ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы



Дата10.06.2016
өлшемі278.18 Kb.
#126686

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37





Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы
5В020500 - «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған «Түркі халықтарының әдебиетінің тарихы»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар




Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ГП факультетінің деканы _______ Ж.Т.Сарбалаев «27» қараша 2013 жыл
















Құрастырушы: аға оқытушы Г.А.Жұмабекова

Қазақ филологиясы кафедрасы


5В020500 - «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған «Түркі халықтарының әдебиетінің тарихы»


пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 2013 ж. «_____» _________ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2013 ж. «26» қараша №7 хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________Жүсіпов Н.Қ. 2013 ж. «26» қараша

(қолы) (аты-жөні)

Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2013 ж. «27» қараша №4 хаттама
ОӘК төрағасы ___________Ксембаева С.К. 2013 ж. «27» қараша

(қолы) (аты-жөні)



1 Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы «Түркі халықтарының әдебиетінің тарихы»
Кредит саны мен оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 2

Семестр: 4



Аудиториялық сабақтар – 45 сағат

Дәрістер – 30 сағат

Тәжірибелік – 15 сағат

СОӨЖ – 22,5

Соның ішінде СӨЖ – 90

Еңбек сыйымдылығы барлығы – 135 сағат


Бақылау формасы

Емтихан – 4 семестр


Пререквизиттер

  • Қазақ халық ауыз әдебиеті

  • Қазақ әдебиетінің тарихы

  • Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті

  • ХІХ ғасыр әдебиеті

Постреквизиттер

  • Әдебиет теориясы

  • Тарихи поэтика

  • Шығыс әдебиеті


2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Аты-жөні: Жұмабекова Гауһар Айтбекқызы

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: гуманит. ғыл. магистрі, аға оқытушы

«Қазақ филологиясы» кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64) 356 аудиторияда орналасқан.

Байланысу телефоны: Тел. (12-55) 356 кабинет
3 Пәні, мақсаты мен міндеттері
Пән: «Түркі халықтарының әдебиетінің тарихы»

«Түркі халықтары әдебиетінің тарихы» пәні – түркі халықтары әдебиетінің ежелгі дәуірден бастап, бүгінгі күнге шейінгі кезеңді қамтиды. Әрбір ұлттың фольклоры, классикалық, бүгінгі дәуірдегі әдеби мұралары қамтылып, ондағы эстетикалық таным, ұлттың әдеби арна ерекшелігі танылады.



Пәнді оқыту мақсаты:

Әлемдік көркем сөз шеберлігіне және әдеби қозғалысқа тигізетін түркі халықтары әдебиетінің ықпалын кеңірек ашу нысанға алынды. Ежелден тарихы тағдырлас, тілі туыс, әдет-ғұрпы мен салт-санасы өзара жақын болып келетін түркі тектес халықтар: ұйғыр, әзербайжан, башқұрт, тәжік, түркімен, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, татар әдебиеттерінің өзара байланысын, дәстүр жалғастығын, бір-біріне әсері, шығармаларының идеялық, көркемдік ерекшелігі, дамуы.



Пәннің міндеттері:

- Түркі халықтары әдебиетінің тарихындағы әдеби бағыттарды айқындау;

- Түркі халықтары әдебиетінің тарихындағы әдеби жанрлық ерекшеліктерді анықтау;

- Түркі халықтары әдебиетінің тарихындағы көркемдік ерекшеліктерді саралау.


3 Білім, икемділік және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

- студенттерге түркі халықтары әдебиетінің тарихындағы аса үздік туындыларымен таныстыра отырып дәріс беру, олардың бір-бірінің мәдениетіне қосатын, толықтыратын, байытатын үлес салмағының жаңаша мазмұн-мәнін айқындап, орнықты сұранысқа жол сілтеу;

- әр халықтың ақын-жазушыларының шығармаларын көркемдік ерекшелігіне қарай даралап зерттеуге баулу;

- классикалық туындыларды оқу кезеңінде адамгершілік парасаты, гуманистік-имандылық тағлымына көркемдік-эстетикалық танымына қарай жіктей отырып әдеби талдау жасауға үйрету;

- әр ақын-жазушының шығармаларынан үзінділерді жатқа оқу, ғылыми талдау жасауға үйрету;

- шығарманың жанры мен стиліне, тақырыбы мен сюжетіне, композициясы мен тіл көркемдігіне ерекше назар аудара отырып, ой толқыны мен образдар бедері берілуіне, ақын позициясының тұтастығын танытуда ғылыми пайымдаулар жасауға баулу.


5 Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу

Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Күндізгі бөлім

Дәріс

Тәжір.

СӨЖО

СӨЖ

1

2

3

4

5


1

Түркі халықтары әдебиетінің тарихына кіріспе.

1

1

10

2

Азербайжан әдебиеті.

3

1

10

3

Башқұрт әдебиеті.

3

1

10

4

Қарақалпақ әдебиеті.

3

1

10

5

Қырғыз әдебиеті.

5

4

10

6

Өзбек әдебиеті.

3

2

10

7

Ұйғыр әдебиеті.

3

1

10

8

Татар әдебиеті.

6

3

10

9

Түркімен әдебиеті.

3

1

10

Барлығы: сағат

30

15

90


6 Дәріс сабақтарының мазмұны

1-тақырып. Түркі халықтары әдебиетінің тарихына кіріспе

Жоспар:

  1. Ежелгі дәуір әдебиетіндегі түрік халықтарына ортақ әдеби мұралар.

ІV-ІХ ғғ. көне түрік әдебиет ескерткіштері: Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған туралы жырлар, «Оғыз-наме» эпосы, Әбу Насыр әл-Фараби туындылары.

Х-ХІІ ғ. әдебиет. М.Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрк (Түркі сөздерінің жинағы»), Ж. Баласағұнидің «Құтадғу біліг» (Құтты білік), А.Иүгінекидің «Хибатул-Хақайық» («Ақиқат сыйы»), А.Яссауидің «Диуани хикмат» (Даналық кітабы) әдеби мұралары.

ХІІІ-ХVІ ғғ. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. Н.Рабғузидің «Қисса-сул әнбия» (Пайғамбарлар туралы дастан), Хорезмидің «Мұхаббат-наме», Құтбтың «Хұсрау-Шырын» дастаны, Сайф Сараидің «Гүлстан бит-түрки» (Түрік тіліндегі Гүлстан), Әбілғазы Бахадүрдің «Шежіре и-түрк» (Түрік шежіресі), Х.Дулатидің «Тарих-и-Рашиди», «Жаһан-наме», Бабырдың «Бабыр-наме» туындылары.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.



2-тақырып. Азербайжан әдебиеті

Жоспар:

  1. Азербайжан халқының ауыз әдебиеті.

  2. Жазба әдебиет өкілдері.

3. Низами (Ілияс Жүсіпұлы Гәнжауи) (1144-1209) шығармашылығы. Мұхаммед Физули (1494-1556) шығармашылығы.

4. 18 ғасырдағы азербайжан әдебиеті. Видади мен Вагиф ақындардың халық поэзиясы әсерімен дебиеттегі демократтық бағытты дамытуы.

5. 19 ғасырдағы азербайжан әдебиеті. Мырза Фатали Ахундовтың (1812-1878) өмірі мен шығармашылығы.

6. 20 ғасыр басындағы азербайжан әдебиеті.

1. Азербайжан халқының ауыз дебиеті тұрмыс-салтқа байланысты өлең-жырларға, мақал-мтелдерге, ертегілерге, аңыз-әңгімелерге, батырлар жырына мейлінше бай болып келеді. Әсіресе «Ашыг-Гариб», «Шаһ-Исмаил», «Асли мен Керем», «Көроглы» жне т.б. дастандар азербайжан халқының көне тарихын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, сыртық жауға қарсы ерлік күресін бейнелейтін ғажайып туындылар.

2. Азербайжан жазба әдебиетінің қайнар бастауы б.з.б. 7 ғасыр мұрасы – «Авестаға» барып тірелетіні мәлім. Бұл – Таяу Шығыс және Орта Шығыс халықтарының бәріне ортақ болып келетін әдеби ескерткіш. Сондай-ақ, бірқатар түркі халықтары әдебиетіндегі кең тараған «Қорқыт ата кітабының» (8 ғ.) азербайжан әдебиетінде өзіндік орны бар.

3. Ақынның «Хамса» («Бес кітап») шығармалар жинағы. «Хамсаға» «Сырлар қазынасы» (1173-1180), «Хұсрау мен Шырын» (1181), «Ләйлі мен Мәжнүн» (1188), «Жеті ару» (1197) және «Ескендір-наме» дастандары енеді.

Мұхаммед Физули (1494-1556) шығармашылығы. Физули поэзияға өмір шындығын дұрыс көрсету керек деген шарт қояды. Ақын лирикасында ақынның өзі өмір сүрген қоғамға деген көзқарасы да өрінеді. Ақын шығармаларында жақсы патша туралы үнемі айтып отырады. Ол өзін халықтан бөлектемейтін қарапайым патшаны армандайды. Ондай патша шындық өмірде жоқ, махаббатта ғана бар дейтін қорытынды жасайды. Ақын лирикасында ғылым мен білім ерекше орын алады. Ол өз заманында оқуға, білімді болуға шақырып, өзінің туған-туысқандары мен байлығына сүйенетіндерді өлтіре сынайды. Физули 1537 жылы «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасын аяқтап, одан кейін философиялық шығармалар жазуға кіріседі. «Жүрек досы», «Денсаулық пен дерт», «Шарықтау мен сенім», «Кезбе мен тақуа» т.б. философиялық шығармаларын өмірінің соңына дейін жазды.



  1. Азербайжан әдебиетінің 18 ғасырдағы ең көрнекті лирик ақындары Видади (1709-1809) мен Вагиф (1717-1797) еді. Олар азербайжан әдебиетіне новелла, реалистік поэзияның кең қанат жаюына жол ашып бергендей болды.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер. Видади мен Вагиф ақындар халық поэзиясының әсерімен дебиеттегі демократтық бағытты дамытты.

5.

6. Октябрьге дейінгі азербайжан әдебиетінде бір топ бұқарашыл жазушылар болды. Олар: публицист, прозашы, драматург Мамедкулизаде, төңкерісшіл ақын-сатирик Мырза Сабыр. Жазушы-драматургтер Везиров, Ахвердов, Сулейман Ахундов, жазушы-коммунистер Нариманов, Ордубады. Бұлар төңкерістік бағытта жазды. Өз ұлттарының тәуелсіздік үшін күресін бейнеледі.

Бұқарашыл бағыттағы шыншыл ақын-жазушылардан басқа өршіл бағыттағы қаламгерлер де болды. Олар: ақын Мұхамед Хади, ақын-драматург Гусеин Жавид, ақын-жазушы Абдолла Шайық, ақын-аудармашы Аббас Сиххат.

20-жылдардың соңында Самед Вургун «Ақын серті» (1930) жинағы шықты. 30-жылдарда роман жанры дамыды. Абульгасанның «Подьем», «Мир рушится», Рагимовтың «Соялы», Мехти Гусейннің «Тарлан», Али Велиевтің «Каграман» романдарында коллективтендіру кезіндегі қақтығыстар, колхоз құрылысы көрсетілген. Юсиф Везир өзінің «В крови» романында азербайжан халқының 18 ғ. 2-жартысындағы өмірін баяндайды.

1942 ж. Зейнал Халилдің зоя Космодемьянскаяға арналған «Татьяна» поэмасы шықты. Лиро-эпикалық поэмада мәскеулік жас қыздың ерлігі жырланады. Расул Рзаның «Береги оружие» өлеңінен азербайжан халқының ұлттық салтын байқауға болады. 1942 жылдан бастап азербайжан лириктері баллада жанрына көңіл бөле бастайды. Рустамның «Почтальон» балладасында жалғыз ұлын майданға шығарып салған ана бейнесін шебер сомдайды.

Соғыс жайлы алғашқы повесть Рагимовтың «Медальон» шығармасы (1942 ж.). Мұнда орыс қызы Роза жайлы айтылады.



Мамедханлының 1943 ж. «Ледяная статуя» әңгімесінде баласын өлімнен құтқармақ болған ана аязда қатып қалады. Бірақ сәбиі тірі қалады. Жазушы символ-бейне жасайды: тірі қалған сәби туған жердің жаудан тазартатынын білдіреді.

Мырза Ибрагимовтың «Туады күн» («Наступит день», 1948) романында Иран халқының феодалдарға қарсы азаттық күресі суреттеледі. Оқиға Отан соғысы жылдарының алдында басталып, 1941 жылдың октябрінде аяқталады.

3-тақырып. Башқұрт әдебиеті

Жоспар:

1. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты мен міндеті.

Ауыз әдебиеті үлгілері: аңыздар, ертегілер, жырлар, эпостар. М.Үмітбаев - ағартушы, әдебиетші. Ш.Бабич, Ғ.Ибрагимов, М.Ғассури шығармашылықтары. С.Құдаш - башқұрттың ірі қоғам қайраткері («Салтанат», «Республика жырлайды»).

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.



4-тақырып. Қарақалпақ әдебиеті

Жоспар:

1. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты мен міндеті.

Қарақалпақ әдебиетінің ауыз әдебиеті. «Қырық қыз» эпосы. ХVІІІ ғ. қарақалпақ жазба әдебиеті. Жиен жырау Тоғай ұлы «Күйзелген халық» дастанындағы қарақалпақ халқының Хорезмге аууы ахуалы. Бердақ Шайыр дастандары. «Аманкелді», «Шежіре», «Ақымақ патша» өлеңдері. Кеңес дәуіріндегі ақындары: А.Мұсаев, С.Мәжитов, Ж.Аймұрзаев. «Арал» поэмасы, «Бердақ», «Айгүл-Абат», «Раушан» пьесалары, Т.Қайыпбергеновтың «Бақытсыздар» романы, «Мұғалімге рахмет» повесі. Қарақалпақ әдебиетінің соңғы жылдарына шолу.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.



5-тақырып. Қырғыз әдебиеті

Жоспар:

1. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты мен міндеті.

«Манас» эпикалық туындысы. Т.Сатылғанов - қырғыз халық ақыны. ХХ ғ. қырғыз әдебиеті: А. Тоқамбаев, Т.Үмбеталиев, Ж.Бөкенбаев, Т.Сыдықбеков, К.Жантолиев, Ш.Айтматов т.б. шығармашылығына шолу. А.Тоқамбаев - қырғыз халық ақыны.Т.Сыдықбеков - халық жазушысы. Ш.Айтматов - халық жазушысы, қоғам қайраткері.(«Алғашқы ұстаз», «Ақ кеме», «Жан пида», «Боранды бекет» т.б.)

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.



6-тақырып. Өзбек әдебиеті

Жоспар:

1. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты мен міндеті.

Өзбек халқы және ауыз әдебиеті. Эпостық мұралары, аңыздары, прозасы, поэзиясы, драматургиясы. Ә.Бируни, Ә.Сино, З.Восифий т.б. белгілі адамдары жайлы мағлұмат. Ұлықбек - әлемдік ғылым мен мәдениетке үлесі. Қ.Бекзад ғазалдары, дастандары. Ә.Науаи шығармашылығы. М.Бабыр шығармашылығы. Өзбектің классикалық әдебиеті: Фурқат, Аваз, Мұқыми, Айбек, Ғ.Гулям, Х.Ниязи, П.Қадыров шығармашылықтары.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.



7-тақырып. Ұйғыр әдебиеті

Жоспар:

1. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты мен міндеті.

Ұйғыр халқының ауыз әдебиеті: эпостары, дастандары, поэмалары, аңыздары. Ұйғыр әдебиетінің Қазақстанда, Қытайда өріс алуы. ХІІІ ғ. М.Хаминнің, Ниязидің, Қасимидің тарихи шығармалары. ХІХ ғ. А.Низари, Гәрбий, Назугум, Назым, Палуан, Шакир. Қазіргі ұйғыр әдебиеті: Х.Абдуллин, З.Сәмеди, И.Бәхтия, И.Саттаров, М.Хамраев т.б.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.



8-тақырып. Татар әдебиеті

Жоспар:

1. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты мен міндеті.

Татар халқының ауыз әдебиеті: эпостық, аңыз, ертегі, дастандары. Татар әдебиетінің туыстас халықтар әдебиетіне ықпалы, өзара байланысы. ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиет мен мәдениетіне, баспасөзіне қосқан үлесі. Татар халқы зиялыларының (Гаспринский, Ибрагимов, т.б.) мұсылман ілімін таратушылық еңбегі. Ғ.Тоқай шығармашылығы. М.Жәлел шығармашылығы. 1920-40 ж.ж. татар әдебиеті. Қазіргі татар әдебиеті: поэзиясы, прозасы, драматургиясы (1960-2000 ж).

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.



9-тақырып. Түркімен әдебиеті

Жоспар:

1. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты мен міндеті.

Түркімен ауыз әдебиетіндегі «Көрұғлы» дастаны. Мақтымқұлының ерлік, елдік, махаббат, табиғат лирикалары. Берді Кербабаевтің «Шешуші қадам» романы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.


7 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Түркі халықтары әдебиетінің тарихына кіріспе

Жоспар:

  1. Ежелгі дәуір әдебиетіндегі түрік халықтарына ортақ әдеби мұралар.

ІV-ІХ ғғ. көне түрік әдебиет ескерткіштері: Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған туралы жырлар, «Оғыз-наме» эпосы, Әбу Насыр әл-Фараби туындылары.

Х-ХІІ ғ. әдебиет. М.Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрк (Түркі сөздерінің жинағы»), Ж. Баласағұнидің «Құтадғу біліг» (Құтты білік), А.Иүгінекидің «Хибатул-Хақайық» («Ақиқат сыйы»), А.Яссауидің «Диуани хикмат» (Даналық кітабы) әдеби мұралары.

ХІІІ-ХVІ ғғ. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. Н.Рабғузидің «Қисса-сул әнбия» (Пайғамбарлар туралы дастан), Хорезмидің «Мұхаббат-наме», Құтбтың «Хұсрау-Шырын» дастаны, Сайф Сараидің «Гүлстан бит-түрки» (Түрік тіліндегі Гүлстан), Әбілғазы Бахадүрдің «Шежіре и-түрк» (Түрік шежіресі), Х.Дулатидің «Тарих-и-Рашиди», «Жаһан-наме», Бабырдың «Бабыр-наме» туындылары.

Тапсырмалар:

1. Түркі халықтары әдебиетінің тарихы пәнінің мәні мен мақсаты, міндеттері қандай?



2-тақырып. Азербайжан әдебиеті

Жоспар:

  1. Азербайжан халқының ауыз әдебиеті.

  2. Жазба әдебиет өкілдері.

3. Низами (Ілияс Жүсіпұлы Гәнжауи) (1144-1209) шығармашылығы. Ақынның «Хамса» («Бес кітап») шығармалар жинағы. «Хамсаға» «Сырлар қазынасы» (1173-1180), «Хұсрау мен Шырын» (1181), «Ләйлі мен Мәжнүн» (1188), «Жеті ару» (1197) және «Ескендір-наме» дастандары енеді.

Мұхаммед Физули (1494-1556) шығармашылығы.

4. 18 ғ. Видади мен Вагиф ақындардың халық поэзиясы әсерімен әдебиеттегі демократтық бағытты дамытуы.

5. 19 ғ.



Тапсырмалар:

  1. Азербайжан әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері қандай?

  2. Хамса дегеніміз не? Низамидің қандай дастандары бар?

  3. Мұхаммед Физули шығармалары мазмұнына қарай қалай жкітеледі?

  4. Низами мен Физули мұраларының танымдық-тәрбиелік мәні неде?

  5. Низами мен Физули мұраларының өзіндік ерекшеліктері қандай?

  6. Әдеби байланыс дегеніміз не?

  7. Низами мен Физули шығармаларының қазақ тіліне аударылуы туралы не білесің?


12-тақырып. Әдебиет пәні кабинеті

Жоспар:

  1. Әдебиет пәні кабинетінің маңызы

Тапсырмалар:

  1. Әдебиет пәні кабинетінің макетін жаса.

  2. Әдебиет пәні кабинетінің төлқұжатын жаса.

  3. Мұғалім ретінде әдебиет пәні кабинетін қалай жасаушы едің? Слайд-шоу арқылы көрсет.


8 СӨЖ тапсырмалары

Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар

  1. Әдебиеттен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

Тақырып бойынша тапсырмалар:

  1. Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудағы пән мұғалімінің рөлі (аралас конспект)

  2. Сыныптан тыс оқуға басшылық жасауда сынып жетекшісінің рөлі (баяндама)

  3. Кітапхана және сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру (күрделі конспект)

  1. Оқушыны ізденту мәселелері

Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. Қ.П. Жүсіптің «Оқушы ізденсін десеңіз» (174-185 бб;), «Оқушыны ізденту мәселелері» (192-206 бб.) мақалалары бойынша эссе жазу (Негіз: Қ.П.Жүсіптің «Әдебиетті оқыту мәселелері». Павлодар, 2011 ж.



3. Инновациялық оқыту технологиясының түрлері

Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. Қарқынды күшейте (интенсивті) оқыту технологиясы (онлайн-дәріс сабақ жасап, өткізіңіз).

2. Топтық/ұжымдық оқыту технологиясы (пресс-конференция сабағын ұйымдастырыңыз).

3. Іскерлік ойын технологиясы (сот сабағын өткізіңіз)

4. Витагенді технология (брифинг сабақ өткізіңіз)

5. Шешендік сөздерді оқыту (сабақты кейс-стади әдісін қолдану арқылы өткізіңіз).

4. Озық педагогикалық тәжірибені үйрену (пікірталас сабағын ұйымдастырыңыз. Тақырыбы: «Қазіргі озық педагогикалық тәжірибе бізге не береді және оның перспективалары»).

5. «Болашақ мамандардың кәсіби біліктілік дағдыларын қалай қалыптастыру керек?» деген тақырып бойынша ойтолғау/эссе жазыңыз.

6. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 2003, 26 желтоқсан. Тұжырымдаманы талқылау. Дөңгелек үстел ұйымдастырыңыз.

9 Реферат тақырыптары.

1. 10-11 сыныптарда әдеби сын-зерттеу еңбектерін оқыту (бағдарлама бойынша)

2. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

3. Дәстүрлі білім беру мен өнімді (продуктивті) білім берудің басты ерекшеліктері, айырмашылықтары

4. Ұжымдық оқыту технологиясының тиімділігі

5. Абай өлеңдерін «миға шабуыл» әдісі арқылы оқыту

6. Қазақ әдебиетін креативті оқыту

7. Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы

8. Болашақ педагог мамандардың құзіреттілігін арттыру
10 СОӨЖ кеңестерінің кестесі



Сабақ түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс бойынша кеңестер




10.00

11.00














2.

Тәжірибелік сабақтар бойынша кеңестер













11.00

12.00





3.

СӨЖ бойынша кеңестер

11.00

12.00

















4.

Реферат бойынша кеңестер
















10.00

11.00


5.

Тест сұрақтары бойынша кеңестер
















11.00

12.00


11 Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырманың мазмұны, мақсаты, тақырыбы

Қолданы-латын әдебиет

Орындалу ұзақтығы

Бақылау түрі

Бақылауды тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Аралас конспект

Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудағы пән мұғалімінің рөлі




1 апта

Аралас коспект жазу

1-апта

2

Баяндама

Сыныптан тыс оқуға басшылық жасауда сынып жетекшісінің рөлі




1 апта

Баяндама жазып, қорғау

2-апта


3

Конспект

(күрделі түрі)





Кітапхана және сыныптан тыс оқуды
ұйымдастыру





1 апта

Күрделі конспект жазу

3-апта



4

Эссе

Қ.П. Жүсіптің «Оқушы ізденсін десеңіз», «Оқушыны ізденту мәселелері» мақалалары




1 апта

Эссе жазып, қорғау

4-апта

5

Онлайн-дәріс сабақ


Қарқынды күшейте (интенсивті) оқыту технологиясы




1 апта

Сабақ өткізу

5-апта

6

Пресс-конференция сабағы

Топтық/ұжымдық оқыту технологиясы




1 апта

Сабақ өткізу

6-апта

7

Сот сабағы


Іскерлік ойын техноло-гиясы




1 апта

Сабақ өткізу

7-апта

8

Брифинг сабақ

Витагенді технология





1 апта

Сабақ өткізу

8-апта

9

Кейс-стади әдісі

Шешендік сөздерді оқыту




1 апта

Сабақ өткізу

9-апта

10

Пікірталас сабағы

«Қазіргі озық педагоги-калық тәжірибе бізге не береді және оның перспективалары»




1 апта

Сабақ өткізу

10-апта

11

Эссе

«Болашақ мамандардың кәсіби біліктілік дағды-ларын қалай қалыптас-тыру керек?»




1 апта

Эссе жазып, қорғау

11-апта

12

Дөңгелек үстел

(жүргізу-ші)



Қазақстан Республика-сының 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы




1 апта

Дөңгелек үстелдің сценар-ийін жазу

12-апта

13

Реферат

Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру




1 апта

Реферат жазып, қорғау

13-апта

14

Реферат

Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы




1 апта

Реферат жазып, қорғау

14-апта

15

Реферат

Қазақ әдебиетін креативті оқыту





1 апта

Реферат жазып, қорғау

15-апта


12 Курс саясаты

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету. Студент аудиториялық сабақтарға, міндетті түрде дәріс сабақтарына, тәжірибешілік сабақтарға қатысып, кешікпей, берілген тапсырмаларды уақытында орындауы керек, сондай-ақ ішкі ережелерді сақтап, өздеріне тиісті жүктелген міндетті дұрыс атқаруы керек. Сабақты босатқан жағдайда деканаттың шешімімен босатқан сабақты қайта толықтырады. Сабаққа екі рет кешігу – бір рет босату болып есептеледі. Сабақты екі реттен артық босатса, оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуге құқығы бар.

Студентке берілген тапсырманы уақытында тапсыру керек. Емтихан сессиясына үш күн қалған кезде тапсыру ең кеш тапсыру болып саналады. Берілген тапсырманы және курстық жұмысты тапсырмаған студенттер емтиханға кіре алмайды.

Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы балл 100 б. қойылады.


Студенттердің білімін аралық бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.
Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады:

  1. сабақты босату (себепсіз);

  2. тапсырмаларды уақытымен орындамау;

  3. тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу, яғни, студент материалды толық меңгермеген жағдайда.

Егер студент сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаққа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ ұпай азайтылады.
13 Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Жеменей И. Қос өзен: қанаттас түркі-парсы ақындары. Павлодар, 2010.

  2. Сүтжанов С. Әдеби байланыс негіздері. Павлодар, 2009.

Қосымша:

  1. Жұмажанов Қ. Қарақалпақ аймағындағы қазақ әдебиеті. Алматы, 2006.

  2. Тебегенов Т. Әлем әдебиеті. Алматы, 2004.

  3. Сүтжанов С. Рухани алмасу арналары. Павлодар, 2003.

  4. Науаи Ә. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1998.

  5. Құдаш С. Жастық шақтың ізімен. Алматы, 1996.

  6. Дербісалин Ә. Жарық жұлдыздар. Алматы, 1993.

  7. Қобыланов А. Шетел әдебиетінің тарихы. Алматы, 2003.



Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақы- лау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практика

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СӨЖ

Бар-лығы

3


135

30

15

-

-

-

90


22,5

емтихан


Кафедра меңгерушісі ______ Н.Қ.Жүсіпов 2013 ж. «26» қараша №7 хаттама



Мамандық(тардың) жұмыс оқу жоспарынан көшірме




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/33


5В020500 - «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме


«Түркі халықтарының әдебиетінің тарихы» пәні


Оқу нысаны

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр бойынша бақылау түрлері

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі

кре-дит-тер

академиялық сағат

кре

дит


тер

Аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



СӨЖ

(ак. сағат)



Бар-лығы

ауд

СӨЖ

емт

сын

КЖ-а

КЖ-с

бар-

лығы


дәр

тәж

зерт

бар

лығы


ОСӨЖ

ЖОБ база-сындағы күндізгі

3

135

45

90

4

-

-


-

4

3


45

30


15

-

90

22,5

Кафедра меңгерушісі: ___________Жүсіпов Н.Қ.


2013 ж. «26» қараша №7 хаттама

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет