ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «психология» ПӘні бойынша



бет1/7
Дата09.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#125394
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-16.1.55.1/03-2013



«Психология»

пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар


№1 басылым 18.09.2013 ж.




ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«ПСИХОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

(Психологиялық емес мамандықтарға арналған)


ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2013


Мазмұны

  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

  4. Курстық жұмыс (проект)

  5. Студенттің өздік жұмысы


1 ГЛОССАРИЙ



  1. Абстракция – заттар немесе құбылыстарды зерттеу мақсатындағы оның белгілі бір белгілері мен қасиеттерін ойша бөліп алу.

  2. Психология – психиканың даму заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, ғылыми теориялық ұғымдардың қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.

  3. Психика – тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі ағза мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі.

  4. Адаптация – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының ерекшеліктеріне сезім мүшелерінің бейімделуі.

  5. Анимизм – жан мен рухтың ауыспалылығы және олардың объективті тірлігі туралы ежелгі ілім.

  6. Ассоциация – психикалық құбылыстардың өзара байланысы.

  7. Аутагенді жаттығулар – адамның өз психикалық құбылыстары мен әрекет қылығын басқаруға бағытталған өзін-өзі сендіру, бағыттауға арналған арнайы жаттығулардың комплексі.

  8. Сана – психиканың жоғары деңгейде дамуы.

  9. Бейсана (астар сана) – адамның психологиялық қасиет, процесс және кейіпінің санадан тыс көрнісі.

  10. Методологиялық принцип – детерминизм принципі, сана бірлігі мен әрекеттің дамуы.

  11. Жеке тұлға - әрекеттің субъекті мен объектісі ретінде.

  12. Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.

  13. Темперамент – жүйке жүйесінің тума қаситтерінен туындайтын ерекшелік.

  14. Индивид - әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.

  15. Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.

  16. Ассоциация – ол байланыс елестеуі, олардың арасындағы сыртқы механикалық байланыстар.

  17. Экстриоризация - әрекет барысында белгілі бір қиындықтардың туындауы.

  18. Анализатор – тітіркендіргіштерге орай рефлекторлы түрде қайтадан өзгеріп, жасалып отыруы.

  19. Символ – белгі.

  20. Ретикулярлық формация – импульстардың төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алуы.

  21. Рефлекс – Сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның жауап беру реакциясы. Латын тілінен аударғанда “бейнелеу” деген мағынаны білдіреді.

  22. Тест – сынақ. Психологияда адамның дара басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс.

  23. Стимул – қозғаушы, жандандырушы әсер.

  24. Динамикалық стереотип – шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің құрылуы.

  25. Интериоризация, экстериоризация – сыртқы болмыс әрекеттерінің ішкі идеалық факторларға, ал адамның ішкі ақыл-ой әрекетінің сыртқы іс-әрекеттерге айналуы.

  26. Дедукция – жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы.

  27. Индукция – жекеден жалпыға қарай дамитын логиклық ой қорытындысы.

  28. Аналогия – жекеден жекеге қарай дамитын продуктивті ой қорытындысы.

  29. Инстинкт – ағзада туа берілетін шартсыз рефлекстер негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы.

  30. Перцептивті әсер – қабылдау поцесіне қатысты әсерлену түрлері.

  31. Иллюзия – латын сөзі, мағынасы – алдану. Алдануда қабылданған нәрселер мен заттар бір-біріне сәйкес келмей, бұрмаланады.

  32. Галлюцинация – қиялдану, шатасу деген түсінікті білдіреді. Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған теріс, бұрмаланған бейнелердің тууы.

  33. Апперцепция – латын сөзі, қазақша “жан толқуы”.Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі.

  34. Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі “төркін” дегенді білдіреді. Бұл- психскалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін әдіс.

  35. Интероверт – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері.

  36. Экстраверт – Адамдардың ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отыруы.


2 ДӘРІСТЕР

1-тақырып.Психология пәніне кіріспе.

  1. Психология – ғылым ретінде.

  2. Психологиялық білімнің маңызы.

  3. Психологияның басқа ғылымдармен байланысы.

  4. Қазіргі заман психологиясының міндеттері.

  5. Негізгі психологиялық түсініктер және категориялар.

Психология аймағында қарастырылатын білімге деген қызығушылық өте ертедегі, б.э.д. соңғы ғасырлардағы философиялық ойлардан әлем жаратылысының, оның ішінде жан мен рух мәселелерінің құпияларын ашуға тырысқандықтарын байқауға болады.

Психология ғылым ретінде басқа пәндерге қарағанда ерекше қасиеттерге ие. Психологияны зерттелген, тексерілген білімдер жүйесі ретінде көпшілік біле бермейді. Түрлі ғылыми және практикалық міндеттерді шешу арқылы ғана психологиямен арнайы айналысуға болады.

Ал өмірлік құбылыс жүйесі ретінде психология кез-келген адамға таныс. Адамға психология өз түйсінігі, бейнесі, елестетуі, ойлауы, сөйлеуі, қиялы, қызығушылығы эмоция-сезімі және т.б. түрінде беріледі.

“Психология” термині алғаш ХҮІ-ғасырда пайда болып, ол адамның өз санасында оңай бақыланатын психикалық құбылыстарды зерттеумен айналысса, ХҮІІ-ХІХ ғасырдың ортасы аралығында психологтардың зерттеу сферасы кеңейе түсіп, бейсаналық процестер мен адамның іс-әрекетін зерттей бастады. Одан кейін психологиялық зерттеулердің аумағы кеңейіп, “психология” атауы бастапқы тар мағынасын жоғалта бастады. Дегенмен ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің нәтижесінде бұл ғылым саласы өзінің бұрынғы атауын сақтап келеді.

Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психологияның оларадың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге болвды. Әр түрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның жаратылыстану білімдерінің даму деңгейі мен классификациялау схемасынан келіп шығады. Қоғамның рухани даму тарихында бірде-бір білім саласы ғылымдар жүйесіндегі өз орнын психология іліміндей жиі өзгертіп көрген емес. Академик Б. М. Кедров ұсынған сарап бойынша мазмұны жағынан психология көп тарапты байланыстарға негізделген. Олар: жаратылыстану, философиялық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар.

Ғылымдардың негізгі тобының мұндай орналасуы олардың пәні мен әдістерінің психология пәні мен әдістеріне нақты жақындығынан.

Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі – зерттеу объектісі адам болып табылатын барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру.

Психоллогиялық құбылыстардың адам өмірі мен әрекетінің объектив жағдайларымен тәуелдік заңдылықтарын аша отырып, психология осы әсерлердің мидағы бейнелеу механизмдерін де айқындайды. Осыған байланысты, психология физиологиямен , дәлірек айтсақ жоғары жүйке қызметі физиологиясымен өте жақын.

Қоғамдық ғылымдармен байланыс үлкен маңызға ие. Тарих, эконмика, социология, өнертану, заң және т.б. салалардағы зерттелінетін проблемалар психологиямен тікелей байланысты. Психологияның педагогикамен байланысы туралы К.Д.Ушинский: “Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет”, - деді.

Дербес ғылым саласы ретінде психолгия аймағында өзара байланысы сырт көзге түсе бермейтін бірнеше салалар бар. Егер психологияның алғашында теориялық тарапы басымдау, дүниетанымдық пән болса, қазіргі кезде өзінің танымдық қызметін сақтай отырып өндірістегі, мемлекеттік басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық сақтау, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің бір саласына айналуда.

Психологияның зерттейтін объектісі - өзінде бірнеше көптеген субъективті құбылыстарды енгізетін адам және жануарлар психикасы, психологиялық деректер мен заң, заңдылықтар.

Психика – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының адам миында бейнеленуі және соның негізінде адам қылығы мен әрекетін реттестіру. Мысалы, оның бір компоненті ретінде түйсік, ес, ойлау арқылы адам қоршаған ортаны танып біледі. Сондықтан бұларды танымдық процестер деп атайды. Ал кейбір құбылыстар оның басқалармен қарым-қатынасын реттейді, әрекет қылықтарды басқарады. Оларды психиклық қасиет, психикалық кейіптер дейді(қажеттңлік, мақсат, қызығушылық, эмоция ,сезім, икемділік, және т.б..

Адам баласы өзінің танымдық процестері арқылы ортаны танып, біліп қана қоймайды, оған әсер етеді, өзінің түрлі материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Адамның бұндай қылықтарын ұғып, түсіндіру үшін біз келесі “жеке тұлға ” ұғымына кездесеміз.

Психикалық процестер, психикалық қасиеттер және қалып негізгі психологиялық категогриялар бола отырып жеке дара зерттелінгенімен, олар өзара бір-бірімен өте тығыз байланыста, және адамның өмір сүру қызметі болып табылады. Адам психологиясын және әрекет- қылығын зерттей отырып, ғалымдар оны бір жағынан адамның биологиялық табиғатынан, екінші жағынанан – оның өзіндік жеке тәжірибесінен, үшінші жақтан – қоғамда қалыптасатын заңдылықтардың негізінде іздестіреді.

Сонымен, қазіргі психологияның зерттейтін негізгі құбылыс типтерін схема түрінде көрсетуге болады:

психикалық психикалық психикалық

процестер кейіптер қасиеттер




жекелік топтық

ішкі сыртқы

(психикалық) (әрекет-қылықтық)
Бұлар, психологияда зерттелінетін құбылыстарды анықтайтын негізгі түсініктер.
Негізгі ұғымдар: психология, психика, психологияның міндеті, психологияя пәні, психикалық процестер, психикалық қасиеттер, психикалық қүйлер, философия, әлеуметтану, педагогика.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. Психологиялық білімнің маңызын дәлелдейтін мыслалдар келтіріңіз?

  2. Ерте заман және қазіргі заман психологиясының міндеттеріне талдау жасаңыз?

  3. Жалпы психологияның негізгі түсініктері мен категорияларын атаңыз, анықтама беріңіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987

  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.

  3. Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003

  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999

  5. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. - А., 2005

  6. Қ. Жарықбаев. Жантану негіздері. – А. 2000

  7. Веннер Л.Н. Психические процессы. В 3-х томах. Т. 1 ЛГУ 1974

  8. Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998


2-тақырып. Психологияны зерттеу әдістері.

  1. Интроспекция әдісі – алғашқы зерттеу әдісі ретінде.

  2. Психологияны зерттеудің негізгі әдістері.

  3. Психологияны зерттеу әдістерінің өзіндік ерекшеліктері.

Ғылым- бұл ең бірінші зерттеу. Сондықтан ғылымның мәні – оның пәнге бағыттылығымен анықталмайды.Ол өзінің белгілі бір әдістерін де қажет етеді. Әдіс – танып білу жолы. Әдістер арқылы ғылым пән ретінде танылады. Психология басқа ғылымдар сияқты,бір емес бірнеше әдістемелердің жиынтығынан тұрады.

Жаратылыстану және нақты ғылымдар әдістерін пайдалана отырып, психологияөткен ғасырдың екінші жартысында дербес ғылым болып, жан-жақты дами бастады. Бұл уақытқа дейін психологиялық білім негізінен өзін-өзі бақылау (интроспекция. әдісі арқылы дамыды. Көп уақытқа дейін бұл әдіс негігі ғана емес, психологияның жалғыз әдісі болып келді. Ол негізінен екі тұжырымдамаға байланысты:



  1. Сана “жабық” оны сыртқы бақылаушы көре алмайды;

  2. Сана субъектінің өзіне ашыла алады (репрезентацияланады..

Бұл тұжырымдама бойынша нақты адамның өзі ғана сааны зерттей алады, басқа оны ешкім зерттей алмайды.

Интроспекция әдісінің идеологі философ Дж. Локк(1632-1704. болды. Ол Декартың танып білу мүмкіншілігі тезисін одан әрі дамытты. Локк бойынша барлық білім алудың екі қайнар көзі бар:



  1. Сыртқы дүние объектісі;

  2. Өзіміздің ақыл-ой әрекетіміз.

Сыртқы дүние объектісіне адам өзінің ішкі сезімдерін бағыттайды, соның қортындысында сыртқы затар туралы әсер алады. Ал ақыл-ой әрекеті негізінде ішкі сезім-рефлексия жасалады. Локк оны “бақылау”, адамның өзінің іс-әрекетін бағыттау деді.Ақыл-ой Локк бойынша ойлау, тану, тілек, ықыласдеп қарастырылады. Рефлексия іс-әрекеттің ерекше бағыты, сонымен бірге субъектінің кәмілеттігін көрсетеді. Психикалық процестер оның ойынша екі деңгейде өтеді. Бірінші деңгейдегі процеске ол қабылдау, ойлау, ықылас және т.б. кірсе, екінші деңгейге – бақылау немесе қабылданатын образдар мен ойлауды қайта жасау. Интроспекциялық қабілеттілік өздігінен пайда болмайды. Бұл әдісті меңгеру үшін көп жаттығу қажет. Локк материалистік позицияда бола отырып, оның іліміне параллель ассоциативті бағыт дамыды. Оның да қайнар көзі – сенсуалистік материализм болды. Бірақ, егер, бірінші принципке назарын көбірек аударса, ассоциативтік бағыттың өкілдері өздерінің ой пікірлерін екінші принципке негіздей құрды. Ассоциативтік психологияның пайда болуы Д.Юм, Д.Гартли есімдерімен байланысты. Д.Гартли(1705-1757. материалистерге өзін қарсы қойды, бірақ өзінің ассоциативтік теориясын материалистік негізде құрды. Психикалық құбылыстардың себебін вибрацияда деді. Оның ойынша жүйке жүйесі физикалық заңдылықтарға бағынады. Сондықтан оның іс-әрекет өнімінде қатаң себептер қатарын құрайды. Бұл себептер қатары барлық ағзадағы тәртіпті қамтиды: сыртқы ортаның вибрациясы, ж.ж. вибрациясы, бұлшық ет вибрациясы. Вибрация туралы ілімді Д.Юм өзінің ассоциативтік психологиясында одан әрі дамытты.

Д.Юм (1711-1776. негізгі принцип ретінде ассоциацияны енгізді. Оның ойынша , сананың күрделі формаларының пайда болуы, “мен”ұғымымен бірге “елестердің бөлшегі” өзара сыртқы (ассоциациялармен. байланыстармен бірігеді. Психика туралы мәліметті тәжірибе арқылы ғана алуға болады деді. Тәжірибе түйсік, эмоция, идея, әсерлер көшірмесі дептүсіндірді. Юм негізгі эксперименттік психологияның пайда болуына жол ашты. Интроспекция әдісі осы кезеңде ерекше қолданылды. Эксперименттік зерттеулер интроспекция арқылы зерттелінді.

Алайда, интроспекциялық әдісті кеңінен қолдану психологияның дамуына өз кедергісін тигізіп, оны дағдарысқа әкелді. Интроспекцивті психология позициясынан психика сана ға теңестірілді. Бұның негізінде сана өзіне-өзі тұйықталды, сондықтан психиканың объективті болмыс пен нақты субъекті байланысы жойылады. Психолог өзін-өзі бақылайды деген түсінік өзінің рпктикалық ұстанымын таба алмады. Сондықтан практикадапсихологияға деген қызығушылық төмендеді. Алайда сонымен қоса, психикалық ойдың дамуы да байқалды:


  • Сана элементі теориясы(В.Вундт, Э.Титченер,

  • Сана актісі психологиясы (Ф.Брентано..

  • Сана лгі теориясы (У.Джеймс.,

  • Феноменалды алаң теорисы,

  • В.Дильтейдің суреттемелі психологиясы.

Интроспекцивті психология негізінде 1879 ж. Лейпцигте В.Вундт алғаш эксперименттік лаборатория ашты.

Қазіргі психологияда өзін-өзі бақылау қолданылады және оның өзіндік ерекшелігі бар.



Психологияны зерттеудің негізгі әдістері.

Кесте 1


Негігі әдіс

Негізгі әдістің нұсқалары

Бақылау

Сырттан бақылау

Өзін-өзі бақылау

Еркінбақылау

Стандартизацияланған

Қосылған

Қосымша


Сауалнама

Жазбаша

Ауызша


Еркін

Стандартизацияланған



Тест

Сауалнама-тест

Тапсырма-тест

Проективті тест


Эксперимент

Табиғи

Лабораториялық



Үлгілеу

Математикалық

Логикалық

Техникалық

Кибернетикалық


Психологтар бақылауды адам психикасын танып білудің бірден бір жолы дейді . Дегенмен, 1968-1980 ж.ж. бақылауды тіптен қолданылмаған кездері де болды. Негізгі әдіс болып стандартизациялау кең қолданылды. Кейбір әдебиеттерде бақылау қосымша әдіс ретінде қабылданды. Алайда 1920-1930ж.ж. көптеген психологиялық жаңалықтар бақылау негізінде жасалды (Ш.Бюллер, В.Штерн, А.А.Люблинская, Л.С.Выготский, Ж.Пиаже және т.б... Жалпы бақылау ғылымға дейінгі психологияда ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, іс-әрекетерді бақылаулар арқылы берілді.

Бақылау бірінші, мақсат қоюдан басталады, одан кейін бізді қызықтырып отырған фактіден нені бақылауымыз керек, яғни бақылау пәні анықталады. Екіншіден, әдебиеттер мен бақылау объектісінің тәсілдерімен танысу. Үшіншіден, бақылау объектісін іріктеу, олар бақыланылатын құбылыстардың психикалық негізін ашып көрсетуі тиіс.

Бақылау техникасы:



  • Алдын-ала регистрациялық парақтарды даярлау;

  • Жазып алатын техникалық құралдарды тексеру;

  • Бақылауға енуі мүмкін жағдаяттарды алдын-ала ойластыру;

  • Орын әзірлеу;

  • Бақыланушының реалды өмірі мен бақылау кестесін белгілеу.

Бақылау сауалнамамен бірлікте қкарастырылады.

Ауызша сауалнама – сыналушының тәртібі мен реакциясын бақылау кезінде пайдаланылады. Сауалнаманың бұл түрі адам психикасына тереңрек үңілуіне әсерін тигізеді. Зерттеу барысының жүруіне сәйкес қойылатын сұрақтарды коррекциялауға мүмкіндік бар. Бірақ, сауалнаманың бұл түрі ұзақ мерзімді қажет етеді және жауаптың объективтілігі сыналушының жеке бас ерекшелігіне, оның тәртібіне байланысты.

Жазбаша сауалнама – қысқа мерзімде көп адамдарды қамтуға болады. Көп тараған түрі – анкета.Кемшілігі: сыналушының жауап кезіндегі реакциясын алдын алуға болмайды.

Еркін сауалнама – қойылатын сұрақтар алдыы-ала анықталмайды. Сыналушы туралы көптеген хабарлама алуға мүмкідік бар.

Психологиялық құбылыстарды сандық бағалау ХІХ ғ. ІІ-жартысында басталды. Математиканы психологияға енгізу әдістемелерді стандартизациялауға әкелді. Стандартизациялаудың негізгі мағынасы екі немесе бірнеше адамдарды салыстыру барысында психологиялық зерттеулердің қателік, кемшіліктерінің минималдылыққа жеткізу. Бұндай психологиялық әдіске тест жатады. Бұл әдіс кеңінен қолданылады. Себебі: алынған мәліметтерді нақты, сапалы түрде бір-бірімен салыстыруға, практикада қолдануға болады.

Экспериент – объективті әдіс. Зерттелінетін құбылысқа арнайы жасанды жағдаяттар әзірленеді де, сол құбылыс анықталады. Экспериенттің негізгі жетістігі зерттелінетін феноменнің себеп-салдарлық байланысы басқа феномендермен салыстырылады, ғылыми түрде құбылыстардың пайда болуы мен дамуы түсіндіріледі.

Лабораториялық экспериент зертелінетін құбылыстарды тереңірек бағалау үшін түрлі аспаптарды қолдану арқылы жасанды жағдаяттарды әзірлейді. Ал табиғи экспериент қалыпты өмір жағдайында жасалынады. Табиғи экспериентті алғаш қолдануға енгізген А.Ф.Лазурский болды.

Үлгілеу – психологиялық ғылымның келесі бір әдісі. Бұл әдісті басқа әдістерді пайдалануда қиындық келтірген кездері пайдаланған тиімді.Үлгілеу психикалық құбылыстарды зерттеу барысында ол туралы белгілі бір хабарламаны пайдалану кезінде сыналушының өзінің нақты қатысуынсынсыз да жүргізіледі.


Негізгі ұғымдар: зерттеу әдістері, интроспекция, эксперимент, бақылау, тест, әңгімелесу, анкета, лонгитюдті, үлгілеу, табиғи эксперимент, лабораториялық эксперимент.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Психологияның зерттеу әдістерінің классификациясын көрсетіңіз?

  2. Негізгі зерттеу әдістерінің қосалқы зерттеу әдістерінен басты айырмашылығын атаңыз?

  3. Психологияның зерттеу әдістерінің басқа ғылымдардың зерттеу әдістерінен өзгешелігі неде?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987

  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.

  3. Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003

  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999

  5. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. - А., 2005

  6. Қ. Жарықбаев. Жантану негіздері. – А. 2000

  7. Веннер Л.Н. Психические процессы. В 3-х томах. Т. 1 ЛГУ 1974

  8. Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998


3-тақырып. Психиологияның жаратылыстану-ғылыми негіздері.

  1. Жүйке жүйесі туралы жалпы түсінік.

  2. Адамның орталық жүйке жүйесінің құрылысы.

  3. Қызметі және қасиетіне сипаттама.

  4. Бас миы қабығының қызметі.

  5. Писхикалық құбылыстарды ми жұмысымен салыстыру.

Адам әрекет-қылығы сәтті болуы үшін оның ішкі кейіпі мен ол өмір сүріп отырған сытрқы ортаның шарттары және қолданылатын практикалық әрекеттері бір-біріне сәйкес келіп отыруы қажет. Физиологиялық деңгейде бұлардың барлығының фукцияларын біріктіруді қамтамасыз ететін орталық жүйке жүйесі.

Органикалық дүниенің ұзаққа созылған эволюциясында – қарапайым тіршілік иелерінен адамға дейін - әрекет-қылықтың физиологиялық механизмдері үздіксіз жетілуде болды. Мысалы қарапайым жәндіктер түйсік, қозғалыс, ас қорыту сияқты қарапайым қызметті орындай алады. Олардың мүмкіндіктері шектеулі. Ал жоғары дамыған жануарларда арнайы қызмет орындаушы тән мүшелері даралана бастады. Қарапайымдар сигналдарды қабылдау қызметін (рецептор. атқарса, екіншілері – бұлшық еттер мен әртүрлі без секрецияларын (эффектор. іске қосады.

Сонымен, қажеттілікке орай жеке мүшелер мен олардың қызметі жіктелгенімен, организмнің біртұтас тіршілігі мен тән мүшелерінің өзара байланысын орталық жүйке жүйесі (центральная нервная система. қамтамасыз етеді.

Ж.Ж. жалпы түзілімі барша омыртқалылада бірдей. Бұл жүйенің негізгі элементі – жүйке жасушалар немесе нейрондар. Нейрон жасуша тәнінен (дендрит – қозу қабылдау. және өсінділерден (аксон – қозуды жеткізу. құралады. Аксонның дендритпен байланысы синапс деп аталады. Негізінен нейрондар орталық жүйке жүйесінде атқаратын ерекше арнаулы қызметтеріне қарай оларды үш типке бөлуге болады: сенсорлы нейрон – рецептордан о.ж.ж. жүйке импульстарын жеткізуші, қозғаушы нейрон – о.ж.ж. жүйке импульстарын қозғалыс мүшелеріне жеткізуші, локальды байланыс нейроны – жүйке импульстарын о.ж.ж. бір бөлімінен екіншісіне жеткізуші. Осы нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді.

Ж.Ж. орталық және перифериялық (шеткі. бөлімдерден тұрады. О.Ж.Ж бас миы, аралық ми және арқа миынан тұрады. ЖЖ қалған бөліктері перифериялық бөлімге кіреді. Бұл шеткі жж миға сырттан келетін әсерлерді жеткізіп, сол әсерлерге мидың реакциясын жүзеге асырып отырады. Бұл жүйенің екі түрлі жүйкелік өткізгіш талшықтары бар: 1. сырқы тітіркендіргіштерден алынған қозу толқындарын ми және басқа орталық жж бөлімдеріне жеткізетін афференттік жүйке талшықтары. 2. ми және басқа да бөлімдердің импульстерін бұлшық етке, сезім мүшелеріне жеткізуші эфферентік жүйке талшықтары.

ЖЖ барша бөлімдері өзара тығыз байланыста. Бірақ олардың әрқайсысының ролі бірдей емес. Арқа миы мен мидың бағаналы бөлігі – сопақша ми, орта мимен қосыла тума рефлекстер орталығына бірігеді. Арқа миында ең қарапайым рефлекстер орталығы (тізе рефлексі. бар. Дене мен қол-аяқ бұлшық еттерін реттейтін , ішкі мүшелер жұмысын басқарушы рефлекторлық орталықтар да осы арқа миында. Жоғары психикалық функциялармен, атап айтқанда ойлау мен сананың қызметі бас миы қабығының қызметімен байланысты.

Бас миы дистантты рецепторлық мүшелердің эволюциялық дамуының негізінде қалыптасқан ж.ж. өте күрделі бөлімі б.т. Ерекше рольді бас миында оң және сол жақ жартышарлар, сонымен қатар олардың негізгі тарамдары атқарады.

Ми бөліктері сан алуан жүйке қызметін орындайды. Олардың орналасу деңгейі жоғарлаған сайын, оның қызметі де күрделене түседі. Бәрінен төмен орналасқан арқа миы, оның қызметі - бұлшық ет топтары мен ішкі мүшелер қызметін реттеу.Оның үстінде мишықпен бірге сопақша ми орналасқан.Сопақша ми дененің қызметтерін орайластыра басқарады (дем алу, қан айналу, ас қорыту және т.б... Бұлардан жоғарыорталық жүйке бөлігі – күрделі қозғалыстар менбүкіл дене қалпын реттеуге қатысатын – орта ми орн-ды. Сопақша ми мен орта ми бас миының бағаналы бөлігін құрайды. О.Ж.Ж. ең жоғары бөліктері бас миының үлкен жартышарларына біріккен.үлкен жартышарлардың құрамына қабық асты түйіндері деп аталатын тереңдегі жүйке клеткаларының тұтас жиынтығы кіреді.Жартышарлардың үстіңгі бетінде жүйке жасушалар қабаты – бас миы қабығы көмкерілген. Бұл қабық қыртыс, сай, қатпар күйінде анықталады. К.Бродман ұсынған классификацияға байланысты, б.м.қ. 11 аймақ., 52 өріске бөлуге болады.

Неғұрлым дамыған өрістерінде жүйке клеткаларының 6-7 қабаттары орналасқан және қабат саны сол бөліктердің ескілігіне байланысты. Ескі қабық бір ғана қабаттан тұрады және қабық астынан толықтай бөлінген. Адамның бүкіл б.м.қ. 95,6 % көлемі жаңа қабықтан, ежелгі қабық – 0,6 %, ескі қабық – 2,6 % аумақты алып жатыр.

Үлкен ми сыңарларының бүкіл бет аймағын бірнеше көлемді бөліктерге жіктеуге болады.Бас миы сыңарларының сырқы бөлігі – желке аймақ(қара құс., ол алдыңғы таратпа төбе (еңбек. аймақтарына жалғасады.Алдыңғы, аумағы жағынан ми сыңарларының ең үлкен бөлігі – маңдай аймағы – адамда ғана жақсы дамыған. Осындай жіктеулерге сәйкес көру әсерлерінің анализі мен синтезі – желке аймағының жоғары бөлігінде (есту зонасы.; сезу және ет-сүйек аппараттарындағы тітіркенушілер – төбе (еңбек. аймағының алдыңғы бөлігінде орналасқан.

Күрделі психикалық процестердің мидағы ұйымдастырылуын жете түсіну үшін адам миы қызметі туралы қазіргі заманғы ғылыми деректерді білу қажет. А.Р.Лурия бойынша бас миы аппараттарының қызыметімен байланысты келесі принциптерді білуіміз қажет.

Ақпаратты қабылдау мен өңдеуді қамтамасыз етуші,өз әрекетінің бағдарламасын түзу, олардың өзара әрекеттес қызметте болуын бақылайтын адамның бас миы құрылымдары әрдайым бүтін бірлікте жұмыс атқарады. Бұл аппарат өте күрделі, сондықтан бұл жете дараланғанбірнеше бөліктерден тұрады. Дегенмен,бір бөлігі зақымдалатын болса, бүкіл аппараттың қызметіне зақым тиеді.

Адам бас миында үш негізгі блок дараланады. Біріншісі – ақпарат қабылдап, өңдеуге, сонымен бірге бағдар түзу процесі мен олардың іске асуын қадағалап, қажетті ми қабығының іс-қуатына жәрдем береді. Екінші блок – адамға сыртқы орта мен өз тәні мүшелерінен жететін ақпараттардың қабылдануы, өңделуі және сақталуына байланысты процестерді жүзеге асырады. Үшінші блок - әрекет жоспарын түзейді, оның орындалуын реттеп , іске асырады және табысты нәтижеге жетуін қамтаамасыз етеді.

Адамныңсанлы іс-әрекетін қалыптастырушы осы үш блок бас миының оқшауланған бөліктерінде орналасып, өзара үйлесімді қызмет атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет