айтты. [4]. Классикалық- əкімшілік басқару концепциясы, ұйымды басқарудың жалпы мəселелері мен принциптерін жасауға бағытталды. Оның көрнекті өкілі «ғылыми менеджменттің атасы» Анри Файоль (1841 - 1925 жж.) — француздың тау-кен инженері, менеджмент теоретигі. Файоль теориясы бойынша басқару жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау функцияларынан тұратын үрдіс. [5] Сондай-ақ ол басқарудың 14 принципін ұсынды: еңбекті бөлу, билік жəне жауапкершілік; бір басшылықтың болуы; тəртіптілік, марапаттау; басқарудың орталықтан жүргізілу; иерархия, тəртіп; əрекет бірлігі; ұйым қызығушылықтарын жоғары қою; əділеттілік; жұмысшылардың тұрақтылығы; инициатива; корпоротивті рух; жұмысшылардың бірлігі, татулығы, үйлесімділік, күштің бірлігі.[6] Г. Эмерсон «Өнімділіктің он екі принципі» (1911) атты еңбегінде өнеркəсіпті басқарудың принциптерін құрастырып, ұсынады. Оның көзқарасы бойынша еңбек игілікті болуы керек. Адамдық қатынастар концепциясы, адам ресурстарын көтеру, адамды ынталандыру, топтың жеке адамға ықпалы, əлеуметтік əсер етуге негізделеді. Джордж Элтон Мэйо ( 1880-1949) —американдық психолог, өнеркəсіп басқаруды зерттеуші, менеджменттегі «адамдық қатынастар мектебінің» негізін салушы. Мэйо концепциясының негізгі қағидалары: топтық тəртіпке бағытталу, бағыныштылық пен бюрократиялық ұйымдастыру адамның табиғаты мен оның еркіндігімен үйлеспейді, басшылар өнімдерге емес, адамдарға назар аударуы керек. Э.Майо өнеркəсіптегі əлеуметтік құрылым мəнін анықтап берді. Американдық психолог, ізгілендіру психологиясының негізін салушы Абрахам Маслоу (1908-1970ж) қажеттілік пирамидасы моделін ұсынды. А. Маслоу тұжырымдамасы бойынша адам əрекетіне ықпал ететін оның қажеттіліктері дейді, яғни еңбек өнімділігі жұмысшының жалақысын көтеруден емес, оған деген басшылықтың, əріптестердің, жалпы ұжымның қарым-қатынасынан артады. Бихевиористік мінез-құлық концепциясы (1950 жылдан күні бүгінге дейін), адамдардың еңбек етуде ішкі потенциалды мүмкіндіктерін қолдану, ұйымды құру мен тиімді басқаруға негізделеді. Бихевиоризм - адамның сыртқы орта ықпалдарына қарсы жауап ретіндегі əрекет-қылығын қарастыратын психологиялық теория, оның негізгі формуласы: S-R ықпалжауап (стимул-реакция). Басқарудағы бихевиористік концепция еңбек барысында адамдардың ішкі потенциалды мүмкіндіктеріне ықпал етуге сол арқылы жағымды мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.[39] Крис Арджирис өз еңбегін ұйымдастыруды дамыту мен менеджерлерді оқытуға арнап, əрбір адамның бойындағы психологиялық энергия көзін дұрыс бағыттау керектігін айтады. 1960 ж. «Т-тобын» - тренинг тобы құрды. 12 Мақсаты: тұлғааралық қатынастар мен дағдыларға үйрету.Əлеуметтік психолог Ренсис Лайкерт (1903-1981)- «Жүйе-4» əзірледі, ол жүйе бойынша ұйым адамдарды ынталандыру негізінде құрылып, мына жағдайлар арқылы көрініс береді: мақсат белгілеу, шешім қабылдау, бақылау, орталықсыздандыру. IY кезең- Ақпараттар (сандық) кезеңі (1960 ж.- бүгінгіге дейін). Сандық концепциялар кибернетика мен сандық машиналардың шығуымен байланысты болды. Басқаруға сандық тəсілдерді енгізумен байланысты тұжырымдар Р. Акофф, Л. Берланфи, Э. Бир, А. Гольдбергер, Р. Каллиен, П. Клейн, Р. Люс, Д. Форрестер т.б. еңбектері мен зерттеулерінде тұжырымдалады. Э.С.Бир – кибернетиканы басқару саласында алғаш қолданушы болды. Ол басқаруды тиімді ұйымдастыру ғылымы деп атады. П. Ф. Друкер (1909-2005жж.) – ХХғ. менеджмент теоретигі, инновациялық экономика теориясы мен кəсіпкерлік қоғам теориясын қалыптастырды. Бұл теория жаңа ақпараттық қоғамның идеясына негізделген. Қазіргі менеджмент ХІХ ғасырдағы өнеркəсіп революциясы кезінде туындаған. Өндірістің алғашқы түрлерінде, фабрикаларда адамдарды жұмыспен қамту жəне оларды біріктіріп, жұмысқа бағыттау қажеттілігі туындап, міне, сондай жағдайда қабілетті жұмысшыны үйретіп, оқытып, кəсіпорын иесінің мақсатын орындау үшін пайдаланған. Олар – алғашқы менеджерлер болатын. Менеджмент туралы түсінік. Менеджмент ұғымы ғылымда «іс əрекет түрі» жəне «білім саласы» ретінде қарастырылып, қоғамдағы басқару салаларында қолданылады. «Ғылыми менеджменттің» негізін салушы Ф.Тейлор менеджмент жəне менеджер терминін алғаш рет қолданды, ол өзінің визит карточкасында бірінші болып «менеджмент мəселелері бойынша кеңесші» деп көрсеткен болатын. Менеджмент бойынша бірнеше кітаптардың авторы, кеңесші Т. А. Гибсон: «Менеджмент - шектеулі ресурстар жағдайында мақсаттарға қол жеткізудің өнері» десе, ХХ ғ. менеджмент теоретиктерінің ішіндегі танымалы, американдық ғалым П. Друкер Өзінің «Энциклопедия менеджмента» (2001) еңбегінде: менеджмент - тиімділік нəтижесі қол жеткізілген нəтижелермен өлшенетін қолданбалы пəн, қазіргі менеджмент - басқару қызметінің арнайы түрі, ол адамдарға бағытталады жəне негізгі мақсаты адамдарды ортақ мақсатқа бірігіп əрекет етуге бағыттау, осы жолда олардың тиімді қызмет жасауына жағдай жасау, əлсіздіктерінің «тігісін жатқызу», сонда ғана адам қабілетінің қоғамға қосар үлесі, берері көп болатынын, бұның барлығы тиімді басқаруға байланысты екендігін айтады. Педагогикалық менеджмент мəселелері бойынша қазақстандық зерттеушілер Баймолдаев Т. М., [1] Бахишева С.М. .[61-68] , Қурманалина Ш.Х. Бөрібеков Қ.Қ. Катаев Е.С [39], Қазақстандағы білім беру жүйелерін басқару мен шетелдегі басқарушылық жүйелер жайлы Құлыбаева Д.Н. (2) Құсайынов А. Қ.(35) зерттеу еңбектерінде қарастырылады. Менеджмент, дамуы, функциялары Герчикова И. Н. (5), Веснин В. Р. (14), Глухов В. В.(22), 13 Гольдштейн Г. Я.(24), Виханский О. С., Наумов А. И. (29), педагогикалық менеджмент, мектеп басқару жайлы Конаржевский Ю.А.(8), Симонов В. П.(10), Третьяков П. И.(20), Сергеева В.П. (41), басқару стилдері мен əдістері жайлы Салахова Л.Р.(15), Громова Л. А (16), Коробкова С. Н. (17), көшбасшылық сапалар жайлы Шейнов, В.П. (31), Ли Якокка (32), Бендас Т. В. (28), ұйымда қызметкерлер жұмысын ұйымдастыру туралы Донцов С.(25), Исакулов Е. Б.(26),еңбек психологиясы Митина Л.М. (36), мектеп басқарудың психологиялық жақтары, тұлғааралық қатынастар, келіспеушіліктерді шешу, жайлы климат жасау Казаков В. Г., Кондратьева (39), Немов Р. С. (40), Рыбакова М. М. (42), Лутошкин А.Н. (46), Григорьев Т. Г., Линская Л. В., Усольцева Т. П. (47), К. Аверченко, Г. М. Залесов; Р. И. Мокшанцев (44) мұғалімдердің кəсіби қауымдастығы «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» ҚР педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламаларында (33, 48,49,50) əрекеттесу тəсілдері жайлы Əлімов А.(54), Айдосова Т., Айтпукешов А., Идришева З., Кусаинов Г., Сагинов К., Ултанбаева С.(55) еңбектерінде қарастырылған. И. Н. Герчикова менеджментті шаруашылық қызметтің жетістігіне бағытталған материалды жəне еңбек ресурстарын, принциптері, функция, əдістерді қолдану арқылы кəсіби жəне іс-əрекетті қарастыратынын, алға қойған мақсаттарға жетуге бағытталған, кəсіби түрде іске асырылатын жеке қызмет түрі ретінде қарастырады.[5] Т. М. Баймолдаев менеджменттің тиімділігі индивид, топ жəне ұйымды басқарудың барлық деңгейлерінде ортақ мақсатқа, тиімді мақсатқа бағытталуға жəне мəселені шешумен анықталатынын жазады. [1] Л. Павлова менеджмент бірнеше экономикалық, саяси, əлеуметтік, қаржылық, философиялық, психологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық аспектелерді қарастырып, олардың əрқайсысы жеке тұжырымдарға негізделетінін, тəжірибеде олармен түрлі мамандар айналысатынын айтады.[7] Менеджмент (ағылшын тілінен аударғанда, to manage, management – басқару, manager- басқарушы, басшы,латын тілінен аударғанда manus-қол). Менеджментке байланысты пікірлердің негізінде ұғымға анықтама беруге болады. Менеджмент ұғымын ғылыми тұрғыдан тұжырымдайтын болсақ: басқару туралы ғылым; адамдардың қызметіне кəсіби басшылық жасау түрі;басқару еңбегімен айналысатын адамдар тобы; зияткерлік, материалдық, қаржылық ресурстар жүзеге асыратын ғылым, өнер, іс əрекет; басқаруды жүзеге асыратын білім саласы; қазіргі қоғамың саясатына, өмір сүру салтына, кəсіпкерлікке ықпал ететін əлеуметтік- экономикалық институт; басқару саласының ұйымдастыру, əлеуметтік-техникалық аспектілерін оқытатын ғылыми пəн; адамдардың еңбегін, зияткерлік дағдыларын, ынталарын қолдана отырып, белгіленген мақсатқа жету іскерлігі; ұйымды əлеуметтік басқару; ұйым деңгейінде басшылықтың қызметкерлерді басқаруынан тұратын қызмет түрі мен функциялары; адамдармен қарым-қатынасқа түсу тəсілдері мен өнерін меңгеру, ерекше əкімшілік дағды мен іскерліктер жүйесі; адамдар еңбегін жеделдету; 14 адамдармен қызметте нəзік (филигранды жұмыс) басқару; басқарудың адамға бағытталуы;басқарудағы көшбасшылық. Менеджменттік басқару – ұйымның даму жоспарын жүзеге асыруға бағытталған еңбек өнімділігіне ықпал ететін, ұйымды тұрақты басқару жүйесін құруды қамтамасыз ететін жəне басшылықтың, қызметкерлердің қызмет етуіне қолайлы ортаны құру арқылы өзара ынтымақтасуы жəне алға қойған мақсатқа бірігіп əрекет ету арқылы тиімді жету негізіндегі басқару. Ю.А. Конаржевский менеджментті басқарудың жаңа философиясы ретінде қарастырып, əкімшілік-бұйрықтық жүйе емес, басқарудың жұмсақ жүйесі, жетістік формуласы тұрғысында анықтама береді. [8] Психологиялық-педагогикалық сөздікте: «Педагогикалық менеджментбасқару өнері, яғни басқарудың принциптерінің, əдістерінің, құралдарының жəне формаларының жиынтығы; оқу-тəрбие жəне оқу-танымдық процестердің пəрменділігін арттыруға бағытталған, оны басқарудың принциптерінің, əдістерінің, ұйымдастырушылық формаларының жəне техникалық тəсілдерінің комплексі»- деп анықтама береді. [9] Педагогикалық менеджмент - білім беру жүйесінің тиімділігін көтеруге бағытталған басқару ұстанымдары, əдістері, ұйымдастыру формалары мен технологиялық тəсілдерінің кешені жəне педагогикалық жүйені басқару: жоспарлау, реттеу, бақылау, басшылық жасау, ұйымдастыру өнері. Педагогикалық менеджмент – бұл адамдардың ынтамақтастығы, адамдардың қарым – қатынас əдісі, өзін – өзі ұйымдастыру, өзін – өзі дамыту үрдісі. Ол келесі болжау қағидаларына негізделген: адамды сыйлау жəне оған сенімділікпен қарау; адамдарға тұлға ретінде қарау; ынтымақтастық əрекеті немесе басқарудан қарым - қатынасқа көшу; үздіксіз кəсіптік білімін көтеру; мұғалімге ықпал жасау; мұғалім жұмысын бағалау. Бұл қағидалар педагогикалық менеджментте бірқатар нақты талаптар қояды: адамның жеке басының беделін құрметтеу, құқығы мен мүмкіндіктерін мойындау; адамға сену, оның өзін – өзі тануы жəне мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау; өзара құрмет негізінде сенім ахуалын қалыптастыру; бастамашылдықты, шығармашылық бейімділікті, ұжымда өз орнын таба білуді қалыптастыру; жетістікті, мектеп ісіне əркімнің қосқан жеке үлесін мадақтау.Адамға құрмет жəне сенім – басқарудағы ізгіліктің ең жоғарғы көрінісі. Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасына сай менеджер педагогикалық ұжымның əр мүшесін жай ғана қызметкер, мұғалім деп емес, оны бүкіл қызмет кезеңіндегі қажеттіліктермен, мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжулармен бірге тұлға деп қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |