ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Ауыл шаруашылық құстарының селекциясы мен интенсивті өсіру технологиясы»



бет6/7
Дата30.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#168397
1   2   3   4   5   6   7

Практикалық сабақтың мазмұны:


  1. Мал шаруашылығында қолданылатын азықтардың қоректілігін бағалау әдістері.

Сабақтың мақсаты: Мал азығының қоректілігін бағалау тәсілдерін меңгеру.

Мал азығының қоректілігін бағалауда әр елде әртүрлі өшемдер қолданылып келеді. Біздің елде азық қоректілігінің өлшемі ретінде О. Кельнердің тәжірибелік деректеріне негізделген сұлы азық өлшемі ( С.А.Ө) қолданылады. 1с.а.ө ретінде 1 кг сұлы дәнінің бордақылаудағы сақа өгіз денесіндегі 148,8 =150 г тең май байлаулы түріндегі өнімдік әсер алынған.

Азықтардың өоектілігін с.а.ө-мен бағалай үшін, алдымен олардың құрамындағы қорытылған қоректік заттарды Кельнер анықтаған қорытылған 1 кг протеин үшін – 235 г, май үшін- 474-526 г, көмірсулар үшін 248 г болып келетін май байлау коэффиценттеріне көбейтіп, күтулі май байлау мөлшерін табады. Содан кейін оған көк және ірі жемшөпке- «жасунаққа шығару» түрінде, басқа азықтарға – «құнарлылық коэффиценті» түрінде түзеті енгізу арқылы нақтылы май байлану мөлшерімен айырмалығын жояды. Нақтылы май байлау мөлшерін 1с.а.ө май байлауына, яғни 150г-ға бөледі.

Бақылау сұрақтары:


  1. Мал азығының қоректілігі деп нені түсінеміз?

  2. Азықтардың өнімділік әсері қалай және қандай түрде анықталады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.

  2. Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.

  3. Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.

  4. Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.


Практикалық сабақ 11. Азық және оның жіктелінуі.

Практикалық сабақтың мазмұны:


  1. Малдарға арналғна негзігі азықтар, азықтық құралдар және үстеме азықтар.

  2. Азықтардың жіктелінуі.

Сабақтың мақсаты: азықтардың жіктелінуін және олардың қоректік құндылығының көрсеткіштерін зерттеу.

Мал азығына малдың жеуіне жарамды, ас қорту жолында қорытылатын, денсаулығымен қнім сапасына зиян келтірмей, уландырмай, тіршілік пен өнім өндіру мұктаждығына қажетті энергия мен қоректік, минердық жіне биологиялық әсерлі заттарды жеткізетін өнімдер мен қосындылар жатады. Олардың қатарына жайылым өсімдіктерінің мал жейтін бөлігі, шабындық пен екпе дақылдар көгінен дайындлған қыстық жемшөп пен дәнді дақылдар дәні мен қалдық тары, техникалық өндірістің азықтық қалдықтары, төл мен тұқымдық мал азығына жұмсалатын жануар тектес азықтар және мал азығына қолданылатын түрлі минералды, витаминді және басқа да биологиялық әсерлі заттары кіреді.

Мал азығын шығу тегі мен түрі, физикалық жағдай, физиологиялық игерімділігі, қоектік заттарының жоғырлануы мен ара қатынасы секілді мал түлігіне қоектілік құнарлылығы мен жұғындылығын айғақтайтын қасиеттеріне қарай топтастырып, жіктейді.

Шығу тегі бойынша мал азығы өсімдік тектес жемшөп пен жануар тектес азықтар, химиялық және микробиологиялық түзу өнімдері, минералдық қосындылар мен тұздар, витаминдер мен басқа да биологиялық әсерлі заттарға жатқызылады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Азық және азық құралдары түсініктерінің айырмашылығы неде?

  2. Азықтардың жіктелінуі қандай белгілері бойынша жүргізіледі?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.

  2. Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.

  3. Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.

  4. Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.


Практикалық сабақ 12. Сүтті талдау.

Практикалық сабақтың мазмұны:


  1. Сүтті органалиптикалық талдау.

  2. Сүттің химиялық құрамы.

Сабақтың мақсаты: сүтті талдау техникасын меңгеру.

Сүт – сиыр желінінде түзілетін құрамы күрделі биологиялық сұйық. Оның түзілуі өте күрделі процесс. Әр 1 л сүт түзілу үшін желін тамырларынан 400-600л қан өткізіледі. Бұл 10 л сүт сауылатын сиыр желінінен тәулігіне құрамында сүттің осыншама мөлшерін түзуге қажетті б\арлық заттары бар 4-5 т қан өткізілетінін көрсетді. Сүттің құрамында ағзаға қажетті барлық қоректік заттар бар. Ол сүт қоректілер төліне табиғаттың өзі дайындаған танғажайып тағам. Қорытылуы мен сіңірілуі жағынан да сүтке тең келетін тағам жоқ.

Сиыр сүті 87,5 судан, 12,5 құрғақ заттан тұрады. Құрғақ заты 3,8 сүт майынан, 3,3 ақуыздан, 4,7 сүт қантынан, 0,6 минералды заттардан құрастырылады. Жалпы сиыр сүтінің құрамында кездесетін 100- ден аса түрлі биологиялық пайдалы заттардың ішінде 20 – дан аса май қышқылдары, 20- дан аса аминқышқылдары, 16- дан аса витаминдар, қанттың үш түрі, 30-40 минералды элементтер, түрлі ферменттер, гормондар және тағы басқа қосындылар табылады. Сүт құрамы сиыр тұқымына, жасына, жыл мезгіліне, азықтандыру ерекшеліктеріне байланысты біршама өзгереді. Мысалы, азықтандыру жағдайларына байланысты сүт майлылығы – 3,0 – дан 5-6 – ға дейін, ондағы ақуз мөлшері – 2,7 дан 4- ға дейін ауытқиды.

Сиырдың сүттілігі 5-7 бұзаулағанға, яғни 7-9 жасқа дейін ұлғайып, сонан кейін төмендейді. Бірінші бұзаулаған құнажындардан сақа сиыр сүтінің 70-80 пайызындай сүт сауылады. Демек, сиырдың сүттілігін бағалағанда оның жасын да білу қажет.

Сүтті, көп жемшөп жей алатын ас қорыту жолдары көлемді сиыр ірі, салмақты келеді. Сондықтан да, жасымен қоса сиыр салмағын да білген жөн, өйткені сиыр сүттілігі тірідей салмағына тәуелді өзгереді.

Таза, сапалы сүт өндіру үшін біршама гигиеналық талаптарды сақтау қажет. Өйкені сүтті бұзатын – сыртқы ортадан ластанғанда енетін түрлі микроағзалар тіршілігі.

Сүттің тазалығы мен сақталу сапасын алдымен органолептикалық көрсеткіштері бойынша бақылайды. Ол көрсеткіштерді бағалау – адамның сезім мүшелеріне, яғни анализаторларына негізделгендіктен, еш күрделі құралдарды қажет етпейді. Органолептикалық тәсіл бойынша сүттің иісін, түсін, дәмі мен түрін (консистенциясын) бағалайды.

Бақылау сұрақтары:


  1. Сүт өнімділігіне қандай факторлар әсер етеді?

  2. Сүт майлылығына қандай факторлар әсер етеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.

  2. Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.

  3. Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.

  4. Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.


Практикалық сабақ 13. Мал шаруашылығы салаларының негізгі технологиялары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет