Pirls халықаралық зерттеудің МӘні мен мағынасы: бастауыш сыныптарда оқу сауаттылығын қалыптастыру жолдары



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата22.05.2024
өлшемі1.38 Mb.
#501674
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
pirls-haly-araly-zertteudi-m-ni-men-ma-ynasy-bastauysh-synyptarda-o-u-sauattyly-yn-alyptastyru



Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2(94), 2023
85 
ҒТАХР 14.25.09
https://doi.org/10.52512/2306-5079-2023-94-2-85-97
 
PIRLS - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ: БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚУ 
САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Р.К. Карсыбаева, Л.М. Искакова
 
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан 
e-mail: raisa.k.63@mail.ru, leila-7777@mail.ru  
 
 
Аңдатпа 
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы ретінде білім сапасы
мамандардың құзыреттілігі, бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлау міндеті, оқу сауаттылығын 
қалыптастыру, PIRLS - халықаралық зерттеуі жаһандану дәуірінің маңызды белгілеріне айналды. Осы 
зерттеулер бойынша оқу сауаттылығын қалыптастыру қоғам мен адам әлеуетін дамытуда маңызды рөл 
атқарады. Сол себепті халықаралық зерттеушілер, ғалымдар PIRLS-тің мәні мен мағынасына тоқтала 
келе, білім сапасына ерекше мән береді. Болашақ жас ұрпақтың интеллектуалдық әлеуетін арттыру, кең 
дүниетанымын қалыптастыру– белгілі бір мемлекет үшін ғана емес, әлемдік қауымдастық үшін де 
маңызды. Сондықтан білім сапасын бағалау сияқты мәселелер бойынша көптеген халықаралық 
ұйымдар белгілі бір өтініш беруші елдерде білім беруді бағалаудың халықаралық PIRLS, TIMSS, PISA 
стандарттарын белгіледі. 
Өтілген материалдар бойынша алынған тест тапсырмалар білім деңгейлерін саралау үшін 
берілген. Авторлар бес бағыт бойынша тест және сауалнама жүргізеді: 1) оқушыларға мәтін бойынша 
тест тапсырмалары, 2) мектеп әкімшілігі, 3) мұғалімдер, 4) оқушылар, 5) ата-аналармен сауалнама. Тест 
тапсырмалары қажетті ақпаратты алуға, қорытынды шығаруға, негізгі кейіпкерлер əрекеттерін 
интерпретациялауға, мəтін үлгісін бекітуге жəне құрылымның бастапқы сараптамасын алуға мүмкіндік 
береді. Сауалнама оқу процесін ұйымдастыруға, мектеп түрі, білім беру стандарттары және жалпы білім 
беруге қойылатын талаптардың орындалу процесін бағалау болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет