Пән бағдарламасының (syllabus) титулдық парағы


Студенттердің білімдерін бағалау критерийлері



бет2/2
Дата16.06.2016
өлшемі398.11 Kb.
#140656
1   2

11. Студенттердің білімдерін бағалау критерийлері

Пәнді зерделеу барлық өткен материалды қамтитын ауызша және жазбаша естиханмен аяқталады. Емтиханға бағдарлама бойынша барлық берілген тапсырмаларды орындау міндетті шарт болып табылады.


Әрбір тапсырма 0-100 ұпаймен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтарда жасалған барлық тапсырмалардың орташа арифметикалық санынан шығарылады (сабақтарға бару, үй жұмысы, СӨЖ тапсырмалары, практика тапсырмалары және т.б., межелік бақылау).

Пән бойынша қорытынды баға студент жіберу рейтингі және қорытынды бақылаудан жағымды баға алған жағдайда ғана қойылады. Қорытынды бақылауға себепсіз келмеу «қанағаттанғысыз» деген бағаға теңестіріледі. Емтихан және межелік бақылау нәтижелері студенттерге сол күні немесе жазбаша емтихан күннің екінші жартысында өткіілетін болса, келесі күні айтылады.

Қорытынды бағаны дұрыс есептеу үшін, межелік бақылауда және қорытынды емтиханда студент білімін пайыздық мөлшерде 0-ден 100%-ға дейін бағалайды.

Межелік бақылау бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылау бағасынан құралады.

«Қазақ/орыс және шетел тілдерінің функционалды стилистикасы (ағылшын тілі)» пәні бойынша студенттердің оқу жетістіктері, көпбалдық әріптік оның сандық эквивалентіне және бағалардың дәстүрлі жүйесіне сай жүйе бойынша бағаланады:



Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық өлшемі

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанғысыз


12. Оқытушы талаптары, саясат және тәртіп

Студенттер үшін барлық аудиторлық сабақтарға кешгусіз келу мәндетті болып саналады. Сабақтан қалушылық деканат қойған талаптарға сай өтеледі. Максималды тек қана екі сабақтан қалу рұқсат етіледі. Екі сабаққа кешігіп келу бір сабақтан қалумен тең. Екіден көп сабақтан қалу кезінде оқытушының студентті сұрақ әкімшілк деңгейде шешілмейінше сабаққа жібермеу құқысы бар.

Жұмысты белгіленген мерзімде тапсыру керек. Барлық тапсырмаларды тапсырудың ақырғы мерзімі – емтихан сессияның басталуына дейін 3 күн.

Барлық тапсырмаларды орындамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Тақырыпты қайталау және әрбір сабақ бойынша өткен материалды өтеу мәндетті болып табылады. Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі тестер немесе жазбаша жұмыстармен бақыланады. Студенттер ескертусіз тестілеуге дайын болуы керек.

Оқытушы жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысы (СОӨЖ) кезінде келесі төрт негізгі функция ексеріледі.

Біріншісі – студенттердің оқу пәні бойынша нұсқаушы сабақтар кезінде оқытушыдан алынған ақпаратты белсенді қабылдауы.

Екінші функция студенттер өздігінен, оқытушы нұсқаулары негізінде, оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиет көздерін оқып, үй жұмысын, бақылау және т.б. орындауды көздейді. Осы кезеңде студенттер жұмыс әдістемесін білуі, өз қиыншылықтарын айқындау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі тәртіпке салу қажет.

Студенттердің үшінші функциясы – қиыншылықтар туғызатын жағдай-ларды талдау және жүйеге келтіру, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі, басқа да оқу іс-әрекеттерін орындаудағы қиыншылық көздерін айқындау. Студенттер шешілмеген қиыншылықтарды оқытушы үшін сұрақтар жүйесіне келтіреді (оларды іріктеу, ретке келтіреді, рәсімдейді), осы сұрақтарға өз жауаптарын іздейді.

Студенттердің төртінші функциясы – түсінік және кеңес алу мақсатымен оқытушыға бару.
14. Әдебиеттер тізімі

Негізгі


1) Гальперин И. Р. English Stylistics. – М.: Либроком, 2012.

2) Знаменская Т. А. Stylistics of the English Language. – М.: ЛКИ, 2008.

3) Кухаренко В. А. Seminars in Stylistics. – М.: Флинта, Наука, 2009. Қосымша

4) Балақаев М. Қазақ тілі стилистикасы. – Алматы: «Дәуір», 2005.

5) Адамбаева Г. «Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша студенттерге арналған дәрістер мен тапсырмалар жинағы. – Ақтау: Ш. Есенов атындағы КМТжИУ Редакциялық-баспа бөлімі, 2010.

6) Қоянбекова С. Б. Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2008.


15. Мультимедиялық қамтамасыз етілу тізімі

1) Қарастырылмаған

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет