Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
.«Педагогиканы оқу әдістемесі» оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері.
Негізгі категориялары оқыту әдістері, тәсілдері, құралдары, оқытуды ұйымдастыру формалары
Басқа пәндермен байланысы
Студент: Баязбекова Мархаббат
1.«Педагогиканы оқу әдістемесі» оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері.
Педагогиканы колледждерде оқытудың әдіснамалық және жалпы теориялық мәселелерімен студенттерді қаруландыру;
Орта оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқытуды ұйымдастыру және басқару үшін қажетті тәжіриблі біліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
Пәнді оқуды аяақтағаннан кейін студенттің:
Педагогика принциптерін құру оқу пәні ретінде және педагогикалық пәндердің мащзмұнын игруді ұйымдастырудың тәсілдрі ретінде елестете білуі;
Педагогиканы оқу пәні ретінде құрыудың және қазіргі оқыту тхнологияларының ғылыми негіздерін білуі;
Педагогиканы оқытудың тәжірибесінде теориялық білімдерді жүзеге асыра білуі біліктілігі болуы керек.
Курс мұның алдында оқытылған мамандыққа кіріспе, педагогиканың жалпы негіздері,дидактика, тәрбие теориясы, педагогика тарихы курстарымен мазмұндық және амалдық байланыста болады.
2. Негізгі категориялары оқыту әдістері, тәсілдері, құралдары, оқытуды ұйымдастыру формалары
Ғылымның биіктігін бағындыру оның негізін зерттеуден басталатындығы барлығымызға аян. Бұл негіздер оқу пәнінде жинақталған. Ғылым мен оқу пәні бір-бірімен тығыз байланысты.
Әдебиеттерде оқу пәні төмендегідей ретпен анықталады:
-білім жүйесі; білімді меңгерудегі оқу-танымдық іс-әрекет түрлерінің жүйесі; ғылымның негізін дидактикалық жүйелі түрде мазмұндау [2, 347-бет];
-білім жүйесіндегі белгілі сатының модулі, оның ішіне мақсаттылық, мазмұндық, қисындық-әдістемелік (технологиялық), нәтиже-бағалаушылық компоненттері енеді; өзіне сәйкес ғылым негізінде әлеуметтік тәжірибе әсерінен қалыптасатын модуль [11, 17-бет].
Оқу пәні – ғылымның «фотосуреті». Оқу пәні жаңа білімдерді ашпайды, ол ғылымның дайын болған қорытындысын пайдаланады. «Ғылым» және «оқу пәні» ұғымдарының мазмұндық талдауы олардың бір нүктеде түйісетінін көрсетті, бұл – білімнің жүйелілігі.
Оқу пәні оқыту міндеттерін, білім алушылардың дайындығы мен жас ерекшелігін арнайы есепке алатын ғылымның негізінен тұрады. Оның негізгі қызметі – білім беру. Оқу пәні міндетті түрде ғылым құрылымының нақты көшірмесі емес. Оқу пәнін құрастырған кезде ғылыми түсініктер мен жағдайды анықтау, жүйелеу, нақтылау болады. Ғылыми түсініктер, категориялар оқу пәнінде қайта өңделгеннен кейін ғылыми қолданыста жаңа, нақтыланған түрде қолданыла алады.
Жоғары оқу орындарындағы оқу пәнінің ерекшелігі ғылымның құрылымына жақын болғандықтан, онда ғылым теориясымен анықталған мәліметтер мен оларды танып білудің әр түрлі жолдары ашып көрсетілген.
Педагогика оқу пәні ретінде келесі компоненттерден тұрады:
білім беру, оқыту, тәрбие жайлы білім жүйесі;
білім, іскерлік, дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған оқу-танымдық іс-әрекет жүйесі.
Оқу пәнінің құрылысын жасау кезінде бірнеше факторлар ескеріледі. Оларды қарастырайық.
Егер ғылыми білімдер жеткілікті түрде жүйеленген және оны оқытудың әдістемелік аспектілері болса, сонда ғана олар оқу пәніне енеді.
Сәйкес саладағы студенттердің біліміне байланысты оқытушы оқу пәнін жобалай алады. Сонымен бірге, білім алушылардың қабілеттілігі, жас және жеке психологиялық ерекшеліктеріне тән оқу пәні әрқалай оқытылады.
Оқу пәні дәрістер, семинарлар, тәжірибелік және зертханалық сабақтар көмегімен оқытылады.
Кез-келген оқу пәні дидактикалық материалдар қорымен (нақты тапсырмалар, көрнекілік материалдар, бақылау сұрақтары, әдістемелік нұсқаулар) бекітіледі.
Оқу пәнінде белгілі теория, концепциялармен қоса оқытушының әдіснамалық көзқарасы да орын алады.
3. Басқа пәндермен байланысы
Әдістеме ғылым және оқу пәні ретінде оқытылатын пәнмен және дидактикамен тығыз байланысты.
Болашақ мұғалімдерді, педагогтарды өзінің мамандығы бойынша кәсіптік даярлау мақсат болатын. Психологиялық-педагогикалық пәндердің циклы қысқартылған көлемде және оларды терең игеруге мән берілмей оқытылды. Педагогиканың және білім берудің тарихынан ұзақ уақыт бойынша кәсіби даярлықтың негізі болашақ мұғалімдер, педагогтарды өз мамандықтарының пәні бойынша білімдерме қаруландыру деп есептеліп келгені белгілі.
«Педагогиканы оқытудың әдістемесі» әлі тұтас жүйе ретінде берілмей отыр, себебі әдістеме жүйесін қалыптастырудың барысы педагогиканы оқыту пәні ретінде қалыптасуымен бірге жүреді. Педагогика бойынша оқу кітаптары мен оқу құралдарының көптігі педагогиканың өзінің оқу пәні ретінде педагогика ғылымы ауқымындағы білімдердің және педагогиканы оқу пәні ретіндегі қатынасын қарастырудың бастапқы сатысындағы дәлелі болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |