СӨЖ |
Дәріс
|
Тәж.
|
Жалпы
|
соның ішінде СОӨЖ
|
1
|
Кіріспе
|
1
|
-
|
12
|
1
|
2
|
Әлем шаруашылық географиясы. Әлем шаруашылығы – ғаламдық географиялық жүйе
|
3
|
2
|
12
|
3
|
3
|
Дүние жүзі шаруашылығы салаларының географиясы
|
6
|
4
|
12
|
6
|
4
|
Дүние жүзі шаруашылығының аймақтық құрылымы. ТМД елдерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы
|
3
|
4
|
12
|
3
|
5
|
Шет елдерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы. Шетелдік Еуропа елдері
|
3
|
4
|
12
|
3
|
6
|
Солтүстік Америка елдері
|
3
|
2
|
12
|
3
|
7
|
Латын Америкасы елдері
|
3
|
4
|
12
|
3
|
8
|
Шетелдік Азия елдері
|
3
|
4
|
12
|
3
|
9
|
Африка елдері
|
3
|
4
|
12
|
3
|
10
|
Австралия және Мұхит аралдарының елдері
|
2
|
2
|
12
|
2
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
30
|
30
|
120
|
30
|
|
Пән бойынша барлығы
|
180
| 6. Дәріс сабақтарының мазмұны
1 Тақырып. Кіріспе.
Жоспар:
-
Экономикалық және әлеуметтік географияда қолданылатын негізгі зерттеу әдістері - талдау және синтездеу әдістері.
-
Елдердің экономикалық-географиялық сипаттамасы.
Басқа ғылымдар сияқты экономикалық және әлеуметтік география өзінің негізгі зерттеу әдісі ретінде - талдау және синтездеу әдістерін қолданады. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географиядағы талдап зерттеу пәннің қарастыратын ауқымы мен заңдылығына сай бөлшектенуіне алып келеді. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географиядағы синтездеп зерттеу белгілі бір территориядағы барлық компоненттер мен факторлардың әрекеттесу ерекшелігін айқындау және интеграциялау жолымен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, анализ және синтез бір-бірімен үйлеседі, яғни экономикалық-географиялық сипаттамалар "салалық" компоненттер мен факторларды, территориялық аудандарды (субрегион мен регион) айқындайды. Елдердің экономикалық-географиялық сипаттамасы типологиялық бағытта болуы кажет, яғни әр елдің жеке өзіне тән спецификалық ерекшелігіне сай жалпы сипаттама берілуі керек.
Ол үшін елдің экономикалық географиясын зерттегенде материалдарды дұрыс таңдай алып, салыстыру әдісін кең түрде қолдану қажет. Тек қана елді елмен, ауданды ауданмен, саланы саламен салыстыру арқылы ғана зерттеп анықтағанда мемлекеттің, шаруашылықтың ерекшелігі анықталады.
Сонымен қатар, студенттер жеке елдер бойынша сай әдебиеттерді оқуы қажет. Студенттер негізгі әдебиеттермен жүйелі түрде жұмыс жасауы керек, барынша экономикалық және саяси мерзімдік басылымдардың шығуын қадағалау керек. Сонымен бірге, ҮСЭ жылнамалықтар, Қысқаша географиялық энциклопедия ұсынылады. Жеке елдер бойынша шығарылатын анықтағыштар, кітапшалар, карталарды пайдаланған жөн.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
2 Тақырып. Әлем шаруашылық географиясы. Әлем шаруашылығы - ғаламдық географиялық жүйе.
Жоспар:
-
"Әлем шаруашылығы" түсінігі, маңызы, дамуының негізгі тенденциялары мен заңдылықтары.
-
Дүние жүзі табиғат ресурстарының жалпы сипаттамасы.
-
Дүние жүзінің шаруашылығының ғаламдану үрдісі.
-
Интеграция әсерінен өндіріс күштерінің орналасуындағы өзгерістер.
"Әлем шаруашылығы" түсінігі, маңызы, дамуының негізгі тенденциялары мен заңдылықтары, қарама-қайшылығы және оның салалық, инфрақұрылымдык, институционалды және кеңістіктік аспектілерінің әркелкілігі. Дүние жүзі табиғат ресурстарының жалпы сипаттамасы. Ресурспен қамтылу туралы ұғым. Дүние жүзі елдері шаруашылығын орналастырудағы табиғи-ресурстық потенциалдың ролі. Табиғи ресурстардың сарқылуы. Дүние жүзінің шаруашылығының ғаламдану үрдісі. Өзекті және аймақтық интеграция, олардың айырмашылықтары. Техника, технология, ақпарат және қазіргі кездегі байланыс құралдарының маңызы, халықаралық экономикалық ұйымдар және мемлекеттердің аймақтық одағы. Интеграция әсерінен өндіріс күштерінің орналасуындағы өзгерістер.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
3 Тақырып. Дүние жүзі шаруашылығы салаларының географиясы.
Жоспар:
-
Шаруашылықтың бірінші, екінші, үшінші секторларының пайда болуының жалпы тарихи зандылықтары.
-
Өнеркәсіп - дүние жүзі шаруашылығының маңызды саласы.
-
Дүние жүзі ауыл шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері.
-
Көліктік-коммуникациялық жүйе.
-
Халықаралық экономикалық байланыс.
-
Дүние жүзілік шаруашылық байланыстардың түрлері.
-
Халықаралық қызмет көрсету саласы.
Шаруашылықтың бірінші, екінші, үшінші секторларының пайда болуының жалпы тарихи зандылықтары. Алдыңғы қатарлы елдердің ақпараттық қоғамға өтуі. Ғылымның дүние жүзілік өндіріс күшінің өсуіндегі рөлі. Дүние жүзіндегі ғылымның маңызды рөлі. Информатика, ғылыми зерттеулер және дүниежүзі шаруашылығы дамуының байланысы.
Өнеркәсіп - дүние жүзі шаруашылығының маңызды саласы, оның ЖҰӨ-нің құрылымындағы ерекше рөлі. Қазіргі экономикалық көрсеткіштер. Өнеркәсіп өнімінің халық шаруашылығының басқа салаларындағы маңызы және халық қажеттілігін қамтамасыз ету. Өнеркәсіптің өңдеу саласының маңызды рөлі. XIX және XX ғасырдағы ғылыми техникалық революциялардан (ҒТР) кейін болған әртүрлі кезеңдеріндегі құрылымдық қайта құру ерекшеліктері. Олардың өнімдерінің халық шаруашылығындағы маңызы.
Мұнай және газ өнеркәсібі - экологиялық таза және тиімді отын мен шикізат көзі. Мұнай мен газды мемлекеттер мен аймақтар бойынша өндіру мен қолдану географиясы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің географиясы.
Көмір өнеркәсібі. Дүние жүзіндегі маңызды көмір түрлері, өндіру әдістері, қолдану бағыттары Саланың географиясы.
Электр энергиясы - отын-энергетика кешенінің маңызды саласы. Электр станцияларының негізгі түрлері. Дүние жүзі электр энергетикасының географиясы. Дүние жүзілік энергия жүйелері.
Қара металлургия. Дүние жүзінің дамыған елдеріндегі саланың шикізат базасы, металл өндірісі және оны тұтынушылар. Өнімді негізгі экспорттаушылар.
Түсті металлургия. Саланың дүниежүзі шаруашылығындағы рөлі. FTP-дің өндірілетін өнім құрамына әсері. Кейбір аймақтардың мамандануындағы өзгерістер. Сыртқы сауда ерекшеліктері.
Машина жасау өнеркәсібі. Оның FTP-дің жетістіктерін таратудағы негізгі маңызы. Дүние жүзі шаруашылығындағы манызды рөлі. Дүние жүзі машина жасау өнеркәсібінің негізгі салаларының географиясы. Өнімдерді экспорттайтын мемлекеттер типі.
Химия өнеркәсібі. ҒТР-дің химия өнеркәсібі салаларының дамуына әсері, жаңа күрделі өнімдерді шығару. Жоғары технологиялық химикаттар мен полимер материалдар үлесінің жоғарылылығы. Әр түрлі типтегі елдердегі шаруашылықты химизациялау процесінің қазіргі кездегі ерекшеліктері. Сала дамуындағы экологиялық мәселелер. Сыртқы сауданың негізгі белгілері. Биоиндустрия - өнеркәсіптің жаңа саласы. Биоиндустрияның дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдеріндегі негізгі белгілері.
Жеңіл өнеркәсіп. Әр түрлі елдердегі оның құрамының ерекшелігі. Соңғы дайын өнімді өндірудің маңызы, саланың шикізат базасының түбегейлі өзгеруі. Дүниежүзінің маңызды өндірісінің географиясы. Сыртқы сауданың негізгі белгісі және оның негізгі бағыты.
Дүние жүзі ауыл шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері. Дүние жүзі ауыл шаруашылығының негізгі өндірістік типтері.
Өсімдік шаруашылығы. Маңызы, құрылымы. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының географиясы. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сыртқы саудасы.
Мал шаруашылығы. Маңызы, түрлері, құрылымы, азық базасының әр түрлі елдердегі ерекшелігі. Дала өнімін экспорттаушылар.
Көліктік-коммуникациялық жүйе. Саланың шаруашылық дамуындағы рөлі. Дүние жүзілік және аймақтық транспорт жүйесі дамуының негізгі көрсеткіштері. Теңіз көлігі. Ірі теңіз порттары. Темір жол көлігі. Оның халықаралық және мемлекет ішіндегі жүк тасымалдаудағы рөлі. Ірі халықаралық магистральдар. Құбыр көлігі. Құбыр көлігінің географиясы. Автомобиль көлігі. Оның жолаушы және жүк тасымалдаудағы рөлі. Автомобиль халықаралық көлігімен тасымалдау және оның ерекшелігі. Әуе көлігі. Маңызды халықаралық әуе жолы мен әуе көлігі
флоттарының географиясы. Дүние жүзінің аймақтық көлік жүйесінің сипаттамасы. Халықаралық коммуникациялық байланыс.
Халықаралық экономикалық байланыс. Дүние жүзілік экономикалық байланыстың (ДЭБ) экономикалық базасы. ДЭБ-тің типі мен формалары. Сыртқы сауда - ДЭБ-тін ең дамыған формасы, оның көлемі және түрлері. Еркін зоналар. Сауда блоктары. Сыртқы сауда. Еркін зоналар. Сауда блоктары. Сыртқы сауда географиясы.
Дүние жүзілік шаруашылық байланыстардың түрлері: сыртқы сауда, капитал миграциясы, технология трансфері, валюта - қаржы қатынасы, жұмыс күшінің миграциясы, өзекті экономикалық мәселелер.
Халықаралық қызмет көрсету саласы. Оның дүние жүзі экономикасындағы рөлі. Қызмет көрсету саласының географиясы.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
4 Тақырып. Дүние жүзі шаруашылығының аймақтық құрылымы. ТМД елдерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы.
Жоспар:
-
Дүние жүзі шаруашылырының аймақтық құрылымы.
-
ТМД елдерінің географиялық орналасуы, жер көлемі және шекаралары.
-
ТМД халқы.
-
ТМД елдерінің шаруашылығы: аумақтық-құрылымдық ерекшеліктері.
-
ТМД елдерінің агроөндірістік даму мәселелері және жалпы сипаттамасы. Инфрақұрылым. ТМД елдеріндегі оның даму деңгейі.
-
ТМД елдерінің аймақтық сипаттамасы.
Дүние жүзі шаруашылырының аймақтық құрылымы. Дүние жүзінің маңызды экономикалық аймақтары: Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Батыс Азия, Шығыс Азия және т.б. Олардың пайда болуының тарихи ерекшеліктері. Аймақтар дамуыньң әркелкілігі.
ТМД елдерінің географиялық орналасуы, жер көлемі және шекаралары. ТМД елдерінің табиғи ресурстары (табиғи жағдайлары және табиғи ресурстары). Қоршаған ортасының ластануы. Табиғи ресурстардың сарқылуы. ТМД аумағын сор басу мәселесі.
ТМД халқы. Халықтың саны және ұдайы өсуі. Жұмыс нарығы және халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Халықтың миграциясы. Әлеуметтік құрамы. Білім деңгейі. Ұлттық құрамы. Қала және ауыл халқы.
ТМД елдерінің шаруашылығы: аумақтық-құрылымдық ерекшеліктері. Маңызды өнеркәсіп салаларының сипаттамасы.
Ауыл шаруашылық және агроөндірістік кешен. ТМД елдерінің агроөндірістік даму мәселелері және жалпы сипаттамасы. Ауыл шаруашылықты (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы) аумақтық ұйымдастырудың негізгі үрдістері. Ауыл шаруашылығын аудандастыру. Ауыл шаруашылық аудандарының түрлері.
Инфрақұрылым. ТМД елдеріндегі оның даму деңгейі. Көліктің, халыққа қызмет көрсетуінің, сыртқы экономикалық байланыстарының, рекреациялық сферасының жалпы сипаттамасы. Экономикалық аудандастыру.
ТМД елдерінің аймақтық сипаттамасы.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
5 Тақырып. Шет елдерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы. Шетелдік Еуропа елдері.
Жоспар:
-
Еуропа елдерінің жалпы сипаттамасы.
-
Табиғат ресурстары, оларды экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау.
-
Халықтар географиясының ерекшеліктері, экономикасының құрылымы мен ұйымдастырылуының факторлары.
-
Сыртқы экономикалық байланыстар, олардың мәні.
-
Жалпы Еуропалық экономикалық кеңістік.
Еуропа елдерінің жалпы сипаттамасы. Еуропаның саяси картасы, оның екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзгеруі. Дүние жүзілік аренадағы Еуропа елдерінің орны. Еуропа елдерінде мемлекетті басқарудың түрлері, экономикалық даму деңгейі және даму жолдары бойынша топтастыру. Табиғат ресурстары, оларды экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау. Экологиялық проблемалары. Халықтар географиясының ерекшеліктері, экономикасының құрылымы мен ұйымдастырылуының факторлары; өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының географиясы. Сыртқы экономикалық байланыстар, олардың мәні. Әскери және экономикалық блоктар. Халықаралық қатынастарды орнатудағы жаңа саяси көзқарастар.
Еуропада өнеркәсіпті орналастырудың және дамытудың басты ерекшеліктері. Жалпы Еуропалық экономикалық кеңістік.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
6 Тақырып. Солтүстік Америка елдері.
Жоспар:
-
Америка Құрама Штаттары. Географиялық орны және табиғат ресурстары.
-
Дүниежүзілік шаруашылықтағы АҚШ-тың үлесі.
-
Дүние жүзілік рыноктағы АҚШ экспансионизмі.
-
Канада. Географиялық орны және табиғат ресурстары.
-
Халқы және мемлекеттік құрылысы.
-
Шаруашылығының жалпы сипаттамасы мен даму ерекшелігі.
Америка Құрама Штаттары. Географиялық орны және табиғат ресурстары. Географиялық орнының ерекшеліктері. Теңіз және кұрғақтағы шекаралары. Пайдалы казбалардың қоры, шоғыры және кен орындарының орналасуы. Халқы. Халқының динамикасы. Халқының қалыптасуындағы иммиграцияның орны. Ұлттық құрамы. Қала және ауыл халқы. Урбанизация деңгейі, урбанизация проблемалары.
Шаруашылығы. Дүниежүзілік шаруашылықтағы АҚШ-тың үлесі. Әлемнің басқа елдерімен салыстыру. Өндіріс пен капиталдың шоғырлану деңгейінің жоғары болуы. Ауыл шаруашылығы. "Американдық" ауыл шаруашылығын дамыту типі (Оңтүстіктен басқа). Ауыл шаруашылығының әлеуметтік құрылымы. Аграрлық қарым-қатынастар. Өсімдік пен мал шаруашылық салаларының орналасуы. Ферма типтері мен олардың орналасуы. Ауыл шаруашылық аудандары.
Сыртқы экономикалық байланыстары. Дүние жүзілік рыноктағы АҚШ экспансионизмі. АҚШ-ты дүниежүзілік рыноктағы ірі қаржы экспортер ретінде қарастыру. Континенттер мен мемлекеттерде американ қаржысалымдарының таралуы. Дүниежүзілік рыноктағы АҚШ алып отырған орнының әлсіздену факторлары. АҚШ-тың Батыс Еуропа елдерімен, Канадамен, Латын Америкасы елдерімен, Қиыр Шығыс елдерімен байланысы және қарама-қайшылықтары.
Канада. Географиялық орны және табиғат ресурстары. Минералдық шикізатқа және металл ресурстарына, мұнайға және калий тұздарына бай болуы. Гидроресурстардың, орман байлықтарының молдығы. Климаттың шаруашылыққа кері әсері.
Халқы және мемлекеттік құрылысы. Халықтың қалыптасу факторлары. Иммиграцияның рөлі. Негізгі ұлттық топтар, олардың сипаттамасы. Халықтың тығыздығының төмен болуы, біркелкі орналаспауы. Урбанизация, қала және елді мекендердің түрлері. Халықтың кәсіби және топтық құрамы.
Шаруашылығының жалпы сипаттамасы мен даму ерекшелігі. ІІ-Дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуының күшейюі. Гидроэнергетиканың және энергияны кажет ететін өндірістің ерекше рөлі. Басты ауыл шаруашылық аудандары. Көлігі. Ішкі көліктің дамуы, оның ерекшеліктері. Құбыр көлігі. Сыртқы экономикалық байланысының маңызы. Сыртқы сауданың көлемі, кұрылымы, бағыты. Төлем балансы. Экономикалық аудандары. Ел экономикасында оның рөлі және әртүрлі дамуы.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
7 Тақырып. Латын Америкасы елдері.
Жоспар:
-
Латын Америкасы елдерінің минералдық шикізатының халықаралық маңызы.
-
Халқы.
-
Жалпы шаруашылыққа сипаттама.
-
Ауыл шаруашылығы.
-
Көлігі.
-
Сыртқы экономикалық байланысы. Елдердің негізгі аймақтық топтары.
"Латын Америкасы" ұғымы осы аймаққа кіретін елдердің кұрамы. Латын Америкасы елдері экономикалық дамуында басқа дамушы елдерге қарағанда біршама жоғары дамыған.
Табиғи жағдайы және оларды экономикалық бағалау. Латын Америкасы елдерінің минералдық шикізатының халықаралық маңызы. Табиғи ресурстарды ұлттық меншікке айналдыру процесі.
Халқы. Жергілікті халықтар. Еуропалық колонизация, құлдарды сатуды континент халқының қалыптасу факторы ретінде қарастыру. Нәсілдер. Халықтың тығыздығы және орналасуы. Қала және ауыл халқы. Қала агломерацияларының көп болуы және олардың үлкен рөл ойнауы. Миграциялық процестер. Халықтың табиғи өсімі. Халықтың кәсіби, салалық және ұлттық құрамы.
Жалпы шаруашылыққа сипаттама. Ұлттық және шетелдік капиталдың арасындағы шиеленістің күрделенуі. Индустрализация. Өнеркәсібі. Өнеркәсіптік дамудың деңгейі және оған шет ел монополияларының әсері. Тау-кен және өңдеуші өнеркәсіптің құрылымы. Негізгі салалардың орналасуы. Жекелеген елдерді индустриализациялаудың мүмкіндігі. Өнеркәсіпті аудандары және орталықтары.
Ауыл шаруашылығы. Аграрлық қатынас, феодализм, шетелдіктердің жерді иелікке алуы. Құлдық пен феодалдықтың ара-қатынастары. Жалға беру. Ауылшаруашылық техникасының шектеулілігі. Ирригация. Ауылшаруашылығы құрылымының бір бағыттық сипаттамасы. Оның ірі салаларының орналасуы. Ауыл шаруашылығының типтері.
Көлігі. Шетел капиталының әсерінен қалыптасқан оның құрылымы мен орналасуындағы ерекшеліктер.
Сыртқы экономикалық байланысы. Сыртқы ауданның сипаты. Экспорт пен импорттың негізгі бағыттары және құрамы. Латын Америкасы елдеріндегі шетелдік инвестициялар, бұл елдердің төлем баланстары салаларының төмен болуы. Елдердің негізгі аймақтық топтары. Олардың негізгілеріне сипаттама: Бразилия, Мексика және Аргентина.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
8 Тақырып. Шетелдік Азия елдері.
Жоспар:
-
Азия елдеріне жалпы сипаттама.
-
Шетелдік Азияның географиялық аудандарға бөлінуі және олардың қысқа саяси-географиялық сипаттамасы.
Азия елдеріне жалпы сипаттама. Шетелдік Азияның саяси картасы және оның ІІ-ші Дүние жүзілік соғыстан кейінгі колониялық империяның құлауы нәтижесінде болған өзгерістер. Мемлекеттік құрылысы, деңгейі және экономикалық дамуы жолдары бойынша аймақтағы дамушы елдердің типтері және денгейінің түрлері. Ұлттық капиталдың және мемлекеттік сектордың ролі. Неоколониализм және оның Азиядағы түрлері, блоктардың қалыптасуы (СЕАТО, СЕНТО және т.б) және олардың қайта жандану мүмкіндігі. Азия елдерінің ұлттық тәуелсіздік үшін күресі.
Шетелдік Азияның географиялық аудандарға бөлінуі және олардың қысқа саяси-географиялық сипаттамасы. Қиыр Шығыс, Оңтүстік Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Батыс Азия (Таяу және Орталық Шығыс).
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
№9 Тақырып. Африка елдері.
Жоспар:
-
Африка елдерінің жалпы сипаттамасы.
-
Табиғат ресурстары.
-
Халқы.
-
Шаруашылықтың жалпы сипаты.
-
Сыртқы экономикалық байланыстары.
Африка елдерінің жалпы сипаттамасы. Аумағы және географиялық орны. Аумағының құрамы, қазіргі саяси бөлінісі. Африка мемлекеттерінің ауданы мен халқы жөніндегі негізгі мәліметтер. Африка елдерінің халықаралық саяси аренадағы орны мен маңызы.
Табиғат ресурстары. Континенттің табиғат зоналары мен ландшафттарды шаруашылық тұрғыдан бағалау. Гидроэнергетикалық және отын ресурстары. Шөл зоналарды суландыру және су мәселесі. Минералдық шикізаты. Топырақ-өсімдік зоналары, оларды шаруашылыққа пайдаланудың мүмкіндіктері.
Халқы. Халықтың саны мен демографиялық құрылымы. Ру, тайпалық және тіл топтары бойынша бөлінуі. Ұлттық қалыптасу проблемасы. Нәсілдік кемсітушілікке қарсы демократиялық күштердің күресі. Халықтың біркелкі орналаспауы. Африка халқының миграциясы. Қала және ауыл халқы. Еңбек ресурстары және оларды пайдалану.
Шаруашылықтың жалпы сипаты. Дүниежүзілік шаруашылықтағы Африканың орны. Бай табиғат ресурстарын шетел капиталы тарапынан талан-таражға түсуі. Африка елдерінің төмен даму денгейі. Африка елдерінде шетелдік капиталдың қазіргі позициясы. Мемлекеттік сектордың маңызы. Африка елдерінің экономикалық тәуелсіздігі үшін күресі. Африканың жекелеген елдері арасында экономикалық және саяси дамуындағы ерекшеліктер.
Сыртқы экономикалық байланыстары. Дүниежүзілік рыноктағы Африка елдерінің үлес салмағы. Сыртқы сауданың сипаты. Жаңа экономикалық тәртіп үшін демократиялық күштердін күресі. Африка елдерінің сыртқы сауда байланыстарының құрылымы мен бағытындағы өзгерістер. Африканың басты аймақтық топтары. Солтүстік, Батыс, Орталық, Шығыс және Оңтүстік Африка елдері.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
№10 Тақырып. Австралия және Мұхит аралдарының елдері.
Жоспар:
-
Еуразия мен Америка арасындағы халықаралық жол бойындағы Австралия, Жаңа Зеландия және Мұхит аралдарының орны.
-
Жекелеген елдердің экономикалық деңгейдегі ерекшеліктері.
Еуразия мен Америка арасындағы халықаралық жол бойындағы Австралия, Жаңа Зеландия және Мұхит аралдарының орны. Территориялардың шалғайдығы және олардың стратегиялық маңызы. Ұлт-азаттық қозғалыстың өсуі және оның Мұхит арал елдері, Меланезия, Полинезия, Микронезияның саяси картасына тигізген әсері. Жекелеген елдердің экономикалық деңгейдегі ерекшеліктері. Австралия, Жаңа Зеландия - экономикалық даму деңгейі жоғары елдер. Мұхит аралдары елдерінің артта қалғандығы мен экономикасының ерекшелігі.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
Достарыңызбен бөлісу: |