Пирзадаев арман нургабылович


Зерттеу тақырыбының өзектілігі



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата31.05.2024
өлшемі1.21 Mb.
#502160
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Dissertatsiya Pirzadaeva-Armana-Nurgabyilovicha-KAZGYUU

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қылмыстық құқық теориясы мен 
тәжірибесінде көптеген категориялардың қатарында «қылмыстық құқық 
бұзушылық зардабы» категориясының орны ерекше. Бұл ерекшелік ең 
алдымен, қылмыстық құқықтың негізі, фундаменті болып табылатын 
қылмыстық құқық бұзушылық құрамының төрт элементтерінің бірі – 
қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағына қатысты болуымен, 
оның бір белгісі болуымен түсіндіріледі.
Алайда, бұл белгі қылмыстық заңнамадағы материалдық құрамдағы 
қылмыстарда міндетті белгі ретінде көрсетіледі. Дегенмен, қандай да бір 
қылмыс қылмыстық заңмен қорғалатын белгілі бір қоғамдық қатынастарға қол 
сұғатыны сияқты, зардапсыз, салдарсыз қылмыс та болмайтынын айғақтайды. 
Біз осы диссертациялық жұмысымызда барлық қылмыстық құқық 
бұзушылықтардан келетін зардаптарды зерттеу нысанасына алмай, барлық 
қылмыстар қатарынан тек меншікке қарсы қылмыстар, оның ішінде бөтеннің 
мүлкін жымқырумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардан келетін 
зардаптарды қарастырдық. Себебі, адамның құқықтары мен бостандықтары 
жүйесінде меншік құқығының алатын орны ерекше. Әлеуметтік құндылықтар 
жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең 
маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да, бұл игілікке қол сұғушылық 
адамның жеке басына қол сұғушылықпен пара-пар (кең мағынада алғанда) 
деуге болады.
Меншік – кез келген қоғамның өмір сүруінің экономикалық негізін 
құрайды. Мемлекетте меншік иесінің мүліктік мүдделері елеулі болып 
табылады. Аталған игіліктің маңыздылығының жоғарылығы сонша, 
халықаралық қауымдастық маңызды адам құқықтары мен бостандықтарының 



қатарында Адам құқықтары жөніндегі Жалпы декларацияда оны бекітуді жөн 
тапқан: «Әрбір адам мүлікке жалғыз немесе басқалармен бірлесіп иеленуге 
құқылы. Ешкім де еркінен тыс мүлкінен айырылмауы тиіс» (17-бап) [1]. 
Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабына сәйкес 
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады 
және бірдей қорғалады [2]. 
Меншікті 
қылмыстық 
қол 
сұғушылықтардан 
қорғау 
Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып 
табылады. Нақты айтқанда, қылмыстық заңның міндеттері бейбітшілікті және 
адамзаттың қауіпсіздігін сақтау, адам мен азаматтың құқықтарын
бостандықтары мен занды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен 
заңды мүдделерін, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен 
аумақтық тұтастығын, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, 
қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, басқа да 
құндылықтарды 
қол 
сұғушылықтан 
қорғау 
және 
қылмыстық 
құқықбұзушылықтардың алдын алу деп Қылмыстық кодекстің 2-бабында 
көрсетілген [3].
Осы міндеттерді басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 
қолданыстағы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 6 тарауы «Меншікке 
қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» деп аталып, қылмыстық құқықта 
ондағы қылмыстар пайдакүнемдік ниеттің орын алғанына немесе жоқ болуына 
байланысты пайдакүнемдік немесе пайдакүнемдік емес болып екі топқа 
ажыратады. Өз кезегінде меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстық құқық 
бұзушылықтар жымқырумен байланысты және меншікке қарсы басқа да 
пайдакүнемдік қылмыстар болып екі топқа бөлінеді. Меншікке қарсы 
жымқырумен байланысты пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
қоғамдық қауіпті зардаптары осы зерттеудің затын құрайды.
Бұрынғы 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 
Ерекше бөлімінің 6-тарауы меншікке қарсы қылмыстар үшін жауаптылық
17 қылмыстық құқықтық нормада анықталған болса (175-188 баптарында), 
жаңа қылмыстық заңдағы «меншікке қарсы құқық бұзушылықтар» 18 бапта 
шоғырланған (187-204-баптары). Сонымен қатар, алдыңғы заңнамада 
криминализацияланған 183-1, 184-1 – баптарындағы қылмыс құрамдары жаңа 
заңда реттілігіне қарай жеке баптарда рәсімделген.
Теория мен практикада азаматқа ірі және аса ірі залал келтірген жымқыру 
түрлерін саралау доктриналдық және соттық талқылау барысында 
қарастырылатын, сондай-ақ бұл топтағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
ауырлатылған және аса ауырлатылған түрлері құрамдардың әр қайсысында әр 
түрлі құраммен және толық көрсетілмейтін, сонымен қатар, бір бапта бар 
құрамның ауырлатылған түрі екінші баптың ауырлатылған түрі ретінде 
көрсетілмейтін. Қазіргі уақытта аталған мәселеге қатысты саралау мәселелері 
жаңа Қылмыстық кодекстің баптарының бөліктерінде біркелкі және 
біріздендіріліп, ғылыми пікірталастардың нүктесін қойып бергендей.



Заңдағы жаңашылдықтар мен қолданыстағы заңнамамыздың үнемі 
жетілдіріліп отыруы – бөтеннің мүлкін жымқыру жолымен қол сұғудан тиімді 
қорғауды қамтамасыз ету қадамдарын жасаған деуге болады.
Зерттеу тақырыбының негізгі мазмұнын құраған бөтен мүлікті жымқыру 
нысандарына қылмыстық заңдағы 7 қылмыстық құқық бұзушылықты 
жатқызады. Олар: ұсақ-түйек жымқыру (187-бап); ұрлық (188-бап); сеніп 
тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу (189-бап); 
алаяқтық (190-бап); тонау (191-бап); қарақшылық (192-бап); ерекше құнды 
заттарды жымқыруға салу (193-бап) құрамдары. Бұрынғы қылмыстық 
заңнамада «ұсақ-түйек жымқыру» қылмыстық құқық бұзушылық деп 
танылмағандықтан, 6 нысан бөтеннің мүлкін жымқырумен байланысты 
пайдакүнемдік қылмыстар деп танылған болатын.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 14 желтоқсан 2012 
жылғы Жолдауында «Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп 
көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді 
жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз. 
Бірінші сын-қатер тарихи уақыттың жеделдеуі. Тарихи уақыт аса жеделдей 
түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің 
жылдамдығы адамды таң қалдырады» деп көрсеткен болатын.
Нәтижесінде еліміздегі қылмыстық саясаттың негіздерін белгілейтін төрт 
іргелі Кодекстерді (Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-
атқарушылық, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы) жаңадан қабылдауды 
тапсырды. Заңгерлер мен ғалымдар арасында бұл кодекстердің Жобалары 
талқыланып, нәтижелері ретінде қазіргі күні жаңа Кодекстер қабылданды.
2014 жылдың 4 шілдесінде ел тарихындағы екінші болып есептелетін Қазақстан 
Республикасының Қылмыстық кодексі жаңадан қабылданып, 1 қаңтар
2015 жылдан бастап заңды күшіне енгізіліп, қылмыстық құқық бұзушылық 
жасағаны үшін кінәлі тұлғаларды қылмыстық заңның кері күшінің ережелерін 
ескере отырып тәжірибеде қолданыла бастады. 
Аталған құжат та алдыңғы Кодекстегі қабылданған үрдісті жалғастырып 
келеді. Бұл жөнінде кезінде Г.А. Злобин «Заң шығарушы қашан да қылмыстар 
қатарына жататын іс-әрекеттер шеңберін үнемі нақтылап заңнамаға өзгерістер 
жасап отырады. Ол өзгерістер ғылыми тұрғыда негізделген және қылмыстық 
заңды құрастыру талаптарына (соның ішінде әлеуметтік шындықтың әр түрлі 
салалырымен байланысына) сай келген болуы тиіс» [4, с. 71] деген болатын.
Соңғы уақыттары қаржылық (инвестициялық) пирамиданы ұйымдасқан 
түрде құру және оның жұмысына басшылық ету арқылы меншік иелеріне 
немесе өзге де иеленушілеріне айтарлықтай мөлшерде материалдық залал 
келтіру қатері артты. Осы орайда заңнамашының меншікке қарсы қылмыстар 
тобын Қазақстан Республикасының 17.01.2014 №166-V Заңы негізінде 
қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және (немесе) оның қызметіне 
басшылық жүргізуге байланысты қылмыс құрамымен толықтыруы орынды 
болды (177-1-бабы). Жаңа қылмыстық заңда бұл қылмыстық құқық 



бұзушылықтың объектісі нақтыланып, қылмыстық құқықтық норма меншікке 
қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды көздейтін тараудан экономикалық 
қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық 
көздейтін тарауға ауыстырылған болатын. Заңнамашының бұл шешімін 
толығымен қолдауға болады, өйткені қаржылық (инвестициялық) пирамида 
құру меншік қатынастарына қарағанда экономикалық сипаттағы неғұрлым 
ауқымды қатынастарға нұқсан келтіретіні айқын. 
Қазақстанда жаңа мемлекеттік-құқықтық, қоғамдық-саяси қатынастарды 
құру өзімен бірге қалыптасқан экономикалық байланыстарды, жұмыссыздық, 
қоғамның әлеуметтік жіктелуі, тұрғындардың рухани-адамгершілік бағдары 
сияқты жағымсыз салдарды ала келді.
Ауыр салдардың қатарында елдегі криминогендік жағдайдың нашарлауы 
да бар. Оның ішінде пайдакүнемдік-күштеу қылмыстарының, бөтеннің мүлкін 
талан-тараждаумен байланысты қылмыстардың өсу тенденциясы байқалады. 
Бірақ, қылмыстылық қоғамда алғашқы қауымдардың құрылуынан бастау 
алып, қоғамдық қатынастардың дамуымен бірге әрқилы өсіп отырды. Тек 
қоғамға келтірілген зардаптарды бағалау әрқашанда жаңа қылмыстық 
нормалардың, жаза түрлерінің пайда болуы мен арнайы органдардың құылуына 
және басқа мәселелерді шешуге ұйтқы болды. 
Дегенмен, 
мемлекетіміз 
қазіргі 
таңда 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығымен «Қазақстан 
Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық 
саясат тұжырымдамасы» негізінде отандық құқықтық саясатты жетілдіру 
мақсатында көптеген ауқымды шаралар жасап жатыр. Осы аталған 
тұжырымдаманың 2.8. бөлімі: «Мемлекеттің құқықтық саясатының маңызды 
буыны – қылмыстық саясат болып табылады, оны жетілдіру қылмыстық, 
қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару құқығын, сондай-ақ құқықта 
қолдануды кешенді, өзара байланыста түзету арқылы жүзеге асырылады. 
Қылмыстық құқықтың қазіргі жай-күйін бағалай отырып, тұтас алғанда 
оны серпінді дамыту қамтамасыз етілді деуге болады. Қолданыстағы 
Қылмыстық кодекс – қылмысқа қарсы күрестің, адамның құқықтары мен 
бостандықтарының, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қылмыстық-құқықтық 
қорғаудың жеткілікті пәрменді құралы» деп бекітті [5].
Жымқырумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жалпы 
меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп тараған және қоғам үшін едәуір 
қауіптісі болып табылады. Оны жымқырумен байланысты қылмыстарға 
қатысты соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтерден байқауымызға 
болады. 
Меншікке қарсы қылмыстар бойынша Қазақстан Республикасы Бас 
Прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есептер 
жөніндегі Комитетінің мәліметтеріне сәйкес, Республикамызда тіркелген 
жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ішіндегі меншікке қарсы 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың үлесі: 2010 жылы - 67,4%, 2011 жылы -
80%, 2012 жылы – 81%, 2013 жылы – 77,9%, 2014 жылы – 79,5%, 2015 жылы – 



75% құрап отырғанына назар аудара отырып, меншікке қарсы қылмыстық 
құқық бұзушылықтардың жалпы қылмыстылық ішіндегі үлес салмағы жоғары 
екенін көреміз [6]. 
Көріп отырғандай, жоғарыда көрсетілген жылдар ішінде елімізде 
қылмыстылыққа қарсы белсенді күрес шараларына, сондай-ақ мемлекет 
тарапынан құқық қорғау органдарының саны мен сапасын арттырудағы 
жасалынып жатқан жұмыстарына қарамастан қылмыстылықтың жалпы 
көрсеткіштерінің ішінде меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар 
үлесі аз емес. 
Оның бірнеше себептерін көрсетуге болады: 
– қылмыстылыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік аппараттардың (әр 
түрлі органдарда ұйымдастырылатын шаралар мен жұмыстар өз алдына, дербес 
және жеке жүргізілуінде) жұмыстарының өзара үйлесімсіздігі және жүргізілген 
жұмыстар нәтижелерін талдаудың жеткіліксіздігі;
– қылмыстылықтың алдын алуға байланысты кешенді криминологиялық 
болжамдардың жүргізілмеуі; 
– әлемдік жаһандану жағдайында қылмыс істеу құралдары мен тәсілдері 
үнемі жетілдіріле түсіп қылмыстармен күрес шараларының алдын орап кетуі; 
– 2010-2012 жж. бастап қылмыстар бойынша құқық қорғау органдарында 
түскен барлық арыздар мен хабарламаларды біріңғай тіркеу жүйесін енгізу 
нәтижесінде сапаға емес, санға таласу жағдайларының орын алуымен 
түсіндіріледі. 
Еліміздегі істелетін қылмыстылықтың құрылымында көшбасшылық 
орынды бөтеннің мүлкін жымқырумен байланысты қылмыстар мен олардан 
келетін зардаптың құрауы мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік 
дәрежесінің жоғарылығын куәландырады.
Қылмыстылықты әлеуметтік жағымсыз құбылыс ретінде түсінудің басты 
бағыты ретінде оны туындататын себептерге ықпал ету түрінде алдын алуды 
қажетсінеді. Сол себепті де бөтеннің мүлкін жымқырумен байланысты 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың зардабын болдырмау, олармен тиімді 
күресу мен алдын алу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бөтеннің мүлкін 
жымқырумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу 
үшін мұндай қылмыстылықтың құнын анықтау күрес шараларының тиімділігін 
қамтамасыз етуге көмектеседі.
Жоғарыда көрсетілгендер негізінде зерттеу жұмысы барысында біз 
қылмыс зардабына қатысты фундаменталдық еңбек жазуды көздегеніміз жоқ, 
біздің алған бағытымыз меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар 
жасау нәтижесінде келетін қылмыс зардабын зерттеу мен криминологиялық 
тұрғыдағы қылмыс зардабын қарастыру арқылы аталған тақырыптың тек 
бүгінгі таңдағы емес, болашақтағы да өзекті әрі күрделі мәселе екендігін 
көрсету болып табылады. 
Жоғарыда аталған жағдайлар бөтеннің мүлкін жымқырудан келетін 
зардаптарды зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындай түседі.


10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет