ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Психологиялық кеңес беру негіздері»


§ 2. Психодраманың формалары мен түрлері



бет3/4
Дата17.06.2016
өлшемі387 Kb.
#141875
1   2   3   4
§ 2. Психодраманың формалары мен түрлері

Психодраманың келесі формаларын бөліп қарастырамыз:



  1. Проттагонистте орталықтандырылған психодрама;

  2. Тақырыпта орталықтандырылған психодрама;

  3. Топқа бағытталған психодрама;

  4. Топта орталықтандырылған психодрама.

Протагонистте орталықтандырылған психодрамада басты орындаушыға зейін қойылады. Ол жүргізуші мен серіктерінің көмегімен өз өмірінің реалды немесе ойлап табылған жағдайларды бейнелейді. Психодрамалық жағдайларды ойнаудың нәтижесінде санада жасырылған көптеген жағдайлар уайымдау және түйсіну деңгейіне жетеді.

Тақырыпта орталықтандырылған психодрама

Егер топ жұмысында белсенді топтық конфликт немесе мотивтелген протагонист жоқ болса (жаңа топтарда болатындай), онда барлық топ мүшелерін ойландыратын тақырып табылады. Мысалы, топ мүшелерінің біреуі таныс емес адамдардың ортасында қапаланатыны туралы әңгіме бастайды. Басқа біреуі оны түсінетіндігін білдіреді де, өзіндегі кез- келген себептен туындайтын бұндай сезім жайлы айтады. Үшінші біреуі бұндай жағдайда қорқыныш сезімі туатынын айтады.

Осылайша, топ әңгімесінің ортақ тақырыбы қорқыныш болып табылады. Топ мүшелері жағдайды қысқаша бейнелейді. Қысқаша эпизодтар импровизациялық негізде ойналады.

Топқа бағытталған психодрма

Топқа бағытталған психодрма көбінесе протагонистке орталықтандырылған психодрама түрінде жүзеге асырылады. Топқа бағытталған психодраманың ерекшелігі, барлық топты толғандыратын проблемамен жұмыс болып табылады. Бұндай проблемалар жұбайылық топтарда- сенімсіздік, алкоголиктер тобында- үйге бар немесе рестораннан кеш келуі, жеткіншектер тобында – түзету колонияларындағы уақытын өтеуі, ата- аналар тобыннда- өсіп келе жатқан балаларымен проблемалары болуы мүмкін.

Топ мүшелерінің барлығы дерлік идентификацияға мүмкіндік алады. Протагонистке орталықтандырылған психодрамадағыдай, топқа бағытталған психодрама да қандай да бір күй- жағдайдың этиологиясын ашуға мақсатталуы мүмкін. Бірақ ең алдымен ол топ мүшелерінің барлығының проблематиканы жаңаша, тереңірек түсінуіне бағытталған.

Топта орталықтандырылған психодрама

Топта орталықтандырылған психодрама- топ қатысушыларының бір- бірімен эмоционалды қатынастарымен және «осында және қазір» туындайтын проблемаларымен айналысады. Психодраманың бұл формасы рөлдік дефицит синдромында, делинквентті қылық- әрекетте, түрлі фобияларда, рөлдік конфликтер кезінде, креативтілікті жоғарылатуда қолданылады.

Психодрамадағы топ көлемі 6- 9 адамнан тұрады. Егер топ 6 адамнан аз болса, онда көрермендер өте аз болады. Егер топ өте ауқымды болса- тіпті тәжірибелі режиссер болса да протагонистің сұраныстарымен басқара алмайды, жеке топ мүшелерінің реакцияларын ескере алмайды, топтың динамикасын қадағалай алмайды. Мақсатқа бағытталған психодрамада топтың құрамы маңызды рөл атқарады.



Топтағы психодрама гетерогенді топ құрамын талап етеді. Топтың қатысушылары (жынысы, тұлғалық структурасы, қабілеттілігі, тәжірибелері әр- түрлі) гомогенді топтарға қарағанда күтпеген жағдайларды толығырақ бейнелеуге қабілетті.

Топқа арналған психодрама көбінесе құрамы жағынан гомогенді топтарда жүргізіледі (мысалы, жұбайлар тобы, ата- аналар, жеткіншектер, алкоголиктер және т.б.).

Драмалық топ немесе жабық, не ашық болуы мүмкін. Жабық топтарда күшті топтық біртұтастық тезірек пайда болады. Ашық топ табиғи психодрамалық қойылым ретінде қарастырылады. Оның мақсаты- шын өмірде топ қатысушыларының өз беттілік, тәуелсіздікке тезірек ие болу.



Психодрама ұзақтығы. Әдетте кездесу ретінде сеанс 50 минутқа созыллады. Шындығында кездесулер қысқа немесе ұзағырақ болуы мүмкін және сеанстың созылуы клиент проблемасының қиындығына, оның реакциясына байланысты. Сеанстың мөлшер шектері- 15- 20 минуттан 4 сағатқа дейін.

Психодраманың негізгі компоненттері: рөлдік ойын, аяқ- астылық, «теле», катарсис, инсайт.

Рөлдік ойын- импровизирленген көрсетілімдерге қатысу. Психодрама топ қатысушыларының рөлді ойнау кезінде өзінің тұлғалық проблемаларымен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Д. Морено былй деген: психодрамада рөлді орындаушы мен актердің арасында үлкен айырмашылық бар: актер, автор жазған сценарийді орындайды, ол тапсырыс бойынша өзгеру қабілетіне ие болуы керек. Психодрамада «жалған фасад» тудыра алуы кедергі болуы мүмкін.

Аяқ- астылық- сыртқы әсерлерге реттелмейтін әрекет- қылық пен сезім, сондықтан психодрамада алдын- ала жазылған сценарийлер мен рөлдер болмайды. Д. Морено психодрамадағы аяқ- асты әрекет- қылықты әлеуметтік рөлдердің өспелі ригидтілігіне қарсы дәрі деп қарастырған. Д. Морено түсінігінде аяқ- астылық- шығармашылықты босатуға арналған кілт: «Шығармашылықты ұйқыдағы ару сияқты ояту керек. Бұған ең қолайлы құрал- аяқ- астылық»- деп жазды.

Аяқ- астылық екі маңызды параметрді шамалайды: жауаптың адекваттылығы, жаңашылдық.

Психодрамалық әрекеттің өткені мен болашағы болмайды- тек қана осы шағы бар, барлық болған жағдайлар реалды әрекетте ғана уайымдалады.

Егер «тасымал» ұғымы З. Фрейд бойынша эмоцияны пайиенттен психотерапевтке тапсырудың бір жақты процесін білдірсе, ал «контртасымал»- психотерапевтен пациентке, онда «теле» Д. Морено бойынша клиент пен режиссер және топ мүшелерінің арасында эмоция тапсырудың екі жақты процессі. «Теле» психодрамалық жағдайда туындайтын жағымды (жағымды «теле»)да және жағымсыз (жағымсыз «теле») эмоцияларды қамти алады.

«Телені» қолданудың нәтижесі басқа адамдарды шын мәнінде қалай екенін көрмеу, ал бізге қатынасын қалай білдіретінін мойындау болып табылады.

Психодрама топта лабораториялық жағдай тудырады, яғни қатысушылардың біреуі басқаларды қабылдауы анализделеді.

«Теле» ұғымы социодрамада тиімдірек- психодраманың ерекше түрі, оған топтық ортақ тақырып тән.

Социодраманың қатысушылары әрбіреуінің жеке проблемаларын зерттеудің орнына, барлық қатысушыларға әсер ететін фактормен айналысады. Топ мүшелері рөлдік ойындарды өздерінің әлеуметтік- мәдени қажеттіліктерге қатынасын, яғни ата- ана мен балалар арасындағы қатынас, тұрғындар мен чиновниктер арасындағы конфликтер, расизм және т.б. зерттеу үшін қолданады.



Катарсис- сезімдік әсерлену мен ішкі тазару деген мағына береді. Д. Морено бұл ұғымды біршама кеңейтті, яғни катарсис әрекетін тек көрермендерге ғана емес, актерларға дейін өрістетті. Ол былай деді, психодраманың емдік эффектісі көрермендерге қатысты ғана емес (екінші катарсис), актерге қатысы да бар.

Инсайт- проблеманың шешілуі мен жаңаша түсінуіне әкелетін таным түрі болып табылады. Инсайт- психодрама қатысушысының перцептивті алаңының құрылымының өзгеруі. Инсайт тек қана катарсис кезінде ғана емес, ойналған психодраманы талқылау кезінде де пайда болады, себебі онымен байланысты уайымдар басылады.

Психодраманың мақсаты катарсис пен инсайттың максималды шығуына мүмкіндік болатын топтық климатты тудыру болып табылады.

Психодраманың негізгі фазалары:


  1. Қызу және жаттығу

  2. Өзіндік драмалық әрекет

  3. Талқылау

1 фаза кезінде протагонистің қорытындысы, дискуссия үшін материал алу, проблеманы қайта талқылау, протагонист және басқа қатысушылардың дайындығы психодрамалық әрекетке кеңістік ұйымдастыру жүзеге асады.

1-ші фаза 3 стадиядан тұрады:

1. Қатысушылардың қозғалыс белсенділігін біртіндеп азат ету.

2. Аяқ- астылы қылық- әрекеттік реакция стимуляциясы.

3. Нақтылы проблемаларда топ мүшелерінің фокусировкасы.

Бағытталған және бағытталмаған қызу түрлерін бөлеміз.



Бағытталған қызу протагонист рөлдік ойындарға дайын болмай сеансқа кіріскен жағдайда қолданылады. Вербалды және вербалсыз тәсілдері бар.

Бағытталмаған қызу фокусирленген және спецификалық болуы мүмкін. Бұндай жағдайда протагонист белгілі тақырыппен жұмысқа дайын болып сеансқа кіріседі.

Жаттығулар кезінде психодрамадағы белгілі рөлдерді ары қарай орындауды жеңілдету үшін, топ мүшелері қарапайым жаттығулар тізбегін орындайды. Жаттығу кезінде қатысушылар психологиялық және физикалық босайды, артық уайымдаулары мен қысымдылықты шығарады, рөлдік ойындарға ыңғайланады. Жаттығу сөз түрінде және дене жаттығулары түрінде болуы мүмкін. Оның міндеттері: қатысушыларды аяқ- астылыққа стимулдау, қорқынышты әлсірту, қажетті эмоционалды атмосфера орнату.

Бұл міндеттерді шешу үшін түрлі көмекші әдістер қолданылады: дискуссиялар, тірі скульптуралар, импровизация, ертегілерді ойнау және т.б.

Жаттығулар вербалды және вербалсыз болуы мүмкін.

Вербалсыз жаттығулар қатысушыларға өздерінің сезімдері мен проблемалары жайлы ашық әңгімеге қарсылықтарын жеңуге жанама түрде көмектеседі. Дене әрекеттері қатысушылардың активизациясы мақсатында қолданылады.

Психодраманың 2- ші фазасы реалды проблемалық өмірлік жағдайдағы рөлдерде ойналатын психодрамалық әрекетті білдіреді.

Көбінесе проблеманың авторы өзін- өзі ойнайды. Психодрамалық әрекетте клиент катарсисқа жетуі мүмкін және өзінің шынайы сезімдерін түсінуі мүмкін. Бұл процесстерді жеңілдету үшін әдістер тізбегі қолданылады: «айна», «егіздер», «монолог», «диалог», «болашақты құру» және т.б.



3- ші фаза- талқылау немесе интерпретация- қорытынды болып табылады. Әрекет біткен кезде протагонист және қалған топ мүшелері анализге кіріседі. Әдетте ол психодрамалық әрекетке тікелей қатысы жоқ клиент сөздерінен басталады: рөлдік жағдайларды ойнау кезінде туындаған өзінің әсерлері, уайымдары, ассоциациялары, ойлары. Содан кейін протагонистке сөз беріледі және талқылауды психолог аяқтайды. Эмоционалды реакцияларды талқылағаннан кейін топ мүшелері психодрамалық әрекетті нақтырақ талқылауға көшеді.

Талқылау фазасы екі бөліктен тұрады: рөлдік кері байланыс, идентификациялық кері байланыс.



Рөлдік кері байланыста серіктер оларға бөлінген рөлдерді орындау кезінде пайда болған сезімдерді кезекпен протагонистке суреттейді.

Идентификациялық кері байланыста көрермендер мен психодрама жүргізушісі қатысады. Идентификация топ қатысушылары жайлы маңызды ақпарат болып табылады.

Бұл сатыда келесі міндеттер шешіледі:

  • де- ролинг- протагонистің әрекет кезінде ойнаған рөлінен шығуы. Қысқа дискуссия формасында жүргізіледі;

  • эмоционалды стабильдік- рөлден шығу процесінің бөлігі ретінде әрекеттің соңындағы эмоционалды стабильдікті қалпына келтіру болып қарастырылады;

  • комфортты жағдай- бұл сезімге кімде- кім сенің қиындықтарыңды бөлісуге тырысу деген түсінікті білдіреді;

  • өзін түсіну қабілеті- клиентте өзін түсіну, өзінің әрекет- қылығын, қоршаған ортаға өзінің ықпалын түсіну қабілетін жоғарылату. Әдетте бұл интерпретация кезінде жүреді.

Талқылау стадиясының негізгі ережесі әрекеттің жоқтығы болып табылады. Сөздік әдістер, яғни сезімдерімен алмасу, талқылау және анализ қоланылады.

§ 3. Психодраманың әдістемелері

Психодраманы жүргізу кезінде келесі әдістемелер қолданылады:



  1. Өз- өзін көрсету (самопрезентаця)

  2. Монолог

  3. Дублирлеу

  4. Рөлдермен ауысу

  5. «Бос» орындық және «биік» орындық

  6. «Айна»

  7. Мүмкін болатын болашақ өмірлік ситуацияларды ойнау

  8. «Артыңда»

  9. Идеалды басқа адам

  10. Сиқырлы магазин

1. Өз- өзін көрсету (самопрезентация). Бұл ең қарапайым техникалардың бірі. Ол қысқа рөлдік әрекеттер сериясынан тұрады. Протагонист өз- өзін немесе өзіне маңызды адамды бейнелейді. Бұл әрекеттерде протагонист жалғыз қатысушы болып табылады және көрсетілім субъективті болып шығады.

2. Монолог. Бұл техника өзінің әрекеттерін сахна ортасында түсіндіру сияқты көрінеді. Монолог проблема авторының репликалары. Бұнда ол проблеманың мәнін ашады, өзінің ойлары мен сезімдерін айтып жеткізеді. Актердің көрсететін персонажы басқа адамдарға емес, өзіне арналады. Бұл тиімді әдіс протагонистке өз эмоцияларына сырттан қарауға мүмкіндік береді және жағдайға өзінің реакциясын анализдейді.

3. Дублирлеу. Психодрамада дублирлеу проблема авторының рөлін алатын екінші біреудің көмегімен жүзеге асырады. Ол адам автордың «ішкі дауысы» рөлінде болуы мүмкін.

Двойник немесе екінші «мен»- протагонисті кез- келген уақытта алмастыра алатын қатысушы. Егер протагонист өз әрекеттерін жалғастыра алмаса, двойник оған көмектеседі. Кейбір топтарда топ қатысушылары әрекетіне біресе протагонист, біресе двойник болып кіріседі. Двойник тура сондай күйді қабылдайды, тура солай әрекет етеді, осылайша ол протагонистке өз рөлін ойнауға көмектеседі. Ол нейтралды, ирониялы, құмаршыл және оппозиционер бола алады.



Нейтралды двойник- протагонистің сезімдерін қолдайды немесе біраз күшейтеді.

Ирониялы двойник- протагонистің рөлін ирониялы, юмористік түрде орындайды және проблеманы тереңірек зерттеуге итермелейді.

Құмаршыл двойник- протагонистің сезімдерін күшейтеді, оларды ашығырақ, нақтырақ қылады.

Двойник- оппозиционер- протагонист позициясына қарсы позицияны ұстауға тырысады. Ол оның зейінін альтернативті қылық- әрекет түріне аударуға тырысады.

4.Рөлдермен ауысу. Рөлдермен ауысу кезінде протагонист психодрамада қандай да бір фигура рөлін ойнайды, ал көмекші «мен» протагонист рөлін алады. Рөлдермен ауысудың мақсаты- көмекші «мен» ретінде ойнайтын адам протагонистің орындауына қарап өзінің рөлін анық ұғыну болып табылады.

Бұл әдістеме, бір жағынан протагонистің қиындықтарын түсіну, өзінің ойларын нақты білдіруге көмектесу болса, екінші жағынан- көмекші «менге» жағдайды өзіндік түсіну мен оған өзінің қатынасын білдіруге мүмкіндік береді. Мысалы, жұбайылар арасындағы ұрсысты ойнағанда, протагонист рөлінде әйел, ал көмекші «мен» күйеуі болғанда, оларды рөлдерімен ауысуды сұрайды. Бұндай жағдайда психодрамалық әрекет мүлде басқа бағыт алады: конфликтіні шешуге көмектесу немесе қандай да бір жағдайда әрекет- қылықтың адекватты формасын табу.

Рөлдермен ауысу кіші және орта жастағы балалармен жұмыста эффективті қолданылады. Балалар ата- ана мен үлкендер рөлін қызыға таңдайды, осылайша жаңа әлеуметтік тәжірибені меңгереді.

Үлкендерде рөлдермен ауысу- инсайтқа жетудегі эффективті және тез әдіс болып табылады.



5.«Бос» орындық және «биік» орындық. «Бос» орындық техникасын қолданғанда, клиент сахнадағы бос орындықта отырған өзінің антагонистін елестете отырып, өз проблемаларына әсер етеді. Клиент бұл фантоммен өзара әрекеттеседі, тіпті рөлдерімен ауысады. Басқа сөзбен айтқанда, клиент жоқ индивид позициясынан фантомды индивидпен әрекеттеседі.

«Биік» орындық техникасын қолданғанда қарапайым орындықтың астына бірдеңе қояды, яғни басқалардан биігірек болуы керек (ол басқалардан биік болуы үшін орындыққа шығуы мүмкін). Бұл клиент- протагонистке күш беруі үшін жасалады.

«Биік» орындық тәжірибесі клиентке қауіпті шындықпен тиімді күресуге көмектеседі.

6.«Айна». «Айна» жаттығуы мазмұны бойынша «Рөлдермен ауысу» жаттығуына жақын келеді. Айна протагонистке оны басқалары қалай қабылдайтынын ұғуға мүмкіндік береді. Режиссер дәл осы әдісті қолдануға кез жеткенін сезгенде, ол клиентке шетке тұрып, оны қосымша «мені» қалай бейнелейтінін бақылағанды ұсынады. «Айна» өздерінің іс- әрекетіне сырттан қарауға мүмкіндік береді және өзінің әрекеттеріне жаңа көзқарасты қалыптастырады.

Бұл әдіс топта қолданылады. Мұнда өзін жағдайға байланысты ұстауына басты назар аударылады. «Айна» клиент пен өзінің қосымша «менінің» арасындағы визуальді және вербалды байланысты тудырады.

«Айна» техникасы «Рөлдермен ауысу» сияқты, клиентке оны басқалары қалай көреді және оған қалай әсерленетінін түсінуге көмектесу үшін қолданылады. Режиссер бұл техниканы қолдану дұрыс деп санағанда, протагонист шетке тұрады немес басқа да көрермендермен бірге отырады. Ол қосымша «мен» актері оның рөлін ойнағанын бақылайды, яғни протагонистің өзін бейнелейді және протагонист жағдайының немес әрекет- қылықтың психодрамалық көрінісіндегі басқа көмекші «мендермен» әрекеттеседі. Олар клиенттің қылық- әрекетін өздері қалай көреді, солай бейнелейді. Осылайша, клиент өзінің бір бөлшегін басқалардың көзқарасымен көре алады. Бұл әдіс регрессивті және аутентифті клиенттермен жұмыста эффективті болып табылады.

7.Мүмкін болатын болашақ өмірлік жағдайларды ойнау. Қатысушылар, егер драматизделген проблемалық жағдай басқалай болғанда немесе басқа жолмен шешілген болса не істейтіндерін елестетулері керек. Мүмкін болатын жағдайлар ойналады. Бұл әдіс протагонисті болашақта мүмкін болатын жағдайға дайындау.

8. «Артыңда». «Артыңда» техникасының мәні мынада, яғни клиент сахнада орындыққа көрермендерге артпен отырады, ал режиссер көрермендерді клиентті талқылауға шақырады.

9.Идеалды басқа адам. «Идеалды басқа адам» техникасын қолдану клиенттің психодрамалық әрекеттің соңында қысымдылықты төмендетуге көмектеседі, сонымен қатар өзіне деген қатынасты сезінуге мүмкіндік береді. Психодрамада бейнеленетін «басқа адам» жұбайылардың, ата- ананың, достардың біреуі болуы мүмкін. «Идеалды басқа адам»- көмекші «менді» бейнелеуші болып табылады.

10.Сиқырлы магазин. Психодрамада кең түрде қолданылатын жаттығулардың бірі «сиқырлы магазин» ойыны болып табылады. Бұл техника клиентке өмірдегі өзінің шынайы мақсаттары мен армандарын түсінуіне көмектеседі: клиент «сиқырлы магазин» сатушысымен әрекеттеседі, оны көбінесе көмекші «мен» немесе режиссер бейнелейді. Режиссер қатысушылардан сахнада дүкен ашылғанын және онда керемет заттар: махаббат, ерлік, ақыл, дарындылық және т.б. сатылатынын елестетуді сұрайды. Магазин сатушысы клиентке қалаған нәрсенің барлығын ұсынады: байлық, бақыт, генийдің интеллектісі. Мысалы, біреу «сыйласымды» сұрайды. Дүкен қожасының рөліндегі режиссер нақтылайды: «қанша сыйласымдық керек», «кімнен», «немінеге байланысты» және т.б.

Магазин сатушысы клиенттен төлем сұрайды, пациентке қымбат бір нәрсе. Мысалы: денсаулық, махаббат, тәуелсіздік, абырой. Бұл клиентті дилемма алдына қояды және әдетте тез арада өзінің ішкі дүниесіне үңілуге итермелейді.

Психодраманың қасиеті болып белсенді жұмысқа барлық топ мүшелерінің қатысуы табылады. Әсіресе көмекші «мен» рөліне таңдалғандар. Психодрамаға топтық нормалар , ортақ топтық тақырыптар сияқты топтық динамиканың аспектілері маңызды.

Тәжірибелі режиссер түрлі таңдаулы әдістемелерді қолданады, олардың көмегімен психодрамалық әрекеттің дамуын басқарады, катарсис пен инсайтты тереңдетіп, күшейтеді.



Арттерапия

Арттерапия біздің ғасырымыздың 30-шег жылдарында пайда болды.

Арттерапия (өнер терапиясы) терменнін ең алғаш рет Адреан Хилл (1938) өзінің санаторидегі туберкулезбен ауыратын адамдар жөнінде жазған еңбегінде қолданған адамдар жөнінде жазған еңбегінде қолданған.Бұл термин ауруханалар мен психикалық денсаулық сақтау орындарындағы өнермен қатысты іс-шараларда кеңінен қолданыс тапты. Психотерапияның бұл түрі өнерге негізделген, соның ішінде бейнелік және шығармашылық өнерге.

Арттерапия алғаш 3. Фрейд пен К.Т. Юннтың теориялық идеясының контексінде туындап, кейін гуманистік даму моделінде К. Роджерс пен А. Маслаудың концепцияларында кезінен қолданады.

Артерапияның негізгі көздеген мақсаты тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі айқылдауын, тұлғалық үйлесімділігінің дамуын қамтамасыз ету. К. Юнгтың айтуы бойынша өнер, әсіресе ақыздар мен мифтер адамның индивидуалдануына, өзін-өзі дамытуына, өзінің саналы және астарсаналы «Менің» теңестіруде өте маңызды.

Арттерапиялық әсер етудің маңызды техникасына белсенді қиял техникасы жатады. Ол адамның санасы мен астарсанасын саныстырып, оның қайсысының белсенді екендігін анықтау.

Гуманистік бағытты ұстанушылардың айтуынша арттерапияның коррекциялық мүмкіндіктері климетке өзін-өзі жариялауына, өзін-өзі ашуына яғни шығарымашылығының өнімі арқылы өз «менін» дәлелдеуіне, тануына жағдай жасаумен ерекшеленеді. Клиент жасап шығарған өнім немесе туынды оның өнерге деген қатынасын, көрсетеді. Шығармашылықтық нәтижесі айналадағы адамдарға ұнаған жағдайда клиенттің өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі қабылдауы жоғарылайды.

Алғашқыда арттерапия психоаналитикалық көзқарасқа бағыттайды. Яғни клиенттің шығармашылық процесті көрсетеді делінді. Арттерапияның ауқымы өте кең 1960 жылы Америкада америкалық арттерапиялық ассоциация құрылды. Осындай ассоцияциялар Англия, Жапония, Голландия сынды елдерде де пайда болды. Психиятриялық және жалпынай емханаларда, клиникаларда, орталықтарда, мектептерде, абақтыларда, университеттерде жүздеген білікті арттерапевттер қызмет етеді.

Арттерапия негізгі және қосалқы әдістеме ретінде де қолданылады. Оның психологиялық – коррекциялық екі негізгі механизмі бар.

Бірінші механизм – бұл эстетикалық реакция табиғатымен байланысты яғни «жағымсыз аффект жағдайынан сезіміне ауысу» (Л.С. Выготский, 1987)



Арттерапияның мақсаты.

  1. Агрессивті және түрлі жағымсыз сезімдерді шығаруға орынды түрде ерік беру (сүреттермен, мүсіндермен азайтудың қаупсіз жасы)

  2. Емделу үрдісін жеңілдетеді. Ішкі конфликттер мен уайымдауларды вербалды түрде жеткізуге қарағанда бет келбет арқылы жеткізу жеңіл болып келеді.

  3. Интерпретация мен диагностикалық қорытынды үшін қажет материал алу. Сурет өнерінің шығармалары шексіз көп, клиент олардың бар екендігін жоққа шығара алмайды. Суреттің құрылымы мен стилі клиент жөнінде мол мәлімет алуға көмектеседі.

  4. Клиенттің ойы мен сезімін қайта қарау. Кейде вербалдық емес құрамдар адамның күшті уайымдаулары мен таңдануларын көрсетудің немесе жеткізудің жеңіл жолы болып табылады.

  5. Психолог пен клиенттің қарым-қатынасын реттеу. Істі атқаруға бірге араласу екеуара эмпатиялық және бір-бірін қабылдау сезімдерін тудырады.

  6. Іштей реттеу сезімін дамыту. Суреттермен жұмыс сезімін дамыту, Суреттермен жұмыс жасау кейде түстерді және рітінді дұрыс реттеумен ерекшеленеді.

  7. Сезім мен түйсікке назар салу. Шығармашлық бейнелеу өнерімен айналысу көру мпен кинестикалық түйсінулердің дамуына, қабылдауға мол лирикідік тұрады.

  8. Сурет өнерге дамыту және өз-өзіне деген бағалауды жоғарылату. Арттерапияның негізгі өнімі қанағаттану сезімі болып табылады. Ол жасырын талаптылық пен оны дамытуда туындайды.

Арттерапияның элементтерін қолдану топтық жұмыста, қиянды тереңдетуде, конфликттерді шешуде, топ мүшелелері арасындағы қатынасты реттеуде аса маңызды.

Алғашқыдағы арттерапиясы эмоционалды аутқулары бар адамдарды емдеуде ауруханалар мен психиатриялық емханаларда қолданса, қазір арттерапияның шеңбері кеңейіп, алғашқы психоаналитикалық негізінен алмақтаға.

Арттерапия көп жағдайда отбасының мәселелерді шешуде қолданылады. Ол үшін отбасы мүшелерге бірігіп (шығармашылық) сурет салуды немесе нақты сәттегі отбасының жағдайын бейнелейтін туынды жасап шығаруын тапсырады.

Арттерапия ішкі конфликттерді, күшті эмоцияларды, уайымдауларды шығаруға, клиенттің өз сезімдерін тани білуіне көмектеседі. Арттерапия топтың және индивидуальдық тұрғыда да жүргізіледі. Арттерапияны жүргізу психолог үшін үлкен біліктілік пен дайындықты талап етеді.

Арттерапияның екі формасы бар: басыққы және белсенді.

Басыңқы формада клиент өзге адамдар жасаған суреттерді қарайды, кітаптар оқиды, әуендер тыңдайды.

Белсенді формада аталған әрекеттерді клиент өзі атқарады.

Арттерапия жаттығулары құрылымдық немесе құрылымдық емес болуы мүмкін.

Құрылымдық жаттығуда нақты тақырып белгіленеді. Психолог материалды белгілейді, кейн оны талдайды.

Құрылымдық емес жаттығуда клиент материалды, жабдықты, тақырыпты өзі тоқтайды.


3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.

Семинар (практикалық) сабақтардың мақсаты және міндеттері:


  • Дәріс сабақтарында алған білімдерін бекіту, нығайту және тереңдету.

  • Теориялық материалды терең зерттеу, пән бойынша білімін жүйелеу.

  • Психологиялық әдебиеттерді талдау негізінде теориялық тұжырымдамаларды нақтылау.

  • Психологиялық әдебиеттермен өзбетінше жұмыс істей алу, материалды жалпылай алу дағдыларын қалыптастыру.

  • Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, психологиялық-педагогикалық құбылыстарға деген өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.

  • Білім меңгеруде, шығармашылық ынталарын және қабілеттерін көрсетуде өзбеттілікті дамыту.

  • Болашақ психолог маманы ретінде ғылымға және кәсіптік іс-әрекетіне деген қызығушылығын тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет