Пән атауы : Әлеуметтік-саясаттану білім модулі



бет3/9
Дата05.10.2023
өлшемі110.52 Kb.
#479897
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Мәдениет Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті.

Жазу мен ғылымның дамуы

  • Тува және Минусин аймағындағы Енисей ескерткіштеріне жататын құлпытастарда, тастарда, алтын және күміс ыдыстарда, теңгелерде қазіргі таңда белгілі болған жазудың 150 түрі белгілі болса, Лена-Байкал жағалауындағы ескерткіштер тобында тұрмыс заттарына жазылған, әлі күнге дейін оқылмаған 16 қысқа жазу кездеседі.
  • Алтай тобының ескерткіштері: бір тас бағана мен тасқа жазылған жазулар және молалардан табылған күміс ыдыстағы жазулар (барлығы 50-ге жуық жазулар).
  • Шығыс Түркістан ескерткіштеріне Тұрфандағы көне құрылыстың қабырғасында жазылған 4 жазу, үңгір ғимараттарындағы 2 жазу, Миран мен Дуньхуандағы қағазға түсірілген бірнеше ірі мәтіндер, қоладан жасалған қол айнадағы жазу жатады.
  • Ал Жетісулық деп аталған Орта Азиялық ескерткіштер тобына - Талас алқабындағы құлпытастардағы, теңгелердегі, тұрмыстық заттар мен ағаш таяқтардағы 12 жазуды, ал Ферғана ескерткіштеріне жататын қосалқы тобы керамика мен металдағы 17 қысқа жазу жатады.
  • Көне түркі мәдениетіндегі адамзат өркениетінің өлмес қазыналарының бірі - баға жетпес асыл мұрасы - жазудың пайда болуы мен жазба әдебиетінің байлығы. Білге-қаған мен Күлтегіннің және басқа түрік елінің көрнекті қайраткерлерінің құрметіне арналған руна мәтіндері ең құнды әдеби шығармалар ретінде және сол кезеңнің тарихын баяндайтын дерек ретінде жоғары бағаланады. Бірақ біртіндеп оңтүстік өлкелерді арабтардың жаулауы, ислам дінінің көшпелі ақсүйектер арасына терең тамыр жаюы нәтижесінде ежелгі түріктердің руна жазуы ығыстырылып, араб графикасы негізінде жаңа түрік жазбасы қалыптасқан

“Құдатғу білік” дастаны

  • “Құтатғу білік” ежелгі Түркстанның батысы мен шығысында бірдей ІХ ғасырдан бастап-ақ ықпалды, іргелі елдік құрған қарахандар әулетінің билігі дәуірлеп тұрған заманда Жүсіп Хас-Хаджиб жазған. Ол Х ғ. соңы мен ХІ ғ. алғашқы жылдарында қазіргі қазақ елінің жер ауқымына енетін ежелгі Баласағұн шәһарында туып өскен. Жүсіп Баласағұн айтулы этикалық-философиялық еңбегін 54 жасында жазған. Баласағұн қаласында бастаған бұл шығармасын Қашқарда аяқтап, Қарахандар мемлекетінің сол кездегі әмірі Сатұқ Боғра ханға тарту етеді.
  • “Құдатғу білік” 6520 бәйттен тұрады және 124 бәйттің қосымшасы бар. Шығарманың жалпы көлемі 13 мың екі шумақтан құралған өлең. Поэманың 3 түрлі қолжазбасы сақталған: ұйғұр жазуымен венгерлік, сондай-ақ араб ғарпімен жазылған каир мен намангандық нұсқалары. “Қайырымды білім” тек әдеп-мораль трактаты ғана емес, терең философиялық шығарма, онда идиалдық қоғамның нормаларын, бұл қоғамдағы әртүрлі тап өкілдерінің мінез-құлық ережелерін суреттейді. Білім – билеуші үшін де, халық үшін де игілікке қол жеткізудің бірден-бір қайнар көзі деген идея оның мазмұнына арқау болған. Жүсіп Баласағұнның осы еңбегі арқылы Қарахандар дәуіріне барлау жасап, тарихи-этнографиялық құнды пайымдаулар түйіндеп, пікір қорытуға болады. Шығармада ел басқарудың экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық ахуалы, әскери істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің әл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады. Еңбекте сол заманғы ғылым мен мәдениеттің жетістіктері де аңғарылып отырады.
  • “Құтты білік” атты даналық дастаны ғұлама атын күллі Тұран еліне, Шығыс әлеміне танытты. Батыс пен Шығысты кең шарлап кеткен бұл әдеби жәдігер он ғасырдай мерізім өткенде өз атамекеніне оралды. 1986 жылы қазақ жерінде өз ана тілімізде алғаш рет жарық көрді. Сол Х-ХІІ ғасырлардың өзінде-ақ Орта Азия, Қазақ елі аумағын мекендеген халықтардың мәдени даму биіктерінің бірі болған философиялық поэманың даналық ойлары күні бүгінге дейін аса құнды, өміршең. “Құтты білік” – ежелгі түркі тіліндегі классикалық поэзияның тұңғыш шығармасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет