Пән оет 1109 «Экономикалық теория негіздері» Мамандықтар: 5В140100-Ақпаратық жүйе, 5В030100- зангерлік, 5В090200-Туризм, 5В072700 – Азық-түлік өнмдерінің технологиясы


«Экономикалық теория негіздері» курсы бойынша СӨЖО өткізу формалары



бет2/5
Дата01.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#171264
1   2   3   4   5

«Экономикалық теория негіздері» курсы бойынша СӨЖО өткізу формалары




Тақырып атаулары
СӨЖО өткізу формалары

Экономикалық теорияның пәні мен әдістері.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу.*

Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, мақсаттар бұтағын құру.*

Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау. *

Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару

Сұраныс пен ұсыныс. Бәсеке және монополия.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, мақсаттар бұтағын құру. *

Капитал (қорлар). Ауыспалы айналым мен айналым.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат жазу, жек шолу жасап, топтық жобаларды өңдеу.*

Өндіріс шығындары. Өндіріс факторларынан түсетін табыстар.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, қосымша глоссарий құру. *

Жүйе ретіндегі Ұлттық экономика.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, презентация өткізу, қосымша глоссарий құру. *

Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу.*

Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару

Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, тест реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау. *

Халықаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

* - СӨЖ (СӨЖО) қосымша немесе баламалы формадағы тақырыптар бойынша тыңдаушылардың инициативалық ұсыныстарын пайдалану мүмкіндігі қарастырылған


1 ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.

  2. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.

  3. Берілген тапсырмаларды орындау.

  4. Тестілік сұрақтарға жауап беру.

  5. Тақырып бойынша глоссарий құру.

  6. Экономикалық теорияның дамуында пайда болған ғылыми мектептер (меркантилизм, физиократ, марксизм, бейклассикалық теория, кейнсиандық, институционализм) бойынша академиялық эссе жазу.

  7. Семинар сабақтың сұрақтарын дәстүрлі жүйеде, сондай-ақ презентация ретінде талқылауға болады.


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар

  1. Өз дамуында экономикалық теория қандай кезеңдерден өтті? Әр кезеңге сипаттама беріңіз.

  2. Экономикалық теорияның пәні және атқаратын қызметтері.

  3. Экономикалық заңдар мен категорияларға сипаттама беріңіз.

  4. Экономикалық теорияда ғылыми танудың қандай әдістері қолданылады?


Тапсырмалар:

  1. Көп нүктенің орнына анықтамасына сай сөзді тауып қойыңыз.

А. Экономикалық теория.

Ә. Экономика

Б. Саяси экономия.



  1. .......... пайданы ұлғайту мақсатында фирмаларды басқару, шаруашылық өмірдің экономикалық заңдылықтарын зерттейді.

  2. ........... материалдық игіліктерді тұтыну, бөлу, айырбастау, өндіруде адамдардың қатынастарын зерттейді.

  3. ........... шектелген ресурстарды оптималды пайдалануда материалды және материалдық емес игіліктерді тұтыну, бөлу, айырбастау, өндіруде адамдардың қатынастарын зерттейді.

2. Көрсетілген категорияларды экономикалық теория құрылымы бойынша орналастырыңыз: сұраным, баға, ұсыным, бәсеке, экономикалық өсу, жұмыссыздық, жалақы, еңбектің халықаралық бөлінуі, бағаның жалпы деңгейі, жиынтық сұраным, жиынтық ұсыным, инфляция, протекционизм, либерализация, баға белгілеу.






Экономикалық теория құрылымы

Категориялары

1

Микроэкономика




2

Макроэкономика




3

Әлемдік экономика







  1. Позитивті және нормативті пайымдауларды анықтаңыз.



Пайымдаулар

Сіздің таңдауыңыз: позитивті немес нормативті экономика

1

Инфляция деңгейін төмендету және өндірістің құлдырауын бәсеңдету немесе тоқтату үшін шаралар кешенін ойластыру




2

Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының экономикасы өсу үстінде.




3

Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құру басқа мақсаттармен қатар, халықтың өмірін сапалы деңгейге көтеруге бағытталған



4. Төменде экономикалық ғылым пәніне берілген анықтамалардың авторларын табыңыздар (А. Смит, Д. Рикардо, А.Маршалл).



Анықтамалар

Авторы

«Экономикалық ғылым экономикалық таңдаудың заңдылықтары мен мәселелерін, шаруашылық салада адамның мінез-құлқының оятқыш мотивтерін зерттейді». Оның міндеті – практикалық өмірде адамның мінез – құлқын басқару. Оны «саяси экономиядан» кең мағыналы «экономикс» терминімен алмастырған дұрыс».




«Саяси экономияның негізгі міндеті әр елдің байлығын көбейту». Сауданың түрлі болуы пайдалы ғана емес, сонымен бірге ол қажет.




«Жерден алынатын өнім – бұл капитал, машина, еңбекті біріктіру жолымен алынатынның барлығы, - қоғамның үш табының арасында бөлінеді. Осы бөлуді басқаратын заңдылықтарды анықтау –саяси экономияның бірінші міндеті»





Тестілік сұрақтар:

1. Қай экономикалық мектеп өз талдауының заты ретінде айналым саласын емес, өндіріс процесін қолданды?

а) меркантилизм;

ә) физиократтар;

б) классикалық саяси экономия;

в) маржинализм.

2. Қоғам мен табиғат заңдарының бірлігі неде?

а) объективті сипатта болуы;

ә) адам әрекеттеріне тәуелсіз;

б) адамның экономикалық қызметінде көрінуі;

в) тарихи өтпелі сипатта болуы;

г) мәңгілік болуы.

3. Жалпы экономикалық теорияның толық мәнін ашатын анықтаманы табыңыз:

а) адамның материалдық және рухани қажеттіліктерінің қозғалысы туралы ғылым;

ә) адамның мінез – құлқы мотивациясы туралы ғылым;

б) игіліктерді өндіру және бөлу туралы ғылым;

в) табиғи байлық туралы ғылым;

г) шектелген ресурстар кезінде адам қоғамының дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым.

4. Позитивті экономика:

а) қолда бар ресурстарды анықтау;

ә) дағдарыстан шығу жолдарын табу;

б) ішінара және өзара бір- бірімен байланысты экономикалық процестердің және құбылыстардың мазмұнды жақтарын анықтау;

в) әлеуметтік- экономикалық сұрақтар бойынша шешімдер қабылдау.

5. Нормативті экономика:

а) мәнді анықтау мақсатында құбылыстарды, процестерді, фактілерді зерттеу;

ә) экономикалық процестер мен құбылыстар арасындағы өзара байланысты анықтау;

б) табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты анықтау;

в) нақты әлеуметтік- экономикалық міндеттерді шешуде экономикалық заңдар мен принциптерді қолдану.

6. Ресурстардың сирек болуы:

а) адамдардың қажеттіліктерінің шектеулі болуы;

ә) адамдардың материалдық қажеттіліктерінің шексіз болуы;

б) жер ресурстарының қайта жаңарту мүмкіндігінің болмауы, адамдардың материалдық қажеттіліктерінің шексіз болуы.


Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, әр экономикалық мектеп және бағыттарына көңіл қойып, экономикалық теорияның қызметтерін нақты анықтап алу қажет. Сосын қажеттілік, игілік, қызмет, экономикалық ресурстар сияқты экономикалық түсініктерді, экономикалық теорияда қолданылатын ғылыми танудың әдістерін меңгеру керек.

2 ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

СӨЖ тапсырмалары:

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.



  1. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.

  2. Берілген тапсырмаларды орындау.

  3. Тестілік сұрақтарға жауап беру.

  4. Төмендегідей тақырыптарға рефераттар жазу: «Кәсіпорынның еңбек өнімділігін арттыру жолдары», «Өндіргіш күштерді тиімді орналастыру мәселелері»



Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Еңбек процесінің қарапайым сәттері дегенді қалай түсінесіз?

  2. Қоғамдық еңбек бөлінісі мен халықаралқ еңбек бөлінісі түсініктерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын атаңыздар.

  3. Қазіргі таңда ақпараттық орта бесінші өндіріс факторы ретінде қарастырылуда. Сипаттама беріңіздер.

  4. Сіз фирманың иесісіз. Егер фирмаңызда базистік кезеңмен салыстырғанда ағымдық кезеңде өндіріс тиімділігі төмендесе, қандай шаралар қабылдайсыз? Оны қандай көрсеткіштер арқылы есептеуге болады?



Тестілік сұрақтар:

1. Қоғамдық-экономикалық формацияны не сипаттайды ?

а) материалдық игіліктерді өндіру тәсті;

б) қоғамдық –саяси қондырма;

в) өндірісті қоғамдастыру нысандары;

г) материалдық игіліктерді өндіру тәсілі мен қодырманың өзара байланысы.

2. Өндіріс тәсілі деген не?

а)өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі және өзара әрекеттесуі;

ә)қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне тән экономикалық

б) қоғамдық-экономикалық формация;

в) материалдық және рухани мәдениеттің сатысы.

3. Өндіріс дегеніміз не?

а) қоғамдық-экономикалық формация;

ә)материалдық игіліктерді жасау процесі;

б) ғылыми-техниқалық прогресс нысаны;

в) өркениетті дамудың сатысы

4. Қоғамның,қарапайым өндіргіш күштеріне не жатады ?

а) жоспарлау

ә) өндіріс құралдары мен жұмыс күшінің бірлігі;

ә)өндірісті қоғамдастыру нысандары;

5. Айырбас қатынастары қалай сипатталады ?

а) экономикалық процестерді ұйымдастыру нысаны;

ә)нарықты саралау;

б) адамдар арасындағы тура немесе тауар түрінде көрінетін қатынастар;

в) басқару қатынастары

6. Ұлғайтылған ұдайы өндіріс дегеніміз не ?

а) өндіріс процесін тұрақты ауқымда жанғырту;

ә) өндіріс процесін ұлғайтылған ауқымда жанғырту;

б) ресуртарды азайту кеіндегі өндіріс;

в) өндіріс көлемін қысқарту.

7. Өндірістің экстенсивті формасын не сипаттайды ?

а)өндіріс жаңаруы есебінен даму;

ә) кәсіпорынды жана технология негізінде қайта құру,

б)енбектің өнімдіпігін өзгертпей байырға техника негізінде қосымша енбеқ және табиғи ресурстары мен өндіріс кұралдарын тарту,

в) өндірісті ұйымдастарудың жаңа нысандарын енгізу.
Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, қажеттіліктердің жіктемесі, ресурстардың түрлері, өндірістің мақсаттары мен нәтижелері, ұдайы өндіріс түсініктерін қарастырып, оларға сипаттама беру қажет.


3 ТАҚЫРЫП Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік

СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.



  1. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.

  2. Берілген тапсырмаларды орындау.

  3. Тестілік сұрақтарға жауап беру.

5. Төмендегі тақырыптарға рефераттар дайындау:

«Нарықтық экономикадағы мемлекеттік меншік»

«Қазақстан Республикасындағы меншіктің қазіргі құрылымы»

6. Ұсынылған кейстердің біреуін талқылау.

7. «Дағдарыстық кезеңде ҚР-да шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары» атты тақырыпқа презентация дайындау
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1. «Меншік» категориясы нені білдіреді?

2. Меншік субъектісі, меншік объектісі, меншік құқығы деген не?

3. Меншік формасы деген не? Нарықтық экономикаға меншіктің қандай формалары тән? Олардың мәнін түсіндіріңдер.

4. Мемлекет иелігінен шығару және жекешелендіру деген не?

5. Қазақстандағы меншікті жекешелендіру кезеңдерін сипаттаңдар.

6. Қазақстанда жекешелендірудің қандай әдістері қолданылған?

7. Қазақстан Республикасында қандай кәсіпкерлік түрі басым: жеке немесе мемлекеттік?

8. ҚР қандай мемлекеттік кәсіпорындарды (корпорациялар) білесіздер.
Тапсырмалар:


  1. Келесі анықтамадағы қателікті табыңыз.

Меншік- капитал мен тауарды меншіктену- шеттету бойынша адамдар арасындағы қатынастар.

  1. Суретте ҚР меншік құрылымын қарастырып, құрылымның жетіспейтін элементтерін толтырындар.



жеке

3. Сәби 2-5 жастан бастап бөтен ойыншықты рұқсатсыз алуға болмайтынын біледі. Оны қайдан білуі мүмкін?

а) туа біткен инстинкт

ә) азаматтық және қылмыс құқығы негіздерін білуі;

б) жанұяның мінез-құлық ережелерін түйсінуі.
Тестілік сұрақтар:

1. Келесі айтылғандардың қайсысы дұрыс:

а) қоғамдық таптардың пайда болуы, өндірістің барлық факторларын пайдалану мүмкіндігі меншікке қатысты;

ә) өндірістік күштердің дамуымен өндіріс әдістерін өзгертуге байланысты меншік формалары өзгеріп отырады;

б) әр экономикалық жүйеде меншік формаларын анықтайтын жүйе бар, бірақ ол басқа формалардың дамуына мүмкіндік бермейді.

в) барлық жауап дұрыс.

2. Бәсекелестік күрес негізінде өмір сүруге қабілетті, билеуші формалардың біртіндеп жоюылуына немесе олардың ығыстырылуына алып келетін меншік формасына ауысу, бұл:

а) талдырмалы терапия әдісі;

ә) бір меншік формасынан екінші меншік формасына эволюциялық жолмен өту;

б) бір меншік формасынан екінші меншік формасына революциялық жолмен өту;

в) дұрыс жауап жоқ.

3. Бір адамның екінші адамға қысым көрсету арқылы өндірісті өндіріс құралдарымен біріктіруі:

а) талдырмалы терапия әдісі;

ә) феодалдық және құл иеленушілік меншік түрі;

б) меншіктің капиталистік түрі;

в) қарапайым тауар өндірісі.

4. Меншік субъектісінің меншік объектісін иеленуге, оны өз еркімен пайдалануға және біреуге беруге кепілдеме беретін арнайы құқы бар. Бұл анықтама меншік категориясын төмендегідей сипаттайды:

а) құқық тұрғысынан;

ә) экономика тұрғысынан;

б) меншік формасы тұрғысынан;

в) дұрыс жауап жоқ.

5. Интеллект, ақпарат, мүлік, энергия, табиғат заты түрінде меншік қатынастарының пассивті жағы, бұл:

а) меншік объектісі;

ә) меншік субъектісі;

б) меншік қатынастары;

в) меншік құқықтары.

6. Меншік қатынастарының алғашқы формасы:

а) пайдалану;

ә) иелік ету;

б) билік ету;

в) жауапты болу.

7. Пайдаланушының өз еркі бойынша меншік объектісін пайдалануы, меншік қатынастарының қай түріне жатады?

а) пайдалану;

ә) иелік ету;

б) билік ету;

в) жауапты болу.

8. Меншік объектісін өз еркімен пайдалану, басқа субъектке өткізу мүмкіндігі мен құқығын беретін меншік объектісі мен субъектісі арасындағы қатынастар меншіктің қай түріне жатады?

а) пайдалану;

ә) иелік ету;

б) билік ету;

в) жауапты болу.
Кейс «Жұмысшылардың меншігі арқылы Саратов авиациялық зауытын (САЗ) жекешелендіру»

Берілген кейсті дайындауда «Кәсіпорындарды қайта құру. Ресей әрекеті мен Америка тәжірбиесі» кітабының материалдары қолданылды. Кітапта көрсетілген БУТЭК концерні, МОВЕН зауыты, Казань электромеханикалық зауыты, «Стройполимер», «Вешки», «Красный пролетарий» ресейлік кәсіпорындардың қызметі мен оларды жекешелендіру жайлы мысалдарды оқытушылар өз жұмыстарында кейс ретінде қолдануына болады.

Қорғаныс өнеркәсіптерінің ішінде бірінші рет азаматтық өнімдерді өндіруге бет бұрған САЗ 90 жылдардың басында еңбек ұжымымен жекешелендірілген өндіріс кәсіпорындардың бірі болды. Кейін САЗ жабық акционерлік қоғамы болып, оның жекешелендіру тәжірбиесі, нарықтық экономикаға сәтті өткен компаниялардың бірі ретінде жазылған мақалалар бұхаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

САЗ негізгі өнімдері: ресейлік және шетел тапсырмаларымен шығарылатын ЯК-42, 125 орындық азаматтық ұшақ. Зауыт мамандары еуропалық нарықта бәсекеқабілетті болатын, ЯК-40 ұшағының көлемін кішірейтіп шығару жобасын жасап, өндірісті жаңарту жоспарын ойластырды. САЗ жүк ұшақтарын жаңарту мен жетілдіру жобаларына қатысып, фирмалардың жоғары басшыларына арналған бизнес – орынды ұшақтарын жасау мақсатында израиль компаниясымен біріккен кәсіпорын ашты.

1993 жылы САЗ-да ұшақ жасауда 12000 адам, әр түрлі әлеуметтік қызметтерді қанағаттандыру үшін халықтық тұтыну тауарларын өндіруде, ауылшаруашылық өндірісінде 5000 адам жұмыспен қамтылды. 1994 жылдың жаз айында ҚХР ұшақтарын жасауға жаңа тапсырмаларды қабылдауға байланысты өнім өндіру 30 %- ға кеміді, жұмыспен қамтылғандар саны бұрынға деңгейге түсті.

САЗ басшылығы жекешелендірудің тиімділігін түсініп, 1991 жылдың қаңтар айында КСРО Министрлігінің Кеңесіне 205 млн. рубльге келісілген құны бойынша САЗ меншігін оның еңбек ұжымына беру туралы ұсыныс жасады. Қалдық құны 135 млн. руб. (54%) бағаланған негізгі қор қайтарымсыз негізде берілді. Ал қалған 115 млн. руб. (46 %) алғашқы төлемі1,5 млн.руб. көлемінде 1991 жылдың аяғында қайтарылатын несие ретінде берілді.

Ұжымдық меншікті жұмысшылар арасында бөлуде үлес негізінде жалақы көлемі, өтілі және кәсіби тәжірбиесі есептелді. Несиенің бірінші төлемін өтеу үшін САЗ әр сатып алынған үлеске ұжымдық қордан үлесті қоса отырып, жұмысшылардың жеке үлесін сатты. Куәлікте жұмысшылармен сатып алынған жеке үлестің саны тіркелді.

1991 жылдың аяғында САЗ меншігінің 18 %-ы зауыт жұмысшыларының жеке иелігінде болды, қалғаны еңбек ұжымының жалпы меншігінде болды.

1992 жылы «жауапкершілігі шектелген серіктестік» заңды мәртебесі 1993 жылдың басында жабық акционерлік қоғамға өту үшін уақытша қолданылды. Үлес иегерлері 1992 жылдың қараша айында үлестерді бөлу туралы шешім қабылданғанда, штатта тіркелген жұмысшылар болып саналды. Ең бірінші стратегия зауыттың кәсіпорындық мәртебесін сақтау, сондықтан тек САЗ жұмысшылары ғана меншік иегері болды.

САЗ өз зейнеткерлеріне көмек беру мақсатында, компанияның негізгі өндірістік бөлігінен тұрғын үй капиталын және қызмет көрсету саласын бөліп алып, САЗ филиалы мәртебесімен жаңа компанияға иемденуге берді. Зейнеткерлер оның меншік иегері болуға мүмкіндік алды. 1992 жылы зауыттан зейнеткерлердің меншігін иелік еткені үшін өтемі ретінде филиалға 13,5 млн. руб. бөлінді.

Нәтижесінде САЗ-ының қуаттылығы, өндірістік жалпы құны 180 млн. рубльге қысқарды, оның ішінде 18 % -ы зауыт жұмысшылары арасында таратылды, құны 130 млн. рубльді құрайтын меншіктің жиынтық үлесі бөлінбей қалды. Ол меншік құқына ие жұмысшылар арасында таратылып, олар жеке адамның үлесін (8 мың) сатып алуға мүмкіндік алды. Әр үлестің құны бір рубльге бағаланды. Жұмысшылар өз үлестерін алдағы жалақыдан сатып алып отырды. Сатудың бірінші кезеңнен қалған үлесті, екінші кезеңде сатып алуға болды, бірақ әр үлес екі рубльге бағаланып, әр адам 3000 үлестен артық сатып алмауға шек қойылды. Екінші кезеңде сатылмай қалған үлес үш рубльге (бір үлес) бағаланып, әр адамға 2000 үлестен аспауға шек қойыла отырып, үшінші кезеңге өтіп отырды. Кез келген өзгертулер зауыттың жалпы жиналысында қаралып, дауыс берумен ( бір адам – бір дауыс) шешіліп отырды.

САЗ бас директоры Александр Ермишин зауыт менеджерлерімен жұмыс істеу үшін Стэнфорд университетінің жанынан құрылған қарусыздандыру бойынша халықаралық қауіпсіздік және бақылау орталығынан мамандар тобын шақырды. САЗ басшылары компания құрылымын түбегейлі өзгертіп, тәуелсіз кәсіпорындарды қайтадан зауыт құрамына алып, өзіндік ұйымдық құрылымы бар акционерлік қоғам заңды тұлғасын алуға ұмтылды. Олар компанияның әр бөлім қызметінің нәтижесіне қарай, акциялар бойынша бонустар мен ақшалай төлемдер негізінде, марапаттау жүйесін өңдеу және қаржылық есептер жүйесін орталықтандыруды көздеді.

Үлестермен сауда жасаудың ішкі жүйесі өңделді. Жұмысшылардың қолындағы үлестердің бағасы оған деген сұраныс пен ұсыныс негізінде белгіленді. Жұмыстан босаған жұмысшылар өз үлестерін ішкі нарықта үш айдың ішінде сатуы тиіс болды. Егер үш айдың ішінде сатылмаса, онда компания оны номиналдық бағасымен өзіне қайтадан сатып алуына құқылы немесе жұмысшының өзінде қалуына рұқсат беріп отырды.

Еңбек ұжымының жалпы жиналысының өкілдері бір адам 30 адамның мүддесін қозғайтын зауыттың 500 жұмысшыларынан құралды. Дауыс беруде «бір адам – бір дауыс» принципі «бір үлес –бір дауыс» принципіне ауысты. САЗ 1600 жабдықтаушылармен тығыз байланыста болғандықтан, олардың негізгілерімен нарықтық қатынастар орнатып, уақытында жабдықтау процестерін жүзеге асырғандары үшін марапаттау жүйесі қолданды. Тұрғын үй бағдарламасы бір жанұялық үйлер салу құрылысына бағытталды.

Ресей экономикасының дамуына кедергі жасайтын макроэкономикалық проблемаларға қосымша кәсіпорын деңгейінде шешілмеген проблемалар бар: шағын кәсіпорындар басшыларымен қақтығыста болу, жеке орталықтарды тиімді қаржылық басқару үшін компьютерлендірудің жеткіліксіз болуы, Ресей нарығына батыс компанияларының енуі.

Қолайсыз экономикалық жағдайларда жұмысшылардың меншігі табысқа жетуге кепіл бола алмайды. Бірақ, кәсіпорынның табысқа жету үшін оның белгілі экономикалық үлесін жұмысшыларға беру, Ресейде еркін рыноктық экономиканы жасауда маңызды болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет