ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПӘН СИЛЛАБУСЫ
1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы Инклюзивті мәдениетті қалыптастыру негіздері және бейімделген инклюзивті білім беру ортаны құру
Кредит саны(ECTS 6)
Курс, семестр____4 курс 4 жылдық
Білім бағдарламасының атауы және шифры5В010500- Дефектология
Институт Педагогика және психологии
Бөлім Арнайы педагогика
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі,ғылыми атағы,қызметі п.ғ.к., аға оқытушысы Байтұрсынова А.А.
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) моб: 87017888124 e-mail: aigul.baitursynova.72@gmail.com
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)*
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2) 0,6 + емт 0,4
3. Пәннің қысқаша мазмұны.
Пәннің мақсаты инклюзивті мәдениетті қалыптастыру және инклюзивті практиканы дамыту бойынша болашақ арнайы педагогтердің тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру негізінде кез келген білім беру ұйымында әрбір балаға сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге үйрету.
Пәннің негізгі міндеттері білім алушыларда оқыту нәтижелерін (РО) ББ(ОП) бойынша пәндік құзыреттіліктермен қатар қалыптастыру болып табылады:
инклюзивті ортада білім беру процесін ұйымдастыру бойынша мектеп әкімшілігінің халықаралық және қазақстандық жұмыс тәжірибесін талдау
жалпы білім беру процесіне білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларды теориялық-әдіснамалық негіздерін, ұйымдастырушылық-педагогикалық және психологиялық негіздерін зерделеу
кәсіби қызметінің этикалық негіздері және инклюзивті құзыреттілігі туралы теориялық білімді қалыптастыру
инклюзивті білім беру мәселелері бойынша елдің барлық өңірлеріндегі мектептердегі талдау, инклюзивті ортада білім беру процесін ұйымдастыру бойынша нормативтік құжаттармен жұмыс жасауға икемдеу;
білім алушылардың білім алуда ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға жеке, толерантты қарым-қатынасының философиялық-дүниетанымдық негіздерін қалыптастыру және қоғамның дамуында ауытқулары бар тұлғаларға жағымсыз стереотиптік көзқарас пен қабылдаудың алдын алу.
Достарыңызбен бөлісу: |