Xx-xxi ғғ. Батыс Еуропаның жастар субмәдениеті және олардың қазақстандық жастардың құндылықтық жүйесіне әсері



Дата03.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#482270
Әнуар Ақерке презентация

XX-XXI ғғ. Батыс Еуропаның жастар субмәдениеті және олардың қазақстандық жастардың құндылықтық жүйесіне әсері

Субмәдениет ұғымы

Ғылымда «субмәдениет» термині латын тілінің «sub – төменгі», неміс тілінің «kultur– мәдениет» деген ұғымнан шыққанын түсіндіреді. Қоғам мәдениетінің белгілі бір бөлігі болып табылатын топтарды субмәдениетке жатқызамыз. Мұндай топтар қоғамдағы қандай да бір саяси оқиғаларға, әлеуметтік қозғалыстарға байланысты пайда болады. Олар топтар және бейресми бірлестіктерден тұрады.

АҚШ зерттеушілерінің пайымдауынша, «субмәдениет» ұғымы адамдардың әсіресе жастардың белгілі бір салаға еліктеушілігінің (фанатизм), табынушылығының немесе күйзеліске түскенде ермек қылған хоббиінің салдарынан пайда болады. Мұндай бейресми топтан тұратын субмәдениеттердің өкілдері өздерін «ерекше адамдармыз» деп қоғамнан оқшаулағанды қалайды. Олардың өмірдегі ұстанымдары, киім үлгілері, түсініктері, араласатын ортасы қарапайым қала тұрғындарынан әлдеқайда өзгеше болады. Жастар арасындағы субмәдениетті жастардың өздері қалыптастырады

Субмәдениеттің түрлері

1. Музыкалық субмәдениет: белгілі бір музыка ағымына қызығушылықтарына қарай біріккен топ;

2. Арт-субмәдениет: әннен басқа өнер түріне, анимация, жалпы хобби турасында қауымдасқан топ;

3. Интернет-субмәдениет: интернет қауысдастығы, жалпы виртуалды кеңістікке ортақ тіл табысқандар;

4. Индустриялды және спорттық субмәдениет: қалалану процесіне байланысты және футбол секілді спорт түріндегі ұстанған көзқарастарына қарай біріккен топ;

Готтар

Го́ттар (ағылш. Goths, ағылш. gothic, және орыс. варварский,грубый ал қазақша дөрекі) - XX ғасырдың 70 - сінші жылдарында Ұлы Британияда панкттік қозғалыс базасында өмірге келген жастар субмәдениеті. Готикалық субмәдениет мүшелері өздерінің әртүрлілігімен ерекшеленеді, бірақ бұл субмәдениеттің барлық мүшелері өзіндік бір спецификалық стильге ие және готикалық әуендерге қызығушылықтары бар болып келеді. Бұл субмәдениеттің мүшелері көбіне жастар болғанымен, 14 - 45 жастан жоғары адамдар да мүше бола алады.

Хиппи

Хи́ппи— философия және субмәдениет, бастапқыда 1960 жылдары АҚШ-та пайда болған.

Қозғалыс 1960-1970 жылдары дамыды. Хиппидің ең танымал ұрандарының бірі: «Make love, not war!» («Соғыспай, махаббатпен айналысыңдар!»).

Хиппи сенеді:

  • адам еркіндікте өмір сүру қажет;
  • еркіндікте өмір сүру үшін, адам өзінің жан дүниесін өзгертсе жеткілікті;
  • ішкі дүниесі дамыған адам еркіндікті ең қымбат байлық ретінде бағалайды;
  • сұлулық және бостандық үйлесімді заттар, және оларды іске асыру тек рухани мәселе;
  • жоғарыда жазылғанның бәрін шындайтын адамдар рухани қауымды құрайды;

Пацифик «лапка» - әлем белгісі.

Панктер

  • Punk Панки – 1960 жылдардың соңында пайда болған субмәдениет түрі. Бұл мәдениет түрі қоғам мен саясатқа қарсы тұру мақсатында пайда болған.

Қорытынды:

Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор А.Н. Тесленко Қазақстандағы жастар арасындағы субмәдениетке деген қызығушылыққа зерттеу жүргізген. Өзінің ғаламтордағы жеке сайтына жариялаған сұхбатында Қазақстан жастарының ондай топтарға деген қызығушылықтың төмен екендігін айтады. Себебі біздің ментальдық ерекшелігіміздің, тәрбиеміздің, салт-дәстүрді ұстанатындығымызға байланысты қазақ жастарының арасындағы еліктеушілік экономикалық, не саяси емес, мәдени тұрғыда жүзеге асатындығын айтқан. Қазақстан жастарына «субмәдениет» ұғымы таныс болғанымен оған түбегейлі бетбұрыс жоқ деген пікірде.

Иә, қазіргі дәуір – қарқынды даму дәуірі, жаһандану кезеңі. Осы жаһандану дәуірінде куә болып отырған: түрлі дүниежүзілік дамулар, үрдістер, ағымдар, ұғымдар мен түсініктер бүгінгі жастың салт-санасын жойып жіберуіне жол бермесе екен деген ой бар. Әрбір жаңа толқынның ақ-қарасын ажыратуына ыпал ете отырып, әлемнің субмәдениетті ұстанатын жастарына тым артық еліктеп біздің де қоғам жастары: байкер, эмо, хиппилер және т.б. топ өкілдеріне айналмаса екен, деген мақсатта – «субмәдениет» ұғымын, оның жағымсыз тұстарын барынша насихаттап, түрлерін айқындау бүгінгі күннің басты принципі деп есептейміз.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет