Пән: «Терапия және неврологиядағы мейргер ісі » Тақырыбы: Жедел есекжем, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.
Орындаған: Нургазинова Н.М
Семей 2021ж.
Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі ШЖҚ КМК
Жоспар:
Студент білу керек: Жедел есекжем, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок анықтамасы, жіктелуі, этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, асқынуы, нәтижесі, емі. Жедел көмекті ұйымдастыру.
ЕСЕКЖЕМ
Теріде (сілемейлі қабықтарда сирек) шектелген эритемалы немесе әртүрлі мөлшер мен нысандағы, ақ, қышитын, күлдіреуікті, кеткеннен кейін өзінің орнында қышитын із қалдырмайтын бөртпелердің (күлдіреуіктердің) пайда болуымен сипатталатын тері ауруы. Есекжем кезінде ангионевротикалық ісіну болуы мүмкін.
Тін зақымдалуының реагиндік түрі даму негізінде биологиялық активті заттардың дереу шығарылуы болып табылады, олар гистамин, серотонин, нейтрофильдік немесе эозинофилдік хемотаксис факторы. БАЗ әсері тегіс салалы бұлшықеттерді жиырылтады, посткапиллярлық сфинктерді тарылтады немесе прекапиллярлық сфинктерді кеңейтеді.
Тін зақымдалуының реагиндік түрі даму негізінде биологиялық активті заттардың дереу шығарылуы болып табылады, олар гистамин, серотонин, нейтрофильдік немесе эозинофилдік хемотаксис факторы. БАЗ әсері тегіс салалы бұлшықеттерді жиырылтады, посткапиллярлық сфинктерді тарылтады немесе прекапиллярлық сфинктерді кеңейтеді.
Содан соң қан тамырлар өткізгіштігі жоғарылайды, интерстициальді ісіну және қабыну дамиды. Бірінші түскен аллергенге тыныс жолы, ішек, тері қарсы жауап қайтарады. Тін зақымдалуының реагинді түріне: анафилактикалық шок, Квинке ісінуі, есекжем, жәндіктік аллергия, поллиноз, бронх демікпесі жатады.
Есекжем кезінде көп мөлшерде жедел пайда болатын тері бетінде шығып тұратын көпіршік тәрізді бөртпелер пайда болады. Олар әдетте симметриялы орналасып, түсі қызыл, ашық қызыл, ақ болуы мүмкін. Ол көпіршіктердің пішіні әр түрлі және көлемдері де майда болады.
Тым үлкен көлемді жерлер көпіршіктердің қосылып кетуінен болады.
Көпіршікті бөртпелердің шекаралары жақсы көрінеді. Консистенциясы тығыз және жедел қышыма күйік тәрізді сезім береді.