Пәнінен syllabus


Физика оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар



Pdf көрінісі
бет49/91
Дата20.05.2022
өлшемі2.12 Mb.
#458428
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   91
SYLLABUS ФОТ

2.Физика оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар. Олардың 
физика сабақтарына тікелей қатысы бола бермейді. Бұл оқушылардың еркі бойынша 
ұйымдастырылуы керек. Бұл мынадай жұмыстардың түрлерінен тұрады:  


оқушылардың арнаулы физикалық білімдерін тереңдету; 
қолданбалы физика салаларын (электротехника, радиотехника, кинотехника, 
дыбыс техникасы және т.б.) оқу;  
физикалық приборлардың модельдерін жасау және т.б. 
Бұларды ұйымдастырудың формалары да әртүрлі, мысалы: қосымша әдебиеттерді 
оқыту, реферат жаздыру, физикалық кеш өткізу,тақырыптық көрмелер ұйымдастыру, 
қабырға газеттерін шығару, үйірме жұмыстарын ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыстар 
оқушылардың жеке, топ және жаппай қатыстырылуымен орындалатын болып 3-ке 
бөлінеді. 
Сыныптан тыс жұмыстар көбіне үйірме түрінде өткізіледі.Үйірмелер физикалық 
және физика-техникалық болып бөлінеді.Үйірмелерге қатысатын оқушылар саны 10-15-
тен аспауы керек.Үйірме жұмысы барлық пәннен мектеп бойынша жоспарлануы қажет. 
Физика үйірмесінің күнтізбелік (календарлық) жоспары, оған қажетті әдебиеттер тізімі 
физика кабинетінде ілініп тұруы тиіс. 
Жалпы үйірмелер мынадай талаптарға сай ұйымдастырылады: 
1.Үйірмені ұйымдастыру туралы ұсынысты оқушылардың өздері бергені дұрыс. Ол 
үшін мұғалім қандай үйірмелер ұйымдастыратынын, оларды кімдер жүргізетінін және 
әдебиеттер тізімін, үйірме естесін жазып, кабинетке хабарландыру іліп қоюы керек. 
2.Үйірмеге оқушылар өз еріктерімен қатысқаны дұрыс. 3.Төменгі және жоғарғы сыныптар 
үшін бөлек-бөлек топтардың болғаны дұрыс. 4. Үйірмеге қатысқан оқушылардың 
жұмыстарын барлық мектеп оқушыларына таныстыру үшін көрме ұйымдастырған жөн. 5. 
Үйірме сабақтарында оқу бағдарламасының міндеттерін орындауға болмайды. 
Физикадан сыныптан тыс жұмыстарға физика апталығын, кештерді және т.с.с. 
мәселелер жатады. Жалпы физика кешін өткізу мынадай кезеңдерден тұрады: 
I. Дайындық кезеңі (1-1,5 ай ) 
а) мұғалім мен кешті өткізетін оқушылар тобының кештің жоспарын жасауы
ә) баяндамашыларды бөлу; 
б) тәжірибелер мен экспериментті таңдап алып, даярлау;
в) конкурс пен викторинаға есеп сұрақтар таңдау; 
г) көрнекіліктер жасау; 
е) кештің бағдарламасыкөрсетілген көркем жазылған хабарландыруды күні бұрын 
(5-6 күн) іліп қою. 
II. Кешті өткізу кезеңі (2-2,5 сағат) 
а) кеш өтетін бөлмені безендіру
ә) кешті жүргізу, өткізу; 
б) кештің материалдарын жинау; 
III. Кештің өтілуін талдау, қорытындылау: 
а) оқушылардың сұрақтарына жауап беру
ә) кештің негізгі бөлімдеріне жауапты оқушылардың есебін тыңдап, талдау; 
б) кешті өткізудегі кемшіліктердің себептерін ашу; 
в) кешті қорытындылап, баға беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет