ПӘн бойынша әдістемелік ұсыныстар



Дата29.06.2016
өлшемі93.95 Kb.
#165253

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Тарих, археология және этнология кафедрасы

Қазақстандағы археологияның дамуы пәнінен

5В020300 Тарих мамандығының студенттеріне арналған

ПӘН БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Құрастырушы:

ТАжЭ кафедрасының

аға оқытушысы

Кельдыбеков М.Б.


Павлодар


1 Пәннің мақсаты:

болашақ тарихшыларды Қазақстандағы археологиның дамуы пәнінің отан тарихында алатын орнымен, оның міндеттері, тәсілдері және қалыптасу тарихымен таныстыру. Сонымен қатар осы курстың мақсатына еліміздегі аса маңызды, ғылыми тұрғыдан ерекше құнды ескерткіштердін ашылу, зерттелу тарихы кіреді.



Пәннің міндеті:

Студенттерді Қазақстандағы археология ғылымының дамуымен, оның қалыптасуымен мен проблематикаларымен таныстыру, пәннің негізгі теориялық танымын көрсету болып табылады.


Студент білуі керек:

- археология ғылымының Қазақстанда қалыптасуын;

- археология ғылымының негізін қалаушыларды және олардың маңызды еңбектерін;

- Қазақстанның өз археологиялық мектептері мен орталықтартарының ұйымдастрылуын;

- қазіргі кездегі археология ғылымының жағдайын.

Студент істей алуы керек

- Қазақстандағы археологяиның қалыптасу кезеңдерін түсініп, талдай білуі;

- әр тарихи кезеңдегі ғылымның даму ерекшелігін айыра білу;

- маңызы бар еңбектерді пайдалана білу.


2 Пререквизиттер

Осы пәнді игеру үшін Археология, Этнология пәндерінің оқу барысындағы алынған білім, икем және дағдыстар қажет.


3 Постреквизиттер

Пәнді оқу барысындағы білім, икем және дағдыстар Ортағасырлық Қазақстан тарихы, Қазақстанның жаңа тарихы пәндерін игеруге қажет.



4 Пәннің тақырыптық мазмұны

1-тақырып. Қазақстан археологиясының бастауы

Петрдің Сібір мен Қазақстанға жіберген экспедициялары: Г.Ф. Миллер, П.С. Паллас, П.Ч. Рычков, И.П. Фальк, М. Ушаков. Қазақстандық археологияның қайнар бастауында орыстың В.В. Радлов, П.И. Лерх секілді шығыстанушылары мен тарихшылары, сондай-ақ алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауымының өкілдері тұрды. Орыс халқынан шыққан көрнекті өкілдер арасында кейбір азаматтардың қазақ халқының тарихы мен мәдени мұрасына деген ықыласы, ынтасы өте жоғары болды.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2 (4-7), 7(5-7), 14(21)

2-тақырып. Археологияның дамуында академиктердің рөлі

Археология ғылымының дамуына алғашқы үлес қосқан тарихшы және шығыстанушы ғалымдар, акакдемиктер М.Е. Массон, В.В. Бартольд, профессор С.П. Толстов, А.Н. Бернштам, М.П. Грязнов, С.С. Черников, Л.М. Левина және т.б.

Бірақ Қазақстан қоғамтану ғылымдары арасындағы дербес ғылыми бағыт ретінде археология Қазақ КСР ҒА құрамында Тарих, археология және этнография институты құрылғаннан кейін ғана қалыптаса бастады.

Ұсынылатын әдебиеттер: 3 (4-6), 8(9-12), 16(11-14)



3-тақырып. XX ғ. 50-60 жж. археологияның дамуы

Соғысқа дейінгі уақыт пен 60-жылдар соңындағы кезең ірі экспедициялардың жасақталуымен, тың және тыңайған жерлер аймағында жұмыс жүргізумен сипатталынады. 1960-шы жылдардағы ірі экспедициялардың құрылуы. Бұл кезеңнің зерттеушілері: А.М. Оразбаев, К.А. Ақышев, А.Г. Максимова, Е.И. Агеева, Т.Н. Сенигова, М.Қ. Қадырбаев, Х.А. Алпысбаев, К. М. Байпаков т.б. Ә.Х. Марғүлан және Орталык Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылуы. Жамбыл және Оңтүстік Қазақстанда Қаратау отрядтарының жұмыстары. Х.А. Алпысбаев еңбектерінің маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 5 (17-21), 10(15-23), 19(21-25)

4-тақырып. XX ғ. 70 жж. археологияның дамуы

70 жылдардан бастап археология ғылыми ұймдастырушылық жағынан өрледі, соның ішінде жаңа бөлімдер – археологиялық технология лабораториясы, орта ғасырлық археология бөлімі, Археология мұражайы ашылды. Осы жылдары Отырар, Құйрықтөбе, Көкмардан қалашықтарында қазба жұмыстарын атқарған және Сырдария аңғары мен Қаратау беткейлерінде зерттеу жүргізген Оңтістік Қазақстан кешенді археологиялық экспедиция ұйымдастырылды. Шығыс Қазақстан ме Жетісуда сақ және үйсін ескерткіштері, байырғы жартас сурет өнері зерттелді, Орталық Қазақстанда қола және ерте темір дәурлерінің түрлі кезеңдерін қамтитын ескерткіштерде қазба жұмыстары жүргізілді.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1 (18-22), 26(22-28), 21(23-35) 28 (35)

5-тақырып. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының құрылу тарихы

1989 жылы ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнология институты құрамындағы Археологиялық орталыққа бірікті, ал 1991 жылы олар Қазақстан Республикасы Ғылым академиясында дербес Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты ұйымдастырылды. Бұл уақыт ішінде ғылымға Б.Н. Нұрмұханбетов, К. М. Байпаков, Л.Р. Ерзакович, Р.З. Бурнашева, М.С. Мерщиев, Ә.Қ. Ақышев, Ж.Қ, Таймағамбетов, З.С. Самашев, Е.А. Смағұлов. Т.В. Савельева, А.Н. Марьяшев, Ж.Қ. Құрманқұлов келген болатын.

Ұсынылатын әдебиеттер: 7 (32-41), 15(27-59)

6-тақырып. Университеттерде Археология және этнология кафедраларының ашылуы

Бұл кезеңдегі маңызды құбылыстардың бірі Ғылым академиясындағы Археологиялық орталықтан басқа университеттерде, педагогикалық жоғары оқу орындарында, мұражайларда жаңа орталықтар ашылған болатын. Іскер зерттеушілер ұжымы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінде, Шымкент, Петропавл және Қостанай педагогикалық институттарында, Петропавл және Қарағанды облыстық мұражайларда қалыптасады. Зерттеушілер отряды В.Ф. Зайберт, Н.П. Подушкин, М.Е. Елеуов, В.В. Евдокимов, Г.Б. Зданович секілді жаңа есімдермен толықты.

Ұсынылатын әдебиеттер: 12 (34-37), 31(48), 34(41-46)

7-тақырып. ҚР ҒА-ның Археология мұражайы

Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Археология мұражайы – археологиялық ілім-білім мен Қазақстан ғылымының жеткен жетістіктерін насихаттауда, халықтың тарихи жадын жандандыруда негізгі құралдардың біріне айналды. 1973 ж. құрылған бұл мұражай 1946-1990 жж. ғалымдар жинастырған жәдігерлер қойылды. Олардың арасында бүкіл әлемдік және ғылыми маңызы жоғары болып саналатын қазба кезінде қола дәуірінің қорымдарынан алынған материалдар, сақ-үйсін дәуірлеріне жататын алтыннан жасалған әшекейлер, Отырар, Тараз, Түркістан секілді орта ғасырлық қалалардан табылған өте сирек ұшырасатын заттар бар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2 (54-57), 17(55-57), 44(51-52)

5 Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер

1 Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. Алма-Ата, 1992.

2 Байпаков К.М. Институт Археологии им. А.Х. Маргулан (краткая история, научные достижения, перспективы). Алматы, 1998.

3 Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути. Алматы, 1998.

4 Исмагулов О.И. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности. А-Ата, 1970.

5 Таймагамбетов Ж.К. Палеолитическая стоянка им. Ч.Ч. Валиханова. Алма-Ата, 1990.


Қосымша әдебиеттер


6 Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумагамбетов Т. Археология Казахстана. Алматы, 1993.

7 Гинзбург В.В., Трофимова Т.А. Палеоантропология Средней Азии. М.,1972

8 Средняя Азия в эпоху камня и бронзы. М .,1966.

9 Мезолит СССР// Археология СССР. 20 т. М., 1989.

10 Средняя Азия в эпоху камня-бронзы. М., 1966.

11 Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана. Алма-Ата, 1979.

12 Алпысбаев Х.А. Некоторые вопросы изучения памятников каменного века в Казахстане// По следам древних культур Казахстана. Алма-Ата, 1970.

13 Деревянко А.П., Аубекеров Б.Ж., Петрин В.Т. Таймагамбетов Ж.К., Артюхова О.А., Зенин В.Н., Петров В.Г. Палеолит Северного Прибалхашья (Семизбугы 2, ранни-поздний палеолит). Новосибирск, 1993.

14 Зайберт В.Ф. Атбасарская культура. Екатеринбург, 1992.

15 Медоев А.Г. Геохронология палеолита Казахстана. Алма-Ата, 1962.

16 Таймагамбетов Ж.К. Памятники каменного века // Археологические памятники в зоне затопление Шульбинской ГЭС. Алма-Ата, 1987.

17 Таймагамбетов Ж.К. Нохрина Т.Н. Комплексы пещера Караунг^р. Туркистан, 1998.

18 Деревянко А.П. Петрин В.Т. Таймагамбетов Ж.К. и др. Раннепалеолитические микроиндустриальные комплексы в травертинах Южного Казахстана. Новосибирск, 2000.

19 Зайберт В.Ф. Энеолит Урало-Иртышского междуречья. Петропавловск, 1993.

20 Калиева С.С. Логвин В.Н. Скотоводы Тургая в 3-м тысячелетии д.н.э. Кустанай, 1997.

21 Калиева С.С. Поселение Кожай. Алматы, 1998.

22 Энеолит СССР//Археология СССР. 20 т. М.,1982.

23 Вопросы археологии Западного Казахстана. Вып. 1 Самара, 1996.

24 Массон В.М. Алтын-депе. М., 1981.

25 Маргулан А.Х. Бёгазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1979.

26 Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К, Оразбаев A.M. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1966.

27 Евдокимов В.В. Историческая среда эпохи бронзы степей Центрального и Северного Казахстана. Алматы, 2000.



28  Кадырбаев М.К., Курманкулов Ж. Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки. Алма-Ата, 1992.

29 Кадырбаев М.К., Марьяшев А.Н. Наскальные изображения хребта Каратау. Алма-Ата, 1977.

30 Самашев З.С. Наскальные изображения Верхнего Прииртышья. Алма-Ата, 1992.

31 Максимова А.Г. Эпоха бронзы Восточного Казахстана // ТИИАЭ АН КазСССР, 1959, т. 7.

32 Максимова А.Г Могильник эпохи бронзы в урочище Тау-тары // Археологические исследования на северных склонах Каратау. Алма-Ата, 1962.

33 Проблемы и сохранения исторического наследия. Алматы, 1998.

34 Акишев К.А. Курган Иссык. Алма-Ата, 1978.

35 Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. А., 1963.

36 Байпаков К.М., Подушкин Л.Б. Памятники земледельческо-скотоводческой культуры Южного Казахстана А-Ата., 1989.

37 Маргулан А.Х., Акишев К.А., Карыбев М.К., Оразбаев A.M. Древняя культура Центрального Казахстана. А., 1966.

38 Оразбаев A.M., Омаров Г.К. Некоторые итоги археологического исследования Восточного Казахстана. // Проблемы изучения и сохранения исторического наследия. А., 1998.

39 Акишев К.А. Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отырар: (Топография, стратиграфия перспективы). Алма-Ата, 1972.

40 Елеуов М. Шу мен Талас өңірінің ортагасырлық кал ал ары (V-XIII гг. басы) Алматы, 1998.

41 Маргулан А.Х. Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана Алматы, 1950.



42 Смаилов Ж.Е. Памятники архелогии Западной Сары-Арки. Балхаш. 1997.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет