ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ (СӨЖО) БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР ЖӘНЕ ТАПСЫРМАЛАР
Пән ОЕТ 1109 «Экономикалық теория негіздері»
Мамандықтар: 5В140100-Ақпаратық жүйе, 5В030100- Зангерлік, 5В090200-Туризм, 5В072700 – Азық-түлік өнмдерінің технологиясы, 5В020200 – Халықаралық қатынастар
Экономикалық теория және халықаралық
экономика кафедрасы
ҚАРАҒАНДЫ – 2010
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқауларды магистр Мусатаева А.А. 5В140100-Ақпаратық жүйе, 5В030100-Зангерлік, 5В090200-Туризм, 5В072700 – Азық-түлік өнмдерінің технологиясы, 5В020200 – Халықаралық қатынастар мамандықтарының жұмыс оқу жоспары, «Экономикалық теория негіздері» пәнінің типтік бағдарламасының және ҚЭУҚ-МИ-85-05.01-2007 оқу-әдістемелік кешенінің құрылымына қойылатын талаптар негізінде құраған.
Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасының оқу-әдістемелік семинар отырысында талқыланды.
10 маусым 2010 жыл Хаттама № 10
Экономикалық теория және ХЭ
кафедрасының меңгерушісі Жетпісбаева М.К.
Оқытушы туралы мағлұмат:
Оқытушы Мусатаева А.А. «Аймақтық экономика және басқару», «Мемлекеттің инвестициялық стратегиясы» пәндерінен дәріс жүргізіп, «Микроэкономика», «Макроэкономика» және «Халықаралық экономика» пәндерінен семинарлық сабақтар жүргізеді.
Офисі: Экономикалық теория және ХЭ кафедрасы аудитория №266
Қарағанды қаласы, Академиялық көшесі 9
Тел: 44 16 24 (143)
Консультациялық сағаттар (office hour): СӨЖО графигі бойынша
Уақыты: сабақтар келісімді бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.
СӨЖ(СӨЖО) БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
СӨЖ тапсырмаларын студент өзіндік жұмыс ретінде орындайды. СӨЖ негізі семинар және дәріс сабақтарына дайындау. Семинар сабағында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланады. Семинар сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинар сабақтың тақырыбына әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинар сабағының тақырыбына берілетін әдістемелік кеңестерді назар аудара оқып, семинар сабақтың тақырыптық жоспар сұрақтарына өз жауабыңызды дайындаңыз. Әр сұраққа жауапты қысқа және нұсқалы дайындап, формулаларды және символдарды СӨЖ арнайы дәптерге жазып отырыңыз. Дайындықты аяқтамас бұрын, біліміңізді өзіңізге сұрақтар қоя отырып, тексеріңіз. Өзіндік жұмысты орындауда қиын сұрақтарға жауап таппаған жағдайда дәптерге жазып, оқытушыдан сұраңыз.
СӨЖ тапсырмалары дәріс сабағынан бұрын орындалады. Дәріс сабағында алған білімді, әрі қарай тереңдету керек.
Бірақ семинар сабағына жоспарланған сұрақтар тақырып мазмұнын толық қамтымайды. Сол себептен студент білімін тереңдетуді ОСӨЖ процесінде жүзеге асырады. Сондықтан ОСӨЖ –да тақырып бойынша қосымша сұрақтар, есептер, жаттығуларды орындау арқылы тақырып мазмұны толық қарастырылады.
СӨЖ мазмұны және өңдеу формасы.
«Экономикалық теория» курсын оқытуда СӨЖ формаларын кең қолдануға мүмкіндік бар:
-
оқытушымен берілген дәріс конспектісін меңгеру;
-
негізгі әдебиетпен семинар сабағына дайындалу;
-
нақты тақырып бойынша баяндама жасау;
-
эссе, баяндама, рефератқа өзара сын-пікір жасау;
-
есептер шығару;
-
статистикалық мәліметтерді талдау;
-
курс терминдері бойынша глоссарий және сөзжұмбақ жасау;
-
топтық жобаларға қатысу;
-
таңдалынған тақырыпқа презентация жасау;
-
тақырып бойынша кіріспе дайындау және т.б.
Студентке СӨЖ (СӨЖО) тиімді ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары:
Өткен материалдарды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың ең маңыздысы. Өткен материалдар терең талданса, басқа өзіндік жұмыстар жеңіл орындалады. Үнемі және
жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отыру, алдағы уақытта берілетін материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Өткен материалдарды пысықтау үшін қажетті жайлар:
-
дәріс конспектісінің болуы;
-
курс бағдарламасының болуы;
-
ұсынылған әдебиеттердің қолда болуы (оқулық, есептер жинағы).
Жұмыс әдістері:
-
дәріс материалын жете түсіну;
-
конспект жасауда әдебиеттерге сілтеу жасау және қажетті толықтырулар, қажет болса түзетулер енгізіп отыру;
-
әр тақырыппен жұмыс материалды жете түсініп, еске сақталғанша жалғасу керек;
-
тақырыппен жұмыс, әдебиеттер мен оқулықтарда берілетін мысалдар мен есептерді шешу әдістерін меңгерген жағдайда ғана аяқталуы қажет;
-
түсінбеген сұрақтар болса, келесі дәрісте оқытушымен бірге талқылау қажет.
Есептерді шығару. Есептерді шығару әдісі:
-
есептерді шешу үшін берілген тақырып бойынша дәрістік материалды толық білу керек;
-
есеп шартын мұқият оқып шығу;
-
шешу жоспарын ойластыру;
-
есепті шығаруға қажетті формулаларды анықтау;
-
формула құрамындағы шамалар мәніне назар аудару;
-
алдымен жалпы түрде шешу, сонан кейін сандық мәндерін формуламен есептеу;
-
аралық және соңғы шешім нәтижелердің өлшем бірліктерін көрсету;
Коллоквиумға дайындық. Кейбір пәндер бойынша курстың теориялық бөлімі қандай деңгейде меңгерілгенін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі. Сондықтан коллоквиумда қойылатын сұрақтар жауабын қайталап, пысықтау керек.
Бақылау жұмысына дайындық. Бақылау жұмысын өткізудің мақсаты:
-
студенттің ағымдағы үлгерімін тексеру;
-
топ студенттерінің дайындығын анықтау;
-
үлгерімі нашар студенттермен жұмыс әдістемесін ұйымдастыру;
Студент бақылау жұмысына дайындалуда:
-
бақылау жұмысының тақырыбын білуі;
-
берілген тақырып бойынша теориялық материалды, есепті шығару формулалары мен әдістерін қайталауы;
-
әдебиеттерді, практикалық сабақта шығарылған есептер мен мысалдарды қайталап, еске түсіруі қажет.
Егер студент үнемі жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отырса, бақылау жұмысына дайындық ешқандай қиындық туғызбайды.
Жобаларды орындау. Жобаларды орындауда кафедрамен берілетін әдістемелік нұсқауларға сүйену қажет:
-
белгіленген уақыттан кеш қалмай орындау;
-
тапсырманы орындауда қиындықтар болса, тапсырмаға сай тақырыпты қайта оқып шығу.
-
қиындықтар болса, оқытушыдан кеңес алу;
-
алынған шешімдерді талдау;
-
тапсырманы қорғауға дайындықта, сол тақырыпқа сай теория негізін тексеріп және кейбір мәліметтер өзгере қалғанда, оның шешімін ойластырып қою.
-
тапсырманы орындауда қолданылатын әдісті жете түсіну;
-
тапсырма уақытында қорғалу қажет, кері жағдайда академиялық қарыз болып есептеледі.
Студенттің өзіндік жұмысына берілетін уақыт шектеулі, сондықтан алдын -ала орындау жоспарын жасап, өзіндік жұмыс әдістерін үйреніп, тәжірбиелерді меңгеру қажет және жұмысқа қабілеттілікті сақтау үшін демалыс уақытын дұрыс өткізген жөн. Сондықтан студенттің өзіндік жұмыс әдістерін үйренуіне кафедра мен әр оқытушының жауапкершілігі жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |