Қоректенуі. Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер. Олардың көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін сапрофиттер. Саңырауқұлақтардың 10 мыңнан астамы өсімдіктерде паразит ретінде кездеседі, ал бір мыңнан аздауы жануарлар мен адамдардың паразиттері. Саңырауқұлақтардың көпшілігі өмірінің бір бөлігінде паразит ретінде, ал екінші бөлігінде сапрофит ретінде тіршілік етеді. Саңырауқұлақтардың балдырлармен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен де селбесіп өмір сүруі жиі байқалады.Оны симбиоз деп атайды. Симбиозға мына жағдай мысал бола алады. Ақ саңырауқұлақтардың, қайыңның, қарағайдың, шыршының және емен ағашының түбінде, рыжиктердің шыршалы және қарағайлы ормандарда, подосиновиктердің көк теректің түбінде өсетіндігі белгілі. Бұл жағдайда ағаштардың тамырларымен саңырауқұлақтардың мицелийлерінің арасында тығыз байланыс қалыптасады, яғни симбиоз түзіледі. Мицелийдің жіпшелері тамырды тығыз орап, кейде тіптен ішіне өтеді. Сонымен мицелий ағаштардың тамыр түктерін алмастырады, ал ағаштардың тамырларынан мицелий өзінің қорегіне және жемісті дене түзуге қажетті органикалық заттарды алады.
Қалпақты саңырауқұлақтар жасыл түсті гүлді өсімдіктер мен балдырларға қарағанда басқаша қоректенеді саңырауқұлақтардың клеткаларында хлорофилл болмайды және органикалық емес заттардан органикалық заттар түзілмейді. Саңрауқұлақтар дайын органикалық заттармен қоректенеді. Симбиоз процесінің нәтижесінде жаңа организмдер пайда болады. Мысалы : қыналар, микориза.
Көбеюі. Вегетативті көбеюі мицелийдің жекелеген бөліктері арқылы артраспоралары (оидийлері) арқылы клетка қабықшалары жұқа болып келетін гифаның оқшауланған бөлігі: хламидос – полары арқылы қабықшалары қалың болып келетін клеткаларға ыдырайтын гифалар бүршіктену арқылы гифаларында келешегінде бөлініп түсетін домалақ өскіндердің пайда болуы арқылы көбею.
Жыныссыз көбеюі әртүрлі споралардың көмегімен жүзеге асады. Зооспорангияның ішінде дамитын зооспоралары, спорангияның ішінде жетілетін спорангияспоралары: ерекше гифалардың бүршіктенуінің нәтижесінде экзогенді жолмен пайда болатын конидийлері арқылы.
Жыныстық көбеюі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда жыныстық көбеюдің бірнеше формалары болады : изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия. Зигота барлық жағдайда біраз уақыт тыныштық кезеңін басынан өткізеді, содан соң өсіп зооспоралар немесе зооспорангиясы бар, немесе спорангиоспорасы бар қысқаша гифа береді.
Жоғарғы дәрежелі саңырауқұлақтардың жыныстық процесінің формасы ерекше болып келеді : гаметангиогамия сырт құрылыстары әр түрлі болып келетін жыныс органдарының ішіндегі гаметаларға бөлінбеген заттарының қосылуы : самотогамия вегетативті гифаның екі клеткасының қосылуы : сперматизация - аналық жыныс органының қозғалмайтын клеткаларымен ұрықтануы. Ядролар әдетте бірден қосылмайды. Қарама – қарсы жыныстық белгілері бар ядролары алдымен қосарланып жақындасып дикариондар түзіледі. Дикариондардың саны оларды түзетін ядролардың синхронды бөлінуінің нәтижесінде көбейе түседі. Біраз уақыттар өткеннен соң дикариондардың ядролары қосылады да диплоидты ядро түзеді. Енді диплоидты ядро мейоз жолымен бөлінеді де, гаплоидты ядролар береді.
Олардың әрқайсысы жыныстық көбею спораларының ядросына айналады. Сонымен жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірлік циклында үш түрлі ядролық фаза алмасып келіп отырады : гаплоидты, дикарионды және диплоидты. Оның ішінде диплоидты фаза өте қысқа болады, ал өмірлік циклдың негізгі бөлігі гаплоидты және дикарионды фазаларда өтеді. Жыныстық көбею спораларының екі типі бар : 1) аскаспоралар, эндогендік жолмен ерекше клеткаларда – қалталардың ішінде пайда болады. Бұл әдетте дикарионның ядролары қосылғанннан кейін жүретін мейоз және митоз процестері арқылы іске асады. Жыныстық көбею спорасының екіншісі базидиооспоралар, олар экзогендік жолмен, көп жағдайда төртеуден ерекше клеткалардың ұшында пайда болады. Саңырауқұлақтарда жыныстық споралардың түзілуі олардың өмірлік циклының аяқталуын көрсетеді. Сонымен қоректену ерекшелігіне байланысты пластидтерінің болмауы гифаларының қабықшаларында хитиннің болуы артық қор заттары ретінде гликагеннің жиналуы саңырауқұлақтарды жануарларға жақындастырады. Ал шексіз өсуі, қоректік заттарды суыру арқылы қабылдауы оларды өсімдіктерге жақындастырады өсмдіктер мен жануарлардың саңырауқұлақтар гифалардан тұратын вегетативтік денесі арқылы және өмірлік циклында гаплойдты және диплоидты ядролық фазаларынан басқа үшінші дикарионды фазасының болуымен айқын ажыратылады.
Классификациясы. Саңырауқұлақтар бөлімі жеті класқа бөлінеді.Хитридиомицеттер класы, гифохитромицеттер класы, оомицеттер класы, зигомицеттер класы, аскомицеттер класы, базидиомицеттер класы, жетілмеген саңырауқұлақтар класы. Алғашқы 4 кластың өкілдері төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың мицелийлері мүлдем болмайды. Қалған кластардың өкілдері жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген болып келеді.
Дәріс №4. Қыналар, кілегейлілер бөлімдері.
Жоспар:
-
Қыналар бөліміне жалпы сипаттама
-
Шаруашылықтағы маңызы
-
Классификациясы
-
Кілегейлілер бөліміне жалпы сипаттама
Қыналардың 20 мыңнан астам түрлері белгілі. Құрылысы. Бұл комплексті симбиотикалық организмдер. Олар екі компоненттен тұрады : балдырдан және саңырауқұлақтан. Балдырлар организмінің өміріне қажетті углеводтарды синтездейді, олар талломда лихенин түрінде жинақталады. Ал сңырауқұлақтың гифалары организмге қажетті суды өз бойына сіңіреді және тұрақтандырады.
Қыналардың талломы саңырауқұлақтың матасқан гифаларынан және олардың арасында орналасқан жасыл немесе көк – жасыл балдырлардан тұрады. Талломның екі түрі болады : гомомерлі және гетеромерлі.
Талломның бір жерінде балдырлар басым болса, екінші жерінде саңырауқұлақтың гифалары басым болады. Талломның балдырлар басым болып келетін қабатын гонидиалды қабат деп атайды. Қыналардың өзін құрайтын компоненттерінде биологиялық ерекшеліктері болады. Мысалы, қыналар балдырлар мен саңырауқұлақтар өспейтін жерде өсе алады. Сонымен қатар жар тастардан, топырақтың бетінен, ағаштың діңдерінен кездестіруге болады.Әсіресе тундрада олар көптеген территорияны алып жатады.Қыналар ұзақ уақыттар бойы сусыз өмір сүре алады.Талломдарының формаксына қарай қыналарды үш морфологиялық типке
бөледі : қаспақты,жапырақты, бұталы.
Көбеюі. Қыналар тек вегетативтік жолмен көбейеді. Жыныстық және жыныссыз көбеюлері қыналардың компоненттерінің тек біреуінде саңырауқұлақтарда ғана болады.
Шаруашылықтағы маңызы. Қыналардың халық шаруашылығында маңызы зор. Олар солтүстік бұғыларының азығы. Классификациясы.Қыналар төрт класқа бөледі : фиколихенес класы, қалталы қыналар класы, базидиалды қыналар класы, дейтеролихенес класы.
Бөлімнің құрамында 500 –дей түр бар.Талломы клеткаларға дифференциаланбаған және тұрақты формасы болмайтын көп ядролы,цитоплазмалық маса плазмодий түрінде болады. Оның мөлшері үлкен диаметрі бірнеше ондаған сантиметрге жетеді.
Кілегейлілер гетеротрофты өсімдіктер, сапрофиттер,сиректеу паразиттері де кездеседі.Сапрофиттерінің плазмодиі көп жағдайда сары,қызғыштау және түссіз болып келеді.Кілегейлілер секундына 0,4мм жылдамдылықпен қозғалады.Қор заттары жиналған сайын плазмодийі ашық құрғақ жерге жылжып шығады да,көптеген споренгийлер береді. Оның барлығына ортақ қатты қабықшасы болады. Көптеген түрлерінің цитоплазмалық массасынан капилиций деп аталатын жіпшелер түзеді. Бұл жіпшелер бойына суды көп жинайды және спорангилердің қабықшалары жарылған соң споралардың шашылуын қамтамасыз етеді.Споралары қолайлы жағдай туғанда өседі. Көп жағдайда әр спорадан бірден төртке дейін зооспора түзіледі және олар бөлінуге қабілетті болып келеді.
Зооспоралар талшықтарын тастап миксамебаларға айналады.Миксамебаларда көбеюге қабілетті болып келеді.Жыныстық процесі миксамебалардың, кейде зооспоралардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Нәтижесінде олардан диплоидты плазмодийлер түзіледі. Паразит миксомицеттердің спарангилері болмайды.Споралары миксомицеттердің осы тобының иесі болып табылатын өсімдіктердің клеткаларында жиналады.
Классификациясы. Кілегейлілер бөлімі мынадай кластардан тұрады : протостелділер класы, миксогастралар немесе нағыз кілегейлілер класы, акразиалар немесе клеткалы кілегейлілер класы, плазмодиофоралар класы. Осылардың ішіндегі ең кең тарағаны плазмодиофоралар класы.
Дәріс №5. Жоғарғы споралы өсімдіктер. (2 сағат)
1. Мүктер бөлімі. Жалпы қасиеттері. Даму циклі.
2. Плаундар класы. Жалпы ерекшеліктері. Даму циклі.
3. Қырықбуындар, немесе сынажапырақтылар класы.
Жалпы қасиеті, даму циклі.
Тақырып : Өсімдіктер дүниесінің өркенге дейінгі Архегониялар тармағы – Procormobiontaarcheqoniatae. Риниофиттер бөлімі – Rhyniophyta.
Жоспар:
1.Риниофиттер бөлімі - Riniophyta
2.Мүк тәрізділер бөлімі - Briophyta
3.Классификациясы
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің денесі органдарға, тамырға, сабаққа және жапыраққа бөлінген болады. Бұл органдар жақсы жетілген ұлпалардан тұрады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өмірлік циклінде спорофиті (2п) мен гаметофитінің (п) алмасып келуі айқын байқалады. Жыныстық көбею органдары көпклеткалы. Аналық жыныс органы архегоний құмыра тәрізді болып келеді. Ол екі бөліктен кеңейген түп жағынан және жоғарғы жіңішке мойнынан тұрады.
Архегонийдің түп жағынанда жұмыртқа клеткасы жітіледі, ал оның мойны жұмыртқа клеткасы пісіп жетілген кезде жоғарғы жағынан ашылады. Аталық жыныс органы антеридий қапшық тәрізді болып келеді, оның ішінде көптеген сперматозоидтар пайда болады. Жалаңаш тұқымдылардың тек антеридийлері ғана редукцияға ұшыраған, ал жабық тұқымдылардың антеридийлері де, архегонийлері да редууцияға ұшыраған. Жыныстық көбею органдары құрылысына (структурасына) қарай жоғарғы сатыдағы өсімдіктер архегониялы және пестикті болып екі топқа бөлінеді. Архегониялылар жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің алғашқы 7 бөлімін қамтиды, ал пестиктілерге тек бір ғана жабық тұқымдылар бөлімі жатады.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің зиготасынан ұрық пайда болады. Ол дегеніміз спорофиттің бастамасы болып табылады. Архегониялы өсімдіктерде ұрық гаметофиттің (п) есебінен, ал пестикті өсімдіктерде спорофиттің, қор жинайтын ұлпасы – эндоспермнің (3п) есебінен жетіледі.
Риниофиттер бөлімі – RHYNIOPHYTA. Риниофиттер бөліміне тек қазба түрінде ғана белгілі 2-3 туыс жатады. Олардың өмірлік циклында спорофиті басым болып келеді. Вегетативті денесі дихотомиялы бұтақтанған теломдардың системасынан тұрады. Теломның жер беті бөлігінің жалпы құрылысының өзіндік ерекшелігі болады. Бұл әлі өркенге жатпайды, өйткені теломның өстерінде жапырақтары болмайды. Негзгі өсі айқын байқалады. Оның ортасын ксилема алып жатады, ал сыртын флоэма қоршап тұрады. Ксилемасы тұтас цилиндр тәрізді немесе сәулелі болып келеді. Ол трахеидтерден тұрады. Теломның шет жағы фотосинтездің қызметін атқарады. Эпидермисінде устьица аппараттары орналасады. Жер асты бөлігінің устьицасы болмайды. Нағыз тамырлары жоқ оларды ризоидтары алмастырады.
Ринофиттердің гаметофиттері табылмаған.
Классификациясы. Риниофиттер бөлімі екі кластан тұрады : риниопсидтер (Rhinyopsda) зостерофиллопсидтер.(Zosterophyllopsida). Негізгіөкілдерінің біріне риния (Khynia туысы) жатады.Оның биіктігі 20см, диаметрі 3мм болатын шөптесін өсімдік.
Түрлерінің жалпы саны 35 мыңдай. Құрылысы. Мүктәрзділердің өмірлік циклінде, басқа жоғарғы сатыдағы өсімдіктердегідей екі фазасын – спорофи мен гаметофитінің алмасуы байқалады. Алайды бұларда гаметофиті басым болып келеді, ал қалған жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің барлығының спорофиті басым болады. Осы ерекшелігіне байланысты мүк тәрізділерді өсімдіктердің эволюциясына дербес бүйірлік бұтақ ретінде қарастырады.
Гаметофит дегеніміз жапырақ тектес таллом немесе сабақтан және жапырақтан тұратын өсімдік. Тамырлары жоқ, олардың қызметін ризоидтары қарайды. Ал ризоидтар дегініміз өсімдіктердің сыртқы клеткаларынан пайда болатын өсінділер болып табылады. Жыныстық көбею органдары көпклеткалы. Мүк тәрізділердің спорофиті спорогон деп аталынады, ол гаметофитке бағынышты. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда спорофит жоғарғы ұшы шар тәрізді, эллипс тәрізді немесе цилиндр тәрізді болып келетін қорапшамен аяқталатын, жіңішке сағаққа аяқшасы бар орган. Қорапшаның ішінде спорангилері мен споралары жетіледі. Спорогон гаметофитпен тығыз байланысы болады, өйткені одан суды және қажетті қоректік заттарды алады. Мүк тәрізділердің ең үлкенінің вегетативтік денесінің мөлшері (размері) гаметофиті мен спорогонын қосып есептегенде 60см – ден аспайды.
Мүктәрізділер сырт құрылысы және экологиясы жағынан балдырларға жақын. Балдырлар секілді, олардың да сосудтары мен тамырлары болмайды.Кейбір қарапайым өкілдерінің вегетативтік денесі жерге төселіп өсетін дихотомиялы бұтақтанған балдырлардың талломына ұқсас талломнан тұрады. Ұрықтануы сумен тікелей байланысты. Балдырлар секілді мүк тәрізділердің ішінде де ағаштанған формалары болмайды.
Таралуы. Мүк тәрізділер дүниежүзінің барлық құрлықтарында кездеседі,бірақ таралуы біркелкі емес. Тропикалық елдерде олар негізінен таулы жерлерде өседі. Аздаған түрлері ылғалы жеткіліксіз жерлерде, мысалы шөлейт аймақтарда кездеседі. Кейбір түрлері ағаштардың қабығында эпифит ретінде немесе суда өмір сүреді. Түрлерінің басым көпшілігі Солтүстік ендіктің қоңыржай және суық климатты облыстарының ылғалы мол жерлерде өседі. Мүк тәрізділердің тундраның, батпақты жерлердің және орманның өсімдіктер жабынының қалыптасуында алатын орны ерекше.
Классификациясы. Мүк тәрізділер үш класқа бөлінеді: антоцероттылар класы (антоцеротовые или антоцеротопсиды) – (Anthocerotopsida), бауыр мүктер класы (поченочники или леченочные или) – Marschantiopsida или Hepaticopsida, нағыз мүктер класы (листостебельные) мхи, или мхи, или бриопсиды – Вryopsida или (Musci). Ең маңыздылары соңғы екі кластың өкілдері. Сондықтан да біздер осы екі класқа тоқталуды жөн көрдік.
Бауыр мүктер класы – Hepaticopsida. Түрлерінің жалпы саны 10 мыңдай болады. Барлық жерлерде кездеседі. Бауыр мүктерінің вегетативті денесінің құрылысының қарапайымдылығы, олардың ерте пайда болғандығын көрсетеді.
Бауыр мүктер класы екі кластан тұрады : маршанциялар кластары (Maqchantiidae), юнгерманиялар кластармағы (Junqermannidae). Маршанциялар кластармағы екі қатардан тұрады : сферокарпалар қатары (Sphaerocarpales) және маршанциялар қатары (Marchantiales), ал юнгерманиялар кластармағы үш қатардан тұрады : метцгериялы қатары (Metzqeriales), гапломитриялықтары (Haplomitriales) және юнгерманиалар қатары (Junqermanniales).
Кластың негізгі өкілі кәдімгі маршанция. Ол гаметофитінің ұзындығы 10-12см болатын дихотомиялы бұтақталған, пластинка тәрізді талломнан тұрады. Таллом екі жағынан бірдей эпидермиспен қапталған. Жоғарғы эпидермистің ауа келіп тұратын тесігі устьицасы болады. Бұл төрт қатар болып орналасқан арнайы клеткалармен қоршалған, үлкен клетка аралық қуыстар. Устьицалардың астында ауа қуыстары болады. Төменгі эпидермистен бір клеткалы ризоидтар мен қызғыштау немесе көкшілдеу түсті қабықшалар кетеді. Оларды кейде редукцияға ұшыраған жапырақтарға жатқызады. Жоғарғы эпидермистің астында ассимиляциялық ұлпа орналасады. Ол бір ядролы хронпластары бар, вертикаль орналасқан, бағаналы паренхималық клеткалардың қатарынан тұрады. Оның астында клетка қабықшалары жұқа, хлорофилдері жоқ паренхималық клеткалардың қабаты жатады. Яғни маршанциялардың талломының құрылысы дорсивентральды болып келеді.
Талломының үстіңгі жағында ерекше бұтақшалар тіректер (подставки) пайда болады, ал олардың жоғарғы жағында жыныс органдары жетіледі. Маршанция екі үйлі өсімдік. Бір өсімдіктер тірек тоғыз сәулелі жұлдызша формалы болып келеді. Осы сәулелердің арасында, оның астыңғы жағынан аналық жыныс органы архегонийлері орналасады. Екінші бір өсімдіктерде тірек сегіз бұрышты қалқанша формалы болып келеді. Қалқаншаны жоғарғы жағындағы антериальды қуыстың ішіне антеридийлері еніп жатады. Архегонияның құрсақ жағында жұмыртқа клеткасы жетіледі. Жұмыртқа клеткасы мен сперматозоид қосылғаннан соң зиготадан спорогон жетіледі. Ол қысқа сағақты (тірсекті) қорапшадан тұрады және гаусториялары арқылы гаметофитке бекініп тұрады. Қорапшаның ішінде спора түзетін клеткалардан мейоздың нәтижесінде гаплоидты споралар мен элатералар пайда болады. Элатералар дегеніміз қабырғалары спираль тәрізді қалыңдаған, ұзынша келген өлі клеткалар. Олар споралардың массасының (үйіндісінің) ыдырауын және қорапшадан сыртқа шашылуын қамтамасыз етеді. Қолайлы жағдайда спорадан протонема (өскінше) жетіледі. Оның үстіңгі клеткаларынан маршанцияның талломы өсіп шығады.
Вегетативті көбеюі, линза формалы, түсі жасыл болып келетін өнім бүршіктері (выводковые почки) арқылы жүзеге асады. Олар талломның үстінде болатын ерекше кәрзіңкелердің ішінде, олардың түбінде төселіп жататын клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болады.
Маршанциялардың түрлері табиғатта кең таралған. Олар көп жағдайда ылғалы мол жерлерден : көлдер мен өзендердің жағасынан, жыралардан, ормандардағы төменгі ярусты түзетін шөптесін өсімдіктердің арасынан кездестіруге болады. Түрлерінің жалпы саны 25 мыңдай болады. Көптеген түрлері Солтүстік ендіктің поляр шеңберіне жақын орналасқан елдерінде өседі. Тундраның үлкен кеңістігінде, батпақты және орманды жерлерінде, өсімдіктер жабынында олар басым болып келеді.
Гаметофиті тік сабақтың өстен (каулидий) тұрады. Оның сыртын жапырақ тәрізді өсінділер (филлидий) жауып тұрады. Оларды шартты түрде жапырақ және сабақ деп айтуға болады. Сабақтың төменгі жағынан көптеген ризоидтары пайда болады. Бүйірінен бұтақтанады. Өстің ұзындыққаөсуі үстіңгі пирамидальды клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады. Монопиальды немесе симподиальды болуы мен байланысты жыныстық көбею органдары және спороганы гаметофиттің жоғарғы жағында немесе бүйірлік бұтақшаларында орналасады. Нағыз мүктер класы үш кластармағынан тұрады: андреев мүктері кластармағы (андреевые или андреиды- Andreaeidae), шымтезек мүктері кластармағы (сорагновые или сфагниды Sphaqnidae), жасыл мүктер кластармағы (бриевые или брииды - Вryidae). Соңғы екі кластармағының өкілдерінің маңызы үлкен.
Шымтезек мүктер кластармағы – Sphaqnidae.
Бұл кластармағы бір қатардан (Sphaqnidae), бір тұқымдастан (Sphaqnaceae) тұрады. Оған жалғыз сфагнум (Sphaqnum) туысы жатады. Туысқа 300-ден астам түр жатады, оның 42-сі бұрынғы одақтас республикалардың (БОР) территориясында кездеседі.
Шымтезек мүктерінің құрылысы біртектес болып келеді, сондықтан да оларды қатпаршақтау қиынға түседі. Олардың гаметофиттері, әсіресе жоғарғы жағынан қатты тарамдалған өсімдіктер. Тарамдалған бұтақтарын жапырақтары қалың болып жауып тұрады. Шымтезек мүктері ылғалдығы өте жоғары болып келетін ортада өмір сүреді. Соған байланысты олардың ризоидтары болмайды және су тікелей сабағына өтеді, ал соңғысы біртіндеп ескіре келе түп жағынан өле бастайды. Сабағының құрылысы күрделі болмайды. Оның ортасын өткізгіштік және артық қор заттарын жинау қызыметін атқаратын өзек алып жатады. Өзектің клеткаларының қабықшасы жұқа болып келеді. Өзекті екі қабаттан тұратын қабық қаптап тұрады. Оның бірі арқаулық (мехникалық) қызымет атқаратын склеродермалар, ал екіншісі бойына су жинау қызыметін атқаратын гиалодермалар. Гиалодермаларды клеткалары үлкен, өлі клеткалар, олардың қабықшаларының дөңгелек тесіктері болады, солардың көмегімен іргелес жатқанклеткалардың қуыстары бір – бірімен және сыртқы ортамен қарым – қатынаста болады. Кейде бұл клеткалар спираль тәрізді қалыңдап жуандаған жолақтар түзеді. Жапырағы құрылысы және атқаратын қызметі жағынан бір – бірінен айқын айырмасы болатын бір қатар клеткалардан тұрады. Олардың біреулері тірі, хлорофилл дәндері болатын клеткалар, ал екіншілері -өлі, біршама ірі, үлкен клеткалар. Соңғыларының клетка қабықшалары спираль тәрізді жуандап қалыңдаған, өліктеген тесіктері құбалысы жағынан гиаладерманың су жинайтын клеткаларына ұқсас болып келеді, оларды гиалинді (гиалиновые) клеткалар деп атайды.
Гиалинді клеткалар өз бойына көп мөлшерде, тіпті өсімдіктің өз салмағынан 30-40 есе артық суды жинап және оны ұзақ уақыттар бойы ұстап тұра алады.
Гаметофиттері қосжынысты да және даражынысты да болып келеді. Антеридийлері сабақтың бұтақтанған жеріндегі жапырақтардың қолтығында пайда болады. Олардың қасындағы жапырақтар қызғыштау түске боялған болып келеді. Архегонилері қысқарған сабақтардың бұтақшаларында орналасады.
Сперматозоид пен жұмыртқа клеткасының қосылуының нәтижесінде зигота түзіледі, ол диплоидты фаза – спорогонның бастамасы болып табылады. Спорогон аяқшадан (көтермеден) және қорапшадан тұрады. Аяқша өте қатты қысқарған, формасы бадана (луковица) тәрізді болып келеді. Бірақ ол споралар пісіп жетілер алдында гаметофиттің сабағының жоғарғы ұшының қатты ұзарып өсуінің нәтижесінде қорапшаны жоғары көтеріп шығады (жалған аяқша). Қорапшаның ортасында дөңгелек бағана (колонка) орналасады, ал оның үстінде күмбез тәрізді спорангилері мен спора түзетін ұлпалары жетіледі. Қорапшалардың қабырғалары берік, көпқабатты болып келеді. Оның сыртқы хлорофилл түзетін қабатында көптеген толық жетілмеген устьицалары болады.
Қорапшаның спора пісіп жетілген кезде ашылатын қақпақшасы болады, сол арқылы споралары сыртқа шашылады. Элатерасы болмайды. Осылайша жерге түскен споралардан алдымен жасыл түсті табақша (пластинка) тәрізді өскіншелер (протонемалар) пайда болады. Содан соң әрбір протонемада көптеген бүршіктер пайда болады, олардан келешегінде ересек гаметофиттер жетіледі.
Гаметофит осы өсімдіктің өмірлік циклында үнемі басым болып келеді (доминирует).
Шымтезек мүгінің (сфагнумның) құрылысы өзініңқарапайымдылығымен ерекшеленеді : протонемасы табақшатәрізді, өткізгіш шоғы мен ризоидтары болмайды, қорапшасы нашар дифференцияланған.
Шымтезек мүктерінің табиғаттағы маңызы өте зор. Олар өз бойына көп мөлшерде су жинап, қалың шым түзіп көптеген жерлерді алып жатады. Сөйтіп олар тундра зонасына дейін жететін көптеген кеңістікті батпаққа айналдырады. Батпақты құрғату үшін арнайы агромелиоративтік шаралар қолданылады. Екіншіден ескі батпақтардың, шымтезектің кені (залежь) ретінде шаруашылықта маңызы үлкен болады. Шымтезек қабаттарының (пласты) қалыңдауы ең қолайлы жағдайлардың өзінде өте баяу жүреді. Қалыңдығы 1см болатын шымтезек қабатының түзілуіне шамамен 10жылдай уақыт қажет.
БОР – да шымтезектің қоры шамамен 160 млярд.т. жетеді, ол дүние жүзінің шымтезек қорының 60,8% түзеді деген сөз.
Жасыл мүктер кластармағы (зеленые мхи - Вryidae). Түрлерінің жалпы саны 24,6 мыңдай болады. Шымтезек мүктеріне қарағанда біршама көп таралған. Тундрадан және орманды тундрадан бастап шөлейт және шөлді аймақтарға дейінгі әртүрлі экологиялық жағдайларда өседі. Жасыл мүктердің ең негізгі өсетін жерлері, яғни олардың айқын басым болып келетін (доминат) немесе біртұтас өсімдіктер жабынын түзетін жерлері тундра, батпақты жерлер және ормандардың кейбір типтері. Әрбір жердің (ортаның) өзіне тән түрлері болады. Жасыл мүктер шымтезек мүктеріне қарағанда құрылысы алуан түрлі болып келеді. Жыныстық көбею органдары бір түрлерінде негізгі өскінде, ал екіншілерінде – бүйірлік бұтақтарында пайда болады. Кейбір түрлерінде бұтақтануы айқын байқалмайды.
Жасыл мүктердің ең кең таралған өкілдерінің біріне көкек зығыры (политрих обыкновенный – Роiyirichит соттипе) жатады. Ол орманда, орманның ашық жерлерінде және батпақты жерлердің шеттерінде өседі.
Гаметофитінің сабағы тік, бұтақталмаған, биіктігі 15см, кейде спанда биіктеу болып келеді. Сабағын жапырақтары қалың болып жауып тұрады. Гаметофиттің жер асты бөлігі горизонталь бағытта төселіп жатады, онда ризоидтары пайда болады. Сабақтың ортасында флоэма мен ксилемаға сәйкес келетін, ұзынша клеткалардан тұратын өткізгіш шоқтары болады. Ол склеродермасы мен гиалодермасы бар қабық қабатымен қоршалған болады.
Жапырақтары сабаққа спиралдың бойымен орналасады. Олар ұштары үшкір болып тілімделген таспа тәрізді жапырақ тақтасынан және жарғақ тәрізді қынаптан
(влагалищеден) тұрады. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда жапырақтың үстіңгі бетінде ассимиляциялық пластинкалар орналасады. Жүйкелері арқаулық (механикалық) және өткізгіш гистологиялық элменттерімен кеңейген.
Гаметофиттері дара жынысты. Архегонилері аналық гаметофиттің, ал антеридилері аталық гаметофиттің жоғарғы жағында орналасады. Ұрықтанғаннан соң зиготадан спорогон пайда болады. Ол ұзын аяқшадан және қорапшадан қорапша тік тұрады, немесе аздап көлбей орналасады.Ол призма тәрізді, төрт – бес қырлы, түсі тат секілді болып келетін киіз тәрізді қалпақшамен жабылған. Қалпақша архегонидің, қабырғаларының жыртылуының нәтижесінде пайда болады. Қорапша сауатшадан (урночки) және қақпақшадан тұрады. Оның төменгі бөлігі мойынға жіңішкерген. Сауытшаның қабырғаларында устьица болады, ішкі жағында бағанасы (колонка) жетіледі. Бағана қақпақшаның астында ұлғайып эпифрагманы түзеді. Ал эпифрагма дегеніміз қабырғалары жұқа болып келетін перде. Бағананың айналасында спорангилері орналасады. Олар ерекше жіптәрізді өскіншілері арқылы бір жағынан бағананың қабырғаларына, ал екіншіжағынан спорангилерге бекініп тұратын цилиндр тәрізді қапшықшалар. Қорапша спораның шашылуын қамтамасыз ететін ерекше перистом деп аталынатын тетігі (приспособление) болады.Ол сауытшаның (урночканың) шетінде орналасқан таға тәрізді клеткалардан тұратын тістердің қатары. Гигроскопиялық қозғалысқа қабілетті тістерімен эпифрагманың арасында тесіктері болады, солар арқылы ауа райы құрғақ уақытта споралары сыртқа шашылады.
Спорадан жасыл түсті тарамдалған жіпшелер секілді өскінше (протонема) жетіледі. Онда бүршіктер пайда болады, келешегінде осы бүршіктерден үлкен гаметофиттер түзіледі. Ал гаметофит дегеніміз бұл жерде сабақтан және жапырақтан тұратын өсімдік.
Достарыңызбен бөлісу: |