Практикалық сабақ №1 Жабдықтар мен саймандар.
Сабақтың жоспары: Құтқарушылар қажет болған жағдайда құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құрал жабдықтардың маңызын, түрлерін білулері қажет.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1
Жабдықтар мен саймандар нақты жағдайға байланысты тандалады. ІҚЖ сәтті болуы құтқарушылардың материалдық – техникалармен жабдықталуына тікелей байланысты. Байланыс құралдары өзінің ұйғарылған қызметіне барынша сәйкес келетіндей болып тандалуы тиіс. Алыс қашықтықта байланысты қамтамасыз ету үшін стационарлы радиостанцияларды, ал тікелей жұмыс орнындағы байланысты жүргізу үшін тасымалданатын радиостанцияларды қолданады. Радиотәртіпті эфирде ұстау үшін барлық келіссөздер қысқа, айқын және анық болу керек.
Құтқарушылардың жабдықтануына жарық және дабылдың дыбыстық құралдары: ракеталар, фонарлар, дабылдар, ысқырықтар кіру қажет. Қажетті ақпаратты алуға, (жол туралы анықтама, метеорологиялық мәліметтер мен болжам алу және т.б.) өкіметтің жергілікті органдарының әкімшілік көмегі, басқа ұйымдармен өзара әрекеттесу мәселелеріне ІҚЖ көлікпен (өздерінің көліктері болмаған кезде) қамтамасыз ету жатады. Таудағы ІҚЖ – на туристер, тау шаңғышылары, спелеологтар, әскери қызметкерлер және жергілікті тұрғындар араласуы мүмкін. Әдетте оларға арнайы керек – жарақпен қамтамасыз ету мен физикалық дайындықты талап етпейтін болмашы міндеттер жүктеледі.
Құтқарушылардың жабдықталуына қойылатын талаптар
Жұмыстың әр алуан түрлері, олардың орындалу шарттары, ТЖ әртүрлі айрықша әсерінің ықпал етуі, уақыттың тапшылығы құтқарушылардың жабдықталуына, соның ішінде ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын қорғау құралдарына, саймандарға, механизмдерге, тетіктерге және көліктерге де жоғары талап қояды. Олар келесі:
-
қауіпсіздік, сенімділік, көп профилділік;
-
жабдықталуға қолайлылық жасау;
-
барлық жағдайда жұмысқа қабілеттілік;
-
құтқарушылардың психофизиологиялық мүмкіндігіне сәйкес келу сиякты талаптарды қанағаттандыру керек.
ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын құрал – саймандардың, көліктердің, механизмдер мен қорғау құралдарының шамамен мыңға жуық атаулары бар толық тізбелерінің болуы қажет. Олардың ішіндегі төменде көрсетілгендері жиі қолданылады.
№1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
-
Жабдықтар мен саймандар
-
Құтқарушылардың жабдықталуына қойылатын талаптар
-
ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын қорғау құралдарына қойылатын талапта
Практикалық сабақ №2 Түйіндер
Сабақтың жоспары: Құтқарушылар қажет болған жағдайда арқанға қажетті түйінді байлау үшін, мүмкіндігінше түйіндердің көп түрін білулері қажет.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2
Ұстайтыннан басқа кез келген түйіннің, өзі байланған жердегі арқанның беріктігін төмендентеді. Соның есесінен үзеңгі түйінде орташа төзімділік 40%-, ілгектеп байлауда шамамен 25%. Арқанның қанаттағы, яғни бүктей отырып шиелеп байлаудағы (мысалы, карабиндағы) төзімділігі, шамамен 30%, статикалық беріктіктен төмен. Туризмдегі, альпенизмдегі, спелеологиядағы, шыңға өрлеу жұмыстарындағы және биіктегі жұмыстардың негізінде теңіз түйіндері жатыр. Теңіз түйіндерінің көбін, олар шамамен төрт мыңға жуық, әдетте босату үшін пайдаланады. Бұл түйіндер тауда жүргізілетін ІКЖ – ның әр кезеңінде қолданылады.
Таудағы қозғалысқа байланысты қолданылатын түйіндер 3 топқа бөлінеді:
-
өзін – өзі сақтандыруға арналған түйіндер (түйіндеп байлау, айқастыра байлау, жол көрсетуге т.с.с);
-
негізгі түйіндер (байланыстыруға арналған арқан);
-
арнайы түйіндер (көмекші);
Тәжірибе жүзінде түйіндерді білу дұрыс байланбаған немесе тез байлай салған түйіндер қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Кұтқарушы түйіндерді жылдам және қолайсыз жерде де (ілініп тұрып немесе сақтандыруға, тар жердегі жартаста немесе мұзда) бірден ойланбастан – ақ, «моторлы» түрде байлауды есіне сақтап алуы керек; сондықтан байланатын түйінге мән берген және уақыт бөлген жөн; мұндай тәжірибеге тұрақты дайындық жасау арқылы жете алады.
Жылжымайтын түбін (соны, айнала байланатын) түйіннің түпкі ұшы деп атайды, ал байлану процесінде қозғалатын жағы (сол, байлайтын жағы) түйіннің жұмысшы ұшы деп аталады. Ауыртпалық түсетін ұшын жүк тасушы деп атайды.
1-сурет. Қарсы түйіндеу. Тегіс лентаны байлауға арналған. Бір лентамен қарапайым тексеруші түйінді байлайды, содан кейін келесі лентаның ұшын оған қарсы қойып өткізіп, түйінді түзулеп байлайды. Қарсы түйіннің үйкелісі күшті болғандықтан қарсы лентадан тексеру түйінін қажет етпейді. Жұмыр жіптерде мұндай түйінде үйкелу айтарлықтай аз, сондықтан оларға қарсы түйін қолдану ұсынылмайды.
2 – сурет. Тегіс түйін (теңіздегі). Байланатын арқанды біркелкі диаметрмен байлау ұсынылады. Түйіннің тұрақты соңы ілмектеп байланса, түйіннің жұмысшы соңында ілмектің арты мен төменгі жағы ілмектен суырылып келесі жаққа шығады. Түйін міндетті түрде жазылады және ақырын тартылады. Қысқа және ұзын соңы түйіннен шығып, бір – біріне қарсы бақыланған түйінге байланады.
3 – сурет. Шкотты түйін. Әр түрлі диаметрдегі арқан байланады. Алдымен жіптің үлкен диаметрінде кіші диаметрлі жіп өткізілетін ілмек жасалады; түйіннің жұмысшы соңы дөңгелек ілмекті айналдыра іліп түйінді аяқтайды. Осы түйіннен кейін өте ұқыпты түрде жөнделіп және мықтап тартылады, міндетті түрде тексеру түйіні байланады.
4 – сурет. Брамшкотты түйін. Байланатын арқандардың диаметрлері әр түрлі, Алдымен ол шкотты түйінді байлау тәрізді байланады; бірақ жұмысшы ұшымен ілгекті тағы да бір рет айналдырып, одан кейін жұмысшы ұшымен ілгектер арасынан жібереді; түйінді ұқыпты түзетіп және тартады, міндетті түрде бақылау түйіні байланады.
5 – сурет. Грейпвайн түйіні. Байлауға диаметрі бірдей арқан қолданылады. Барлық басқа түйін сияқты, грейпвайн түйінді тек 5% босатады. Лентаға байланғандар, керісінше, оларды осы орында екі рет нығайтып бекітеді. Түйін айтарлықтай күрделі, оны байлаған кезде қате жібермеуді талап етеді.
Түйіннен және сол жақ арқанмен жүйелі түрде байланатын екі орта (жарты) түйіндерден (түйіннің жұмысшы соңы 10-20 см) тұрады. Жарты түйінді байлау кезінде тек бір арқанның ұшы жұмыс істейді. Түйінді байлау тәсілі тоқыма байлауына ұқсас. Түйіннің байлау жүйелілігі:
-
екі арқан бір – біріне қарама – қарсы жатқызылып, оң жақтағы арқанды сол жақтағы арқаннан жоғары қойып байлайды;
-
оң жақтағы арқанның ұшы сол жақтағы арқанның басынан өзіне қарай 90° бүгіліп жатады,
-
ұшы төмен қарай тартылып, екі арқанды да қамтиды және осы орамның ұшы оң жақтағы арқан орамына қосылып. соңы қайтадан өзіне қарай бүгіледі;
-
ұш жақтарын тағы да оң жақтағы арқанға қоса отырып, ұшы тағы да төмен қарай жіберіледі, екі арқанды бірдей қамти отырып, түйін екеуінде аяқталады;
-
сол және оң жақ арқандармен жасалған қатар жыраларға сол жақтағы арқанға қарай екі арқанның ұшы да түсіріледі, сөйтіп жарты түйін түйіледі;
Екінші орта түйін де осыған ұксас байланады;
-
сол жақтағы арқанның ұшы оң жақтағы арқанның басынан өзіне қарай 90° бүгіледі;
-
екі арқанның ұшын орай отырып, дайын орта түйінге қарай өткізіп байланады;
-
екі арқанның да ұштары тағы да төмен жіберіледі және ұштарын дайын жартылай түйінге қоса отырып, екі арқанды да қамтиды, қамту сол және оң жақ арқанның ұштарын біріктіре орамға кіргізіп, байлаумен аяқталады;
-
сол және оң жақ арқандармен жасалған параллелді жыраларға екі арқанның ұшы да түсіріледі, сөйтіп жарты түйін түйіледі;
-
арқаннан тартып, жарты түйіндерді бір – біріне жылжытамыз. Грейпвайн түйіні тексеру түйінін қажет етпейді. Күшпен мықты байланса оңай шешіледі. Шешілу кезінде бір – бірінен тез тартылады. Бір жарты түйін шешілгенде келесі түйін әлсіреп, келесі екінші жарты түйіннің арқанына күш түсіп. түйін тарқатыла бастайды.
6 – сурет. Сегіз типтес түйін. Диаметрлері бірдей арқандарды байлау үшін қолданылады. Байламның бірінші кезеңінде қарама – қарсы айқас бір «бос» байламнан тұрып, бұл қарама – қарсы айқас түйіннің жұмысшы ұшымен тексеріледі. Көп үйкелудің арқасында түйін сенімді және тексеруші түйінді қажет етпейді, тегіс бауларға қолданса да болады.
7 – сурет. Жол бастаушының түйіні. Сақтандыру және өзін – өзі сақтандыру үшін қолданылады. Арқанның соңы байланып, релефке немесе адамдарды сақтандыру жүйесіне бекітіледі, баулар және темір арқандардың ұштарында, сақтану үшін қолданылады. Байлану әдісі:
-
арқанның ұшы ілмектеніп, бұл ілмек өзіне - өзі таңылып, «ілмектегі ілмек» болып байланады.
-
жұмысшы ілмек түбірді айналып, екінші ілмектен 180° бұрылып, арқан суырылып байланады. Басқа түйіндерден жол бастаушы түйінінің айырмашылығы арқан ұшы бір байламмен бекітіледі. Жол бастаушы түйіні оның үйкелісі онша үлкен болмағандықтан, міндетті түрде тексеру түйінін қажет етеді
8 – сурет. Сегіз типтес түйіні. Айқас түйіні жол бастаушының түйіні
сияқты қолданылады және бақылаушы түйінді қажет етпейді. Байламның алғашқы кезеңі жол бастаушының түйіні сияқты байланады, бірақ, жұмысшы ұшы толық айналым жасайды, яғни 360°, сол тесіктен алынады. Жол бастаушының түйініндей бір байламмен аяқталуы мүмкін.
9 – сурет. Қосарланған өткізгіш түйін («қоян құлақтар»). Қолданыста, түйіннен екі ілмек алынып репшнурдың карабинде күрке бауларын қысуға арналған, зақымданғандарды тасуға арналған құтқару жұмыстарында түйіннен ілмек шығарылып қолданылады. Бірінші байлану кезеңі жол бастаушының түйініннің басқы байламына ұқсайды, бірақ, ілмектен қосарлы арқан алынады, содан кейін ілмектен үлгідегідей «ққлақтар» таңылып, түйін тартылады. Бұл байламды арқаннан қайта айналдырудан аулақ болыңыз.
Қосарланған жол көрсетушінің түйіні өте ыңғайлы және де түйінде көп үйкеліс орын алады, сондықтан тексеру түйінін қажет етпейді. Ауырлық басым болған жағдайда қатты тартылады.
10 – сурет. Ұстап тұратын түйін («прусс»). Тік немесе еңкеймелі өткелдердегі қозғалыстарда, сақтану үшін қолданылады. Міндетті түрде үлкен диаметрлі арқанға кіші диаметрлі арқанды байлауға арналған.
Бірінші кезеңде түбір ұшына (үлкен диаметрлі) жұмысшы ұшына ілмекпен бір айналым жасайды; екінші кезеңінде - екінші рет айналым жасайды; үшінші кезеңде – түйін түзетіліп тартылады. Салбыраңқы бостау кезінде арқанмен еркін қозғалуға болатын болса, ал қатты салмақ түссе тартылып, қозғалыс тоқтатылады. Түйіннің байламы бір ұшымен аяқталуы мүмкін.
11 – сурет. Ұстап тұратын австри-лық түйін (симметриалық емес, қиғаш). Жекеленген және дымқыл арқанмен, негізінен ұстайтын арқандар онша сенімді емес жұмыстарда қолданылады және тек қана бір жағына салмақ түсіру кезінде жұмыс істейді. Орамдардың көп жерінде қолданылады. Бір ұшымен байланған, қарапайым ұстап тұрушы түйіннен айырмашылығы, бір жағына көп орам жасалады.
12 – сурет. Булинь түйіні (орап байланатын). Арқанды рельефке бекіту үшін немесе адамды байлау (Абалакова белбеуі немесе сақтандыру жүйесі болмаса) үшін қолданылады. Арқанның еркін ұшы кеудені ораған екі ілмектен алынады және 60 см шамасында арқан көтеріліп жай ілмек байланылады.
13 – сурет. Үзеңгі тектес байлау түрі (шалма). Егер рельефке арқанды бекіту үшін оны бір ұшымен байласа, аяқтарға тіреу ретінде пайдаланылады. Түйін тез тартылатын бір – біріне қарама қарсы бағытталған екі түйіннен тұрады, сондықтан ілмектер өзін өзі сақтандыру және аралық сақтандыру үшін қолданылады. Түйінді тарту кезінде түйін қатты тартылады, ал түйінді карабиннен ағыту кезінде өзінен – өзі босайды, бұл уақыт үнемдейді. Жүгі ауыр болса немесе су болса, арқан қатты ширайды, оны жазу мүмкін емес. Түйінді бір ұшынан байлау кезінде үзеңгіге бақылаушы түйін міндетті түрде қажет.
14 – сурет. Бахмана түйіні («өмірдің барлық қажетіне керек түйін»). Үзеңгіге көтерілгенде, полиспасты тарту үшін қолданылады. Теңіз жұмыстары мен мұз басқан арқанда жұмыс істеуде таптырмайды, су таскыны кезінде өткелге қолайлы, жүк тасуда және байланған арқанмен көтерілуде, құтқару жұмыстарында қолайлы. Карабинде диаметрі аз жіптерден ілгектерді ағытып оларды диаметрі үлкен арқанның ұзын жағына қадайды, содан кейін ілгекпен карабиннін айналасына 3-4 айналым жасайды; оған ілгекті әр жолы қадаған сайын, пайда болған түйінді түзетеді. Карабиндегі ілгекті жоғары жылжытуға болады, ал жұлқи тартқан кезде түйін созылады. Жүктен кейін түйін жеңіл босайды.
15 – сурет. Буып - қысу түйіні. Рельефке жіпті бекіту үшін қолданылады. Жұмысшы ұшымен ағаш немесе тас және түпкі ұшын орайды, жіптің неге бекітілгенін, орнын түпкі ұшы қайда оралғанын анықтағаннан кейін, бірнеше «ширатпа» жасалады, яғни жұмысшы ұшы жіпті айнала бірнеше қайта оралады.
16 – сурет. Таңбалау түйіні. Жіпті бумалап алғаннан кейін жіпті таңбалау үшін пайдаланылады. Жіптің бір ұшынан ілмек жасайды, екінші ұшымен бумаланған жіпті 4-5 рет айналдырады да содан кейін ілмекке кіргізіп оны тартады.
17 – сурет. Сенімділігі жоғары өткізгіш түйін. Айқастырып түюге қандай да бір себептермен сенімсіздік танытқан жағдайда пайдаланылады. Түйін екі жартылай түйіннен тұрады. Алдымен басы бұғалыққа ұқсайтын, бірақ жұмысшы ұшы тартылатын ілгекті байлайды содан кейін осы ұшымен бір жартылай түйін байланады. Жартылай түйіндер бірімен бірі өзара тартылады, ал ілгек қажетті мөлшерге кеңейеді.
18 – сурет. Тесікті (тік) түйін. Жүк байланған жіпті авариялық тоқтатуға, оны тез және сенімді нығайтуға арналған. Жіптің бір ұшын карабиинін жанынан екінші ұшымен айналдырады, пайда болған ілгектен орайтын жіптің ұшы өткізіледі де түйін тартылады. Тіпті оған сондай ауыр жүк ілінген күннің өзінде, жеңіл байланады және тез шешіледі. Түйіндер аса сенімді болу үшін, бақылаушы түйіндердің орнына қысқыштармен бекітілуі мүмкін.
№2 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
-
Таудағы қозғалысқа байланысты қолданылатын түйіндер.
-
Түйіндердің түрлері
Практикалық сабақ №3 ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын саймандар, механизмдер, машиналар
Сабақтың жоспары: ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын саймандар, механизмдер, машиналардың түрлерімен танысу, қолдану ережелерін білу.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3
Сабақтың мақсаты: ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын саймандар,
механизмдер, машиналармен танысу, жұмыс істеу тәртібін үйрену.
Атауы, ұйғарылуы Сыртқы түрі
Бетонсүймен (1)
Қатты тастарды ұсақтайтын сайман
(бетон, қаланған кірпіш және т.б.)
Ілгек
Жүкті көтеруге, шынжыр, арқан және т.б.
Байлауға арналған құрышпен қапталған ілмек
Гидросорғы
Гидравликалық құрылғыға үлкен қысымда
тамшылаған сұйықтық беретін сорғы
Жүкке арналған құрылғы
Іліп алатын, орналастыратын және әртүрлі
жүктерді тиейтін жүк көтергіш көліктің
құрылғысы немесе механизімі
Домкрат
Шағын биіктікте жүкті көтеретін немесе
орналастыратын стационарлық, тасылмалдайтын
немесе жылжымалы механизм. Домкраттар
тақтайшалы, бұрандалы, гидравликалық,
пневмогидравликалық, сына тәрізді болады
Шлангалы орауыш
Оған жалғанатын шлангалар оралатын
құрылғы
Шот балға
Үйінділерді бөлшектеуге, темір – бетон
конструкциясын, тас құрылысты қиратуға арналған
қол сайман
Компрессор
Ауаны (газды) қысып сорып және оны пайдалану
орнына беретін машина
Ауыр балға
Салмағы 2 ден 10 кг дейінгі балға
Лебедка
Жүк көтеретін машина немесе жүкті ауыстыратын
механизм
Сүймен
Қатты үстіңгі қабаттарды немесе заттарды
ұсақтайтын қол құралы
Күрек
Жер қазатын немесе сыпырынды жинағыш құрал
Дискілі кескіш машина
Металдарды, темір бетондарды және ағаштан
жасалған бұйымдар конструкцияларды
кесуге арналған механикалық құрал.
Мұндай құралдар электрлі, пневматикалық
жетек және мотожетектермен жұмыс істей алады
Сорғылы станция
Гидравликалық құралға сұйықтықты қысыммен
ауыстыратын машина немесе құрылғы
Қайшы
Әртүрлі материалдарды қиатын қол құралы
Шой балға
Соғу әрекетіне арналған қол машинасы
Ағаш кесетін шынжыр ара
Ағаш және одан жасалған бұйымдарды кесетін құрал.
Электрлі және мотожетектермен қолданыла береді.
Вакуумдық пластырь
Зақымдалған орында олардың құбыр тұтастығын
қысатын құрал
Жалпақ резеңкелі пневмокөтергіш
Әртүрлі жүктерді көтеретін құрал. Сонымен бірге
оның көмегімен әртүрлі заттарды бір – бірінен
ажыратуға болады
Полипаст
Әртүрлі жүктерді көтертін және ауыстыратын
жүк көтергіш механизм
Кеңейткіш
Жүк көтеретін, тар ойықтарды кеңейтетін,
конструкцияларды қирататын құрал
Тістеуік
Үйінділерді ашатын, жүк көтеретін, конструкция
элементтерін тістейтін құрал
Газ кескі
Оттекті – газды металдарды кесетін құрал
Таль
Қолды, электрлі жетек немесе пневматикалық
жетекте жүк көтеретін ілме құрал
Балта
Шауып – кесетін құрал
№3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
-
ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын саймандар
-
Механизмдер, машиналар.
Практикалық сабақ №4 ТЖ кезіндегі такелажды жұмыстар
Сабақтың мақсаты: ТЖ зардабын жою кезінде құтқарушылар мынандай жұмыстарды жиі орындайды: әртүрлі жүктерді буады, оларды көтереді, орынын ауыстырады, түсіреді, тораптарды шешеді, болат және зығыр арқандарды жалғайды, шығырларды іледі, жүк көтеретін техникасын орнатады. Бұл жұмыстың барлығы такелажға қатысты. ТЖ кезіндегі такелажды жұмыстардың ерекшелігі жүктердің әртүрлігіне, басым көпшілігінде қоятын арнайы орынның жоқтығына, тұтас тұрмай бұзылуы салдарынан тасымалдау кезінде жүктің аяқ асты құлауына, жұмыс жағдайының әркелкілілігіне негізделеді.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4
Такелажды жұмыстың күрделі ерекшелігі және жауапкершілігі көп тонналы жүктердің астында қалған зардап шегушілерге көмек көрсету кезінде.
Такелажды жұмысты орындау үшін негізгі жүк көтеретін құралдар
болып:
-
иінтіректер, лебедкалар, домкраттар, жүк көтергіштер, аспалы арқан тростар;
-
жүк көтеретін крандар, тікұшақ – крандар жатады.
Такелажды жұмысты орындау үшін:
-
болаттар, зығырлар, синтетикалық арқандар, шынжырлар, орағыштар;
-
жүкті іліп алатын құрылғы, ілмектер, полиспастар, анкерлі құрылғылар;
-
аударғыштар, тартқыштар сияқты қосалқы құрылғылар жатады.
Жүктерді шағын биіктікке көтеру және ауыстыру үшін (20-40 см) құтқарушылар домкратты пайдаланады. Олар елеусіз мөлшерде және массада тасымалдаушы жүк көтеретін механизм. Домкраттар тақтайшалы, бұрандалы, гидравликалық, пневмогидравликалық, сына тәрізді болады. Олар мықты табандарға орнатылады және адамның бұлшық ет күшімен іске келтіріледі. Бір жүк көтергіш жетпеген жағдайда бір уақытта 2-3 домкратты қолдануға болады. Жүкті көтергеннен кейін оның астына ағашты немесе металды тіреуіш қою қажет. Содан кейін домкратты босату жұмыстары орындалады.
Жүктің массасы он шақты болған жағдайда кейде жүз тонна болса онда арнайы жалпақ пневмакөтергіштер қолданылады.
Жүктерді көтеру және ауыстыру лебедканың және жүк көтергіштердің (қол иінтіректердің, барабандардың) көмегімен жүзеге асырылады. Олар жерге ілінеді немесе орнатылады. Жүктерді бекіту үшін ілмек және арқандар қолданылады.
Такелажды жұмыстар көбінесе пневмодоңғалақтар немесе шынжыр табан сонымен қатар тік ұшақ – крандардың жүру кезінде жүк көтергіш крандардың көмегімен орындалады. Орау үшін (жүктерді орау) орағыш, болаттар, зығырлар, синтетикалық арқандар, шынжырлар, қамтығыштар, ілгектер қолданылады.
Такелажды жұмыстың маңызды элементіне жүктерді алып жүру және оларды ауыстыру, түсіру, орнату, орау жатады. Жүкті ауада ауыстыру кезінде теңселісті болғызбау мақсатында кеңістікте және кідірісте жүкті бағдарлау үшін жіп құрылғысы – тартқыш қолданылады оның бір ұшы жүкке ал екінші ұшы құтқарушының қолында болады.
Қауіпсіздік ережесі. Жүкті түсіргеннен және бекіткеннен кейін оны (орналастыру) орау жүргізіледі. Жүктің орауын жеңілдету үшің және құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, адамның қатысуынсыз орауды қамтамасыз ететін арнайы жартылай автоматты құрылғы пайдаланған дұрыс. Кранда істейтін жұмысшы және ораушы – құтқарушылардың арасындағы байланысты орнату үшін радиотелефонды байланыс және белгі беретін дабыл қолданылады.
Кейде зардап шеккендерді босатып алу үшін жүкті тек кана шамалы биіктікке көтеру қажет. Бұл жағдайда оның астына арнайы тіреуіштер немесе қолмен материалдан жасалған тіреуіштер қойылады. Тек содан кейін ғана зардап шегушіге көмек көрсету керек. Такелажды жұмысты жүргізу кезінде құтқарушылардың қауіпсіздігі олардың қозғалыстарының сәйкестігіне, қолданылатын жабдықтардың және техникалардың сенімділігіне, шұғыл жағдайларда өздерін қалай ұстау ережелерін білулеріне байланысты.
Такелажды жұмысты жүргізуге қатысушылардың негізі қауіпсіздік ережесі – ешқашан жүктің астында тұрмау.
№4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
-
ТЖ кезіндегі такелажды жұмыстар
-
Негізгі жүк көтеретін құралдар
-
Қауіпсіздік ережесі
Достарыңызбен бөлісу: |