Пәнінен Оқу әдістемелік кешен



бет1/41
Дата11.06.2016
өлшемі2.66 Mb.
#127531
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым беру министрлігі.

Сырдария” университеті.








«Химия және биология » факультеті

«Биология» кафедрасы
«Микробиология және вирусология»

пәнінен

Оқу - әдістемелік кешен

050113 – «Биология» мамандығының

3 – курс студенттеріне арналған




Жетісай - 2007

Түсініктеме
«Микробиология және вирусология» пәні бойынша дайындалған оқу - әдістемелік кешенге Қазақстан Республикасының МЖМБС – на сәйкес.


(№461 бұйрық 25 тамыз 2006 ж)


  • ҚР МЖМБС (ГОСО)

  • Оқу жұмыс бағдарламасы (РУП) +

  • пәннің оқу типтік бағдарламасы +

  • пәннің жұмыс оқу бағдарламасы +

  • студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасы (СИЛЛАБУС) +

  • пәннің күнтізбелік – тақырыптақ жоспары +

  • пәннің оқу - әдістемелік картасы +

  • курстық жұмыстардың нұсқаулары

  • Кіші лабораториялық әдістемелік нұсқау +

  • ОБСӨЖ – арналған тапсырмалар енгізілген. +

  • Тестік сауалнама +

Лекция мәтіндері мүмкіндігінше толық, жан – жақты қарастырылған, Лекцияда талданған тақырыпты студенттің меңгеру дәрежесі ОБСӨЖ және лабораториялық жұмыстарды орындау барысында анықталды.

Кредиттік технологияның ең негізгі компоненті – студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) және оқытушының басшылығымен атқарылатын студенттің өзіндік жұмысы (ОБСӨЖ) студенттердің курсты игеруін анықтауға ОБСӨЖ сабақтарына тестілік тапсырмалар, коллоквиум сұрақтары дайындалған.

Ал студенттерге берілген глоссарий сұрақтарға курс шеңберіне қолданылатын негізгі ұғымдар мен анықтамаларда, теорияларды, механизмдерді түсінуін жеңілдетеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.


«Сырдария» университеті



«Микробиология және вирусолотия» пәніне арналған


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Дайындық бағыты: 050113 - Биология мамандықтары үшін

Оқу түрі: күндізгі

Курс: 3


Семестр 6

Жетісай 2007 ж.

Оқу бағдарламаны құрастырған: а.ш.ғ.к Дошманов Е. Қ.

оқытушы Қ. Түймеханова.

Оқу бағдарламасы Колешко О. И. Экология микроорганизмов почвы, Теппер Е. З. Шилникова В. К. Переверезева Г. И. Практикум по микробиологий оқулықтары негізінде дайындалған

Кафедра мәжілісінде талқыланған


Хат тама № « » 200 ж
Кафедра меңгерушісі: Дошманов Е. Қ.

Оқу бағдарламасы «Сырдария » университетінің Ғылыми Кеңесінде бекітілген


Хат тама № « » 200 ж

Алғы сөз
Ι.Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу процесіндегі ролі.

Микробиология өте ұсақ тірі организмдер – микроптар жөніндегі ғылым. Ол микроорганизмдердің құрылысын, биологиялық қасиетін, табиғатта жүріп жататын әр түрлі процестерді олардың ролін, жоғары сатыдағы күрделі организмдермен қарым-қатнасын және бұлардың зиянды әрекетінің әсерін зерттейді.

Микробиологияның дамуы басқа ғылым салалары сияқты өндіріс тәсілдеріне, практикалық жұмыстардың талабына , жалпы ғылым мен техниканың дамуына тығыз байланысты.

Микробиология және вирусология курсының мақсаты – студенттерді прокариоттардың басты қасиеттерімен, олардың физиологиясы және биохимиясымен таныстыру. Микробиология саласындағы жетістіктердің жалпы биологиялық және практика үшін маңызын, олардың әлеуметтік – этикалық, дүние көзқарастың мәнін көрсету. Микробиологияның басқа да биологиялық пәндермен өзара байланысын анықтау бсаты міндеттердің бірі.



Микробиология ғылымы
Микробиология ( гректің “ микрос”- кішкене “ биос” тіршілік, “ логос” – ілім деген сөзінен шыққан) өте ұсақ тірі организмдер – микробтар жөніндегі ғылым. Ол микроорганизмдердің құрылысын, биологиялық қасиетін, табиғатта жүріп жататын әр түрлі процестердегі олардың ролін, жоғары сатыдағы күрделі организмдермен қарым- қатынасын және бұлардың зиянды әрекетінің әсерін зерттейді.

Микроорганизмдердің басым көпшілігі - бактериялар. Бактериялардан басқа микробиология актиномицеттерді, ашытқыларды, зең саңырауқұлақтарын , ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды, риккетсияларды зерттейді. Өйткені бұлардың сыртқы пішіні, құрлысы бір- біріне өте ұқсас әрі тіршілік ортасына биохимиялық әсері жағынан алып қарағанда да ортақтығы мол.


Микроорганизмдерге сипаттама.
Микроорганизмдер- көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер. Олардың клеткалары иллиметтердің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Микроорганикалық құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде 100 есе үлкейтіп көрсететін арнаулы құрал – микроскоптар қолданылуда. Микроорганизмдердің ішкі құрылысын зерттеуге арналған, ол-ы 10000 есе, кейде жүз мың есе үлкейте алатын электронды микроскоптар да бар. Бұл микроскопта зерттеу үшін, клетканы алдын-ала түрлі бояу заттары флуорхромдармен бояйды. Мұндай боялған микроор- р тірі күйінде люминесценттік микроскопта сәуле шашып, жалтырап көрінеді де, зерттеу оңайлайды. Микроорганизмдер бір ортада топталып тіршілік етсе , онда колониялар түзеді.

Бактерия клеткаларының құрылысы.

Құрылысы жағынан алғанда бактерия клеткасы қарапайым деуге болады. Бірақ оның құрылысының көптеген сыры әлі күнге дейін толық зерттеліп біткен жоқ. Бұған басты себеп олардың өте ұсақтығы және қоректену, тіршілік ету жағдайларына байланысты, тез өзгеріп отыратындығында. Сондықтан бактерия клеткаларын зерттегенде, оның тіршілік ету жағдайларының біршама бірдей және тұрақты болуын қатаң сақтаған жөн. Барлық бактерия клетка қабықшасынан, цитоплазмалық мембранадан және цитоплазмадан тұратыны анықталды. Цитоплазмада нуклеотидтер, мезосомдар, рибосомдар және зат алмасу процесі кезінде түзілетін түрліше заттар болады.



Бактериялардың көбеюі.

Бактериялар әдетте жыныссыз, жай бөліну арқылы көбейеді. Әр клеткадан екі клетка, одан әрі олардың әр қайсысы тағы екі клетка, сөйтіп бөліне береді. Бұл процесте алдымен нуклеотид бөлінсе, дәл осы кезде клетка ортасында цитоплазмалық мембрананың екі қабатынаң тұратын қалқанша пайда болады. Осы екі қабаттан клетканың болашақ қабықшасы түзіледі.

Клетка қабырғасы ажыраған кезде олар бір-біріненббөлініп кетеді.

Миксобактериялардың кейбіреулерінде бұл құбылыс байқалмайды. Таяқша тәрізде бактериялар бөлінер алдында ұзынынан ұзарады. Клетка диаметрі өзгермейді. Клетка ұзыны екі клетка ұзындығына тең болғанда, таяқша клетканың орта жері жіңішкеріп, екіге бөлініп кетеді.



Микроорганизмдер классификациясы.

Жоғары сатыдағы организмдер классификациясы белгілі бір дәрежеде олардың эволюциялық байланысын қамтитын болса, осындай негізде прокариоттар, яғни микроорганизмдер классификациясын жасау едәуір қиындықтар келтіреді. Систематика - дегеніміз көп түрлі организм топтарының (таксондар) өзара-қарым-қатынасын зерттейтін ілім; ал-классификация-көп түрлі организмдерің топтарға (таксондар) бөлінуін, ал таксономия-организмдер топтарының (таксондар) аттары мен олардың өзара шектесуін және тәуелділік қарым-қатынасын анықтайды. Таксондар- белгілі дәрежеде бір текті қасиеті бар организмдер топтары.

Таксономиялық категория ретінде түрді алуға болады. Түр –дегеніміз дәл сол кезеңдегі эволюцияда белгілі бір морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық белгілері бар, басқа түрлерден сұрыптау нәтижесінде оқшауланған, белгілі бір ортада тіршілік етуге бейімделген, жалпы шығу тегі бір өзара туыстық қатысы бар организмдер топтары.

Микроорганизмдердің физиологиясы мен биохимиясы

Микробтар клеткасы жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлар клеткасының химиялық құрамына тым ұқсас элементтерден тұрады. Оның 75-85 % судан, 13-25 % құрғақ заттан құралады. Көміртегінің мөлшері 45-55 %, оттегі 30 %, сутегі 6-8 %. Ал фосфор, калий, магний, күкірт, темір сияқты элементтер үлесінен небәрі 3-10 % тиеді.

СУ микробтар класына аса қажетті зат. Онда түрлі химиялық, биохимиялық процестер жүріп жатады. Жалпы микроб клеткасынан түсетін заттар мен зат алмасу әсерінен тысқа шығарылатын қалдықтар да су көмегімен жүреді. Судың бір бөлігі клеткада бос күйінде кездеседі, ал қалғаны байланысқан түрінде болады. Байланысқан су цитоплазмада берік қосылыс күйінде кездеседі. Ал бос су түрлі органикалық және минералды қосылыстарды ерітеді. Бұлардың ішінде көміртегі, азот, оттегі және сутегі құрғақ заттың 90-97 % алады.


Микроорганизмдердің қоректенуі


Микроорганизмдерге де басқа тірі организмдер сияқты керек етеді. Бірақ микроорганизмдердің бір айырмашылығы бұларда ауыз қуысы болмайды, қоректік затты бүкіл денесінің сыртымен қабылдап, сіңіреді. Сондықтан болса керек сыртқы орта мен клетка арасында зат аламасу өте тез жүреді. Қоректену процесі шапшандығы түрлі жағдайларға байланысты. Солардың ішінде қоректік заттар концентрациясының зор маңызы бар. Клетка құрлымын, оның қабығының еріген қоректік заттарды өткізгіштігі де едәуір роль атқарады.

Бұны галофитті қоректену деп атайды. Сонымен қатар тірі организмдер қоректенуінің екінші түрі-голозайлы тәсіл. Мұнда қоректік заттардың қатты түйірлері қармалады немесе жұтылады, содан соң ғана қортылады. Бұл негізінен жоғары сатыдағы жануарлар мен қарапайымдыларға тән.



Микроорганизмдердің ферменттері.

Биосинтез және катаболизм жайлы түсінік. Микроорганизмдер клеткаларына түскен қоректік заттар ыдырау барысында түрлеше химиялық реакциялардан өтеді. Оларды жинақтап, жалпы атпен метаболизм (зат алмасу) деп атайды. Метаболизмге тіршілікке аса маңызы зор катоболизм мен биосинтез процестері жатады.



Катоболизм (энергетикалық алмасу) - көмірсулар, майлар және белоктар сияқты қоректік заттардың тотығуы есебімен эенергия бөліну процестері. Микробтарда аэробты тыныс алу мен ашу сияқты катоболизмнің негізгі формасы бар.

Катоболизм барысында түзелген энергия клеткада аденозин үш фосфат (АҮФ) түрінде фосфор байланысына айналады.



Бактериялардың генетикасы.
Барлық организмдер өздерінің ата – тектеріне ұқсас болады. Ал микроорганизмдер де осындай жалпы биологиялық заңдылыққа бағынады. Бұл әрине ұрпақтан сол ата-тектеріне тән ерекше құрылысымен қасиетін сақтау және оларды ұзақ уақыт бойына тұрақтандыру болып табылады, яғни басқаша айтқанда тұқым қуалаушылық. Тұқым қуалаушылық белгілердің ұрпақтан-ұрпаққа берулуін және оның заңылықтарын зерттейтін ғылым-генетика болып табылады.

Организмде болатын эволюцияның басты факторлары: өзгергіштік бейімдеушілік (адаптация), тұқым қуалаушылық және тіршілік үшін күресте жеңіп шығу болып табылады.


Микроорганизмдерге сыртқы факторлардың әсері.
Микроорганизмдердің өніп-өсуі, тіршілігі сыртқы орта жағдайларына тікелей байланысты. Орта жағдайы неғұрлым қолайлы болса, соғұрлым ол белсенді тіршілік етеді. Табиғатта микроорганизмдерге әсер ететің жағдайларды негізінен үш топқа бөлуне болады:

  1. Физикалық.

  2. Химиялық

  3. Биологиялық факторлар.

Физикалық фактордың әсері.

Физикалық факторлардың ішінде температураның микроорганизмдер үшін маңызы зор. Бірақ микроорганизмдер өсімдіктер мен жануарларға қарағанда температураның құбылуына төзімді келеді. әр түрлі микроорганизмдер топтары үшін температураның үш нүктессі бар: оптималь - ең тіршілікке қолайлы температура;
Тағамды сақтау мен консервілеуде микробтар тіршілігін

сыртқы орта факторларымен реттеу.
Барлық тағамдық заттардың құрамында микроорганизмдерге қорек бола алатын заттар бар. Түрлі микробтар бұл қоректік затты пайдаланса, ақыр аяғында тағам бүліне бастайды. Міне, осыған байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерін дұрыс сақтауды қамтамасыз ету үшін микроорганизмдер әрекетінен болатын түрлі биохимиялық процестерді реттеу қажет. Етті шіріту бактериялары тіршілік ете бастайды. Шіру барысында ет құрамы түбегейлі өзгеріп, иістенеді. Белокпен бірге ет құрамындағы углеводтар ыдырайды. Сонда, ортада аммиак түзіледі. Ет қоңырқай тартып, онда сілтілі реакция пайда болады.

Микроорганизмдердің азотсыз органикалық заттарды өзгеріске ұшыратуы. Ашу процесі. Спирттік ашу процесі. Пентозафосфат жолы.
Табиғаттағы биологиялық маңызды элементердің, соның ішінде көміртегі қосылыстарының өзгеріске ұшырауында микроорганизмдердің ролі зор. Микроорганизмдердің өз тіршілігіне қажетті энергияны азотсыз органикалық заттардан алатыны анық байқалады. Өсімдік қалдықтарының химиялық, өқрамы өте күрделі. Онда белоктар, амин қышқылы, көміртегі бар қосылыстар (клетчатка, лигнин, гемицеллюлоза), майлар және т.б. болады. Бұлардың ішінде басым көпшілігі целлюлоза, гемицеллюлоза және лигнин. Бұл заттардың мөлшері мен сапасы әр түрлі. Ол өсімдіктердің түрлеріне байланысты өзгеріп отырады. Органикалық заттар негізінен екі жолмен ыдырайды. Фитогендік ыдырау саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномицеттер және басқа да микроорганизмдер әсерінен жүреді. Ал зоогедік ыдырау – омыртқасыз жануарлар, сүт қоректілер көмегімен болады.

Көмір сутегілерінің тотығуы.

Көмір сутегілер органикалық заттардың ішіндегі ең бір берігі. Бірақ соған қарамастан оны кейбір микроорганизмдер ыдырата алады. Біздің елімізде В.О. Таусон көмір сутегінің көзі болып есептелетін - парафинді микроорганизмдер ыдырата алатынын дәлелдеді. Көмір сутегілерін табиғатта Псеудо Монас, Флавобсектериум, Ауромобактер, Стрептомицес, Нокардиа, Микробактериум туысына жататын бактериялар және Кандида туысына жататын ашытқылар, кейбір саңырауқұлақтар ыдырата алады.

Газ тәрізді көмір сутегілерін де ыдырата алатын микроорганизмдер болатыны анықталды. Мұндай микроорганизмдерді мұнай және газ қорларын барлауда қолданылады. Псеудоманас және нокардис туысына жататын бактериялар бензол, толуол ксилол, нафталин, антраценді, ыдырата алатыны анықталды. Көпшілік микроорганизмдерде көмір сутегілерін тотықтарының ерекше ферменттер болады. Көмір сутегілерінің ыдырағандағы ақырғы өнімі көмір қышқыл газы мен су.
Патоген микроорганизмдер және олар мен күрес жолдары:

Жұқпалы аурулардың қоздырғышы патоген микроптор. Жұқпалы ауру адамға немесе жануарға таралуы үшін белгілі бір жағдай қажет. Олраға адам және мал организімдерінің осы ауруларға бейімдігі, яғни қабылдаушы алғыш қасиеті жатады. Мәселен, топалаңнан өлген малдың етінен бөлініп алынған микробтор сау организмді тез арада қатты ауруға шалдықтыратын қасиеті бар. Осындй микробтардың болмашы мөлшері үй қоянын сеспей қатырады.

Жұқпалы аурулардың таралуы организмнің ауруға қарсы тұра алатындық қасиетіне байланысты. Мәселен тауық топалаңмен мүлде ауырмайды. Егер Л. Пастер жасағандай етіп, тауық аяғын салқын суда ұзақ ұстап, содан кейін топалаң микробын жұқтырса. Ол тез арада ауыра бастайды.
Фитонцидтер.

Иммунитет – патогендік микробтардың, олардың токсиндері мен басқа да табиғатта биологиялық бөгде заттардың әрекетін малдың немесе адам организмінің қабылдаушылық мәні. Иммунитеттің мәні патогендік агенттердің енуі мен әрекетіне байлансты организмнің, ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін физиологиялық қорғанс реакциясы комплексінің көрінуінен тұрады. Қорғаныс реакциясын көрсету қабілеттілігі тұқым қуалаушылық сипатымен түсіндіріледі немесе өмір сүрген уақыт ішінде пайда болады.

Шығу тегінің белгісіне байланысты иммунитетті екі түрге бөледі: табиғи және пайда болған (иелік). Табиғи иммунитет (түрлік, тұқым қуалаушылық) бұл басқа түліктерге зақым келтіретін ауру қоздырушылардың әрекетіне кейбір мал түрлерінің ауруға бейімсіздігі. Ол тұқым қуалаушылықпен беріледі және де мал организмнің физиологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы: ірі қараның ешқашан сақаумен ауырмайтыны, шошқа обасының қоздырушысына сезімталдығы жоқ екені белгілі.
Микроорганизмдердің әсеренен азотты заттардың өзгеріске ұшырауы.
Басқа элементтермен бірге азот, тіршілік тірегі белоктың құрамына кіреді. Жалпы табиғатта азот қоры мол. Оның көпшілігі тірі организмдердегі көміртегінің мөлшері 700 миллион тонна болса, азоттың жалпы мөлшері 10-25 миллион тоннаға дейін жетеді. Жылына жасыл өсімдіктер 20 миллион тоннадай көміртегін, 1-1,5 миллион тоннадай азот сіңіреді.

Атмосферада азоттың газ күйіндегі қоры мол болғанымен, онымен өсімдіктер қоректене алмайды. Олар топырақта болатын азоттың әр түрлі формаларының ішінен, тек минерал күйіндегі азотты сіңіре алады. Жалпы табиғатта азот айналымының төрт кезеңін байқауға болады. Олар: аммонофикация, нитрификация, денитрификация және атмосфера азотын микроорганизмдердің тікелей сіңіруі. Осы процестердің әрқайсысында өзіндік ерекшеліктері бар микроорганизмдер қатысады.


Нитрлендіру процесі.
Органикалық заттар топырақта ыдырағанда оның құрамындағы аммиак азоты қышқылға шапшаң тотығады. Азотты қышқыл тиісінше азот қышқылына айналады. Осы құбылысты нитрификация деп атайды. Ал бұл процеске белсене қатысатын организмдер – нитрификациялаушы бактериялар.

С.Н. Виногарадский нитрификация процесі екі сатыда жүреді деген пікір айтты. Бірінші топтағы бактериялар аммиакты азотты қышқылға дейін тотықтырады, бұл нитрификацияның бірінші кезеңі, ал екіншісі – азотты қышқылдың азот қышқылына дейін тотығуы.

Нитрификацияға қатысатын бактериялар негізінен төрт туысқа жатады: нитрозомонас, нитрозоцистис, нитроспора және нитробактер.
Микроорганизмдермен күкірт, фосфор және темір

қосылыстарының өзгеріске ұшырауы.
1. Фосфор қосылыстарының өзгерістері. Өсімдіктер тіршілігінде азаттан кейін фосфордың маңызы зор. Ол көбінесе топырақта, өсімдіктерде, микроорганизмдер клеткасында, органикалық және органикалық емес қосылыстарда көп кездеседі. Фосфор – клеткадағы ең қажетті элемент. Ол тіршлікті жалғастырушы және тұқым қуалаушылықты анықтаушы нуклеин қышқылдарының құрамында болады. Тірі организмде ол тотыққан, яғни фосфат күйінде болады. Жалпы топырақта фосфордың ұшырауы екі процестен тұратыны мәлім. Оның біріншісі - органикалық фосфордың минерал қосылысқа айналуы да. Екіншісі фосфор қышқыл тұздарының ерімейтін қосылыстан ерігіш күйге көшуі.
Микроорганизмдерді мал азығын даярлауға қолдану.
Мал азығын консервілеу микробиологиясы.

Шырынды азық дайындау үшін қазіргі кезде сүрлеу әдісін қолданады. Сүрлеу дегеніміз-микробиологиялық және химиялық факторларды пайдалана отырып, жемшөпті маңызды биологиялық қосылыстармен байыту және консервілеу. Сүрлеудің жемшөп сақтаудың басқа тәсілдеріне қарағанда, сүрлемде шырын көр болады және онда қоректік заттардың көптеген мөлшері жақсы сақталады, азық микроорганизмдер тіршілігінен түзілген физиолоогиялық жағынан малға пайдалы қосылыстармен байиды. Сүрлем дайындаудың 2 түрі білгілі: жемшөпті “салқын” әдіспен сүрлегенде температураның +30-35 градустан аспауы тиіс. Бұл үшін жемшөпті тез арада шауып алып, турап, траншеяға салып, нығыздап, бетін қымтап тастайды. Сонда азықтағы қантты пайдалана отырып сүтқышқылы бактериялары орта 1,5 % -ке дейін сірке қышқылын түзеді. Бұл азықты ұзақ уақыт консервілеуге жеткілікті. Салқын тәсілмен салынған сүрлем 8-10 күн ішінде малға беруге дайын болады. Оның түсі жасыл сары, исі тұздалған көкөніс немесе жеміс иісіндей болады. Мал оны сүйсініп жейді.


Топырақ мирробиологиясы
Топырақ түзуші немесе аналық жыныстар. Топырақты барынша терең зерттеу бұдан жүз жыл бұрын басталған болатын. Топрақ жөніндегі ғылымның негізін қалаушы В.В. Дакучаеваның ( 1845-1903) топырақты табиғаттың ерекше тірі денесі деп қарау керек деген сөзі күні бүгінге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. Топырақ түзілетін тау жыныстарын, аналық немесе топырақ түзуші жыныстар деп атайды. Бұл жыныстар жел, су, температура тағы басқа сол сияқты жағдайлардың әсерінен үлкен құбылыстарға ұшырап отырады. Тау жыныстарының және ондағы миералдың осындай өзгеріске түсуін үгілу деп атайды. Үгілудің үш түрі бар олар : физикалық, химиялық және геологиялық үгінулер.
Топырақ микроорганизмдері және өсімдік


  1. Өсімдіктердің тамырында және тамырдың айналасында, яғни ризосферада

микроорганизмдердің көп мөлшерде кездесетінін атап өткен болатынбыз. Бұлардың ішінде басым көпшілігі спора түзбейтін бактериялар. Олар органикалық заттары мол топырақтарда көбірек өніп-өседі. Өсімдіктер ризосферасында саңырауқұлақтар да жектілікті. Бұлардың ішінде пеницилл, триходерма, фузариум саңырауқұлақтары көп тараған. Жас өсімдіктер тамырларының айналасында актиномицеттер орта бастайды.

Міне, осы мәліметтерге қарағанда микроорганизмдер мен жоғары сатыдағы өсімдіктер тамырларының арасында ерекше қарым-қатынасы бар екендігін аңғару қиын емес. Ал ризосфера микроорганизмдеріне өсімдіктер зор әсер етеді. Басқаша айтқанда, өсімдік тамырлары өздеріне қажетті микроорганизмдер қауымын сұрыптай алады, әр өсімдіктің дамуына сәйкес олардың өзіне тән микроорганизмдер тобын іздестіреміз. Мәселен азотобактер мен түйнек бактериялары бір өсімдіктің ризосферасында жақсы өніп-өссе, екінші бір өсімдіктің ризосферасында тіршілігі мүлде баяулап қалады.


Микроорганизмдердің таралуы.
Микроорганизмдер-көбінесе 1 клеткалы, өте ұсақ, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер. Олар милиметрдің мыңнан бір бөлігі микранмен өлшенеді. Бұлардың құрлысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде 400-500 есе үлкейтетін арнаулы аспап – микраскоп қолданылады. Микроорганизмдердің басым көпшілігі – бактериялар. Олар ауада, суда, топрақта таралған.

Топрақта жүріп жататын негізгі биологиялық процестер, топырақтың құнарлығы, оның сапсымен құралуы микроорганизмдер тіршілігіне байланысты. Микроорганизмдер тіршілігінің нәтижесінде өсімдіктердің тамыры арқылы қоректенуі жақсарады, сөйтіп егіннің өнімділігі артады. Сондықтан микроорганизмдер тіршілігінің нәтижесінде топырақта азот, көмір тегі және фосфор элементтерінің көбейуіне мүмкіндік туады.


Бактериялы тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығында пайдалану.
Топырақтағы микроорганизмдердің пайдалы топтары үшін өнебойы қолайлы

жағдай тумайды. Кейде бұл топтардың тіршілігі мүлде тоқталып та қалатын жағдайды кездестіруге болады. Сондықтан топырақтағы пайдалы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін күшейту мақсатында оларды жеке өсіріп, содан соң топыраққа қолдан қосу ұсынылады. Мұндай микроорганизмдерден дайындалған препаратты бактериялы тыңайтқыштар деп атайды. Бактериялы тыңайтқыштар топырақты тиісті микроорганизмдермен байытады. Бұл мәселе жөнінен екі көзқарас бар екенін айту керек. Зерттеушілердің бір тобының пікірінше пайдалы микроорганизмдер санын молайтудың негізгі жолы агротехникалық тәсілдер көмегімен олардың топырақта тіршілік жағдайларын өзгерту.


Микроорганизмдердің өзара қарым-қатынастары.
Табиғатта микроорганизмдердің бір тобы екіншібір тобымен қарым-қатынаста

болады. Бұл қарым-қатынастар түрліше болып келуі мүмкін. Негізінен оларды, төрт топқа бөлуге болады:

1) Симбиоз 2) Метабиоз 3) антагонизм және 4) паразитизм.

Осы топтардың әр қайсысының өзіндік ерекшелігі бар.



Симбиоздық қарым-қатынастар топырақ микроорганизмдерінің арасында біршама тұқымдас өсімдіктер мен түйнек бактерияларының бірігіп тіршілік етуі жатады. Түйнек бактерияларын бұршақ тұқымдас өсімдіктер көміртектер және иминералдық заттармен қоректендірсе, бактериялар өсімдіктерді аса мұқтаж ауадан сіңірілген азотты заттармен қамтамасыз етеді. Осындай жағдайды біз өсімдіктер мен микроскоптық саңырауқұлақтар арасынан да жиі кездестіреміз. Мұны микориза деп атайды. Микоризаның сыртқы (энтотрофты) және ішкі (эндотрофты) түрі болады. Сыртқы микоризада олар өсімдік клеткаларынң ішіне енеді де, сол жерде жіпшелер түзеді.
Вирустардың шығу тегі және өзгешілігі
Вирустар туралы ілімді-вирусология деп атайды. Вирустар тек қана клетка ішінде өсіп-өне алмайды, былайша айтқанда оларға клетка ішінде паразитенцим тән.

Бұларға ьактерияларға қарағанда анағұлым усақ, құлысы қарапайым организімдер. Жай микроокопен көруге болмайды. Оларды 1892 жылы Ивановский ашқын болатны. Ол зақымдалған темекі жапырағын әбден езіп, әдеттегі оынң сүзіндері мен бірге кетпейтінін бойқады. Осы сүзіндіні сау темені өсімдігіне жұтырса, ол қайтадан ауруға шалдығатыны анықтады. Бұл организимдерді Д.И. Ивановский латынша вирустар, яғни “y” деп атады. Қазір бірнеше мың есе ұлғайтып көрсететін микроскоптың құрастылуы вирустардан және зерттеуге мүмкіндік туғызды.


Микроорганизмдердің тыныс алуы


  1. Аэробты

  2. Анаэробты

Микроорганизмдердің тыныс алуы энергия бөлінетін органикалық қосылыстар тотығуының биологиялық жолмен жүретін күрделі процесі болып есептеледі.

Тыныс алу түріне байланысты микроорганизмдерді үлкен екі топқа бөледі; аэробты және анаэробты микроорганизмдер. Аэробты микроорганизмдер ортада оттегі болғанда ғана тіршілік ете алады. Ал анаэробты оттегіне мұқтаж емес. Анаэроб микробтар облигат және факультатив деп екіге бөлінеді. Облигат анаэробтар тек оттегі жоқ жерде ғана тіршілік етеді. Молекула күйіндегі оттегі жоқ жерде ғана олар үшін-у. Ал факультативті анаэробтар молекула күйіндегі оттегінің бар не жоғына қарамай тіршілік ете береді. Анаэроб микроорганизмдер де табиғатта кең таралған. Олар ауа енуі қиын терң қабаттарда тіршілік етуге бейімделген.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгілері


  1. Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.

  2. Cтейниер Р., Эдельберг Э., Ингрем Д. Микр микробов: в 3-х т . М. Мир 1979

  3. Колешко О.И. Микробиология.-Минск:Бышэйшая школа, 1977.

  4. Шлегель Г. Общая микробиология М: Мир 1987 567 стр

  5. Шигаева М.Х. Экология бактерий Учебное пособие А. Наука 2002 170 с.

  6. Березин В.Э. Основы вирусологии Учебное пособие . А. Наука 2002

  7. Заварзин Г.А. Колотилова Н.Н. Введание в природоведческую микробиологию Учебное пособие Книж дом Унив 2001 г. – 256 с.

  8. Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.

  9. Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.

  10. Пименова М.Н. Гречушкина И.Н. Азова Л.Г. Руководства к практическим занятием по микробиологии – М.МГУ 1983 302 стр.

  11. Құлдыбаев М. Ауыл щаруашылық микробиологиясы. Алматы, “Білім”,1994.

  12. Генкель П.А. Микробиология с оснсвами вирусологии. Учеб. Пособие для студентов биол. фак. пед. Ин-тов. М., “Просвищение”,1974.271с.

Қосымша

  1. Бродо П. Плазмиды . М. – Наука 1989 , 688 с.

  2. Букринская А.Г. Вирусология М. Наука 1986 326 с.

  3. Готтшалк Г.А. Метобализм бактерий М. Мир 1982 г. 310 с.

  4. Елинов Н.П. Химимческая микробиология М. Выш школа 1989 г. 448 с.

  5. Елинов Н.П. Основы биотехнологии – СПб Наука 1995 600с

  6. Калакуцкий Л.В. Агре Н.С. Развитие актиномицетов – М. МГУ 1983 177с

  7. Кондратьева Е.Н. Хемолитотрофы и метилотрофы М. МГУ 1983 г.

  8. Перт С.Дж Основы культивирование микроорганизмов и клеток М.Мир 1978 г.

  9. Шигаева М.Х. Цзю В.Л. Систематика бактерий – А. КазНУ 140 стр.

  10. Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.

  11. Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.

  12. Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.

  13. Жизнь микробов а экстрмальных условиях.-М.: Мир, 1981.

  14. Квасников И.Е., Нестренко О.А. Молочнокислые бактерии и пути их использования.-М.: Наука, 1975.

  15. Tortora J. Funke B.R. Case Ch.L. Mikrobiology. The Bendjaimin. Publishing.Inc. Califomia. 1992 810 p.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.


“Сырдария” университеті


Бекітемін:

Факультет деканы:



Жұмыс бағдарламасы.

Пән:Микробиология және вирусология

Факультет: Жаратылыстану

Мамандық: 05.01.13- биология

Кафедра: Биология

Курс: 3 семестр: 5

Лекция 30 сағат

Практикалық (семинар) сабақтар сағат

Лабораториялық сабақтар 15 сағат

Курстық жұмыс семестр

ОБСӨЖ 45 сағат

Барлық сағат саны 135 СӨЖ 45 сағат

Емтихан 5 сынақ
Жұмыс бағдарламасын құрастырған

аға оқытушы, а.ш.ғ. кандидаты Дошманов Е.Қ.


Жетісай – 2007ж.

Жұмыс бағдарламасы типтік бағдарламаға сәйкес құрастырылған.Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген. 04.08.2003ж

Типтік бағдарламаның индексі №528

Жұмыс бағдарламасы кафедраның мәжілісінде қарастырылған.

Хаттама № 2007ж

Кафедра меңгерушісі,

а.ш.ғ.к. Е. Қ. Дошманов

Факультет кеңесінде мақұлданған

Хаттама № 2007ж


Кеңестің төрағасы:
Университеттің ғылыми кеңесінде мақұлданған

Хаттама № 2007ж

Ғылым кеңес төрағасы :

Ι.Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу процесіндегі ролі.
Микробиология өте ұсақ тірі организмдер – микроптар жөніндегі ғылым. Ол микроорганизмдердің құрылысын, биологиялық қасиетін, табиғатта жүріп жататын әр түрлі процестерді олардың ролін, жоғары сатыдағы күрделі организмдермен қарым-қатнасын және бұлардың зиянды әрекетінің әсерін зерттейді.

Микробиологияның дамуы басқа ғылым салалары сияқты өндіріс тәсілдеріне, практикалық жұмыстардың талабына , жалпы ғылым мен техниканың дамуына тығыз байланысты.

Микробиология және вирусология курсының мақсаты – студенттерді прокариоттардың басты қасиеттерімен, олардың физиологиясы және биохимиясымен таныстыру. Микробиология саласындағы жетістіктердің жалпы биологиялық және практика үшін маңызын, олардың әлеуметтік – этикалық, дүние көзқарастың мәнін көрсету. Микробиологияның басқа да биологиялық пәндермен өзара байланысын анықтау бсаты міндеттердің бірі.
2. Жұмыс оқу бағдарламасының басқа пәндермен

келісім хаттамасы.

Пән аралық байланысы





Р

/

с




Прекрезиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра

Кафедра қабылдаған

шешім, хаттама №

күні



1

Ботаника

Ген инжинериясы

Биология




2

Зоология

Ферменттер инженериясы

Биология




3

Цитология

Экобитехнология

Биология




4

Гистология

Биотехнология

Биология





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет