Пікір жазғандар


Басқару іс-әрекетіндегі ойлау процестері



бет37/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   162
Ахтаева Басқару психол

Басқару іс-әрекетіндегі ойлау процестері

Ойлау – жетекші іс-әрекетінде маңызды рөл атқаратын әл- деқайда күрделі когнитивтік процесс. Бұл әлеуметтік шарт- талған және тілмен ажырағысыз байланыстағы, болмыс құбы- лыстарын олардың мәнді белгілерінде және өзара байланысында бейнелеу мен тану процесі болып табылады.

Ойлау сезіну мен қабылдау негізінде қалыптасады, бі- рақ олардың шегінен шығып кетеді. Ойлау сипаттамасы – оның негізгі қасиеттерін, ойлау процесін түзу операцияла- рын, оның түрлерін, формалары мен негізгі кезеңдерін сипат- тау [49].

Ойлаудың негізгі қасиеттері: тілмен ажырамас байла- ныс, әлеуметтік сипат, қорытымдылық, орташалық, проблема- лық.

Ойлаудың негізгі операциялары: анализ (талдау), синтез, қорыту, абстракциялау, нақтылау, салыстыру, санаттау, т.б.

Ойлаудың негізгі формалары: түсіну, пайымдау, пікір айту, ой қорыту.



Ойлаудың негізгі түрлері: көрнекі-әсерлік, сөздік-логикалы. Ойлау процесінің негізгі кезеңдері:

  1. Проблемалық жағдайдың туындауы, оны адамның сана- лануы, бұл жағдайда мәселе ретінде ұғынуы.

  2. Талдауға бағытталған ойлау ізденісі, мәселені саналау, шешу.

  3. Шешу принципін анықтау, шешімді табуға ықпал ететін басты идеяның туындауы. Бұл сәтті ойлау процесінде белгілеу үшін «инсайт», «ояну», «функционалдық шешім» ұғымдары қолданылады.

  4. Жалпы шешімді нақтылау және оны мінез-құлықта жүзе- ге асыру.

Осы жалпы қағидалар ойлаудың психологиялық мазмұнын ашып көрсетеді және жетекші іс-әрекетіндегі оның өзіндік ерекшелігін анықтауға арналған негізді құрайды.
Жетекші іс-әрекетіндегі ойлау ерекшелігі
Басқару іс-әрекетіндегі бұл процестің өзіндік ерекшелігін түсіну үшін жетекші іс-әрекетіндегі ойлау проблемасының қазіргі күйінің төмендегідей сипаттық ерекшеліктерін ескеру қажет:

  1. Ойлау процестерінің тиімді басқару іс-әрекетін қамта- масыз етудегі рөлінің айырмашылығы.

Білімді жетекші – бұл ақылды жетекші, демек ойлаудың жетекші табыстылығымен байланысының ешқандай ерекше өзгешелігі жоқ. Бұл байланыс тура және айқындаушы. Мұндай қарапайым түсіндірме басқа процесс – ес үшін келтірілген. Ой- лау психологиясының барлық заңдылықтарын жетекші ой- лауының сипатына тікелей ауыстыруға болады және солай істеу қажет. Ойлау проблемасының өзі шектелмеген.

  1. Жетекшінің ойлауы, әдетте, түрдің бірі – практикалық ойлау ретінде қарастырылады. Бұл түр көбінесе бүкіл әлеуетке және когнитивтік процестердің барлық ерекшеліктеріне сүйе- нетін басқару іс-әрекетіне тән, бірақ ол өзі үшін өзіндік ерекше түрлердің болуын қарастырады.

  2. Психологиядағы ойлау туралы мәліметтердің көпшілігі, сонымен бірге ойлаудың теориялық түрде қарастыру кезінде алынды. Олардың практикалық ойлау үшін әділеттілігі және бұл түрге қандай ерекшеліктер тән екендігі «практикалық ойлау психологиясы» ретінде белгіленетін арнайы бағытта қарас-

тырылады. Оның дамуына С.Л. Рубинштейннің жалпы тео- риялық еңбегі мен Б.М. Тепловтың «Ум полководца» деген классикалық еңбегінің ықпалдары болды.

Практикалық ойлау тұтасымен, ал жетекшілікті айрықша түрде, іс-әрекетпен теориялыққа қарағанда басқаша байла- нысқан, өйткені ойлаудың бүкіл процесі практикалық мәселе- лерді шешу үшін жүзеге асырылады және жетекшінің басқа функцияларды орындауымен қатар жүргізіледі. Сондықтан да практикалық ойлауға арналған іс-әрекетті өзі қояды. Прак- тикалық ойлаудың ерекшелігі – мәселелерді дұрыс қою және тұжырымдау шеберлігі.

Теориялық ақыл-ой проблемадан оның шынайы, бір ғана шешімін іздейді, ал практикалық ойлауда іс мүлде басқаша: жетекші барынша тиімді шешімге емес, қанағаттанарлыққа жиі ұмтылады («Satіsfacіng», Г. Сайман пікірінше) [50].

Қол астындағыларға қатысты олардың шешімдерінің дұ- рыстығын «бағаланушының» өзіндік рөлін атқара отырып, жетекшіде жетік шешетін дайын көрсеткіштері болуы керек. Жетекшінің практикалық ойлауы үшін мәселелер шешіміне тек нәтижеге ғана емес, сондай-ақ осыны шешу процесінің өзіне деген жауапкершілік формасы да тән.

Субъектінің ойлауға деген ұстанымы танымдық, ал прак- тикалық ойлау үшін бастапқы түрлендіруші болып табыла- ды. Проблема жайлы ақпараты бар практикалық ойлау жұмы- сының өз сипатында теориялық айырмашылықтар бар. Бірін- ші жағдайда басты, жалпы сипаттары, ал екіншісінде көбіне- се бүкіл проблеманы шешу жолын көрсететін тетіктер, бөл- шектер айқын көрінеді. Практикада тетіктерді жіберіп алу- дың қайтымсыз салдары болуы мүмкін. Практикалық ойлау психологиясында осыған байланысты проблеманың әрбір эле- ментінің «әлеуетті мәнділік принципі» ұғымы енгізілген. Ол

«айрықша байқампаздықтың» – әлеуетті түрде мәнді бола алатын тетіктерді байқауға мүмкіндік беретін өзіндік ерекшеліктің болуын білдіреді.

Жетекшінің практикалық ойлауының келесі өзіндік ерек- шелігі басқару іс-әрекетінің мазмұнына және шарттарына байланысты. Мазмұны бойынша басқару күрделіліктің үл-

кен дәрежесімен және тікелей сезінуден жасырындылығы- мен, сондықтан да шешімін табу қиындығымен және интер- претацияның бірмәнділігімен сипатталатын адамдар «әлеу- меттік нысандар» туралы ақпаратты ойша атқаруды талап етеді.

Жетекшінің ойлау үрдісіндегі айқынсыздығы бірқатар пси- хологиялық себептердің, яғни ақпарат тапшылығының немесе тым артық болуының, оның күрделілік дәрежесінің жоғары болуына байланысты туындауы мүмкін.

Кез келген басқару міндеті жетекші ойлауының пәні ретінде ақпарат кешенділігі қасиетіне ие, өйткені ұйым – бұл әлеу- меттік-техникалық жүйе (адамдар және өндіріс).

Жүйелік ойлаудың жоғары деңгейін оның аналитикалық жақтарын жеткілікті дамытумен сабақтастыру жетекшіге қойы- латын аса маңызды кәсіби талап болып табылады.

Басқарулық жағдайлар айнымалық-динамикалық қасиетпен сипатталады. Жағдайлар вариативтілігі белсенді ойлау жұмы- сын талап етеді, ал олардың өзгеру жылдамдығы басқару іс- әрекетіне басқа бір өзгеше ерекшелік – «цейтнот» режимін (үнемі уақыт тапшылығын) береді. Бұл практикалық ойлаудан жағдайға қосылудың жоғары жылдамдығын, жеделділігін, іс- қимылдан саналауға жедел ауысуды талап етеді. Басқарулық шешім басты екі көрсеткішпен, баламамен (сапамен) және дәл уақытылығымен бағаланады. Ойлау жылдамдығы еске және кәсіби тәжірибені ұйымдастыру ерекшеліктеріне тәуелді бо- лады. Ойлаудың серпінділігі естегі ақпаратты өзектілендіру жылдамдығына және білім жүйесін пайдалануға дайын болуына байланысты.

Жетекшінің шешімдері нақты болуға тиіс, сонда ғана олар басқаларға түсініктірек болады. Қарапайым жоспарларды құру шеберлігі – зерделік қуаттың нәтижесі.

Жетекшінің бір мезгілде соған қоятын маңызды кәсіби талабы болып табылатын осы бір ойлау ерекшелігі «нақтылау синтезінің» психологиялық механизміне орнығады. Бұл жалпы- дан жекеге жай ғана өту емес, жекені, нақтыны бастапқы сілте- мелердің – жалпылардың, нақтылардың алдын ала қорытуға (синтезге) ұшыраған көпшілігінен алып шығу.

Қарапайым және нақты жоспарларды жасауға деген қабі- леттілік психологиялық әртүрлі механизмдерге негізделген: барынша алуан түрлі және ерекше жоспарлардың көп мөлшерін генерациялау қабілеті, жоспарларды құру жылдамдығы және жеңілдігі, бір мезгілде бірнеше жоспарлардың болуы және оларға жағдайдың өзгеруіне байланысты түзетулер енгізу, өз жоспарын өткізудегі қатаңдық, ерік-жігер. Бұл қасиеттер же- текшінің оны «жоспар жасаушы» (faeseurde plan) ретінде анық- тайтын өзіндік қасиетін құрайды.

Тиімді басшылықтың аса маңызды шарты – ақыл-ой мен ерік-жігердің пропорционал сабақтасуы, бұл атақты «шаршы (квадрат) формуласында» көрсетілген. Оның негізгісі – ерік- жігер, биіктігі – ақыл-ой, алаңы – іс-әрекет табыстылығы. То- лық тепе-теңдік (баланс) сирек кездеседі.

Жетекші іс-әрекетіндегі ерік-жігер оның өзіндік қасиеттерін, яғни шешімділікті, құлшынысты, жауапкершілікті өзіне алу шеберлігін, «аңғарымды батырлықты» қалыптастырады. Осы- ның барлығы айрықша қорытушы қасиет – «ұмтылысты сана» ретінде белгіленеді.

Жетекшінің практикалық ойлауының маңызды сипаты – стреске (күйзеліске) тұрақтылық. Әдетте, кері эмоциялар ойлау процестерін басып тастайды, бірақ үлкен жеке айырмашы- лықтар бар. Тұлғаның қолайсыз жағдайлар ойлау іс-әрекетін ынталандыруы мүмкін дейтін қасиеті байқалды.

Басқару іс-әрекетінің жоғары кернеулілік факторы – оның өзіне тән ең бір полипроблемалық сипаты. Ойлау міндеттері- нің интерференциясы – олардың бір-біріне кері ықпалы жүреді. Бұл жерде жетекшінің практикалық ойлау процесінің өзі көп фокустылықты – бір мезгілде бірнеше бағытта жайылуды қабылдайды. Бұл бір мәселенің екіншісіне өте жылдам әрі жиі ауысуы.

Жетекшінің практикалық ойлауының тағы да бір өзіне тән ерекшелігі бар – ол болжамдық ойлау қасиеті, көкейкесті ақпаратты да, көре білу ақпаратын да ескеру қабілеті. Бұл – басқарылатын жүйенің болашақ күйін алдын ала көрсету өнімі.

Басқарудағы болжанатын мәселелерді шешудегі басты қиындық олардың басқа адамдардың мінез-құлқын (көбінесе

қарама-қайшы) жиі ескеруді талап етуінде тұр. Сондықтан же- текші ойлауының болжамдылығы ойлаудың шарттылық (бас- қаның орнына өзін қою және соның негізінде оның мінез-құл- қын көре білу қабілеті) секілді маңызды сапасынан ажыра- майды. Шарттылық (рефлексивтілік) механизмдердің кикіл- жіңді жағдайлар мен бәсекелестік жағдайлардағы рөлі аса маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет