Пән бағдарламасының Нысан (Syllabus) титулдық пму ұс н 18. 4/19



Дата13.06.2016
өлшемі212.72 Kb.
#131385
Пән бағдарламасының Нысан

(Syllabus) титулдық ПМУ ҰС Н 7.18.4/19

парағы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Көліктік техника және логистика» кафедрасы

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
TMPRR 3303 – Тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы және механизациясы

Павлодар, 2013 ж.



Пәнбағдарламасын Нысан

(Syllabus) бекіту парағы ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



БЕКІТЕМІН


ММжК факультетінің

деканы______Т.Т. Тоқтағанов

«___»_____________20__ ж.

Құрастырушы: ________ аға оқытушы, магистр, Имангазинова Д. Б.



Пәннің бағдарламасы (Syllabus)
Тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы және механизациясы TMPRR 3303

5В090100 - Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығының күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған


Бағдарлама 20__ ж. «___» _____ бекітілген жұмыс бағдарламаға негізделіп құрастырылған.
20__ ж. «___»______ кафедраның мәжілісінде ұсынылған №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________ Қ. Қ. Абишев «___»______ 20__ ж.

Факультеттің Оқу әдістемелік кеңесінде құпталған «___»______20__ ж.

№___ хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Ж. Е. Ахметов «___»______20__ ж.

1.Пәннің оқу құжаты
Пәннің атауы «Тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы және механизациясы»
Міндетті компонент пәні
Кредиттер саны және оқытылу мерзімі

Барлығы – 2 кредит

Курс: 3

Семестр: 5

Барлығы аудиториялық сабақтар – 30 сағат

Дәрістер – 15 сағат

Тәжірибелік – 15 сағат

СӨЖ – 60 сағат

Соның ішінде СӨЖМ – 15 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы – 90 сағат
Бақылау нысаны

Қорытынды бақылау нысаны Емтихан – 5 семестр


Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет:

«Жоғары математика», «Физика», «Метрология, стандартизация және сапаны басқару», «Химия», «Теориялық механика», «Сызба геометриясы және инженерлік графика», «Электротехника және электроника негіздері», «Инженерлік геодезия».
Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:

«Біртұтас көлік жүйесі», «Көлік құралдары», «Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару», «Көлік логистика».
2. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат

Аты-жөні - Имангазинова Динара Балғабековна

Ғылыми дәрежесі, лауазымы, мамандығы - магистр, аға оқытушы

«Көлікті техника және логистика» кафедрасы, Б-220,

телефон: 67-36-23 (1216)

E-mail: imangazinovad@mail.ru.



3. Нысандары, мақсаттары мен міндеттері
Пәннің нысаны «Тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы және механизациясы» автомобиль, темиржол, ауа, су көліктері арқылы жүк тасымалдаудың құрамдық бөлігі болып табылатын тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы және механизациясы бойнша білім қалыптастыру.
Пәнді беру мақсаты

Тиеу-түсіру машиналар және жабдықтар жүйелерінің, машинамен және көліктік-қоймалы комплекстармен басқару автоматтандыру принциптерінің, қоймадағы әр түрлі жүктерді қайта өңдеу технологиялық үрдістерінің заманауи және болашақты білімдерін алу.


Пәннің оқу міндеттері

Көліктегі заманауи тиеу-түсіру жұмыстарын оқу. Заманауи тиеу-түсіру машиналарын, жабдықтарын, пневматикалық, гидравликалық көліктерін, автомобиль- және вагонтоңқарғыштарын, олардың есептеу теорияларын оқу. Темір жолдар бойымен тасымалданатын негізгі жүктері бар жоғары тиімді технологиялық үрдістер, және де осы жүктерді тар сораптан кең сорапқа, темір жолдан су және автомобиль көліктеріне және де кері тоңқару тәсілдері оқытылады.


4. Білімге, іскерлікке, дағдыға, біліктілікке қойылатын талаптар

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер:

түсініктер болуы қажет:

- тиеу-түсіру технологиялары туралы;

- тиеу-түсіру механизациялары туралы;

-тиеу-түсіру қоймалары;

білуі:

- тиеу-түсіру жұмыстарын және қойма операцияларын ұйымдастыру және олардың тасымалдау үрдісіндегі маңызын;



- ғылыми-техникалық жетістіктерінің үдеуінің, алдыңғы қатарлы әдісті және техниканы, ғылымның жетістіктерін тәжірибеге ұдайы енгізуіндегі негізгі жұмыс өнімділігінің көтеру шараларын;

- сенімділік, стандарттау және патенттеу көрсеткіштерін;

- эргономикалық, эстетикалық, табиғатты және еңбекті қорғау көрсеткіштерін және тиеу-түсіру жұмыстарын және автоматтандыру заттарының экономикалық көрсеткіштерін анықтауын;

икемді болу:

- тиеу-түсірудегі жұмыс өндірісінің және қойма операцияларының жоғары деңгейлі технологиялық үрдісті;

- тиеп-түсіру машиналарының жаңа жүйесін құруда және жобалауда технико-экономикалық тапсырмасын жасай алуын;

- ортақтандырылған жүйеде қазіргі заман машиналарын жөндеу және күту, оларды пайдалануындағы жұмысты;

дағдылануы қажет:

- өндірісте кибернетиканы, электронды есептеуіш қондырғыларын қолдануды және жоспарлық есепте есептесу мен басқару, жоғары деңгейлі машина жүйелерімен автоматты басқару жүйесін үдеулі енгізу, әр түрлі көліктің қарым-қатынасын және тасымалдауды ұйымдастыру технологиясын жаңарту тәжірибелік машықтарды иемдену қажет;

біліктілік деңгейі:

- жылжымалы құрамның жүккөтергіштігін ұлғайту.
5. Пәнді оқудың тақырыптық жоспары

Сабақ түрлеріне байланысты академиялық сағаттарды бөлу


п/п


Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

дәріс

Тәж. жұмыс

Барл.

СӨЖО



1 тақырып. Кіріспе. Тиеу түсіру жұмыстарын және қойма операцияларын механикаландыру және технологиясының негізі.

5

5

20

5




2 тақырып. Тиеп-түсіру машиналары және жабдықтары.

5

5

20

5




3 тақырып. Жүктерді тиеу–түсірудегі технологиясы және механикалары.

5

5

20

5


Барлығы: 90 сағат (2 кредит)

15

15

60

15




  1. Дәріс сабақтарының мазмұны

1 Тақырып. Кіріспе. Тиеу түсіру жұмыстарын және қойма операцияларын механикаландыру және технологиясының негізі.

Жоспар:

  1. Тиеп-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру. [1, 12-15 бет]

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

  1. Жүкті тиеу-түсіру және көліктік-қоймалық жүмыстарды орындаған кезде механикаландыру және автоматтандыру үрдісіне талпынады. Механикаландыруға орындар алдында ең азы бір негізгі операциялы машиналар, агрегаттар, құрылғылар әне басқа механикаландырылған құрал-саймандар мен механикалық, электрлік, пневматикалық немесе гидравликалық жетектері бар аспаптар көмегімен орындалатын жұмыстар жатады.

Кешенді механикландырудың жоғарғы дәрежесі – жеке технологиялық участкілер мен барлық үрдістегі тұтастай кешенді автоматтандыру. Кешенді автоматтандыру жұмысы кезінде барлық көліктік кешендер мен технологиялық машиналар технологиялық үрдісті бар бойымен әр түрлі автоматты басқармадағы құрылғылар мен аспаптардың көмегімен жеке қиын өндірістерді және ЭЕМ басқарушыларды қосқанда бақылау мен тәртіпке салуды автоматтандыру жүзеге асырады.

2 Тақырып. Тиеп-түсіру машиналары және жабдықтары.

Жоспар:

  1. Үздіксіз қызмет атқаратын машиналары және жабдықтары. [3, 34-39 бет]

  2. Үздікті қызмет атқаратын машиналар және оның құрылымдары. [3, 42-51 бет]

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

  1. Көліктік және тиеу-түсіру машиналары жұмыстың сипатына қарай үздікті және үздіксіз қызмет атқаратын болып бөлінеді. Үздікті қызмет атқаратын машина жүктің тиісті бөлшегін ұстап алады немесе араластырады жүкпен жүкті түсіру орнына дейін араласады, тиеленеді және содан кейін жаңа тиісті бөлшекті ұстау үшін қайта келеді. Мұндай локомативті, рельсіз кеіліктер, скрепер қондырғысы және т.б. жатады. Уақыт аралығымен кезекті жүктің тиісті бөлшегін ұстау арасы циклдың жалғастырылуы деп аталады. Цикл тасымалдау ара қашықтығына, жүкті тиеу мен түсіруге жіберілген қозғалыс жылдамдығы мен уақытына байланысты.

3 Тақырып. Жүктерді тиеу–түсірудегі технологиясы және механикалары.

Жоспар:

  1. Тиеу-түсіру жұмыстарын және қойма операцияларын кешенді механикаландырудың және автоматтандырудың жобалаудың негіздері. [2, 51-53 бет]

  2. Тараланған-дара жүктердің тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы және механикалары. [1, 24-28 бет]

  3. Жүктерді контейнерлермен және контейнерлер тасымалдайтын тиеп-түсіру жұмыстарының технологиясы және механикалары. [1, 35-37 бет]

  4. Ауырсалмақты және ұзын-мөлшерлі жүктердің тиеп-түсіру жұмыстарының технологиясы және механикалары. [2, 26-34 бет]

  5. Сусымалы-кесекті жүктердің тиеп-түсіру жұмыстарының технологиясы мен механикалары. [2, 42-49 бет]

  6. Орманды-ағаш жүктерінің тиеп-түсіру жұмыстарының технологиясы және механикалары. [1, 32-46 бет]

  7. Дәнді-дақылды және көкөністі тиеп-түсіргендегі жұмыстарының технологиясы және механикалары. [1, 59-64 бет]

  8. Сұйық жүктерді құйып-төгу технологиясы, механикалары және қоймалары. [3, 58-67 бет]

  9. Ауыстырмалы-төкпелі пункттардағы жүктерді тиеп-түсіру жұмыстарының технологиясы және механикалары. [3, 68-73 бет]

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

  1. Қоймалық қызметтер:

  • Жүкті сақтау;

  • Жүкті қабылдау және сақтау, өңдеу, жөнелту жөніндегі қоймалық есеп;

  • Қоймалардағы жүкті сақтандыру;

  • Жүктерді сақтаудың қоймалық қызметтері;

  • Жүктерді қоймада сақтауға қатысты қолмен немесе механикамен түсіру жұмыстары;

  • Товарды қалыптау;

  • Жүктерді қайтадан буып- түю;

  • Товарларды таңбалау, стикерлеу;

  • Сұраныстарды қалыптастыру;

  • Бүліну және қайтарып беру жұмыстары;

  • Кросс-докинг (қойма аумағында ұстамай- ақ немесе1-2 күндік қысқа мерзімді орналастырусыз қойма ішінде қабылдау мен жөнелту қызметі).

  1. Өлшемсіз және салмағы ауыр жүктерді тасымалдау тасымалдың анағұрлым күрделі түрі болып табылады, оны орындау барысында автокөлікпен жер бетімен тасымалдаған кезде арнайы қозғалмалы құрам және теңіз немесе темір жол тасымалы кезінде арнайы шарттар пайдаланылады. Бұл кезде ірі өлшемсіз және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелерін қадағалау қажет. Осындай жүктермен жұмыс жасаудың ерекшелігі жүк көтерімділігі жоғары тиеуші-түсіргіш техниканы пайдалану қажеттілігімен, жүктерді орналастыру және бекіту жөніндегі ерекше талаптарымен, тасымалдарды келісудің күрделі ресімінің болуымен, жүктер құнының жоғары болуымен шартталады. Өлшемсіз жүк тасымалын есептеу үшін бізге жүк туралы, оны бекіту тәсілі туралы толық ақпарат, сондай-ақ жүктің сызбалары мен сызба нұсқалары қажет.




  1. Тәжірибелік сабақтар мазмұны, олардың сағаттық көлемі

1 тақырып. Теке крандарының минималды санын анықтау, 3 сағат

Теке крандары — көпір тәріздес крандар, олардың көпірі бетонды іргетасқа орнатылған рельстар бойымен қозғалатын тірекке орнатылған. Теке крандар тағайындамасы бойынша келесідей бөлінеді: жүкті ауыстырып тиейтін, құрылыс-монтажды, арнайы тағайындалған, екіконсольды, Краны общего назначенияжалпы тағайындалған крандар. 

Жоспар:

  1. Теке крандардың минималды санын анықтауды үйрену. [1, 5-16 бет]

Тапсырма:

    1. Тәуілігіне контейнеро-операциялар санын анықтау.

2. Теке крандарының пайдалану өнімділігінің есебін анықтау
3. Теке крандарының қажетті санын анықтау

Тапсырма орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар

Дәрістер мен оқу құралдарын пайдалану.



2 тақырып. Теке және көпірлік крандарының өнімділігін есептеу, 3 сағат

Машинаның және қондырғының өнімділігі - бұл нақты уақыт аралығында машинамен немесе қондырғымен өндіріле алатын жүк саны (т, м3, дара).

Жоспар:

  1. Көпірлі және теке крандарының өнімділігін есептеуді үйрену. [3, 15-23 бет]

Тапсырма:

1. Цикл уақытын анықтау.

2. Машиналардың пайдалану өнімділігін анықтау.

3. Жылжымалы кранның электроқозғалтқыш механизмінің қуатын анықтау.



Тапсырма орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар

Дәрістер мен оқу құралдарын пайдалану.



3 тақырып. Тиеу-түсіру жұмыстарының механикаландыру сызбаларын таңдау, 3 сағат

Кран пролетіндегі темір жолдардың қондырғыларындағы КК-20 теке кран пролетінде орналасқан 200 ірітонналы (20 т) контейнерлер үшін қойма ұзындығын Нқ анықтаймыз. Қажетті саңылаулар мен технологиялық жүрістерін ескере отырып, кран пролетіндегі элементарлы алаңында темір жол мен контейнерлер қатарын орналасу сызбасын құрастырамыз.

Жоспар:

  1. Қоймадағы механикаландыру сызбаларын таңдауды үйрету. [2, 26-37 бет]

Тапсырма:

1. Тиеу-түсіру жұмыстарының механикаландыру сызбаларын таңдау үрдісі неге тәуелді?

2. Тиеу-түсіру жұмыстарының механикаландыру сызбаларын жасау қалай өткізіледі?

Тапсырма орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар

Дәрістер мен оқу құралдарын пайдалану.



4 тақырып. Жабық қоймалардың негізгі параметрлерін анықтау, 3 сағат

Қойманы жобанда оның негізгі параметрлерін анықтау қажет: сыйымдылық, қажетті алаң, ұзындығы, ені, биіктігі, тиеу-түсіру фронттарының өлшемдері. Қойма параметрлерін қойманың жүк өңдеу көлемін және жүк ауласының жұмыс режимін ескеріп анықтайды.



Жоспар:

  1. Жабық қоймалардың негізгі параметрлерін анықтауды үйрету. [1, 104-115 бет]

Тапсырма:

  1. Теміржол қоймаларының талаптары.

2. Қоймалар түрлері.

3. Қойма жабдықтары.

4. Қойма параметрлері.

5. Қойма өлшемдері неге тәуелді?

6. Қойма ұзындығын анықтау.

Тапсырма орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар

Дәрістер мен оқу құралдарын пайдалану.



5 тақырып. Бункер параметрлерін анықтау, 3 сағат

Түрі бункерлі-силосты ыдыстарды жобалау бұл, яғни олардың шарт қатарына жауап беретін геометриялық өлшемдерін анықтау болып келеді. Осы шарттарға жатады: орналастыратын жүктің қажетті көлеміне бункердің геометриялық сыйымдылығының сәйкестігі, бункердің көлбеу қабырғаларындағы жүк бөлшектерінің тежеуінің жоқтығы, түсіру тесігі арқылы жүктің бөгетсіз шығарылуы, бункерден жүк беру бойынша қажетті өнімділікті қамтамасыз ету.



Жоспар:

  1. Бункердің өткізу қабілеттілігін анықтауды үйрету. [1, 134-261 бет]

Тапсырма:

  1. Тіктөртбұрышты бункердің сыйымдылығын анықтау.

2. Цилиндр пішінді бункер көлемін анықтау.

Тапсырма орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар

Дәрістер мен оқу құралдарын пайдалану.


8.Өздігінен жұмыс тапсырмалары

1 тақырып. Тиеу-түсіру механизмдері мен машиналары.



Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Тиеу-түсіру машиналардың түрлері.

  2. Тиеу-түсірудің автоматтандырылған механизмдері.

  1. Реферат жазу.

2 тақырып. Жүк тасымалдайтын ұшақтар.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Жүкті тиеу-түсіру жұмыстары.

  2. Жүк сыйымдылығы.

  1. Реферат жазу.

3 тақырып. Тиеу-түсіру жұмыстарында қолданылатын крандар.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Крандар түрлерінің ерекшеліктері.

  1. Реферат жазу.

4 тақырып. Контейнерлер.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Контейнерлердің түрлері.

  2. Контейнермен тиеу-түсіру жұмыстары.

  1. Реферат жазу.

5 тақырып. Қоймалар.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Қоймадағы операциялар.

  2. Қойма түрлері.

  1. Реферат жазу.

6 тақырып. Әр түрлі жүктердің тиеу-түсіру технологиясы.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Дәнді-дақылдар мен көкөністердің тиеу-түсіру технологиясы.

  2. Жүкті сақтау шарттары.

  1. Реферат жазу.

7 тақырып. Көліктік құралдар мен тиеу-түсіру механизмдері.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Тиеу-түсіру пункттары.

  2. Қойманың негізгі параметрлері.

  1. Реферат жазу.

8 тақырып. Сұйық жүктерді құйып-төгу технологиясы және механикалары.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Сұйық жүктерді тасымалдауда қолданылатын машиналар мен қондырғылар.

  2. Сұйық жүктерді сақтау қоймалары.

  1. Реферат жазу.

9 тақырып. Поддондар және көліктік пакеттер.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Поддондар түрлері.

  2. Көліктік пакет.

  1. Реферат жазу.

Курстық жұмыстар тақырыптары

1. МАЗ-503А автомобилімен табиғи борды тасымалдау кезіндегі автомобиль көлігінің тарту есебі.

2. КрАЗ-256В автомобилімен құрылыс жұмыстарына арналған гравий тасымалдау кезіндегі автомобиль көлігінің тарту есебі.

3. БелАЗ-540 автомобилімен құрылыс жұмыстарына арналған құм тасымалдау кезіндегі автомобиль көлігінің тарту есебі.

4. 100 м қашықтыққа ірібөлік абразивті жүктерді тасымалдау кезіндегі өнімділігі 100 тонна/сағатына таспалы конвейердің есебі.

5. 50 м қашықтыққа орташабөлік абразивті жүктерді тасымалдау кезіндегі өнімділігі 120 тонна/сағатына таспалы конвейердің есебі Расчет ленточного конвейера производительностью 120 тонн/час при транспортировке среднекусковых абразивных грузов (камень) на расстояние 50м.

6. 70 м қашықтыққа кіші абразивті ұсақбөлік жүктерді тасымалдау кезіндегі өнімділігі 160 тонна/сағатына таспалы конвейердің есебі.

7. КБ-160 башенный кранның ауыспалы өнімділігін анықтау.

8. КБ-306А башенный кранның ауыспалы өнімділігін анықтау.

9. КБ-100 башенный кранның ауыспалы өнімділігін анықтау.

10. КБ-60 башенный кранның ауыспалы өнімділігін анықтау.


  1. СӨЖМ кеңестерінің графигі (СӨЖМ-нің 25% СӨЖ құрайды)

Барлық сұрақтар бойынша кеңес ағымдағы семертрдің СӨЖМ графигіне сәйкес жүзеге асырылады.


  1. Тәлімгерлердің білімін тексеру кестесі

Дәріс пен тәжірибелік сабақтарға қатысу 0-100 баллмен бағаланады



Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру графигі




Жұмыс түрі

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Дайындаумерзімі

Бақылау түрі

Тапсырууақыты

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Тиеу түсіру жұмыстарын және қойма операцияларын механикаландыру және технологиясының негізі

[1, 2, 3]

2 апта




4-апта

2

Реферат

Тиеп-түсіру машиналары және жабдықтары

[1, 2, 3]

2 апта




6- апта

3

Межелік бақылау

1-2 тақырып







тестілеу

8- апта

4

Реферат

Жүктерді тиеу–түсірудегі технологиясы және механикалары

[1, 2, 3]

2 апта




11- апта

5

Межелік бақылау

3 тақырып







тестілеу

15- апта



  1. Студенттердің білімін бағалау өлшемдері

Пәнді оқу барлық өткен материалды қамтитын аралас (тестілеу (мониторинг)+жазбаша) формада өтетін емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберудің міндетті шарты бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды орындау болып табылады.

Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтардағы (дәріске қатысу, үй тапсырмасы, СӨЖ тапсырмасы, тәжірибе тапсырмалары және межелік бақылау.) барлық орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалығымен есептеледі.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) оқу жұмыс бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру) және жіберу рейтингін жинаған (50 баллдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Әр пән бойынша студенттердің оқу жетістіктерінің дәрежесі қорытынды бағамен (Қ) анықталады, ол жіберу рейтингі (ЖР) және қорытынды баға (ҚБ) қосындысынан және балдық салмақтық үлестерді (СҮ) есепке алып анықтайды:


Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4
Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің Ғылым кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 артық емес және ҚБ 0,3 кем емес болуы қажет.

Пән бойынша қорытынды баға студенттің жіберу рейтингі және қорытынды бақылау бағалары дұрыс болған кезле ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға дәлелсіз себеппен келмеу «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға тең келеді.

Пән бойынша емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні немесе жазбаша емтихан күннің екінші жартысында босла келесі күні жеткізіледі.

Межелік бақылау (рейтинг) және қорытынды емтихандағы студенттің бідім бағасын 0-100 дейнгі % саналады.

Рейтинг бағасы ағымдағы баға мен межелік бақылау бағасыларының қосындысына тең болады:
Р1(2)=АҮ(2)*0,7+МБ1(2)*0,3
Студенттердің оқу жетістіктері, яғни білімі, ептілігі, икемділігі және құзыреттіліктері көп баллды әріптік жүйе бойынша анықталады:


Әріптікжүйесібойыншабаға

Балдыңцифрлықбаламасы

Пайыздық эквивалент

Дәстүрлі жүйемен баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағат

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз



  1. Оқытушының талаптары, саясат және құзыреттіліктер

Дәрістік сабақта оқытушы студентке сұрақ қойып, 50-100 балл қояды.Оқытушымен көрсетілген мерзімде студенттер әрбір тәжірибелік сабақтан кейін есеп, және де төрттен кем емес реферат тапсыруы міндетті.

Жұмыстарды көрсетілген мерзімде тапсыру керек. Тапсырманың ақырғы тапсыру мерзімі – келесі сабақ немесе СӨЖМ сабағы.

Барлық тапсырмаларды орындамаған және тапсырмаған студенттер емтиханға.

Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі тестілермен, сұрақ қою әдісімен немесе жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Барлық тексеру әдістері ескертусіз өткізілуі мүмкін.

Оқытушының, тәртіпті сақтамаған студентті адиториядан шығаруға құқығы бар.

Оқытушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысын (ОСӨЖ) орындаған кезде келесі төрт негізгі қағидаларды ескеру қажет:

Бірінші – оқытушының пән бойынша бағыттау мақсатында жүргізген сабақтары кезінде берілген мәліметті студенттердің белсенді түрде қабылдауын қамтамасыз ему.

Екінші – оқытушының ақыл-кеңесін ескере отырып, студенттер өз бетінше оқу-әдістемелік әдебиет пен оқулықтарды зерделейді және үй тапсырмаларын, бақылау, курстық т.б. жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде студенттердің жұмыс әдісін білуі және қажырлы болуы маңызды.

Үшінші – оқу барысында кездесетін қиындықтарды талдап, оның себептерін анықтауға тырысу, оқытушыға сұрақтар қойып, оған өзінше жауап табу.



Төртінші – оқытушымен әрдайым байланыста болып, ақыл-кеңес, нұсқаулар алу.



  1. Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Жүк тасымалдау ережесі/Правила перевозок грузов. Алматы: Медиа Транспорт, 2005 – 516 с.

  2. Куанышпаев Ж. М. Жүктану. – Караганда : КарГТУ, 2011. – 134 с.

  3. Бекжанов З. С. Теміржол көлігімен тасымалдау технологиясы және оны ұйымдастыру: Оқулық. – Астана: «Парасат Әлемі» баспасы, 2005. – 352 бет.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет