Пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус) Орал 20 ж


Монополиялық бәсекелес фирмалардың ұзақ мерзімдік кезеңі



бет47/80
Дата22.06.2023
өлшемі3.26 Mb.
#475304
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   80
микроэк умкд Казиева А.Е.

Монополиялық бәсекелес фирмалардың ұзақ мерзімдік кезеңі
Монополиялық бәсеке нарығының ұзақ мерзімдік кезеңін талдағанда , бұл нарықтық құрылымның ерекшеліктері айқын көрінеді.
Материалды ыңғайлы түсіндірү болу үшін шығындар қисығы өзгермейді деп жорамалдайық. . D1 сұраныс қисығы АС қисығынын ең төмеңгі деңгейінен жоғары орналасқан. Осы жағдайда фирма экономикалық пайда алады деп жорамалдаймыз. Егер бұл жағдай монополия жағдайында қалыптасса, монополист басқа фирмалардың нарыққа кіруіне мүмкіндік бермей , осы жағдайды ұзақ мерзімді кезеңде ұстап тұруға тырысар еді.
Ал монополиялық бәсеке нарығына кіруге тосқауыл қойылмайды. Сондықтан фирмалардың алатын экономикалық пайдасы ұзақ мерзімде осы нарыққа басқа фирмалардың кіруіне себеп болады. Жаңа келген фирмалар саладағы бұрынғы фирмалардың өнімдеріне ұқсас және оларды алмастыратын өнімдер өндіре бастайды.
Бұның нәтижесінде ескі фирмалардың сұраныс қисықтары төмендейді, өйткені тұтынушылардың кейбір бөлігі жаңа фирмалардың нарықтағы үлесі азаяды.Бұл жағдай экономикалық пайда азайып, сұраныс қисығының D3 жағдайына келіп, орташа жалпы шығынды жанап өткенге дейін жалғасады.
Жетілген бәсеке нарығындағы фирмалар сияқты ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсекелес фирмалардың экономикалық пайдалары нөлге тең болады (суретте О нүктесі).
Екі фирманың бұл қасиетінің ортақтығы фирмалардың салаға жеңіл кіріп, одан шыға алатындығының нәтижесінде болып отыр.
Ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік нүктесінің (О нүктесі ) тағы бір ерекшелігі ол АС ең төменгі нүктесінен жоғары орналасқан. Дәл осы ерекшелік монополиялық бәсеке нарығының айырмашылығын анық көрсетеді. Неге бұл екінүкте бір-біріне дәл келмейді? өйткені АС ең төменгі нүктесін жанап өту үшін сұраныс қисығы горизотальды болуы керек. Бұл шарт жетілген бәсеке нарығында орындалады да, монополиылық бйсеке нарығында орындалмайды.( Монополиялық бәсеке нарығының сұраныс қисығы өте икемді емес екенін еске түсіру керек ). Егер сұраныс қисығы орташа шығын қисығына жанама болып өтпей, оның ең төменгі нүктесін қиып өтетін болса, онда сұраныс қисығының белгілі бір бөлігі шығын қисығынан жоғары орналасады. Бұл кезде экономикалық пайда болатын аудан болады. 9.2- суретте орташа шығын қисығының ең төмеңгі нүктесін қиып өтетін D2 сұраныс қисығы көрсетілген.Бұл қисықты сұраныстың D1 –ден D3 –ке дейін, яғни тұрақты жағдайға дейін жылжығандағы арадағы тұрақсыздықты түсіндіру үшін сызып көрсеттік.
Ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік нүктесінің орташа шығынның ең төменгі нүктесімен дәл түспеуі негізгі себептің шығуына алып кледі. Ұзаұ мерзімдегі монополиялық бәсеке нарығындағы тепе-теңдік баға ұзақ мерзімдегі бәсекелестік бағадан жоғары болады. ( бәсекелестік нарықтағы баға орташа шығынға тең екнін ескерте кетейік). Басқаша айтқанда, монополиялық бәсеке нарығы тұтынушыларды тауар үшін “артық” ақша төлеуіне мәжбүр етеді. Екіншіден, монополиялық бәсеке кезінде өнім көлемі ұтымды өнім көлемінен аз өндіріледі. Ал толық бәсеке жағдайында әр фирма ұтымды өнім көлемін орташа шығындардың ең аз мәніне сәйкес өндіреді.
Егер жетілген бәсеке нарығындағы заңдылықтар монополиялық бәсекеде бекітілсе, онда өндірілген өнімді арзан бағаға сауға болар еді.



9.2-сурет. Монополиялық бәсекелес фирманың ұзақ мерзімдегі тепе-теңдігі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет