2. Мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйелерінен тәуелсіз бейбіт қатар өмір сүру қағидасы. Осы қағидаға сәйкес, мемлекеттер халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға міндетті. Бұл қағиданың сипаттамалық белгісі - ол халықаралық құқықтың көптеген негізгі қағидаларының мән-маңыздарының үйлесуі. Сондықтан осы заманғы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының барлық жүйесі бейбіт қатар өмір сүру қағидаларының жүйесі деп атала алады. БҰҰ Жарғысында "бейбіт қатар өмір сүру" нақты терминмен негізделмегеніне қарамастан, оның мазмұны Кіріспені толықтай қамтиды және өзге де жарғылық ережелерде мәні ашылады. Бейбіт қатар өмір сүру қағидасы бейбітшілікті сүйетін кез келген мемлекеттің сыртқы саясаттағы конституциялық қағидаларының негізін қалайды.
Осы қағиданың мазмүнына сәйкес, мемлекеттер азаматтық және саяси ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық құқықтарды да сақтауды өздеріне міндет етіп жүктейді. Сөйтіп, тәуелсіздікке тән дербес теңдік және құқықтарды құрметтеу қағидаларын орындай отырып, мемлекеттер бір-бірінің өздерінің саяси әлеуметтік, экономикалық және мәдени жүйелерін еркін таңдау және дамыту құқықтарын құрметтеуге міндеттенеді.Осы заманғы халықаралық қатынастарда, баяғы қалпынша адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын апартеид, геноцид, нәсілшілдік сипаттарында дөрекі және жаппай бұзу әлі де орын алып келеді.
Халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы. Халықаралық құқықта ертеден-ақ, шарттар орындалуы тиіс —pacta sunt servanda - деген қағида бар. Ол кейін БҰҰ Жарғысының Кіріспесінде көрініс тапты. Онда БҰҰ мүшелерінің "халықаралық құқықтың шарттарынан және басқа да қайнар көздерінен туындайтын мінд (еттемелердің әділдігі мен құрметтелуінің сақталуына шарт-жағдайлар қалыптастыруға" бел байлағандары атап көрсетілген. БҰҰ Жарғысының 2-бабының 2-тармағына сәйкес, барлық мүше мемлекеттер Жарғы бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелерді адал орындауға міндетті. Мемлекеттер өздерінің ішкі құқықтарына қарамастан, шарттың мақсаты, мазмұны, мерзімі және орындалу орны бойынша өздерінің міндеттемелерін адал орындаулары тиіс.Кейінгі жылдарда мемлекеттер арасында жасалып жатқан шарттар мен келісімдер адамзатты жаңа дүниежүзілік соғыс қаупінен арашалауға бағытталған. Олар мемлекеттер арасындағы түрлі ынтымақтастық жүйесін қалыптастыруды мақсат тұтады. Сондықтан шарттық ережелердің орындалуы халықаралық бірлестіктегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жаңа халықаралық келісімдерге қол қойылуының кепілі бола алады.
Өзін өзі бақылау сұрақтары
1. Халықаралық құқықтың қағидаларының түсінігі.
2. Халықаралық құқықтың қағидаларының мазмұны
Ұсынылатын әдебиет
-
Бирюков П.Н. Международное право: Учебное пособие. - 2-е изд. - М., 2000.
-
Додонов В.Н., Панов В.П., Румянцев О.Г. Международное право: Словарь-справочник/Под общ. ред. В.Н.Трофимова. - М., 1997.
-
Лукащук И.И. Международное право. Общая часть: Учебник. - 2-е изд. - М., 2001.
-
Лукащук И.И. Международное право. Особенная часть: Учебник. - 2-е изд. - М., 2000.
-
Международное право: Учебник / Под ред. Г.В. Игнатенко и О.И. Тиунова. - М., 2000.
-
Международное право: Учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, В.И. Кузнецов. - М., 1998.
Тақырып 3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері.
1. Халықаралық құқықтық нормалар ұғымы және оның белгілері.
2. Халықаралық құқықтық нормалардың жіктелуі.
3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері ұғымы және түрлері.
1 Халықаралық-құқықтық нормалар – бұл халықаралық жария құқық субъектілері тәртіптерінің белгілі бір ережелері. Ондай нормаларға мынадай сипат тән:біріншіден, халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы қатынастарды реттеуі; екіншіден, міндетті сипаты, яғни құқықтық нормалардың заңдық күші, себебі құқықтық емес нормалардың өзіндік міндетті күші болады; үшіншіден, жалпы сипаты, яғни норманың әрекет етуі көптеген жағдайларды ескере қарастырылған. Осы заманғы халықаралық-құқық ғылымының маңызды мақсаттарының бірі халықаралық құқық нормаларының тиімділігі проблемалары болып отыр. Бұл проблеманың қолданбалы сипатта екені сөзсіз. Ол тиімділік объектілермен және реттеу әдістерімен қамтамасыз етіледі. Себебі, сараптау объектісі ретінде халықаралық субъектілердің әрекеттері, олардың құқыққа сай немесе құқыққа қайшы тәртіптерін анықтау болса, зерттеудің негізгі әдістері болып әлеуметтік әдістер табылады. Халықаралық құқықтық реттеудің сонғы нәтижесі тек субъектінің тәртібімен емес, сонымен қатар халықаралық қатынастардың белгілі бір түрлерінің қалыптасуынан да көрінеді. Сол себепті, халықаралық жария құқықтың тиімділігін арттырудың маңызды шартының бірі норма құру процесін жетілдіру болып табылады. Бұған, халықаралық құқықтық нормаларда халықаралық қатынастардың дамуының объективті заңдылықтары көрінгенде, нормативтік ережелердің айқындығы мен нақтылығы болғанда, құқықтағы олқылықтарды зерттегенде ғана қол жеткізуге болады. Халықаралық құқық нормаларының тиімділігін анықтағанда осы жүйенің ерекшеліктерін ескеру қажет.Г.И. Тункин "маңызды ерекшеліктердің бірі... деп норманы" бұл құқық жуйесі субъектілерінің өзара жасайтындығын әділ атап өткен. Осындай ерекшелігіне байланысты халықаралық құқықтағы норма құру процесін жеке мемлекеттердің ұлттық құқықтарындағы норма құру процесімен салыстырғанда әлдеқайда күрделі болып шыға келеді.
2. Халықаралық құқықтық нормалар санының артуы оларды жіктеу қажеттілігіне әкеледі. Оның ішінде көп таралғаны бұл нормалардың шарттық және әдеттегі болып бөлінуі. Дегенмен, оның күрделілігіне және көп қырлылығына байланысты басқа да маңызды белгілерді ескеру қажеттілігі туындайды:
а) әрекет ету өрісі бойынша - әмбебаптық, аумақтық, партикулярлы (бытыраңқы).
Әмбебаптық нормалардың болуы халықаралық әмбебап актілермен қамтамасыз етіледі, олар халықаралық құқықтың көпшілік мақұлдаған нормалары деген атқа ие. Әмбебап нормалар БҰҰ Жарғысында, 1970 ж. халықаралық құқық қағидаларының Декларациясында бар, БҰҰ Бас Ассамблеясының көптеген қарарлары көпшілік мемлекеттердің оның заңдық күшін қабылдағанынан кейін халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормасына айналады. Әмбебап нормалардың негізгі айырмашылық белгісі олардың әрекет етуінің әмбебаптығы жалпыға бірдей міндетті күші болып табылады. Әмбебап норма ғана императивті бола алады және ерекше әмбебап міндеттемелерді жасай алады.Әмбебап және аумақтық құқықтық нормалар өзара байланысты және олардың тиімділігінің маңызды мәні болып табылады. БҰҰ Жарғысында "Аймақтық келісімдер" деген арнайы VIII тарау бар. Халықаралық құқықтың аймақтық нормаларының көбеюіне отарлау нәтижесінде тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы себеп болды. Аймақтықтың себебі әлеуметтік және саяси факторларға ғана емес, сонымен қатар жаңа факторларға да байланысты. Жаңа құқықтық нормалар аймақтық деңгейде жеңілірек жасалады. Осы деңгейде, сондай-ақ әмбебап нормаларды жүзеге асыру да анағұрлым тиімді.Доктринада және тәжірибеде партикулярлық (бытыраңқы) құқықтық нормалар белгілі. Партикулярлық термині (латынша particularize -ішінара, жеке) оқшауланған жергілікті деген мағынаны береді, яғни жалпы мемлекеттікке қарама-қарсы деген сөз. Қарастырылып жатқан контексте бұл әмбебап нормаларға қарағанда шектелген сипатта әрекет ететін нормаларды білдіреді. Құқықтық нормалардың мұндай түрлері белгілі бір географиялық орынмен, шекарамен, арналармен байланысты нақтылықты қажет еткен жағдайларда қолданылады. Ұлттар Лигасының халықаралық әділ сотының Түрақты Палатасының тәжірибесі, кейінірек БҰҰ Халықаралық Сотының тәжірибелері партикулярлық әдеттегі нормалардың бар екенін растап берді. Партикулярлық нормаларда жалпылық сипаты жоқ, дегенмен құқықпен тығыз байланысты болады. Партикулярлық нормалар жалпы халықаралық құқықтан пайда болған және халықаралық құқық негізінде қызмет етеді.
б) заңи күші бойынша - императивтік және диспозитивтік. Халықаралық құқық доктринасы "императивтік норма" және «jus cogens» терминдерін тең дәрежеде қолданады. Императивтік нормалардың пайда болуының алғышарттарын БҰҰ Жарғысы жасады, мәселен, 2-баптың 6-тармағы, 106-бап. Онан әрі бұл тұжырымдаманы халықаралық шарттардың құқықтары туралы Вена Конвенциясы дамытты. Халықаралық құқық комиссиясы императивтік нормалардың құқықтық табиғатын егжей-тегжейлі талқылады. Жалпы, халықаралық құқықтың императивтік нормаларына халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын; әлемдік бірлестіктердің халықаралық құқықтың қол жеткізген адамгершілік стандарттарын — әділдік, адал ниет қағидаларын тарихи түрде бекітетін құқықтар мен нормалар; қол жеткізген гумандык деңгейді бекітетін - адамзат құқығы, халықтар, аз ұлттар құқығы жөніндегі, соғыс құрбандарын қоғау жөніндегі қағидалар; атмосфераны жалпылай ластауға, жер бетін, теңіздерді былғауға тыйым салатын қағидалар мен нормалар; халықаралық кеңістіктердің, ашық теңіздердің, ғарыштың, Антарктиканың режимін айқындайтын қағидалар мен нормаларды жатқызуға болады.Диспозитивтік нормалар халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы келісім нәтижесінде тәртіп ережелерінен ауытқуға мүмкіндік береді. Диспозитивтік нормалар мынадай болып көрінуі мүмкін: "тараптар келісімімен өзгеше көзделмесе, тараптардың... мүмкіндігі бар" - дегендей. Нормалардың диспозитивтігі шектелген міндетті күшімен емес, субъектілердің өздерінің арақатынасын жалпы нормада бекітілгеннен басқаша реттеу құқығын көрсетеді. Мәселен, халықаралық экономикалық қатынастар аумағында 1980 ж. халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы Конвенцияның 6-бабында диспозитивтік норма бар: тараптар Конвенцияны қолданбауы да мүмкін немесе 12-баптың талаптарын сақтағанда, оның кез келген ережелерінен бас тартуға немесе оның әрекет етуін езгертуге қүқылы,- делінген.
в) халықаралық құқықтық реттеу тетігі қызметі бойынша-материалдық және іс жүргізушілік.Халықаралық құқықтағы іс жүргізу нормаларының мәні ұлттык жүйеден өзгешелеу. Ондай нормаларды арнайы заң шығарушы және құқықты қолданушы мекемелер шығарады және іске асырады.Ал халықаралық құқықтың іс жүргізу нормаларын негізінен алғанда, құқық субъектілерінің өздері шығарады және іске асырады, яғни материалдық және іс жүргізу нормаларының елеулі ерекшеліктері жоқ.Халықаралық құқық Комиссиясы құқық қолдану процесін қажет ететін қандай да бір Конвенцияны дайындау барысында іс жүргізу нормаларының проблемалары туындайды. Сонымен қатар материалдық нормаларды қолдану мәселелері де бір мезгілде шешіле береді.Басқаша айтқанда, іс жүргізу нормаларынан туындайды жоне олардың әрекет етуіне қызмет етеді. Халықаралық жария құқықта іс жүргізу нормалары ұлттық құқықтың саласы - мемлекеттік, әкімшілік салалары сияқты жеке салаға бөлінбейді. Олар құқықтың жалпы жүйесінде де, сондай-ақ нақты халықаралық-құқықтық актілерде де материалдық нормалармен өзара байланысты.
г) халықаралық-құқықтық нормалардың басқа түрлері.
Нормаларды жүйелеуге байланысты көптеген негіздер бар. Мәселен, олар тыйым салатын, міндеттейтін, құқық беретін нормалар. Бұлай бөлуге заңи тәртіптің деңгейі негіз болады. Мысал ретінде, халықаралық қатынастардың қатысушылары бекіткен, оларға қосылған немесе қабылдаған халықаралық шарттарды айтуға болады.Сілтемелік (бланкеттік) халықаралық-құқықтық нормалар басқа нормаларда көзделген ережелерді басшылыққа алуға міндеттейді. Мұнан басқа, құқықтық емес нормаларға да сілтемелер жасалуы мүмкін. Мысалы, Халықаралық Сот Статутының 38-бабында, тараптар келіскен жағдайда дауларды әділдік бастамасымен қарау қарастырылған.
3."Құқықтың қайнар көздері" деген термин материалдық және ресми (заңдық) екі аспектіде қолданылады.Халықаралық құқықтың материалдық қайнар көздері ретінде халықаралық еңбек бөлінісі нәтижесінде дамитын және халықаралық құқық нормаларын түзетін бүкіләлемдік экономикалық қатынастарды айтамыз. Осы заманғы халықаралық құқықтьщ мағынасындағы қайнар көздері - бұл оның нормалары мен қағидаларының көрінуі мен бекітілуінің ерекше, арнаулы нысаны. Осы заманғы халықаралық құқықтың заңдық қайнар көздері халықаралық құқық шығармашылықта ерекше орынға ие, атап айтқанда халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларының қалыптасу және пайда болу процесін қорытындылайды.Сөйтіп, халықаралық құқықтың қайиар көздерінің - заңи мағынасы - бұл, оның субъектілерінің келісілген еркін білдіретін халықаралық құқық нормаларына айналған нысандар.Қайнар кездердің жүйесі негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді. Негізгіге мыналар жатады:
-Халықаралық шарт;
- Халықаралық дәстүр;
Халықаралық құқықтың кәмекші қайнар кездеріне мыналар жатады:
- Халықаралық ұйымдардың шешімдері, қарарлары;
- Халықаралық Соттың және Төрелік соттың шешімдері;
- Мемлекетішілік заңдар, ұлттық соттардың шешімдері;
- Халықаралық құқықтағы ғалымдар доктринасы;
- "өркениетті ұлттар таныған құқықтың жалпы қағидалары".
Халықаралық құқықтың өзіндік қайнар көздері болып табылмағанымен де, бұл қайнар көздер, біріншіден халықаралық-құқықтық нормалардың жасалу процесінде белгілі бір сатылары болып табылады; екіншіден, заң шығару процесі барысына әсерін тигізеді; үшіншіден, халықаралық құқық нормаларының бар болуын немесе мазмұнын бекітеді.
Халықаралық шарт шарттасушы тараптар үшін құқықтар мен міндеттер түзеді, бұлар оның заң нормаларында бекітіледі. Осы қайнар көз халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сәйкес келетін заң нормаларын жасайды. Халықаралық құқық нормаларын жасайтын мемлекеттердің келісілетін еріктері аяқталған нысанда болғанда шарт жасалады. Соңғы жағдайда біз мемлекеттер арасында жасалатын келісімдерді де айта аламыз. Ол үшін ереже бойынша жазбаша бекітілген немесе ауызша айтылатын белгілі бір мәтін болу керек. Халықаралық құқық доктринасы халықаралық шарттардың құқыққа сай болуының басты белгісі ретінде оларды жасау барысындағы еріктілікті айтады. Сондай-ақ, шарт тиісті мемлекеттердің тең қүқылы ерік білдіруі болып табылған жағдайда құқықтың қайнар көзі болып саналуы мүмкін. Халықаралық шартта көп мәрте қолдануға есептелген жалпы нормалар немесе бір ғана жағдайда қолданылатын жеке нормалар да болуы мүмкін. Халықаралық шарттың құқықтық табиғатына, жасалу сатыларына "Халықаралық шарттар құқығы" деген тарауда кеңінен тоқталатын боламыз.
Халықаралық дәстүр шарттан кейін екінші орынға ие, бұрындары ол басым дәрежеге ие болатын. Әдеттегі нормалар ұзақ мерзімді тәжірибенің нәтижесінде, құқық субъектілерінің ондай норманың заңи міндетті сипатын мойындағанынан кейін пайда болады. Шарттық және әдеттегі нормалар халықаралық құқықтың жалпы жүйесін құрайды, олар бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, халықаралық құқық нормаларын тиімді қолдануды қамтамасыз етеді.Халықаралық дәстүр дегеніміз халықаралық тәжірибеде қалыптасқан тәртіп ережесі, халықаралық құқық субъектілері оның заңи міндетті сипатын мойындайды. Дәстүрдің шарттық нормадан айырмашылығы тиісті ережелерді нақты көрсететін заңдық құжат еместігінде. Дәстүр барлық немесе бірнеше мемлекеттердің халықаралық әрекеттерінің ұқсастықтарының күші бойынша жинақталады. Ол ұзақ мерзім бойында қолданылады және заңдық міндеттілігіне сенім сипатында болады. Сонымен, мемлекет тәжірибелерінің ұзақтығы салыстырмалы сипатта. Бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастарда әдеттегі нормалардың қысқа мерзімде жасалуы да кездеседі, мысалы, ғарыш құқығында, теңіз құқығында.Сөйтіп, халықаралық дәстүрге мыналар тән:
- Қолданылу мерзімінің ұзақтығы.
- Мойындалуының жалпылығы.
- Заңдық міндеттілігінің сенімділігі.
Халықаралық дәстүрдің пайда болуы үшін қайталанба тәжірибе керек. Халықаралық-құқықтық әдебиеттерде кез келген қайталанудың әдеттегі нормалары жасалмайтыны жөнінде аз айтылып жүрген жоқ. Қандай да бір әрекеттердің қайталануы тәртіп нормасын жасауға әкелмеуі де мүмкін, ол жай әдетке айналып кетеді. Халықаралық әдет деп мемлекеттердің заңдық міндеттілігі бар деп есептелінбейтін жалпы тәжірибелерін айтады.Халықаралық қатынастарда, әсіресе дипломатиялық қатынастар мен теңіз кеме қатынасында көп уақыттан бері әрекет етіп келе жатқан, дегенмен халықаралық құқық нормасы болып табылмайтын нормалар аз емес. Мәселен, дипломаттардың жүктерін кеден бақылауынан тексермей өткізуге, үшінші мемлекеттің аумағында дипломаттардың кейбір артықшылықтарының болуына, әдетте көптеген мемлекеттер рұқсат етеді. Алайда 1961 ж. дипломатиялық қатынас туралы Вена Конвенциясы өз күшіне емгенге дейін мұндай нормалар халықаралық құқықтық деп емес, халықаралық сыпайыгершілік нормалары деп есептелетін.Халықаралық дәстүр мен халықаралық шарт құқықтың негізгі қайнар көздері және жалпы халықаралық құқық нормаларын жасаудың екі түрлі тәсілі болып табылады. Сөйтіп, халықаралық құқықтың әдеттегі нормаларын шарттық жолмен өзгерту көп кездссетінін, әсіресе халықаралық құқықтың жүйеленуінде кездесетінін баса айтқан жөн. Ал шарттық нормаларды әдеттегі нормаларға ауыстыру жағдайлары сирек кездеседі, яғни шарттық тәжірибе әдетте оларды өзгерту ережелерін немесе күшін жоюды қарастырады.
Халықаралық ұйымдардың шешімдері, қарарлары. Халықаралық құқықтың аталмыш қайнар көзінің маңызы халықаралық құқық субъктісі ретіндегі халықаралық ұйымдардың рөлімен бірге арта түседі. Аталған қайнар көз өз бетінше халықаралық құқық нормаларын жасай алмайды. Халықаралық ұйымдардың қаулылары, ең бірінші Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары норма жасау процесіне қатысады. Мәселен, БҰҰ Жарғысының 11-бабында Бас Ассамблеяның "БҰҰ немесе Қауіпсіздік Кеңесіне мүше-мемлекеттерге ұсыныстар беру" құқығы ғана бар екендігі көрсетілген. БҰҰ-ның барлық органдарының ішінде Қауіпсіздік Кеңесіне ғана бейбітшілікті қолдану мәселелері бойынша, барлық мүше мемлекеттерге міндетті шешімдер қабылдау мүмкіндігі берілген және ол БҰҰ Жарғысының 25-бабында бекітілген.
Халықаралық Соттың және төрелік соттың сот шешімдері. Халықаралық Сот пен төрелік сот қолданыстағы құқықтарды қолданады, талдайды, алайда құқық нормаларын шығармайды. Халықаралық Сот Статутының 38-бабы, d тармағында олардың шешімдерін "құқықтық нормаларды анықтау үшін көмекші қүралдар" ретінде бейнелейді. Сот шешімдерінің маңызды рөлі мемлекеттердің соттағы тәжірибелерін көрсетуінен шығып отыр. Оның халықаралық құқықтың жүйеленуіне көмегін тигізері сөзсіз.
Халыкаралық құқық нормаларының қалыптасуына ұлттык заңдар зор әсерін тигізеді. Дегенмен, ұлттык заңдар халықаралық-құқықтық норма санатында танылған кезде ғана халықаралық құқықтың қайнар көзі болып есептеле алады (халықаралық шарт арқылы немесе халықаралық дәстүр арқылы).Халықаралық Сот Статутының 38-бабында Соттың істерді шешу барысында "құқықтық нормаларды анықтау үшін қосымша құралдар ретінде түрлі ұлттардың жария құқықтары бойынша ең білікті мамандарының доктриналарын" қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Мұндай доктриналардың маңызы қолданыстағы халықаралық құқықтың қандай да бір нақты қағидалары, нормалары мен институттарының мазмұнын айқындау үшін мамандардың ғылыми пікірлерінің қосымша материалдар ретінде қызмет етуінен көрінеді. Доктриналар халықаралық қатынастың жаңа ережелерін дайындай алады және қалыптастыра алады. Бірақ олар заңдық тұрғыда міндетті болуы үшін халықаралық тұрғыда танылуы керек, яғни бұл ғылыми көзқарастар халықаралық қатынас қатысушыларының ерік білдірулерін келісімге келтіруге негіз болулары қажет.
"Құқықтың жалпы қағидалары" проблемасын Ұлттар Лигасы қозғаған болатын, алғашында халықаралық әділ соттың Тұрақты Палатасы Статусының 38-бабында, кейін БҰҰ-ның Халықаралық Сот Статусында орын алды. "Құқықтың жалпы қағидалары" деген үғым "құқықтың негізгі қағидалары" деген ұғымнан өзгешелеу. Мәселен, "құқықтың жалпы қағидаларына" ұлттық құқықтық жүйелерде, сондай-ақ халықаралық құқықта да қолданылатын құқықтық нормаларды түсіндіру және қолдану процесіндегі заңдық түсініктер, заң логикасының, техникасының ережелері жатады.Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінің жүйесіне сәйкес, әдебиеттерде "қатаң құқық " және "жұмсақ құқық " деген ұғымдар қолданылады."Қатаң құқық " санатына халықаралық шарттарды және үкіметаралық ұйымдардың міндеттейтін шешімдерін жатқызса, "жұмсақ құқыққа" -ұсыныстық қарарларды жатқызады.
Өзін өзі бақылау сұрақтары
1. Халықаралық құқықтық нормалар ұғымы және оның белгілері.
2. Халықаралық құқықтық нормалардың жіктелуі.
3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері ұғымы және түрлері.
Ұсынылатын әдебиет
-
Бирюков П.Н. Международное право: Учебное пособие. - 2-е изд. - М., 2000.
-
Додонов В.Н., Панов В.П., Румянцев О.Г. Международное право: Словарь-справочник/Под общ. ред. В.Н.Трофимова. - М., 1997.
-
Лукащук И.И. Международное право. Общая часть: Учебник. - 2-е изд. - М., 2001.
-
Лукащук И.И. Международное право. Особенная часть: Учебник. - 2-е изд. - М., 2000.
-
Международное право: Учебник / Под ред. Г.В. Игнатенко и О.И. Тиунова. - М., 2000.
-
Международное право: Учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, В.И. Кузнецов. - М., 1998.
Тақырып 4. Халықаралық құқықтың субъектілері.
1. Халықаралық құқық субъектілері ұғымы және түрлері.
2. Халықаралық құқықтағы мойындау институты.
3. Халықаралық құқықтық мирасқорлық институты
1. Халықаралық құқықтың кейбір ерекшеліктеріне қарамастан, теориядағы құқық субъектілеріне берілген түсінік оған да бірдей болып келеді. Субъективті заңдық құқықтары мен міндеттері бар халықаралық құқық қатынасы қатынасушылары халықаралық құқық субъектілері болып табылады. Олар халықаралық қатынастарға дербес күйде қатысуға; басқа субъектілермен заңдық әрекеттестікке тікелей түсуге қабілетті және тәуелсіз болады. Халықаралық құқық субъектілері екі топқа бөлінеді: алғашқы және туынды. Алғашқы топқа тәуелсіздігі бар мемлекеттер: өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттар кіреді. Соңғылары өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығын жүзеге асырады. Субъектінің бұл екі тобы алғашқы топқа жалпы белгілері - тәуелсіздігі арқылы біріккен. Мемлекетте ол белгі - мемлекеттік болса, өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар мен халықтарда - ұлттық белгі болады. Екінші топқа халықаралық ұйымдар мен мемлекет тәріздес құрылымдар кіреді. Жеке тұлғалар халықаралық құқық субъектілерінің ерекше тобын құрайды.Мемлекеттер - халықаралық құқықтың негізгі субъектілері. Қазақстан Республикасы - халықаралық құқық субъектісі. Халықаралық құқық субъектісі ретіндегі мемлекеттер үшін ерекше саяси-заңдық сипат, өз аумағындағы үстемдігі және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздігі тән. Мемлекет өз тәуелсіздігінің күші бойынша құқық субъектілікке ipso-facto-ға ие, яғни өзінің өмір сүру фактісінің нәтижесінде ие болады. Мемлекеттердің әрекет қабілеттігі оның халықаралық шарттық тәжірибелерге қатысуынан, дипломатиялық және елшілік қатынастарды орнату нәтижесінен, халыкаралық ұйымдарға мүше болу мәселелерінен көрінеді. Мемлекеттің халықаралық құқық субъектісі ретінде болуы халықаралық жүйенің өзгешелігін құрайды. Мемлекет, бір жағынан алғанда, халықаралық жүйенің бір бөлігі болса, екінші жағынан, одан тыс та дами береді. Мысалы, XX ғ. 60-жылдарының басында Албания халықаралық ұйымдардың құрамынан шығып, басқа мемлекеттермен дипломатиялық және елшілік қатынастардың бәрін тоқтатып, дербес дамуға бел байлады. Дегенмен, халықаралық құқықтың даму тарихында мемлекеттердің өз ішкі мүмкіндіктерін түгелдей тауысқан кездері сияқты мысалдар да аз емес. Халықаралық ынтымақтастықты қажет ететін объективті сұраныс туындайды. Осындай тарихи кезеңнен Албания да өтті, ол бүгінгі таңда халықаралық құқықтың тең құқылы субъектісінің бірі.Құқық субъектілік мәселелері халықаралық құқық ғылымында әрқашан іргелі орын алып келеді. Олай болуы табиғи да, себебі халықаралық құқық субъектілер арасындағы қатынастарды реттейді, ал субъектілер шеңбері халықаралық өмірдің маңызды құбылыстарына байланысты өзгеріске ұшырап отыратыны белгілі.Кеңес Одағының соңғы кезеңінде одақтас республикаларда, оның ішінде Қазақ КСР-інде нақты тәуелсіздік үрдісі мен халықаралық құқық субъектілікке ұмтылу байқалды. Ол одақ пен одақтас республикалардың құзыретін шектейтін бірқатар нормативтік актілер мен заңдарды қабылдаудан көрінеді. Дәл осы кезеңде Одақтас республикалардың "КСРО құрамынан шығуына байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы" 1990 ж. 3 сәуірінде Заң қабылданған болатын. Біздің республикамызда бұл түрде мелекеттің сыртқы экономикалық қызметін реттейтін бірқатар заң актілерін қабылдаудан, нақтырақ айтқанда, 1990 ж. 15 желтоқсанындағы "Қазақ КСР-інің сыртқы экономикалық қызметінің негізгі қағидалары туралы", 1990 ж. 30 қарашасындағы "Қазақ КСР-індегі еркін экономикалық аймақтар туралы", 1991 ж. 14 маусымындағы "Қазақ КСР-індегі валюталық реттеу туралы" қабылданған заңдардан, Қазақ КСР Президенті шығарған Жарлықтар мен Министрлер Кабинетінің кейбір ережелерінен көрінеді.Жоғарыда аталған заңдар мемлекеттің сыртқы экономикалық дербестігін қуаттайды. Бірақ, республикамыздың Жоғарғы Кеңесінің 1990 ж. 25 қарашасында Қазақ КСР-інің мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларациясын қабылдағаннан кейін Қазақстанның дербес және тәуелсіз мемлекетке айналғысы келетінін, халықаралық қатынастың теңқұқықты субъектісі болатындығын растап берді. Одақ федерациясының барлық субъектілері осыған ұқсас актілер қабылдаған болатын, яғни одақтық басшылықтың дағдарысқа ұшырағаны айқын көрінеді. 1991 ж. 16 желтоқсанында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" конституциялық заң қабылданды, сөйтіп Қазақстан тәуелсіз, дербес мемлекет болғанын жария етті.Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастыққа кірген соң, өзінің халықаралық құқық субъектілігін дамытып және жүзеге асыра отырып, оның нақты мүшесінің бірі болуы қажет еді. Халықаралық құқықта субъектінің объективті қасиеті мыналардан көрінеді: біріншіден, халықаралық құқықтың негізгі субъектілеріне тән тәуелсіздік; екіншіден, дербес шарттық тәжірибесі; үшіншіден, дипломатиялық және елшілік өкілдіктерімен шетелдік мемлекеттермен алмасу; төртіншіден, халықаралық ұйымдардың қызметіне тәуелсіз мемлекеттің қатысуы. Мұндай қасиеттер Қазақ КСР-інде де болғанын, алайда оның жанама халықаралық құқықсубъектіліктен ғана көрінгенін айтып өткен жөн. Тәуелсіз Қазақстан тек 1991 ж. бастап тікелей құқық субъектілікке ие болды. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы дербес халықаралық-құқықтық мәртебе алуға, халықаралық құқықтың негізінде құқықтар мен міндеттерді иеленуге, халықаралық құқық шығармашылықтың қатысушысы болуға мүмкіндік алды.Қазақстан Республикасы халықаралық құқықсубъектілік үшін өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығы нысанындағы тәуелсіздікке ие болуы қажет еді. Егемендік - мемлекеттің сыртқы және ішкі қатынастарда тәуелсіз саяси ұйым болуына мүмкіндік береді. Халықаралық құқық позициясынан мемлекет жағдайын белгілегенде, біз оның таптық мәнін ғана емес, сонымен қатар халықаралық құқықтық негізін және билік, аумақ, халық сияқты элементтерін де айқындаймыз. ҚР Конституциясының 2-бабының 2-тармағында "Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағаның тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді" деп бекітілген. 1958 ж. Египет және Сирия бірігіп, Біріккен Араб Республикасын құрды. 1961 ж. 29 кыркүйегінде Сирия БАР құрамынан шығып, қайтадан БҰҰ-ның дербес мүшесі болды. 1990 ж. Солтүстік және Оңтүстік Йемен біріккен кезде мүшелікке өту осыған ұқсас жағдайда өткен болатын.
Тәуелсіз Мемлекетпер Достастығын қуру кезіндегі құқықмирасқорлық мәселелер.
КСРО-ның бұрынғы субъектілері - мемлекеттер - өздерінің арасындағы бұрынғы барлық қатынастарды түбегейлі қайта қарау керек деп шешті. Ең халықаралық құқық субъектісі ретінде өмір сүруін тоқтатқаны аян болды. Соған сәйкес, халықаралық құқықтың жаңа субъектілерінде де, сондай-ақ мирасқор-мемлекет Ресей Федерациясында да көптеген проблемаларды жеделдете реттеу қажеттігі туралы мәселе пайда болды. Бұл проблемалар, жоғарыда айтып өткеніміздей, аумақ, халық, меншік, шарттық тәжірибелерге, тұрақты және уақытша халықаралық ұйымдардағы мүшелік мәселелеріне қатысты болатын. ТМД-ның барлық мүше-мемлекеттері өздерінің құрылтай құжаттарында сыртқы саясаттың іс жүзіндегі мәселелерін жүзеге асыру үшін тиісті шарт-жағдайлар қалыптастыру туралы жариялап, бұрынғы Одақтың мүліктерінен тиісті, бекітілген әділ үлестеріне ТМД-ның әрбір мүше-мемлекетінің иелену, пайдалану, билік ету құқығын бекітіп жатты. ТМД-ның барлық мүшелері халықаралық шарттардың мемлекеттер арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту және нығайту ісіндегі рөлі туралы мәселені шешуге ортақ мәмілемен келу қажеттілігі жөнінде мәлімдеді.ТМД-ның іс жүзіндегі тәжірибесі көптеген проблемалардың әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқанын көрсетеді. Ол біріншіден, Каспий теңізінің мәртебесін айқындай алмаудан; Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының сыртқы саясатындағы даулы аумақтық мәселелерден; Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" ғарыш кешенің ұзақ мерзімге жалға алу мәселесінің толық көлемде шешілмеуінен байқалады және біздің ұлы отандастарымыз Ш.Уәлиханов пен Ә.Бөкейхановтың қаламдарынан шыққан Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Томск қалаларының кітапхана қорларында жатқан мұрағаттық құжаттардың бірқатарын беру мәселелесі шешілу сатысында тұр.1991 ж. 8 желтоқсандағы ТМД-ны құру туралы келісімде, 1991 ж. 21 желтоқсандағы Алматы Декларациясында, 1993 ж. 22 қаңтардағы ТМД жарғысында жалпы экономикалық кеңістікті, жалпы еуропалық және еуразиялық нарықты қалыптастыру және дамыту; жұрт таныған нормалар мен халықаралық құқық қағидалары негізніде демократиялық құқықтық мемлекеттер құруға ұмтылу; ТМД мүше-мемлекеттерінің азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау жауапкершілігін сезіну мәселелерінде ынтымақтастықтың жолын қуу бірнеше мәрте бекітілді.ТМД аясында құқықмирасқорлықты жүзеге асыру ТМД-ға мүше-мемлекеттердің мүдделерін, сондай-ақ ТМД мемлекеттерінің басқа мемлекеттермеқ халықаралық ұйымдармен қатынастарын келістіру үшін уақыт талап ететін күрделі процесс.Сонымен, құқықмирасқорльқ дегеніміз - дамуына әлемдік аренада болып жатқан тарихи өзгерістер үлкен әсерін тигізетін халықаралық жария құқықтың бір институты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |