»
|
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәннің мақсаты «Өсімдіктердің экологиясы» пәнінің мақсаты, өсімдіктер мен оларды қоршаған орта арасындағы негізгі қарым-қатынас заңдылықтармен, яғни өсімдіктерге нақтылы қандай факторлар, олардың қандай түрлері қалай, қандай жол-дармен әсер, ықпалдарын тигізгенде сырт пішіндері мен құры-лысының, өсіп-өнуімен дамуының, көбеюінің және табиғаттағы басқа организмдер арасындағы алар орнының өзгерістерге ұшырауымен жан-жақты таныстыру.
Пәннің негізгі міндеті - «Өсімдіктердің экологиясы» пәнін оқып игеру нәтижесінде өсімдіктердің тіршілік қызметіне әсер етуші факторлардың ерекшеліктері мен заңдылықтары; факторлардың жеке немесе топтық әсеріне өсімдіктердің реакциясы (жауабы); Өсімдік және орта жүйесіндегі негізгі процестер, қарым-қатынас механизм-дері мен қызметтік (функционалдық) байланыстары, өсімдіктер-дегі зат алмасу, қоршаған ортамен энергия алмасу ерекшелік-тері; экологиялық факторлардың орын ауыстырмайтындығы мұқият түсіндіріледі.
Білім алушылар экологиялық морфология, өсімдіктер анатомиясы және морфофизиологиялық ерекшеліктері жөніндегі сандық және сапалық көрсеткіштер мен әдістерді зерттеп, іс жүзінде дұрыс және біліктілікпен қолдана алуы тиіс,арнайы пән бойынша дарынды ізденіс әдістерімен студенттерді үйрету, өздік жұмыстарды орындау әдістемесімен таныстыру.
|
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер (коды, атауы): АҚ 29- Арнайы құзыреттер
Пән бойынша оқытудың күтілетін нәтижелер:
Қоршаған ортаға әсер ететін антропогенді әдістермен байланысты экологиялық үрдістердің жүру барысын анализдеу; Қоршаған орта әсері және оған өсімдіктердің реакциясы туралы қазіргі кезеңде жинақталған көп ғылыми мәліметтерді жүйелеп, әртүрлі топырақ-климат және экологиялық жағдайында өскен өсімдіктердің морфологиялық және анатомиялық құрылысындағы өзгерістердін меңгеру; Өсімдіктердің морфофизиологиялық ерекшеліктерін, өмір сүрудегі бейімделуін, тұқым қуалаушылық ерекшелікте-рін, ценотикалық (қауымдастықтағы) орнын зерттеп түсіну;Топырақтағы және атмосферадағы ылғал, жер асты суларының жақын немесе терең орналасуы және минерализациялануы, табиғи және қолдан жасалынған радиоактивтілік, тағы басқаларының өсімдіктердің өсіп дамуына әсерін түсіну;
|
Достарыңызбен бөлісу: |