Педагогтің Т. А.Ә. (болған жағдайда) Мұхамбетова А. Т



Дата04.04.2024
өлшемі58.99 Kb.
#497628
«Көк тудың желбірегені»


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Мұхамбетова А.Т.



Күні:

11.12.2023ж

Сынып: 4 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Көк тудың желбірегені»



Құндылық

Ұлттық мүдде

Мақсаттары

Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету

Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Ресурстар
Басталуы
3 минут
Ұйымдастыру кезеңі
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)
Кіріспе сөз:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар,оқушылар!Тәуеліздігіміз құтты болсын.Бұл мереке барша қазақстандықтарға,бәрімізге құтты болсын!Тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндеттідеген.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық.
Мұғалім:
Көгілдір аспанымыз ашық болсын!
Күніміз жарқыраған жарқын болсын!
Төгілген мейірім мен шапағатқа,
Төрімде тәуелсіздік құтты болсын!
Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті, кемелді,
Жайна мәңгі тәуелсіз ел- Қазақстан! деп 3 сынып оқушыларының тәуелсіздік туы желбірейдітақырыбындағы ашық тәрбие сағатын көріп тамашалаңыздар.

Ата-бабам аңсаған,


Күрес салып шаршаған,
Тәуелсіздік таңы атты-
Бақыттымын мен содан!
Бізге мұра қалалар,
Бізге мұра дала бар!
Тәуелсіздік тұғырын,
Қадірлейік, балалар!
Мұғалім:
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқалы,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы айбыны,
Туған тілі – сарқылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да

Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер,


Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған.
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырымның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!

Мұғалім:
Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Ата бабамыз өз жерін, Отанын, халқын қорғаймын деп талай тарихи оқиғаларды бастарынан кешірді.Ел үшін,тәуелсіздігіміз үшін жанын қиған Қайрат,Ләззат,Ербол,Сабира сынды аға әпкелерімізді еске алмай кете алмаспыз.


Желтоқсан оқиғасы


Желтоқсан құрбандарын еске алу
Қайрат Ноғайбайұлы,Рұсқұлбеков Қайрат Рысқұлбеков 1966-жылы 13-наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында малшы әулетінде дүниеге келді. Қайрат 1973-1981 жылдары Шу ауданындағы Төле би ауылына орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып сегіз жылдық білім алды. Мектепте сабақты жақсы үлгеріп, кластан класқа емтихансыз көшіп отырды. Қоғамдық жүмыстарға белсене аралаласып, мектептің бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болды.

Ербол Сыпатаев Желтоқсан оқиғасының тағы бір құрбаны-Ербол Сыпатаев.1986 жылдың 18- желтоқсанында сағат 20- да ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Энергетика институтының екінші курс студенті Сыпатаев әкелінді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздын екінші бөлімшесінде туып өскен. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. Мектепті жақсы бітіріп, қазақ әдебиетіне ерекше бейімділігі жөнінде мақтау қағазын қоса алды.Әскер қатарында жүргенде де, институтта да мақтау қағазымен мадақталды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізде қалдырамыз.


Сабира Мұхамеджанова Желтоқсан оқиғасының тағы бір қызғалдақ құрбаны- Мухамеджанова Сабира 1970 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай Ауданында дүниеге келген. Сабира 1985 жылы сегіз жылдықты үздік бітірісімен, Өскемен қаласында мұғалімдер даяралайтын оқу орнының қазақ бөлімінде оқиды. Анасын шақырып, демонсрацияяға барлық қыздар Сабираның ұйымдастыруымен шықты деген жала жүйкесіне тиген қыз анасын көріп мауқын басқан соң жатахананың 5-қабатынан секіріп өледі. Үлбіріген қызғалдақ мезгілсіз қиылды.Біз Сабира әпкемізді желтоқсан құрбаны ретінде мәңгі есте қалддырамыз.


Асанова Ләззат Алтынайқызы - Желтоқсан көтерілісінің құрбаны.1985ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. уч-щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа алаңға алғашқы ереуілшілер қатарында Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз! деген ұранмен шықты


Оқушылар бір-бірлерімен амандасады.


Гимн орындалады.

Деректі фильмді мұқият қарайды.

Жаңа білім
10 минут
Тәуелсіздік шежіресі
Оқушы: 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ-ға мүше болып кірді.
Оқушы: 1993 жылы 15 қараша Ұлттық валюта күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданды.
1996 жылы 20 қаңтарда Қазақтан Республикасының І сессиясы болып өтті.
1997 жылы Қуғын сүргіндерді еске алу жылы деп аталды.
1998 жылы 6 мамыр Астана күні.Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмол қаласына көшті.Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.

1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.


Дереккөздерден мағұлмат жинайды.



Аяқталуы
Сабақты бекіту
2 минут
Мұғалім:
Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз.Қазақстанның болашағы – білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.
Сынып сағатынан алған мәліметтеріне қорытынды жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет