ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы


-тақырып Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романы



бет3/4
Дата10.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#126249
1   2   3   4

7-тақырып Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романы

Жоспар

  1. Романның жазылу тарихы

  2. «Шығанақ» романы

Жазушы романның арнайы тапсырмамен жазылғанын айтады.1941 жылы Ленинградты қорғаушыларға арналған азық-түлік эшелонын апарып тапсырушылардың ішінде С.Мұқанов болады. Ақтөбеде бұларға Шығанақ Берсиев қосылады. Екі айға созылған бұл сапарда С.Мұқанов Шығанақты әкесіндей жақсы көріп кетеді. Шығанақпен С.Мұқанов екінші рет Москва ауруханасында кездеседі. Сонда Ш.Берсиев жазушыға мынадай өтініш айтады: «Бірнеше жыл бағып өсірген шаруам бар еді, сол шаруа халықтың есінде сақталу үшін сипатталып жазылғаны мақұл болар еді. Осыны ұйымдастыруыңызды өтінем».

С.Мұқанов Москвадан Алматыға келгеннен кейін шығанақтың диқаншылық өмірі жайлы шығарма жазуды Ғ.Мұстафиннен өтінеді. Жазушы Шығанақты көре алмай қалады. Романға материал іздеп Ойылға барады. Жазушы атақты диқаншының шәкірттерімен, туыстарымен сөйлесіп, дән еккен алқаптарды аралайды.

«Шығанақ» романында екі жүйе бар. Оның бірі – колхоздан қашқан Олжабектің басынан өткен оқиғалар. Екіншісі Шығанақтың диқаншылық еңбектерімен сабақтасады. Шығанақ – романдағы басты тұлға. Жер жүзіне аты әйгілі тарихи адам. Тары өнімінен дүниежүзілік рекорд жасап, әлемді таң қалдырған. Романда Шығанақтың үй ішін қағыс қалдырмай, бар мәзірмен суреттеген. Обкомның секретары үйіне қонақ боп келгенде Шығанақтың екі әйелі бар екенін аңғарып қалады. М.Хасеновтің пікірінше, осы ескіліктің сарқыншағы жазушы тарапынан сынға ұшырамаған. Қайта бәйбіше, тоқалдың әзілдері жарасып, бірі үйде, бірі жұмыс басында жүреді.
8-тақырып Ғ.Орманов шығармашылығы

Жоспар:

1. Шығармашылық өмірбаяны

2. Өлеңдеріндегі лирикалық қаһарман ерекшелігі

Өмірі мен шығармашылығының басты кезеңдерінен мәлімет.

Ақынның творчестволық сапары қысқа лирикалық өлеңдер жазудан басталған. Жаңарған ауыл, өзгерген дала, туған жер, адамдардың ойы мен арманы, олардың жаңа қарым-қатынастары Ғали шығармаларының негізгі тақырыбы болуы.

1927—28 жвлдары жазылған «Қора», «Дихамбай», «Мойын Серік» сияқты өлеңдерінде жаңарған өмірді, кедей шаруалардың жер бөлісіп, ұйымдасып, серіктесіп еңбек етуін суреттеуі. Ғали атын жұртшылыққа молынан танытқан «Шеңбер» атты өлеңі.қысқа сюжетке құрылып, көркем жазылған «Алғашқы адым», «Жолда», «Кітап»,т.б. өлеңдері, олардағы лиризм.

1930 жылдардан бастап эпикалық жанрда да еңбектенуі. Жаңарған ауылдың өткендегі ауыр халі мен бүгінгі тұрмысын көрсету ниетімен «Шәуілдір» атты ұзақ поэма жазуы. Оның кемшіліктері, өмір құбылыстарын таңдап, талғауы мен жинақтауындағы творчестволық белсенділіктің жетіспеушілігі. Челюскиншілердің ерлік сапарына арналып жазылған «Алынған қамал» поэмасы. Бірсыпыра өлеңдерінде ерлікті, батырлықты мадақтап, майдан уақытындағы тылдағы еңбекті көрсетсе («Батыр ініме», «Мәлік», «Жар жалауы», т.б.), ал «Ана әңгімесі» деген ұзақ өлеңінде ақын жас баланың ақыл-ойына сыйымды етіп ертегі мен әңгіме үлгісінде неміс фашистерінің басқыншылық әрекетін әшкереледі.

Соғыстан кейін еңбек тақырыбын жырлауы («Днепр оттары», «Қорада», «Батпақ дала дастаны», «Егін - толқын»). Халықтар достығы мен бейбітшілік тақырыбына көптеген өлеңдерін арнауы («Доллар тағдыры», «Достық жыры», «Асқанға тосқын»).

Ғ.Ормановтың очерк, әңгімелері («Қаратаудың Қамбары»), «Жол», «Механик ойы», «Жүрек», «Алыстағы ауылда». Аудармалар: Л.Толстойдың «Анна Каренина», М.Бубенцовтың «Аққайың» романдарын , Н.В.Гогольдің «Нева проспектісі» повесін тәржімәлауы.

Ғ.Орманов стилi, оның суреткер ақын екенi, cөз мағынасын кеңейтiп, оған көп мән сыйғызуы т.б. оның «Қараймын да асы­ғам» (1928ж.) өлеңiнен де танылады:

Тепкiшегiм тепеңдеп,

Жетi күндей жол тарттым.

Әттең қашан жетем деп,

Алматыға құмарттым...

Сараң басып сары тайым,

Сабылды бой алдырып.

Жол бойында жантайып,

Жаттым талай шалдырып.

Cағыныштай сарғайып,

Сары белден таң атты.

Cахарада шалқайып,

Сарғая бiр жол жатты.

Көкжиекке қосылған

Қара жолдың ұшына,

Қарай-қарай асығам,

Қанатым жоқ ұшуға .

Қанша күндер жол жүрсек,

Қажытпады ол бiрақ,

Қарсы алдымнан келешек,

Қара үзбедi қол бұлғап!

Ең бiрiншi, Ғ.Ормановтың лирикалық қаhарманында ақын стилiне тән сабырлылық басым. Бiрер сағат та, бiрер тәулiк те емес, жетi күндей жол тартуы: «жол бойында» «жантайып» талай ат шалдырып жатуы, соған көндiгуi,– бәрi лирикалық қаhарманның шыдамдылығын, байсалдылығын дәлелдейдi. Тiптi, лирикалық қаhарманның қалаға жетуге етпеттеуi тiкелей мәлiмделгенде де, онда әйтеуiр алып-ұшу жоқ, қайта салмақты балаға тән қалыпты мазасыздануы шаң бередi. Сондықтан да ол «қарай-қарай» асықса да, жолдың қажытпағанын, келешектiң «қол бұлғап» қара үзбеуiн баяндайды.

Екiншiден, өлеңде әciрелеу, шарттылық байқалмайды. Оның есесiне қатардағы адам ерекшелiгiн ескеру, әдеттегi пенде мүмкiндiгiн басшылыққа алу жүзеге асқан. Мәселен, лирикалық қаhарман көлiгi ерекше жүйрiк ат, тұлпар емес, жүрici шабан сары тай ғана. Осы орайда С. Сейфуллин қаhарманының үнемi дерлiк жүйрiк ат, не тұлпар мiнуi тегiн еместiгiн: ол айрықша жағдайдағы озық қаhарман әрекетiн тұлғалантып бейнелеу мiндетiне, демек ақын стилiне, орайлас алынғанын еске сал­ғымыз келедi. Сары тайдың сараң басуына, «бой алдырып» сабылуына лирикалық қаhарманның төзуiмен қатар жолдың да ұзаққа созылып, «шалқая», «сарғая» жатуы да әдеттегi адам мүмкiндiгiн, сол аяңнан аса алмайтынын ескеруден туған. Бұл тұста ақынның қатардағы адамды нақыштауы тегiн еместiгiне, өмiрдi кең қамтып, шындық қиындықтарына жiтi үңiлтiп, оны шынайы да табиғи қалпында алу мiндетiне бағындырылғанына назар аударғымыз келедi.

Үшiншiден, бiрер деталь, аз сөз көмегiмен автордың айқын сурет салу шеберлiгiне көз жеткiземiз. Ақын бұл туындысында да белгiлi бiр құбылыс, әрекеттiң ең мәндi сипатын сұрыптап, аз бояумен нақты кескiндей бiледi. Ат үстiндегi бала әрекетi iшiнен тепкiшегi тепеңдеуi ғана бөлiнiп алынып, одан әрi жол бойында жантаюы ғана көрiнic бередi. «Сахарада шалқайып» «сарғая» жатуынан және «қара жолдың» ұшының көкжиекке қосылуынан жол шалғайлығы ашылады.

Төртiншiден, бұл туынды– ақынның шығарма сюжетi мен композициясын шебер өре бiлуiн дәлелдейтiн шығарма. Алдымен лирикалық қаhарманның тепкiшегi тепеңдеп, жетi күндей жол тартуы жарияланса, соған iлесе Алматыға баруға ұмтылуы баяндалады. Cөйтiп, алғашқы шумақ iлгерiлеу мүмкiндiгi баяу болса да («тепеңдеу»– ат жүрiciндегi сылбырлықты, кiдiрic cи­патын дәлелдейдi), калаға тез жетуге құмартуды дабыралауға арналса, екiншi шумақта сол ниетке деген тосқауыл көрсетiлiп, жол шырғалаңы, соған лирикалық қаhарман шыдауы нақты өрнектелген. Демек алғашқы екi шумақта бiресе алып ұшқан тiлек пен соған деген бөгет алма-кезектесiп берiлiп, мұның бәрi жол қашықтығын шегелеуге лайықталса, осы әдic әрi қарай жалғастырылады. Үшiншiде «сарғайып таң» атуын (демек


уақыт созылуын), «шалқайып» жол жатуын (демек соншалық жырақ екенiн) өрнектеу де алдынғы көрiнicтердi өрiстетiп, жол ұзақтығын аша түссе, төртiншi, бесiншi шумақтарда сапар ұласуы тұсында лирикалық қаhарман асығуы әрi қарай өрiстетiлiп берiлген. Cөйтiп, белгiлi бiр сезiмнiң де, оралғының да аз да болса даму үстiнде кестеленуi, олардың белгiлi бiр рет­пен алма-кезектесiп өрiлуi,– бәрi Ғ.Ормановтың өлең сюжетi мен композиясын құру шеберлiгiн дәлелдейдi.
9-тақырып Қ.Аманжолов

Жоспар:

1. «Байкал», «Бурабай толқындары», «Үстімде сұр шинелім», «Дариға, сол қыз» өлеңдері

Қ.Аманжолов қаhарманы белгілі бір іcті шапшаң атқаруға, шығандаған құштарлық таны­-
туға, өз сезімін жай сездіруді місе тұтпай, дабыралап жарлауға бейім тұруымен ерекшеленеді.

Ақынның 1943 жылғы «Байқал» балладасы да– осы тұжы­рымның айғағы:

«Байқал», «Байқал»– дегенге,

Тұрдым атып орнымнан,

Ұйқылы– ояу денемде

Толқи ақты ыстық қан.

Қызыл вагон есігін

Айқара ашып тастадық...

Соқты самал есіліп,

Ақты бұлақ тас жарып.

Торғын тұман жамылып,

Байқал жатты көсіліп,

Таң сәріден сабылып,

Жәрмеңкеге жосылып;

Кернейлеткен көп өзен

Жатты құйып тұс– тұстан.

Ерте оянған таң жеңгең

Тұрды қарап шығыстан.

Көріп отырғанымыздай, лирикалық қаhарманның орнынан тұруының өзінде (атып тұруы) шапшаңдық, шұғылдық бар. Осы ширақтықты лирикалық қаhарман денесіндегі «ыстық» қанның (әйтеуір бір қан емес) «толқи» ағуы (жай, әншейін ағу емес) да өрбіте түседі. Келер жолдарға үңілсек, «тас жарып» (ағаш жару­ды еске алсаңыз да, тасты бұзу оңай емес) бұлақ ағуы алдында ғана өрілген лирикалық қаhарманның вагон есігін «айқара» (жай, жартылай емес) ашуымен сәтті үндеседі. Бұл өзгешелікті көп өзеннің «жосылып» кернейлетуі де одан әрі тұлғалантуға бастайды. Осындай ерен алапат сипатқа ие болған лирикалық қаhарманның бұдан кейінгі өрелі әрекеттері де нанымды:

Шымылдықтай төгілген

Араладым орманын,

Аспанменен егескен

Бастым зәулім шыңдарын,

Күркіреп көкте кеңескен

Бұлттың cөзін тыңдадым.

Өр толқынмен ойнадым,

Қақтым ұшқан құстарын,

Шолп-шолп еткен шортанын

Шоқтығынан ұстадым:

Жаттым бір кез құмартып,

Салқын самал сайында,

Би билеттім бұралтып,

Ақ балтырлы қайыңға.

Үңіле зерделесек, мұндағы «шымылдықтай» теңеуінен ағаш­-


тардың соншалық жиілігін (шымылдық ар жағындағыны көре алмаймыз), яғни көп екенін байқасақ, «төгілген» сөзінде біртүрлі ұзындық, молдық салтанаты бар. Орманның осындай асқақ көрініcін шың биіктігі) аспанменен егессе, оның қаншалық шырқағаны белгілі) әрлендіре түседі. Табиғаттағы науандық, зәулімдікке сай алынған лирикалық қаhарман әрекетінің кесек­тігі де тәнті етеді. Ол, біріншіден, соншалық заңғарға шықса, екіншіден, соны емін-еркін басып жүр, тіпті, бір шыңнан екін­-
шіге бірден аяқ салғандай (демек қаншалық алып аяқ) әсер қалдырады («Бастым зәулім шыңдарын»). Одан әрі берілген: «Күркіреп көкте кеңескен // Бұлттың cөзін» тыңдау да, «өр толқынмен» ойнап, ұшқан құстарды қағу (қалықтаған құсқа қол жеткізу оңай ма), «шолп-шолп еткен» шортанды шоқтығынан ұстау да,– бәрі лирикалық қаhарман мықтылығын, ептілігін дәлелдей түcеді. Міне, осыншалық қарыштаудан кейін барып жылжып қозғалуы мүмкін емес, бір орында өcіп тұрған «ақ балтырлы» (балтырдың адамда ғана болатыны, «ақ» сөзімен септескенде, ерекше шырайлы көрінетіні өз алдына) қайыңға
жан бітіргені сондай, жай жүргізіп қана қоймай, оны «бұралтып» би билетуі де нанымды. Cол ғажаптан кейін дерексіз ұғым қиялдың жан иесіне айналғаны соншалық, оның қанаты болуы, басты cүйеніші қанатты тасқа соғуы да ешкімді таңдандырмай­ды. Міне, бұл көріністердің бәрі ауқымдаса, қаулай келе Қасым Аманжолов қаhарманының басқа ешкімге ұқсамайтын өзіндік бітімін негіздейді.

7 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Соғыс кезіндегі поэзия

Жоспар

1. Соғыс кезіндегі ақындардың шығармалары

2. Баубек Бұлқышев шығармалары

3. Ж.Сайнның «Есімде Айдар өзені», «Ұрыстан кейін», «Днепрге қарады» өлеңдері

4. М.Ғабдуллиннің «Менің майдандас достарым» очерктері, «Алтын жұлдыз» кітабы

Тапсырмалар:


  1. Ақындардың соғыс тақырыбындағы өлеңдеріне талдау жасау

  2. Бұлқышевтің «Шығыс ұлына хат, «Жауыздық пен махаббат», «Мен өмір сүргім келеді», «Өмір мен өлім туралы», «Тыңда, Кавказ» очерктеріндегі ерлік пен жауынгер арманы

  3. Ж.Сайнның «Есімде Айдар өзені», «Ұрыстан кейін», «Днепрге қарады» өлеңдеріне талдау жасау.

  4. Жұмағали Сайн ақындығы туралы зерттеулерге щолу жасау (конспект)

  5. М.Ғабдуллиннің «Менің майдандас достарым» очерктерін оқып, талдау жасау

  6. М.Ғабдуллиннің «Алтын жұлдыз» кітабындағы Бауыржан Момышұлы туралы әңгімелерді оқып, Бауыржан бейнесіне тоқталыңдар.


Әдебиет:

1 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998

2 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2002



2-тақырып Ж.Жабаев

Жоспар:

1. «Ленинградтық өренім», т.б. өлеңдері

2. Құлмамбетпен айтысы

Тапсырмалар:

1. Жамбылдың ақындық өнері мен шығармашылығы. «Ленинградтық өрендерім», «Москваға», «Алынбас қамал», т.б. өлеңдерінің идеялық, көркемдік мәні.



3-тақырып Иса Байзақов

Жоспар:

1. «Құралай сұлу» поэмасы

2. «Ақбөпе» поэмасы

Тапсырмалар:

1. «Құралай сұлу» (1925) поэмасы. Поэма сюжетінің ауыз әдебиеті үлгісінде құрылғандығы. Ел қорғау, отаншылдық идеясын көтеруі. Жастар махаббаты. Құралай мен Келден бейнелері. Поэманың көркемдігі.

2. «Ақбөпе»(1941) поэмасы. Поэмадағы тартыстың Ақбөпе мен Әміржан сезімдеріне құрылуы. Поэмадағы Ақажан, Әбіш, Құдияр образдары арқылы таптық қарама-қайшылықтың ашылуы. Оларға қарсы тұрған Ақбөпе, Әмірхан сияқты жасьар бейнелері.Поэманың қазақ поэзиясынан елеулі орын алатыны және көркемдік ерекшеліктері, тілдік өрнектері.Иса Байзақов поэзиясындағы фольклорлық сарындар.
4-тақырып. М.Әуезов шығармалары

Жоспар


  1. «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат», «Сөніп-жану», «Көксерек», «Кінәмшіл бойжеткен», «Жетім» әңгімелері

  2. «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қилы заман» повестері

  3. «Еңлік-Кебек», «Түнгі сарын» драмалары

  4. «Абай романы» туралы пікірлер

  5. «Абай» романындағы Құнанбай, Абай бейнелері

  6. Романдағы жазушының сөз қолданысы

Тапсырмалар:

1 «Көксерек», «Қорғансыздың күні», «Кінәмшіл бойжеткен», «Оқыған азамат», «Сөніп-жану», «Жетім», «Ескілік көлеңкесінде» әңгімелерінің кейіпкерлері, көркемдік детальдар, жазушылық шеберлік.

2. Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесіндегі Бақтығұл, Тектіғұл,Жарасбай бейнелері. Толстой стиліне тән психологизмнің кейбір әсерлері.

«Қилы заман» (1928) повесі. Повестің ел басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесінің тұсында оқылуға тыйым салынуы. Жетісу өңіріндегі 1916 жылғы көтерілістің суреттелуі. Ұзақ, Жәмеңке, Серікбай сияқты халық өкілдерінің образдары. Рахымбай, Түнғатар, Ақжелке тәрізді ұнамсыз типтер. Повестің баяндау жүйесінің ерекшеліктері. Портрет пен пейзаж. Адам характерін жасаудағы диалогтың мәні.

3. «Еңлік-Кебек»(1917).Еңлік, Кебек, Есен, Жапал бейнелерінің жасалу тәсілдері. Билер айтысындағы шешендік.Қараменде бидің сөздері.

«Түнгі сарын»(1934) пьесасында 1916 жылғы көтерілістің көркем бейнеленуі. Драмалық шиеленіске толы тартыс таңбасы. Жантас,Тәнеке,Жүзтайлақ , Кәрім образдары.

4. Ғ.Мүсіреповтің «Абай» романы туралы атты мақаласын оқыңдар («Суреткер парызы» кітабында)

5. «Абай» романындағы Құнанбай бейнесін ашатын мысалдар келтіріңдер

6. Абай бейнесіне мысалдар келтіріңдер

7. Романдағы жазушының сөз қолданысындағы шеберлікке мысалдар келтіріңдер



5-тақырып С.Мұқанов

Жоспар:

1. «Балуан Шолақ» повесі

2. «Аққан жұлдыз» романы

Тапсырмалар:

1. «Балуан Шолақ» повесіндегі Балуан Шолақ бейнесін ашыңдар. Шығарма көркемдігіне мысал келтіріңдер.

2. «Аққан жұлдыз» романындағы Шоқан бейнесіне тоқталыңдар.
6-тақырып Ғ.Мүсірепов шығармалары

Жоспар


  1. «Ер ана» әңгімесі

  2. «Ақлима» әңгімесі

  3. «Сөз жоқ, соның іздері» әңгімесі

  4. «Қазақ солдаты» романы

  5. «Оянған өлке» романы

  6. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясы

Тапсырмалар:

  1. «Ер ана» әңгімесіндегі Наталья бейнесін ашыңдар

  2. «Ер ана» әңгімесіндегі детальдарға көңіл бөліңдер

3. «Ақлима» әңгімесіндегі Ақлима бейнесіне тоқталыңдар.

4. «Сөз жоқ, соның іздері» әңгімесіндегі «із» сөздерінің қолданылу ерекшеліктері. Шамның шақырайып жануы нені білдіреді. Айдарбектің көзінің «үшбұрыштанып кетуі» нені білдіреді?

5. «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош бейнесі.

6. «Оянған өлке» романындағы Игілік, Жұман бейнелері

7. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясындағы Қарабай, Қозы, Баян, Қодар, Жантық бейнелері
Әдебиет:

1 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998

2 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2002


7-тақырып. Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романы

Жоспар

  1. Романның жазылу тарихы

  2. Романдағы Шығанақ, Олжабек бейнелері

  3. Романның көркемдік ерекшеліктері

Тапсырмалар:

  1. Романдағы Шығанақ бейнесін ашатын үзінділер келтіріңдер.

  2. Роман туралы ғалымдар пікірлерін келтіріңдер

  1. Романның көркемдік ерекшеліктеріне мысалдар келтіріңдер, романға бүгінгі көзқарас


Әдебиет:

1 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998

2 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2002


8-тақырып. Ғ.Орманов өлеңдері

Жоспар:

1. «Қараймын да асығам», «Жасыл көл», «Жол аузында» өлеңдері



Тапсырма

1. Қ.П.Жүсіптің «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» монографиясы бойынша Ғ.Орманов өлеңдерін талдау


Әдебиет:

1 Жүсіп Қ.П. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Павлодар, 2011
9-тақырып Қ.Аманжолов өлеңдері

Жоспар:

1. «Байкал», «Бурабай толқындары», «Үстімде сұр шинелім», «Дариға, сол қыз» өлеңдері



Тапсырмалар:

1. Қ.П.Жүсіптің «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» монографиясы бойынша Қ.Аманжолов өлеңдерін талдау

Әдебиет:

1 Жүсіп Қ.П. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Павлодар, 2011

8 СӨЖ тапсырмалары

Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар

  1. А.Бектің «Волокаламск тас жолы» повесі

  2. Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі

  3. Бауыржан Момышұлы туралы «Легендарный батыр» кітабы

  4. Қ.Қайсеновтің «Партизан соқпағы» кітабы

  5. Тайыр Жароков шығармалары. «Тасқын» поэмасы

  6. Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясы



9 Реферат тақырыптары.

  1. Соғыс кезіндегі қазақ поэзиясы

  2. Ж.Сайн поэзиясы

  3. М.Ғабдуллиннің очерктері

  4. Б.Момышұлы туралы естеліктер

  5. Соғыс кезіндегі драматургия


10 СОӨЖ кеңестерінің кестесі



Сабақ түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс бойынша кеңестер







10.00

11.00











2.

Тәжірибелік сабақтар бойынша кеңестер










11.00

12.00








3.

СӨЖ бойынша кеңестер




11.00

12.00








10.00

11.00





4.

Реферат бойынша кеңестер



















5.

Тест сұрақтары бойынша кеңестер













11.00

12.00





11 Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырманың мазмұны, мақсаты, тақырыбы

Қолданылатын әдебиет

Орындалу ұзақтығы

Бақылау түрі

Бақылауды тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Соғыс кезіндегі қазақ поэзиясы





3 апта

Реферат-ты қорғау

3- апта

2

Тезис

М.Ғабдуллиннің очерктері





2 апта

Тезисті конспектілеп, қорғау

4- апта


3

Конспект

(күрделі түрі)



Ж.Сайн шығармашылығы







Күрделі конспект жазу

5-7 апта

4

Межелік бақылау

1,2 Модуль







Тест

8- апта

5

Картотека

теру


«Абай жолындағы» сөз қолданыстары




14 апта

Картотекаға мысалдар жазып, қорғау

14-15 апта

6

Баяндама

Б.Момышұлы туралы естеліктер




2 апта

Қорғау

10-14-апта

7

Межелік бақылау

3,4 Модуль







коллоквиум

15- апта



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет