Р – тауардың бағасы, m;
Q – сатылған тауардың көлемі, дана.
3.1-сурет.
Икемді сұраныс.
Бұл жағдайда баға төмендегеннен түсім көбейіп отыр (3.1.-сурет).
Сонымен жоғарыдағы суретте келтірілген сұранысты икемді деп атаймыз.
Көбінесе, ауыстырушы (субстит) тауарлары көп болатын тауарларға және ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларға деген сұраныс икемді болады. Мысалы, «Султан» макаронына деген сұраныс икемді болады, себебі оны ауыстыратын басқа макарондардың түрі өте көп. Ал ұзақ уақыт пайдаланылатын: тоңазытқыш, телевизор, қысқа толқынды пеш сияөты тауарларға сұраныс икемді болады, себебі жоғарыда айтылған тауарлардың бағасы жоғарыласа, тұтынушылардың оларға деген сұранысы өте азайып кетеді.
Егер бағаның өсу проценті сұраныс көлемінің өсу процентінен көп болса және баға төмендегенде, жалпы түсім азаятын болса, онда сұраныс икемсіз болады деп айтамыз. Күнделікті қажетті тауарларға және ауыстыратын тауарлары аз болатын тауарларға сұраныс икемсіз болады (3.2-сурет).
3.2-сурет. Икемсіз сұраныс.
Е гер бағаның 1 проценттік өзгеруі, сұраныс көлемін осы шамаға өзгертетін болса және баға өзгеруіне байланысты жалпы түсім өзгермейтін болса, онда тауарға деген сұраныс икемділігі 1-ге тең болады (3.3.-сурет).
3.3-сурет.
Икемділігі 1-ге тең болатын сұраныс.
Сұраныстың бағалық икемділігінің төмендегідей екі ерекше түрі бар (3.4, 3.5-суреттер).
3.4-сурет. Өте икемсіз сұраныс 3.5-сурет. Өте икемді сұраныс
Сұраныстың бағалық икемділігін (СБИ) қарастырған уақытта оларды нүктелік және доғалық икемділік деп бөлеміз. Нүктелік икемділікті есептеген кезде бағаның және сұраныс көлемінің проценттік өзгеруі бастапқы көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі, ал доғалық – орташа көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі.
Сұраныстың бағалық икемділік коэффициентін (Ер(D)) анықтағанда төмендегідей формулаларды қолданамыз.
- нүктелік икемділік.
- доғалық немесе сызықтық икемділік.
Q1, Q2 – 1 және 2 кезеңдегі сұраныс көлемі;
Р1, Р2 – 1, 2 мерзімді уақыт кезеңіндегі тауардың бағасы.
Егер СБИ-дің абсолюттік мәні 1 мен ∞ (1 < | Ер | < ∞) аралығында болса, онда сұраныс икемді дейміз. Ал егер осы айтылған көрсеткіштің мәні (0 < | Ер | < 1) болса, онда сұраныс икемсіз деп аталады. Егер | Ер | = 1 болса, бұл жағдайда сұраныс икемділігі бірге тең болады.
Егер Ер(D) мәні оң болса, онда зерттеп отырған тауар Гиффен тауарлы болады.
СБИ-ді есептеуді заттың бағасы өзгеруіне байланысты тұтынушылар шығындарының және сатушылар түсімінің өзгеруін жорамалдау үшін қолдануға болады.
СБИ
|
Жалпы түсім (шығындар өзгеруі)
|
Баға төмендегенде
|
Баға жоғарылағанда
|
Икемді сұраныс (Ер > 1)
|
көбейеді
|
азаяды
|
Икемсіз сұраныс (Ер < 1)
|
азаяды
|
көбейеді
|
Икеміділігі бірге тең сұраныс (Ер=1)
|
өзгермейді
|
өзгермейді
|
Сұраныстың бағалық икемділігіне төмендегідей факторлар әсер етеді:
1) қарастырып отырған тауарды ауыстырушы (субстит) тауарлар көп болса, онда бұл тауарларға деген сұраныс икемді болады, ал ауыстыратын тауарлар аз болса немесе жоқ болса, онда бұл тауарларға деген сұраныс икемсіз немесе өте икемсіз болады;
2) тұтынушылардың баға өзгеруіне бейімделуі;
3) баға өзгеруін күтуі.
Сұраныстың табыстық икемділігі (СТИ) (Еі) тұтынушы табысының көлемі 1%-ке өзгерген уақытта қарастырып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсетеді. Сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті Еі - оң сан, теріс сан және нольге тең болады. Егер табыс өскен уақытта затқа деген сұраныс та өсетін болса, онда Еі > 0. Бұндай тауарларды кәдімгідей тауарлар дейміз. Ал егер СТИ-дің мәні Еі < 0 болса, онда бұл тауарлар – сапасыз тауарлар болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға деген сұраныс азаяды.
Сұраныстың табыстық икемділігі төмендегідей формулалармен анықталады.
Еі (D) – 1 және 2 сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті;
- сұраныс функциясының табыс арқылы алынатын алғашқы туындысы;
І – тұтынушы табысы;
Q – сұраныс көлемі.
Егер табыс пен сұраныс көлемі белгілі бір уақыт аралығында өзгеретін болса, онда сұраныстың табыстық икемділігі мына формуламен анықталады:
Мұнда, Q1, Q2 – 1 және 2 кезеңге сәйкес келетін сұраныс көлемі;
І1, І2 – 1 және 2 кезеңге сәйкес келетін тұтынушы табысы.
Микроэкономикада тауарлар бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын болғандықтан, бір тауардың бағасының өзгеруі, екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін, сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткішті енгіземіз. Бұл коэффициент у тауарының бағасы 1%-ке өзгерген кезде х тауарына сұраныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсетеді және төмендегідей формулалармен анықталады:
Мұнда, - қиылысқан икемділік коэффициенті;
- сұраныс функциясының Ру арқылы алынған алғашқы туындысы;
Ру – у тауарының бағасы;
Qх – х тауарына деген сұраныс көлемі.
Егер У тауарының бағасы мен Х тауарына деген сұраныс көлемі белгілі бір уақыт аралығында өзгерсе, онда - былай анықталады:
, - 1 және 2 кезеңдегі Х тауарына деген сұраныс көлемі;
, - 1 және 2 кезеңдегі У тауарының бағасы;
> 0, яғни оң сан болса, онда қарастырып отырған х және у тауарлары бірін-бірі ауыстыратын тауарлар болады, ал егер < 0, яғни теріс сан болса, онда зерттеп отырған тауарлар бірін-бірі толықтыратын тауарлар болады. = 0, онда х және у тауарлары бірін-біріне қатысы жоқ тауарлар болып табылады.
Ұсыныс көлеміне әсер ететін ең басты фактор осы қарастырып отырған тауардың бағасы болып табылады. Баға өзгерген уақытта ұсыныс көлемі де өзгеріп отырады. Осы байланысты табу үшін ұсыныстың бағалық икемділігі деген көрсеткішті қолданамыз.
Ер(S) – баға 1 процентке өзгерген уақытта, ұсыныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсететін шама.
Ұсыныс икемділігін қарастырғанда уақытты 3 кезеңге бөлеміз:
1) дәл қазіргі кезең;
2) қысқа кезең;
3) ұзақ мерзімді кезең.
3.6-сурет. Өте икемсіз ұсыныс
Ер(S) = 0, ұсыныс өте икемсіз болады (3.6.-сурет
)
P > Q
1 > Ер(S) > 0, икемсіз ұсыныс. (3.-сурет)
3.7-сурет. Икемсіз ұсыныс.
Q > P
Ер(S) > 1, ұсыныс икемді (3.8-сурет).
3.8-сурет. Икемді ұсыныс
Ұсыныс икемділігі төмендегідей формулалармен анықталады:
1) егер ұсыныс функциясы берілген болса,
- ұсыныс функциясының Р арқылы алынған алғашқы туындысы:
Р – қарастырып отырған тауардың бағасы;
Q –осы тауарды ұсыну көлемі.
2) нүктелік икемділік:
3) доғалық икемділік:
№4 тақырып «Сұраныс және ұсыныс икемділігінің теориясы» дәрісіне
Достарыңызбен бөлісу: |