Пікір жазғандар



бет33/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
      1. Өрт қауіпсіздігінің жалпы ұғымдары


Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы құқықтық, экономикалық жəне əлеуметтік негіз- дері Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы


№48 «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңында ұсынылған. Өрт қауіп- сіздігі саласындағы нормативтік құжаттар ретінде «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері» (ҚР ӨҚЕ 08-97), Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі (ЕҚСЖ) мемлекеттік стандарттары, Құрылыс нормалары жəне ережелері (ҚНжЕ) жəне т.б. қолданылады. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мем- лекеттің маңызды қызметінің бірі болып табылады.
Өрт қауіпсіздігінің маңызды ұғымы ретінде «өрт» ұғымы алынады, ол азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану болып табылады.
Заң өрт қауіпсіздігін адамдардың, мүліктің, қоғам мен мем- лекеттің өрттен қорғалуының жай-күйі ретінде, ал өрт қауіп- сіздігінің талаптарын өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақса- тында ҚР заңнамасында, басқа нормативтік құжаттарда немесе уəкілетті мемлекеттік органмен белгіленген техникалық жəне / немесе əлеуметтік сипаттағы арнаулы шарттары ретінде анық- тайды.
Бұл ретте өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу ретінде өрт қауіпсіздігінің талаптарын орындамау немесе тиісті жолмен орындамау қабылданады.
Өрт қауіпсіздігінің барлық талаптары не өрттің шығуының алдын алуға не оны жою мүмкіндіктерін ұйымдастыруға бағыт- талады.
Өрт қауіпсіздігі жүйесі ретінде өртпен күресуге бағытталған күштер мен құралдардың, сондай-ақ құқықтық, ұйымдық, эко- номикалық, əлеуметтік жəне ғылыми-техникалық сипаттағы шаралар жиынтығы қабылданады.
Өнеркəсіп кəсіпорындарындағы, көліктегі жəне тұрмыстағы өрттер адамдар үшін үлкен қауіп төндіреді жəне ауқымды материалдық залал тигізеді. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері мемлкеттік маңызға ие [17].
Өрт қауіпсіздігі объектіде өрттің шығуын болдырмайтын объектінің күйін қарастырады, ал өрт шыққан жағдайда адам- дарға өрттің қауіпті факторларының əсерін болдырмау жəне ма- териалдық құндылықтарды қорғауды қамтамасыз ету қарас- тырылады. Өрт қауіпсіздігі ретінде өрттердің алдын алуға жəне жоюға бағытталған ұйымдық шаралар мен техникалық құрал- дардың кешені қабылданады. Қазіргі заманғы өрттен қорғауда өртті жылдам анықтау жүйелері, уақытылы жəне білікті пайда- лану өртті жаңа басталған кезінде жою мүмкіндігін беретін за- манауи техника жəне тиімді өрт сөндіру құралдары қолданы- лады.
Өртке қарсы шараларды жəне өртті сөндіруді дұрыс ұйым- дастыру жану кезінде болатын химиялық жəне физикалық үде- рістердің мəнін түсінбей, мүмкін болмайды. Бұл үдерістерді білу отпен табысты күресу мүмкіндігін береді.
Жану – бұл күрделі, жылдам өтетін заттардың физика-хи- миялық өзгеруі, жылудың мол мөлшерін жəне жарқырауды бөлумен бірге жүреді. Жану үш фактормен: жана алатын зат- тармен, тотықтырғышпен (əдетте, бұл ауадағы оттегі, алайда болуы мүмкін хлор, фтор, бром, азот тотықтары жəне т.б. заттектер) жəне тұтандыру көзімен мүмкін болады. Жанғыш зат жəне оттегі əрекет етуші заттар болып табылады жəне жанғыш жүйені құрайды, ал тұтандыру көзі онда жану реакциясын тудырады. Мұндай экзотермиялық реакцияның мысалы – көміртектің жануы С + О2 = СО2 + 383,5 кДж/моль.
Ауада шамамен 21 % оттегінің болатыны белгілі. Жану көп жағдайларда оттегінің концентрациясы 14-18 %-ға дейін төмен- дейтін болса мүмкін болмайды жəне тек кейбір заттар ғана (су- тегі, этилен, ацетилен жəне бірқатар басқа заттектер) оттегінің
10 % концентрациясында жануы мүмкін. Жану мен тотықтыр- ғыштың арақатысына байланысты нашар жəне жақсы жанғыш қоспаларды ажырату қабылданған. Нашар қоспаларда тотықтыр- ғыш артығымен болады, ал жақсы жанатындарда жанғыш көп болады. Егер жану үдерісі оттегінің артық болуы кезінде орын алатын болса, онда толық жану туралы айтылады, бұл жағдайда жану өнімдері су, көмірқышқыл газы жəне т.б. болады, яғни əрі қарай тотығуға қабілетсіз заттар. Толық емес жану оттегінің жетіспеуі кезінде болады жəне түзілетін өнімдер уытты жəне жанғыш болады (яғни əрі қарай тотығуға қабілетті). Мысалы, көміртек тотығы, спирттер, альдегидтер жəне т.б.
Қасиеттеріне байланысты жанғыш қоспалар гомогенді жəне гетерогенді болады. Гомогенді жану кезінде жанғыш зат жəне тотықтырғыш бірдей агрегаттық күйде болады (мысалы, жан- ғыш газдың жəне ауаның қоспасы), ал гетерогендік кезінде – заттар жану кезінде бөліну шегіне ие болады (мысалы, қатты немесе сұйық заттардың ауамен байланысында). Таралу жыл- дамдығына қарай жалын дефлаграциялық (ондаған м/с), жары- лыстық (жүздеген м/с) жəне детонациялық (мыңдаған м/с) бо- лып бөлінеді. Өрттер үшін дефлаграциялық жану тəн. Жану үде- рістерін қарастыру кезінде оның келесі түрлерін ажырату керек: тұтану, лапылдау, жалындау, өздігінен жалындау, өздігінен ла- пылдау, жарылыс. Лапылдау (жалындау) жəне өздігінен жалын- дау (өздігінен лапылдау) үдерістері арасындағы айырмашылық- ты білу керек. Жалындаудың пайда болуы үшін жану жүйесіне заттың өздігіне жалындау температурасынан жоғары темпера- тураға ие жылу импульсін беру қажет. Жалындау температура- сынан төмен температуралар кезінде жанудың туындауы өздігі- нен лапылдау (өздігінен жалындау) үдерісіне жатқызылады. Зат- тардың өздігінен лапылдауы жасырын немесе сыртқы қыздыру көзінің əсерінен қызу нəтижесінде туындайды.
Жану үдерістерін қарастыру кезінде оның келесі түрлерін ажырату керек: тұтану, лапылдау, жалындау, өздігінен жалын- дау, өздігінен лапылдау, жарылыс. Тұтану – бұл сығылған газ- дарды түзумен бірге жүрмейтін жанғыш қоспалардың жылдам жануы. Лапылдау – от алу көзінің əсерінен өртене бастауы. Жалындау – от алу көзінен басталған жəне оны жойғаннан кейін
де жалғасатын заттың жалындап жануы. Тұтанғыштық – тұтан- дыру көзінің əсерінен тұтану (жалындау) қабілеті.
Өздігінен лапылдау – тұтандыру көзі болмаған кезде зат- тардың (материалдың, қоспаның) жануының туындауына əкеле- тін экзотермиялық реакциялардың жылдамдығының күрт арту құбылысы. Өздігінен жалындау – жалынның пайда болуымен қатар жүретін өздігінен тұтану. Жарылыс деп механикалық жұ- мысты жүргізуге қабілетті сығылған газдарды түзумен жəне энергияны бөлумен бірге жүретін заттардың аса жылдам химия- лық (жарылғыштық) өзгеруі аталады.
Лапылдау (жалындау) жəне өздігінен лапылдау (өздігінен жалындау) үдерістері арасындағы айырмашылықты түсіну ке- рек. Жалындаудың туындауы үшін жанғыш жүйеге өздігінен жалындау температурасынан жоғары температураға ие жылу импульсін беру қажет. Жалындау температурасынан төмен температурада жанудың пайда болуын өздігінен лапылдау (өз- дігінен жалындау) үдерісіне жатқызады. Заттың жылулық өздігі- нен лапылдауы жасырын немесе сыртқы қыздыру көзінің əсе- рімен өздігінен қызу нəтижесінде туындайды. Өздігінен жалын- дау тек өздігінен тотығу үдерісінде бөлінетін жылудың мөлшері қоршаған ортаға жылуды бөлуден аспайтын жағдайда ғана мүмкін болады.
Өздігінен жалындау температурасы – бұл заттың ең төмен температурасы, ол кезде жалындап жанудың туындауымен аяқталатын экзотермиялық реакциялар жылдамдығының күрт артуы орын алады. Өздігінен жалындау температурасынан басқа жанғыш заттар индукция кезеңімен немесе өздігінен жалын- даудың кешігу уақытымен сипатталады. Индукция кезеңі деп жалындауға дейін өздігінен қызу орын алатын уақыт аралығы аталады. Индукция кезеңі жанғыш затқа жалындаудың аз қуатты көздерінің (ұшқынның) əсер етуі кезінде тəжірибелік маңызға ие болады. Бұл жағдайда жалындау қоспа индукциясының кезеңі мен ұшқынның салқындау уақытының арақатысына байланысты болады. Бұл ретте, егер индукция кезеңі ұшқынның салқындау уақытынан көп болса, онда қоспаның жалындауы болмайды.
Кейбір заттар қалыпты температурада болған кезде өзді- гінен лапылдауы мүмкін (үгінділер, торф, қазылып алынатын
көмір жəне т.б.). Өздігінен лапылдауға бейім заттардың өрт қауіптілігі аса жоғары болады, себебі олар қоршаған орта- ның заттардың өздігінен жалындау температурасынан тө- мен температурасында жылуды ешқандай да берусіз тұтанулары мүмкін, ал өздігінен тұтанатын заттардың индукция кезеңі бірнеше сағатты, күндерді жəне тіпті айларды құрауы мүмкін.
Газдардың өртке жарылысқа қауіптілігі ауадағы жалындау аумағымен (жалындаудың концентрациялық шектерімен), тұтану энергиясымен, жану температурасымен жəне жалынның таралу жылдамдығымен анықталады. Жалындаудың ауқымды аумағына ие газдар неғұрлым қауіпті болады, мысалы, ацетилен, сутек, күкіртті сутек [18].
Барлық жанғыш сұйықтықтар булана алады жəне олардың жануы сұйықтықтың бетінде болатын тек бу фазасында өтеді. Булардың мөлшері сұйықтықтың құрамы мен температурасына байланысты болады. Ауадағы булардың жануы тек олардың белгілі бір концентарциясында ғана мүмкін болады. Бірқатар материалдарды өндіру үдерісінде шаң түзіледі, ол ауада жарыл- ғыш қоспаларды түзуі мүмкін.
Өндірістегі өрттердің негізгі себептері – жабдық жұмы- сының технологиядық режімінің бұзылуы, электр жабдығының ақауы, жабдықты жөндеуге нашар дайындау, əр түрлі мате- риалдардың өздігінен тұтануы жəне т.б.
Өрттердің алдын алу жүйесінде өрт профилактикасы зор маңызға ие. Ол өрттердің алдын алу жəне жою бойынша шара- ларды қарастырады, оттың таралу аумағын шектеуді жəне адам- дар мен мүлікті жанып жатқан жайдың ішінен табысты көшіруді қамтамасыз етуді қоса. Өрттер мен жарылыстардың алдын алу үшін жанғыш жəне жарылысқа қауіпті ортаның түзілу ықтимал- дылығын болдырмау жəне бұл ортада тұтандыру көздерінің пайда болуының алдын алу қажет. Ғимараттар мен құрылыс- тарда өрттің шығу ықтималдалығы, сондай-ақ оттың оларда таралуы олар салынған материалдар мен конструкцияларға, ғимараттың көлеміне жəне олардың жоспарлауына байланысты болады жəне нормативтік құжаттарға сəйкес 10-6-нен (мил- лионнан бірі) аспауы тиіс.
Тиімді шара ғимаратты өртке қарсы бөліктерге өртке қарсы тосқауылдармен бөлу болып табылады. Оттың таралуын шек- теу, сондай-ақ адамдарды ғимараттан көшіру бойынша шара- ларға баса көңіл бөлінуі тиіс. Өртті сөндіру бойынша тактика- лық əрекеттерді жылдам күшейтуді қамтамасыз ету үшін ғима- раттарға, құрылыстарға, сумен қамтамасыз ету көздеріне жəне т.б. кіру құрылғылары қарастырылады. Өрттің жəне жарылыс- тың туындау ықтималдылығын бағалау үшін барлық өндірістің өрт қауіптілігі дəрежесі бойынша сыныптамасы енгізілген (олар барлығы алтау – А, Б, В, Г, Д, Е). Санаттарды анықтау технологиялық жабдық нормалары бойынша немесе өндіріс- тердің арнайы тізімдері бойынша жүзеге асырылады.
Өрт қауіпсіздігінің дəрежесі құрылыс материалдары мен конструкциялардың тұтанғыштығымен байланысты, олар осы сипаты бойынша үш топқа бөлінеді: жанбайтын (металл кон- струкциялар, кірпіш, бетон, қиыршық тас, құм жəне т.б.), қиын жанатындар (саманнан жасалған кірпіш, гипстік құрғақ сылақ, линолеум жəне т.б.) жəне жанатындар (ағаш материалдар, кар- тон, киіз, асфальт, рубероид, кейбір электр оқшаулау материал- дары жəне т.б.).
Ғимараттар мен құрылыстардың өртке қарсы қасиеттерін бағалауда олардың отқа төзімділігі үлкен мəнге ие. Отқа төзім- ділік – бұл ғимараттың құрылыс конструкцияларының белгілі бір уақыт ішінде өрт жағдайында салмақ түсетін жəне қоршау қызметін орындау қабілеті. Ол отқа төзімділік шегімен сипатта- лады. Объектінің отқа төзімділік шектері адамдарды көшіру барысында немесе олардың ұжымдық қорғау орындарында бо- луының барлық уақыт кезеңінде конструкцияның салмақ түсетін жəне қорғау қызметтері сақталатындай шекте болуы тиіс. Бар- лық ғимараттар мен құрылыстар отқа төзімділіктері бойынша жанбайтындардан жанатындарға дейін бес дəрежеге бөлінеді (I-V).
Жанып жатқан ғимараттардан адамдарды көшіру үшін эва- куациялық есіктер қарастырылады, бұл есіктерге жету жол- дарының сұлбалары көрінетін жерлерге ілінеді. Көшіру жол- дары адамдардың сыртқа аз уақыт ішінде ең қысқа жолмен қауіпсіз шығуын қамтамасыз етулері тиіс. Егер бірінші қабат-
тағы жайлардан тікелей сыртқа немесе дəліз, вестибюль, бас- палдақ алаңы арқылы шығаратын болса, есіктер эвакуациялық болып саналады. Эвакуациялық есіктер ережеге сай екеу болуы тиіс. Эвакуацияға арналған есіктер ғимараттан шығу жағына қарай ашылулары тиіс. Көшіру жолдарында жылжымалы жəне көтермелі есіктерді орнатуға тыйым салынады.
Эвакуациялық шығу есіктеріне өту жолдарын бөгде заттар- мен (жиһазбен, пайдаланылмайтын жабдықпен жəне т.б.) бөгет- теуге тыйым салынады. Ғимараттар жəне құрылыстар өрт кезін- де түтінді шығаруға арналған құрылғылармен жабдықталулары тиіс (аэрациялық люктер, арнайы түтін люктері жəне т.б.).
Өртті сөндіру жүзеге асырылуы мүмкін: 1) жоғары жылу сыйымдылыққа ие жанатын материалдарды қатты салқындату- мен; 2) жанғыш материалдарды атмосфералық ауадан оқшаулау- мен; 3) жану ошағына түсетін ауадағы оттегінің құрамын азай- тумен; 4) арнайы хииялық құралдарымен. Өртті сөндіру үшін пайдаланылуы мүмкін: су, су буы, химиялық жəне ауа-механи- калық көбік, жанбайтын газдар, қатты отты сөндіретін ұнтақтар, арнайы химиялық заттар жəне құрамдар.
Сумен сөндіру. Су шағын да, үлкен де өрттерді сөндіру үшін жарамды, неғұрлым қол жетімді, арзан жəне кеңінен қол- данылатын өртті сөндіру құралдарының бірі болып табылады. Суды өртті сөндіру құралы ретінде пайдалану кезінде су ау- қымды жылу сыйымдылығына ие бола отырып, жанғыш заттар- дан жылудың елеулі мөлшерін алады, осылайша, жану ошағы- ның температурасына жану мүмкін болмайтындай мəнге дейін төмендетеді. Демек, өртті сөндіру кезінде ол (судың бастапқы температурасы 20ºС, соңғы – 100ºС) жану ошағынан 335 кДж тартып алады. Содан кейін бу түзудің жасырын жылуы есебінен сұйық күйден бу тəріздес күйге ауыса отырып, тағы да 2260 кДж алады. Бұл ретте түзілетін бу (1 л судан 1700 л бу) жанудың тоқтауына қосымша себін тигізе отырып, оттегінің жанып жат- қан затқа өтуіне кедергі келтіреді. Суды келесілерді сөндіру ке- зінде қолдануға болмайды: онымен реакцияға түсетін заттарды (металл, калий, натрий), токтан ажыратылмаған электр қондыр- ғыларын жəне бұл кезде түзілетін ацетиленнің жарылу ықтимал- дылығынан кальций карбидін.
Өртті сөндіру үшін суды қолданады: шағын ағын түрінде, себелеу күйіндегі, жоғары дисперсиялы күйде, сондай-ақ ауа- механикалық көбік түрінде. Жану ошағына бағытталған судың шағын ағындары қатты күшке ие жəне механикалық əрекет ете отырып, бір уақытта ыстық беттерді салқындата отырып, жалынды басады. Мұндай ағынмен өртті сөндіруді алыс қашықтықтан жүзеге асыруға болады, бұл жану ошағына жақындауды қиындататын жылудың қарқынды сəулеленуі кезінде аса маңызды. Жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды шағын ағынды пайдалана отырып, сумен сөндіруге болмайды, себебі мұндай сұйықтықтар судың үстіңгі бетіне шығады жəне жануын жалғастырады. Себеленген күйдегі су 120ºС-ден астам тұтану температурасымен мұнай өнімдерін сөндіру үшін қолданылуы мүмкін. Суға 0,2-2,0 % (салмағы бойынша) көбік түзгіштерді қосу оның отты сөндіру қасиеттерін жақсартады, су шығыны 2-2,5 есе азаяды, сөндіру уақыты қысқарады.
Бумен сөндіру. Егер кəсіпорында үлкен ресурстар болса, бумен сөндіру мақсатты болуы мүмкін. Сөндіру қағидаты қарапайым жəне өрт шыққан жайды жылдам бумен толтырады (5-10 минут) жəне температураны + 85ºС-ге дейін жеткізеді. Бұл ретте жайда қабырғадағы жəне төбедегі барлық тесіктер мен ойықтарды тығыздап жабу керек, сығылатын ауаны шығару үшін еденде мұндай тесіктерді қалдырады.
Көбікпен сөндіру. Көбік деп газ бір-бірінен сұйықтықпен бөлінген ұяшықтарға салынған дисперстік жүйені атайды. Көбік қатты заттардағы жəне əсіресе жеңіл тұтанатын сұйықтықтар- дағы (суда ерімейтін жəне одан жеңіл) өртті сөндіру үшін кеңі- нен қолданыс тапқан. Көбік жанғыш сұйықтықтың үстіңгі бетін- де белгілі бір құрылымдағы жəне төзімділіктегі бу өткізбейтін қабатты түзу арқылы жану аймағын оқшаулайды. Көбікті ста- ционарлық, жылжымалы, тасымалы құрылғылардан жəне қол өрт сөндіргіштерінен алады.
Көмірқышқылымен (көміртектің қос тотығымен) сөндіру, оның жану ошағының ауасына түсе отырып, ондағы оттегінің құрамын (21 %-дан бастап) шегіне дейін (15,16%) төмендететін- дігінен тұрады, бұл кезде көптеген жанғыш заттардың жануы мүмкін болмайды. Көміртек қос тотығын, негізінен, кернеудегі электр қондырғыларын сөндіру үшін қолданады.


      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет