Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Құтқару техникасы және базалық машиналар» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған



бет14/17
Дата09.07.2016
өлшемі9.77 Mb.
#187724
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Кескіштер




иэ-21шу-230электрлі кескіші /резак/





Тағайындалуы:

гидроинструменттің күші жеткіліксіз болған жағдаиларда металл құрылыстарын кесуге арналған қол инструменті.



Техникалық сипаттамалары

Абразивті аиналым диаметрі, мм

230

Кесу тереңдігі, мм

60

Шпиндельдің аиналу жиілігі, аин/мин.

7000

Қозғауыш (қорек)

коллекторлы (230 В, 50 Гц)

Орташа жұмыс уақыты

ұзақ

Паидаланылатын қуаттылық, А

10,5

Габаритті өлшемдер, мм:




ұзындығы

550

ені

130

биіктігі

220

Салмағы, кг

8,0

.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Кіші механизация құралдары

  2. Кіші механизация құралдарының техникалық сипаттамалары


Дәріс №9. ТЖ байланысты ұйымдастыру мен басқарудың сенімділігін қамтамасыз ету жолдары

Жалпы сұрақтар

  1. ТЖ байланысты ұйымдастыру мен басқарудың сенімділігін қамтамасыз ету жолдары


1 ТЖ байланысты ұйымдастыру мен басқарудың сенімділігін қамтамасыз ету жолдары.

ШҰҒЫЛ РАДИОСТАНЦИЯЛАР. Өрт күзетінің алдында тұрған міндеттерді орындауды жеделдету мәселесі бөлімшелерді басқарудың барлық деңгейлеріне ақпаратты уақытында жеткізу мәселесін шешуді талап етеді. Радиобайланыс - өрт күзеті байланысының жедел жүйесінде жетекші орындардың бірін алады. Ол құрылым жағынан қарапайым, ұйымдастыруда жедел, үнемділік жағынан тиімді, және көптеген жағдаяттар қатарында ақпаратпен алмасудың жалғыз тәсілі болып табылады. Радиобайланыс электромагнитті толқындар (радиотолқындар) арқылы жүзеге асады. Қазіргі уақытта қабылданылған радиотолқындар түрінің топтастырылуы 6.1 кестеде келтірілген

6.1 кесте

Жиілік спектрдің жолағының нөмірі

Жиілік диапазоны


Толқын ұзындығының диапазоны


Толқынның метрикалық атауы


Жолақтың белгіленуі



1

3-30 Гц

100000-10000 км

Декамегаметрлік

ЕТЖ (ең төмен жиілік)

2

30 – 300 Гц

10000-1000 км

Мегаметрлік

АТЖ (аса төменгі)

3

300–3000 Гц

1000-100 км

Гектокилометрлік

ИТЖ (инфратөмен)

4

3-30 кГц

100-10 км

Мириаметрлік

(СДВ (АҰТ) – аса ұзын)



ӨТЖ (өте төмен жиілік)

5

30 – 300 кГц

10 – 1 км

Километрлік

(ҰТ - ұзын)



ТЖ (төмен жиілік)

6

300–3000 кГц

1000 – 100 м

Гектометрлік

(ОТ - орташа)



ОЖ (орташа жиілік)

3-30 МГц

100 – 10 м

Декаметрлік

(ҚТ – қысқа)



ЖЖ (жоғары жиілік)

30 – 300 МГц

10 -1 м

Метрлік

(ҚДТ – қысқадыбыстық)



ӨЖЖ

(өте жоғары жиілік)



300–3000 МГц

100 – 10 см

Дециметрлік

ЖДЖ (жоғарыдыбыстық жиілік)

3-30 ГГц

10 – 1 см

Сантиметрлік

АЖЖ

(аса жоғары жиілік)



30 – 300 ГГц

10 – 1 мм

Миллиметрлік

ЕЖЖ (ең жоғары жиілік)

300–3000 ГГц

1 – 0,1 мм

Децимиллиметрлік

ГЖЖ

(гипержоғары жиілік)



Радиотолқындар түрінің топтастырылуы

Радиобайланыс құрлықта және жер астында, суда және су астында, ауада және ғарыштық кеңістікте орналасқан жылжымалы объектермен байланыс жасау үшін қолданылады. Жылжымалы объекттермен байланыс ұғымы екеуінің бірі не біреуі қозғалып келе жатқан, немесе бір-біріне қатысты кездейсоқ орын алатын екі объект арасындағы байланысты білдіреді. Автокөліктер жылжымалы объектке жатады. Радиобайланыстың көмегімен автокөліктерге не керісінше олардан телефондық және телевизиалық хабарлар жіберіледі, қозғалыс параметрін және автокөліктің орналасқан жерін өлшеу жүргізіледі.


Радиобайланысты ұйымдастырудың принциптері
Радиобайланыс Мемлекеттік өртке қарсы қызметінде өрт автокөліктері мен МӨҚҚ бөлімшелерінің өзара байланысы үшін, өрт орнында өзара хабар алмасу үшін, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады. Радиобайланыс радиостанция қолданатын тактика-техникалық мүмкіндіктерін ескеретін жергілікті жағдайларға қатысты және 26аймақтағы электромагнитті жағдаятқа қатысты ұйымдастырылады.

Өрт күзетінде радиобайланысты ұйымдастыру үшін негізінен жиілік модуляциялық дыбыстық (МД) ультрақысқатолқынды (УҚТ) радиостанциялар қолданылады, олар стационарлық, автокөліктік (жүргізілетін), арқалайтын болып бөлінеді. Станционарлық радиостанция күшті басқару орталықтарында (КБО), өрт байланысының орталықтандырылған пунктерінде (ӨБОП), жасақ байланыстарының пунктерінде (ЖБП), бөлік байланыстарының және жекелеме орындарының пунктерінде орнатылса, автокөліктік - өрт автокөліктерінде орналастырылады. Арқалайтын (алып жүретін) және автокөліктік радиостанциялар қозғалыста олардың қолданылу мүмкіндіктерін ескере отырып, байланыстың жедел құрылғыларының біріне жатады.

Радиобайланыс симплекстік және дуплекстік режимде құрылуы мүмкін.

Симплекстік жұмыс күні – бұл әр бағыт бойынша қабылдау және хабар беру ауыспалы болуы мүмкін күн. Біржиілік симплекстік режимдегі радиобайланысты ұйымдастырудың құрылымдық сызбасы 6.1 суреттің сол жағында көрсетілген. Радиостанция қабылдаудан тасымалдауға ауыстырғыштың көмегімен қолмен немесе абоненттің дауысы арқылы автоматты түрде ауыстырылуы мүмкін. Симлекстік режимде қабылдау және хабар жіберу үшін бір(біржиілік симплекс) немесе екі (екіжиілік симлпекс) жұмыстық жиілік қолданылуы мүмкін.

___________________

26 Аймақтағы электромагнитті жағдаят сол аймақта қолданылатын радиоэлектрондық амалдардың электромагнитті сәйкестігімен анықталады.



6.1 –сурет. Біржиілік симплекстік режимдегі (сол жақ) және дуплекстік режимдегі (оң жақ) радиобайланысты ұйымдастырудың құрылымдық сызбасы.

f – 1-інші және 2-інші радиостанцияның қабылдағышы мен передатчигінің жұмыс жиілігі

f1–1-радиостанцияның передатчигінің және 2-радиостанцияның қабылдағышының жұмыс жиілігі.

f2- 2-радиостанцияның передатчигінің және 1-радиостанцияның қабылдағышының жұмыс жиілігі.

Дуплекстік режим жұмысы – бұл екі бағыт бойынша да қабылдау мен хабар беру біруақытта орындалуы мүмкін режим. Бұл жағдайда симплекстік режимдегідей қабылдау режимінен хабар беру режиміне тангентамен ауысу қажет етілмейді. Дуплекстік режимде қабылдау мен хабар жіберу үшін әр түрлі жиілік қолданылады. Дуплекстік режимдегі радиобайланысты ұйымдастырудың құрылымдық сызбасы 6.1 суреттің оң жағында көрсетілген. МӨҚҚ бөлімшелерінде негізінен жүйелік принцип бойынша ұйымдастырылатын екіжақтық симплектік байланыс қолданылады.

Радиоторап үш немесе одан да көп радиостанциялардың жалпылама радиомәліметтерімен жұмыс барысында құрылады.

Радиомәліметтер мыналардан тұрады:


  • Радиоторап нөмірінен

  • Сол радиоторап қарайтын ұйымның атауынан

  • Радиотораптың құрамынан

  • Радиостанцияның орналасу орнының атауынан

  • Радиостанция типтеріннен

  • Шақыру радиотсанцияларынан

  • Жұмыс және қордағы жиіліктен

  • Радиостанцияның жұмыс уақытынан

Егер жалпылама радиомәлімет бойынша тек екі радиостанция жұмыс істейтін болса, онда бұл радиобағыт (6.2-суретке қара) немесе ол радиотораптың жекелеме жағдайы болып табылады.

Бір стационарлық, екі автокөліктік және үш тасымалдаушы радиостанциядан тұратын радиотораптың шартты бейнесі 6.2-суретте көрсетілген.



стационарлық автокөліктік тасымалдаушы радиобағыт

радиостанция радиостанция радиостанция

Байланыс құрылғыларының

6.2-сурет радиоторап шартты графикалық сызбасы
Шұғыл радиостанциялардың техникалық сипаттамасы, жинақтық құрылымы және жұмыс принциптері

Қазіргі уақытта өрт қауіпсіздігінде отандық радиостанциялар («Виола», «Сапфир», «Гранит», және т.б.) мен қатар шетелдік фирмалардың радиостанциялары да (Motorola, Vertex, Standard, Kenwood және т.б.) қолданылады.

Радиостанцияның барлық түрлері атқарудыңбірнеше түрлерін қамтиды. Мысалы, «Виола» типті радиостанция атқарудың келесі варианттарын қамтиды: «Виола - Ц» - орталық, «Виола - АС» - абоненттік станционарлық, «Виола - АП» - өрт автокөліктеріне орнатуға арналған абоненттік, «Виола - АА» - жедел автокөліктеріне орнатуға арналған абоненттік, «Виола - Л» - сызықтық, «Виола - АМ» - мотоциклдік абоненттік, «Виола - Н» - тасымалдаушы.

Кейбір тасымалдаушы және автокөліктік радиостанциялардың негізгі техникалық сипаттамасы 6.2-кестеде келтірілген:



6.2 –кесте



Функционалдық мүмкіндіктер мен параметрлер

Радиостанция типі

Виола-Н

Сигнал-402

Гранит-Р33П-1

GP-300 (Motorola)

GP-340 (Motorola)

1

2

3

4

5

6

7

1

Жұмыс жиілігінің диапазоны, МГц

148-149 не 172-173

146-174

146-174

146-174

136-174

2

Каналдардың саны

4

16

10+1

2, 8, 16

16

3

Көрші каналдар арасын-дағы жиілікті тасымалдау

25

25

12,5/25

12,5/25

12,5/25

4

Қабылдағыштық сезім-талдығы (дыбыс/шудың қатысына қарай 12 дБ), мкВ

1,2

0,35

0,16

Мәлімет жоқ

0,25

5

Передатчиктің қуатты-лығы (макс. қуаттылық/ төменгі қуаттылық), Вт

1

2,3/0,7

5,0/2,0/0,5

5,0/1,0

5,0/1,0

6

Каналдарың сканерленуі

Сканерлеу режимі жоқ

Сканерлеу режимі жоқ

Сканерлеу режимі жоқ

+

+

7

Радиостанцияның үзіліс-сіз жұмыс уақыты («кезекші қабылдау», «қабылдау»,«хабар беру» режимдеріндегі жұмыс уақытына қатысты),сағат

8

8 : 1 : 1



8

8 : 1 : 1



8

8 : 1 : 1



8

90 : 5 : 5



8

90 : 5 : 5



6.3 –кесте



Автокөліктік радиостанциялардың негізгі техникалық сипаттамасы




Функционалдық мүмкіндіктер мен параметрлер

Радиостанция типі

Виола-АП

Сигнал-201А

Гранит-Р23

GМ-300 (Motorola)

GМ-340 (Motorola)

1

2

3

4

5

6

7

1

Жұмыс жиілігінің диапазоны, МГц

148-149 не 172-173

148-173

146-174

136-174

136-174

2

Каналдардың саны

40

120

100

8 не 16

6

3

Көрші каналдар арасын-дағы жиілікті тасымалдау

25

25

12,5/25

12,5/25

12,5/20/25

4

Қабылдағыштық сезім-талдығы (дыбыс/шудың қатысына қарай 12 дБ), мкВ

1,2

0,5

0,2

Мәлімет жоқ

0,3

5

Передатчиктің қуатты-лығы, Вт

8

10

20

1-25

25

6

Каналдарың сканерленуі

Сканерлеу режимі жоқ

Сканерлеу режимі жоқ

+

+

+

7

Қабылдау-хабаржіберу радиостанциясының салмағы, кг

3,0

2,8

3,95

1,7

1,4

8

Габариттік өлшемі, мм:

Биіктігі


Ұзындығы

тереңдігі


230


230

70

178

230


48

145


254

73

178

198


51

177


176

56

Радиостанцияның құрамына қабылдағышперадатчигі, антенна, қорек көзі (тасымалдаушы радиостанцияның көрегіне қажет азгабариттік аккумулятор, 27радиостанцияға арналған автокөліктік аккумулятор) және қанаушылық құжаттамалар. Бұдан басқа радиостанция құрамына зарядтаушы құрылғылар, басқару пульты енуі мүмкін.

Қабылдағыш пен передатчиктен тұратын радиостанцияның блок-сызбасы 6.3-суретте көрсетілген.

Радиостанция екі негізгі режимдерде жұмыс істейді: қабылдау және хабар жіберу.

___________________

27 Автокөліктік аккумулятор радиостанцияның жинағына енбейді.

6.3-сурет. Радиостанцияның блок-схемасы

Радиостанцияның қабылдау режиміндегі жұмыс барысында антенна арқылы қабылданған радиодыбыс антендік блок арқылы жоғары жиілік күшейткішіне (ЖЖК) келіп түседі. ЖЖК қабылданылған дыбысты сол сигналдың сапалық демодуляциясын жасауға мүмкіндік беретін деңгейге дейін күшейтуге, сонымен қатар қабылдағыштың қажеттілік таңдаушылығын қамтамасыз етуге арналған. Демодулятор қабылданылған жоғарғыжиілік модулденген сигналдан төмен жиілік күшейткішке (ТЖК) келіп түскен төмен жиілік сигнал жасайды, ол қаттыдыбыстағыштық (Гр) орташа жұмысын қамтамасыз ететін деңгейге дейін күшейтеді.

Радиостанцияның хабар жіберу режиміндегі жұмыс барысында микрофонға (Мкф) келіп түскен дыбыстық сигналдар дыбыстық жиіліктің электрлік сигналына айналады. ТЖК берілген электрлік сигналдарды модулятормен жұмысқа қажетті деңгейге дейін күшейтеді. Модулятор дыбыстық жиіліктің электрлік сигналдарын передатчиктің жұмыс жиілігіне дейін көшіруді жүзеге асырады. Қуаттылықты күшейту (ҚК) берілген деңгейдегі антеннада жоғары жиілік тербеліс қуаттылығын (передатчиктің амалдық қуаттылығын) жасауға арналған.

Жиілік синтезаторы қабылдағыш пен передатчиктің жұмысына қажетті жоғары жиілік сигналдарды жасап шығарады.

Қазіргі МЖ УҚТ радиостанцияларға келесі негізгі жұмыс режимін атап айтуға болады (қабылдау және хабар жіберу):



  • Кезекші қабылдаушы

  • Дыбыс басушы қосылған қабылдау

  • Дыбыс басушы қосылмаған қабылдау

  • Тондық шақыртудың жіберілуі

  • Хабардың жіберілуі

Дәріс №9.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Радиобайланысты ұйымдастырудың принциптері

  2. Шұғыл радиостанциялардың техникалық сипаттамасы, жинақтық құрылымы және жұмыс принциптері


Дәріс №10. Қысқа толқынды, ультра қысқа толқынды тасымалданатын радиостанциялар эксплуатациясы

Жалпы сұрақтар

  1. Қысқа толқынды, ультра қысқа толқынды тасымалданатын радиостанциялар эксплуатациясы

Қысқа толқынды, ультра қысқа толқынды тасымалданатын радиостанциялар эксплуатациясы. «Виола-Н» РАДИОСТАНЦИЯСЫ

«Виола-н» атты тасымалдаушы МЖ УҚТ радиостанция біржиілік симлпекстік режимдегі біртипті радиостанциялармен және де жылжымалы және стационарлық МЖ УҚТ радиостанцияларымен, яғни «Виола», «Пальма», «Сапфир» және т.б. байланыс ұйымдастыру үшін арналған.Сонымен қоса, радиостанция ретранслятор арқылы екіжиілік симплекстік режимде жұмыс істеу үшін арналуы мүмкін.

«Виола-Н» радиостанциясының негізгі техникалық сипаттамасы 6.2-кестеде келтірілген.

Радиостанцияның әрекеттегі жинағы мыналардан тұрады (6.4-суретке қара): 1-монипулятордан, 2-икемді антеннадан, 3-аккумуляторлық батареядан, 4-негізден, 5-белдіктен, 6-қабылдағыш-передатчиктан, 7-спиральды антеннадан.

(Суретті қою) 6.4-сурет. «Виола-Н» радиостанциясының

әрекеттегі жинағы


  1. – манипулятор

  2. - икемді антенна

  3. - аккумуляторлық батарея

  4. - негіз

  5. – тасымалдауға арналған белдік

  6. – қабылдағышпередатчик

  7. – спиральды антенна

«Виола-Н» радиостанциясының көмекші жинағы радиостанцияны қоректендіруші аккумуляторлық батареясының зарядталуына арналған «Ромашка-ЗУ» атты зарядтаушы құрылғысымен жинақталады (ыдыраған батареяны зарядтау 15сағатты қамтиды).

Радиостанцияның жұмыс барысында қабылдағышпередатчик пен манипуляторда орналасқан басқару органы мен индикация қолданылады (6.5 және 6.6-суретке қара). 1ажырату (6.5-суретке қара) манипуляторды қосуға арналған. 2 ауыстырғыш тондық шақыруды қосуға қызмет етеді. «1» жағдайда 2100 Гц жиіліктегі топтық тондық шақыру беріледі, ол «Виола-Ц» радиостанциясының кезекші қабылдау режимінен орталық қабылдау режиміне ауыстыруға арналған.

6.5-сурет. «Виола-Н» радиостанциясын

басқарудың амалы



  1. –манипуляторды қосудың ажыратқышы

  2. – тондық шақыртуды ауыстырғыш

  3. – шуды ыдыратушы қосылғыш

  4. – антендік ажыратқыш

  5. – каналдар селекторы

  6. қоректендіргішті ажыратқыш

  7. – қабылдағыш дауысын реттеуші

«2» жағдайда «Виола-А» абоненттік радиостанциясының кезекші қабылдаушы режимінен қабылдаушы режиміне ауыстыруға арналған 1450 Гц жиіліктегі топтық тондық шақырту жіберіледі. 3-ажыратқыш шудыыдыратушы құрылғыны қосуға арналған. Шуыдыратқышты қосу кезінде қабылдағыштың сезімталдық қасиеті төмендейтінін есте сақтау қажет, ол радиобайланыстың ұзақтығының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Ажыратқыш-4 – антендік. 5-ауыстырғыш радиостанцияның каналдарын орнату кезінде қолданылады. Радиостанцияның қоректендіргіші 6-ажыратқыш арқылы қосылады.

Манипулятордағы 3-тангента арқылы (6.6-суретке қара) радиостанцияның хабар жіберу режимі іске қосылады. 1-тангента мен 3-тангентаны бір уақытта басатын болса, радиостанция тондық сигнал береді. Тондық сигналдың жиілігі қабылдағышпередатчиктегі 2-ауыстырғыштың жайы арқылы анықталады (6.5-суретке қара).

2-Индикатор аккумуляторлық батареяның сатысын көрсетеді. Батареяның қызмет ету уақыты сол батареяны мөлшерден тыс зарядтағаннан төмендейді, сондықтан бұндай жағдайды болдырмау керек. Егер де радиостанцияның хабар жіберу режимін қосқан жағдайда, батареяның индикаторы жанатын болса, онда зарядталған батареяға ауыстыру қажет, ал қолданылған батареяны зарядқа тапсыру керек.

6.6 –сурет. «Виола-Н»

радиостанциясының манипуляторы

Радиостанцияны жұмысқа даярлау үшін мынаны орындау қажет: қабылдағыш передатчикке қорек батареясын және манипуляторды қосу керек, антендік ажыратқышқа антеннаны қосу керек, 5-КАНАЛДАР ауыстырғышымен байланысқа қажет каналды қойып алу керек, ВКЛ жағдайындағы 6-ажыратқышты қосу арқылы радиостанцияны іске қосу, 7-ГРОМК дыбыс реттегішті ең жоғарғы деңгейге қосу арқылы қабылдағыштың дыбысын тексеру, 3-шуды ыдыратушы құрылғыны ажырату – ОТКЛ жайында (егер шу кедергі жасаса, онда ШП жағдайындағы 3-ауыстырғышты іске қосу арқылы шу ыдыратқышты іске қосу). Радиостанция жұмысқа даяр, және қабылдағыш режимінде тұр.

Кезекші қабылдағыштағы радиостанцияның радиотілшісін шақыру үшін бір мезгілде 3-ХАБАР ЖІБЕРУ тангентасын және манипулятордың 1-ТОН тангентасын басу керек(6.6-суретке қара). Осылайша қабылдағышпередатчик хабар жіберу режиміне ауысады және хабар жіберудің жиілігі тондық шақыртудың жиілігімен сипаталады. Ары қарай радиотілшіге хабар жіберу үшін 3-хабар жіберу тангентасын басу арқылы жүзеге асыру қажет(1-ТОН тангентасын жіберу қажет). Ал радиостанцияның қабылдау режиміне ауысу үшін 3-хабар жіберу тангентасын босату қажет.

Ара қашықтық аса алшақ болған жағдайда радиооператор дыбысыдыратушы құрылғыны қосу арқылы антеннаның жақсы естілу жағдайына қарай икемдеуі тиіс.

.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Қысқа толқынды, ультра қысқа толқынды тасымалданатын радиостанциялар эксплуатациясы

  2. Қысқа толқынды, ультра қысқа толқынды тасымалданатын радиостанциялар эксплуатациясының техникалық сипаттамасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет