Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді

Дата20.06.2016
өлшемі65.41 Kb.
#149571
Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру

Мемлекеттік орган

«Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi

Көрсетілетін қызметті алушылар

Жеке және заңды тұлғалар

Көрсетілетін қызметтерді ұсыну орны (аталған қызмет көрсетілетін қызметтерді көрсету орындарын таңдау)

«Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Көрсетілетін қызметтердің құны

Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді.
      1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 40 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – AЕК) құрайды;
      2) лицензияларды қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлемесінің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;
      3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым - лицензия беру кезіндегі мөлшерлемесінің 100 пайызы.
      Лицензиялық алымды төлеу бюджеттік жіктеуіш коды – 105402, төлемді тағайындау коды – 911 деректемелері бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Портал арқылы лицензия алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» лицензиялық алымның төленгені туралы электрондық чек жіберіледі. Төлем туралы ақпарат көрсетілетін қызметтерге төлем жасау тарихында сақталады.

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қызметтерді көрсету мерзімі

     лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 15 (он бес) жұмыс күні;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін – 7 (жеті) жұмыс күні;
      лицензияның телнұсқасын беру үшін – 2 (екі) жұмыс күн

«Электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді көрсету мерзімі

лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 15 (он бес) жұмыс күні;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін – 7 (жеті) жұмыс күні;
      лицензияның телнұсқасын беру үшін – 2 (екі) жұмыс күн

«Электрондық лицензиялау» веб-порталы арқылы қызметтерді көрсету

Көрсетілмейді

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызметтерді көрсету

1) лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшiн:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
      2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
      көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:

      4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу мерзімі көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету

1) лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшiн:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – сәйкестендіру үшін көрсетілетін қызмет алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге өкілеттілікті куәландыратын құжат;
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
      2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі);
      4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі).
      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензия туралы мәліметтерді порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін мынадай құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі).
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі лицензияның мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы уәкілетті лауазымды адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электронды құжат нысанында алады.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін, дара кәсiпкерді мемлекеттiк тiркеу, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы уәкілетті лауазымды адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электронды құжат нысанында алады.
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызмет беруші заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету

Көрсетілмейді

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі

пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы не осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы.
      Лицензияны қағаз жеткізгіште алуға көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөр басылады және оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды.

Достарыңызбен бөлісу:

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет