ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Халықаралық стандарттау және сертификаттау» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдар


Стандарттау жөніндегі еуропалық комитет (СЕН)



бет2/4
Дата12.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#129776
1   2   3   4

Стандарттау жөніндегі еуропалық комитет (СЕН)

Стандарттау жөніндегі еуропалық комитет ( 1970 жылға дейін Стандарттауды үйлестіру жөніндегі еуропалық комитет) 1961 жылдан бері жұмыс атқарып келе жатқан ұйым. СЕН-ге 17 еуропа елдері – Австрия, Бельгия,Ұлыбритания, Греция, Дания, Германия, Испания, Ирландия, Италия, Люксембург, Норвегия, Нидерланд, Португалия, Финляндия,Франция, Швеция, Швецария ұлттық ұйымдары мүше. Ол 1992 жылға дейін ЕО пен ЕАСТ ғана мұше – елдер ( ұлттық стандарттау ұйымы жоқ Лихтейштейннен басқа) кіретін жабық ұйым болатын.

СЕН Бас ассамблеясының шешімімен мүшеліктің жаңа категориясы – ассоциациялық мүше құрылды.СЕН- ге статусы еуропалық немесе ұлттық заңнамамен анықталатын мүшелдердің кез- келген қоғамдық,ғылыми, экономикалық немесе басқа да ұйымдары мүше бола алады.СЕН мақсаттарына жетуге,стандарттау процесіне ықпал етуге стандараттар жобаларын талқылауға қатысуға ассоциациялық мүшелер міндетті (шешім қабылдауға дейін), бірақ олардың дауыс құқықтары жоқ.

СЕН-нің еуропалық деңгейдегі стандарттау процесіне барлық мүдделі жақтар консенсусы негізінде стандартты жоспарлау,әзірлеу және қабылдау кіреді.

Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлауда ұлттық ұйымдар,еуропалық ( көбіне ЕАСТ жағы бойынша) ұйымдар, ассоциативтік органдар (АО), еуропалық сауда ассоциацияларынан түскен ұсыныстар ескеріледі.

Стандарт жобасын дайындау бастапқы жобаны бекіткен (үш ресми тілдерде), ал Орталық хатшылықта ол тіркелгеннен соң еуропалық стандарттық ресми жобасы болған құжат сәйкес техникалық комитеке жүктеледі.

Бірқатар жағдайларда стандарт дайындау ИСО шеңберінде атқарылады, онда да ЕО мүше-елдердің еуропалық өкілі жобаның жетекшісі болып тағайындалады.

СЕН негізгі маұһқсаты –ЕО, ЕАСТ және басқа үкіметаралық ұйымдар өздерінің директиваларына сілтеме жасай алатын еуропалық стандарт –ЕN (еуронормалары) әзірлеу арқылы өнім мен көрсетілетін қызмет саудасын дамытуға ықпал етеді.ИСО мен МЭК халықаралық стандарттарын мүшелерде қолдану бірыңғайлығын қамтамасыз ету жолымен өнім мен көрсетілетін қызмет саудасын дамытуға ықпал ету; стандарттаумен айналысатын аймақтардың барлық ұйымдарымен ынтымақтаста болуды дамытуға ықпал ету; еуропалық стандартарға (еуронормаға) сәйкестік сертификаттауы бойынша көрсетілетін қызметтерді дамытуға ықпал ету.

СЕН еуропалық стандарттарды авиация жабдықтарына,газды су қыздыратын құралдарға,газ баллондары,көтергіш механизмдердің құрастыру бөлшектері, газ плиталары, дәнекерлеу және кесу,құбырлар, насос станциялары және тағы басқаларына әзірлейді.

СЕН жоғарғы органы- стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдар, ЕО пен ЕАСТ мүше-елдерінің үкімет органдары сондай- ақ ассоциациялық ұйымдар болатын Бас ассамблея (18-сурет).

Бас ассамблея Әкімшілік кеңесті сайлайды. Оның атқаратын қызметі мыналар:

-мүше-елдер ұлттық стандарттарын қолдану ережесі мен тәсілдерін және еуроплық стандартар әзірлеуде халықаралық стандарттарды белгілеу;


-еуропалық стандарт ретінде ұлттық немесе халықраралық нормативтік құжаттарды тікелей пайдалану мүмкіндігін анықтау және оны сақтауды (орындауды) бақылау;

-аймақ шеңберінде ұлттық стандарттау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.

Стандарттау саласындағы саясат ұлттық ұйымдар өкілдері –директорлар коллегиясымен анықталады және Бас ассамблеямен бекітіледі.

Стандарттау жөніндегі техникалық жүмыстарды техника­лық бюро үйлестіретін техникалық комитеттер орындайды. Техникалық комитеттер мына бағыттарда жүмыс істейді:



  • қүрылыс және азаматтық қүрылыс;

  • машина жасау:

  • денсаулық сақтау;

  • жүмыс орындарында денсаулық сақтау және қауіпсіздік:

  • көлік және буып-түю;

  • ақпараттық технология.

Бағдарламаларды қамтамасыз ету жөніндегі комитеттер (багдарламалық комитеттер) міндеті - бүрыннан бар халық-аралық немесе алғы үлттық стандарттарды талдау аркылы еуростандартгар әзірлеуді жеделдету және СЕН-де тез және тиімді пайдалануға болатын акпараттар жинау.

Бағдарламалық комитеттер –стандарттау бағдарламасын құрастырады,үйлестіруге еуропалық стандарттар немесе құжаттар ретінде ИСО мен МЭК халықаралық стандарттарын қабылдайды, еуропалық стандарт әзірлейді немесе ИСО мен МЭК-тен нәтижелерді алуды күтеді.Осы ұйымдармен тұрақты байланыс жасайды және еуростандарт қабылдауда комитет өз жұмыстарынының нәтижелері туралы ИСО немесе МЭК-ке хабарлайды.

Техникалық комитеттер, сонымен қатар өз жүмыстарында халыкаралық стандарттарға сүйенеді, аймақтық үйымдармен байланые жасап турады, сабақтас мәселелермен айнатысатын басқа техникалық комитеттер жүмыстарының нәтижелерін ескереді. Комитет алдына қойылған міндет орындалысымен. ол Техникалык бюромен таратылуы, немесе стандартты кайта карауға жауапты етіп жәй қалдырылуы мүмкін.

Стандарттарды қабылдау тәртібіне техникалық комнтеі жүмыс тобыньщ жобаны қүптауы, белгіленген мерзімде дауысқа салу үшін стандарттау жоніндегі үлттық үйым аты-нан СЕН-ге мүше-елдердің барлығына техникалық бюронын жобаны жөнелтуі кіреді.

Жобаны қабылдауға қарсы дауыс 20%-дан көп болмаса еуронорма(еуропааық стандарт) қабылданған болып есептелінеді. Қабылданған стандарт мүше-елдер үлттық стандарттау жүйесіне, оның ішінде қарсы дауыс бергендердікінеде енпзіледі. Әрі қарай Әкімшілік кеңес ЕО мүше-елдер үшін осы стандарттын маңыздылық дәрежесін қарайды. Оң шешім болған жағдайда сәйкес ЕО директивасында оған сілтеме жасалынады және стандарт ЕО мүше-елдерде міндетті орындау статусын иелінеді.

СЕН еуронормадан басқа үйлестіру жөніндегі құжаттарды (НD) және саудадағы техникалық кедергілерді жою мен жаңа тауарлар өндіру прогрессивті техникалық талаптарын жеделдетуге бағытталған алғы стандарттарды (EVN) әзірлейді.

Үйлестіру жқніндегі құжаттар СЕН-ге мүше елдерде халықаралық стандарттар қолдануда бірыңғайлықты бұзатын әкімшілік және құқықтық нормалар мәнін түсіндіреді.

СЕН қабылдаған еуропалық стандарт екі вариантта басылып шығарылады: СЕН мүше –елдері еуронормасы және ұлттық стандарты сияқты.Екінші вариантта, стандартта оны түсіну мен қолдануға ықпал ететін ұсыныстар мен түсініктемелер түрінде қосымша болады. СЕН өнім, көрсетілетін қызметтер, процесттер стандарттарын әзірлеуден басқа, өнім сапасын, сынақ зертханаларын сынау мен аккредиттеу әдістерін қамтамасыз ету жүиесін стандарттаумен айналысады. Бұл бағытта « мұқабалық әдіспен» 9000 сериялы ИСО халықаралық стандарттары негізінде қабылданған еуропалық 29000 сериялы еуронорма – стандарттары (29000 ЕN) жасыланыда және бекітіледі. Бұл нормативтік құжаттар кешеніне бес еуропалық стандарттар кіреді:

«Сапаның жалпы нұсқауы және сапаны қамтамасыз ететін стандарттар, таңдау және қолдану жөніндегі басшылық нұсқаулар» 29000 ЕN;

«Сапа жүйелері.Жобалау және(немесе) әзірлеу,өндіру,құрастыру және көрсетілетін қызметтерде сапаны қамтамсыз ету моделі» 29001 ЕN;

«Сапа жүйелері, өндірумен құрастырудағы сапаны қамтамасыз етуге арналған модель» 29002 ЕN;

«Сапа жүйелері. Қорытынды бақылау мен сынаулардағы сапаны қамтамасыз етуге арналған модель» 29003 ЕN;

«Сапаның жалпы нұсқауы және сапа жүйесімен элементтері.Басашылық нұсқаулар» 29004 ЕN.

Сынау, сертификаттау және аккредиттеу саласында жеті 45000 сериялы еуронорма (45000 ЕN) –еуропалық негіз қалаушы стандарттардан тұратын нормативтік құжаттар кешені қабылданды:

«Сынақ зертханалары жұмыстарына қатысты жаопы критерий» 45001 ЕN;

«Сынақ зертханалары бағалайтын ( аттестацияланатын) "Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі органдарға арналған жалпы критерий" 45003 ЕN;

«Өнімді сертификаттайтын сертификаттау жөніндегі органдар жалпы критерийі» 450011 ЕN;

«Сапа жүйелерін сертификаттауға жауапты сертифткаььау жөніндегі органдар жалпы критерий» 450012 ЕN;

«Қызметтерді аттестаттаумен айналысатын сертификаттау жөніндегі органдарға қатысты жалпы критерий» 450013 ЕN;

«Стандартқа бұйымның сәйкестігі туралы жеткізуші арызына (өтінішіне) арналған жалпы критерий» 45001 ЕN;

Бұл стандарттарды СЕН Электртехникадағы стандарттау жөніндегі Еуропалық комитетпен (СЕНЭЛЕК) бірігіп әзірлеген.

СЕН қазіргі мәселелері нарық қажеттіліктерінен туындайтын сәйкес стандарттар әзірлеу және оларды уақытында басып шығаруға, еуроплық директивалар басылыуынан стандартты қабылдаудың қалып кетуін жоюға, саны жылдан жылға жоба санынан қалып тұратын стандарттар қабылдау мерзімдерін жеделдетулерге қатысты.


12 дәріс. Электртехникаларды стандарттау жөніндегі еуропалық комитет ( СЕНЭЛЕК)

СЕНЭЛЕК екі еуропалық ұйымдар – ЕАСТ пен ЕО-ға (ол кезде ЕЭО) мүше-елдер электртехникалары стандарттарын үйлестіру жөніндегі еуроплық комиттерін 1971 жылы біріктірумен құрылған.

СЕНЭЛЕК-ке 16 Еуропа елдері- Австрия, Бельгия,Ұлыбритания, Греция, Дания, Германия, Испания, Ирландия, Италия, Люксембург, Норвегия, Нидерланд, Португалия, Финляндия,Франция, Швеция, Швецария мүше. Олардың барлығы (Люксембургтен басқалары) ұлттық электртехникалық комитеттерімен кірген және МЭК-тің мүшесі болып келеді.

Ұйымның басында – Бас ассамблея.Оған мүше елдердің стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдаы мен үкімет органдары және ЕО мен ЕАСТ өкілдері кіреді. Бас ассамблея мүше – елдер ұлттық ұйымдары делегациясынан (5 адамға дейін) тұратын Әкімшілік кеңесін құрады. Стандарттау үшін жауапты құрылымдары СЕН-дей СЕНЭЛЕК олармен тығыз қызметтес (19- сурет).

СЕНЭЛЕК негізгі мақсаты –ЕО және ЕАСТ-пен тығыз ынтымақтаста электртехникалық өнімдер стандарттарын бірлеу.СЕНЭЛЕК стандарттары бірыңғай еуропалық нарық құруға қажет құрал ретінде қаралады.

СЕНЭЛЕК жұмыстарының басты бағытының мәні мүше-елдер ұлттық стандарттары, стандарттар талаптарына бұйым сәйкестігін сертификаттау тәртіптері арасыдағы кез-келген техникалық айырмашылықтарды жою және сол арқылы электртехника салаларының өнімдері саудасындағы техникалық кедергілерді болдырмау.

Жаңа технологиялар төңірегінде стандарттау жөнінде жұмыстар жоспарлағанда ЕО пен ЕАСТ талаптары ескеріледі, СЕН және басқа ұйымдардан мамандар қатыстырылады.Егер информатикаға қатысты мәселелерді шешетін болса, онда еуропалық конференцияға қатысуға пошта мен телебайланыс басшы органдарын шақырады.

СЕНЭЛЕК-тің негізгі стандарттау нысандары мыналар:

-тұрақты тоқтағы номиналдды күші 75-1500 В,ауыспалыдағы -50-ден 1000 В өндірістік және тұрмыстық жабдықтары;

- медицина элекртжабдықтары;

- электрмагниттік сыйсымдылық,оның ішіне радио кедергілер де кіреді;

- жарылу қауіпті атмосферада (жарылыстан қорғалған жабдықтар) пайдалануға арналған жабдық;

-өлшеу құралдарын,электрондыларды қоса метрологиялық қамтамасыз ету.

СЕНЭЛЕК осылардан басқа, ЕО және ЕАСТ тапсырмасымен еуропалық нарық өте қажетсінетін,бірақ олардың енуіне болып тұрған және болашақта болуы да мүмкін техникалық кедергілерді болдырмайтын элертжабдықтардың жеке түрлеріне еуроплық стандарттар әзірлейді.

СЕНЭЛЕК қызметінің тағы бір бағыты- бағдарламалық комитеттер ұсыныстары мен нұсқауларын қарауға арнайы құрылған Техникалық кеңес басқаратын стандарттарды үйлестіру.Бұл жұмыс МЭК-ті қайталауды болдырмау,сондай-ақ еуронорма немесе аймақтық ретінде оларды қабылдауюазасы сияқты МЭК халықаралық стандарттарын (және де олардың жобаларын) мезгілінде қолдану үшін қажет. Осындай талдау аймақтың басқа ұйымдарына да қатысты жасалынады.

Егер қандай да болмасын халықаралық стандарт базалық ретінде таңдалған болса, онда СЕНЭЛЕК стандарттау жөніндегі барлық ұлттық ұйымдарға осы төңіректе стандарттау әзірлеуді тоқтатуды ұсынады. Халықаралық негізінде жасалынған СЕНЭЛЕК еуропалық стандарты ұлттық ретінде болып қабылданады.СЕН/СЕНЭЛЕК жалпы ішкі ережелерімен қаралған осындай тәртіп «Әрекет етпеу туралы келісім» - деп аталады.

СЕНЭЛЕК еуронормасы (ЕN) – мүше – елдер ұлттық нормативтік құжат ретінде қабыоданған,келісілген техникалық мәтіндегі еуроплық стандарты.Ұйым ережесі стандарт мәтініне қандай болмасын өзгертулер енгізуге рұқсат етпейді.

ЕN үш ресми тілде (ағылшын,француз,неміс) жарияланады,бірақ титуль бетін индосссамент туралы ресми өтініш пен басуға болады Еуронормаларды нөмірленуі 50001 басталады. ЕN жариялау (басу) елдер тілінде мәтінді нақты сақтау (орындау) және кез келген ауыткуларсыз ұлттық ерекшеліктердің жағдайлары оған ақпараттық қосымша формасында енгізілуі мүмкін.

СЕНЭЛЕК пен СЕН техникалық органдары жұмыстарының ұқсастығына қарамай, Электрондық компонент жөніндегі комитет (СЕСС) пен Бағдарламалық комитеттер ерекшеліктерін атап өту қажет. СЕСС өте ерекшелік төңірегінде қызметтер болып саналатын электрондық компоненттер сапасын бағалаумен айналысады. Сондыктан.,комитеттің өзінін жеке Бас хатшылыгы болады және СЕНЭЛЕК Бас ассамолеясына тікелей бағынады. СЕСС-тің жеке бюджеті мүшеелдер жарнасынан қүралады.

Багдарламадык комитетгер сессия кезінде Бас ассамблеяға есеп береді, бірақ олардын қызметтері СЕСС және Ақпарат комитетіне қатысы жок.Бағдарламалық комитеттер СЕНЭЛЕК қызметтерін түзету мақсатында барлық деңгейлерді стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұдайы қадағалап отыруға міндетті.Осындай дәрежеде СЕН сияқты,СЕНЭЛЕК еуропалық стандарттар әзірлеу мен қабылдауды жеделдетуге мудделі.

Бүл бағытта бірнеше шаралар кабылданады: сұраныс пен дауыс беру этаптарын біріктіру, аудару қызметтерін жеделдету. олардын индоссамент туралы шешімдерін тез қабылдау үшін МЭК стандарттарын (жоба мен оны жариялау кезеңдерін де коса) карауға СЕНЭЛЕК техникалық комитеттерінің барлы-гынын катысуы туралы шешімді қабылдау. Барлык мүше-елдерге СЕНЭЛЕК стандарттарын озірлеуде база рапиде қод-дануга МЭК-те түп нүсқасы (аналогы) жок ұлттық стан­дарттар ішінен табу үшін, оларға талдау жүргізу ұсынылады.

Жоғарыда айтып откендей, ақпараттык қамтамасыз ету еуропалық одақ комиссиясы мен ЕО сәйкес директивасы негізінде атқарылады. Осы сферадағы қызметтерді реттеу үшін ақпаратгық технологияны басқару комитеті қүрылды, ал әзірлемелерге қатысуда кайталануды болдырмауға пошта мен телефон-телеграф байланысы еуропалық конференциясы кірістіріледі.

Ақпарат технологиясын басқару комитеті стандарт жобаларын даиындау техникалық тапсырмаларын жоспарлау және орналастыру, ерекше маңызды стандарттар қабылдауды же­делдету бойынша үсыныстар даиындау мен жүмме графи;ін қүрастырулармен айналысады.

Ақпараттық технология төңірегінде комитеттен басқа екі мақсатты сараптау - ақпараттық технологияны сертификаттау жене өндірістік технология тоңірегінде стандартгау қажеггілігі мәселелері бойынша кеңес беру топтары жүмыс істейді.

СЕН/СЕНЭЛЕК бірнеше бірлескен жүмыс топ тары жүмыс атқарады:


  • конфиденциалды хабарламаларды өңдеу, локальді желі-лер, файлдарды ауыстыру. әкімшілік күжаттар және баска жүйелер бойынша:

  • еуропалық стандарттаудың негізгі бағыттыры бойынша барлық мүдделерді жақтар келісіміне жеткізу мақсатын атқаратын ашық жүйе- еуропалық жұмыс топтпры. Бұл топтың техникалық құжаттары барлық халықаралық ұйымдар мен СЕН/СЕНЭЛЕК арналған.

Ақпараттық технология мен электрбайланыстар төңірегінде СЕНЭЛЕК - тің соңғы жылдары ЕО-да рөлі біршама өскен,сондай-ақ Еуропалық элекртбайланысы төңірегіндегі стандарттау институты –ЕТСИ –мен тығыз ынтымақтастықта.
13 Еуропалық электрбайланысы саласындағы стандарттау институты (ЕТСИ)

Электржелілер, өндіріс және жаңа технологиялар дамуы үшін өте маңызды болатын электрбайланысы төңірегіндегі стандарттарды үйлестіру процесін жеделдету ЕТСИ құруды қажет етеді.Институт 1988 жылдан бастап қызмет ете бастады.Оның негізгі міндеті –элекртбайланысының кешенді инфрақұрылымын жасауға негіз болатын жалпы стандарттар іздестіру.Бұл инфрақұрылым тұтынушыларға ұсынылатын кез-келген жабдықтар мен көрсетілетін қызметтердің сыйысымдылығын толық қамтамасыз етуді міндеттейді.

ЕТСИ жұмыстарының басқа бағыттары радиохабар бойынша еуропалық одақпен қызметтесу мен телехабар татару (дыбыс және көрініс),электрбайланысы төңірегінде жалпы еуропалық саясат қалыптастыруда ЕО-ға көмек көрсету.Бұл ЕОи менЕАСТ-ың осы бағытын қаржыландыруға әкеледі.

ЕТСИ қанша дегенмен жаңа ұйым,оның құрылымы мен жұмыс әдістерінде СЕН мен СЕНЭЛЕК-тен айырмашылық бар.Өзінің статусы бойынша қызметі француздық заңнамалармен реттестірілетін коммерциялық емес ассоциация.




-Ассоциацияның мүшесі бола алады:

-электрбайланысы төңірегіне жауапты үлттык ведомстволар;

- стандарттау жөніндегі үлттық үйымдар;

- мемлекеттік электрбайланысы желілерінің иелері;


- электржабдықтарын өндіретін компаниялар;

- электрбайланыотармен көрсетілетін қызметтерді пайда-ланушылар;

- зерттеу үйымдары және тағы басқалары.

Мүшелік географиясы шектеулі: ЕО. ЕАСТ, Шығыс еуропа, Турция, Кипр және Мальта елдері ассоциацияның мүшесі бола алады. Қазіргі күні ЕТСИ толыққанды мүшесі болып 24 ел, сондай-ақ шешуші дауысқа кұқығы жоқ ассоциацияланган мү­шелер (олардың ішінде Австралия мен Израиль) қатысады. Ассо­циацияланган мүшелікке қабылдау мен ізденушінің институт ісіне қосқан үлес ЕТСИ бағалағаннан кейін болуы мүмкіп.

ЕТСИ үйымдастыру қүрылымы 20-суретте көрсетілген. Институттыңжоғары органы - ұйым Президентін сайлайтын. мүшелік тураіы мәселелерді шешетін, бюджет, ережелер, тәр-тіптер және сол сияқтылармен айналысатын Бас ассамблея.

Техникалык ассамблея жүмыс бағдарламаларын кабылдау. техникалық комитет пен жүмыс топтарын қүру мен жою. ЕТСИ стандарттары жобаларын қабылдаулармен айналысады.

Стандарттар қабылдау тәртіптерінде СЕН мен СЕНЭЛЕК және басқа халықаралық ұйымдардың тәжірбиелерінен айырмашылықтар бар. Оның толық құқықты әр мүшесінің дауыс құқы бар,бірақ ереже тәртібі бойынша ұлттық делегация бір ұжымдық дауыс болып қаралған.

Стандарттлр жобаларын дайындауға техникалык комтеттер жауапты. жобаны жасауды белгілі бір мамандар тобына тапсыруы мүмкін.

Хатшылык ЕТСИ қызметтерін баскаруға және қабылданған стандартты таратуға жауапты.

Институт үйымдастыру күрылымының шекаралык облыс-тарын (акпараттық технологиялар, электрондык компоненттер. компьютерлердің сыйысымдылығын қамтамасыз ететін электрбайланыстар жүйесі) стандарттау жөніндегі жүмыстарды үйлестіру міндеті кіретін президент жанындағы біріккен топ басады.

Президенттің біріккен тобы жүмысынакөмекті акпараттык технология бойынша Басшы комитет пен Біріккен үйлестіру тобы көрсетеді.

Уақыт өткен сайын ЕО-ның қызмет уақыты кеңейіп, оған мүше елдердің саны арта түсті. ЕО-ның құрылымында өзгерістер жасалып, оның атқарушы органдары, атап айтқанда, институттары – Еуропалық Комиссия, Еуропалық Кеңес, Еуропалық Парламент және Еуропалық Сот дүниегег келді.

Жылдар өте келе мүше елдер мемлекеттер саны өсе және өкілеттігі нығая түсті. 1992 жылы ЕО-ға мүше-елдер арасында еркін тауар айналымына, қызмет көрсетуге, қаржы мен адам қозғалысына көшу жөніндегі Біртұтас еуропалық акт, сондай ақ 1993жылы бірыңғай ішкі нарық құру арқылы экономикалық, валюталық, саяси одақтар және жалпыеуропалық азаматтық мәселелерін шешуге негізделген Еуропалық Одақ туралы шарт күшіне енгізілді. Аталған құжат ЕО-ның конституциялық негізін қалаған құжат болып табылады.

Кеңес одағы ыдырағаннан кейін ЕО өз шекарасын шығысқа қарай үлғайтуға мүмкіндік алды.Сөйтіп, соңғы он жылдың ішінде ЕО-ның қатары 25 мемлекетке жетті. Мысалы, 1995 жылы Австрия, Финляндия, Швеция, 2004жылы Венгрия, Кипр, Литва, Латвия, Мальта, Польша, Словения, Словакия, Чехия және Эстония қосылды. Одақ тарихында осы он жыл өзіндік белсенділігімен ерекшеленетін себебі, осы кезең ішінде ЕО-ны кеңейту туралы жаңа стратегия қабылданды. Сонымен қатар, ЕО-ның алдындағы ішкі және сыртқы міндеттері нақтыланып, оның институттарын оған мүше елдердің азаматтарына жақындату және Одақтың әлемдегі жетекшілік рөлін арттыру міндеті белгіленді.

2002 жылдың 1 қаңтарында ЕО-ның бірыңғай ортақ валютасы –еуро айналымға енгізілді. Сөйтіп, ЕО-ның бастапқы кездегі экономикалық және валюталық одақ құру процесі жемісті аяқталды.

Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынас 1993 жылдың 2 ақпанынан қарқынмен дамып келеді. Бұған 1995 жылдың 23 қаңтарында Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық және әріптестік туралы келісімге, сондай ақ 2002 жылдың қарашасын.да Қазақстан Үкіметі мен Атом энергиясыжөніндегі еуропалық кеңестік арасындағы термоядролық синтезді басқару ынтымақтастығы мәселелеріне қатысты келісімге қол қойылуы дәлел бола алады.

Қазіргі таңда Қазақстан Еуроодақтың Орталық Азиядағы ең ірі сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. Мәселен, екіжақты қарым-қатынас енді-енді орнай бастаған 1994 жылы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тауар айналымы 1млд 84,5млн АҚШ долларын құраса, 2005жылы бұл көрсеткіш 15млд 287,2млн долларға жетті.

Байланыс орнағаннан бергі жылдар ішіндегі Еуроодақ Қазақстан экономикасына қомақты инвестиция салды және салып келді. Қазір де оның көлемі 10млрд АҚШ долларынан асады. Еліміздің негізгі инвесторлары Ұлыбритания(жалпы көлемінің 13,7%-ы), Италия (7,1), Нидерланды (5,5), Франция(1,7) және Германия (1,5) мемлекеттері болып табылады.

Еліміздің Еуроодақ алдында салмағының артуына жер қойнауы байлықтарының, бірізді экономикалық реформалар мен соңғы жылдар бедерінде ішкі жалпы өнімнің тұрақты түрде жоғары қарқынмен өсуінің оң ықпал етіп отырғаны шындық.

Қазіргі кезде экономиканың интеграциялануы, біріккен аймақтық нарықтың құрылуына ыңғайлануы байқалады. Интеграцияның ең жақсы жетілуі 1993 жылдың 1 қаңтарында бірынғай ішкі нарық құрған Еуропалық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) щеңберінде болды. Бұндай нарық ЕЭҚ мүшесі болатын 12елге (Англия, Бельгия, Германия, Греция, Дания, Италия, Испания, Ирландия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Франция) жалпы алғанда 320 мың тұрғындарға қызмет көрсетті. Мұнда, бірінші кезекте ұлттық кедергілерді жоюда еуропалық стандарттауды дамытуға мәе беріледі.

1957 жылдың өзінде Еуропа экономикалық қауымдастығы мен Еуропалық еркін сауда ассоциациясына (ЕЕСА) мүше елдер стандарттау ұйымдарының жеткешілері осы елдердің экономикалық интеграциялану жағдайында ұлттық стандарттарды келістіруде бірігіп жұмыс атқару мүмкіндіктерін талқылады.

1972 жылы Еуроодақ Кеңесімен Қауымдастық шегіндегі сацудадағы техникалық кедергілерді жоюдың Бас бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама щеңберінде «әр еуропалық елде жүздеген ұлттық стандарттардан бірнеше мың бірыңғай стандарттар жасау» - Еуроодақ бірыңғай міндетті стандарттар жүйесін жасау мәселелері тұрды.

Бірыңғай стандарттар Еуроодаққа мүше елдердің Қауымдастық елдерінен шетелдік өнімдерді қабылдамау мүмкіндігін жою және бірыңғай стандарттар қойған өнім сапасы көрсеткіштерінің нормасына көп көңіл бөлу қажет еді. Бұл жерде үлгі ретінде стандартталатын өнімнің жоғары техникалық деңгейіне кепілдік беретін ГФР стандарттары – ДИН-дар ұйғарылған.

1985 жылдың өзінде Еуроодақ Комиссиясы бірыңғай стандарттарға арналған көпжылдық ізденістер нәтижелерінің болмашы ғана, ал бірыңғай стандарттар жасау бойынша жұмыстардың «тасбақа аяңмен» жылжығынан мойындады.

Бірыңғай нарықтың жұмыс істеп тұруы үшін не болды және не қажет арасындағы мәнді айырымның болуы. Еуроодақ Комиссиясын континентте стандарттауды қайта құру мен дамыту жоспары баяндалған «Еуропаның жалпы кітабы» бағдарламасын әзірлеуге итермеледі. «Жасыл кітаптың» негізгісі: еуростандарттар техника мен технологияның жаңа жетістіктерін көрсетіп, ал директивалар – тұрғындар мен қоршаған ортаға қауіпті немесе зиянды өнімдердің Қауымдастыққа кіріп кетуімен күресетін тиімді шаралар келтіреді.

Еуроодақ стандарттау жұмыстарының қарқындауы 90-шы жылдардың басында болды. Егер 1991 жылы Еуроодақта 200 директива мен 1200 еуростандарттар жұмыс істесе, онда келесі екі жылда директива санын екі еселеу, ал еуростандарттар қорын бірнеше мыңға дейін жеткізу міндеттері қойылды.

Сонымен, Еуроодақтың стандарттау нормативтік базасын жақсы жетілдірілген техникалық заңнамамен құрастырған. Оны толық қарайық, себебі Қазақстанда да еуроодаққа эквивалентті стандарттау жүйесін жасау міндеті түр.

Еуроодақтың техникалық заңнамасы, еуропалық стандарттармен үйлестірілген Кеңес қаулылары мен кеңес директиваларынан тұрады.

Кеңес қаулылары Еуроодаққа мүше елдерге тікелей әсер етеді.

Кеңес директивасы Еуроодаққа мүше елдердің заңнамалық актілері арқылы енгізіледі, онда да енгізу мерзімі белгіленеді: ұлттық шеңберде оны енгізудің іске асуының бастапқы және соңғы мерзімдері.

Кеңес қаулылары мен директиваларының ескі және жаңа қолданылу амалдары бар.

Ескі директиваларда – қазіргі кезде де іске асырылып жатқан өнімдерге нақты талаптар қойылады.Мысалы, косметика бойынша 1976 жылғы №76/768 директивада 15 бап және 8 қосымшалар бар. Баптарда косметикалық бұйымдар жіктелуі, сапасына талаптар, маркілдеу тәртіптері берілген. Қосымшаларда косметикалық өнімдер құрамына кірмейтін заттар тізімі, пайдалануға рұқсат етілген және етілмеген бояу заттар тізімдері және тағы басқа деректер тізімі көрсетіледі. 1996 жылғы жағдайы бойынша директивада 23 түзетулер бар.

Жаңа амал 1985 жылы енгізілді. Жаңа директиваларда талаптар жалпы формада келтіріледі. Бұл қызметтердің өзгеріссіз ұзақ болатынын қамтамасыз етсе, ал ескі директиваларда көптеген толықтырулар мен түзетулер енгізіліп тұрады. Ескіден жаңасының айырмашылығы, оның екі бөлікті унификатталған құрылымы бар: біреуі құқықты, екіншісі – техникалық 4-6 түрдегі қосымшалар. Жаңа директиваның принципті айырмашылығы – онда өнім қандай еуропалық стандартпен сәйкес болу керектігі жазылады. Бұл жағдайда «еуропалық стандарт» терминіне, «үйлестірілген» анықтауы қосылады.

Сонымен, үйлестірілген еуропалық стандарт – сәйкесдирективаны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарт және бұл жағдайда ол Еуроодақ елдерінде пайдаланылуға міндетті. Осындай үйлестірілген стандарттар тізімі Еуроодақтың ресми бюллетенінде жарияланады.

Директиваны қамтамасыз етуге қажетті еуропалық стандарттар болмай қалған жағдайында, Еуроодақ комиссиясы еуропалық стандарттау ұйымдарына (СЕН, СЕНЭЛЕК) қажетті стандарттар әзірлеуіне мандат береді және ол жұмыстарды қаржыландырады.

Стандарт Еуроодақ бюллетенінде сәйкес директиваның нөмірі көрсетіліп жарияланғаннан кейін ғана үйлестірілген болып есептелінеді.

Мынаны ескеру қажет. Бір еуропалық стандарттың өзі болуы мүмкін: міндетті – ол нақты директиваны қамтамасыз етуге бағытталған жағдайда; міндетті емес- басқа жағдайларда қолданылатын болса.

Директива талаптарына жауап беретін өнімдер «СЄ» белгісімен маркіленеді.

Атап өту қажет, өнімнің бір түріне бірнеше директиваның қатысы болуы мүмкін. Онда «СЄ» белгісі, осы барлық директиваның талаптары сақталғанда ғана қойылады. «СЄ» белгісі- тұтынушы үшін емес, елдің бақылаушы және кеден органдарына арналған. «СЄ» белгісімен маркіленген өнім біріккен нарық ішінде еркін жүріп араласуына құқықты.

Әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қауымдастыққа мүше елдерде де тағам өнімдерінің қауіпсіздігі өте өткір мәселе болып тұрғандықтан «тағамдар» директиваларына да қысқаша тоқталайық.

Еуроодақ заңнамасы барлық тағамдық тауарларды қамтымайды, онда жасыл аймақтар бар, яғни ол ұлттық заңдардың ұйғарымын дұрыс санайды. Еуроодақ шеңберінде тағамдық өнімдердің 100-ден аса директивалары қолданыста. Олар немесе тік, неболмаса көлденең сипатта. Мысалы, көлденең директивалар барлық тағам өнімдеріне арналған, ал тік – нақты түрлеріне. Көлденең директивалардың болашағы бар.

Жақтаулық(рамалық) директивалар шығып тұрады. Олар көлденең сияқты тағамдық өнімдер топтарына арналған, бірақ қосымша заттар немесе зиянды заттар шамаларына талаптары бар.

Көптеген еуростандарттың еркшелігі мен «күші» мынады: олардың негізіне, тәртіп бойынша жеке еуропалық елдердің ең жақсы стандарттары қойылған. Мысалы, өзінің жоғары техникалық деңгейімен кең тарлаған Швецияның жеке компьютердің электромагниттік қауіпсіздігі стандарттарына Еуроодақтың бірыңғай стандарттары негіз болды.

Қазіргі этаптағы СЕН мен СЕНЭЛЕК комитеттерінің саясаты – ИСО мен МЭК халықаралық стандарттарын аймақтық ретінде қалай жиі пайдалану. Осы кездері Еуроодақ шеңберіндегі нормативтік құжаттардың 45% жуығы ИСО/МЭК әзірленген халықаралық стандарттар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет