ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ "Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы" Жоғары мектеп Кафедра: «Химия» ПРЕЗЕНТАЦИЯ (МӨЖ №3) Тақырыбы: Түстің айқындылығын өлшеудің визуальды әдістері. Стандартты ерітінділердің қатарын пайдалану әдісі (түстердің бағанасы). Сұйылту әдісі.
Орындаған: Асан Рахат Тобы: МЕП 23-4нк2 Қабылдаған: х.ғ.к., доцент, Урмашев Б.А Шымкент, 2023 ж
Боялған ерітіндідегі заттың концентрациясын сол ерітіндіде жұтылған жарық мөлшерін өлшеу арқылы анықтауға негізделген сандық анализдің (талдаудың) әдістер тобы. Ерітіндіде жұтылған жарықтың мөлшерінің және ерітінді қабатының қалыңдығы мен ерітінді концентрациясы арасындағы байланыс Бугер-Ламберт-Бер заңы бойынша анықталады:
Зерттелетін ерітінді мен стандартты ерітіндінің боялу қарқындылығын салыстыруарқылы сутегіиондарының концентрациясы анықталады, ол үшін суға сутек концентрациясына қарай түстерін өзгертетін әр түрлі заттар (индикаторлар) қосылады. Өлшеулер колориметрлермен және
фотометрлермен жүргізіледі.
Сурет – 1. Колориметр
Талдау тәжірибесінде алғаш мәрте колориметрия әдісін қолдануға ұсынған К. Гейнс болды. Колориметрия әдісінде заттың ерітіндісі арқылы өткен жарықтың ағысының айқындылығы стандарттық ерітінді арқылы өткен жарықтың ағысында айқындылығымен визуалдық түрде, яғни арнайы бақылау құралдарымен жабдықталмаған жай ғана көзбен қарау арқылы салыстырылады.