Пән бойынша бағдарламасының



бет1/2
Дата22.06.2016
өлшемі420.25 Kb.
#152942
  1   2

Пән бойынша бағдарламасының (SYLLABUS) титул парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті




Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы


SM 1207 Құрылыс материалдары

пӘнІ бойынша бағдарламасы

(SYLLABUS)

Павлодар, 2013 ж.


Пән бойынша бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19




БЕКІТЕМІН


Сәулет-құрылыс

факультетінің деканы

_______ Күдерин М.Қ.

20__ ж. «___»________

Құрастырушы: __________ т.ғ.к., доцент Б.Ч. Кудрышова

Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы


5В073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және

конструкцияларын өндіру» мамандығының студенттеріне арналған
SM 1207 Құрылыс материалдары

пӘнІ бойынша БАҒДАРЛАМАсы (Syllabus)

Бағдарлама 20___ ж. «____»__________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20___ ж. «___»___________ кафедра отырысында ұсынылған.

Хаттама № _____


Кафедра меңгерушісі _____________ В.Т. Станевич «___»_________20___ ж.

Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20___ ж. «___»_____________ хаттама №_____.

ОӘК төрайымы _______________ Г.А. Жукенова «___»__________20___ ж.


1. Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы «Құрылыс материалдары»

Міндетті компонент пәні



Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 1

Семестр: 2

Барлығы: аудиториялық сабақтар – 45 сағат

Дәрістер – 15 сағат

Тәжірибелік сабақтар – 30 сағат

СӨЖ – 90 сағат

ОСӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылық – 135 сағат


Бақылау түрі

Емтихан – 2 семестр


2 Оқытушы туралы мәлімет және байланысу ақпараттары:

Мусаханова Салтанат Татарбековна «Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау.» кафедрасының аға оқытушысы.

«Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау» кафедрасы С.Торайғыров атындағы ПМУ Д-302 корпусында, тел. 8-(7182) 67-36-59 орналасқан.

Сабақтарды өткізу орны мен уақыты – аудиториялық сабақтар, межелік бақылау және емтихандық сессия бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.


3. Нысан, мақсаттары мен міндеттері

«Құрылыс материалдары» пәні «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» мамандығы бойынша студенттерге оқыту жоспарының арнайы мамандық үшін таңдау бойынша компонентіне жатады.



Пән нысаны

«Құрылыс матераиладары» пән нысаны құрылыс материалдарды сынау, өндіру және бақылау тәсілдері.



Пәннің мақсаты - «Қүрылыс материалдары » пәннің мақсаты күрылыс материалдарының әрқайсысын теориялық жэне практика түрінде, материалдың ерекшеліктері мен қасиеттерін, технологиясын, қүнын және т.б. жақсы білетін жоғары квалификациялы маман дайындау.

Пәннің міндеттері - әрбір материалдың спецификалық ерекшеліктерін оқып білу, техникалық процесстің заңдьшығын керсету мен талдау, материал сапалылығын қамтамасыз ету, конструкциядағы материалдың үзаққа төзімділігі мен сенімділігін болжау.
4. Білімге, дағдыға, іскерлікке және біліктілікке талаптар

Осы пәнді оқып меңгеру нәтижесінде студенттер:



білу керек:

  • күрылыс материалдарының номенклатурасын;

  • қүрылыс материалдарының қасиеттерін және қүрылым ерекшеліктерін;

  • өндірістің шикізат ресурстарын;

  • технологиялық операция жағының маңыздылығын;

істей білу керек:

- қүрылыс материалдардың қасиеттерін анықтау әдістерін өткізу;

- күрылыс материалдар және бұйымдарды пайдалану мен өңдеп шығару жүмыстарын өткізу.

дағдыларын иеленуі керек: құрылыс материалдардың қасиеттерің анықтау мен салыстыруопределения и сравнения свойств строительных материалов.

құзыретті болуы керек: құрылыс материалдар өндіру мен казіргі кездегі номенклатура саласында.
5. Пәнді оқытудың пәндік жоспары

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу

№ р/с

Тақырыптардың

атауы


Сабақтың түрлері бойынша сағаттар саны

СӨЖ

дәріс-тер

прак



Барлығы

Оның ішінде СӨЖО

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе

0,5

1

6

2

2

Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттері

1

2

6

2

3

Табиғи тасты материалдар

1

1

4

2

4

Керамикалық бұйымдар

1

2

6

2

5

Шыны және шыныдан жасалған бұйымдар

0,5

1

4

1

6

Бейорганикалық байланыстырғыш заттар

2

2

6

1

7

Бетон

2

2

6

1

8

Құрылыс ерітінділері

0,5

2

4

1

9

Асбестцементті бұйымдар

0,5

2

4

1

10

Автоклавты материалдар мен бұйымдар

0,5

2

4

1

11

Ағаш материалдары мен бұйымдары

1

2

4

1

12

Органикалық байланыстырғыш заттар және олардың негізгі қасиеттері

1

2

6

1

13

Полимерлі материалдар мен бұйымдары

1

2

6

1

14

Жылуоқшаулағыш материалдар мен бұйымдары

1

1

6

1

15

Акустикалық материалдары

0,5

2

6

1

16

Лак және бояу материалдары

0,5

2

6

1

17

Металл материалдары мен бұйымдары

0,5

2

6

1,5
Барлығы: 135 (3 кредит)

15

30

90

22,5


6. Дәріс сабақтарының мазмұны

1 тақырып – Кіріспе. Құрылыс материалдары туралы жалпы түсінік

Жоспар

1 Құрылыс материалдары туралы жалпы түсініктері.

2 Құрылыс материалдардың жіктелуі.

1 Табиғи материалдар минералдық және органикалық болып жіктеледі.

а) Минералдық табиғи материалдарға тау жынысынан жасалатын ұсақталған тас кесектері, іргетас қалайтын жалпақтау тас, дұрыс пішінді тас пен блок, үйдің іші-сыртын қалайтын тастар, ыстыққа және химиялық әсерге төзімді түрлі материалдар, құм, құмдық гравий, гравий, жеңіл қабырға қалайтын тастар және т.б. жатады.

б) Органикалық материалдарға табиғи битум, жертезектен және ағаштан жасалынатын бұйымдар жатады.

2 Жасанды материалдар.

а) Саздың түр-түрін күйдіру арқылы алынатын материалдар – керамикалық кірпіштер, тастар, қаптаушы плиталар, плиткалар, жеңіл толтырушылар (керамзит, вермикулит, перлит) және т.б. Минералдық жыныстарды өндіріс қалдықтарын балқыту арқылы алынатын бұйымдар – шынылар, блоктар, плиталар, ситаллдар.

б) Минералдық байланыстырушы негізінде жасалынатын бетондар, темірбетон бұйымдары мен конструкциялары.

в) Органикалық байланыстырушылар негізіндегі төбе жапқыш материалдар – рубериодтар, пергаминдер, тольдер, асфальтті бетондар.

г) Полимерлер негізіндегі – ағашталшықты плиталар, ағаш жоңқалы плиталар, еден және қабырға қаптаушы плиткалар, линолеумдер, түрлі жылу қоршаушы, герметикалық және басқа материалдар.

д) темірден, құрыштан, алюминийден, қорытпадан жасалған бұйымдар мен конструкциялар.

е) композициялық асбест-цемент, полимербетон, шыны және ағаш пластиктары негізінде алынатын түрлі материалдар мен бұйымдар.

Ұсынылатын әдебиет: [1,4].



2 тақырып - Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттері

Жоспар

1 Материалдардың физикалық қасиеттері.

2 Материалдардың физикалық процестерге қатынасын білдіретін қасиеттері.

3 Материалдардың химиялық қасиеттері.

4 Материалдардың технологиялық қасиеттері.

1Физикалық қасиеттер.

а)Нағыз тығыздық (ρ)– абсолютті тығыз қалпындағы материалдардың бірлік көлеміндегі масса, г/см3, кг/м3

мұндағыт – материалдың массасы; г, кг;



Va – тығыз қалпындағы материал көлемі, см3, м3.

б) Орташа тығыздық – табиғи қалпындағы материалдың кеуегі, жарығы, қуысы қосылып есептелінген бір өлшем көлеміндегі материалдың массасы, кг/м3, г/см3

Мұндағы т – материал үлгісінің массасы, г, кг;



V – табиғи қалпындағы материал үлгісінің көлемі, см3, м3.

Орташа тығыздықты дұрыс немесе дұрыс емес пішінді материал үлгісі арқылы анықтайды (куб, призма немесе материалдың түйіршік, кесек сынығы).



в) Сусымалы материалдың салулық тығыздығы (ρс) – салынған қалпындағы материалдың массаның оның көлеміне қатынасы, кг/м3

Мұндағы т1 – сыйымдылықтың материалмен қоса массасы, кг;



т – бос сыйымдылықтың массасы, кг;

V – сыйымдылықтың көлемі, м3.

Материалдың кеуектігі (К) – оның көлемінің кеуекпен толтырылған дәрежесі, пайызбен %:

Мұндағы ρт – материалдардың тығыздығы, кг/м3



ρ – нағыз тығыздығы, кг/м3.

Кеуектер деп сумен немесе ауамен толтырылған ұя тәрізді майда қуыстар торын айтады. (мрамор, базальт К=0,2-0,8%; керамзит, газдыбетон, минералдық мақта К=60-98%.



а) Ашық кеуектілік – су сіңіретін кеуектер (қуыстар) көлемдерінің қосындысының материалдардың жалпы көлеміне қатынасы (Ка)

Мұндағы т1 және т2 – материалдардың құрғақ және су сіңірген қалпындағы массалары, г;



V – материалдың жалпы көлемі, см3;

ρн2о – су тығыздығы.

б) Жабық кеуектер– (закрытая пористость характеризует объем закрытых пор в объеме материала)



Материалдардың физикалық процестерге қатынасын білдіретін қасиеттері

Су сіңіргіштігі және гигроскопиялығы. Материал суды өзіне сіңіру арқылы (су сіңіргіштігі) немесе ауадағы буды тартумен (гигроскопиялық ылғалдануы) суланады.

Материалдың су өткізгіштігі – оның қысым астында денесінен су өткізу қабілеті. Материалдың қысымдықпен суды денесі арқылы өткізгіштігі сүзілу коэффициентімен сипатталады, м3/сағ, оны мына формула бойынша анықтайды.

Газ және бу өткізгіштігі – материал ірі және майда кеуекті болғандықтан, газды және буды созылмалы сұйықтанған қалпында да және молекулалық ағымымен де қабаттастырып, денесі арқылы жетелеуі мүмкін.

Жылу өткізгіштігі – материалдың өзінің қалыңдығы арқылы жылу жіберу қабілеті. Жылу өткізгіштік қасиет бүкіл жылу қоршаушы материалдар мен бұйымдар тобы үшін де, үйлердің қабырғасын көтеруге және төбесін жабуға жұмсалатын бұйымдар мен конструкциялар үшін де негізгі көрсеткіштердің бірі, калорий немесе Дж

Материалдардың химиялық қасиеттері

Материалдың химиялық қасиеті оның айналадағы заттармен химиялық әрекеттесу қабілетін немесе оны қоршап тұрған ортадағы заттар инертті болған жағдайда, өзінің қасиетін және структурасын сақтай алу қабілетін сипаттайды.



Ерігіштік – заттардың белгілі бір ортада молекулалық және иондық дисперсиялар құру қабілеті. Минералдық заттар үшін – су, бензин, спирт, скипидар және т.б. заттардың ерігіштік өлшемі ретінде олардың қаныққан ерітіндідегі граммлитрмен өлшенетін концентрациясы.

Адгезия – бір материалдың басқа материал бетіне жабысу қасиеті. Екі түрлі материалдың адгезиясы олардың табиғатына, түйіршіктерінің пішініне және бетінің қалпына, бір-біріне тиісу жағдайына және т.б. факторларға байланысты болады.

Сорбция – екі фазаның аралық жиегінде заттың концентрациясының өзгеруін сипаттайды.

Адсорбция – көмірдің және басқа өатты немесе сұйық заттардың өз беттеріне буды, газды және еріген заттарды ұстау қабілетін айтады.

Технологиялық қасиеттер

Материалдардың кейбір технологиялық операцияларға икемделіп, физикалық қалыптарын, структураларын, фактураларын қажетті бағытта өзгертуі және керекті пішіні мен мөлшерін қабылдау қабілеттері олардың технологиялық қасиеттерін сипаттайды.



Масса созымталдығы – сыртқы күш әсерінен тұтастығын бұзбай деформациялану және қажетті пішінді қабылдау қабілетімен сипатталады.

Конструкцияның жылу тұрақтылығы, яғни ұзақ уақыт бойы тұрақты температуралық режимді сақтау қабілеті. Жылу тұрақтылық материалдың жылу сыйымдылық және жыылу өткізгіштік шамаларымен анықталады.

3 тақырып - Табиғи тасты материалдар

Жоспар

1 Табиғи тастардың жіктелуі.

2 Магмалық тау жыныстардың басты түрлері олардың құрылыстық қасиеттері.

3 Шөгінді тау жыныстарының басты түрлері және құрылыстық қасиеттері.

4 Метаморфтық тау жыныстары және олардың құрылыстық қасиеттері.
Табиғи тас материалдары және бұйымдары деп тұтас жатқан тау жыныстарын қарапайым механикалық өңдеу (жару, тілу, ұсақтау, т.б. тәсілдер) арқылы алынатын плиталар, блоктар, қаптағыш материалдар, жолға төселінетін кесек және жалпақ тастар, жол жиек тастары, қиыршықтас, ұсақталған құм т.б. сол сияқты өнімдерді айтады.

Құрылыс саласында кең қолданылатын табиғи тас материалдарын төмендегінше үлкен 2 топқа жіктеуге болады:

1 Құрылыста тікелей қолданылатын материалдар мен бұйымдар: үйлерді және ғимараттарды, өзен жағаларын, көпірлерді және т.б. инженерлік құрылыстарды қаптауға, жол және гидротехникалық құрылыстарына, үйлердің қабырғаларын көтеруге өнеркәсіптік үйлердің еденін төсеуге, басқыш алабын құрамдауға, құрылыс ерітінділері мен бетондарға толтырушы ретінде және т.б. көптеген мақсаттар үшін пайдаланады;

2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінде жасанды материалдар шығару үшін (керамика, шыны, минералдық байланыстырғыштар) шикізат ретінде қолданылатын минералдық жыныстар.



Магмалық тау жыныстардың басты түрлері олардың құрылыстық қасиеттері. Магмалық тау жыныстар 3 түрге бөлінеді: тереңдіктер (интрузивті), ақтарылғандар (эффузивті) және жанартаулық.

Тереңділік тау жыныстарына ортақ қасиет – кеуектілігінің аздығы, тығыздығының және мықтылығының жоғарылығы, су сіңірімділігі төмен, аязға төзімді, жылу өткізгіштік коэффициенті жоғары.

Гранит және оған жақын тау жыныстары кварцтен, дала шпаттарынан, слюдалардан, мүйізді қоспалардан немесе авгиттен тұрады. Табиғатта ең көп таралған жыныс. Гранит тығыздығы және қысқандағы мықтылығы жоғары болғанмен, омырылғыш келеді, себебі оның созғандағы мықтылығы қысқандағы мықтылығынан 40-60 есе төмен; су сіңіргіштігі 1%, аязға төзімділігі 200 циклден жоғары, жақсы өңделеді, үйкеліске шыдамды. Граниттен құрылыста сулық жағаларды беріктеуге, көпірдің тіреулерін, үйлердің цокольдарын қаптауға және беріктігі, аязға төзімділігі жоғары бетондар үшін қиыршықтас жасауға кең қолданылады.

Сиениттер гранитке қарағанда, кварцтен емес көпшілігінде дала шпаттарынан және күңгірт-қара түске боялған минералдардан (15%) тұрады. Түстері дала шпаттар түстеріне байланысты қызғылт, сұр және көкшіл өңді болып келеді. Қолдануы және физикалық-механикалық қасиеттері бойынша сиенит гранитке ұқсас, айырмашылығы оңай өңделеді және табиғи факторларға онша төзімді емес.

Диориттер және кварцтық диориттер майда және орташа түйіршікті құрылысымен, сұрлау, күңгірт-көктеу түсімен сипатталады. Диоритте дала шпаты басымдау, күңгірт-қара түске боянған минералдардың мөлшері 25% дейін болады. Құрылыстық-техникалық жағынан гранит пен сиениттен кем соқпайды. Қайта мықтылығы бойынша граниттен басымдау. Жақсы жылтылдатылады, қиын өңделінеді, үйкеліске төзімді.

Габбро 50% дейін дала шпаттарынан және қара-қоңыр түстегі минералдардан тұрады. Сондықтан түсі күңгірт-сұрлы, қоңыр, сұр болып кездеседі. Оның түрлесі – плагиоклаздан тұратын лабрадорит. Бұл жыныс өте көрнекті өңдеуші материал. Оны ерекше бағалы қаптаушы плиталар жасау үшін пайдаланады.

Шөгінді тау жыныстарының басты түрлері және құрылыстық қасиеттері.

Құмдарды толықтырғыш ретінде бетондарда және ерітінділерде, кеуекті және тығыз автоклавты бұйымдар жасау үшін, жол астына төсеу үшін, темірі аз құмдарды шыны өнеркәсібінде қолданады.

Гравий түрлі тау жыныстарының мүжілгендігінен пайда болған бос қабаттағы жыныс, түйіршік мөлшері – 5-150 мм аралығында. Гравийді төмен маркадағы (М300 дейін) бетондар алу үшін, үй іргесінің астына, теміржол және автожол төсеміне пайдаланады.

Саздар мөлшері 0,01 майда түйіршіктерден тұрады. Саздар галлуазит, каолинит, монтмориллонит және т.б. минералдар негізінде топталады. Сазды керамика бұйымдарын жасау үшін, әктің орнына цемент ерітіндісіне қосу үшін пайдаланады.

Диатомит және трепел химиялық құрамы бойынша ұқсас, SiO2мөлшері екеуінде де 70-95% аралығында. Құрылыста оларды шикізат ретінде жылу айырушы материалдар және диатомитті-трепельді кірпіш жасау үшін, конструкцияларды қалыңдаут үшін және цемент өндірісінде минералдық активті қоспа ретінде қолданады.

Метаморфтық тау жыныстары және олардың құрылыстық қасиеттері. Гнейстер – граниттен бір жақтық қысымдық әсерімен пайда болған сланцтық құрылысты жыныс. Оларды кесек тас және қиыршықтас түрінде бетон үшін, плита пішінінде тротуар төсеу үшін пайдаланады.

Сланцтер – көпшілігінде саздан пайда болған, түсі қара немесе қоңырлау сұр. Саздық сланцтер қалыңдығы 3-10мм жұқа пластинкаларға оңай ажыратылады. Мұндай пластинкалар аз қабатты үйлер үшін жамылтқыш және қабырға қаптағыш ретінде қолданады.

Кварциттер – кремнеземнен цементтелініп тұтас алып масса болып құралған, қайтадан кристалданылған кварц түйіршіктерінен тұратын метаморфтық тығыз жыныс. Оларды үйлердің және ғимараттардың ерекше жауапты бөлшектері үшін пайдаланады.

Мрамор – жан-жақты биік қысымдық пен жоғарғы температура әсерімен өзгерілген ізбес тасынан құралған жыныстар. Оны үйдің ішін өңдеуге, басқыштар орнатуға, терезе алдына төсеуге т.б. үйді көріктілейтін бұйымдар жасауға кең қолданады.

4 тақырып - Керамикалық бұйымдар

Жоспар

1 Керамикалық бұйымдар туралы жалпы түсініктері.

2 Керамикалық бұйымдардың қасиеттері

3 Керамикалық бұйымдардың түрлері.



Керамика – деп keramike грек сөзі қыш өнері деген мағынаны білдіреді. Керамикалық деп әр алуан ылғалдықтағы көпшілігінде минералдық немесе органикалық қоспалары бар, саздық біркелкі массадан түрлі тәсілдермен қалыпталып және жоғарғы температурада күйдіріліп жасалатын жасанды тас материалдары мен бұйымдарын айтады.

Шикізат құрамына және күйдіру температурасына байланысты керамикалық материалдар 2 топқа бөлінеді: толық күйдірілген, сындырылған жері жылтыр, тығыз структуралы керамика су сіңіруі 2-4% аспайды (фарфор, жол кірпіші, еден плиталары); жарым-жартылай күйдірілген, сондықтан кеуекті керамика су сіңіруі 8-20% дейін (керамикалық тас, черепица, қаптаушы плиталар). Тағы дөрекі (ірі) және жұқа (майда) керамикаға бөлінеді. Дөрекі керамика сынығы біркелкі емес, ірі түйіршікті структурасымен сипатталады, жұқа керамиканікі майда түйіршікті, біртекті және бірыңғай боянған структура (фарфор, фаянс).



Керамикалық бұйымдардың қасиеттері. Су сіңіргіштігі – керамикалық бұйымдардың кеуектігін сипаттайды. Кеуекті керамикалық бұйымдардың су сіңіргіштіктері ылғал массасы бойынша 6-20%, ал көлемі бойынша 12-40%. Сондай-ақ тығыз керамикалық бұйымдардікі массасы бойынша 2-10% аралығында.

Жылу өткізгіштігі – керамикалық бұйымдардың кеуектігі мен қуыстығына байланысты. Нағыз тығыз керамикалық бұйымның жылу өткізгіштігі – 1,6 Вт/(м*°С). Кеуектігі мен қуыстығы ұлғайған сайын, керамикалық бұйымдардың тығыздығы мен жылу өткізгіштігі төмендейді.

Мықтылығы (беріктігі) – керамикалық бұйымның фазалық құрамына, кеуектілігіне және жарықсыздығына байланысты. Қабырғалық бұйымдардың мықтылығы бойынша маркасы олардың қысқандағы мықтылық шектерін сипаттайды, бірақ конструкциялық бұйымдардың маркасын анықтарда қысқандағы мықтылық шегін де ескереді.

Аязға тұрақтылығы – керамикалық бұйымдардың сумен қаныққан күйінде көрінетін бұзылу белгісінсіз ауыспалы мұздау және еру циклдер әсерінің нақтылы рет қайталану санына шыдамдылығымен сипатталады. Ауыспалы мұздату және еру циклдерінің саны бойынша керамикалық бұйымдардың структураларына байланысты мынандай маркалары болады: 15, 25, 35, 50, 75, 100.

Термиялық төзімділігі – керамикалық бұйымдардың, әсіресе қаптаушы плиткалардың немесе санитарлық бұйымдардың температураның күрт өзгеруіне бұзылу нышанынсыз шыдай беруінде. Қабырғаны іштей қаптауға арналған глазурланған керамикалық плиткалар 125°С температурасына дейін қыздырғанда және температурасы 18-20°С суға батырып, кенет суытқанда ешбір жарықсыз, шетінеусіз, сынықсыз төзімдік білдіруі керек.

Химиялық төзімділігі – керамикалық бұйымдардың агрессивті ортада тұрақтылығы. Бұл қасиеті бойынша қышқылға төзімді және сілтіге төзімді бұйымдар деп бөлінеді. Керамикалық бұйымдардың химиялық тұрақтылығы белгілі мөлшердегі майдаланған бұйымның 1 сағ. бойы күкірт қышқылында немесе 20% тұз қышқылы ерітіндісінде қайнатқаннан кейінгі массаның, оның қайнатқанға дейінгі массасына қатынасымен сипатталынады.

Үйкелістігі – үйкеліс кұші әсерімен материал өзінің көлемін және массасын азайту қабілетімен сипатталады.

Керамикалық бұйымдардың түрлері. Кәдімгі керамикалық кірпіш деп қоспасы бар, не қоспасыз саздан жасалынған немесе жоғарғы температурада өртелінген жасанды тас материалдарын атайды. Кірпіш тура қырлы және тік бұрышты параллелепипед пішінде жасалынады. Оның сызықтық мөлшері 250х120х65 мм, кейде 288х138х65 мм. Кәдімгі кірпіш көбінде созымталдық, кейде шала құрғақ тәсілмен дайындалады.

Қуыс денелі керамикалық кірпіш қысқандағы беріктік шегі бойынша мынадай маркаларға бөлінеді: 250; 200; 150; 125; 100; 75. Созымталдықпен қалыпталынған кірпіштің су сіңіргіштігі 6% кем емес, ал шала құрғақтай пресстелінгендікі - 8% аз емес. Аязға төзімділіг 15 циклден кем емес. Қуыс денелі кірпіш жүктенгіш сыртқы және ішкі қабырғаларды, бөлме айырғыштарды және үй мен ғимараттардың басқа да бөліктерін қалауға қолданады.

Қуыс денелі керамикалық тастар – кірпішпен салыстырғанда мөлшерлері ірі етіп жасалынады (250-290х120-288х130-288 мм). Қуыс денелі керамикалық тастардың тығыздығы 1300-1450 кг/м3, су сіңіргіштігі 6% кем емес, аязға төзімділігі F15. Қысқандағы мықтылығы бойынша олардың 4 маркасы болады: 75, 100, 125, 150.

Ұсынылатын әдебиет: [2,3].



5 тақырып - Шыны және шыныдан жасалған бұйымдар

Жоспар

1 Шыны қасиеттері.



2 Құрылыста қолданылатын шыны және шыны бұйымдарының түрлері.

Шыны қасиеттері. Шыны деп силикаттардан, алюминаттардан, натрий, калий, кальций және т.с.с. карбонаттарынан тұратын шикізат ерітінділерінің балқымаларының суытылуынан алынатын аморфты қатты дене. Оның химиялық құрамы: SiO2 71-72%; NaO 14-15%; CaO 6.5-7%; MgO 4%; Al2O3 2%.

Тығыздығы – шыны тығыздығы 2,2-ден 8 г/см3 дейін өзгереді. Ең ауыр шыны құрамында қорғасын оксидісі болады, ал ең жеңілінде атомдық салмағы аз оксидтер болады.

Созғандағы беріктігі. Құрылыс конструкцияларында шынылар көпшілігінде ию, созу және ұру күш әсеріне жиі ұшырайды. Қысу күш әсеріне сирек пайдаланады. Сондықтан, шыны қасиетін анықтайтын басты көрсеткіші есебінде созғандағы беріктігі мен морттылығын қарастырған жөн.

Морттылығы. Шыны морттылығы оның жүк-ұру әсеріне кедергісімен сипатталады. Мортылығы оның пішініне, мөлшеріне және қалыңдығына байланысты.

Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 5-7 және одан жоғары. Қаттылығы жоғары болған сайын шыныны механикалық өңдеу уақыты көбейе түседі және соғұрлым үйкелітегі тозуы аздау болады.

Термиялық тұрақтылығы температураның кенеттен өзгеруіне шынының жарылмай шыдайтын қабілетімен сипаттайды. Шыны бұйымдарының термотұрақтылығы олардың қалыңдық мөлшеріне және пішіндеріне байланысты.

Шынының оптикалық қасиеті жарық өткізгіштігімен, жарық сәуле сындырылуымен, жарық шашыратуымен, күн сәулесінің шағылысуымен және т.б. құбылыстармен сипатталады.

Құрылыста қолданылатын шыны және шыны бұйымдарының түрлері. Табақтық шыны – шынының негізгі түрі, оны терезе және есік ойықтарын әйнектеуге, витриндерге үйдің ішін және сыртын өңдеуге қолданады. Витриндік шыны – сауда, әкімдік және қоғамдық үйлердің алдыңғы жағынан үлкен аумақты беттерін әйнектеу үшін кең қолданады. Жылу сәулелерін шағылыстырушы шыны металдардың немесе оксидтердің өте жұқа (0,3-1 мкм) қабықтарымен қапталған болады. Жылудан қоршаушы шыны үй ішін күн сәулесін қызып кетуден қорғайды. Ол 75% сіңіріп қояды. Жарық шашушы шыны декоративтігімен және жарық шашыратушылығымен сипатталады. Көрілусіз жарықтандыру немесе шашыратылған жарық қажет болған жағдайда терезелік ойықтарды, қалқаларды және есіктерді әйнектеу үшін күңгірттелінген немесе әшекейленген шыныларды қолданады. Арматураланған шыны. Шыныны күйдірілген, хромдалынған немесе никельденген құрыштық сымнан жасалынған металдық тормен арматуралайды. Әшекейленген шыны гравировальдік білектерде (вальцаларда) түссіз немесе түсті шыны массасын горизонтальдықта үздіксіз жаю арқылы алады. Шынықтырылған шыны. Кәдімгі шыныны шынықтыру температурасы 540-650°С дейін қыздырып, сосын оны тездете біркелкі суыту арқылы алады. Увиолевтік шыны ультракүлгін сәуленің ең кем дегенде 25% өткізеді. Ол үшін шыны шихтасындағы темір, титан және хром оксидтері қоспасының мөлшерін мүмкіншілігінше азайтады. Көпқабатты шынылар (триплекс) басты және аралық (амортизациялаушы) қабаттардан тұрады. Олар арматураланған немесе арматурасыз болуы мүмкін.

6 Тақырып - Бейорганикалық байланыстырғыш заттар

1 Ауалық байланыстырғыштар.

2 Гидравликалық байланыстырғыш заттар

Минералдық байланыстырғыш заттар деп сумен немесе тұздар ерітіндісімен, оларды араластырған кезде жұмсақ жылжымалы қамыр беріп, кейін бірте-бірте физикалық-химиялық процестердің әсерімен қатайып тас қалпына көшетін ұнтақталған материалдарды айтады. Қатайғаннан кейінгі беріктігін сулы немесе құрғақ ортада сақтау қабілетіне сай минералдық байланыстырғыш заттар ауалық және гидравликалық болып 2 топқа бөлінеді.

Ауалық байланыстырғыштар тек қана құрғақ ауада қатайып, тас сияқты күйіне көшіп және тек құрғақ ауада алған беріктігін жоғалтпай сақтай алады. Бұларға ауалық әк, гипстер байланыстырғыштар, магнезиялы байланыстырғыштар, ерітілмелі шыны жатады.

Гидравликалық байланыстырғыштар біраз алдын ала ылғалды ауада қатайғаннан соң әрі қарай су ішінде де қатая беріп, беріктік шегін тек құрғақ ауада қатайғандығымен салыстырғанда, едәуір ұлғайтады. Гидравликалық байланыстырғыштарға жататындар: гидравликалық әк, романцемент, портландцемент, пуццолонды портландцемент, т.б.

7 Тақырып - Бетон

1 Бетон туралы жалпы мәліметтер.

2 Бетондардың жіктелуі

3 Бетондардың түрлері.



Бетон – белгілі мөлшерде алынатын қиыршық тастан (гравийден), құмнан, қоспалардан тұратын бетондық араласпаның қалыпталыну және қатаю нәтижесінде пайда болатын жасанды тас материалы. Бетондар өнеркәсіптік, азаматтық, гидротехнткалық және басқа да ғимараттарда кеңінен қолданылады.

Құрылыста түрлі қасиеттерімен сипатталатын әр түрлі бетондар қолданылады. Бетондар мынандай белгілері бойынша жіктелінеді: орташа тығыздығымен, арналу мақсатымен, байланыстырғыш және толтырғыштар түрімен. Бетондардың басты жіктелуі цемент тасының тығыздығы мен толтырғыштар түрлеріне байланысты болатын орташа тығыздығы бойынша анықталады. Структура сапасының маңызды көрсеткіші болып табылатын бетонның орташа тығыздығына оның басты қасиеттері (беріктігі, аязға төзімділгі, су өткізбейтіндігі, жылу өткізгіштігі және т.б.) байланысты.

Орташа тығыздығы бойынша бетондар өте ауыр, ауыр және жеңіл түрлеріне жіктеледі.

Қолдану салаларына байланысты конструкциялық және арнаулы бетондар болып бөлінеді.



Конструкциялық бетондар үйлердің және ғимараттардың жүк көтеруші және қоршаушы конструкцияларында пайдаланады; олар ең алдымен, конструкциялардың механикалық сипаттамаларын – беріктігін, серпінділігін, деформациялық және басқа қасиеттерін қамтамасыз етулері тиіс. Конструкциялық бетондарға жататындар: ауыр бетон, майда түйіршікті, жеңіл, ұялы және кернеуленетін бетондар.

Арнаулы бетондар ерекше жағдайларда пайдаланатын конструкциялар үшін қолданады. Оларға атомдық радиациядан қоршаушы, ылу қоршаушы, отқа төзімді, химиялық төзімді, өңдеуші-әсемдеуші бетондар жатады.

Байланыстырғыш заттарға сәйкес цемент, ізбес, гипс, шлак және арнаулы байланыстырғыштар негіздерінде алынатын бетондарға айырылады.

Толтырғыштар түрлері бойынша тығыз, кеуекті және арнаулы толтырғыштар қолдана жасалынған бетондар болып ерекшеленеді.

Бетондарда болатын кеуектердің сипатына және мөлшеріне байланысты тығыз, ірі кеуекті, кеуектендірілген және ұялы структуралы бетондар болып ажыратылады.

8 Тақырып – Құрылыс ерітінділері

Жоспар

1 Құрылыстық ерітінділердің жіктелуі

2 Құрылыс ерітінділердің түрлері

Құрылыстық ерітінді жасанды конгломератты материалдардың бір түрі. Оны байланыстырғыш заттан, судан және майда толтырғыштардан (құмнан) тұратын рационалды құрамдағы араласпаның қатаюы нәтижесінде алады. Құрылыстықерітінділерді қолданудағы басты ерекшелік, оларды көпшілігінде кеуекті конструкциялардың – кірпіштің, бетонның, кеуекті табиғи тас материалының бетіне тығыздамай жұқалап салуда, не жағуда.

Қолданылатын байланыстырғыш түріне байланысты әктік, гипстік, цементтік және аралас (цементтік-әктік, цементтік-саздық) ерітінділерге жіктеледі.

Әдетте сылақ бірнеше қабаттан тұрады және де әрбір қабаттың өзінше арналуы болады. 1-қабат – дайындық қабаты дейді, оны бүркіме немесе шашырама деп те атауға болады, қалыңдығы 3-8 мм. Ол сылақ қабаттарының астындағы конструкция бетімен ілінісуін қамтамасыз етеді, бұл қабат су бүркілген негіз бетіне күшпен лақтырылып жапсырылады және келесі қабатпен оның ілінісу ауданын көбейту үшін бүркімені тегістемейді; 2-қабат астыңғы басты қабат қалыңдығы 5-12 мм, сылақ бетін тегістеуге арналған. 3-қабат жұқа өңдік қабат. Мұны сылақ бетін тегістеп және сүртпелеп барып алады. Оның қалыңдығы кәдімгі сылақтарда шамамен 2 мм, декоративтік сылақтарда кейде 15 дейін жетеді.

Арнаулы ерітінділерге гидроайырғыштық, тампонаждық, инъекциондық, едендік, акустикалық, рентгенқорғаныштық, отқа беріктік, қышқыл төзімді және т.б. ерітінділер жатады.

9 Тақырып - Асбестцементтік материалдар мен бұйымдар

Жоспар


1 Асбестцемент туралы жалпы түсініктері.

2 Асбестцемент бұйымдардың қолдануы.

Асбестцемент деп – цемент, асбест және су араласпасының қатаюы нәтижесінде алынатын күйдірілмеген жасанды тас материалдарын атайды. Асбестцемент негізінде жамылтқыш толқынды плиталар, құбырлар, қабырғалық панельдер және декоративтік бұйымдар шығарылады.

Асбесцементтік бұйымдар қасиеттері мынандай факторларға тәуелді: цемент сапасына, асбест маркасына, бұлардың массадағы мөлшерлік арақатынасына, асбесттің талшыққа тарқатылу дәрежесіне, массаның тығыздалу дәрежесіне, бұйымдардың қатаю жағдайы мен ұзақтығына, сондай-ақ, асбестцементтің ылғалдылығына.

Асбестцементтік жазық табақтар мен плиталар екі типте шығарылады престелінген және престелінбеген. Олардың бет жағы тегіс немесе кедір-бұдырлы сұр түсті, боялған немесе фактурланған болуы мүмкін.

Едендерді төсеу үшін түрлі түске боялған мөлшері 150х150х10 мм плиталар шығарылады. Осындай әрленген плиткалармен санитарлық түйіндерде, асханаларда, дүкендерде түрлі түсті композициядағы едендерді жасауға қолданады.

Асбестцементтік қысымдық құбырларды су-, мұнай-, және газ жүргізетін тізбектерді, канализацияларды салу үшін пайдаланады, ал қысымсыз құбырларды дренаждарды төсеуге, желдеткіш және қоқыстық каналдарын орналастыруға, телефондық кабельдерді жүргізуге қолданады.

10 Тақырып - Автоклавты материалдар мен бұйымдар

Жоспар

1 Автоклав технология туралы түсінік

2 Автоклавты материалдардың түрлері

Ауалық әкті кварцтық құммен және сумен араластырғанда құрылыстық ерітінді алынады. Ол қалыпты температурада өте баяу қатаяды да бастапқы бірер айлардағы беріктігі төмендеу болады. Әктілі-құмдық ерітінді тек қана ауада қатайып және тек қана нормалдық ылғалдылықтағы ауалық ортада беріктігін сақтай алады.

Автоклавтық өндеу 3 кезеңге бөлінеді: автоклавты және бұйымдарды берілген максималдық қысымдық пен температураға дейін бумен толтыра қыздыру; қысымдығын төмендеткенге дейін изотермиялық қыздыру; автоклавты будан босатып сосын бұйымдарды одан шығару.

Автоклавтық бұйымдарға силикаттық кірпіш, ірі силикаттық блоктар, ауыр силикаттық бетоннан жасалынған плиталар, жамылтқы және қабырға панельдері, тіректер, арқалар және т.б. конструкциялар жатады.



11 Тақырып - Ағаш материалдары мен бұйымдары

Жоспар

1 Ағаш матеиалдардың қасиеттері

2 Ағаштан жасалынатын құрылыс бөлшектері мен бұйымдары.

Ағаш құрылыс материал ретінде әр алуан техникалық қасиеттермен сипатталынады. Ағаштың физикалық-механикалық қасиеттерін таза тұтас келте кесіндіден, тақтайдан немесе брустан жасалынған кішкентай үлгілерді сынау арқылы анықтайды.



Нағыз тығыздығы барлық ағаш жыныстары үшін тұрақты шамада деуге болады. Себебі, олардың барлығының химиялық құрамы бірдей целлюлозадан тұрады. Сондықтан, барлық ағаштардың нағыз тығыздығы орташа шамамен 1,54 г/см3.

Орташа тығыздығы ағаштың ылғадылығына, кеуектілігіне, жер сипатына және табиғи жағдайларға байланысты кең аралықтағы шамаларда болады. Көпшілік ағаштардың орташа тығыздығы 380-1000 кг/м3 аралығында өзгереді.

Ағаштан жасалынатын құрылыс бөлшектері мен бұйымдары.

Плинтус еден мен қабырға аралығындағы саңылауды бекіту үшін қолданады, ал маңдайшалар терезе мен есік ойықтарындағы жарықтарды бекітуге және әсемдеуге пайдаланады.

Ұсталық плиталар жіңішке рейкадан жасалынатын ішкі қалқаннан және оның екі жағынан желімделініп жапсырылған бір немесе екі қабат шпондардан тұрады. Мұндай плиталар құрылыста бөлме қоршауларын, есіктерді, едендерді, қабырға панельдерін жасауда пайдаланады.

Паркеттік бұйымдар – жекеленген паркет, паркеттік тақтай, паркеттік қалқа және мозайкалық паркет болып бөлінеді.

Құрылыстық жұқа тақтай (фанера) құрылыста кең қолданылатын ағаш бұйымдарының бірі. Фанераны алу үшін алдымен ағашты жұмсартып, арнаулы станоктарда өте жұқа ағаш шпондарға ажыратады.

12 Тақырып - Органикалық байланыстырғыш заттар және олардың негізгі қасиеттері

Жоспар

1 Органикалық байланыстырғыш заттар және олардың негізгі қасиеттері.

2 Органикалық байланыстырғыш заттардың түрлері.

Органикалық байланыстырғыштар дегеніміз – қара немесе қара-қоңыр түсті, физикалық күйі бойынша қатты, қою—созымтал немесе сұйық болып кездесетін зат. Олар температура мөлшеріне байланысты өздерінің физикалық-механикалық қасиеттерін өзгертуге қабілетті. Органикалық байланыстырғыштар тастың, құмның, кірпіштің, бетонның, ағаштың және т.б. қатты материалдардың бетімен берік ілінісіп ұстасады. Олардың су өткізбейтіндігі, созымталдығы және атмосфералық әсерге төзімділігі жоғары келеді. Органикалық байланыстырғыш заттарға жататындар – битумдар және қарамайлар (дегталар).

Битумдарды бастапқы шикізатының тегі бойынша мұнайлық, сланецтік және табиғи болып, қарамайлар – таскөмірлік, жертезектік және ағаштық болып бөлінеді.

Табиғи битумдар – (қатты немесе қою болу мүмкін) жер қыртысының жоғары қабатында мұнайдан ұшқыш фракцияларының буланып шығуы нәтижесінде және қышқылдану процесі мен полимеризациялану нәтижесінде пайда болған.

Мұнай битумдары өндіру тәсілдеріне байланысты қалдықты, тотықтандырылған (қышқылдандырылған) және крекингленген деп аталатын битумдарға жіктеледі.

Қарамайлар мен пектер Құрылыста көбінесе таскөмірлік қарамайлар қолданылады. Олар кокс химиялық өндірісінде алынады. 1 т көмірді өңдегенде 700-750кг кокс, 300-350м3 кокс газы, 12-15л бензол, 3кг дейін аммиак және 30-40кг дейін шикі таскөмірлік смола (шикі қарамай) алынады.

Қарамайлық байланыстырғыш заттар екі топқа жіктеледі: шикі және айдалынған таскөмірлік қарамайлар.



Пек деп таскөмірлік шикі смоладан жеңіл майларды (қайнау температурасы 80ºС дейін), фенолдық фракцияны (180-210ºС), нафталиндер фракциясын (210-230ºС), антрациндік майды (360ºС дейін) шығара айдағаннан кейінгі қалатын қатты өнімді айтады. Ол жоғары молекулалық көмірсутектерінен және солардың туындыларынан, 8-30% дейінгі ұнтақдисперсті түріндегі бос көміртектен тұратын қара түсті аморфты қатты зат.

13 Тақырып - Полимерлі материалдар мен бұйымдары

Жоспар


1 Полимерлер

2 Құрылыстық пластмассалардың басты қасиеттері



Полимерлер деп молекуласы көп қайталанатын үзбелерден (түйіндерден) тұратын жоғары молекулалы қосындыны айтады.

Полимерлер алыну тәсілі бойынша тізбектік полимеризациялау және поликонденсациялау тәсілдерімен алынатын полимерлер тобына бөлінеді. Құрылыс бұйымдарын жасау үшін кеңінен қолданылатын полимерлерге полиэтилен, полипропилен, полиизобутилен, полистирол, поливинилхлорид, полиакрилаттар, полиуретандар, поливинилацетат және т.б. жатады.



Құрылыстық пластмассалардың басты қасиеттері. Пластмассалардың нағыз тығыздығы 100-2000 кг/м3 аралығында, демек тас материалдармен салыстырғанда 1,5-2 есе төмен.

Пластмассалардың су сіңіргіштігі өте аз және тығыз материалдарда 1% аспайды. Пластмассалардың көпшілігі суға айтарлықтай тұрақты және тұздардың, қышқылдардың, сілтілердің судағы ерітінділеріне де тұрақты келеді.

Пластмассалардың жылу тұрақтылығы онша жоғары емес (100-200°С). Кейбір пластмассалар 70-80°С дейін қыздырғанда жұмсара бастайды, ал кейбіреулері 400-500°С және одан жоғары температураға дейін тұрақтылық көрсетеді.

14 тақырып - Жылуоқшаулағыш материалдар мен бұйымдары

Жоспар


1 Жалпы мәліметтер

2 Жылуоқшаулағыш материалдардың түрлері

Үйлер мен ғимараттардың қоршаулық конструкциялардың және өнеркәсіптік пен энергетикалық жабдықтарын жылулауға қолданатын материалдарды жылу өткізгіштік коэффициенті төмен және тығыздықтары шамалы 600 кг/м3 асық болмайды. Жылуоқшаулағыш материалдарды қолдану құрылыс саласындағы техникалық прогресстің бір бағыты болып саналады.

Жылуоқшаулағыш материаладрдың түрлері:

Минералдық мақта және одан жасалынатын бұйымдар көлемі бойынша жылу қоршағыштық материалдар ішінде құрылыста ең көп қолданатыны.

Минералдық мақта бұйымдары. Минералдық мақтадан жылу қоршағыштық бұйымдар жасау үшін органикалық байланыстырушаларды жиі қолданады.

Шыны мақтасы жасанды минералдық талшықты материалдырының бір түрі. Оны алу үшін шыны сынықтарын немесе кәдімгі шыны алуға жарамды табиғи тау жыныстарын қолданады.

15 Тақырып - Акустикалық материалдары

Жоспар

1 Акустикалық материалдар туралы жалпы түсініктері

2 Акустикалық материалдардың түрлері

Акустикалық деп ішкі және сыртқы дыбыстардың қаттылық дәрежесін төмендететін және дыбыстың толқын энергиясын азайтатын материалдарды айтады. Құрылыстың және архитектуралық салалардағы жүргізілетін көптеген шаралар дыбыстық шуға қарсы аранулы акустикалық материалдар мен конструкцияларды қолдануды талап етеді. Бұл матреиалдар мен бұйымдар – дыбыс сіңіргіштік және дыбыс қоршағыштық болып екі топқа бөлінеді.



Акустикалық сылақтық плиталар мен блоктар. Бұларды ұсақталынған материалдардың майдасын толтырушылар ретінде қолдана, түрлі байланыстурышылар негізінде және полимерлер қосып не қоспай жасайды.

Пемзолит деп те атайтын плиталарды құрылыстың басында немесе темірбетон зауыттарында жасау онша қиынға соқпайды. Бұл плиталарды жасардағы қолданатын цементтің маркасы 400-500 болған жөн.

Силакпор атты плиаталр түрлі түстер үйлесімі гаммасымен жасалынады. Оларды қолдану үй жайларын әр алуан бейнелі көріністе өндеуге мүмкіндік береді.

16 Тақырып - Лак және бояу материалдары

Жоспар

1 Жалпы мәліметтер

2 Лакбояулық материалдарының түрлері және араулы

Лакбояу материалдары деп созылма сұйық күйінде өнделуге жататын бетке жұқалан жағылатын және сол қалпында қатая келе ағашпен, металмен, бетонмен, сылақпен мықты балаынсқан қабық құрастыратын материаладрды айтады. Пайда болған қабықты лакбояулық немесе молярлық жабын дейді.

Құрамы мен арнаулы бойынша лакбояулық материалдары лактарға, эмальдарға, май бояуларына, бояу топырақтарына және бітеулеу материаладрына жіктелінеді.

Лактар – бұл органикалық еріткіштеріндегі табиғи араластырының немесе синтетикалық пленкақұрушылардың ерітіндісі.

Смолалық лактар лактың құрамына кіретін смола түріне және қасиеттеріне байланысты әртүрлі мақсатта пайдаланады.

Конифольдік лактар көбінесе алдын ала сырланған металдар мен ағаштар бетін декоративті өндеу үшін арналады.

Бояулар- бояу топырақтарды, бітеулер, эмальдер, пигменттерден және толтырушылардан тұрушы күрделі жүйелер болып саналады.

Эмальдер – лактерден және пигменттерден тұрады. Оларды кейде эмальдық бояулар деп те атайды.

17 Тақырып - Металл материалдары мен бұйымдары

Жоспар

1 Металл материалдар туралы жалпы мәліметтер

2 Металл бұйымдардың түрлері

Қазіргі замаңда құрылыс саласында металдардың және ерітпелердің маңызы өте зор. Олай болатыны металл материалдары мен бұйымдарына құнды құрылыстық қасиеттер тән. Атап айтатын болсақ – мықтылығының жоғарылығы, едәуір созымталдық деформацияға қабілеттілігі, яғни қысымдық әсерімен оны өндеу мүмкіншілігі, оның ішінде езгіленуге, соғу арқылы созылуға, штампалауға, созуға икемділігі және т.б. қасиеттері бойынша басқа құрылыс материалдарынан ұтымдылығымен ерекшеленеді; құйылу қасиеті, дәнекерленуі, төменгі және жоғары температурада мызғымайтындығы және т.б.


7 Практикалық сабақтардың мазмұны – 30 сағат

Практикалық сабақ 1,2

Тақырып – Кіріспе. Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттері

Жоспар

1 Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттерін анықтау



Тапсырмалар:

1 Материалдардың физикалық қасиеттерін анықтау

2 Материалдардың механикалық қасиеттерін анықтау

Практикалық сабақ 3

Тақырып – Табиғи тас материалдар

Жоспар

1 Негізгі жыныс түзуші минералдары

2 Негізгі тау жыныстары

Тапсырмалар:

1 Табиғи тас материалдарының құрылыс материалдарын және құрылыстағы жасанды материалдар өндірісі үшін қолданылатын жыныс түзуші минералдар мен тау жыныстарының негізгі қасиеттерін зерттеу және салыстыру.



Практикалық сабақ 4

Тақырып – Керамикалық бұйымдар

Жоспар

1 Керамикалық кірпіш сапасын бағалау

2 Кірпіштің маркасын анықтау

Тапсырмалар:

1 Әр түрлі керамикалық бұйымдар түрімен танысу

2 Қарапайым керамикалық кірпіштің сапалық сипаттамаларын және олардың МемСТ – қа сәйкестігін, маркаларын анықтау.

Практикалық сабақ 5,6

Тақырып – Бейорганикалық байланыстырғыш заттар

Жоспар

1 Гипстік байланыстырғыш заттар.

2 Портландцемент қасиеттерін зерттеу

Тапсырмалар:

1 Гипс байланыстырғышының маркасын, ұнтақтық дәрежесін, қалыпты қоюлығын, қатаю мерзімін анықтау.

2 Цементті сынау: қалыпты қоюлығын, қатаю мерзімін, көлемінің бірқалыпты өзгеруін анықтау. Цемент-құм ерітіндісінен дайындалған үлгілерден портландцементтің маркалық беріктігін анықтау.

Практикалық сабақ 7

Тақырып – Бетон

Жоспар

1 Ауыр бетон құрамын есептеу.



Тапсырмалар:

1 Ауыр бетон құрамын есептеу

2 Бетон араласпасының жеңілжайылғыштығын анықтау, құрамын түзеу, материалдар шығының, маркасын анықтау.

Практикалық сабақ 8

Тақырып – Құрылыс ерітінділер

Жоспар

1 Құрылыс ерітіндінің құрамын есептеу.

2 Үлгілерді жасау және ерітіндінің есебін жөндеу

Тапсырмалар:

1 Құрылыс ерітіндінің құрамын есептеу.

Техникалық сипаттамаларын анықтау.

Практикалық сабақ 9,10

Тақырып – Асбестцементтік және автоклавты материалдар мен бұйымдар

Жоспар

1 Асбестцементтік материалдар мен бұйымдар

2 Автоклавты материалдар мен бұйымдар.

Тапсырмалар:

1 Асбестцементтік материалдар мен бұйымдардың қасиеттерін зерттеу.

2 Автоклавты материалдар мен бұйымдардың қасиеттер мен түрлерін талдау.

Практикалық сабақ 11

Тақырып - Ағаш материалдары мен бұйымдары

Жоспар

1 Ағаш материалдардың қасиеттері

2 Ағаш материалдардың түрлері

3 Ағаш материалдардың ауытқулары

Тапсырма

1 Физикалық-механикалық қасиеттерін анықтау

2 Қылқанды және жапырақты ағаш тұқамдармен танысу.

Практикалық сабақ 12

Тақырып - Органикалық байланыстырғыш заттар және олардың негізгі қасиеттері

Тапсырма

1 Органикалық байланыстырғыштардың жабыстыру қабілеті



Практикалық сабақ 13,14

Тақырып - Полимерлі және жылуоқшаулағыш материалдар мен бұйымдары



Жоспар

1 Полимерлі материалдардың түрлері мен қасиеттері

2 Жылуоқшаулағыш материалдардың түрлері мен қасиеттері

Тапсырма

1 Коллекциялық үлгілер бойынша негізгі жылуоқшаулағыш материалдарды сынау

2 Коллекциялық бойынша пластмассадан жасалатын негізгі материалдардың негізгі қасиеттерін, құрамын, өндіру әдістерін және қолданылу саласымен танысу

Практикалық сабақ 15, 16, 17 – Акустикалық, лакбояу және металл материалдар мен бұйымдары

Жоспар

1 Акустикалық материалдар мен бұйымдары

2 Лакбояу материалдар

3 Металл бұйымдары



Тапсырма

1 Акустикалық материалдар түрлері мен қасиеттерін зерттеу

2 Пигменттерді, боялық құрамдырды және лактарды сынау

3 Металл бұйымдар қасиеттерін анықтау


8 Өздік жұмысының тапсырмалары

Тақырып 1 – Кіріспе.

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- Бақылау түрлері.

2) Реферат жазу:



Тақырып 2 – Құрылыс материалдардың негізгі қасиеттері

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- Химиялық және технологиялық қасиеттер

2) Ауызша сұрау



Тақырып 3 – Табиғи тас материалдары

  1. Коллекция бойынша табиғи тас материалдарды сипаттау

Тақырып 4 – Керамикалық бұйымдар

  1. Керамикалық бұйымдардың номенклатурасын білу

Тақырып 5 - Минералды байланыстырғыш заттардың сапасын бақылау

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- Ауа байланыстырғыш заттар деген не?

- Цемент көлемінің өзгеру біркелкілігін анықтау

2) Қысқаша реферат жазу

Тақырып 6 – Толтырғыштардың, бетон және темірбетон бұйымдары мен ерітінділердің сапасын бақылау

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- Қиыршықтас пен малтатастың түйір құрамын анықтаудың жүйелігін айтып беріңіз.

- Түйір құрамы бойынша толтырғыш ірілігінің сапасы қалай бағаланады?

2) Реферат жазу

Тақырып 7 – Қабырғалық жеке тас материалдардың сапасын бақылау

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- Тығыздық пен сусіңірушілікті анықтау. Беріктігі бойынша маркасын анықтау.

- Керамикалық бұйымдардың аязға төзімділігі.

2) Реферат жазу

Тақырып 8 – Ағаштың, металдардың және органикалық материалдардың сапасын бақылау

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- Ағаштың ылғалдылығын анықтау. Ағаштың орташа тығыздығы.

- Битумдар мен қара майлардың жағымды және жағымсыз қасиеттері.

2) Реферат жазу
10. СӨЖ бойынша кеңес беру графигі (СӨЖ 25% СОӨЖ-дан құрастырылады)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет