|
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген
|
Педагогтерге біліктілік санаттарын
беру (растау) қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
14-бабына сәйкес әзірленді және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібін айқындайды.
2. Білім беру ұйымы жыл сайын 1 қыркүйекке дейін алдағы қаржы жылына арналған біліктілік санаттарын берудің (растаудың) перспективалық жоспарын жасайды және бекітеді, ол қажеттілігіне қарай түзетіледі.
2-тарау. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (беру) тәртібі
3. Педагогтердің біліктілік санаттары «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 наурызда жарияланған) (бұдан әрі – № 83 бұйрық) және осы Қағидалардың негізінде беріледі.
4. Педагогтерге біліктілік санаттарын берудің бірінші кезеңі – ұлттық біліктілік тестілеуі № 83 бұйрық негізінде өткізіледі.
5. Екінші кезең – педагогтерді біліктілік бағалау - №83 бұйрықтың 6-тармағына сәйкес білім беру ұйымдары өткізеді.
6. Үшінші кезеңнен өту үшін - қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау - педагог осы Қағидаларға 1-қосымшаға және № 83 бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес өтініш пен құжаттар топтамасын береді.
7. Өтініш берілген біліктілік санаты бойынша ұлттық біліктілік тестілеуінің оң нәтижесі болған жағдайда педагог тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясына (бұдан әрі - Комиссия) жинаған біліктілік санатына тиісті балдарға өтініш береді.
8. Бірінші басшының бұйрығымен біліктілік санаттарын беру (растау) үшін комиссиялар құрылады:
«педагог» - білім беру ұйымдарында;
«педагог – модератор» - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімінің органдарында);
«педагог-сарапшы» және «педагог – зерттеуші» - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органдарында;
«педагог – шебер» - білім беру саласындағы уәкілетті органның жанында.
9. Комиссия құрамына тәжірибелі педагогтер, оқу-әдістемелік кабинеттердің, орталықтардың, біліктілікті арттыру ұйымдарының әдіскерлері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдардың, ғылыми-педагогикалық кеңестердің өкілдері, білім беруді басқару органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары кіреді.
10. Комиссия мүшелердің тақ санынан, бірақ кемінде жеті мүшеден тұрады. Комиссия мүшелері Комиссияның отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
11. Комиссияның төрағасы білім беру ұйымының, білім басқармасының (облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), білім бөлімінің, білім беру саласындағы уәкілетті органның (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органының басшысы болып табылады, ол педагогтердің біліктілік санаттарын беру және растау рәсімін жүргізеді. Төрағаның орынбасары комиссия мүшелерінің арасынан сайланады.
12. Хатшы Комиссия отырысына материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды, хаттаманы ресімдейді және қол қояды. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
13. Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
14. Салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілік санаттарын беруді (растауды) білім беру саласындағы уәкілетті органдардың комиссиялары жүзеге асырады.
15. Дауыс беру нәтижелері комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
16. Комиссия отырыстарында аудио немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудиобейнежазба мұрағатта кемінде бір жыл сақталады.
17. Комиссия материалдарды сараптамалық кеңеске осы Қағидаларға
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беруге (растауға) педагог портфолиосын қабылдау-табыстау актісі бойынша жылына екі рет (ағымдағы жылғы 5 мамырға және 5 қарашаға дейін ) жібереді.
18. Мәлімделген біліктілік санатына сәйкестігіне біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін жүргізу үшін сараптамалық кеңес құрылады:
«педагог» біліктілік санатына - білім беру ұйымы деңгейінде ұйымдастырылатын, құрамында басшының орынбасары, тәжірибелі педагогтер, білім беру ұйымының кәсіподақ комитетінің мүшелері бар сараптамалық кеңес. Сараптамалық кеңестің құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі;
«педагог-модератор» біліктілік санаты үшін – аудан (облыстық маңызы бар қаланың) деңгейінде, қала, облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, білім беру саласындағы уәкілетті орган деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар және салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) ұйымдастырылатын сараптамалық кеңес, құрамында әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, ауданның/қаланың жоғары білікті педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, білім беру саласындағы қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері. Сараптамалық кеңестің құрамы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органы, білім беру саласындағы уәкілетті орган басшысының (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар және салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) бұйрығымен бекітіледі);
«педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаттары үшін – облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, білім беру саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органы деңгейінде ұйымдастырылатын сараптамалық кеңес, құрамында облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органы, білім беру саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органы басшысының бұйрығымен бекітілетін әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру ұйымдарының жоғары білікті педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, қамқоршылық кеңестердің, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері. Сараптамалық кеңестің құрамы облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органы, білім беру саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар және салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) басшысының бұйрығымен бекітіледі;
«педагог-шебер» біліктілік санатына - Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі жанынан ұйымдастырылатын сараптамалық кеңес, құрамында ҚР БҒМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандары мен әдіскерлері, кәсіподақ өкілдері, тиісті саланың уәкілетті органдары, республиканың білім беру ұйымдарының тәжірибелі педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, қамқоршылық кеңестердің, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері бар. Сараптамалық кеңестің құрамы білім беру саласындағы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.
19. Сараптамалық кеңестің құрамына сараптамалық кеңестің төрағасы мен мүшелері кіреді. Сараптамалық кеңес мүшелерінің тақ санынан, бірақ кемінде жеті адамнан тұрады.
20. Сараптамалық кеңес осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сабақтарды/сабақ оқуларды бақылау парақтарын ескере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру (растау) үшін педагогтердің портфолиосын бағалау өлшемшарттарына сәйкес біліктілік санаттарын беруге (растауға) педагогтердің портфолиосын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау парақтарын ескере отырып қарайды және бағалайды.
21. кеңес педагогтердің портфолиосын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беруге (растауға) және қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтаудың қорытындылары бойынша сәйкестік/сәйкессіздік туралы, әрбір педагог бойынша өтініш берілген біліктілік санатынан бір деңгейге төмен сәйкестік туралы ұсынымдарды осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген мерзімдерде (ағымдағы жылғы 5 маусымға және 5 желтоқсанға дейін) Комиссияға жібереді.
22. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) бойынша түпкілікті шешімді Комиссия қабылдайды. Аттестаттаудан табысты өткен педагогтер тізімі мемлекеттік органның немесе білім беру ұйымының интернет-ресурсында жарияланады.
23. «Мәлімделген біліктілік санатына аттестатталмаған» шешім қабылдаған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссияның барлық мүшелері қол қойған шешімнің негіздемесі бар аттестатталған адамның электрондық поштасына жазбаша хабарлама жібереді.
1-параграф. Педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын беру тәртібі
24. Біліктілік санатын беру сараптамалық кеңестің ұсынымдары ескеріле отырып, комиссияның шешімімен қабылданады:
1) «педагог» біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе қайта даярлау курстарынан өткен, біліктілік санаты берілген лауазымдағы жұмысын тоқтату себептеріне қарамастан қайта бастаған немесе білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, біліктілікті арттыру ұйымдарынан білім беру ұйымдарына ауысқан адамдар, жоғары оқу орындарының немесе мамандығы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқыған (тағылымдамадан өткен) немесе Педагогикалық қызметті жүзеге асырған және жақын және алыс шет елдерден Қазақстан Республикасына келген, білімін, еңбек өтілін растайтын құжаттары болған кезде немесе ұлттық біліктілік тестілеуінен сәтті өткен педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскен, сондай-ақ мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын біледі; білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгерген, цифрлық білім беру ресурстарын қолданады;
«Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық әдептің негізгі нормаларын сақтайды;
2) «педагог-модератор» біліктілік санатына:
тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
«педагог» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады;
кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы, аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болады;
3) «педагог-сарапшы» біліктілік санатына:
тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
«педагог-модератор» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
ұйымдастырылған оқу әрекетін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларына ие;
білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды;
кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы, аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болады;
облыс, ел телевидениесінде трансляциялау үшін қосылған бейне-, телесабақ дайындаған адамдар (бар болған жағдайда);
4) «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:
«педагог-сарапшы» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген;
білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді;
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) деңгейінде тәжірибе жинақтайды;
кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы, аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болады;
тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан/қала, облыс деңгейінде даму стратегиясын конструктивті айқындайды (бар болған жағдайда);
тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдары педагогтер үшін ұйымдастырған семинарларды, конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес оқулық, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау бойынша сарапшылардың құрамына енген және (немесе) техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған білім беру бағдарламаларын немесе оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге қатысады (болған жағдайда);
елдегі телевидениеде трансляциялау үшін қосылған бейне-, теле сабақ дайындаған адамдар;
танымал инетернет ресурстарын пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін таратады;
4) «педагог-шебер» біліктілік санатына:
тиісті бейін бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде алты жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
«педагог-зерттеуші» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған авторлық бағдарламасы бар немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіреді немесе WorldSkills чемпионаттарының сарапшысы немесе педагогтардың біліктілігін арттыру жөніндегі жаттықтырушы болып табылады;
республикалық немесе халықаралық кәсіптік конкурстардың немесе олимпиадалардың жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындады;
танымал Интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін таратады;
республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды.
25. Педагогтерге біліктілік санатын беру педагогтердің біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру рәсімі:
«педагог» біліктілік санатына – білім беру ұйымында;
«педагог-модератор» біліктілік санатына – ауданның (облыстық маңызы қаланың) білім бөлімдерінде, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларында, білім беру саласындағы уәкілетті органдарда (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органдарында;
«педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», біліктілік санаттарына – республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларының деңгейінде, білім беру саласындағы уәкілетті органдарда (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
«педагог-шебер» біліктілік санатына – білім беру саласындағы уәкілетті орган деңгейінде жүргізіледі.
26. Білім беру ұйымы біліктілік санатын беру үшін педагогтердің тізімдік құрамын (қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде) аудандардың (қалалардың) білім бөлімдеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларына, республикалық ұйымдар – білім беру саласындағы уәкілетті органға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органына ұсынады.
27. Әрбір педагог бойынша сараптамалық кеңестің ұсынымдарын қарап, алғаннан кейін комиссия педагогтердің портфолиосын қарайды және мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;
2) өтініш берілген біліктілік санатынан бір саты төмен санатқа сәйкес келеді;
3) «педагог» біліктілік санатына сәйкес келеді (өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмеген жағдайда);
4) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді.
28. Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес хаттамамен ресімделеді.
29. Комиссия «өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді» деген шешім қабылдаған жағдайда қолданыстағы біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
30. Біліктілік санаты «Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне сәйкес педагогтердің жұмысқа жарамсыздығы жағдайларында педагогтердің өтініші негізінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
31. Осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген педагогтерге және жұмысқа шыққан педагогтерге біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін білім беру ұйымдары комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) біліктілік қағидаларының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (еркін нысанда);
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады);
3) білімі туралы дипломның немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік бере отырып қайта даярлау туралы құжаттың көшірмесі;
4) педагогтің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кезекті біліктілік санаттарын беру туралы куәліктің көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаты жоқ педагогтерден басқа);
6) біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын құжат.
32. Комиссияның біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі отырысы өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.
33. Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы комиссияның шешімі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес хаттамамен ресімделеді.
34. Жүктілігі және босануы бойынша демалыстан немесе бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған демалыстан немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлер үшін демалыстан шыққаннан кейін педагог ТКТ-ны біліктілік талаптарына сәйкес келетін санатқа тапсырады. Педагогтердің осы санаты үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау кезеңін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы бір жылдан кейін өткізеді. Бұл ретте педагогте бар біліктілік санаты бір жыл бойы сақталады.
35. Біліктілік санатының қолданылу мерзімі өткен жағдайда жасына байланысты зейнетке дейін бір жылдан аспайтын уақыт қалған педагогтерге біліктілік санатын кезекті беруден (растаудан) босату туралы өтінішіне (еркін нысан) сәйкес оларда бар біліктілік санаттары зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады. Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы бұйрықты білім беру ұйымының басшысы шығарады.
36. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жалғастырушы зейнеткерлік жастағы педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) рәсімі жалпы негізде жүргізіледі.
Жалпы негізде біліктілік санатын беру (растау) рәсімінен бас тартқан жағдайда біліктілік санаты бір деңгейге төмендейді.
Қайта бас тартқан жағдайда біліктілік санаты «педагог» біліктілік санатына дейін төмендетіледі.
37. Біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың негізінде білім беру ұйымы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес біліктілік беру (растау) туралы куәлік береді.
38. Педагогтерге:
«Санаты жоқ» біліктілік санаты берілген педагогтерге «педагог» біліктілік санаты теңестіріледі;
«екінші санат» біліктілік санаты «педагог-модератор» біліктілік санатына теңестіріледі;
«бірінші санат» біліктілік санаты «педагог-сарапшы» біліктілік санатына теңестіріледі;
«жоғары санат» біліктілік санаты «педагог-зерттеуші» және (немесе) «педагог-шебер» біліктілік санаттарына теңестіріледі.
39. Біліктілік санатын беру туралы куәліктерді беруді білім беру ұйымдары комиссиялардың шешімдері мен тиісті бұйрықтардың негізінде жүзеге асырады және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктерді тіркеу және беру журналында тіркеледі.
40. Қазақстан Республикасы шегінде педагогикалық саладағы тиісті мамандық бойынша жаңа жұмыс орнына ауысқан кезде мұғалімдер қолданыстағы біліктілік санатын оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақтайды.
41. Қазақстан Республикасының шегінде педагогикалық салада тиісті мамандық бойынша жаңа жұмыс орнына ауысқан кезде педагогтерде бар біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
42. Педагогтерге біліктілік санатын беру білім туралы дипломда немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік берілген қайта даярлау туралы құжатта көрсетілген мамандыққа (біліктілікке) сәйкес жүзеге асырылады. Негізгі қызметке тағайындалған біліктілік санаты тиісті бағыттағы барлық оқытылатын пәндерге / пәндерге қолданылады.
43. Білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәндерді оқытқан жағдайда, біліктілік санатын беру оқытатын пәнді/пәндерді (таңдау бойынша) көрсете отырып, негізгі лауазым бойынша жүргізіледі және негізгі лауазым бойынша санат беріледі. Негізгі лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты тиісті бағыт бойынша оқытылатын барлық пәндерге қолданылады.
44. Шағын жинақты мектептердің педагогтері үшін дипломда көрсетілмеген пәндерді оқыту жағдайында кезекті біліктілік санатын беру пәнаралық (аралас) пәндер бойынша тиісті біліктілік санаты берілген қайта даярлау туралы құжат болған жағдайда атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі. Біліктілік санатын келесі тағайындау біліктілікті арттыру туралы тиісті құжат болған жағдайда жалпы негізде жүзеге асырылады.
45. Арнайы білім беру ұйымдарында сабақ беретін педагогтерге кезекті біліктілік санатын беру дипломға сәйкес, бейіні бойынша немесе қайта даярлау туралы құжатқа сәйкес, білім беру ұйымдарындағы тиісті бейін бойынша жүргізіледі.
46. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне кезекті біліктілік санаты оқытатын бейініне сәйкес беріледі.
47. Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне (әдіскерлеріне) біліктілік санаттары диплом бойынша және атқаратын лауазымы ескеріле отырып беріледі.
48. Білім беру ұйымынан әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдарға ауысқан немесе білім беру қызметін ұйымдастырған кезде педагогте қолданыстағы «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады (теңестіріледі) және тиісті қосымша ақы төленеді.
49. Әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің), «Дарын» орталықтарының, мектепке дейінгі, арнайы және қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлерінде білім беру ұйымына ауысқан кезде және қоса атқару жағдайларында «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары сақталады және тиісті қосымша ақы төленеді.
50. Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан жалпы білім беретін мектептерге ауысқан кезде педагогтердің біліктілік санаттары мыналарға теңестіріледі:
«мұғалім-модератор» – «педагог-модератор»;
«мұғалім-сарапшы» - «педагог-сарапшы»;
«мұғалім-зерттеуші» - «педагог-зерттеуші»;
«мұғалім-шебер» – «педагог-шебер».
51. «Өзін-өзі тану» пәнін оқытқан кезде педагогтегі біліктілік санаты уәкілетті органмен келісілген білім беру бағдарламалары бойынша «Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру курстары туралы құжат болған жағдайда бұрын оқытқан пән бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
52. Кезекті, мерзімінен бұрын біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогтер дипломындағы мамандығы бойынша немесе «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ұлттық біліктілік тестілеуінен өтеді.
53. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы бейінге сәйкес келмейтін педагогикалық білімі бар педагогтерге мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша біліктілікті арттыру (немесе қайта даярлау) курстары туралы құжат болған жағдайда біліктілік санаты беріледі.
54. Психологиялық, диагностикалық (білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін айқындау бөлігінде), түзету, әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагогтерге дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес немесе біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау курстарынан өтуді ескере отырып, «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаты беріледі.
55. Дене шынықтыру пәні педагогтеріне «педагог», «педагог-модератор» «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары «Педагогика, оқыту әдістемесі» пәні бойынша ұлттық біліктілік тестілеуінен өткеннен кейін және бастапқы дайындық деңгейінің нәтижелерімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы сынақтарын тапсырған соң беріледі (расталады).
56. Педагогтерге кезекті біліктілік санаты:
«Көркем еңбек» пәні бойынша «Технология», «Бейнелеу өнері», «Сызу» мамандықтары бойынша диплом;
«Графика және жобалау» пәні бойынша «Бейнелеу өнері», «Сызу», «Информатика» мамандықтары бойынша диплом, сондай-ақ бұрын берілген біліктілік санатын ескере отырып, кәсіптік оқыту негізге алынады.
57. Арнайы білім беру ұйымдарында немесе арнайы сыныптарда (топтарда) білім туралы дипломда көрсетілгеннен басқа мамандық бойынша қызмет жүргізген жағдайда кезекті біліктілік санатын беру біліктілікті арттыру курстары немесе қайта даярлау курстары туралы құжат негізінде атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.
58. Инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептерде сабақ беретін педагогтерге кезекті біліктілік санаты дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес беріледі, бұл ретте портфолиода ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жүргізілген жұмыстар бойынша материалдар көрсетіледі.
2-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру тәртібі
59. Педагогтер біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру осы Қағидалардың 25-тармағының талаптарына сәйкес келеді және № 83 бұйрыққа сәйкес ұлттық біліктілік тестілеуін тапсырады.
60. Педагогтерге мерзімнен бұрын біліктілік санаттарын беру бойынша шешім қабылдайтын комиссияның жұмыс тәртібі осы Қағидалардың 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтарында жазылған.
61. «Педагог-модератор» біліктілік санатын мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде екеуіне сәйкес келетін адамдар қатысады:
пәнді (пәнді) ағылшын тілінде оқыту құқығымен жоғары оқу орнын бітірген, ағылшын тілін С1 (CEFR шкаласы бойынша) деңгейінен төмен емес білетінін растайтын сертификаты (куәлігі) бар немесе ғылыми-педагогикалық бейіні бойынша «магистр» академиялық дәрежесін бере отырып дипломы бар тұлғалар адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық /республикалық маңызы бар қала) деңгейінде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық деңгейде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар.
62. «Педагог-сарапшы» біліктілік санатына мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде екеуіне сәйкес келетін адамдар қатысады:
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлерде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық деңгейде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
ағылшын тілін С1 (CEFR шкаласы бойынша) деңгейінен төмен емес деңгейде меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын адамдар;
жоғары оқу орнынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде екі жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар;
білім беру ұйымдарына өндірістен, бейінді ұйымдардан педагогикалық жұмысқа ауысқан, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар адамдар;
бейінді пән бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып табылатын адамдар;
бейіні бойынша ең жоғары біліктілік разряды бар өндірістік оқыту шеберлері;
аудандық / қалалық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған тұлғалар;
WorldSkills облыстық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес оқулық, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау бойынша сарапшылар құрамына енген немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған адамдар;
облыс, ел телевидениесінде трансляциялау үшін қосылған бейне-, теле сабақ дайындаған адамдар (бар болған жағдайда).
63 «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатына мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде екеуіне сәйкес келетін адамдар қатысады:
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген, басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторлары (тең авторлары) болып табылатын адамдар;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар;
кәсіпорыннан, бейінді ұйымнан педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық деңгейдегі олимпиадалардың қатысушыларын, жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған адамдар;
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау бойынша сарапшылар құрамына енген адамдар (бар болған жағдайда);
облыс, ел телевидениесінде трансляциялау үшін қосылған бейне-, теле сабақ дайындаған адамдар;
аудандық / қалалық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған тұлғалар;
WorldSkills облыстық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
64 «Педагог-шебер» біліктілік санатына біліктілік санатына мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде екеуіне сәйкес келетін адамдар қатысады:
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары және жүлдегерлері болып табылатын адамдар;
өзінің тәжірибесін халықаралық деңгейде таратқан адамдар;
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған авторлық бағдарлама әзірлеген адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылатын адамдар;
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау бойынша сарапшылардың құрамына енген адамдар;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде бес жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
Қазақстан Республикасының «Үздік педагог» атағына ие болған адамдар;
WorldSkills халықаралық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар.
Достарыңызбен бөлісу: |