Практикалық сабақ 7. Малдардың өнімділігін есепке алу әдістері. Практикалық сабақтың мазмұны: -
Малдардың өнімділігі.
-
Малдардың өнімділігін есепке алу әдістері.
Сабақтың мақсаты: мал шаруашылығы өнімдерін есепке алу және бағалау әдістерін және тәсілдерін зерттеу.
Мал шаруашылығының салалары сүт, ет, жұмыртқа секілді құнды қоректік өніммен қоса жүн, тері т.б. секілді бағалы шикізат өндіреді. Бұл өнімдердің өндірілуі малдың өнімділігіне, яғни олардан белгілі мерзімде алынған өнім мөлшері мен сапасына, тәуелді болғандықтан, соңғыларды бақылап, есепке алу қажет.
Мүйізді ірі қара мал шаруашылығында сиыр сүті мен етін, терісін өндіреді.
Сиыр сүттілігін тәліктік, айлық және жылдық сауымымен және сүтінің майлылығымен бағалайды.
Ірі қара еттілігін оның сойыс салмағының сою алдындағы 24 сағаттық аш ұстадан ейінгі тірілей салмағына қатынасы мен шығарылатын сойыс шығымымен және етінің сапасымен бағалайды.
Қой шаруашылығының өніміне қой еті, жүні, елтірісі мен терісі кіреді.
Жылқының ет өнімділігімен қоса жүк көтеру, тасу күші және жылдамдығы ж.б. сыртқы көрсеткіштермен сипатталатын жұмыс қабілеттілігін бағалайды.
Шошқа өнімділігін еттілігімен қоса туғандағы тірі торай басымен , олардың қосқан 21 күніндегі салмағымен өлшенетін сүттілігімен, торайларының 45-60 күндегі жалпы салмағымен бағалайды.
Тауық өнімділігін айына , жылына салынған жұмыртқа санымен есептелінетін жұмыртқалағыштығымен, белгілігі мерзімде салынған жұмыртқа санымен есептелінетін жұмыртқалағыштық қарқынмен бағалайды.
Бақылау сұрақтары:
-
Өнімділікке қандай факторлар әсер етеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.
-
Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.
-
Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.
-
Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.
Практикалық сабақ 8. Малдарды өсіру әдістері. Практикалық сабақтың мазмұны: -
Ауыл шаруашылық малдарын өсірудің әдістері.
Сабақтың мақсаты: малдарды өсірудің түрлі әдістерінің сызбаларымен танысу.
Мал басын өсіруде тазақанды(таза) өсіру әдістерімен будандастыру әдістері қолданылады. Тазақанды өсіруде-бір тұқымға, ал будандастыруда-әр тұқымға жататын малдарды шағылыстырады. Олардан алынған ұрпақты будандар(метистер) деп атайды. Тұқымдық қасиеттері кеңейтілген будандардың 1-ші ұрпағы гетерозис құбылысының арқасында ата-енесінен көрі жылдам және жақсы жетіледі.
Әр түрге жататын жануарларды шағылыстыру гибридизация деп атайды. Олардың гибридтер деп аталатын ұрпағының көбіне көбеюшілік қасиеттері болмайды. Мысал ретінде, есек пен бие гибриді қашырды келтіруге болады. Ұрпағын жалғастырып, жаңа тұқым шығарылған гибридизация мысалы ретінде арқар мен саулықтан шығарылған қазақ архармериносы қой тұқымын келтіруге болады.
Будандастырудығң 5 әдісі бар. Оларға тұқым түзуші немесе зауыттық будандастыру, сіңіре(аудара) будандастыру, араластыра(түзетуші) будандастыру, өнеркәсіптік будандастыру кезек будандастыру жатады. Түсініктілігін арттыру үшін оларды кестелеп бейнелейді. Ол екстелерде малдың шығу тегіндегідей ұрғашы аналық бастары дөңгелекпен белгілеп сол жаққа, ал еркек аталық бастарды төрт бұрышпен белгілеп оң жаққа қояды.
Бақылау сұрақтары:
-
Малдарды өсірудің негізгі әдістерін атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.
-
Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.
-
Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.
-
Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.
Практикалық сабақ 9. Малдардың асылтұқымдық сапасын бағалау. Практикалық сабақтың мазмұны: -
Асылтұқымдық шаруашылықтардағы бонитировкалау.
-
Малдардың асылтұқымдық сапасын бағалау әдістері.
Сабақтың мақсаты: малдардың асылтұқымдық сапасын бағалау әдістерін зерттеу.
Мал басын тұқымдық және өнімдік қасиеттерін бағалау негізінде белгіленген кластарға жатқызуды бонитировкалау арқылы іске асырады. Асыл тұқымды мал шаруашылығында мал басын бонитировкалауды мамандар( зоотехник-селекционерлер) арнайы асылдандыру ісі жөніндегі нұсқауларды басшылыққа ала отырып жүргізеді. Тауарлық шаруашылықтарда малдың тек асыл тұқымдық тобын: сиырларды- сауымы аяқталғанда, еркек таналарды- жыныстық қабілеттілігі жетілгенде, ұрғашы таналарды- 10айлығында бонитировкалайды. Бонитировкалағанда сиырлардың- сүттілігі, сырт пішіні мен дене бітімі, шығу тегі; бұқалардың- сырт пішіні мен дене бітімі, шығу тегі; таналардың- сырт пішіні мен бағаланады.
Бонитировкалау нәтижесінде оларды элита – рекорд, элита, 1 не 2 класқа жатқызады. 2 класс талабына сай емес бастарды кластан тыс деп табады.
Бонитировкалау барысында мал дене бітімі, сыртқы пішіні, тұқымдық қасиеттері және өнімділігі бойынша кешенді түрде бағаланады. Бонитировкалаудың мақсаты- тұқымдық қасиеті және өнімдік көрсеткіштері бойынша ең жақсы бастарды іріктеп, нашар, өсіруге жарамсыз бастарды бракқа шығару болып табылады. Бонитировкалау нәтижесі бойынша ата-аналық бастардың ұтымды жұптастырылғандығына баға беріп, қажетті өасиетті ұрпақ алу үшін жұптастыратын бастарды сұрыптап, оларды бағыттап азықтандыру арқылы көзделген өнімділігне қол жеткізу.
Бонитировкалаудвн бір ай бұрын жоспар жасалады. Бонитировкалау жоспарында жергілікті жер және ау- райының жағдайы, мал тұқымының ерекшелігі, бонитировкаланатын басы, оның өткізілетін жерінің ветеринарлық-санитарлық жағдайы, отарлардың бонитировкалану реті, оны өткізуге қажетті жұмыскерлер саны мен ұқрал-сайман тізімі ( татуировкалу қысқыштары, құлақ тескіштер, құлақ сырғалары, таразылар, есеп журналдары, белгілеу бояулары ж.б.) көрсетіледі.
Малдың сыртқы пішіні мен дене бітімі оның жеке тұлғалық ерекшеліктері, яғни фенотипі, бойынша бағаланса, өнімділігін кешенді бағалау үшін фенотиптік бағалау оның тегі мен тұқымдық қасиеттері, яғни генотипі, жөніндегі мәліметтермен толықтырылады. Малдың өз басының шығу тегі мен одан алынған тұқымның сапасы(өнімділігі) оның тұқымдық қасиеттерін сипаттайды.
Организмнің тұқымдық қасиеттері белоктар мен нуклейн қышқылдарынан (ДНҚ,РНҚ) тұратын хромосомалар деп аталатын полимерлер арқылы беріледі. ДНҚ молекулалары фосфат қышқылының қалдығынан, дезоксирибозадан және аденин(А), гуанин(Г), тимин(Т), цитозин(Ц) негіздерінен құрастырылған нуклеотидтердің қос бұрымынан тұрады. ДНҚ молекуласы екіге бөлінгенде бұрамы тарқатылады да, оның әр тізбегінің бойында комплементарлық, яғни толықтырушылық, ережесіне сәйкес жаңа тізбек құрастырылады.
ДНҚ молекуласының бір тізбегі матрица ролін атқарып, оның бойында цитоплазма ферменттерінің әсерімен РНҚ-ның ақпараттық РНҚ (а-РНҚ) деп аталатын, негіздері ДНҚ молекуласының негіздеріне комплементарлы, тізбегі түзіледі. Мысалы , ДНҚ тізбегінің бойындағы Ц-Г-Т түріндегі үш негіздік қалдықтан тұратын үштікке (триплетка) а-РНҚ тізбегінің Г-Ц-А үштігі түзіліп, ДНҚ молекуласындағы кодталған генетикалық (тұқымдық) ақпаратты көшіру, яғни транскрипциялау барысында а-РНҚ молекуласына толығымен комплементарлы ақпарат көшіріледі.
Бойындағы тектік генотип ақпаратпен а-РНҚ тізбегі жасуша ядросынан цитоплазмаға шығып, рибосомаларға беріледі. Мұнда оның үштіктері тасымалдық қызмет атқаратын транспорттық РНҚ-ның (т-РНҚ) комплементарлы үштік негіздерін тартады. Бұл а-РНҚ үштіктктеріне комплементарлы т-РНҚ молекулаларына белгілі аминқышқылдары бекітіліп, а-РНҚ тізбегінің бойында т-РНҚ млоекуласының аккумуляциялануы баысында белоктың көп пептидтік тізбегі түзіледі. Бұл үрдісті трансляция деп атайды.
Белгілі бір белгінің берілуін қамтамасыз ететін үштікті ген деп атайды. Белоктағы барлық 20 аминқышқылдың орналасуын қамтамасыз ететін барлық үштіктер жиынтығын организмнің генетикалық коды деп атайды.
Аталық және енелік организмдердің жыныстық жасушаларындағы генетикалық кодты олардың ұрықтану барысындағы ядроларының қосылуынан пайда болған зигота, яғни тұқым, ұрпаққа беріледі. Малдың тұқымдық қасиеттері бағаланғанда оның, яғни пробандтың, аталық (А) және енелік(Е) шығу тегі зеттелген.
Малдың шығу тегі туралы мәліметтері бойынша оның сұрыптау мен жұптау ісіне қажет генеологиялық генотипі бағалайды. Шығу тегін бақылау арқылы мал басының генотиптік потенциалын тарылтып, бейімделушілік пен өнімділік қасиеттеріне әсерін тигізетін жақын туыстық шағылысуына(инбридингке) жол берілмейді. Сонымен қатар ол мәліметтерді мал басын асылдандыру ісінде аса көрнекті аталықтар мен аналықтарды жеклеп сұрыптау үшін пайдаланылады.
Жалпы өнімділік мал шаруашылығанда, әдетте, өсіріліп отырған мал басын көзделген өнім бағытында селекциялауға қажетті қасиеттерін фенотиптік сұрыптау арқылы жүзеге асырады. Шаруашылықтағы асылдандыру ісінің қойылған мақсатына байланысты сұрыпталған мал басын жұптастыруды біртоғалық, яғни гомогенді, немесе әртоғалық, яғни гетерогенді принциптерге сүйене отырып жүргізеді.
Асылдандыру ісіндегі бағытты сұрыптау мен жұптау нәтижелерін арттыру үшін алынған ұрпақ сапасын бағалайды.
Бақылау сұрақтары:
-
Шығу тегі бойынша бағалау қалай жүргізіледі?
-
Ұрпақ сапасы бойынша бағалау қалай жүргізіледі?
-
Бонитировка дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.
-
Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.
-
Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.
-
Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.
Практикалық сабақ 10. Мал азығының қоректілігін бағалау тәсілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |