Питон (Python) тілінде программалау 1 дәріс – Python тіліне кіріспе


-мысал Күрделі if нұсқаулар: бірнеше шарттар бар



бет11/11
Дата10.10.2022
өлшемі41.5 Kb.
#462313
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Питон (Python) тілінде программалау 1 дәріс – Python тіліне кірі-melimde.com (1)

1

-1

0

7-мысал Күрделі if нұсқаулар: бірнеше шарттар бар


            • 7-мысал Күрделі if нұсқаулар: бірнеше шарттар бар


if-else нұсқаулары (шартты өрнектер)
print ("Сәлем!")
tauar1 = 5000
tauar2 = 4225
if tauar1+ tauar2 > 10000 :
print ("Ақша жетпейді")
else:
print ("Ақша төленді")

print ("Көріскенше, күн жақсы…")


print ("Сәлем!")
tauar1 = 5500
tauar2 = 6225
if tauar1+ tauar2 > 10000 :
print ("Ақша жетпейді")
else:
print ("Ақша төленді")

print ("Көріскенше, күн жақсы…")


Сәлем!

Ақша төленді


Көріскенше, күн жақсы…
Сәлем!
Ақша жетпейді

Көріскенше, күн жақсы…




Балл мөлшері


Әріптік бағасы


90 – 100

A



70 – 89

B



60 – 69

C



50 – 59

D



0 – 49

F



if-elif нұсқаулары (шартты өрнектер)
A = 90; B = 70 C = 60; D = 50 # Қолданушы балл енгізеді ball = int(input('Балл мөлшерін енгізіңіз: ')) # Баллдың әріптік баламасын анықтау if ball >=A: print('Әріптік баға - A') elif ball >=B: print('Әріптік баға - B') elif ball >= C: print('Әріптік баға - C') elif ball >= D: print('Әріптік баға - D') else: print('Әріптік баға - F')


Практикалық жұмыс


            • 1. екі айнымалыға сандық мәндер меншіктеледі;

            • 2. егер бірінші айнымалының мәні екіншісінен артық болса, онда айнымалылар мәндерінің айырмасын (біріншісінен екіншісін азайту) табыңыздар, нәтижесін үшінші айнымалыға меншіктеңіз-дер;

            • 3. егер бірінші айнымалының мәні екіншісінен кіші болса, онда үшінші айнымалы екеуінің қосындысына тең болады;

            • 4. қалған барлық жағдайларда, үшінші айнымалыға бірінші айнымалы мәнін меншіктеңіз;

            • 5. экранға айнымалылар мәндерін шығарыңыздар.

Практикалық жұмыс


            • A және В бүтін сандары берілген. Егер A < B болса, А-дан В-ға дейінгі барлық сандарды өсу ретімен, кері жағдайда, оларды кему ретімен экранға шыарыңыз.

            • A және В бүтін сандары берілген, A>B. А-дан В-ға дейінгі барлық тақ сандарды кему ретімен экранға шығарыңыз. Бұл есепті if операторын қолданбай шығаруға болады.

            • 10 бүтін сан берілген. Солардың қосындысын табу керек. Осы прог-рамманы айнымалылардың ең аз санын қолдана отырып шығаруға тырысыңыз.

            • Берілген n натурал санының факториалын (n!) табу қажет. Мұнда математикалық math кітапханасын қолдануға болмайды.

Практикалық жұмыс

Берілген n натурал саны бойынша келесі қосындыны 

s = 1!+2!+3!+...+n!1!+2!+3!+...+n!

табу керек. Бұл есепте тек бір ғана циклді қолдануға болады.

Mұнда math кітапханасын қолдануға да болмайды.

Maтематикалық операторлар

Операциясы


Синтаксисі


Функциясы


Қосу

a + b

add(a, b)


Біріктіру


seq1 + seq2


concat(seq1, seq2)


Containment Test


obj in seq


contains(seq, obj)


Бөлу

a / b

truediv(a, b)


Бөлу (бүтін бөлінді алу)


a // b

floordiv(a, b)

ЖӘНЕ (биттер үшін)


a & b

and_(a, b)

Bitwise Exclusive Or


a ^ b

xor(a, b)

ТЕРІСТЕУ (биттер үшін)


~ a

invert(a)

НЕМЕСЕ (биттер үшін)


a | b

or_(a, b)

Дәрежелеу


a ** b

pow(a, b)

Identity


a is b

is_(a, b)

Identity


a is not b


is_not(a, b)


Тізім элементін өзгерту


obj[k] = v


setitem(obj, k, v)


Тізім элементін өшіру


del obj[k]


delitem(obj, k)


Тізім элементін индекстеу


obj[k]

getitem(obj, k)

Солға жылжыту (биттер)


a <

lshift(a, b)

Қалдық табу


a % b

mod(a, b)




Операциясы


Синтаксисі


Функциясы


Көбейту

a * b

mul(a, b)


Матрицалық көбейту


a @ b

matmul(a, b)

Терістеу (арифметикалық)


-a

neg(a)

Терістеу (Логикалық)


not a

not_(a)

Оң таңбалы


+a

pos(a)

Оңға жылжыту


a >> b

rshift(a, b)

Тізім бөлігін орнату


seq[i:j] = values


setitem(seq, slice(i, j), values)


Тізім бөлігін өшіру


del seq[i:j]


delitem(seq, slice(i, j))


Тізім бөлігін қиып алу


seq[i:j]


getitem(seq, slice(i, j))


Тіркесті форматтау


s % obj

mod(s, obj)

Азайту

a - b

sub(a, b)


Дұрыстығын тесеру


obj

truth(obj)

Реттеу


lt(a, b)


Реттеу

a <= b

le(a, b)


Тең екенін анықтау


a == b

eq(a, b)

Тең емес екенін анықтау


a != b

ne(a, b)

Реттеу

a >= b

ge(a, b)


Maтематикалық операторлар (жалғасы)


Мәліметтерді енгізу


            • Мәліметтерді енгізу үшін ішкі "input" деп аталатын функцияны қолдануға болады:

            • Мысалы:

              • a = input("Қолданушыдан бір нәрсе енгізуді сұраңыз ") (python 3.*)

              • b = raw_input("Қолданушыдан бір нәрсе енгізуді сұраңыз ") (python 2.*)

                • Бұл да тек сөз тіркесін (string) қайтарады

              • b = input("Қолданушыдан бір нәрсе енгізуді сұраңыз ") (python 2.*)

                • Енгізілген мәліметтер типін қайтарады

Мәліметтерді енгізу


            • Пернелерден мәліметтер енгізу - input("Бірдеңе енгіз:")

            • Программа жұмысы тоқталады, сол сәтте бір мән енгізіп, Enter бассақ, жұмыс ары қарай жалғасады.

            • Мысал:

name = input("Атың кім?")

print('Сәлем, ' + name)

jauap = input(" Python үйренгің келе ме? (Иә/Жоқ) ")

if jauap = "Иә" :

print(" онда дос боламыз, программа құрамыз...")

elif jauap == "Жоқ" : print(" онда 'Қош бол!' үйіңе қайт...") else : print("Не деп отырсың? Тұр орныңнан...")

Атың кім? Бекен


Сәлем, Бекен
Python үйренгің келе ме? (Иә/Жоқ) Иә
онда дос боламыз, программа құрамыз...
Атың кім? Секен
Сәлем, Секен
Python үйренгің келе ме? (Иә/Жоқ) Жоқ
онда 'Қош бол!' үйіңе қайт...
Атың кім? Төкен
Сәлем, Төкен
Python үйренгің келе ме? (Иә/Жоқ) Білмедім
Не деп отырсың? Тұр орныңнан...


Кодқа комментарийлер қосу


            • Кодқа комментарий қосу программалаудың жақсы тәсілі

            • Комментарийлер сіздің кодыңызды басқалардың (бірігіп жұмыс істейтін мамандардың) түсінуін жеңілдетеді

            • Кодқа комментарийлер қосу үшін келесі тәсілдерді қолданыңыз:

# - осы таңбадан (шарп) басталатын комментарий жол соңында тұрады

''' сөйлемдер ''' – үш жалқы тырнақшамен басталып, үш жалқы тырнақшамен аяқталатын күрделі комментарийлер, бұлар бірнеше жолдардан тұратын түсініктеме мәтіндер түрінде болады

Сөз тіркестері


            • Python-да сөз тіркестерін (тіркестерді) де салыстыруға болады. Мысалы:

name1 = 'Mary'

name2 = 'Mark'

if name1 == name2:

print ('Аттар бірдей.')

else:

print ('Аттар бірдей ЕМЕС.')

'Mary' мен 'Mark' бірдей емес, сондықтан else бөлігі 'Аттар бірдей ЕМЕС.' деген нәтиже береді.

Сөз тіркестері


            • Келесі программа құпиясөз (пароль - password) енгізуді сұрайды, сонан соң оның бұрыннан сақталған 'koseu' сөзімен бірдей екендігі анықталады.

# Қолданушыдан құпиясөз енгізуді сұрау password = input('Құпиясөз енгізіңіз: ') if password == 'koseu': print ('Бәрі дұрыс. ') else: print ('Құпиясөз дұрыс емес.')

Нәтижесі:


Құпиясөз енгізіңіз: koseu
Бәрі дұрыс.

Сөз тіркестері

A = 90; B = 70; C = 60; D = 50 # Қолданушы балл енгізеді ball = int(input('Балл мөлшерін енгізіңіз: ')) if ball >=A: print('Әріптік баға - A') elif ball >=B: print('Әріптік баға - B') elif ball >= C: print('Әріптік баға - C') elif ball >= D: print('Әріптік баға - D') else: print('Әріптік баға - F')

Нәтижесі:


Балл мөлшерін енгізіңіз: 85
Әріптік баға - B

Сөз тіркестері


            • ASCII кодтары символдарды реттеп орналастырады. "А" символы "В" символының алдында тұрады (А – 65, В – 66), ал ол "С" символының алдында (С - 67), т.с.с.

            • Программа символдарды салыстырғанда, олардың кодтарын салыстырады, мысалы, мынадай if:

if 'а'< 'b': print ('а әрпі b әрпінен кіші ')

дұрыс жазылған шарт, яғни ‘a’ – 97, ал ‘b’ – 98 болып табылады.

A-Z кодтары 65 пен 90 аралығында,

ал a-z 97 мен 122 аралығында орналасқан.

Мысалдар орындау

a = 54321.6789 print('a санының мәні = ',format(a,'10.2f')) # 10.2 # a санының мәні = 54321.68 ұзындығы – 10, бөлшегі - 2 print(format(123456789,'14,d')) # ұзындығы – 14 цифр # 123,456,789

Нәтижесі: a санының мәні = 54321.68


123,456,789


Мысалдар орындау

# Төмендегі нақты (бөлшек) сандар # нүкте бойынша тураланып, бір бағанаға шығарылады. num1 = 127.899 num2 = 3465.148 num3 = 3.776 # Сандар ені - 7 таңба,дәлдігі,яғни бөлшегі 2 - таңба print(format(num1,'7.2f')) print(format(num2,'7.2f')) print(format(num3,'7.2f'))

Нәтижелері:



127.90

3465.15

3.78

Мысалдар орындау


            • Бүтін сандарды форматтау

            • format функциясы бүтін сандарды да форматтайды. Оның форматын жазудың екі ерекшелігі бар:

            • тип көрсеткіші ретінде d символы жазылады;

            • дәлдігі көрсетілмейді.

123456 санын форматсыз жазайық:

print(format(123456, 'd'))

Ал енді сол санның мыңдықтарын үтірмен бөліп жазайық:

print(format(123456, ',d'))

Нәтижесі: 123456


Нәтижесі: 123,456


Мысалдар орындау


            • Нақты сандарды пайыз (%) түрінде форматтап шығару

            • Мұнда f орнына тип көрсеткіші ретінде % символы қолданылады. % символы санды 100-ге көбейтіп, оның соңына % таңбасын қосып жазады. Төменде мысал келтірілген:

print(format(0.5, '%'))


            • Дәлдігін нөл арқылы берсек, нәтижесі бүтін сан болады:

print(format(0.5, '.0%'))

Нәтижесі: 50.000000%


Нәтижесі: 50%


Қорытынды


            • Сонымен Питон жылан емес (бірақ қашса қуып жетіңіз)

            • Енді print() функциясын дұрыс қолданатын болдыңыз

            • Питондағы шартты операторларды жазуды үйрендіңіз

            • Питондағы математикалық операторларды да игердіңіз

            • Мәліметтерді пернетақтадан енгізе алатын болдыңыз

Бүгінгі дәріс аяқталды. Тыңдағандарыңызға рахмет!

Егер үйде мысық , күшіктеріңіз болмаса, Питонды айналдырыңдар.


Енді мыналарды білетін болдыңыздар


              • print() операторын пайдалану жолдары (бір-екі жолға, форматпен, форматсыз, сөздер арасын әртүрлі таңбамен бөлу, санның дәлдігін беру);

              • Мәліметтерді экранға дұрыс рәсімдеп шығару тәсілдері;

              • Математикалық операциялардың, шартты операторлардың қарапайым, күрделі тәсілдерін қолдана білу;

              • Пернетақтадан сандар, сөз тіркестерін енгізу, оларды айнымалыларға меншіктеу тәсілдері;

              • Комментарийлер (түсініктемелер) беру жолдары.

              • Келесі сабақта осы тақырыптар сұрақтарына жауап бересіздер

Академиялық тәртіп талаптары


            • Оқу керек, ұстазды алдамай, басқалардан көшірмей, тазалықпен білім алуға талпыныңдар!

            • Алдаған шәкірттерге, жұмысын басқаларға көшіруге бергендерге, көшіріп алғандарға 0 балл қойылады немесе балл шегеріледі.

            • Сұрақтарыңыз болса, ұстазбен байланысуға, кездесуге келіңіздер.

            • Бағалау жүйесі:

              • 60% - лабораториялық жұмыстарды орындау, рәсімдеу, тапсыру, айтып беру

              • 20% - әр сабаққа алдын ала дайындалу, өзіндік жұмыстар орындау, қосымша есептер шығару

              • 20% - бақылау жұмыстарын орындау, аралық тексеруден (midterm) өту, күрделі есептер шығару, жеке тапсырмалар алып, соларды орындау.


http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет