Лекция№6
Тақырыбы:
Өнім сапасы деңгейін бағалау(4 сағат)
Өнім сапасының деңгейін бағалау: жіктеу, шектеу және бағалау көрсеткіштері.
Өнім сапасын сараптық бағалау.
Көрсеткіштердің салмақтылығы коэффициенттерін анықтау.
Сапа деңгейін бағалау үшін базалық үлгілерді таңдау.
Өнім сапасы деңгейін бағалаумен қатар бағалау нәтижесі түсіндіріледі, яғни бағаланатын өнімнің сапа көрсеткіштерімен базалық мәндері салыстырылады.
Бұл баға сандық және сапалық түрде болуы мүмкін.
Сандық түрде баға өнімнің белгілерінің белгілі бір жиынтығын қамтитын сапаның комплексті көрсеткіштерін беретін бір сан түрінде болады.
Сапалық түрде баға өнімнің қаралатын белгілер жиынтығының белгілі бір рынок талаптары деңгейіне сәйкестігін дәлелдеу түрінде болатындығын көрсетеді.
Салыстыру үшін таңдалған көрсеткіштер базалық мәндері болып табылады. Ереже бойынша бұл мәндер өнімнің аналогтарының көрсеткіштері.
Бағалауды жүргізу кезінде классификациялық , шектеулік, бағалау көрскткіштерін жіктеп көрсетеді.
Классификациялық көрсеткіштер берілген өнім түрінің қолданылу саласын белгілейді. Осы көрсеткіштер мәндері бойынша бағаланатын өнімнің аналогтарының тобы алынады.
Классификациялық көрсеткіштерге жатады:
Өнімнің түр-өлшемдерінің параметрлік қатарын көрсететін көрсеткіштер (мысылы: экватордың ковшысыйымдылығы, автомобильдік жүк көтерімділігі, химиялық өнімнің тазалығы және т.с.с.)
өнімнің қасиеттерінің немесе қосымша құрылғыларының бар болуының көрсеткіштері (күнтізбесі бар сағат, дымқылдан және шаңнан қорғалған сағат, тазартылған өнім және т.с.с.)
Өнімнің класын немесе осы өнімді тұтынушылар тобын анықтайтын көрсеткіштер(автомобиль радиоқабылдағышы, әуескерлік фотоаппарат, ерлерсағаты және т.с.с)
Өнімнің қолдану саласын немесе шарттарын анықтайтын көрсеткіштар (су астындағы жұмыстар үшін аппаратура, сәуле шарттарынды және т.с.с.)
Шектеулік көрсеткіштері –халықаралық және отандық стандарттаржәне басқа нормативтік актілер(заңдар талаптарын қанағаттандыратын экологиялық және қауіпсіздік көрсеткіштері)
Бағалау көрсеткіштері- белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті мен байланысты өнімнің қасиеттерін сипаттайды, және өнімнің үлгілерін салыстыру үшін қолданылады.
Бағалау көрсеткіштері:
Қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнімнің функционалды жарамдылығын анықтайтын көрсеткіштері
Өнімді жасау және қолдануда оның сапасын қалыптастыру, қамтамасыз ету және реализациялауда ресурстардың материалдық шығымдарын анықтайтын көрсеткіштері (өндіріс кезінде ресурстарды тұтыну көрсеткіштері)
Әрбір бағалау көрсеткіші оның өнім сапасына әсер ету бағытымен сипаталады: егер өнімнің сапасының жоғарылауына көрсеткіштер мәндерінің ұлғаюы сәйкес келсе, онда олар позитивті – позитивті болады, егер кемісе – негативті болады.
Бағалау ситуациясы. Сапа деңгейін бағалау мына шешімдерді қабылдау үшін жүзегше асырылады:
Өнімді өңдеу және модернизациялау туралы, ал егер бұл шешім қабылданған болса, онда жаңа өнімді өңдеу және модерназациялау кезінде нұсқасын таңдау үшін.
Нақты нарыққа шығу туралы
Өнімді бағалау мақсатына байланысты аналогтар тобына мыналар кіреді:
перспективті үлгілер, олардың нарыққа шығарылуы өнімді өндіру кезенінде жоспарланады.
Реалды үлгілер, олар өнімді бағалау кезінде нарықта сатылады.
Перспактивті үлгілердің көрсеткіштерінің мәндері фирмалардың нарықтың тізімдерінен алынады немесе берәлген түрдегі өнімнің сапа көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған потентті зерттеулер, көрсеткіштер мәндерінің өзгеру тенденцияларын талдау, перспективті техникалық шешімдердің жүзеге асу мерзімдерін бағалау негізінде жоспарланады.
Реалды үлгілердің көрсеткіштер мәндері қолдағы бар оның құжаттары немесе сынақтар нәтижелері бойынша белгіленеді.
Сонымен қатар сарапшыға сапаны бағалау мақсатымен және бағаланатын өнімнің ерекшеліктері мен анықталатын спецификалық талаптар қойылуы мүмкін. Мысалы: азықтүлік өнеркәсібінде – психофизиологиялық мүмкіндіктердің белгілі бір деңгейі және денсаулықтың жақсы күйде болуы.
Жұмыстың екінші кезеңінде әдістерді, тәсілдерді және бағалау процедураларын таңдау жүзеге асырылады. Оны жұмысшы топ атқарады. Жұмысшы топ бағаланатын өнім ерекшеліктерін, жұмыстың белгіленген орындалу мерзімін, оның еңбек сіңірілуі, алынған нәтижелерді қолдану мүмкіндігі салаларын есепке алады.
Сарапшылар атқаруы тиіс операцияларды анықтауды бағалау мақсаттарына, қолда бар ақпаратқа, бағалаудың таңдалған әдістеріне, тәсілдеріне және процедураларына, бағалаудың орындалу шарттарына және мерзімдеріне ьайланысты жұмысшы топ жүзеге асырады.
Сарапшылар пікірлерін алу үшін сұрақтар қою әдсі қолданылады.
Өнім сапасы бойынша сарапшыға сұрақ қою - өнім сапасы бойынша сарапшылар пікірлерін алу процесі.
Сарапшыға сұрақ қою әдісі топтық және жеке болып екіге бөлінеді. Топтықта барлық топ немесе оның бір бөлігі сұралады. Жеке сұрауда рәбір сарапшы жеке-жеке сұралады.
Сарапшыларға сұрақ қою процедураларына интервью алу, анкета алу, аралас анкета алу.Интервью алуда сарапшы пікірін білу белгілі бір жоспар шеңберінде еркін сұхбат процесінде жүзеге асады. Интервью алу сұрақтар тәртібі және оның мазмұны алдыңғы сұрақтардың жауаптарының сипатына байланысты болған кездегі сұрауларда қолданылады.Анкета алуда сарапшы сұрақтарға жауап бере отырып сұрақ картасын толтырады. Анкета алу жеке сұраудың сыртттай тәсілінде қолданылады. Аралас анкета алуда сарапшы сұрау картасын сұрақтар қойып тоырған тұлғадан барлық қажеттті түсінік ала отырып толтырады.Анкета алу әдісімен сарапшыларға сұрау жүргізу үшін жұмысшы топ анкетаны құрастырады. Анкета түсіндірме хаттан және сұрақтар картасынан тұрады. Түсіндірме хатта анкета алудың процедурасы және мақсаты жазылады, нақты мысалда картаның графаларын қалай толтрылуы керектігі келтіріледі. Қажет болған жағдайда тұтнушылардың талаптары және өнімнің классификациялық топтары сипаитталады, басқа да ақпарат беріледі. Сұрау картасында жоспарланған сұрақтар тізімі белгілі бір ретпен келтіріледі, әрбір сұрақ үшін жауаптың белгілі бір сипаттамасы қарастырылады.
Жұмыстың үшінші кезеңі сарапшылар тобы арқылы жүзеге асады. Сарапшылар тобының мүшелері өздерінің пікірлерін екінші кезеңде белгіленген әдістер, тәсілдер және процелураларға сәйкес білдіреді.
Төртінші соңғы кезеңде сарапшылық комиссия сарапшылар пікірлерін талдайды, өңдейді және сарапшылық қорытытды рәсімделеді.
Сапа көрсеткіштерін органолептикалық бағалау мәселесі өнімнің сенсорлық қабылданатын қасиеттерін бағалау кезінде туады. Мысалы : азық –түлік өнімінің дәмі, матаның түсі, шрифтінің әртүрлілігі, киімнің модаға сәйкес келуі. Бұл жағдайда реттік шкаланы құру арқылы бағалау жүзеге асады. Көп жағдайда бұл шкала ролін бағалаудың баллдық шкаласы атқарады. Баллдық шкала бағаланатын қасиетке осы қасиеттің өлшемі болып табылатын сандық сипаттаммалар беру үшін қолданылады. Баллдық шкаланың негізгі сипаттамасы болып диапазон- градациялар мөлшері болып табылады. Градациялар мөлшеріне бағалау нүктелерінің саны, яғни шкала кіреді. Сонымен қатар екі көрші градацияға сәйкес келетін баллдар арасындағы айырмашылықтың, яғни масштабтың еш маңызы болмайды. Мысалы 0,5 балл градациясы бар 5 баллдық жоғарғы баға беретін шкала диапазоны 1 балл градациясы бар 10 баллдық жоғарғы баға беретін шкала және 10 балл градациясы бар 100 баллдық жоғарғы баға беретін шкала диапазонымен бірдей болады. Егер бұл шкалаларда 0 қолданылмаса, онда олардың барлығы 10 баллдық болып саналады.Қолданылатын шкаланың градациялар саны аналогтың өнімнің сапасын анықтау бойынша тәжріибені есепке ала отырып шешілетін мәселенің сипатына, жұмысқа қатысатын сарапшылар мөлшеріне, талап етілетін нәтиже дәлдігіне және сандық градациялардың сапалық сипаттамалар мүмкіндіне байланысты анықталады.
Өнім сапасын сарапшылық бағалау үшін ережеге сәйкес орташа деңгейге ие нақты емес мөлшердегі градациялық шкала қолданылады. Көбінесе қолайлы болып бағаланатын қасиеті бойынша сапаның бес және жеті градациялы шкаласы саналады. Сонымен қатар градациялар саны баллдар санымен сәйкес келуі (1-нұсқа) немесе сәйенс келмеуі (2- нұсқа) мүмкін.
1-нұсқа
Достарыңызбен бөлісу: |