Пәні: «Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі»
1. Сабақтың тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды жабайы аңдар және үй жануарларымен таныстыру.
2. Сабақтың типі аралас
3. Сабақтың көрнекілігі: тірек- кестелер, слайд, плакаттар.
4. Сабақтың мақсаты:
а) Білімдік міндет Студенттерге мектеп жасына дейінгі балаларға жабайы аңдар мен үй жануарларын таныстыру түрлерімен, әдістерін үйрету.
б) Тәрбиелік міндет Зейінділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
в) Дамытушылық міндетСөйлеу тілдерін дамыту, шығармашылықпен айналысуға ықпал жасау.
5. Күтілетін нәтиже :
а) Оқушылар түсінуі тиіс : студентер тақырыпты ашуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігін түсінуі тиіс..
б) Оқушылар білуі тиіс : Студенттер балалардың жас еркешеліктеріне қарай тақырыптарды іріктеуді және тақырып бойынша сұрақтарды дұрыс құруды білулері тиіс.
в) Оқушылар жасай білуі тиіс Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай көрнекі-құралдарды және технологиялық карталарды жасай біледі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгендеу, 4гүлдер түсіне қарай 4 топқа бөлінеді)
Құрметті оқушылар, бүгін біз өткен сабақты қайталап, жаңа сабақтың мазмұнын ашып, топпен жұмыс жасаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын 9 тор көзден тұратын кесте арқылы сұраймын. Әр тор көзде өткен тақырыптар бойынша сұрақтар бар. Әр топ 1 тор көзді тандайдыда, сұраққа жауап береді. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан).
Достарыңызбен бөлісу: |