СЕМЕЙ қаласының Шәкәрім атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3 дәрежелі құжаты
|
ПОӘҚ
|
ПОӘҚ 042-18-14.1.61/02-2015
|
ПОӘҚ
Студентке арналған пән «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» бойынша бағдарламасы
|
Баспа №___
«___» _____2015 ж. |
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
“ КӘСІБИ ҚАЗАҚ (ОРЫС) ТІЛІ ”
мамандық үшін 5В0723000 «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары өндірісі»
СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
Семей 2015
Алғы сөз
-
ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушы _______ «___» ______2015 ж. Сейтказина Г.С., «Геодезия және құрылыс» кафедрасының оқытушысы
-
ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Кафедра мәжілісінде «Геодезия және құрылыс»
Хаттама № ___ «___» ______2015 ж.
Кафедра меңгерушісі ____________ Күдерінова Н.А.
2.2 Факультеттің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды
Хаттама № ___ «___» ______2015 ж.
Төрайым ____________ Турысбекова Б.Ш.
-
БЕКІТІЛГЕН
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды
Хаттама № ___ «___» _____ 2015 ж.
Төрайым ________________Искакова Г.К.
4 №1 баспа 02.09.2014 ж. ОРНЫНА
Мазмұны
1
|
Жалпы ережелер
|
4
|
2
|
Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу
|
6
|
3
|
Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
|
8
|
4
|
Пәннің форматы
|
8
|
5
|
Пәннің саясаты
|
8
|
6
|
Баға қою саясаты
|
9
|
7
|
Әдебиет
|
11
|
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы мен пән туралы жалпы мәліметтер
Сейтказина Гульнур Саркытбековна, оқытушы
-
Кафедра – «Геодезия және құрылыс»;
-
Байланыс ақпараты – тел: 35-05-90, № 1 оқу ғимараты, № 1003 кабинет;
-
Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 1013;
-
Пән бойынша кредит саны – 2.
1.2 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты:
Кәсіби қазақ (орыс) тілі пәні студенттің кәсіби қызмет ету ортасында коммуникативтік қажеттіліктерін анықтауға және маманның кәсіби ортада қарым-қатынас жасауын сөйлеу әрекетінің түрлері арқылы қалыптастыруына бағытталады.
1.3 Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерді кәсіби тілдік дайындықпен
қамтамасыз ету, кәсіби тілде арнайы терминдерді қолдана отырып еркін қарым
қатынас жасай алуға бағыттау.
1.4 Пәнді оқытудың міндеттері:
– студенттерге арнайы мамандыққа сай кәсіби лексиканы және сөз
тіркестерін меңгерту;
-
кәсіп, мамандыққа қатысты тақырыптар мен мәселелерді арнаулы
лексика қолдана отырып құрастыра алу дағдысын қалыптастыру;
-
кәсіби сөйлеу барысында терминологиялық, кәсіби лексика туралы
алынған білімдерін қолдана алу дағдысын дамыту;
-
мамандықтар бойынша кәсіби мәтіндерді пайдаланып, кәсіби
құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін негізгі акпараттарды алып, оларды
баяндай, сипаттай және жинақтай ала білу дағдыларын қалыптастыру және
дамыту;
-
кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін араласып,
сөйлесу, әңгімені қолдау, өз көзқарасын дәлелдей алу дағдыларын
қалыптастыру және сұхбаттар жүргізе алуға үйрету;
-
өз мамандықтары бойынша орыс тіліндегі мәтін материалдарын оқып, оған түрлі аударма жасау стратегияларын қолданатын кәсіби дағдыларын
дамыту;
-
белгілі бір кәсіби қарым-қатынас саласында қалыптасқан терминдер
жүйесін, ондағы бірізділікті сақтап, сондай-ақ кәсіби тілдің қолданылу
жағдайларын айыра білуге үйрету;
-
өз мамандығы бойынша кәсіби мәтіндердегі тірек термин сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдермен шағын мәтін кұрастыруға машықтандыру.
1.5 Оқытудың нәтижелері:
Пәнді оқу нәтижесінде білімалушы міндетті:
білуі және түсінуі тиіс:
-
студенттер кәсіби мәтінді тыңдап, акпараттың мазмұнын, тақырыбын толық түсіне білуі тиіс;
-
жағдаяттық сұхбат барысында студент сұхбаттасушының кәсіби
тақырып төңірегінде қойған сұрағын, айтқан ойының мазмұның тыңдап
отырып, түсініп, жауап қайтара білуі тиіс;
-
мамандық бойынша кәсіби терминдердің қазақ тіліне аударылымын
және жасалу ерекшеліктерін білуі тиіс.
жасай алуы тиіс:
-
кәсіби бағыттағы тақырыптарға сұхбат құрып, берілген термин сөздер, тіркестерді студент байланыстырып, еркін сөйлей білуі кажет;
-
мамандығы бойынша тыңдаған немесе оқыған кәсіби мәтіннің,
акпараттың мазмұнын айта білуі, оған өз көзқарасын білдіре білуі, оны өзінше
толықтыра білуі, оған қатысты тапсырмаларды орындай алуы тиіс;
-
өз мамандығы бойынша қазақ тіліндегі кәсіби әдебиеттерді еркін оқи алуы тиіс;
меңгеруі және қолдана алуы тиіс:
-
кәсіби материалдарды түрлендіріп (қарау, иілу, танысу) оқуды меңгеріп, қолдануы тиіс;
-
мамандығына қатысты мәліметтер мен баяндамаларды монолог, диалог түрінде жеткізе білуді, әртүрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі тиіс;
-
кәсібі, мамандығы жанында қазақ тіліндегі пікірталас, дөңгелек
үстелдерде өз пікірін ұстанып, дәлелді сөйлеп, әңгемелеп айта білуі, баяндама
жасай алуы, сұхбат құруда кәсіби тілді қолдана алуы тиіс.
1.6 Пән пререквизиттері:
- Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқу үшін студенттер ЖББ пәндер көлеміндегі «Қазақ тілін» білулері керек.
1.7 Пән постреквизиттері:
- «Кәсіби қазақ тілі» пәнін білу жоғары білім берудің ТОЖ-дағы мамандыктары бойынша базалық пәндер, бейіндік пәндер циклі бойынша пэндерді оку барысында терминдер мен кәсіби лексиканы меңгеруіне мүмкіндік береді.
2 ПӘН МАЗМҰНЫ МЕН САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ
Кесте 1
№
р/с
|
Тақырыптың аталуы
|
Сағаттар
|
Әдебиеттер
|
ДС
|
ЗС
|
ПС
|
БОӨЖ
|
БӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1-модуль «Кәсіби тіл коммуникациясы теориясы мен тәжірибесінің негізгі түсініктері»
|
1
|
Кәсіби тілдің лексикасы.
Кәсіби сөйлеу тілі лексикасының негізгі қабаттары; жалпыға ортақ
қолданылатын сөздер, терминологиялық және кәсіби лексика. Кірме сөздердің кеңінен қолданылуы.
Кәсіби сөйлеу тілінің негізгі қабаттарының ерекшеліктері. Терминологиялық және терминологиялық емес сөздердің мағынасының шегі.
Кәсіби сөздерді қолдана отырып сұхбаттасу. Кәсіп, мамандыққа
қатысты тақырыптар мен мәселелерді арнаулы лексика қолдана отырып құрастыру. Кәсіби лексикаға қатысты тірек сөздермен мәтін құрастыру.
Кәсіби ғылыми стильдің синтаксистік ерекшеліктері: құрмалас
сөйлемдер, есімшелі және көсемшелі оралымдар, санамалау
сипатындағы бірыңғай мүшелер. Қыстырма сөздер мен сөз тіркестері.
|
-
|
-
|
4
|
1
|
3
|
7.1.1-7.1.5
7.2.1-7.2.5
|
2
|
Қазақ тілінің терминологиялық жүйесі.
Терминология - ғылыми стильдің басты белгісі. Терминдер, оның
белгілері, ерекшеліктері туралы түсінік. Терминнің анықтамасы. Кірме терминдер. Терминдердің сөзжасамдық жүйесі. Терминдердің аударылу ерекшеліктері. Қолданылуы жағынан тар және жалпыға ортақ терминдер жүйесі. Терминдердің бір мағыналылығы. Терминологиялық сөздіктер.
Кәсіби сөйлеу барысында терминологиялык, кәсіби лексика
туралы алынған білімдерін қолдана алу дағдысын дамыту. Терминдер жүйесіне енген халықаралық терминдермен жұмыс.
|
-
|
-
|
4
|
1
|
3
|
7.1.1-7.1.5
7.2.1-7.2.5
|
3
|
Аударма және мәтін.
Мәтін түрлері. Мәтін және дискурс. Аударманың түрлері. Ғылыми мәтін және тақырып. Ғылыми-көпшілікке арналған мәтін. Кәсіби мәтін. Техникалық мәтіндердің аудармасы.
|
-
|
-
|
4
|
1
|
3
|
7.1.1-7.1.5
7.2.1-7.2.5
|
2-модуль «Мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс»
|
4
|
Құрылыс материалдары. Материалдардың кұрылымы, құрамы және қасиеттерінің өзара байланысы.
|
-
|
-
|
1
|
1
|
3
|
7.1.1-7.1.5
7.2.1-7.2.5
|
5
|
Табиғи тас материалдар және құрылыс материалдарын
өндіруге арналған тау жыныстарынан алынатын шикізаттар.
|
-
|
-
|
1
|
1
|
3
|
7.1.1-7.1.5
7.2.1-7.2.5
|
6
|
Керамикалық материалдар. Құрылыстық керамикалық материалдар мен бұйымдардың жіктелуі және жалпы қасиеттері.
|
-
|
-
|
2
|
1
|
3
|
7.1.1-7.1.5
7.2.1-7.2.5
|
7
|
Минералдық балқымалар негізіндегі материалдар.
|
-
|
-
|
1
|
1
|
2
|
7.1.1-7.1.5
7.2.1-7.2.5
|
8
|
Әйнек материалдар.
|
-
|
-
|
1
|
-
|
2
|
7.1.1-7.1.5
7.2.1-7.2.5
|
9
|
Металл материалдар.
|
-
|
-
|
1
|
1
|
2
|
7.1.1-7.1.5
7.2.1-7.2.5
|
10
|
Гидравликалық материалдар.
|
-
|
-
|
1
|
1
|
2
|
7.1.1-7.1.5
7.2.1-7.2.5
|
11
|
Бетон түрі және классификациясы.
|
-
|
-
|
1
|
1
|
2
|
7.1.1-7.1.5
7.2.1-7.2.5
|
12
|
Құрылыстық ерітінділер және құрғақ араласпалар.
|
-
|
-
|
1
|
1
|
2
|
7.1.1-7.1.5
7.2.1-7.2.5
|
13
|
Полимер материалдар.
|
-
|
-
|
1
|
-
|
2
|
7.1.1-7.1.5
7.2.1-7.2.5
|
14
|
Ағаш материалдар.
|
-
|
-
|
1
|
1
|
2
|
7.1.1-7.1.5
7.2.1-7.2.5
|
15
|
Шатырлық, гидроизоляциялық және герметикалық материалдар.
|
-
|
-
|
2
|
1
|
3
|
7.1.1-7.1.5
7.2.1-7.2.5
|
16
|
Жылуизоляциялық және акустикалық материалдар.
|
-
|
-
|
1
|
1
|
3
|
7.1.1-7.1.5
7.2.1-7.2.5
|
17
|
Әрлеулік материалдар.
|
-
|
-
|
1
|
-
|
2
|
7.1.1-7.1.5
7.2.1-7.2.5
|
18
|
Сазтану негіздері. Керамикалық бұйымдарды кептірудің және күйдірудің негіздері
|
-
|
-
|
2
|
1
|
3
|
7.1.1-7.1.5
7.2.1-7.2.5
|
3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР
Курсты оқыған кезде берілген тақырыптың (бөлім) негізгі жағдайларын қарастыруға баса назар аудару керек, осы мақсатта оқу-әдістемелік кешенін ұсынып отырмыз, ол студенттердің оқулықпен жұмыс істеуін жеңілдетеді. Әрбір тақырып (бөлім) бойынша қысқаша конспекті өзін-өзі тексеру сұрақтарымен аяқталады.
Ең маңыздысы дұрыс оқулық таңдау. Бір уақытта бірнеше оқулықты пайдаланудың қажеті жоқ. Ұсынылып отырған әдебиеттердің ішінен тек біреуін ғана негізгі етіп алу керек. Басқа оқулықтар немесе әдістемелік нұсқауларды тек оқып жатқан материал жоқ болған кезде немесе негізгі оқулықта қысқаша көрсетілген кезде қана пайдаланылады.
Курсты тақырып бойынша, пән бағдарламасына сәйкес оқыған жөн. Оқулықпен жұмыс істегенде міндетті түрде оқулықта немесе кешенде көрсетілген мысалдарды талдау және өздігінен есептер шешу қажет. Осыдан кейін ғана өзін тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру керек. Теорияны практикалық есептерді шешу кезінде дұрыс қолдана білсеңіз, онда оқу материалы меңгерілген деп санауға болады.
4 ПӘННІҢ ТҮРІ (ФОРМАТЫ)
Аудиториялық сабақтар келесілерден тұрады: практикалық сабақтардан (ПС) және оқытушының басқаруымен білімалушының өздік жұмысы (БОӨЖ).
Барлық кредит саны – 2. Практикалық сабақ – 30, оқытушы басқаруымен білімалушының өздік жұмысы – 15, білімалушының өздік жұмысы – 45 сағат. Барлығы – 90 сағат.
Сабақ уақыты аптасына 50 минуттан 2 рет жүргізіледі, БОӨЖ уақытын қоса есептегенде. Аудиториялық БОӨЖ уақытында сіздердің практикалық сабаққа дайындалу процесінде, сондай-ақ үйге берген өздік жұмысын орындау кезінде туынданған сұрақтарыңызды қарастырамыз.
Сонымен қатар аптасына 1 рет, кафедрада бекітілген график бойынша жекелей немесе топпен консультация түрінде БОӨЖ сабағын өткіземін.
Пәнді оқуға арналған сабақ уақытының үштен бір бөлігінде сіздер менің көмегімсіз өздеріңіз жұмыс жасайсыздар. Өздік жұмысына арналған тапсырмалар түрлері, БОӨЖ және БӨЖ жоспары – кетесінде көрсетілген.
5 ПӘН саясаты
Пәнді оқуға берілген барлық кезеңде менің сіздерге қоятын талаптарымның барлығын орындайсыз және бір-бірімізді түсінеміз деп ойлаймын.
-
Практикалық сабақтарға қатысу әрбір студент үшін міндетті жағдай. Сабақтарға кешікпей келу керек кешікпей және сабақ үстінде бір-бірлеріңізбен сөйлеспей отыруларыңызды сұраймын. Әр практикалық сабаққа қатысқаны үшін +1 баллмен бағаланады, ал тәжірибелік сабақты босатып келмей қалған жағдайда -1 баллмен бағаланады.
Өткен материалдарды өтеу үшін студентке оқытушы тапсырма береді және ол жұмыс тексеріледі, бірақ ол жұмысқа сіз максимал баға алалмайсыз. Әр өтелмеген сабақ тағы қосымша -2 баллмен бағаланады.
2. Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол сізді курсты толық меңгеруден босатпайды. Егер студент сабақтарды себепті жағдайлармен босатса, онда ол факультет деканынан анықтама-рұқсат алуға міндетті. Рұқсат алғанан кейін студент сабаққа қатыса алады. Босатқан сабақтардың тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және көрсетілген уақытта оны орындап тапсыру қажет. Тапсырма тиісті бағамен бағаланады, ал босатылған сабақтар үшін баллдар қосылмайды.
3. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық жұмыстарға және емтихандарға белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ өз уақытында және шамаңыз келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында өткізуіңіз керек. Пунктуалды және міндеттеріңізді уақытында тапсыруларыңыз керек. Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді. Сабақ кезінде студент бұзақылық жасап немесе оқытушының ескертуіне құлақ аспаса, ол студентті сабақтан шығарып жіберуге болады және ол студентті тәртіпке салу үшін қосымша тапсырмалар беріледі.
4. Аудиториялық сабақ уақытында сіздердің ұялы телефондарыңыз өшіп тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы студентті жауапқа тартуға құқығы бар.
5. Сіздер студенттермен және оқытушыларыңызбен ашық, шыдамды және мейірімді болулары керек.
6. Біреуден көшіріп алу немесе плагиат болған жағдайда оқытушының студентті аудиториядан шығарып жіберуіне немесе қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар.
7. Межелік аттестация қорытындысы студенттің сабаққа қатысуымен өзіндік жұмысты орындауымен, сабақта ауызша және жазбаша жауаптарға байланысты, компьютерлік межелік тест бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады.
8. Қорытынды аттестация жазбаша әдіспен билетке жауап арқылы өткізіледі.
6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
Білімалушылардың үлгерімін бақылау ағымдық, аралық және қорытынды бағалаумен есептеледі. Бағалау қолданыстағы «Білімалушылардың білімін рейтингілік бағалау туралы қаулы» бойынша іске асады. Қорытынды бақылауда емтихан алынады, ол тест немесе бақылау сұрақтары ретінде жазбаша алынады. Қорытынды балл әрбір сабаққа қатысу, рефераттарды қорғау, сондай-ақ емтихан тапсыру нәтижесінде қойылады. Баға курс бойынша қойылып, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау қорытындысынан шығарылады.
Пән қорытындысын бақылау 300 баллдық шкала бойынша қойылады. «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» пәнін оқытуда екі аралық бақылау өткізіледі.
1-рейтинг қорытындысы бойынша 1-7 апталарда – 300 балл.
2-рейтинг қорытындысы бойынша 8-15 апталарда – 300 балл. Семестрдегі жалпы балл саны – 600.
Уақытында өткізілмеген тапсырмаларды 8-ші және 15-ші апталарда өткізуге болады. Егер студент сабақты себепсіз босатқан болса, оқытушы қойған баллдың 60% алады.
«Кәсіби қазақ (орыс) тілі» пән бойынша баллдардың реттелуі
Кесте 2
Апта
|
Бақылау түрі
|
Жалпы балл
|
Ескерту
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
1-7 апта аралығындағы дәрісханалық сабақтарға дайындық және қатысу
|
30
|
|
2
|
Практикалық сабаққа дайындалу
|
20
|
|
3
|
Практикалық сабаққа дайындалу
|
20
|
|
4
|
Үй тапсырмасын орындау (БӨЖ)
|
50
|
|
Практикалық сабаққа дайындалу
|
20
|
|
5
|
Практикалық сабаққа дайындалу
|
20
|
|
6
|
Практикалық сабаққа дайындалу
|
20
|
|
Үй тапсырмасын орындау (БӨЖ)
|
50
|
|
7
|
Межелік бақылау 1 – 1-7 практикалық сабақ тақырыптарына сай компьютерлік тест жұмысы
|
70
|
Сабақ кестесіне байланысты
|
1-7 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы баллы
|
300
|
|
8
|
8-15 апта аралығындағы аудиторлық сабақтарға дайындық және қатысу
|
30
|
|
9
|
Практикалық сабаққа дайындалу
|
20
|
|
10
|
Практикалық сабаққа дайындалу
|
20
|
|
11
|
Үй тапсырмасын орындау (БӨЖ)
|
50
|
|
Практикалық сабаққа дайындалу
|
20
|
|
12
|
Практикалық сабаққа дайындалу
|
20
|
|
13
|
Практикалық сабаққа дайындалу
|
20
|
|
14
|
Үй тапсырмасын орындау (БӨЖ)
|
50
|
|
15
|
Межелік бақылау 2 – 8-15 практикалық сабақ тақырыптарына сай компьютерлік тест жұмысы
|
70
|
Сабақ кестесіне байланысты
|
8-15 апта бойынша оқудың нәтижесінің барлық баллы
|
300
|
|
Емтихан үшін жалпы балл
|
400
|
|
Академиялық кезең бойынша жалпы балл
|
1000
|
|
7 ӘДЕБИЕТТЕР
7.1 Негізгі әдебиет:
7.1.1 Исаханов Е. Құрылыс терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Ана тілі.-2005.- 112 б.
7.1.2 Жақсылықова К.Б. Кәсіби қазақ тілі (ақпараттық-коммуникациялық технологялар саласына) / К.Б. Жақсылықова. – Алматы. 2013.-255 б.
7.1.3 Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық/ Г.Т. Тұрсынова.- Алматы: Дәуір. 2012.-254 б.
7.1.4 Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі оқу құралы/ С.С. Үдербаев.- Қызылорда: Тұмар. 2007.-206 б.
7.1.5 Кулибаев А.А., Бишімбаев У.Қ., Қасымов Е.О. Полимерлік және гидроизоляциялық материалдар оқу құралы.– Алматы: ИздатМаркет. 2006.- 84 б.
-
Қосымша әдебиет:
7.2.1 Зейнуллина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман А.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери-кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. Павлодар, 2009 ж.
7.2.2 Пфейфер Н.Э., Абыкенова Д.Б., Токсанов С.Н. Кәсіби қазақ тілі (сәулет және дизайн): электрондық оқу курсы.– Павлодар: Қ.И. Сәтпаев атындағы ПМУ, 2012.–259 б.
7.2.3 Ғаламтор. Халықаралық құрылыс және құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру салаларымен айналысатын ұйымдар сайты.
7.2.4 Шынтаева Н.С. Қазақ тілі (Жоғары деңгейге арналған оқылым
бойынша мәтіндер жинағы). - Алматы: ҚазБСҚА, 2005. - 43 б.
7.2.5 Жакупова А.О. Қазақ тілі (Құрылыс мамандықтарына арналған). -
Алматы: ҚазБСҚА, 2006.-43 б.
Достарыңызбен бөлісу: |