Пәні: Саясаттану БӨж тақырыбы


  Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата05.05.2024
өлшемі291.74 Kb.
#500593
1   2   3   4   5
Саясат дайынн сал

2. 
Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар. 
Қазақстанның тәуелсiздiк алуымен бiрге елде қоғамдық қозғалыстар мен 
ұйымдардың белсендi ӛсу кезеңi басталды. ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяқ 
кезiнде алғашқы қоғамдық-саяси құрылымдар сол кездегi билiк жүргiзушi 
Коммунистiк партияға оппозиция ретiнде қалыптасты. Компартияның ӛзi осы 
жылдары идеялық бiртұтастықтан айрыла бастады. Компартия iшiнен түрлi 
идеялық ағымдар шықты. Олар ӛз кӛзқарастарын iске асыру жолында күреске 
кiрiстi. Жаңа ағымдар КОКП ОК-нiң саяси бағытынан ӛзгеше ұрандар ұсынды. 
Әсiресе, ұлттық республикалардағы мемлекеттік тәуелсiздiк туралы ұрандарды 
жергiлiктi халық қызу қолдады. Тәуелсiздiк идеяларын насихаттауда 
либералдық-демократиялық кӛзқарастағы интеллигенция маңызды рӛл атқарды. 
Сонымен қатар ғасырлар бойы қаналған автохтонды этнос қазақ халқының 
тiлдiк, рухани- мәдени және әлеуметтік-саяси мүдделерiн күн тәртiбiне қоюды 
мақсат тұтқан ұлттық қозғалыстар кең қанат жая бастады. Олардың iшiнде 
Желтоқсан, Азат және Алаш азаматтық-ұлттық қозғалыстары беделдi болды. 
Бiртұтас кәсiподақ ұйымдарының ыдырауы Кеңес Одағының ыдырауымен қатар 
басталды. 1991 жылдың күзiнде Қазақстандағы тұңғыш саясиланған кәсiподақ 
орталығы — Тәуелсiз кәсiподақ орталығы пайда болды. Саяси партиялардың 
ӛсуiмен бiрге тарихи- ағарту, ұлттық-мәдени, бейбiтшiлiк жолындағы, соғыс 
қаупiне қарсы, экологиялық, т.б. сипаттағы қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар 
саны ӛсе түстi. Олардың басым кӛпшiлiгi тiкелей саяси мәселелермен 
айналыспаймыз деп жариялағандарымен елдегi саяси үрдiске қатысып отырды. 
Әсiресе, 
нарықтық 
экономикаға 
ӛту 
жағдайындағы 
әлеуметтік 
инфрақұрылымның күйреуi, ауыл шаруашылығының, мәдениет, бiлiм мен 
ғылымның құлдырауына қатысты қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар түрлi 
наразылықтар мен митингiлер ұйымдастырумен болды. Елдегi қоғамдық 
қозғалыстардың ең басты ерекшелiгi олардың әлеуметтік базасының әртектiлiгi, 
екiншi белгiсi, елдегi қоғамдық қозғалыстар кейде белсендi, кейде тым баяу 
әрекеттер жасады. Олардың қызметiнде ӛрлеу мен құлдырау жылдам жүрiп 
отырды. 
Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бастапқы жылдары 1991 ж. 
кӛктемде қабылданған ―Қазақ КСР-i қоғамдық бiрлестiктер туралы Заңды 
басшылыққа алып қызмет етсе, 1996 жылдың кӛктемiнен бастап ―Қоғамдық 
бiрлестiктер туралы‖ Қазақстан Республикасы Заңын басшылыққа алды. 
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) жылдам 
ӛсе бастады. 1994 ж. олардың саны 400-ден асса, 1997 жылы 1600-ге жеттi, 2010 
жылы елде шамамен 5000-нан астам қоғамдық қозғалыстар, ұйымдар және 
үкіметтік емес ұйымдар болды. Бұл ұйымдар елде азаматтық қоғамның 
қалыптасуына жағдай жасады. Қоғамдық ұйымдардың басым кӛпшiлiгi 15%-ы 


экологиялық, 14%-ы балалар мен жастар, 13%-ы әйелдер, 13%-ы денсаулық 
сақтау бағытындағы, 13%-ы мәдениет, ӛнер, ғылым мен бiлiм саласында, 8%-ы 
құқық қорғау мәселелерi бойынша 6%-ы қоғамдық белсендiлiктi, 5%-ы кӛп 
салалы, 4%-ы мүгедектер ұйымдары болса, 3%-ы мүгедек балаларға, ауру 
балаларға көмек кӛрсету ұйымдары болды. 
Қоғамдық қозғалыстар қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын ретке 
келтiруде 2001 жылы қабылданған ―Қазақстан Республикасындағы 
коммерциялық емес бiрлестiктер туралы‖ Заңы үлкен рӛл атқарды. 2002 жылы 
―Қазақстан Республикасында үкiметтiк емес ұйымдарды қолдаудың 2003 - 
2005 
жылдарға 
арналған 
бағдарламасы‖, 
2003 
жылы 
―Қазақстан 
Республикасындағы гендерлiк саясат концепциясы‖ сияқты маңызды 
құжаттардың қабылдануы қоғамдық қатынастардың түрлi салаларын қамтитын, 
әр түрлi мақсаттар тӛңiрегiнде топтасқан қоғамдық ұйымдардың қызметтерiн 
жандандыра түстi. 
Мемлекеттік билiк органдарымен үкіметтік емес секторды байланыстыратын 
құрылымдар пайда болды. Ондай құрылымдар қатарына 2000 жылы мамырда 
құрылған Қазақстанның мемлекеттік емес ұйымдар конфедерациясын
Инфоорталықтық мемлекеттік емес ұйымын және түрлi халықаралық 
ұйымдармен байланыс жасайтын мемлекеттік емес ақпараттық орталықтарды 
жатқызуға болады. 
Қазақстан қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдары арасында ерекше белсендiлiк 
танытқаны әйелдер ұйымдары және гендерлiк қозғалыстар. Алматы қаласында 
Феминистiк лига, Алматы әйелдерi ақпараттық орталығы, Қазақстан iскер 
әйелдерi ассоциациясы, 
Қарағанды гендерлiк зерттеулер орталығы, ―Қазақстан әйелдерi‖ қоғамдық-
саяси бiрлестiгi сияқты түрлi ұйымдар елдегi әйелдер мәселелерiн шешуге үлес 
қосып отырды. Олар түрлi халықаралық ұйымдардың қаржы, ақпараттық және 
кадрлық ресурстарын елде түрлi жобаларды iске асыруға пайдаланды. Осындай 
ұйымдар қатарында Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақ ұйымы (ЕҚҚҰ), 
―Сорос-Қазақстан‖ қоры, ЮНЕСКО ұйымы, т.б. кӛптеген жобаларға донорлық 
қолдау кӛрсеткендiгiн атаған жӛн. 
Қазақстандағы демократиялық мазмұндағы саяси реформалар елде азаматтық 
қоғам iргетасын қалауға кӛмектестi. Азаматтық қоғам ӛмiрдiң түрлi салаларын 
қамтитын мемлекетік емес ұйымдардың (МЕҰ), қоғамдық ұйымдар мен 
қозғалыстардың қызметi нәтижесiнде қалыптаса бастады. Оның мәнi 
азаматтардың ӛз ерiктерiмен, ӛз бастамаларымен қоғамдық ӛмiрдiң мемлекеттік 
билiк институттарының тiкелей әсерi шамалы бағыттары мен салаларын 
басқаруына 
және 
ұйымдастыруына 
байланысты. 
Азаматтық 
қоғам 
Қазақстандағы қоғамдық-саяси ӛмiрдiң жандануына әсер ете отыра елдегi саяси-
психологиялық ахуалдың демократия рухына бетбұрыс жасауына кӛмектестi. 
Қазақстан қоғамындағы этникалық үрдiстердi демократиялауға, этносаралық 
татулықты сақтауда ерекше маңызға ие болған азаматтық қоғам 
институттарының бiрi — Қазақстан халықтары ассамблеясы. Елдегi қоғамдық-
саяси институт ретiнде бұл ұйымды Қазақстандағы саяси реформалардың 
ерекше нәтижесi ретiнде бағалауға болады. 
Бұл ұйымды құру туралы идеяны 1992 жылы Қазақстан халықтарының 1-
форумында Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқан болатын. Қазақстан халықтары 
ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы кеңесшi-


ақылдасушы орган ретiнде елбасының 1995 жылғы 1 наурыздағы ―Қазақстан 
халықтары ассамблеясын құру туралы‖ Жарлығына сәйкес ӛмiрге келдi. 
Ассамблеяның негiзгi мақсаты елдегi қоғамдық келiсiм мен этникалық 
татулықты сақтау. Сонымен қатар, ассамблея Қазақстанда қазақ этносымен 
бiрге ӛмiр сүрiп жатқан 130-дан астам этникалық топтар мен диаспоралар 
ӛкiлдерiнiң ұлттық-мәдени құндылықтарын жаңғыртуды және дамытуды мақсат 
тұтты. Ассамблея елдегi болып жатқан оқиғаларға, құбылыстарға баға беру 
арқылы саяси ахуалға болжамдар жасап отырды. Елбасына қоғамды ұйытуға 
қатысты, нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтік, дiни шектеулердi заңсыздықтарына 
байланысты ұсыныстар берiп отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет