ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
пәні: Жалпы психология
бағыты: Әлеуметтік жұмыс және бизнес
мамандықтар бойынша: 050503 «Психология»
қазақ бөліміне арналған
Тест тапсырмалары
Құрастырушылар:
аға оқытушы Ширинбекова Ж.А.
Психология каф. меңгерушісі
пс.ғ.к. Капбасова Г.Б.
Тест тапсырмаларының саны: 250
Құрастырылған күні: 14.10.09
МАБ дайындық тестілеуге арналған
$$$ 1
Қай ғалымның айтуынша адам өзінің жаны білетін нәрсені есіне түсіреді?
A) Аристотель.
B) Сократ.
C) Платон.
D) Демокрит.
E) Шарден.
$$$ 2
Төмендегі көрсетілген психикалық құбылыстардың қайсысы процеске жататынын көрсетіңіз:
A) Темперамент.
B) Қабілет.
C) Апатия.
D) Зейін.
E) Қиял.
$$$ 3
Төменде көрсетілген психология әдістерінің қайсысының ішіне жеке фазалар, кезеңдер, критикалық кездерді т. б. бөлінуімен даму жоспарындағы материяның анализі жатады?
A) Лангитюдтты.
B) Комплексті.
C) Салыстырмалы.
D) Генетикалық.
E) Құрылымдық.
$$$ 4
Төмендегіден рефлекторлық доғаның қабылдаған информацияны өңдеуде бездерге, бұлшық еттерге нервтік импульстердің жауап беретін бұйрықтар құрылымын көрсетіңіз:
A) Орталықтан тебетін талшықтар.
B) Орталыққа тебетін талшықтар.
C) Орындайтын орган.
D) Рецептор.
E) Жүйке орталығы.
$$$ 5
Психиканың кезеңдері және даму деңгейлері жайлы қарапайым жануарлардан адамға дейінгі даму болжамының авторлары кім?
A) Бехтерев – Леонтьев.
B) Уотсон – Морган.
C) Леонтьев – Фабри.
D) Уотсон – Торндайк.
E) Бехтерев – Сеченов.
$$$ 6
Психиканың қай кезеңінде және даму деңгейінде инсайттың пайда болу мүмкіндігі туады?
A) Сенсорлық кезең, жоғарғы деңгей.
B) Перцептивтік кезең, төменгі деңгей.
C) Сенсорлық кезең, төменгі деңгей.
D) Перцептивтік кезең, ең жоғарғы деңгей.
E) Перцептивтік кезең, жоғарғы деңгей.
$$$ 7
Түйсіну мен қабылдаудың белгілі бір сезім мүшесіне жататындығын белгілейтін сапалық сипаты:
A) Сезімталдық.
B) Апперцепция.
C) Прегнанттылық.
D) Модальдық.
E) Интенсивтілік.
$$$ 8
Адамның барлық психикалық іс-әрекетінің негізі болатын психиканың көріну формасын көрсет:
A) Ерік.
B) Түйсіну.
C) Ес.
D) Қабілет.
E) Темперамент.
$$$ 9
Қоршаған ортаны танудағы жанама және жалпылау процесін көрсететін вариантты таңдап алыңыз:
A) Қабылдау.
B) Ес.
C) Түйсіну.
D) Ойлау.
E) Қиял.
$$$ 10
Көркем әдебиетті оқығанда қатысатын қиял түрін көрсетіңіз:
A) Ырықсыз.
B) Ырықты.
C) Әсірелеу (воссоздающий).
D) Шығармашылық.
E) Арман.
$$$ 11
Төменде берілген варианттардың ішінен ойлаудың бір жағдайда нәрселердің, құбылыстардың және олардың қасиеттерін нақтылайтын немесе жоққа шығаратын түрін табыңыз:
A) ¦ғым.
B) Пікір.
C) Ой қорытындысы.
D) Индукция.
E) Дедукция.
$$$ 12
Жүйке жүйесі типтерінің қай сангвиник темпераментін анықтайды?
A) Күшті, ұстамсыз, шапшаң.
B) Күшті, ұстамды, инертті.
C) Күшті, ұстамды, шапшаң.
D) Әлсіз тип.
E) Әлсіз, ұстамды, инертті.
$$$ 13
И. П. Павлов жүйке жүйесінің бүл белгісін жүйке жүйесінің басқа айырмашылықтарын басуға қабілетті және мәнді анықтамасы деп санады:
A) Шапшаң.
B) Инерттілік.
C) Күш.
D) Әлсіздік.
E) ¦стамды.
$$$ 14
Адам іс-әрекетінің қай түрінің арқасында заттар мен құбылыстарды қабылдауда толық бейне қалыптасады:
A) Перцептивті.
B) Мнемикалық.
C) Ойлау.
D) Имажитивті.
E) Еңбек.
$$$ 15
“Бейнелегенді бейнелеу ол . . . “ анықтамасының керекті вариантын көрсетіңіз:
A) Сана.
B) Ойлау.
C) Эмоция.
D) Психика.
E) абылдау.
$$$ 16
Тірі организмдердің ортаның биологиялық бейтарап қасиеттеріне реакция беру қабілетін атаңыз:
A) Бейімделуші іс-әрекет.
B) Тітіркендіргіш.
C) Инстинкт.
D) Сезімталдық.
E) Дағды.
$$$ 17
Қай таным процесінің сапалық сипаты модальдық болып табылады?
A) Түйсіну – ес.
B) Ес – ойлау.
C) Ойлау – қиял.
D) Қабылдау – ес.
E) Түйсіну – қабылдау.
$$$ 18
Адам белсенділігінің ерекше психикалық формасының және кез-келген іс-әрекеттің болу жағдайын көрсететін вариантты белгілеңіз:
A) Эмоция.
B) Психика.
C) Сана.
D) Зейін.
E) Ес.
$$$ 19
Әлемді танудағы сезгішіктің формасын қай таным процесі анықтайды?
A) Эмоция – қиял.
B) Қиял – ойлау.
C) Эмоция – ес.
D) Түйсіну – қабылдау.
E) Қабылдау – қиял.
$$$ 20
Қай ғалым жанның мәні туралы көзқарасын дамыта келе мынаны айтқан: “Жан – қозғаушы күш, ол материалды атомнан құралады және тән өлгенде ол да өледі”:
A) Платон.
B) Демокрит.
C) Аристотель.
D) Дарвин.
E) Сеченов.
$$$ 21
Төмендегі көрсетілген психикалық құбылыстардың қайсысы психиканың қалып деген формасына жатады?
A) Эмоция.
B) Ерік.
C) Мінез.
D) Зейін.
E) Темперамент.
$$$ 22
Күрделі психикалық құбылыстарды түсінуде тұтастық принципін қолданған ғалымның аттарын атаңыз:
A) Торндайк, Коффка, Фрейд.
B) Уотсон, Фрейд, Вундт.
C) Морган, Торндайк, Уотсон.
D) Вертхеймер, Келер, Коффка.
E) Коффка, Келер, Вундт.
$$$ 23
Барлық тірі материяға тән қасиетін анықтайтын вариантты көрсетіңіз:
A) Тітіркендіргіш.
B) Сезімталдылық.
C) Бейімделгіш іс-әрекет.
D) Дағды.
E) Инсайт.
$$$ 24
Рефлекторлық доғаны қай құраушы сыртқы әсерді жүйкелік импульстерге айналдырып миға береді?
A) Рецепторлар.
B) Афферентті талшықтар.
C) Эфферентті талшықтар.
D) Орындаушы мүше.
E) Нервтік орталық.
$$$ 25
Психиканың қай даму кезеңдерінде өткен тәжірибеде алынатын дағды үйрену білімдерін қолданған жүріс-тұрыстың зерттеу формасы пайда болады?
A) Сенсорлық кезең, төменгі деңгей.
B) Перцептивтік кезең, төменгі деңгей.
C) Сенсорлық кезең, жоғарғы деңгей.
D) Перцептивтік кезең, жоғарғы деңгей.
E) Перцептивтік кезең, ең жоғарғы деңгей.
$$$ 26
Қай таным процестері бір ғана жағдайда пайда болады? Материалды тітіркендіргіштің сезім мүшесіне әсері:
A) Эмоция – зейін.
B) Ес – эмоция.
C) Қабылдау – түйсіну.
D) Қиял – эмоция.
E) Ойлау – қиял.
$$$ 27
Перцепцияның қай ерекшелігін қарастыру гештальтпсихолог өкілінің ерекше назарын аударды?
A) Апперцепция.
B) Көлем.
C) Прегнанттылық.
D) Полимодальдылық.
E) Пәнділік.
$$$ 28
Төмендегі қай ғалымның аттары психологияда эксперименттің пайда болуымен тығыз байланысты? Аттарын көрсетіңіз:
A) Бехтерев – Вундт.
B) Морган - Торндайк.
C) Вундт – Келер.
D) Коффка – Бехтерев.
E) Бехтерев – Уотсон.
$$$ 29
Заттар мен құбылыстарды айқын және тірі көретін маман адамдарға ойлаудың қай түрі тән? (Жазушылар, суретшілер, актерлар):
A) Ойлаудың абстрактылы түрі.
B) Заттық іс-әрекет, ойлаудың қарапайым түрі.
C) Нақтылы – бейнелік ойлаудың қарапайым түрі.
D) Заттық – іс-әрекеттік ойлаудың дамыған түрі.
E) Нақтылы – бейнелік ойлаудың дамыған түрі.
$$$ 30
Түйсіну ерекшеліктерін қарастыра отырып біз негеалыс тұпған қарқыны елеусіз дыбыстық тітіркендіргіштерді естиміз де, ал одан гөрі жанымыздағы күшті дыбыстарға реакция көрсетпейтінімізді («сауық кеші әсері») түсіндірген қай ғалым?
A) Хендерсон.
B) Торчинский.
C) Фрей.
D) Эбот.
E) Джелдарт.
$$$ 31
Түйсінудің қай түрін кейбір ғалымдар адамның «контактылық естуі» деп санайды?
A) Тактильдік.
B) Вестибулярлық.
C) Кинестезиялық.
D) Вибрациялық.
E) Көру.
$$$ 32
Қай ғалым психологиялық зерттеу пәні ретінде санасыздықты алды?
A) Вундт.
B) Норман.
C) Фрейд.
D) Эббингауз.
E) Вертхеймер.
$$$ 33
Шығармашылық процесі қиялға тірелетін адам ақыл-ой іс-әрекетінің түрін көрсетіңіз:
A) Перцептивтік.
B) Ойлау.
C) Мнемикалық.
D) Имажитивтік.
E) Еңбек.
$$$ 34
Ойлау іс-әрекетінің бір жағы ретінде бұл операция теориялық білімдерді өмірлік нақты дәйектермен байланыстырып жалпыдан жекеге өтуге мүмкіндік береді:
A) Синтез.
B) Анализ.
C) Салыстыру.
D) Нақтылық.
E) Абстракция.
$$$ 35
Негізгі функциялары реттеу, сабақтастыру, орталықтандыру болатын психикалық процесті көрсетіңіз:
A) Ойлау.
B) Эмоция.
C) Сөйлеу.
D) Ес.
E) Қабылдау.
$$$ 36
Төменде көрсетілген психологиялық әдістердің қайсысына бір сыналушыны ұзақ уақыт бойы зерттеу жатады:
A) Салыстырмалы.
B) Комплекстік.
C) Генетикалық.
D) Лонгитюд.
E) Құрылымдық.
$$$ 37
Тапсырмада 5 сөз берілген. Олардың төртеуі белгілі бір дәрежеде бір-бірімен байланысты. Осы байланысқа жатпайтын сөзді табыңыз:
A) Қабылдау.
B) Сөйлеу.
C) Ойлау.
D) Темперамент.
E) Ес.
$$$ 38
Психологиялық әдістердің қайсысы психологияға жеке ғылыми пән болуына мүмкіндік берді:
A) Интроспекция.
B) Эксперимент.
C) Іс-әрекет нәтижелерін талдау.
D) Бақылау.
E) Сұрау.
$$$ 39
Берілген белгілер бойынша психологияның зерттеу әдісін анықтаңыз: сыналушыға келесі сұрақтарға жазбаша жауап беруді ұсынады. Достарыңыз көп пе, аз ба? Сіз жаңа адамдармен тез немесе баяу танысасыз ба? Жаңа ортада өзіңізді қалай ұстайсыз, еркін немесе дүрдараз ба?
A) Әңгімелесу.
B) Анкета.
C) Интервью.
D) Лабораториялық эксперимент.
E) Тест.
$$$ 40
Жоғарғы дыбыс естуін зерттеген кезде сезгіштіктің кіші жоғарғы түрлілігі скрипкашыларда пианистерге қарағанда жоғары екені байқалған. Түйсінудің бұл заңдылығы қалай аталады?
A) Абсолютті естудің спецификасы.
B) Адаптация.
C) Конпенсациялы сенсибилизация.
D) Синестезия.
E) Маманданған сенсибилизация.
$$$ 41
Қолды суық суға салғаннан кейін 30С – қа дейін қызған тітіркендіргіш жылы болып қабылданады, бірақ оның температурасы қалыптыдан төмен, яғни қолдың тері температурасынан. Түйсінудің осы заңдылығын атаңыз:
A) Адаптация.
B) Температуралық контраст.
C) Түйсіну табалдырығы.
D) Контраст.
E) Сенсибилизация.
$$$ 42
Бөлмедегі адам біраз уақыттан кейін күйіктің иісін сезбей кетті, ал жаңадан кірген адам оны айқын сезді. Түйсінудің түрі мен заңдылығын атаңыз:
A) Дәм сезу түйсігі, түйсінудің өзара әрекеттесуі.
B) Иіс сезу түйсігі, негативті толық адаптация.
C) Сипап сезу түйсігі, сенсибилизация.
D) Дәм сезу түйсігі, түйсінудің табалдырығы.
E) Иіс сезу түйсігі, сенсибилизация.
$$$ 43
Соқыр-саңыраулардың қоршаған ортада бағдарланулары көбіне сипап-сезу, иіс сезу, қозғалыстық және вибрациялық түйсінулеріне сүйенеді. Бұл мысалда түйсінудің қандай заңдылығы көрсетілген?
A) Кәсіби сенсибилизация.
B) Позитивтік адаптация.
C) Түйсіну табалдырықтары.
D) Түйсінулердің өзара әсерлері.
E) Компенсациялық сенсибилизация.
$$$ 44
Біз келесі сөз тіркестерін жиі қолданамыз және олардың мәнін жақсы түсінеміз: “ала-құла шаңқиған түс”, “өткір дәм”, “тәтті дыбыстар”, “ауыр бояулар”, “сәнді әуен”, “тегіс дыбыс”, “ащы иіс”, “суреттің суық түсі”. Осында түйсінудің қандай заңдылығы туралы айтылған?
A) Адаптация.
B) Сенсибилизация.
C) Түйсінудің табалдырығы.
D) Синестезия.
E) Компенсациялы сенсибилизация.
$$$ 45
Түйсіну күші берілген тітіркендіргіш көлемінің логарифміне пропорционалды дейтін заңдылықты кім көрсеткен?
A) Бугер – Вебер.
B) Вебер – Фехнер.
C) Йеркс – Додсон.
D) Стивенс.
E) Лангмейер.
$$$ 46
Мінезі тұрақты шындықтың бұрмаланған сәулеленуі туралы қабылдаудың заңдылығына сәйкес келетін вариантты көрсетіңіз:
A) Жақындықтар.
B) Біркелкіліктер.
C) Тұйықтықтар.
D) Тұтастықтың қабылдау бөліктеріне әсері.
E) Иллюзиялар.
$$$ 47
Қабылдау процесінің негізгі құрылымды бірліктеріне не жатады?
A) Табылу.
B) Ажырату.
C) Идентификация.
D) Тану.
E) Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.
$$$ 48
Жүйке жүйесінің қандай қасиеті зейіннің тез және толық ауыстырылуын қамтамасыз етеді?
A) Күш.
B) Әлсіздік.
C) Біркелкілік.
D) Инерттілік.
E) Қозғыштық.
$$$ 49
Көрсетілген жағдайда зейіннің қандай қасиеті көрінеді?
Бір күні таңертең саз мектебінің оқушысы оқушыларға арналған қызықты радиобағдарламаны тыңдап отырып, сабақта берілген пьесаны талдады. Келесі күні сабақта оны жақсы талданған пьеса үшін мақтады, ал үйге қайтар жолда ол достарына тыңдаған радиобағдарламаның мазмұнын толық айтып берді:
A) Бөлінуі.
B) Аударылуы.
C) Аумағы.
D) Ауытқуы.
E) Тұрақтылы.
$$$ 50
Залдың жарығын күшейткенде сахнадан келген дыбыстар көрушілерге қаттырақ естілетіндей болады. Түйсінудің заңдылығы мен олардың әртүрлілігін атаңыз:
A) Қараңғы позитивті адаптация.
B) Қөру – есту синестезиясы.
C) Түйсінудің жай уақытша өзара әрекеттесуі.
D) Негативті есту адаптациясы.
E) Компенсациялы сенсибилизация.
$$$ 51
Берілген мысалда түйсінудің қай заңдылығы көрінеді:
“кейбір иістердің әсерінен (героиннің, бегамот майының) сезгіштіктің күшеюі байқалады”
A) Контраст.
B) Сенсибилизация.
C) Синестезия.
D) Позитивті адаптация.
E) Түйсінудің уақытша өзара әрекеттесуі.
$$$ 52
Соқыр, мылқау О. Скороходова бөлмеге кірген адамды иісінен таниды, музыканы қолын рояльға қойып тыңдайды. Осында түйсінудің қай заңдылығы көрінеді?
A) Маманданған сенсибилизация.
B) Компенсациялық сенсибилизация.
C) Түйсіктердің өзара әрекеті.
D) Позитивті адаптация.
E) Негативті адаптация.
$$$ 53
Адам сезетін сенсорлық депривацияға тән сипаттама:
A) Көрудің жақсаруы.
B) Естің көлемінің үлкеюі.
C) Жақсы көңіл-күй.
D) Аяқ-қолдардың ұзындықтарының өзгеруі.
E) Галлюцинациялар.
$$$ 54
Түйсіктің қай түріне “күшті ес” тән: әдетте жағымсыз тітіркендіргіштер адам есінде ұзақ уақыт қалады, осы тітіркендіргіштен аулақ болуға адамды не итереді?
A) Көру түйсігі.
B) Дәм түйсігі.
C) Иіс сезу.
D) Вибрациялық түйсіктер.
E) Температуралық түйсіктер.
$$$ 55
Адам мекеменің ішінде болып біраз уақыттан соң күйген иісті сезбей қалады, ал жаңа кіріп келген адам иісті сезеді. Түйсіктің түрін, заңдылығын атаңыз:
A) Дәм түйсігі, түйсіктердің өзара әрекеті.
B) Иіс сезу түйсігі, толық негативті адаптация.
C) Тактальді түйсіну, сенсибилизация.
D) Дәм түйсігі, табалдырық түйсігі.
E) Иіс сезу түйсігі, сенсибилизация.
$$$ 56
Соқыр-саңырау адамдардың қоршаған әлемдегі бағдары сипап сезу, иіс сезу, қозғалыс вибрациялық түйсіктер арқылы жүреді. Берілген мысалда түйсіктің қандай заңдылығы байқалады?
A) Маманданған сенсибилизация.
B) Компенсациялық сенсибилизация.
C) Түйсіктердің өзара әрекеті.
D) Позитивті адаптация.
E) Түйсіну табалдырықтары.
$$$ 57
Изабель Обренің әндеріне арналған 11. 01. 86 ж. шыққан “Смена” газетінде рецензияда келесі жазылған: “Оның әдемі дауысы соңғы күздік гүлдерінің иісіндей және хрусталь тәрізді таза. ” Осы мысалда түйсіктің қай заңдылығы көрінеді?
A) Маманданған адаптация.
B) Абсалютті төменгі табалдырық.
C) Синестезия.
D) Дифференциалды табалдырық.
E) Сенсибилизация.
$$$ 58
Қабылдаудың толық анықтамасын көрсетіңіз:
A) Адамның сезім мүшелері арқылы заттармен құбылыстардың миымызда тұтастай бейнеленуі.
B) арапайым психикалық процесс.
C) Сезім мүшелері арқылы қоршаған ортаның заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнеленуі.
D) Көру мүшелері арқылы заттар мен құбылыстарды бейнелеу.
E) Заттың жеке физикалық сипаттарын анықтау.
$$$ 59
800 г. мен 250 г. арасындағы кішкентай болса да айырмашылықты анықтау үшін екеуіне де бірдей салмақ қосу қажет пе? Бұл заңдылық қалай аталады?
A) Иә. Төменгі абсалюттік табалдырық.
B) Жоқ. Түрлі табалдырық.
C) Жоқ. Төменгі абсалюттік табалдырық.
D) Иә. Түйсіктердің өзара әрекеті.
E) Жоқ. Адаптация.
$$$ 60
¦зақ уақыт әсер еткен жағымсыз иістің сезілуі бітеді. Бұны түйсінудің қай заңдылығына, түріне жатқызуға болады?
A) Толық емес негативті адаптация.
B) Сенсибилизация.
C) Толық негативті адаптация.
D) Позитивті адаптация.
E) Түйсіктердің өзара әрекеті.
$$$ 61
Қант дәмінің әсерінен сары-қызыл сәулелерге түстік сезімділік төмендейді (жоғарлайды). Осы түйсіктің заңдылығын, түрін атаңыз:
A) Адаптация.
B) Синестезия.
C) Сенсибилизация.
D) Түйсіктердің қысқа мерзімді қарапайым өзара әрекеті.
E) Негативті адаптация.
$$$ 62
Зерттеулер бойынша адам “суық түстерге” боялған қабырғаларды бөлмелердің температурасын 3-5 градус төмен қабылдайтыны белгілі. Осыны ескере отырып кейбір қызмет мекемелерінде қабырғаларға арнайы бояулар алынған (мысалы, ыстық цехтерде). Бұлар қандай бояулар? Осында көрінетін түйсіктің заңдылығын, түрін атаңыз:
A) Көк, жасыл, сұр, температуралық және көру түйсіктерінің өзара әрекеті.
B) Сары-қызыл, адаптация.
C) Жасыл сұр, температуралық түйсіктердің табалдырығы.
D) Көк, жасыл, сұр, компенсациялық сенсибилизация.
E) Сары, жасыл, қызыл, температуралық контраст.
$$$ 63
Көпдеңгейлі психикалық депривацияның теориясының авторын атаңыз:
A) Шеффер, Брунер.
B) Деннис, Гевирц.
C) Лангмейер.
D) Гоф, Брим.
E) Хебб, Мюллер.
$$$ 64
Екі қосымша түстердің араласуынан ахроматикалық түс пайда болады. Бұл түстердің араласуының қай заңы?
A) Екінші.
B) ‡шінші.
C) Төртінші.
D) Бірінші.
E) Бесінші.
$$$ 65
Төменде көрсетілген адам мүмкіншілігі қабылдаудың қай заңдылығына тәуелді?
Адам бір сәтте кез-келген фигураны тани алады, мысалы, квадраттың үлкен немесе кіші болуы, оның тік орналасуы немесе бұрыш бойында болуына тәуелді емес, тіпті, торға түсетін сурет параллелограмм түрін де болса да:
A) Тұтастық.
B) Құрылымдық.
C) Константтылық.
D) Көлем.
E) Полимодальдік.
$$$ 66
Науқасқа қызыл квадратты көрсетіп бұл не деп сұрайды. Оның жауабы: “Түзу, түзу, түзу, түзу және қызыл”. Науқаста қабылдаудың қай түрі дамымаған?
A) Тұтастық.
B) Көлем.
C) Тапқырлық (изобритательность).
D) Полимодальдік.
E) Интенсивтілік.
$$$ 67
Біріге орын ауыстыратын элементтер топқа бірігуіне қарсыласады: Бұнда гештальпсихологияның қай заңдылығы туралы айтылған?
A) Жақындық.
B) Жалғасы.
C) ¦жымдық қозғалыс.
D) Транспозиция.
E) Прегнанттылық.
$$$ 68
Бірнеше әрекет түрлерін немесе әртүрлі іс-әрекеті бір уақытта орындай алуы зейіннің қай ерекшелігі?
A) Концентрация.
B) Бөлінушілік.
C) Көлем.
D) Аударылуы.
E) Тұрақтылығы.
$$$ 69
Осы көрсетілген түрлердің ішінен қайсысы мақсаттанған бастама алады және күш жұмсауды қажет етеді?
A) Ішкі.
B) Сыртқы.
C) Ыырықсыз.
D) Ырықты.
E) ‡йреншікті.
$$$ 70
Қандай жағдайлар немесе шарттар қойылуы қажет, ырықсыз зейіннің пайда болуында?
A) Оқу материалының құрылымы.
B) Сыртқы тітіркендіргіштердің адамның ішкі жағдайларына әсер етуі.
C) ¤зіне-өзі сөздік ескерту беру.
D) Еңбек шартының мінезі.
E) Оптималдық дауыстың жоғарылығы.
$$$ 71
Төмендегі көрсетілген түрлердің ішінен көрсетіңіз: адам өзінің ішкі әлеміне көңіл бөлген немесе зейінін аударған:
A) Даралық.
B) Ішкі.
C) Сыртқы.
D) Ырықсыз.
E) ‡йреншікті.
$$$ 72
Берілген мысалдарда қандай заңдылық көрінеді?
Текстильдіктер қара түсті мата шығаруда маманданған, сондықтан олар қара түстің 40 түріне дейін айыра алады, ал маманданбаған адамның көзі тек 2-3 түсті айырады.
A) Маманданған сезгіштік.
B) Компенсаторлық сезгіштік.
C) Қосарласқан.
D) Толық бейімделу.
E) Толық емес бейімделу.
$$$ 73
Қабылдаудың ерекше түрін анықтаңыз, заттардың қабылдауында толық дайын күйі берілмеген барлық қажет элементтер мен кейбір формаларын өзіңіз ойша құрастыруды?
A) Бүтіндік.
B) Заттық.
C) Апперцепция.
D) Тұрақтылық (константность).
E) Мағыналылық.
$$$ 74
А. Ахматованың еске түсіруінде “А. Блок тыңдады, И. Северянин айтты: оның дауысы семіз адвокаттық дауыс”:
A) Адаптация.
B) Синестезия.
C) Сезгіш.
D) Дифференциалды табалдырық.
E) Абсолюттік табалдырық.
$$$ 75
‡ш жасар баланың суретінде схемалық түрден адам түрі бейнеленген: мұрыны мен құлағы жоқ, ал белгіленіп алынған ауызымен тілі бетінен тыс орналасқан, сонымен қатар ауызының ішінде емес, берілген мысалда балада қабылдаудың қандай түрі дамып жетілмеген?
A) Бүтіндік.
B) Көлем.
C) Апперцепция.
D) Тұтастылық.
E) Таңдаушылық.
$$$ 76
Келесі мысалда қабылдау заңдылығы және оның әртүрлілігі көрсетілген? Егер қабылдаған осы кейбір қашықтықта зат алшақтатылса, онда заттың бейнесі көзімізде кішірейеді, ал сонымен қатар қабылдауда заттың толық көлемі көз алдымызда қалуды қалай атаймыз?
A) Заттылық.
B) Полимодальдылық.
C) Таңдамашылық.
D) Көлемі.
E) Тұрақтылық.
$$$ 77
Берілген мысалда қабылдаудың қандай қасиеті көрсетілген? «Мимикасы мен пантомимикасы кедей адамдар арасында зор қимыл әрекетті, айқын бет-әлпетті, іс-қимылы шапшаң адам зор әсерін қалдырады» (осыған ұқсас басқа жағдайларда да)
A) Апперцепциялық.
B) Мағыналы қабылдау.
C) Бүтіндік.
D) Тұрақтылық.
E) Фоннан бөлектенген фигура.
$$$ 78
Адам бір уақытта іс-әрекеттің бірнеше түрін орындағанда зейіннің қандай қасиеті орын алады?
A) Шоғырлануы.
B) Бөлінуі.
C) Көлемі.
D) Тұрақтылығы.
E) Ауытқуы.
$$$ 79
Психикалық қалып – зейіннің негізінде қозғалыс пен аффективті қалыпты жатқызатын зейіннің психологиялық теориясының авторы кім?
A) П. Я. Гальперин.
B) Т. А. Рибо.
C) Д. Н. Узнадзе.
D) Л. С. Выготский.
E) П. П. Блонский.
$$$ 80
Драматургтың сөзінен: “Мен бір сценаны жазғанда мен оны естимін”. Естің типін анықтаңыз:
A) Оперативтік.
B) Бейнелік.
C) Қозғалмалы.
D) ¦зақ мерзімді.
E) Сөздік-логикалық.
$$$ 81
Жүру, жазу және еңбек ету дағдыларының қалыптасуы мен өңделуі негізінде:
Достарыңызбен бөлісу: |