Аллергия —



бет1/5
Дата13.03.2024
өлшемі0.54 Mb.
#495405
  1   2   3   4   5
,аллергиялық аурулары бар науқастарды тексеру әдістері.Аллергиялық аурулар жүйе


Аллергия — (көне грекше: ἄλλος— басқаша, ergon — әрекет, жауап) — организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиаторлары К.Пирке мен Б.Шик енгізген. Аллергия туралы деректер көне заманнан белгілі. Гален (2 ғасыр) раушан гүлінен адам мұрынының бітіп қалатыны туралы жазған. Аллергияны туындататын заттарды аллергендер дейді. Аллергендер организмге сырттан түсетін (экзогендік) және организмнің өзінде өндірілетін (эндогендік) болып ажыратылады. Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар, кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер (новокаин, пенициллин, витаминдер т.б.), микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдер жатады. Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда әртүрлі микробтардың, вирустардың, суық немесе ыстық температуралардың, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерлерінен организімнің өзінде пайда болады. Аллерген организмге алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, оның сол аллергенге сезімталдығын көтереді. Кейін бұл аллергеннің қайталап түсуі салдарынан аллергиялық ауру пайда болады. Аллергияның кең тараған түрлеріне: бронхиалдық демікпе, есекжем, Кванке ісінуі, поллиноздар (грекше pollen — шөп тозаңдарынан дамитын ауру) және анафилаксиялық шок жатады. Аллергиямен ауырған адам аллерголог-дәрігердің бақылауында болуы керек.

Аллергия – (грек. аllos – басқаша, ergon – іс, әрекет) бөтен текті заттарға, өз тіндерінің бүліністері- мен көрінетін, организмнің өзгер- ген, бұрмаланған түрде жауап қай- таруы.
Аллергия туындататын заттарды аллергендер дейді. Аллерген болып толық және шала антигендер есептеледі.
Толық антиген –, бөтен текті ақпараты бар, организмге енгенде иммундық серпілістер туындататын заттар. Шала антиген - организмге түс- кенде тін нәруыздарымен байла- нысып, меншік тінді бөтен текті антигендерге айналдыратын қарапайым химиялық заттар. Оларды гаптендер дейді.
Аллергия
- деп иммунологиялық реактивтіліктің өзгеруіне байланысты, ағзаның әр түрлі заттарға жоғары сезімталдығын айтады. Алғаш рет бұл терминді австриялық ғалым Пирке (Von Pirquet, 1906) антигендік ынталандыруға адамның өзгерген реактивтілігін белгілеу үшін ұсынған болатын.
Аллергия кезінде ағзаның жоғарғы сезімталдығы арнайы болады, яғни ол тек сенсибилизация қалпын тудырған антигенге ғана қатысты көрінеді. Аллергенмен қайта кездескенде байқалатын жоғары сезімталдықтың клиникалық көрінісін 
аллергиялық серпілістердеп аталады. Аллергиялық серпілістерді тудыратын антигендерді 
аллергендер деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет