Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 264 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 307 бірлескен бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 13 бабының 4 тармағына, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес бұйырамын:
1. Жеке кәсіпкерлік саласындағы:
1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы;
2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес байланыс саласындағы;
3) осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тексеру парақтарының нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р. Нұршабеков) белгіленген заңнамалық тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оны ресми жариялауды;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. «Тексеру парақтары нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 63 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 86 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 1 наурызда № 6092 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 13 наурызда № 58-60 жарияланған) бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бірлескен бұйрықтың атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің міндетін атқарушы
|
М. Құсайынов
|
Қазақстан Республикасы Байланыс және
ақпарат министрінің
2011 жылғы 31 тамыздағы
№ 264 және
Қазақстан Республикасы Экономикалық
даму және сауда министрінің
міндетін атқарушысының
2011 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 307 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Ақпараттандыру саласындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы
тексеру парағы
Тексеруді белгілеген орган ____________________________________________________________________________________________
Тексеруді белгілеу туралы акт_________________________________________________________________________________________
(Құқықтық статистика органында тіркеу туралы мәлімет, №, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы: ____________________________________________________________________________________________
Тексеру жүргізу мерзімі ____________________________________________________________________________________________
Тексеру кезеңі _____________________________________________________________________________________________
СТН (ЖСН/БСН)_________________________________________________________________________________
Мекенжайы: ______________қ., ___________________________ көшесі
Телефон: ______________, факс: ________________________
Электрондық пошта мекенжайы: _________________@__________
№
|
Талаптар
|
иә
|
жоқ
|
1. Нормативтік-техникалық құжаттамаға қойылатын талаптар
|
1
|
Ақпараттарды қорғау құралдарын, оның ішінде криптографиялық құралдарды пайдаланумен ақпараттық жүйелерді, сондай-ақ ақпараттарға қол жеткізуді бақылау мен қол жеткізу фактілерін тіркеу жүйелерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету
|
|
|
2
|
Ақпараттарға қол жеткізу, сондай-ақ тұлғалар тобы мен ақпараттардың сипаттамасы бойынша ақпараттарға қол жеткізуді шектеу жүзеге асырылатын аумаққа (үй-жайғда) кірудің ерекше режимін қамтамасыз ету
|
|
|
2. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын ақпараттық жүйелерге, ақпараттық ресурстарға, бағдарламалық өнімдер мен деректер қорынақойылатын талаптар
|
3
|
Ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігі аттестатының болуы
|
|
|
3. Мемлекеттік тіркелімде тіркелетін, ақпараттық жүйелерге, ақпараттық ресурстарға қойылатын талаптар
|
4
|
Мемлекеттік тіркелімде тіркелген, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді жыл сайын өзектілеу
|
|
|
5
|
Сол немесе басқа себепті пайдаланудан шығарылған немесе басқа ведомствоға берілген ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Мемлекеттік тіркелім есебінен шығару үшін хабарламаны уақтылы беру
|
|
|
4. Ақпараттық жүйелер, бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттама депозитариінде (бұдан әрі – Депозитарий) депозитке берілетін ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар
|
6
|
Бастапқы бағдарламалық кодтардың, ақпараттық жүйелерді орнату пакетінің (түпнұсқалары мен көшірмелерінің) болуы
|
|
|
|
7
|
Депозитарийде тұрған бағдарламалық өнімдер туралы мәліметтерді жыл сайын өзектілеу
|
|
|
|
8
|
Сол немесе басқа себепті пайдаланудан шығарылған немесе басқа ведомствоға берілген бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы Депозитарий есебінен шығару үшін хабарламаны уақтылы беру
|
|
|
|
9
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесінің 30 тармағына сәйкес бағдарламалық өнімдерге, ақпараттық жүйелерге, ақпараттық ресурстарға нормативтік-техникалық құжаттаманың болуы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Уәкілетті органның лауазымды тұлғалары:
____________________________________ _______________ ___________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә)
____________________________________ _______________ ___________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә)
Тексеру субъектісі:
____________________________________ _______________ ___________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә)
Қазақстан Республикасы Байланыс және
ақпарат министрінің
2011 жылғы 31 тамыздағы
№ 264 және
Қазақстан Республикасы Экономикалық
даму және сауда министрінің
міндетін атқарушысының
2011 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 307 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы
тексеру парағы
Тексерісті тағайындаған орган: ____________________________________________________________________________________________
Тексерісті тағайындау туралы акт: __________________________________________________________________________________________
(№, күні, құқықтық статистика органында тіркеу туралы мәліметтер)
Тексеру субъектісінің атауы: _______________________________________________________________________________________________
Тексерісті өткізу мерзімі: __________________________________________________________________________________________________
Тексерілетін кезең: _______________________________________________________________________________________________________
СТН (ИИН/БИН) ________________________________________________________________________________________________________
Мекен-жайы: ______________ қ, ___________________________ көшесі
Телефоны: ______________, факсы: ________________________
Электрондық поштаның мекен-жайы: _________________@__________
№
|
Талаптар
|
иә
|
жок
|
|
байланыс саласындағы бақылау субъектіге
|
|
|
1
|
Байланыс қызметтерін беруге тиісті Мемлекеттік лицензияның бар болуы
|
|
|
2
|
Радиожиілік спектрін, кеме станциясын қолдануына рұқсатының бар болуы
|
|
|
3
|
Кіріс және шығыс жергілікті, қалааралық және халықаралық байланыстың ұйымдастыру кезінде нөмірлеуді белгілеуімен нөмірлеу жоспарының және тиісті рұқсаттың бар болуы
|
|
|
4
|
Байланыс операторы коммутациялық жабдықтау құрамында арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуге құралдардың бар болуы
|
|
|
5
|
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуін қамтамасыз ету үшін абоненттер туралы қызметтік ақпаратты екі жыл ішінде жинау мен сақтауын жүзеге асыру мүмкіндігімен сертификатталған аппаратты-бағдарламалық және техникалық құралдардың бар болуы
|
|
|
6
|
Тексерілетін объектілерде қолданылатын байланыс техникалық құралдарына сәйкес сертификаттардың бар болуы
|
|
|
7
|
Радиоэлектрондық құралдарды (РЭҚ) және жоғары жиілікті құрылғыларды (ЖЖҚ) пайдалануына рұқсатының бар болуы
|
|
|
8
|
Жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылу тәртібінің телекоммуникация желілерінің қосылуы өзара әрекет етуі, трафикті өткізуді реттеу және өзара есеп айырысуды жүргізу ережесіне сәйкес болуы
|
|
|
9
|
Лицензияны пайдалану шарттарын, сондай-ақ байланыс саласында қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын сақтау
|
|
|
10
|
Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат ету мерзімдерін ұзартуының болуы
|
|
|
11
|
РЭҚ және ЖЖҚ мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігі мен радиожиілік спектрін қолданылуына уақтылы төлемінің бар болуы
|
|
|
12
|
Радиожиілік спектрін қолдану және радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылардың пайдалану рұқсаттарындағы белгіленген деректеріне радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылардың пайдалану-техникалық сипаттамалар сәйкестігі
|
|
|
13
|
Бақылау-өлшеу және сынақ жұмыстарын жүргізу үшін (тиісті шарт болған жағдайда өтініш берушіге меншік не болмаса жалдау құқықтарында тиесілі) метрологиялық базаның бар болуы (Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшеу жүйесінің тізіліміне енгізілген)
|
|
|
14
|
РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат ету мерзімдерін ұзартуының болуы
|
|
|
15
|
Қазакстан Республикасы аумағында РЭҚ, ЖЖҚ сатып алған жағдайда, радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылардың сатып алуға рұқсатының болуы
|
|
|
16
|
Тексеруші тұлғаға мынадай ақпарат ұсыну:
Телекоммуникация желілерін құру және/немесе даму кезеңдері бойынша және Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінуіне байланыстыра отырып, қызметтер ұсынылатын аумақтар;
қызметтер тұтынушыларымен өзара қатынастарында дербестік дәрежелері (дербес жүзеге асырылады немесе делдалдар - «қызметтер жеткізушілері» талап етіледі);
желі түрін құрастырған кезде қолданылған стандарттар мен хаттамалар;
желі сыйымдылықтары, оның ішінде құру және/немесе даму кезеңдері бойынша;
желінің әкімшілік пункттеріне байланыстыруында байланыстың ұйымдастыру сызбасының бар болуы;
ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісімен Қазақстан Республикасы аумағында басқа да байланыс желілерімен өзара іс-әрекет;
станцияаралық қосылуларды ұйымдастыру тәсілдері (жалға берілген басқа желілер бойынша нақты техникалық құралдарды көрсетуімен өтініш берушінің меншікті байланыс желісінің құралдары бойынша);
трафик есебі жүйесінің бар болуы;
байланыс құралдарын иелену, пайдалану, өкім беру құқығы (меншік құқығында не болмаса жалдау құқықтарында);
жергілікті телефон қосылулардың, нөмірді анықтау аппаратурасының уақтылы бағаларын есепке алу аппаратурасын қолдану (жергілікті телефон байланысы қызметін ұсынатын байланыс операторлары үшін талаптар);
қолданылатын көлік құралдарын белгілеумен пошталық
пошта қызметін беру тәртібі (пошта қызметін көрсеткен жағдайда);
халықаралық пошта жөнелтімдерін кедендік тексеруге беру тәртібі (пошта қызметін көрсеткен жағдайда);
|
|
|
Уәкілетті органның лауазымды тұлғалары:
____________________________________ _______________ ___________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә)
____________________________________ _______________ ___________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә)
Тексеру субъектісі:
____________________________________ _______________ ___________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә)
Қазақстан Республикасы Байланыс және
ақпарат министрінің
2011 жылғы 31 тамыздағы № 264
Қазақстан Республикасы Экономикалық
даму және сауда министрінің
міндетін атқарушысының
2011 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 307 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Нысан
Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына жеке кәсіпкерлік саласындағы
тексеру парағы
Тексеруді белгілеген орган _____________________________________________________________________________________________
Тексеруді белгілеу туралы акт__________________________________________________________________________________________
(Құқықтық статистика органында тіркеу туралы мәлімет, №, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы: ___________________________________________________________________________________________
Тексеру жүргізу мерзімі _____________________________________________________________________________________________
Тексеру кезеңі _____________________________________________________________________________________________
СТН (ЖСН/БСН)___________________________________________________________________________________
Мекенжайы: ______________қ., ___________________________ көшесі
Телефон: ______________, факс: ________________________
Электрондық пошта мекенжайы: _________________@__________
№
|
Талаптар
|
иә
|
жоқ
|
1
|
Электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін растау жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі қызметке лицензияның болуы
|
|
|
2
|
Ақпараттарды криптографиялық қорғау құралдарын іске асыруға (оның ішінде басқаша беруге) лицензияның болуы
|
|
|
3
|
Куәландыру орталығының бағдарламалық-аппараттық құралдарды орналастыру және пайдалануға арналған техникалық үй-жайдың болуы
|
|
|
4
|
Тиісті кәсіби деңгейге жауап беретін және біліктілігіне сәйкес 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар білікті инженерлік-техникалық персоналдың, сондай-ақ куәландыру орталығының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың (дипломдар, сертификаттар және куәландыру орталығы қызметінің тиісті профилі біліктілігін беру туралы әртүрлі куәліктер) болуы
|
|
|
5
|
Куәландыру орталығының аппараттық-бағдарламалық кешені үшін ақпараттарды криптографиялық қорғаудың сертификатталған құралының болуы
|
|
|
6
|
Қызметтің мәлімделген түрін жүзеге асыру үшін қажетті аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуы
|
|
|
7
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарымен берілген мәліметтерді, немесе бірлескен құпия жұмыстарды орындауға белгіленген заңнамалық тәртіпте жасалған шартты пайдаланумен жұмыстар жүргізуге жұмыстардың болуы.
|
|
|
8
|
Электрондық цифрлық қолтаңба функцияларын іске асыратын, жұмыс істеуші бағдарламалық қамтамасыз етудің бұрыс жұмыстары фактілерінің болуы
|
|
|
9
|
Бекітілген нормативтік-техникалық құжаттардың болуы
|
|
|
10
|
Куәландыру орталығы модулдерінің (құрауыш) өзара іс-қимыл жасау сызбасы мен криптографиялық түрленудің қолданылатын алгоритмдері туралы деректері мен электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру үдерісін іске асыру жөніндегі басқа да бастапқы деректері (негізгі талаптары) мен өтініш берушімен бекітілген жекелеген параметрлерге және куәландыру орталығына қойылатын талаптары бар электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы
|
|
|
11
|
Осы куәландыру орталығында және оның пайдаланушыларымен қолданылатын ҚР СТ 1073-2007 бойынша пайданылатын АКҚҚ сәйкестік сертификатының болуы
|
|
|
Уәкілетті органның лауазымды тұлғалары:
____________________________________ _______________ ___________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә)
____________________________________ _______________ ___________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә)
Тексеру субъектісі:
____________________________________ _______________ ___________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә)
Достарыңызбен бөлісу: |