Байыту жабдықтарының өнеркәсіптік қауіпсіздігінің жалпы салалық талаптары 1 – тарау. Жалпы талаптар



бет1/9
Дата13.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#132689
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2010 жылғы «8» желтоқсандағы

№ 429 бұйрығымен

бекітілген

Байыту жабдықтарының өнеркәсіптік қауіпсіздігінің жалпы салалық талаптары

1 – тарау. Жалпы талаптар
1. Бұл Талап байыту өндірісін жобалау, құрылысы, эксплуатациялау, қайта конструкциялауға таратылады.

2. Байыту өндірісінде мыналар әзірленеді:

1) өндірістік бақылау туралы ереже;

2) технологиялық регламенттер;

3) ұйымның техникалық басшысы бекіткен апатты жою жоспары.

Технологиялық регламент – кәсіпорынның өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерін, техникалық құралдарын, технологиялық үдерісті жүргізу тәртібі мен шартын анықтайтын, дайын өнімді сапа көрсеткішімен алуды қамтамасыз ететін, стандарт талаптарына жауап беретін, сонымен қатар жұмысты қауіпсіз жүргізуді және өндірістің оңтайлы технико-экономикалық көрсеткішіне қол жеткізуін анықтайтын ішкі нормативті құжаты.




2 – тарау. Өндірістік алаңдар, ғимараттар, құрылыстар және жайларға қойылатын талаптар

3. Кәсіпорын аумағы таза ұсталынуға және үнемі өндіріс қалдықтарынан тазартылып отырылады. Жаз мезгілінде жолдарға, аяқ жолдарына және өту жолдарына су себіледі, ал қыс мезгілінде қар мен мұздан тазартылады. Көктайғақ болғанда жолдар мен аяқ жолдарына құм, күл немесе басқа да ұқсас материалдар себіледі.

4. Кәсіпорын аумағында ашық және қоршалмаған шұңқырлар, орлар, ұзын орлар, құдықтар болуына жол берілмейді. Технологиялық мақсаттар үшін немесе құрылыс немесе жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты орнатылған шұңқырлар, орлар, ұзын орлар, жабық тесіктер, құдықтар, егер олар жұмыс жағдайлары бойынша ашық болса, онда олардың биіктігі 1,0 м-ден төмен емес қоршауы, ал тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырылады, «Қауіпті аймақ» ескерту белгілері ілінеді.

Орлардан, ұзын орлардан және шұңқырлардан өтетін жерлерде сүйеніш тетігімен қоршалған өту көпірлері жасалады.

5. Кәсіпорын аумағындағы жағасына топырақ үйіп бекітілмеген су алаптары биіктігі 1,0 м-ден төмен емес сүйеніш тетіктермен қоршалады.

6. Жер жұмыстары наряд-шақтама арқылы жүргізіледі. Наряд-шақтамаға жұмыстар өндірісі жері көрсетілген атқарушы сызбаның көшірмесі қосылады.

7. Зиянды немесе улы заттардың қалдықтарын сақтау, тасымалдау және жою талапқа сәйкес жоба бойынша жүргізіледі.

8. Едендер былайша істелінеді:

1) технологиялық процестерде сұйық заттар қолданылатын жайларда ылғалды өткізбейтін таймайтын төсеніші және трап немесе зумпфқа қарай ағуды қамтамасыз ететін еңісті;

2) агрессивті заттар қолданылатын жайларда олардың ықпалдарына төзімді;

3) электролиз цехтарында электрді өткізбейтін, ылғал өтпейтін және жылуға төзімді;

4) металлургия агрегаттарының жұмыс алаңдары мен цехтардағы ыдысқа құю өткелдері беті тайғанақ емес, шұңқырлары мен шығыңқы жерлері жоқ берік тозбайтын материалдардан;

5) жайлардың жарылыс және өрт қаупі бар аймақтарында - ұшқынсыз.

9. Агрессивті ортаның ықпалындағы ғимараттар мен жайлардың барлық құрылыс құрылғылары тоттанудан қорғанылады.

10. Өндірістік жайлар мен қоймаларға темір жол составтары мен үлкен жүкті автомобильдер кіру үшін олардың ойықтары (қақпалары) көлік құралдары кіруі мен шығуына рұқсат ету немесе тыйым салу үшін жарық дабыл құралдарымен, сондай-ақ жайларда жұмыс істеп жатқан адамдарды хабардар ету үшін дыбыс дабыл құралдарымен жабдықталады және «Қауіпті аймақ» ескерту белгілері ілінеді.

Қақпалардың ашу және жабу механизмі кіру (шығу) дабыл құралымен қатар жалғасады.

11. Өндірістік ғимараттардағы (жайлардағы) өтетін жерлер мен өткелдердің шекаралары қоршалады немесе көрінетін сызықтармен анық белгіленеді.

12. Төсенішті крандар жұмыс істейтін цехтар мен қоймалар ғимараттарындағы кран өткіндері мен кіретін қақпаларға адамдар өтуге арналған есіктер олардың және кіретін қақпалардың орналасқан жеріне қарамай крандардың жұмысы туралы ескертетін жарық дабыл құралдарымен жабдықталады. Кран өткіндері орындарына «Қауіпті аймақ» ескерту белгілері ілінеді.

13. Әрбір цехта өндірісті есепке ала едендер мен басқа да құрылыс құрылғыларын, жұмыс алаңдары жабдықтарын, сатыларын, өткелдері мен өтетін жолдарын жиыстырудың белгіленген тәртібі қалыптастырылады.

Жұмыс орындарын, өтетін жолдарды, жайлардан шығатын есіктерді, өртке қарсы жабдықтарды, өрт өшіретін және байланыс құралдарын ыбырсытуға тыйым салынады.

Өндіріс үшін қажетті жабдықтардың бөлшектері мен материалдар оларға арналған жерлерде және оларды сақтау ережелерін сақтаумен белгіленген мөлшерде ғана болады.

14. Технологиялық процестерде тез тұтанғыш ұнтақ материалдар мен олардың қоспаларын өндіретін және пайдаланатын жайларда шаңдарды жиыстыру жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін шаралар технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

15. Ғимараттардың шатырлары шаңнан, мұздан және қардан тазартылады. Шатырларды тазарту жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

16. Ғимараттарды, жайларды және сыртқы құрылғыларды найзағайдың тікелей түсуінен және оның салдарынан қорғау ғимараттар мен жайларды найзағайдан қорғау құралдары мен жобалау жөніндегі талаптарға сәйкес орындалады. Тексеру қорытындылары еркін түрде актімен ресімделеді. Байқалған ақаулықтар жойылады.

17. Өндірістік ғимараттар мен жайларды жөндеу жұмыстары ғимараттар мен жайларға жоспарлы алдын ала ұйымның техникалық басшысы бекіткен жөндеу жүргізу кестесіне сәйкес жүргізіледі.

18. Ғимараттардың құрылыс конструкцияларына түсетін салмақты өзгерту тек есебін тексергеннен кейін және жобалаушымен ғана рұқсат беріледі немесе осындай қызмет түріне құқығы бар ұйыммен келісілгенде ғана.




3 - тарау. Жылыту, желдету және ауаны кондициялау.

Су құбыры және канализация. Жарықтандыру

19. Металлургия өндірісіндегі ғимарат пен құрылысты жылыту, желдету және ауасын кондициялау «Жылыту, желдету және ауа азарту», «Өндірістік кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық нормалары», ҚНжЕ 12.4.021-75. ЖҚСЖ. Желдету жүйелері талаптарына сәйкес болады. Жалпы талаптарға және осы Талапқа сәйкес болады.

20. Сумен және бумен жақындасқанда жарылыс немесе жалын тудыратын заттар шығарылатын, қолданылатын және сақталатын ғимараттарда сумен қамтамасыз ететін, канализация және жылыту жүйелері құрылысы технологиялық өнімге су тимеуін қамтамасыз етеді.

21. Өндіріс процесі кезінде жобада қарастырылған барлық негізгі ағынды-тартпалы және аспирациондық желдету қондырғыларының жұмысы үзіліссіз қамтамасыз етіледі. Желдету жүйелері дұрыс болмаған жағдайда улы, жарылыс өртқауіпті немесе өрт қауіпті заттарды шығаратын технологиялық құрылғыларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

22. Жарылыс қаупі бар, сондай-ақ қауіп мөлшері 1-класты зиянды заттар өндірілетін, сақталатын, бәлкім пайда болатын ғимараттарда тұтанудың төменгі жиналу шегі 20 %-тен аспайтын жарылыс қаупі бар ЖТС газдары мен булары жинақталған ауа пайда болған, ал жарылыс қауіпі бар зиянды газдар, булар, және аэрозолдар, сондай-ақ тік бағытталған газдардың – концентрациялары ҚНжЕ 12.1.005-88 ЖҚСЖ. Жұмыс аумағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар бойынша шектік рауалы мәнге жеткен жағдайда ауа қабатына іске қосылатын жарық және дыбыс дабылдағыштары бар автоматты газоанализаторлардың көмегімен бақылау жасалады.

Дабыл қаққыш аспаптар саны, олардың орналасуы және сақталуы дабыл қаққыштың мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.



Автоматты газоанализаторлар өндірісте сериялы түрде шығарылмайтын болса, бақылау жұмыс орнының ауа құрамының зияны мен жарылыс қаупіне бақылау жасау ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

23. Желдету жүйелері жұмысының тиімділігін құрал-саймандық тексеру ең кемі жылына бір рет, сондай-ақ әрбір түбегейлі жөндеу мен оларды қайта жарақтандыруда кейін жүргізіледі. Тексеру актілерін ұйымның бас техникалық жетекшісі бекітеді.

24. Желдету қондырғыларына ҚНжЕ 2.601-95 КҚБЖ. Пайдалану құжаттары талаптарына сай төлқұжаттар толтырылады.

Желдету қондырғыларын жөндеуге қатысты барлық мәліметтер төлқұжатқа тіркеліп отырады.

25. Желдету жүйелерінің сызбалары мен жұмыс параметрлерінің өзгеруі жобалау бойынша жүргізіледі.

26. Желдету жүйелерінің реттеу қондырғылары қызмет көрсетуге мүмкіндік беретіндей немесе қашықтан басқарылатындай болады.

27. Әрбір кәсіпорында желдету жүйелерінің дұрыс және тоқтаусыз жұмыс істеуін, жөндеу мен пайдаланылуын қамтамасыз ететін қызмет саласы құрылады.

28. Желдету жүйесін қамтамасыз етуге қатысы жоқ кісілерге желдету ғимаратына кіруге, желдеткіштерді қосуға, ажыратуға, сондай-ақ желдету жүйесінің арматурасын ашып-жабуға тыйым салынады.

29. Су құбырлары мен канализациялары «Ішкі су құбырлары мен ғимарат канализациялары» ҚНжЕ талаптарына сай болады.

30. Шаруашылық-ауызсу су құбырларын техникалық су беретін су құбырларымен қосуға жол берілмейді.

31. Киімдерге от кетуі немесе химиялық күйікке ұшырау мүмкіндігі бар өндірістік орындарда әуіздер, крандар, адамдар өзіне-өзі көмек көрсете алатын қолжуғыштар мен су сақталатын орындар, апатқа қарсы себезгілер орнатылады. Бұл қондырғылар қол жететін жерлерге орналастырылып шаруашылық-ауызсу су құбырларымен жалғасады.

Су тиген кезде жарылыстан бұзылатын немесе тұтанатын заттарды қолданатын және сақтайтын орындарда мұндай заттарды ұстауға болмайды.

32. Технологиялық аппараттар жанындағы канализациялық су қашыртқыларының аппараттарды жөндеуге қойған кезде жапқыштар орналастыруға қажетті өткізу құбырларында су ұстағыштары мен фланц қосқыштары болады. Су жапқыштары сондай-ақ тұндырғыштың алдындағы ластанған су канализациясы өткізгіштеріне орналастырылады. Ұстағыштардың орналасқан жері мен олардың конструкциялары ыңғайлы да қауіпсіз тазартуға және оларды жөндеуге мүмкіндік беретіндей болады.

33. Канализациялық желілер мен құдықтарды тексеру мен тазарту ұйымның техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша технологиялық регламентке сай жүргізіледі.

34. Қашыртқы суды су айдындарына тазартылмай жіберуге рұқсат етілмейді. Кәсіпорындар өндірістік және тұрмысқа қажетті суды тазарту тиімділігіне тұрақты түрде ұйымның техникалық басшысы бекіткен тәртіппен бақылау орнатылады.

35. Өндірістік жайларда жұмыс және қауіп-қатер кезінде жарықтандыру шаралары қарастырылады.

36. Кәсіпорын аумағын, қосалқы бөлмелер мен жекелеген жұмыс орындарын жарықтандыру белгіленген нормаларға сай болады.

37. Технологиялық процестер өзгерген кезде, цехтың жекелеген учаскелеріндегі құрал-жабдықтар орын ауыстырғанда бұл учаскені жарықтандыру нормаларға сай қалыпқа келтіріледі.

38. Жекелеген жұмыс орындарын жарықтандыратын шырағдандар олардың бекітілуі, қауіпсіздігі және қызмет көрсету сенімділігі қамтамасыз етілетіндей болып орналастырылады.

39. Жұмыс орындарына аспалы көтергіш крандар көлеңке түсірмес үшін кран фермаларына ілінген қосымша кран асты жарықтандыру шырағдандары қарастырылады.

40. Цех ғимараттарын жалпы жарықтандыру электротехникалық қызметкерлермен жүргізіледі.

41. Аспалы электрмен жарықтандыру үшін кернеуі 42 В-тан аспайтын шырағдандар пайдаланылады. Металл ыдыстар, пештер, қазандар, құдықтар, диірмендер ішіндегі жұмыс кезінде жарықтандыру желісіндегі кернеу 12 В аспайды. Ауада жарылыс қаупі бар газдар, булар, мен шаңдар бар орындарда аспалы жарықтандыру үшін жарылыстан қорғалған кернеуі 12 В аспайтын шырағдандар қолданылады.

42. Барлық жұлынып алынатын қапсырма және қолшамдық мұқабалар еденнен немесе жерден басқарылатын оларды ажыратуға және қажетті жағдайға келтіруге бейімделген механикалық қондырғылармен жабдықталады.

43. Терезе шынылары мен шамдарды шаң мен кірден тазалау ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кесте бойынша жүргізіледі. Терезе әйнектері мен шамдарды тазарту мен жөндеу және шырағдандарды қадағалау үшін көрсетілген жұмыстардың ыңғайлы да қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ететін қондырғылар мен құралдар қолданылады.

44. Ғимараттардың жарық түсетін қуыстарын материалдармен, мүліктермен, құралдармен және басқа тыйым салынған заттармен көлегейлеуге жол берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет