Пән бағдарламасының титулдық парағы (Syllabus)



бет1/3
Дата13.06.2016
өлшемі410.25 Kb.
#133921
  1   2   3

Пән бағдарламасының титулдық парағы (Syllabus)

https://docviewer.yandex.ru/htmlimage?id=24b3-4yvmldu5rkf7hhpxt7kk6gaf45biuh0d58suxv6nb2xq6oed362omr1elybh7bh00pway195r0x1wqqsosni6vty7wzwpabmkuv&name=result_html_m7b92d8af.png


Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Философия және мәдениеттану кафедрасы

6М020400- Мәдениеттану мамандығының студенттеріне арналған



«Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» пәні бойынша
ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар, 2013 ж.



Пән бағдарламасының бекіту парағы (Syllabus)

https://docviewer.yandex.ru/htmlimage?id=24b3-4yvmldu5rkf7hhpxt7kk6gaf45biuh0d58suxv6nb2xq6oed362omr1elybh7bh00pway195r0x1wqqsosni6vty7wzwpabmkuv&name=result_html_m7b92d8af.png


Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



БЕКІТЕМІН

Факультет деканы _________Ақышев А.А. 20__ ж. «___»________

Құрастырушы: аға оқытушы Сабданбекова Ә.Ә __________
Философия және мәдениеттану кафедрасы
6М020400-Мәдениеттану мамандығының күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» пәні бойынша

Пән бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі______________ Ахметова Г.Ғ. 20__ ж. «____» ________
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған _________ 20__ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ____________Сулейменова Ш.К. 20___ж. «_____»___________
1. Оқу пәні туралы жалпы ақпарат
Пәннің атауы: «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті»

Таңдау компоненті бойынша пән



Кредиттер саны мен меңгерудің мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 2

Семестр: 3

Аудиторлық сабақтардың барлығы – 45 сағат

Дәрістер - 30 сағат

Тәжірибелік /семинарлық сабақтар - 15 сағат

МӨЖ – 90 сағат

Оның ішінде МОӨЖ – 135 сағат

Жалпы жүктеме - 135 сағат



Бақылау түрі

Емтихан – 3 семестр


«Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» таңдау бойынша компонет пәні болып табылады, «Мәдениеттану» студенттерінің білімін кеңейтуге бағытталған.

Курстың пререквизиттері: Осы пәнді меңгеруде төмендегі пәндер бойынша алған білім, білік, дағдылары қажет: Қазақстан тарихы, Мәдениеттану, Философия.

Курстың постреквизиттері: Пәнді оқып білу арқылы алған білім, білік, дағдылары төмендегі пәндерді оқып меңгеруде қажет: Қазақстанның рухани мәдениеті, философияның теориясы мен мәдениеті.

2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Сабданбекова Әсемгүл Әбляшқызы – философия және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы.

Кафедра №529 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1153
3 Пәннің мақсаты және міндеттері

«Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» Қазақтың ертеден осы қазіргі заманға ұрпақтан ұрпаққа келіп жеткен рухани дүниесін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Студенттер рухани дүниенің қайнар көзі мен болашағы туралы нақты білім ала алады.

Пәннің мақсаты: 5В020400 "Мәдениеттану мамандықтары" студенттерін қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениетінің қалыптасуының ерекшеліктерімен таныстыру.
Пәннің міңдеттері:

- рухани мәдениет салаларына сипаттама беру;

-дәстүрлі қазақ мәдениетінің негізгі институттары;

- қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті бойынша негізгі зерттеулерімен таныстыру;

- Қазақстан аумағында діннің тарихи дамуымен таныстыру
4. Курсты оқыту процесінде білім, қабілеттіліктерге, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар

Осы пәнді оқып білуде студенттер мынаны білуі тиіс:

-дәстүрлі рухани мәдениет қалыптасуы мен даму деңгейін;

- Қазақстан мәдениетінің қызмет ету механизмі мен принциптері туралы білу;

біліктіліктерін қалыптастыру қажет:

- Ежелгі заманнан қазіргі күнгі Қазақстан аумағында көшіп келіп тұрып жатқан халықтардың тарихы мен мәдениетін;

- ән-күй, өлең, діни дәстүр, ауызша халық шығармашылығының қалыптасуының тарихи деректерін.

қолдана білуі қажет:

Осы және басқада және тарихи пәндер бойынша алған базалық білімдерін пайдалана білу;

- алған білімдерін дүниетанымын және эрудициясын кеңейтуге пайдалана білу.

тәжірибелік дағдыларға ие болуы тиіс:

- алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу, сай бола білу



-мәдениет диалогында инварианттық түсінігін және приниптерін түсіну, әсіресе дәстүрлі рухани мәдениетті жүзеге асырылуында

Пәнді игерудің тақырыптық жоспары

Академиялық сағаттарды сабақ түрлеріне бөлу






Тақырып атауы

Сағат саны

Дәр

Тәж.

СӨЖ


Барлығы

соныңде ішінде СОӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Рухани мәдениет түсінігі және құрылымы

2

1

12

1,5

2

«Ауызша дәстүр» қазақ мәдениетінің феномені ретінде

4

2

12

3

3

Қазақ билерінің шешендік өнері

4

2

12

3

4

Жырау институының қайнар көзі мен қалыптасуы

4

2

12

3

5

Ақындармен сал-серілерідің суырып салма өнері

4

2

12

3

6

Дәстүрлі қазақ мәдениетінідегі «Күй» феномені

4

2

12

3

7

Қазақ мәдениетіндегі діни жүйе және түрлері

4

2

12

3

8

Қазақ ұлттық идеясы мәдениеттанулық мәселе ретінде

4

2

6

3




БАРЛЫҒЫ :

30

15

90

22,5


6. Дәріс сабақтарының мазмұны

Тақырып 1. Рухани мәдениет түсінігі және құрылымы

Жоспар:

1.Рухани мәдениеттің жалпы сипаттамасы.

2. Мәдениет морфологиясы.

3. Қазақ рухани мәдениетінің ерекшеліктері.

Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: материалдық және рухани.


Материалдық - бұл өндірістегі құрал-саймандар техника, құрылымдар және тағы басқалар.
Рухани –бұл ғылым, өнер, әдебиет тағы басқалар.
Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі шартқа байланысты Олардың арасында тығыз байланыс, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер етеді. Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалар, тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа техника, сайман, басқа құрал-жабдық түріне айналады. Ал жаңадан пайда болған техника, құрылғы, технология, жаңа ой-пікірлер, тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызады.
Рухани мәдениет. Бұл адамның рухани дүниесін және оның әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады.
Мәдениеттің мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз байланысты. Ал, оның құрылымы күрделі болғандықтан әртүрлі элементтерден, бөліктерден тұрады. Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба – символдық элемент болып саналады. Халықта «күш - білімде» деген сөз бос айтылманы белгілі.
Білім әр уақытта белгілі бар ұғымдар, түсініктер арқылы қалыптасып, тілде көрініс тауып, анықталады. кетпейді.
Адамдар күнделікті өмірде мәдени құбылыстарды әртүрлі түсінеді. Біреулері мәдеениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе, екіншілері – қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның саналы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды.

Рухани мәдениет - адамның, өзіне және басқа адамдарға, дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы.

Мәдениет морфологиясы мәдениет туралы негізгі ғылымдардың бірі. Оның зерттеу пәні болып мәдениеттің типтік түрлерін зерттеу болып табылады.

Әдебиеттер тізімі:

1.ҒабитовТ. Мәдениеттануға кіріспе. Алматы, 2013

2.Нұрланова К. Адам және әлем. Алматы

3. МұхамбетоваА. Казахская традиционная культура и ХХ век. Алматы.

4.Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. Алматы.

ХасановМ., Қаракұзов Ж. Қазақ мәдениетінің космосы. Алматы.,

Тақырып 2. «Ауызша дәстүр» қазақ мәдениетінің феномені ретінде «Ауызша дәстүр» қазақ мәдениетінің феномені ретінде

Жоспары:

1.А. Мұхамбетованың «Қазақ халқының дәстүрлі ән-күймәдениеті және ХХ ғасыр» еңбегі.

2. «Ауызша дәстүр» жырау, сал-серілердің шығармашылығының ерекшелігі ретінде.

3. К. Нұрлановтың «» Адам және әлем

еңбегі. Қазақтың ұлттық идеясы.



Ауыша дәстүрі — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес. [1]Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “Фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас.[2] Бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді. Ауыз әдебиетіін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Әрі ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар тізбегіндегі тарихи өзгерісін, этникалық санамен қарайлас жүріп өткен жолын да көз алдымызға елестете алады. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Ауыз әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеум. бітімін де айқын сипаттайды. 20 ғасырдың басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап-талғамы мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінің барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады, көркемдігі мен әлеум.-қоғамдық қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді. Көшпелі қоғам мәдениетінде табан астында туып, тыңдаушысын тәнті етпеген өлеңді, мәнерін таппаған жырды өнер деп танымаған. Осындай тіршілік аясында қалыптасқан ауыз әдебиеті барлық белгілері бойынша классик. деңгейге көтерілген.

Әдебиеттер тізімі:

1.ҒабитовТ. Мәдениеттануға кіріспе. Алматы, 2013

2.Нұрланова К. Адам және әлем. Алматы

3. МұхамбетоваА. Казахская традиционная культура и ХХ век. Алматы.

4.Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. Алматы.

5.., Қаракұзова Ж. Қазақ мәдениетінің космосы. Алматы.,

Тақырып 3. Қазақ билерінің шешендік өнері

Жоспары:


  1. Зерттеушілер қазақ қоғамындағы билердің орны мен рөлі.

  2. Тәуке ханның «жеті жарғы» заңы, оның рөлі мен мәні

  3. Е. Тұрсынов, С. Қасқабасов. К. Нұрланованың қазақ қо,амындағы билердің орны.

Би — дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі. Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе, В.В. Бартольдтың пікірінше, “би” сөзі шамамен 14 — 15 ғасырларда ежелгі түркі тіліндегі “бек” атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген. Кейіннен бастапқы семантикалық-тілдік реңкінен ажырап, көбінесе, дау-жанжалды шешіп, кесімді төрелік айтушы, әділ үкім шығарушы адамды бейнелеу үшін қолданылған. 17 ғасырда өмір сүрген Махмұд ибн Уәлидің “Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар” атты еңбегінде “жоғарғы мәртебелі әмірлер мен елге сыйлы, пендәуи тірліктен азат адамдардың” барлығы би аталғанын жазады. Ал қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде бұл атау төрт түрлі мағынада.

Әдебиеттер тізімі:

1.ҒабитовТ. Мәдениеттануға кіріспе. Алматы, 2013

2.Нұрланова К. Адам және әлем. Алматы

3. МұхамбетоваА. Казахская традиционная культура и ХХ век. Алматы.

4.Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. Алматы.

ХасановМ., Қаракұзов Ж. Қазақ мәдениетінің космосы. Алматы.,

Тақырып 4. Жырау институының қайнар көзі мен қалыптасуы

1.Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жыраулық дәстүр.

2.Бұқар жыраудфың қазақ қоғамындағы рөлі мен маңызы.

3.Жырау институның пайда болуы мен қалыптасуы.

Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...


Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.
Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.
Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.
Жыраулар поэзиясының біраз үлгілері осы тарауда ұсынылып отыр. Соларды оқып-үйрену барысында халқымыздың атадан мирас болып қалған сөз маржандарына қанығасыңдар, халқымыздың басынан кешірген тарихи кезеңдермен таныс боласыңдар, оның қадір-қасиетін білесіңдер, тәлімдік, танымдық, тағылымдық терең ой дүниесіне енесіңдер. Әдебиет тарихы ел тарихы, халық тарихы екеніне көз жеткізесіңдер.
Жыраулар поэзиясының маңызы мен тақырыбы. Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? "Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, – дейді Әдебиеттер тізімі:

Әдебиеттер тізімі:

1.ҒабитовТ. Мәдениеттануға кіріспе. Алматы, 2013

2.Нұрланова К. Адам және әлем. Алматы

3. МұхамбетоваА. Казахская традиционная культура и ХХ век. Алматы.

4.Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. Алматы.

ХасановМ., Қаракұзов Ж. Қазақ мәдениетінің космосы. Алматы.,

Тақырып 5. Ақындармен сал-серілерідің суырып салма өнері

1.Суырып-салма ақындық өнері қазақ ауызша өнерінің ерекшелігі ретінде.

2.Сал-серілердің ерекше қасиеттері.

3.Біржан сал, Ақан сері, Сегіз сері – қазақ рухани мәдениетінің қозғаушы күші ретінде.

Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартында, білім мазмұнында (мектеп шегінде) жіті қамтылмаған. Ақан сері, Біржан сал және т.б. шығармашылығы ақындық өнермен оқытылып келеді. Сал-серіліктің оқушыларға өршіл оптимистік, өмір сүруге құмарлық, жақсы да ізгі істерге, сұлулыққа қарымы ескерілмегені зерттеу барысында айқындалды.Бүгінгі нарықтық қоғамда әр адамның басына түскен тұрмыстық тауқыметтер өнер кеңістігіне кіруге, одан тұшымды тәлім алуларына әжептәуір кедергі екені белгілі. Өткен ғасырларда да адамдардың «белбеуі бос» болмағаны сараланды. Тек ол ғасырлар мен бүгінгі кезеңдегі тұрмыстық тауқыметтер әртүрлі мазмұнда болып келеді. Ал сал-серілік өнер халқымыздың барша күйкі, пендешілік тіршілігінің бұғауынан бір сәт болсын өзін ажыратып, көңіл-күйге рухани медеу, сүйеніш әкелер жоғары әуезді, пафосты жырлар әкелгені еңбегімізде анықталды. Салдық құру өнері спорт, цирк өнеріне ұқсастығы зереу барысында байқалды.Көне дәуірде сал-сері деген ақындық дәстүрге айтылмыш тарихи деректер болмағанымен, өнердің бұл түрінің тамыры сонау тұрмыс-салт жырларының бір құрамды бөлігі екендігі, оның және өнер тармағына бертін бөлініп шыққаны бағамдалды.Мектептің бағдарламасы бұл нысанды қамтымағандықтан, жасөспірімдердің мектеп көлеміндегі біліктілігін кешегі мәдени құндылықтар негізінде дамытуды іске асыру қарастырылды.«Адам», «табиғат», «қоғам» арасындағы диалектикалық тұтастық сал-серілердің еңбектерінен байқалды. Бұл өнердің басымдығы – адам баласы рухының ізгілікті бағдарда болуы, табиғаттағы сұлулыққа сүйсіне де өзіне одан рахат табуы екені байқалды.Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беру іс-әрекеті басқа зерттеу еңбектеріндегідей белгілі бір тәлім мен білімді кіріктіріп іске асыру амалы сонау ежелгі дәуірден бері бүгінгіге дейін сабақтастықта келгені аңғарылды.

Әдебиеттер тізімі:

1.ҒабитовТ. Мәдениеттануға кіріспе. Алматы, 2013

2.Нұрланова К. Адам және әлем. Алматы

3. МұхамбетоваА. Казахская традиционная культура и ХХ век. Алматы.

4.Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. Алматы.

ХасановМ., Қаракұзов Ж. Қазақ мәдениетінің космосы. Алматы.,

Тақырып 6. Дәстүрлі қазақ мәдениетінідегі «Күй» феномені

1. Зерттеушілер Д.Ерзакович, Е. Затаевич қазақ ән-күй өнері туралы.

2.Б. Сарыбаевтың қазақ ән-күй өнерінің мәні мен маңызы туралы.

3.Қорқыттың музыкалық философиясы.

Күй өнері – қазақ халқының ең басты рухани байлығының, жан дүние байлығының ең бір киелі, қасиетті түрі. Бұрынырақта Арал-Шалқар өңірінде ауылдағы ірілі-уақты той-томалақтарда, шал-шауқанның басы қосылып бір үйде мәслихат, мәжіліс құрып отырғанда солар ортаға ауылдың бір күйшісін алдыртып, күй тыңдайтын. Бұл аймақта екінің бірі дерлік не домбырамен ән салып, не күй тартатын. Сонда сол шалдардың ішіндегі ең бір әу деп ән салмайтыны, дың еткізіп домбыра тартпайтынының өзі (домбырада ойнайды емес) әлгі күйдің ырғағына беріліп, көзін тарс жұмып алып, анда-санда «беу, дүния-ай» деп қойып, енді бірде екпіндеткен, дауылдатқан, жауға қарсы аттандаған ереуіл күйлерге еліріп, отырған орнынан қопаңдап түрегеп кете жаздайтынын талай көргенбіз.

Қорқыт Ата– түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-ДинЖамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, ӘбілғазыныңТүрік шежіресіндеоның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты. Қорқыт - түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады.


Әдебиеттер тізімі:

1.ҒабитовТ. Мәдениеттануға кіріспе. Алматы, 2013

2.Нұрланова К. Адам және әлем. Алматы

3. МұхамбетоваА. Казахская традиционная культура и ХХ век. Алматы.

4.Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. Алматы.

ХасановМ., Қаракұзов Ж. Қазақ мәдениетінің космосы. Алматы.,



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет