ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені "Отандық тарихтың қазіргі заман теориялық – методолгиялық іргелі мәселелері " пәні бойынша «6М020300»- тарих мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Тақырып . 19 ғасырда қазақстандағы халықтың қалыптасуы



бет4/7
Дата24.02.2016
өлшемі0.62 Mb.
#12028
1   2   3   4   5   6   7

8 Тақырып . 19 ғасырда қазақстандағы халықтың қалыптасуы

Жоспары. 1 Қалыптасудың маңыздылығы

2 Сол жолдағы тер төгіс еңбек

Мақсаты. Жас ұрпаққа тархты жеткізе білу.

Бүгінгі таңдағы жаһандану дәуірінде мемлекеттің саяси жүйесінің жетілдірілуінде  құқықтық дамуының ен негізгі алғышарттарының бірі ресми биліктің мемлекеттің мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануымен тығыз байланысты.Бұл мәселеге қатысты мысалдарды көршілес ТМД елдеріндегі және Еуропаның ішкі қақтығыстарды шешудегі билік ұйымдарының іс-әрекеттерінен көре аламыз.  Саяси режим-әр мемлекеттегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген,саяси райды сипаттайды.Саяси режимнің мән-мағынасын толық айқындау үшін,оның белгілеріне тоқталып өтейік:-саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары;

-мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтардың   арақатынасы;

-жеке адамның бостандығының кепілі;

-қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шынайы сипаты;

-халықтың саяси билікті іске асыру деңгейі;

-ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі мен мемлекеттік аппараттың ашықтығы,

-мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамының саяси жүйесіндегі орны және ролі;

-заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары.

Саяси режим-мемлекетте билік жүргізудің арнайы тәсілдері. Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуы мәселесінің өзекті екендігін ескеріп,біз мақалада саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына   өте терең ықпал жасайтын саяси факторларының дамуының тарихи-құқықтық қырларын зерделедік.

Елімізде  құқықтық мемлекеттің қағидаттарын одан әрі бекіту үрдісінде, бір жағынан , адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың ең жоғарғы ықтимал кепілдігіне қол жеткізу, ал екінші жағынан барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен ұйымдардың конституциялық міндеттерді бұлжытпай және толық орындауы маңызды.

Мемлекетімізде қалыптасқан  саяси-құқықтық режимді дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізіліп,саяси шешімдер қабылданып отырады.     Қазақстан Республикасының Президентінің  2010 жылғы 17 тамызда «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының шығуы еліміздегі саяси-құқықтық жүйеге қатысты  реформалардың қажеттілігін және өзектілігін көрсетеді

Сонымен қатар мемлекетіміздің саяси-құқықтық    оқиғаларына мемлекет басшысының  жүйелі түрде талдау жасап, баға беріп отыруының нақты көрінісі.

Ендеше еліміздің зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан жиында Елбасының мемлекеттілікке қатысты: «Бұл – Қазақ елінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп: Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз? – деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл әрбір азамат туған елінің, туған халқының тағдыры ешкімдікінен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл – әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз»– деп саяси-құқықтық тұрғыда тереңінен толғауы жалпы жұртшылыққа ой салумен қатар, қоғамдық ғылым салаларына, әсіресе мемлекет және құқық тарихын зерттеушілерге зор міндеттердің жүктеліп отырғандығын көрсетті.

Бүгінгі Қазақстан халқы азат, тәуелсіз елге айналды. Ол — қазақ жұртының ғасырлар бойғы арманы еді. Егемендік алғаннан бергі 19 жыл ішінде Қазақстан Республикасы ғасырларға тән сан-салалы саяси-құқықтық өзгерістерді басынан кешірді. Дүние жүзіне өзімізді бейбітшілік сүйгіш халық, өркениетті саясаты бар,құқықтық мемлекет  ретінде танытып үлгердік. Алайда «өзгеге таныту үшін өзімізді тану қажеттігін» билігімізді нығайтып, құқықтық мемлекетті құруды қолға алғанда барып түсіндік. Тәуелсіздік ұзақ жылдардағы ұлтты азат ету,мемлекеттіліктің саяси-құқықтық жүйесін қалыптастыру жолындағы саяси күресінің заңды нәтижесі болғандығын өскелең ұрпақтың мықтап есінде ұстағаны жөн деп ойлаймыз. Қазақ елінің  өткен  ғасырдың басындағы маңызды оқиғаларының саяси-құқықтық сабақтарына көңіл қойып, зерделеу бүгінгі таңдағы құқықтық мемлекет дамуының мақсаттарынан туындап отыр.

Осынау кезеңдегі саяси-құқықтық режимнің қалыптасу жолындағы күрестің көшбасында халқының ақыл-айнасы, жанашыры болған ұлтымыздың таңдаулы қайраткерлері тұрды. Егер төңкеріске дейін-ақ қазақ жұртының санасына саяси-құқықтық ойдың сәулесін түсіріп, оятқан, азаттық жайлы идеяның негізін қалап бағыттаған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Дулатовтардай  көсемдері ұйытқы болған Алаш зиялыларының саяси-құқықтық қызметі деп білсек, ізінше 1916-17 жылдардың ұлт-азаттық күресі мен саяси режим төңкерістерінің аласапыранында қалыптасып, шынығып, айқындалып, саяси билікке көтерілген Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Б.Сыртанов, Ж.Ақпаев, Н.Нұрмақов, Ж.Досмұхамедов т.б. зиялы қауымды көреміз. Алдыңғылар негізінен ағартушылық, саяси-құқықтық қызметімен еліміздің болашақ даму жолын саралап берген болса, кейінгілер кеңес билігі шеңберінде ұлттық мұраттарды жүзеге асыруда бар күш-жігерімен саяси стратегия жасады. Олар жоғалтып алған мемлекеттік белгілерімізді қалпына келтіріп, Қазақстанның шынайы саяси тәуелсіздігінің негізін қалауға орасан зор күш жұмсады. Бөлшектелінген қазақ жерін біріктірді, экономикасының түзеліп, оңтайлы саяси-құқықтық режимнің дамуына жағдай жасады.

Өкінішке орай, ұлтымыздың зиялылары түгелдей дерлік тоталитарлық режимнің қысымын көрді, абақтыға қамалды, елден қуылды, кейінгі қуғын сүргін науқанында репрессия құрбанына айналып, жазықсыз мерт болды.

Алайда, олардың саяси-құқықтық идеялары  мен есімдері тарихтан күштеп өшірілгенімен де, озбыр режим олардың өз халқына деген жанпида қызметімен ерекшеленген азаматтық бейнелерін санамыздан өшіре алған жоқ. Тіпті, қатал саяси-құқықтық режим әлсіреген  тұста көпшілігінің ақталғанымен де, олар туралы толық шындықты айтып, ақ-қарасын тануға идеологиялық құрсау мүмкіншілік бермеді. Осылайша, халықтың тарихи жадында сақталып келген сол ұлтжанды заңгерлеріміздің есімдері мен мол мұралары тәуелсіздік тұсында қайта жаңғырды. Бірқатар ғылыми жұмыстың арқауына айналып, жүйеленген саяси-құқықтық тақырыпта немесе жеке саяси тұлға ретінде  зерттелді.

Құқықтық мемлекетті модернизациялауда ұлттық заңгерлердің мұрасы өткен мен болашақтың рухани көпірі. Олардың тұлғалық мұратын ақиқаттын бағалаудың өзі, саяси-құқықтық болжам жасауға жарайтын білімі мол үрдіс. Әсіресе елдің әр түрлі саяси-құқықтық режимдер аясындағы қажеттіліктеріне бағыт бағдар жеткізіп отыратын саяси зиялылардың ұлағаты.

Демек, біздің де бұл мақаламыздағы мәселелер Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық режимінің қалыптасуына ықпал еткен ұлт зиялыларының қызметі, демократиялық бағыттағы модернизациялық саяси ойлар мен  құқықтық көзқарастардың қалыптасып  дамуы, мәні, қоғамымызды ілгерлетудің рөлі мен ерекшеліктері, яғни, оған ат салысқан  саяси күштер мен ағымдар, көрнекті саяси қайраткерлерінің жанкешті қызметінің айтылмай, зерттелмей келген  олқылығын  , саяси-құқықтық талдай отырып толтыру қажеттігінен туындап отыр.

Осы орайда біз мақаламызда Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына ықпал ететін үрдістерді зерделеп, талдауға ұмтылыс жасадық.Қазақстан мемлекетінің жүйелік басқаруын модернизациялау билік органдары мен басқаруды халыққа жақындатудың қамтамасыз етілуіне негізделген. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген «биліктің бірден-бір қайнар көзі — халық»[2,4] туралы ережесін толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан азаматтарына  тікелей немесе билік органдары арқылы өз еркін білдіру құқығы берілген. Сондықтан Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық жүйесін реформа жасау арқылы модернизациялау басты бағыты болып табылады.

Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына,оның саяси-құқықтық қырларының негізделуінде  көп еңбек еткен, өткен ғасырдың басында шыққан зиялылардың қоғамды саяси-құқықтық модернизациялау  іс-әрекеті халыққа танылды: олар бүгінгі құқықтық саясатпен сабақтас,  жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыстың  бастауында тұрды. Бұл сол  кезеңдегі саяси-құқықтық режимінің талаптарына балама ұсыныстар жасаған , қазақтың жаңадан қалыптаса бастаған   аз ғана тұңғыш заңгерлерінің жаңа сапалы легі жалпыұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты.   Модернизация мақсаты modernity, немесе қазіргі уақыт жағдайы ретінде танылатын белгілі бір жетістікке жету. Бұл жағдайдың дамыған үлгісі ретінде нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика танылады. Модернизация мен жаһандану үрдістерін байланыстырса, онда қарым-қатынастардың капиталистік жүйесі тек модернизациялық қана емес, сонымен бірге жаһандану үрдістердің де негізінде жатқаны анықталады. Олардың бірі саяси-құқықтық жүйені саясат негізінде жатқан идеялар жиынтығы деп дәлелдесе, екіншілері оны өзара қарым қатынас жүйесі деп есептейді.

Қазақстандағы саяси-құқықтың режимді оңтайлы түрде жетілдіруге қатысты принциптердің негізгі бағыты Қазақстан Республикасының 2010 жылыдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында да атап көрсетілген:«Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін дамыту тиімді де жинақы мемлекеттік аппарат құруға жаңа басқару технологияларын енгізуге,әкімшілік рәсімдерді жетілдіруге бағытталған әкімшілік реформаны құқықтық қамтамасыз етумен тығыз байланысты.Ал бұл-құқықтың әкімшілік тәрізді саласын реттеу аясы, оның маңызды міндеті-биліктің барлық деңгейінде мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Қоғамның саяси-құқықтық жүйесін модернизациялау дегеніміз – жалпы алғанда белгілі бір  әлеуметтік топтардың, ұлттардың әрқайсысына және бәріне тең мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған билік жүргізуші құрылымдар жиынтығы. Оған мемлекеттік мекемелер, саяси партиялар және түрлі қоғамдық ұйымдар кіреді. Қоғамның саяси-құқықтық жүйесі барлық елде бірдей емес. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне қарай құрылады, өзгерістерге түсіп дамиды.

С.Хантингтонның саяси құқықтық көзқарасына сәйкес саяси модернизацияның құқықтық тетіктері  мен қозғалысын қарастырсақ, модернизацияның бастамасы үшін саяси элитада реформаны бастауды оятатындай ішкі және сыртқы факторлардың кейбір жиынтығы қызмет етеді. Қайта құрулар экономикалық және әлеуметтік институттарды қозғай алады, бірақ дәстүрлі саяси жүйеге қатысы болмайды. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық модернизацияны  «жоғарыдан» әлеуметтік-экономикалық жағынан ескі саяси-құқықтық институттар шеңберінде және дәстүрлі элита жетекшілігімен жүзеге асырудың принципі мүмкіндігіне жол беріледі. Алайда, дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту үрдісі ойдағыдай аяқталуы үшін бірқатар шартты қадағалау қажет, ең алдымен, қоғамның түрлі саласында болатын өзгерістер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету керек. Бұдан басқа билеуші элитаның тек қана техникалық — экономикалық жағын ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі институттардың өзгеріс жағдайларына ыңғайлану үрдісімен қатар жаңасын да құрайтын саяси-құқықтық өзгерістерді жүзеге асыруға дайын болғаны жөн.

Қазақтар арасынан шыққан зиялылардың қоғамды саяси модернизациялау  іс-әрекеті халыққа танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық – саяси қозғалыстың  бастауында тұрды. Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің даму эволюциясында әр түрлі саясат, айла-тәсілдер қолданылды.Бірақ өз заманындағы саяси режимнің қатал талаптарына қарамастан қазақ заңгерлері Ресей Федерациясының Мемлекеттік Дума мінбесінен де тәуелсіз, егемен мемлекеттің күн тәртібіне қойылатын мәселелерді көтерді.

Ахмет Байтұрсыновтың  «Қазақтың өкпесі» атты мақаласында мынадай жолдар бар: «…Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айырылатын емес. Надандықтың кесепаты әр жерден-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айрылмай келеміз…Жоқты барға теңгерген ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз…». Осы ғылым мен өнерді керек қылатын «қазақтардың» көбеюі Ахмет Байтұрсынұлының ойынша, халықты тығырықтан шығаратын сара жол болып табылады. А.Байтұрсынұлы РКП(б) қатарына өтерінде: «…азат етілген қазақ халқы қаналған адамзаттың бүкіл басқа бөлігімен бірге ғана, яғни дүниежүзілік революция, дүниежүзілік федерация арқасында ғана бақытқа жете алады» деп жазды

А. Байтұрсынұлының көрегендікпен айтқан тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру арқылы ғана бақытқа жететіндігі туралы саяси-құқықтық идеясы бүгінгі таңда шындыққа айналып отыр. Өздерінің өмірі мен іс әрекеттерін халқына арнаған осындай ұлтжанды азаматтарды ешқандай да саяси режимнің тетіктері тоқтата алмады. 1924 жылдың 5-10 қаңтар аралығында өткен Кеңестердің Бүкілқазақтық IV съезінде  Н.Нұрмақов ҚАКСР  Конституциясының  жобасы  жайлы баяндама жасады.

Қазақстанда соңғы жылдары экономист ғалымдармен қатар ірі мемлекет қайраткерлері,заңгерлер де дағдарыстан шығудың жолдарын басты назарда ұстап келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дағдарыстың болу себебі мен дағдарыстан шығудың жолдарын теориялық және практикалық тұрғыдан зерттей келе, тұжырымдап айтқан пікірлері біздің елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде қызу талқылануы, саяси ойлары әлемдік  модернизацияға негізделгені байқалады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев саяси-құқықтық жүйені модернизациялауда реформалардың тиімділігінің, харизматикалық типке негізін қалаушы ұлы ойшылдардың – Н. Макиавелли, Ж. Руссо, М. Вебердің саяси-құқықтық ойлары негізінде, мемлекеттің 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Президенттің биылғы Жолдауында 2020 жылға дейін атқарылатын нақты саяси шешімдер, әлеуметтік мәселелер, тұрақты экономикалық даму және «Жаңа әлемдегі   жаңа Қазақстан» негізінде Еуразиялық Одақ құру идеясын жүзеге асыру айқындалған.

Конституциялық реформа аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі мен өкілеттігі өсті. Біздің көп ұлтты еліміздің барлық халқының мүдделерін бейнелей отырып, Ассамблеядан сайланған депутаттар Қазақстандағы этносаралық бітім мен келісімді нығайту үдерісінде айрықша рөл атқаруы тиіс.

Қазақстанда қазіргі заманғы саяси-құқықтық жүйені дамыту міндеті тұр. Бұл үдерісте саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қоғамдық институттар басты рөл атқаруы тиіс. Партиялық тетіктерді нығайту қазіргі заманғы азаматтық қоғамның қалыптасуына,құқықтық мемлекеттің одан әрі жетілуіне халықты саяси-құқықтық үрдістерге кеңінен таратуға жағдай жасайтын болады.

Модернизация мемлекетті әкімшілік реформа саяси және құқықтық реформалар бағдарламасындағы әкімшілік басымдылық ретінде қаралатын  жоғарғы дәрежедегі бағалы үрдіс болып табылады. Тіпті Батыстың тұрақты демократиялық елдерінде де күрделі институционалдық проблемалар қалыптасуы мүмкін. Бұл басқа елдерден жай ғана көшіріп алатын мемлекеттік басқарудың ізгі жүйесі болмайтынын дәлелдейді.

Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметінде қоғамдағы мәселелер мен қарама-қайшылықтарды ажырататын қоғамдық пікірдің барометрі ретінде шығады. Азаматтық институттар азаматтардың мұқтаждықтары, мүдделері  мен үміттерінің бейнесі мен артикуляцияларының формасы ғана емес, сондай-ақ оңай шешімді жасау тетігі. Өз қызметінің секторальдық сипатының арқасында, саяси партиялардан, нарықтық құрылымдардан немесе мемлекеттік биліктен гөрі үкіметтік емес ұйымдар қарапайым азаматтардың шынайы мүдделерінің жедел және дәл рефлексиясы болып табылады.Үкіметтік емес сектордың құрылуы қазақстандық мемлекеттіліктің құрылуымен, әлеуметтік демократиялық,құқықтық мемлекеттің даму кезеңімен сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында, таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз ететін болады. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының шешуші бағыттарын табысты іске асыру үшін тиімді мемлекеттік аппарат қажет. Осыған байланысты мемлекеттік секторды реформалаудың басым бағыттары анықталған. Тиімділік, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарымен әкімшілік реформаларды тереңдету көзделеді[5,2].

Елді индустриалды әлемге бейімдеу мемлекет басшысының «Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялау жолында», «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауларына байланысты саяси шешімдер қабылдануда.

Қазақстанда саяси-құқықтық режимнің  қалыптасуында қоғамдық ойдың модернизациялану мәселелерін салыстырмалы талдай келе ХХ ғасыр басындағы саяси-құқықтық процестерге шолу жасай отырып, ұлт арасынан шыққан зиялылардың іс-әрекеті халыққа танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық саяси қозғалыстың  футурологиялық бастауында тұрды деуге негіз бар. Бұл істің басы қасында болған, Ресей университеттерінен білім алған қазақтың жаңадан қалыптаса бастаған заңгерлері,тұңғыш интеллигенттердің жаңа сапалы легі саяси-құқықтық режимге сәйкес сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. Қазақ мемлекетінің зиялылары саяси-құқықтық ойды үздіксіз дамытуға ат салысты. Олар күрестің көшбастауында тұрған саяси тұлғалар болашақ Қазақ мемлекеті туралы бағдарламалардың гносеологиялық негізін қалады.

Жаңа дәуір заңгер-ойшылдары мемлекеттің саяси иниституттарды қалыптастырып саяси-құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіру негізгі екі қағидаға – еркіндік пен теңдік принциптеріне көңіл бөліп, адамның өзіндік құндылықтары мен өкілдік демократия идеяларын негіздеуге талпынды.

Қазіргі кезде коғамды модернизациялаудың  атауы бірнеше мағынада: мемлекеттің тұрпаты мен жалпы жүйесін; мүшелерінің теңдігіне; басқару органдарының сайланбалылығына және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез-келген ұйымның сипатын; қоғамдық құрылымның мұраттарын және соны жақтайтын саяси көзқарастар жемісін бейнелеу үшін қолданылады.

Жергілікті ұлт өкілдері арасынан шыққан қайраткерлер қоғамдағы саяси-құқықтық процесті модернизациялауға  ықпал жасай отырып, көпшілікке танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық – саяси қозғалыстың  бастауында тұрды.

Саяси-құқықтық ойларын бір жүйеге тұжырымдап, талдап  мемлекеттің нығайып дамуын болжап, қандай саяси шешімдер қабылдау керегін түсініп айқындаған.

Осы кезеңде идеялар алмасудың алғашқы түрлері пайда болып, төменнен партия немесе саяси қозғалыс құру қажеттігі туралы ортақ көзқарастар жинақталды. Ресейдегі саяси жағдайдың күрделеніп көп партиялардың қалыптасуының әсерінен, қазақ елінде де «Кадеттер мен эсерлер» партиясы, «Алаш» партиясы және «Үш жүз» партиясы құрылды. Тәуелсіздік алған жылдарында Қазақстанның Социалистік партиясы, Қазақстанның Халық конгресі партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның Республикалық партиясы, Қазақстанның Республикалық Еңбек саяси партиясы, Қазақстанның Халық бірлігі партиясы, Республикалық социал демократиялық «Отан» партиясы, Қазақстанның Республикалық Халықтық партиясы т.б. партиялар құрылып тәуелсіздіктің нығайуына ықпал жасады.

9 Тақырып . ХVIII - ХIХ ғасырдағы Қазақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық тарихы.

Жоспары 1 ХVIII Қазақ ғасырдағы қоғамның әлеуметтік-экономикалық тарихының сұрақтары .

2ХVIIIғ Қазақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық тарихының байқауы.

Мақсаты. ХVIII Қазақстандағы социалды-экономикалық қоғамның дамуын ашып көрсету. Тарихнамасымен танысу

Өндірістік қатынастар. Рулық-тайпалық ұйымдасудың төменгі буындарында (ауыл, бөлімше) осы принцип арқылы өлгеннің артында қалған мүлкіне мұрагер болу және оның жас балаларын өсіп-жеткізуді міндетіне алу, әмеңгерлік құқығы, туған күніне, үйлену тойына, жерлеуге т. б. байланысты салт-жораларын материалдық жағынан қамтамасыз ету мәселелері реттеліп отырды.

Жоғарғы қамқоршы топтар (рулар, рулардың, жүздердің одақтастығы) дәрежесінде генеалогиялық байланыстар негізінен алғанда билік жүргізу, идеология мен саясат өрісінде үлкен рөл атқарды. Мұның себебі көшпелілер қоғамын мемлекеттік саяси орталықтандыру жағдайында генеалогиялық туыстық жүйесі әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп отырудың негізгі тұтқасы саналды. Қазақтардың өкімет құрылымы тайпалардың генеалогиялық иерархиясы (төменгі шендердің жоғарғы шендерге бағынуы тәртібі) тұрғысында көрінді.

Сонымен қатар, қазақтардың қоғамдық қатынастары жүйесінде өндірістік еңбек құралдары мен өнім өндіру процесінде адамдар арасында қалыптасатын қарым-қатынас белгілі рөл атқарды. Қазақтардың дағдылы құқында өндіріс құралдарына меншіктің бірнеше түрі айқындалған:

1) мал мен мал шаруашылығы өнімдеріне деген меншіктің жеке адамның дербес-отбасылық түріндегі меншік; 2) жерге немесе дәлірек айтқанда қысқы жайылымдарға қауымдық меншік; 3) кеңейтілген қауымның су көздеріне меншігі;4) қонатын аймаққа деген экономикадан тыс меншігі.

XIX ғасырда қазақтардың көшпелі қоғамындағы өндірістік қатынастарға тән сипат - әлеуметтік ұйымдардың (отбасы, қауым, қауымдар ассоциациясы) әртүрлі буындары арасында меншік құқының барынша шашыраңқылығы болды. Іс жүзінде оның құрылымдарының бір де біреуінің жер мен суға монополиялық құқығы болмады және оларға деген өз құқығын көшпелілер сол аймақта болған кезде ғана жүзеге асыра алады.

Сондай-ақ, дағдылы құқықта меншіктік қатынас түрлері өзінің нормативтік табиғатынан көрінетініндей міндетті түрде, құбылыстың тек сыртқы сұлбасын  бейнелейтінін және заттын түпкі мәні жөнінде толық әрі объективті түсінік беруге жарамайтындығын ескерген жөн. Мұндай жағдайда қазақ қоғамындағы өндірістік қатынастарға меншіктің негізгі және бастапқы түрі - малға жеке меншіктік тұрғысынан қараған аса маңызды.

Осы заманғы зерттеушілер шаруашылықтардың малмен жалпы камтамасыз етілуі мен табындардың түпкілікті құрамы арасындағы тікелей тәуелділікті айқындады. Малы көп байлардың табындарында (орта статистикалықпен салыстырғанда) неғұрлым ширақ жүрісті малдардың (жылқылар, түйелер, қойлар) үлес салмағы өте жоғары болды да, мүйізді ірі қара (сиырлар, өгіздер) мейлінше аз өсірілді. Бұған керісінше кедей шаруашылықтар мүйізді ірі қараны едәуір көп өсіргенімен, олардың жылқы, түйе, қойлары мардымсыз болды. Сондықтан, неғұрлым ширақ жүрісті малдары көп бай иеліктер өздерінің кедей ағайындарына қарағанда жайылымдарға әлдеқайда жылдамырақ көшіп барып, оның ешкім тие қоймаған соны шалғындарын бірінші болып пайдаланды. Ал күш-мүмкіндіктері шамалы малшылардың отбасыларына келсек, олар әлгілердің соңынан ілбіп, солардың малы жайылғандығы себепті оты кеміген жерлерде өз малдарын бағуға мәжбүр болды. Міне, осыған байланысты жағдайды өз көздерімен көргендер жазғы жайлауларға көшу кезінде оған «кім бұрын барса, сол ең жақсы өрістерді иеленді де, басқалар, кешіккендіктен де, енді өз пайдасын таба алмады» - деп атап көрсетті. Демек, көшіп-қону барысында да малы көп байлар ең жақсы жайылым мен су қорларын иеленуі арқылы нақты меншіктік қатынасқа тартылды және олар мұны «бірінші болып басып алу құқығы» түрінде жерге иелік жасау құқығын нақты іс жүзіне асырды. Бұл ретте қайсыбір отбасыларының мүліктік қамтамасыз етілгендігін бірден білдіретін мал табындарының сапалық-түліктік құрамы жанама түрде жер мен суды пайдалануда жеке адамдардың теңсіздігін танытты.

Қазақ қоғамындағы бай мал иеленушілерінің саны тұтас алғанда онша көп бола қойған жоқ, бірақ олардың меншігіндегі малдың үлесі айтарлықтай зор болды. XVIII ғасыр ортасының зерттеушісі И. П. Фальк өзінің жазбаларында «Бай қырғыздардың иелігінде бес, тіпті он мың жылқы болды. Мұндай байлар өзінің үйірлеріндегі жылқы санын тіпті дәлдеп білмейді де» - деп көрсетті. Кейбір қазақтардағы мал санының бұдан да көп болғандығын олардың С. Б. Броневский, А.И.Левшин, В. В. Радлов және басқа замандастары өз еңбектерінде атап өтті. Олардың келтірген мәліметтерінен XVIII – XIX ғасырдың ортасындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуына малдың салыстырмалы түрде аздаған ғана жеке адамдар қолында шоғырландырылу процесі тән болғандығы көрінеді.

Алайда, көзбен көргендердің мойындауы бойынша қазақтардың көп бөлігі «өздерін асырау үшін жеткілікті малы болмаған кедей адамдардан» тұрды. Көшпелі халықтың бұл әлеуметтік тобы өздерініңс әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай тәуелді өндірісшілер қатарына жатқызылуы мүмкін. Өмірлік қажеттіліктерге қарай кедей малшылар өздерінің жұмыскерлік күшін сатуға мәжбүр болды, және сондықтан бай мал иеленушілермен әртүрлі экономикалық қарым- қатынасқа түсіп отырды.

Қаралып отырған кезеңдегі қазақ қоғамындағы қанаудың негізгі түрі қауым шеңберінде дүние-мүлкіне қарай сараланған жеке адамдардың, бірлескен еңбегінің тап өзі болды. Қауымға кірген әрбір үй қожалығы өзінің, жеке меншігіндегі малының үлесіне қарамастан қауым малын кезектесіп жайып бақты. Осы бірлесіп атқарған істегі теңдей жұмсалған еңбек пен оның өнімдерін иемдену мен тұтынудың жекелік сыйпаты арасындағы айырмашылық «біреулер үшін қосымша өнім мөлшерін және екіншілері үшін қаналу нормасын құрады».

Қанаудың кедей шаруашылықтарға неғұрлым бай шаруашылықтардың уақытша ұстауға мал беретін сауын сияқты түрі де пайдаланылды. Малды жайып бағуға алған кедей көшпелілер өз «қамқоршысының» табынын жақсылап күтуге, ал одан қандай да бір малы өліп қалған жағдайда, бұрын алған сонша малын төлімен бірге қайтаруға міндетті болды. Алайда, өз малын жайып бағуға беретін бай шаруашылықтардың аз болуы себепті сауындық қатынас қауым арасында кең таралым таба алмады.

Көшпелілер қауымынан сырт жерлерде кедейленген қазақтардың бай мал иелеріне, орыс қоныс аударушыларына және казактарға, тау кеніштеріндегі, тұз кәсіпшіліктеріндегі және аймақтың өнеркәсіп орындарындағы маусымдық жұмыстарға жалданып күн көруі етек алады.

Қауымның қатардағы мүшелері мен бай мал иеленушілер тек өзара бірлесіп белсенді іс-әрекет жасағанда ғана мал шаруашылығының қалыпты дамуы қамтамасыз етілетін. Себебі, бай көшпелілермен бірлесу кедейлерге күнделікті тамағын тауып жейтіндей, отбасын асырай алатындай қажетті күнкөрістік жағдай туғызды, ал бай жекешелер бұл бірлесу арқылы өзінің иелігіндегі мал санын көбейту мақсатындағы талпынысын іс жүзіне асыруға толық мүмкіндік алды. Осылайша қазақ қоғамының екі табы бір-бірлерін өзара толықтырып, бірыңғай әлеуметтік-экономикалық комплекстің құрамдас бөліктері ретінде көрінді.

Қазақ қоғамында еңбекті және әлеуметтік-экономикалық дифференциацияны қоғамдық бөлу процессі өзінің ұсынысымен қоғамдық пайдалы қызметтің құрылымында әртүрлі функциялардың және рөлдердің күрделі спектрінде көрінетін әлеуметтік институттар мен басқыштаушылықтарды ресімдеуде ие болды. Қазақ қауымының XIX ғасырдың орта шені аралығындағы қоғамдық топтарға бөлінуіне жеке адамдардың «ақсүйек» және «қарасүйек» дегендерге жатқызылуы ерекше тән болды. Бірінші әлеуметтік топ қоғамдық қатынастар құрылымында өздерінің әлеуметтік оңашаланғандығы мен жоғары қоғамдық мәнділіктерге қарай сырттан ешкім өте алмайтын жеке адамдардың артықшылықтармен пайдаланатын жабық корпорациясы тұрғысыңда танылды.

Төрелер қазақ халқының құрамына рулардан басқа, генеалогиялық қатынастарға түспейтін субэтникалық топтарға кіреді. Көшпелі ұлыстар ішінде субэтникалық топтардың пайда болуы, этностың жалпы конфигурациясына енуі қызық құбылыс. Субэтникалық деген ұғым этностан аздаған әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері бар, өздерінің тілдік, территориялық оқшаулығы сезінген және ең бастысы өздерін бөлекше этнографиялық топ есебінде танитын этностың ішіндегі бөлшектерге қатысты қолданылады. Қандай дамыған этнос болмасын оның ішінде әртүрлі себептермен оқшау тұратын топтар кездесіп қалады. Сонымен қатар шығу тегі бөлек, бірақ көшпелі қазақ арасында өмір сүріп этникалық тіршілікке қатысып отырған кірме этностар да кездеседі. XVIII ғ. қазақ этносының құрамында осы айтылған екі топтың өкілдері мол. Көшпелі қазақ құрамына ертерек уақытта араласқан және этнос түзуші фактор қызметін атқарған субэтникалық топтардың бірі төрелер. Төрелер өз бастауларын сонау Шыңғысханнан, оның үлкен ұлы Жошыдан таратады. Қазақ хандығы қалыптасар ауыр кезеңде ұлыстарға билікті көбінесе Ұлы қағанның Орыс деген немересінен тарайтын тұқым жүргізді. Төрелер қазақ құрамында ақсүйек саналады, сұлтан мен хандар тек төрелердан сайланады. Этникалық жағынан төрелер жабық, яғни эндогамды, әлеуметтік жағынан бір бірімен тығыз байланысқан топ.

Ел арасында: «Қазақта хан Шыңғыстан басталып, Шыңғыспен аяқталды» деген сөз бар. Біріншісі ХІІ ғасырда өмір сүрсе, екіншісі ХІХ ғасырда тіршілік еткен. Шыңғыс хан (1115-1227) шыққан Қият тайпасының Боржігін руы- моңғол арасында «алтын ұрпақ» деп аталады. Өз аты Темучин, Есукей батырдың ұлы, моңғолдардың бірінші ханы Хабулдың шөбересі, анасы Өлең-Еке Меркіт руынан шыққан, 1206 жылы Онон өзеніндегі шонжарлардың құрылтайында біртұтас моңғол мемлекетінің ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғысхан» лауазымын алды.

«Қарасүйектің» артықшылықпен пайдаланатын әлеуметтік топтары арасынан көшпелілер ұжымдарында сот билігін атқарушы билер сословиесі аса маңызды орын алды. «Би» деген сөздің, астары, - деп көрсетті Я.П. Гавердовский, - сөзге шешен, бай әрі шамдағай адамдар екенін біз ұғынуымыз керек». Қазақстандағы билердің артықшылықты жағдайы бәрінен бұрын құқықтық реттеудің, қазылықтың және жарастырушылықтың үлкен қоғамдық мәнімен айқындалды әрі мүліктік қатынастар жүйесінде айрықша құқықпен, соның ішінде кінәні іздестіру (билік жүргізу) ақысының оннан бірі түріндегі қосымша табысты иелену құқымен пайдаланатындығынан көрінді.

Көшпелі қауымның қойнауынан сұлтандарға қарама-қарсы өсіп шыққан әлеуметтік үстем топ ру старшындары - билер еді. Билер де қазақтардың арасында үстем жағдайға ие болды. Олар ерекше құқықтық және экономикалық артықшылықтарды пайдаланды. Ру старшындары әуел бастан-ақ қауымдық қоныстардың едәуір бөлігіне иелік еткен, бірақ XIX ғасырдың бірінші жартысында мал өсіру дағдарысының күшеюіне байланысты олар зорлық жасап, таңдаулы қыстауларды өздерінің жеке меншіктеріне ала бастады. Байыған ру старшындарының, яғни билердің кейбір ауылдары сұлтандардың ауылдары сияқты ру қауымдарынан бөлек көшетін болды. Сонымен бірге ру билері хандармен және сұлтандармен қатар сот-талап істерін қарап, кірісті бөлуге қатысты.

Тек «қарасүйектің» өкілдері ғана би бола алатын, шыңғыстықтар би болып сайлана алмайтын; бірақ сот істерін талқылауға бұлар да қатысатын. «Би» сөзінің қайдан шыққаны осы кезге дейін әлі толық анықталған жоқ. Құрбанғали Халид Оғлы «би» деген сөз «бек» немесе «биік» сөзінен шыққан деп дәлелдемек болады.

«Бек - кейбір чиновниктер мен лауазымды адамдардың атағы, патша әулетіне қызмет ететін адамдарға берілетін атақ, кейбір шетелдік өкілдерге берілетін атақ: Сефир-бек, Консулус-бек; автономиялы облыстардың әкімдеріне берілетін атақ. Бұл мағынада «бек» дегек атақ «ргіпсе» деген атаққа тең. Әдеттегі құқық нормаларын сақтаушы және түсіндіруші болғандықтан, билер қазақ қоғамыңда көрнекті орын алды.

ХVIII-ХІХ ғасырлардың орта шенінде Қазақстандағы батырлардың - әскери көсемдері әлеуметтік тобының үлкен беделі мен саяси ықпалы болды. Е.К.Мейендорфтың айқындауы бойынша қазақтар батыр деп батыл, әділ және тапқыр адамдарды айтады, соғыс кезінде – бұлар нағыз шабандоздар». «Батыр» атағы ешқашанда мұрагерлікке қалдырылған емес, оны әркім жеке басының ерлігімен алып отырды. Батырлардың үстем тапқа жатқызылуы қазақ қоғамындағы қарастырылып отырған тарихи кезеңдегі әскери-басқару құрылымының үлкен рөл атқаруымен, демек, әскери қарсыласу дәуірінде батырлар да көсемдер ие болатын зор билік ықпалымен анықталды. Қазақстанның шекараларындағы әскери-саяси жағдайдың салыстырмалы түрде тұрақтана бастауына байланысты XIX ғ. ортасында бұл жүйе өзінің маңызын жоғалтып, бірте-бірте екінші қатарға ығысты.

Әлеуметтік категория ретінде батырлар институтының қалыптасуы әскери-феодал шонжарлардың пайда болуымен тығыз байланысты. Ал «батыр» терминінің өзі қазақтарда өте ерте заманда пайда болған.

«Батыр» деген сөз «багадур» және «бакхатур» деген түрік сөздерінен шыққан. Қазақ халқы тарихының сонау алғашқы дәуірінде-ақ қазақ даласы сыртқы жаулардың шапқыншылығына ұшыраған кезде, оларға қарсы күресу үшін өздерінің қолбасшылары бар арнаулы жасақтар құрыла бастады. Осы жасақтардың шайқастарда ерекше көзге түскен жетекшілерін қазақтар «батыр» деп атады. Қазақ және басқа түркі тілдерінде «батыр» сөзі «күрескер», «қаһарман», «ер», «ержүрек», «жаужүрек» деген мағыналарды білдіреді.

Қазақ қоғамында күрделі этникалық процестердің негізінде пайда болған этнографиялық топты төлеңгіттер деп атайды. XVIII ғасырда дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік организмінің бір жүйесі ретінде қалыптасқан құбылыс — төлеңгіттер институты болып табылады. Көшпелілер мемлекеттілігіндегі дәстүр талапқа сай «ақсүйектердің» маңайына шоғырланған төлеңгіттер, саяси билікті нығайтудың ерекше құралы ретінде қызмет атқарады. Қолда бар деректерден аталмыш кезеңде төлеңгіттер хандар мен Ұлыс сұлтандарына өте сенімді адамдары екенін дипломатиялық және орда ішіндегі маңызды істерді тындыратының, осылардың ең бастысы әскери қызметшілері болғанын көреміз.

Төлеңгіттер – Қазақ хандығындағы әлеуметтік топ, ханның жансерігі, хан билігі сүйенетін әскери жасақ. Төлеңгіттер көмегімен хандар мен сұлтандар халықтан салық жинаған, жайылымдарын қарап жүрген. Сонымен қатар төлеңгіттер дипломатиялық бұйрықтарды орындап отырған. Төлеңгіттер көбінесе жаугершілік кезінде қолға түскен тұтқындардан құралған.

Аңыздар төлеңгіт деп халқымыз алғашқыда Хан мен сұлтандардың қолына тұтқынға түскен Алтай телеуіттерін және олардың бірте-бірте төренің айналасындағы күтушілеріне айналуын атап кеткен сияқты. Дегенмен ғалымдарымыздың келесі бір жағы «төлеңгіт» сөзінің мән — мағынасы қазақ тіліндегі «төреңді күт» деген ұғымды білдіреді деп айтады.

Саяси-әлеуметтік ұйымдасу. Жер пайдаланудан, көшпелі маршруттан, қауымаралық қақтығыстардан әртүрлі қауым қауымдастығының көршілес мемлекеттермен және халықтармен арасындағы өзара іс-қимыл жасасу қатынастарын үйлестіру және реттеу қажеттілігі қазақ қоғамында құрылымдық әлеуметтік-саяси ұйымның пайда болуын анықтады. Оның сипаттамалық ерекшелігі  бір институттың әртүрлі қоғамдық (арнайы, сот, әскери-саяси және т.б.) функцияларды жүзеге асыруы болып табылады, яғни бірінші кезекте көшпелі қоғам жағдайында қондырғы элементтерінің дамымағандығымен түсіндіріледі. Бұл ретте, қарым-қатынастың әрбір үлгісі танымал дербестікке ие болды, нәтижесінде барлық құрылым құпиясыз сипатқа ие болды.

Қазақ қоғамында әлеуметтік-саяси ұйымдастырудың негізгі тетігі екі үлгідегі құрылым: оның шеңберінде сыртқы экономикалық реттеу және қоғамдық қатынастарды үйлестіру жүзеге асырылатын әлеуметтік организмдер және әскери-саяси функцияларды орындайтын құрылымдар болып табылды.

Жерді пайдалану, малдың жайылымын ұйымдастыру, көшпелі маршруттар, жайылым жерлерінің жүйесін қауымаралық қатынастар деңгейінде реттеу функциясы қауымның қауымдастығына шоғырландырылды.

Тәжірибеде ол ханның, сұлтандардың, старшиндердің-ру басылары құқығында көшпелі жүйені реттеумен көрінді.

Қауым қауымдастығының өзге маңызды функциясы сыртқы экономикалық қатынастардың барлық спектрін түбегейлі реттеу, атап айтқанда арбитраж және бақылау, кінәлілерді жазалау, қауым арасындағы қайшылықтарды және қақтығыстарды өзге қауымдармен бірге шешу, қорғанысты және шабуылды, соның ішінде барымтаны және тағы басқаларды ұйымдастыру болды.

Жазғы кезеңде әртүрлі үлгідегі қауымды біріктіретін және көшпелі циклдың басқа маусымында олардың ыдыраған бөліктерін құрайтын осы қауымдастық құрылыммен бірге құрылымдық ұйым болды, олардың функцияларына көшпелілер арасында және олардың тысында әскери-саяси қарым-қатынастарды реттеу кірді. Негізінен орын алған ішкі және сыртқы саяси мәселелерді шешуді саяси және әскери құралдармен жүзеге асыруға болатын еді, кейде барлық функциялар қарсы тұру кезеңінде бір қолға (хандарға, сұлтандарға немесе батырларға) шоғырландырылды, ал бейбітшілік кезеңде ыңғайластырылды.

Қазақтардың әскери-саяси құрылымы рулардың өте күшті әскери және саяси қарым-қатынасының басқалардан басым болу нысанында құрылды. Бұл ретте осы ұйымда алғаш рет ядро жасақталды. Мәселен, Абай секілді ірі мемлекет қайраткерінің күші мен беделі – Орта жүз құрамындағы ірі ру – арғындардың құдыретімен негізделді; көшпелі шекті және төртқара күшінде – Қайып хан; наймандарда – Барақ хан; қыпшақтарда – Кенесары Қасымов және т.с.с. осы негізде  мемлекеттік құрылым – хандық құрылды.

Әскери-саяси ұйымның құрылымы әдетте орташа алғанда 10 мың адамды қамтыды және Кенесары Қасымовтың қозғалысы жылдарында олардың саны 20-25 мың адамды құрады.

Көршілес мемлекеттер тарапынан (мысалы, Жоңғария) үлкен көлемді басқыншылық болған кездер ерекшелік болды, ол кезде әскери әрекеттерге ересек ер адамдар тобы басым қатысты.

Қазақтар өздерінің қарым-қатынастарын отырықшы – жер иеленуші мемлекеттермен (Ресей, Қытай, Орта Азия хандықтары) ұдайы реттеп отыруға мәжбүр болған, көшпелі әлемнің қашық болуы әскери-саяси ұйымда үлкен рөлге ие болды. Көшпелі және отырықшы-жер иеленуші әлемінің тоғысқан жерлерінде қазақтардың мемлекеттік-саяси құрылымдарының орталықтары, атап айтқанда Түркістан қаласында қазақ хандығының резиденциясы орналасты.

Тұйықтық және табиғи-тұтынушылық бағытта көшпелі мал шаруашылығының жүйесіне әскери-саяси ұйым әрекетінің аясында қауым қауымдастығының деңгейінде айрықша әлеуметтік институттар тартылды, сол уақытта қауым құрылымының өзі және жаппай қаттардағы малдар осы ұйымның қол жетімсіздігінде қалды.

Азын-аулақ бекіністер және дифференциалдылық салдарынан әлеуметтік-саяси басқарудың әртүрлі салаларында биліктер шашырап кетті, ол барлық қазақ қауымының және оның мемлекеттік құрылуының орталықсыздандырылуына әкеп соқтырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет