ПОӘК 042-14. 01. 20. 101/03-2011 2011 ж. 2 басылым



бет1/3
Дата29.06.2016
өлшемі292.5 Kb.
#164651
  1   2   3

ПОӘК 042-14.01.20.101/03-2011

2011 ж. 2 басылым

50 беттің 1 беті




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-14.01. 20.101/03-2011

ПОӘК

«Жануарлар морфологиясы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



2011ж. №2 басылым




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Жануарлар морфологиясы»

5В080200 – «Малшаруашылығынын өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығына арналған


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей- 2011

Мазмұны

1.Глоссарий


2. Дәріс оқулар
3.Зертханалық сабақтар
4. СОӨЖ
5. Студенттің өздік жұмысы


  1. Глоссарийлар

1.1.Аборальный- ауызға қарамарсы бағыт

1.2.Акромион- жаурының дистальді өсінідісі

1.3.Аксон- жүйке жасушасының ұзын өсіндісі

1.4.Анастомоз- қан тамырларының өз-ара қатысуы

1.5.Ангиология- тамырлар тұралы ілім

1.6.Апикальный- төбеде орналасуы

1.7.Афферентный- әкелгіш, сезгіш

1.8.Бифуркация- кенірдектің екі бронхтарға бөлінуі

1.9.Бурса- капшық

1.10.Вагус- кезеген

1.11.Васкуляризация- қанмен көректену

1.12.Вентральный- құрсаққа бағыт

1.13.Вертебральный- омыртқалық

1.14.Волярный- алақан беті

1.15.Ганглий- түйін

1.16.Дентин— тістің негізгі заты

1.17.Депрессор- төмендететің

1.18.Десмоз- байлам

1.19.Диафиз- түтүкті сүйектің денесі

1.20.Дилятатор- кенейткіш

1.21.Дорсальный- арқаға бағыт

1.22.Иннервация- жүйкелендіру

1.23.Инспирация- дем алу

1.24.Интима- қан тамырларының ішкі қабаты

1.25.Кардиа- өнештің асқазанға кіреберсі

1.26.Конституция- дене құрылысың анатомо-физиологиялық жиынтығының ерекшелігі

1.27.Кутикула- шәштің сыртқы қабығы

1.28.Лакуна- ойық

1.29.Леватор- көтергіш

1.30.Лимфа- лимфа тамырларындағы сүйықтық

1.31.Медиальный- ортаға жақын бағыт

1.32.Медианный- ортада орналасқан

1.33.Миология- бұлшықет тұралы ілім

1.34.Овуляция- жұмыртқалықтан жетілген жұмыртқа жасушасының шығуы

1.35.Остеоцит- сүйек жасушасы

1.36.Париетальный- қабырғалық

1.37.Перикард- жүрек қабы

1.38.Пилорус- Асқазаның ішектерге ашылуы

1.39.Пронация- аяқтын ішіне қарай айналуы

1.40.Септа- аралық

1.41.Синдесмология- сүйектердің байланысуы

1.42.Синовия- бүын қуысының сүйығы

1.43.Синус- қуыс

1.44.Сома- дене

1.45.Сомит- мезодерманың дорсальді бөлімі

1.46.Спермиогенез- сперматозоидтің дамуы

1.47.Трабекула- саты

1.48.Фасция- дәнекер ұлпадаң түзелген қабық

1.49.Фолликулы- көпіршектер

1.50.Фронтальный- мандайлық

1.51.Хоаны- мұрын қуысынаң жутқыншаққа ашылатың тесіктер

1.52.Экспирация- дем шығару

1.53.Экстензия- бүгілдіргіш

1.54.Эндокард- жүректің ішкі қабаты

1.55.Эпистрофей- екінші моыйн омыртқасы


2.Дәріс оқулар
Дәріс 1. Кіріспе. Дене және жыныс жасушаларының құрылысы.

Дәріс сабақтың мазмұны: 1. Морфология туралы ұғым.2. Жануарлар организм құрылысының жалпы заңдылықтары. 3. Дене және жыныс жасушаларының құрылысы.

1. Морфологиясы ғылымы организм құрылысын, оның дамуын сатылары мен қызметін байланыстыра зерттейді. Организмнің құрылысы мен дамуының биоморфологиялық заңдылықтары. Өмір сүру тіршілік негіз сипаттары мен қамтамасыз ету жүйелері. Филогенез және онтогенез туралы түсінік№ олардың негізгі заңдылықтары. Эволюцияның негізгі бағыттары, бейімделудің биологиялық негіздері, жануарлар түрлері мен жеке организмдер өзгергіштіктерін анықтайтын факторлар / тіршілік ортасы, қоректену сипаты, қозғалу турлері және т.б./. Анатомия, гистология, эмбриология және цитология ғылымдары дамуының қысқаша тарихы.Жануарлар организмі құрылысы оның дене мүшелері жүйелерінің құрылысы мен қызметі арасындағы морфо-функционалдық сипатқа негізделіп, олармен тығыз байланыста оқытылады.

2. Организмнің тұтастығы оның жеке бөліктерінің құрылымдық қосындысы мен олардың байланысы арқылы жүзеге асады. Ал байланыс оның түрлі тамырларында қуыстықтары мен кеңістіктеріндегі ағып жатқан сұйықтықтар мен организмдегі барлық процестерді реттеп отыратын нерв жүйесіне байланысты. Организм бөліктерінің сұйықтығы арқылы байланысын гуморальды байланыс деп атаса, нерв жүйесі арқылы реттелуін нерв регуляциясы деп атайды. Сонымен бірге организм тұтастығы вегетативтік және анимальдық, психикалық және соматикалық процестердің бірлігіне де байланысты.

Дене мүшесі деп, дененің белгілі бір құрылысындағы, пішініңдегі өзіне тән қызмет атқаратын дене бөлігіне айтылады. Мүшеге сүйек, бұлшықет, без, асқазан т.б. жатады. әрбір мүшенің негізгі бөлігі өзіне тән ұлпадан пайда болады. Сол ұлпа мүшенің негізгі қызметің атқарады. Кейбір мүшенің құрылысында екіө үш түрлі ұлпа басты қызмет атқарады. Денедегі барлық мүше- құрылысына, қызметіне, дамуына байланысты жүйелерге бөлінеді.


  1. Қимыл жүйесіне барлық сүйек, оларды жалғаушы шеміршек, буын мен бүлшық ет кіреді.

  2. 2. Ас қорыту жүйесі- тағамды қабылдайды ұсатады, жұтады, қорытады, сініреді.

  3. 3. Тыныс алу жүйесінің қатынасуымен ішкі және сыртқы тыныс алу, газ алмасу құбылыстары өтеді. Тыныс алу жүйесіне мұрын қуысы, көмекей, кенірдек, өкпе, плевра қатысады.

  4. Несеп шығару жүйесі. Денеде тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған керексіз заттарды сыртқы ортаға шығарады.

  5. Жыныс жүйесіне көбею мүшелері кіреді. Жыныс мүшелері мен несеп шығару мүшелерінің дамуы тығыз байланысты.

Денедегі жүйелер мен мүшелердің қызметі бір-бірімен тығыз байланысты екені белгілі. Жануар денесінің бүтіндігін сақтауға қан айналу жүйесінің манызы зор. Жануар денесінің бір тұтастығын сақтауда жүйке жүйесі негізгі қызмет атқарады. Бұл жүйе мүшелер мен жүйелердің қызметің реттейді.

3. Тірі организм құрылысының ең ұсақ құрылым, қызмет бірлігі және басты негізі- жасуша. Жасушаға тұңғыш рет 1861 жылы анықтама берген неміс ғалымы Макс Шультце. Организмде дене және жыныс жасушалары бар. Олар сыртқы қабығынан, цитоплазмасынан және ядросынан тұрады. Жасушаның цитоплазмасы гиалоплазмадан, органоидтардан және тұрақсыз қосындылардан тұрады. Жынысты жолмен көбею арнайы жіктелінген аталық /сперматозоид/ және /жұмыртқа/ жасушалар арқылы жүзеге асырылады. Олардың да қабығы, цитоплазмасы және ядросы болады. Сперматозоидтің денесі, басы, мойыны, құйрығы, ал жұмыртқаның цитоплазмасында көректік заты- сары уызы болады. Оның мөлшері әр жануарлар жұмыртқасында әртурлі болады. Пісіп жетілген жұмыртқа қабығынын сыртында қосымша үщ қабық: сары уыз, мөлдір, сәулелі шоғырлы болады. Сперманың дамуы еннің ирек өзеклерінде өтеді, ал аналық жасышалардың дамуы жұмыртқалықта өтеді.


Әдебиеттер: 1.Токаев З.К. Гистология, эибриология және цитология практикумы, Семей-2001ж., 2.Токаев З.К. Жалпы және арнаулы гистология практикумы, Алматы, Ана тілі, 1993ж.,3. Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім, 1996ж.,

4. Сатиева К.Р. Жануарлар морфологиясы, оқулық- әдістемек құралы, Семей, 2004ж.


Дәріс 2. Эмбриология.

Дәріс сабақтың мазмұны: 1. Эмбриология тұралы ұғым. 2. Зиготаның майдалануы, гаструляция. 3. Білікті ағзалардың дамуы және ұрықтан тыс бөлімдерінің қалыптасуы.

1. Эмбриология қалыпты ұрық дамуының негізгі кезеңдерін /ұрықтану мен зиготаның түзілуі, майдалану, гаструла түзу, білікті ағзалардың қалыптасуы, ұлпалар мен ағзалардың дамуы/ және даму заңдылықтарын зерделейді де; тәжірибеге өте қажет ауытқушылық себептерін анықтауға көмектеседі. Ұрықтану процессі ұрық жолының үштең бір бөлігінде өтеді. Аталық және аналық жыныс жасушалыларының қосылу нәтижесінде қос тәсілді жасуша- зигота түзіледі. Сперматогенез және овогенез кезеңдерінің сипаттамасы.

2. Зигота- қос тәсілді жана жасуша. Оның бөлінуі митоз жолымен жүреді, бірақ мұнда интерфаза өте қысқа. Зиготаның бөлшектенуі сары уыз мөлшеріне байланысты толық біркелкі, толық біркелкі емес, толық ассинхронды және толық емес жартылай өтеді. Зиготаны бөлетің із майдалану сызбасы деп аталады. Одан пайда болған жасушалар бластомералар деп аталады. Ланцетникте толық біркелкі жүреді де, целобластула түзеді. Амфибийде толық біркелке емес жүреді. Себебі, оның сары уызы зиготаның төменгі бетінде жиналады. Амфибластула көп қабатты болады да, оның бластоцелі жоғарғы бетіне ығысады, әрі ондағы бластомералар төмен бетіндегіге қарағанда ұсақ болып келеді. Құстарда толық емес бөлшектену /дикоидалды, меробластиқалық/ құс жұмыртқасының жоғарғы бетінде, ұрық тегерішінде жүреді, дискобластула түзіледі. Сүтңоректілердің зиготаның майдалануы- толық ассинхронды өтеді. Оның нәтижесінде бластодермалық көпіршік түзіледі. Гаструляция дегеніміз- ұрық жапырақшаларының түзілу процесі. Гаструляцияның алғашқы кезеңінде эктодерма мен энтодерма пайда болады, ал кейіннен бұлардың арасында мезодерма жасушалары орналасады. Құстар мен сүтқоректілердің эмбриогенезінде мұны алғашқы жолақтың көлденең кесіндісінен бақылауға болады. Гаструляция мынадай әдістер арқылы жүзеге асырылады: инвагинация / ішіне тартылуы/, эпиболия /қабаттап өсу/, деляминация / жарылу немесе қабаттарға бөліну/.

3. Білікті ағзаларға жүйке түтігі, хорда және алғашқы ішек жатады. Жүйке түтігі эктодермадан, хорда мен алғашқы ішек энтодермадан дамиды. Білікті аңзалар пайда болу кезеңінде мезодерма ажыратылып сомиттерге /дорзальды арқалық мезодерма/ және спланхнотомға /вентральды төменгі мезодерма/ бөлінеді.Дозальды мезодермадан дерматом, склеротом, миотом, ал вентральды мезодермадан висцеральдық және париетальдық жапырақшалар түзіледі. Ұрықтан тыс бөлімдеріне амнион, амнион қуысы, аллантоис, сары уыз қапшығы, хорион, хорион бүрлері жатады. Бүлар үрық жапырақшалардаң дамиды. Әр қайсысы өзіне тән қызметтер атқарады: қорғаныш, көректік, газ алмасу, шығару, байланыстырушы. Хорионның бүрлері жатырдың шырышты қабығына кіріп тұрады. Бұл кезенде аллантоис хорионға қарай өсіп, қан тамырларын жеткізеді де, біртеөбірте тұтасып, ортақ қабық- аллантохорион түзеді. Бүл плацентаның ұрықтық бөлігі болып табылады.

Әдебиеттер: 1.Токаев З.К. Гистология, эибриология және цитология практикумы, Семей-2001ж., 2.Токаев З.К. Жалпы және арнаулы гистология практикумы, Алматы, Ана тілі, 1993ж.,3. Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім, 1996ж.,

4. Сатиева К.Р. Жануарлар морфологиясы, оқулық- әдістемек құралы, Семей, 2004ж.
Дәріс 3. Ұлпалар, олардың жіктелуі.

Дәріс сабақтың мазмұны: 1. Ұлпалардың жалпы сипаттамасы. 2. Эпителий ұлпасы. 3. Тіректі- көректі ұлпалар.

1. Ұлпа деп, тарихи дамуда пайда болған, құрылысы, атқаратын қызметі, шығу тегі бойынша ұқсас жасушалар тобын атайды. Овогенезде ұлпалар ұрық жапырақшалардаң пайда болады, соңдықтан оған байланысты ұлпаларды мына түрлері болады: 1. Эктодермальды, 2. Энтодермальды, 3. Мезодермальды, 4. Мезенхималық. Пайда болуына, құрылысына және қызметінің ұқсастығына қарай организімде ұлпалардың негізгі төрт түрі болады. Олар: 1. Эпителий ұлпасы, 2. Тіректі-көректі ұлпалар, 3. Бұлшық ет ұлпалар, 4. Жүйке ұлпасы.

2. Эпителий бүкіл денені, ішкі мұшелердің кілегейлі, барлық бездерді түзеді де, тек жасушалардаң тұрады, шекаралық орын алып жатады, әрі оны түзетің жасушаның екі беті болады. Мұнда қан, сарысу тамырлары болмайды. Эпителий жасушаларының жанарып отыру қабілеті өте жоғары. Эпителий бөгеттік, қорғаныш, тасымалдау, сору, секреттік, экскреттік, қызметтерді атқарады. Эпителийдің генетиқалық жіктелуі: эктодермальды, энтодермальды, мезодермальды, мезенхималы болып бөлінеді. Морфологиялық жіктелуі: бір қабатты және көп қабатты эпителий. Физиологиялық жіктелуі: секреторлық, жабынды, қорғаныштық т.б.

Барлық ішкі орта /ТКҰ/ ұлпалардың даму көзі- мезенхимаДәнекер ұлпалар сыртқы орта және дене қуысымен байланыспайды, бірақ организмнің ішкі ортасын түзеді де, оның тұрақтылығын сақтайды. Олар жасушалардан және жасушааралық заттан құралған. Бұлар коректік, тыныс алу, реттеуіш, қорғаныш, тасымалдау, тіректік қызметтер атқарады. Қазір бұл ұлпаларды бес топқа:1/ қан, сарысу, 2/ретикулярлық, 3/ дәнекер ұлпалар /болбыр және тығыз/, 4/ май, пигменттік ұлпалар, 5/ сүйек, шеміршек ұлпалары.

Әдебиеттер: 1.Токаев З.К. Гистология, эибриология және цитология практикумы, Семей-2001ж., 2.Токаев З.К. Жалпы және арнаулы гистология практикумы, Алматы, Ана тілі, 1993ж.,3. Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім, 1996ж.,

4. Сатиева К.Р. Жануарлар морфологиясы, оқулық- әдістемек құралы, Семей, 2004ж.
Дәріс 4. Қаңқаның дамуы және құрылысы.
Дәріс сабақтын мазмұны: 1.Жануарлар қаңқасының морфофункционалдық сипаттамасы.Қаңқаның бөліктерге бөлінуі. 2.Біліктік және шеттік қаңқаның құрылысы.

Дәнекер, шеміршек, сүйек ұлпалары арқылы белгілі бір заңдылықпен өзара байланысқан сүйектер мен шеміршектердің жиынтығын- қанқа деп атайды. Сүйек адам және жануар денесіндегі негізгі жанды мүше болып табылады. Ол өзінің қаттылық қасиетінің арқасында денені қимылға келтірумен бірге тіректік қызмет атқарады. Сүйекте негізінен сүйек тканінен басқа нерв және дәнекер тканьдері болады. Олар сүйек құрылысында қан, лимфа тамырларын және нерв талшықтарын түзеді. Сүйек сүйек қабығынан, сыртқы жалпы қабығынан, остеондардан, сүйектің саңылау қуыстарынан тұрады.

Сүйекті сыртынан дәнекер тканьнен тұратын сүйек қабы қоршап жатады. Ол қан тамырлы болады, осы қан тамырлары арқылы сүйек қоректенің отырады. Қан тамырлары мен нерв талшықтары сүйек ішіне арнаулы тесіктер арқылы еніп, қоректенуімен қатар нервтендіреді, сонымен бірге қорғаныштық қызмет атқарады. Ол екі қабаттан түзілген. Сыртқы қалың дәнекер ткані және ішкі остеобласт қабаты. Сүйек қабының ішкі қабаты сүйек жасайтын клеткалардан – остеобластардан түзілген. Осы сүйек клеткаларының көбею нәтижесінде сүйекте жаңа қабаттар пайда болып, сүйекті көлденең өсіреді.

Қаңқа біліктік және шеттік болып екіге бөлінеді. Біліктік қаңқа бас, мойын, тұлға және құйрық сүйектерін біріктіреді. Жануар қаңқасының құрылысы дене мүшелеріне сәйкес топтасып, тұлға, қол-аяқ және бас сүйектеріне бөлінеді. Тұлға сүйектері омыртқа жотасы мен мен көкірек клеткасынан құралады. Омыртқа жотасы бой тізбектеле орналасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Көкірек клеткасы алыдынан төс сүйегімен, арт жағынан көкірек омыртқаларымен шектелетін 12 жұп қабырғалардан түзілген.

2. Біліктік қанқа бас, мойын, тұлға және құйрық сүйектерін біріктіреді. Омыртқа бағанасы- омыртқалардың өзара байланысу нәьтжесінде түзілген. Ол өзін құрайтын омыртқалардың түрлеріне сәйкес мойын, арқа, бел, құйымшақ және құйрық бөлімдерінен тұрады. Көкірек керегесі- арқа омыртқаларынан, қабырғалардаң және төс сүйегінен құралып, көкірек куысының сүйектік негізі болып табылады. Бас қанқасы бір-бірімен тұтаса байланысқан жалпақ сүйектерден құралған. Бас сүйектері негізінен ми сауты және бет бөлімі болып екіге бөлінеді.

Шеттік қаңқа немесе алдыңғы аяқ қаңқасы (кеуделік) және артқы (жамбастық) аяқ сүйектерінен құралған. Қол сүйектері негізінен еркін қозғалмайтын немесе иық белдеуі ( жауырын), еркін қозғалатын немесе қолдың өз сүйектерінен тоқпан жілік, білек және қол басынан тұрады.

Аяқ сүйектері қол сүйектеріне сәйкес келеді. Оларға жамбас белдеуі, ортан жілік, сирақ және аяқ басының сүйектері жатады. Жамбас сүйегі қимылсыз байланысқан үш бөліктен түзілген: мықын, шонданай, шат сүйектері. Осы үш сүйектің біріккен жеріндегі ойысты ұршық ойысы деп атайды. Оған ортан жіліктің ұршық басы енеді. Ортан жілік адам сүйегінің ішіндегі ең ұзын, ең ірісі. Оның денесі –диафизі және екі шеті – эпифизі болады. Жоғарғы басын проксимальды, ал төменгі жағын дистальды эпифизі деп атайды. Сирақ сүйектері екі сүйектен түзілген: асық жілік, шыбық сүйегі,табан сүйектері ұзынша келген бес сүйек. Әрбір табан сүйегінің орта бөлігін денесі, арт жақ тегіс келген жерін негізі, ал алдына жұмырлана біткен бөлігін басы дейді.

2. Аяқ сүйектері екі бөлімнен құралады: 1/ еркін қозғалмайтың бөлім немесе иық жамбас белдеу; 2/ еркің қозғалатың бөлім. Иық белдеуге жаурын жатады. Жаурынө жалпақ келген, үшбырышты сүйек. Оның латеральдік және қабырғалық беттері, дорсальдік, краниальдік, каудальдік жиектері және үш бұрышы болады. Жамбас белдеуі- бірөбірімен шеміршек арқылы жартылай түтаса байланысқан қос жамбас сүйектерінен тұрады. Алдыңғы аяқтың еркің қозғалатың бөлігіне: тоқпан жілік, білек сүйектері, аяқ басы қанқасы жатады. Артқы аяқтың еркің қозғалатын бөлігіне: ортан жілік, сирақ сүйектері, артқы аяқ басы қанқасы жатады.
Әдебиеттер: 1.Токаев З.К. Гистология, эибриология және цитология практикумы, Семей-2001ж., 2.Токаев З.К. Жалпы және арнаулы гистология практикумы, Алматы, Ана тілі, 1993ж.,3. Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім, 1996ж.,

4. Сатиева К.Р. Жануарлар морфологиясы, оқулық- әдістемек құралы, Семей, 2004ж.


Дәріс 5. Миология.
Дәріс сабақтын мазмұны: 1. Бұлшық еттердің маңызы, түрлері. 2.Бас, мойын, тұлға және аяқ бұлшық еттері.
1.Бұлшық ет дененің барлық қимылына қатысады. Бұлшық ет - өзіне тән пішіні,атқаратын қызметі бар дененің мүшесі. Ол бұлшық ет ұлпасынан, борпылдақ және қатты дәнекер ұлпалардан, қан тамырлары мен жүйке ұлпаларынан тұрады. Оның негізі – бұлшық ет ұлпасы. Бұлшық ет ұлпасының екі түрі бар: көлденең жолақты және бірыңғай салалы. Қаңқаның бұлшық еті – көлденең жолақты.Бұлшық еттер пішіні мен көлеміне қарай қарапайым, күрделі және қауырысынды болып үш топқа бөледі. Атқаратын қызметіне қарай бүлшық еттер динамикалық және статиқалық топтарға бөлінеді. Бұлшық еттің жұмысы негізінен оның жиырылғыштық, тітіркенгіштік және серпімділік қасиеттерінің байланысы арқасында жүзеге асады. Тұлға бұлшық еттері – арқа, кеуде, іш бұлшық еттері болып бөлінеді. Арқаның бұлшық еттері: беткейдегі және тереңдегі болып бөлінеді. Бұлшық еттердің қосымша құрылымдарына кілегейлі қалталар, кілегейлі қынаптар, қатпарлар, сесам сүйектері, ет шандыры жатады. Бұлар бұлшық еттердің қалыпты жұмыс істеуіне көмектесіп отырады. Шандыр жапқыштар жеке етті немесе еттер тобын (бүгетін, жазатын) және дененің бөлек еттерін (иық, сан, балтыр, білек еттерін) қаптап қоршап жатады. Сесам сүйектері көбінесе ет пен буын сіңірлерінің арасында кездеседі.

2. Бас бұлшық еттерің ымдау және шайнау топтарына бөледі. Ымдау бұлшық еттердің бір ұшы табиғи тесіктердің қабырғаларында аяқталып, олардың ашылып-жабылу, кенею, таралу сияқты қызметтерің жүзеге асырады. Шайнау бұлшық еттеріне: үлкен шайнау бұлшық ет, самайлық бұлшық ет, қанаттық бұлшық ет, қосқұрсақтық бұлшық ет жатады. Иық белдеуінің бүлшық еттері: трапеция тәрізді бұлшық ет,ромб тәрізді, вентральдік тісті бұлшық ет, төс-бас бұлшық ет,арқаның тым жалпақ бұлшық ет жатады. Көкірек бұлшық еттері екі топқа бөлінеді: инспираторлар / дем алу бұлшық еттер/ және экспираторлар /дем шығару бұлшық еттер/. Құрсақ бүлшық еттеріне: құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшық еті, құрсақьың ішкі қиғаш бұлшық еті, құрсақтын көлденең бүлшық еті және тік бүлшық еті жатады.


Әдебиеттер: 1.Токаев З.К. Гистология, эибриология және цитология практикумы, Семей-2001ж., 2.Токаев З.К. Жалпы және арнаулы гистология практикумы, Алматы, Ана тілі, 1993ж.,3. Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім, 1996ж.,

4. Сатиева К.Р. Жануарлар морфологиясы, оқулық- әдістемек құралы, Семей, 2004ж.


Дәріс 6. Тері және оның туындылары.
Дәріс сабақтын мазмұны: 1. Терінің құрылысы және қызметтері. 2.Тері бездерінің құрылысы мен қызметі.
1. Тері жабыны, немесе жалпы жабын – организмнің сыртқы ортамен тікелей жанасатын сыртқы қабығы. Ол қорғаныш қызметін атқарады (денені зақымданудан сақтайды, организмнің суды босқа шығындауына және оған ауру тудырушы микробтардың, бөгде заттардың енуіне жол бермейді). Тері сезім мүшесі. Оның сезімталдығы оның қорғаныш қызметіне тікелей байланысты. Мұнымен қатар тері ыдырау өнімдерін сыртқа шығару, дене температурасын үнемі бір қалыпта ұстап тұру және аз мөлшерде болса да дем алу қызметін атқарады. Тері үш қабаттан тұрады: оның үстіңгі жұқа қабаты эпидермис деп аталады. Ол көп қабатты мүйізделетін жалпақ эпителийден тұрады. Эпидермистің астында негізгі тері қабаты – дерма жатады. Дерманың өзі емізікше және торлы қабаттардан түзілген. Емізікше қабат – эпидермистің астында орналасып, одан негіздік мембрана арқылы бөлінген. Бұл қабатты борпылдақ дәнекер және торлы ұлпалар араласа түзеді. Емізікше қабат эпидермисті қоректендіруші қан тамырлары мен жүйке ұштарына өте бай.

2. Тері бездеріне май, тер және сүт бездері жатады. Май бездері құрылысы жағынан қарапайым көпіршікті бездерге жатады. Без өзегі түк түбіріне ашылады. Без көп қабатты эпителийден құралған. Май бездері дерманың емізікше қабатында түк түбірлеріне жақын орналасады. Тер бездері құрылысы жағынан қарапайым түтікше бездерге жатады. Түтікше қабырғасы жалаң қабат куб тәрізді эпителийден тұрады. Без өзекшесі түк түбіріне немесе терінің сыртқы бетіне тікелей ашылады. Тер арқылы артық су, ыдырау өнімдері, зәр, керексіз тұздар сыртқа шығарылады. Сүт бездері құрылысына байланысты күрделі көпіршекті- түтүкті бездерге жатады.


Әдебиеттер: 1.Токаев З.К. Гистология, эибриология және цитология практикумы, Семей-2001ж., 2.Токаев З.К. Жалпы және арнаулы гистология практикумы, Алматы, Ана тілі, 1993ж.,3. Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім, 1996ж.,

4. Сатиева К.Р. Жануарлар морфологиясы, оқулық- әдістемек құралы, Семей, 2004ж.

Дәріс 7. Ас қорыту мұшелерінің морфологиясы.
Дәріс сабақтын мазмұны: 1. Ас қорыту мүшелердің құрылысының жалпы заңдылықтары. 2.Ас қорыту мүшелерінің морфофункциональдік сипаттамасы.

1. Ас қорыту жүйесі негізгі үш /алдыңғы, ортаңғы, артқы/ бөлімнен тұрады. Алдыңғы- ауыз қуысы, жұтқыншақ, өнеш жатады да, онда азықтын механикалық өңдеуі жүреді. Ортаңғы- қарын, жінішке, жуан ішектер, бауыр, ұйқы безінен тұрады. Оларда азықтын химиялық өндеуі жүреді,қоректік заттар сіңіріледі, қажетсіз заттардан нәжіс түзіле бастайды. Артқы бөлімге- тоқ ішек, тік ішек құйрыө жағы кіреді. Ас қорыту жолы микроскопиялық құрылысына сай қабатты түтік тәрізді тобына жатса, оның қосымша мүшелері паренхиматозды тобына жатады. Ас қорыту жолы негізінен үш қабықтан /ішкі- клегей, ортаңғы- бұлшықет, сыртқы- сір немесе адвентиция/ тұрады. Бұл жүйе кезбе жүйке мен симпатиқалық жүйе арқылы жүйкеленіледі.



2. Ас қорыту жүйесі ұзына бой жатқан түтік тәрізді. Оның ішкі қабырғасы қоректік заттармен тығыз байланысты келеді. Бұл мүшелер арқылы сыртқы орта мен организм арасында зат алмасу процесі өтеді.

Қарынасты безі аралас бездер қатарына жатады. Бауыр – организімде ең үлкен без, оның салмағы 1,5 кг-ға дейін барады. Бауыр құрсақ қуысының оң жағында диафрагма күмбезінің астында, төменгі қабырғаларға таяу жатады. Бауырдан шыққан бауыр өзегі өт шығарып отырады. Бұл өзек қапшық өзегімен жалғасып, жалпы өт өзегін түзеді де, қарынасты безінің өзегімен бірігіп, онекі елі ішекке ашылады. Егер ас қорыту процесі . Ас қорыту аппаратының бірінші бөлімі ауыз қуысынан басталады. Ол көмей тесігі арқылы жұтқыншақпен байланысады, одан кейін өңеш, қарын, аш ішек, тоқ ішек, ең соңынан тік ішекпен аяқталады. Ас қорыту аппараты топографиялық орналасу жағдайына қарай бас, мойын, көкірек, құрсақ және жамбас бөліктеріне бөлінеді. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы қоректенетін тамақ ерекшеліктеріне қарай түзілген. Мысалы тек өсімдік, немесе етпен қоректенетін жануарларға келсек, олардың ас қорыту мүшелері өте ерекше құрылыста келеді. Ас қорыту жүйесінің әр түрлі бөлігі түрлі қызмет атқаратындықтан құрылысы мен пішіні де түрліше болып келеді. Оның жалпы ұзындығы 8-10 метрге дейін жетеді. Тағамды механикалық майдалау, шайнау ауыз қуысының қызметі болып есептелінеді. Осыған байланысты ас қорыту мүшелерінің ішінде тек қана осы бөлігінің негізі сүйектен түзілген. Ас қорыту мүшелерінің көбі қуысты, олардың кенересі үш қабаттан түзілген. Оларға: кілегейлі (ішкі), бірыңғай салалы ет (ортаңғы) және сір (сыртқы) қабаттары жатады. Кілегейлі қабаты – барлық ас қорыту органдарының ішкі бетін астарлап, асты қорыту және оны сіңіру қызметтерін атқарады. Сондықтан да кілегейлі қабат өте күрделі эптиелий, жазық ет және кілегейасты қабаттардан түзілген. Мұндай құрылыс ішектің оңай созылып, кеңейіп тұруына, ішіндегі тағамдардың қорытылуына жағдай жасайды. Бұл қабатта қан, лимфа тамырлары және нерв талшықтары тарамдалып жатады. Кілегейлі қабаттар өздерінен сөл (секрет) шығарып тұратын бездерге де бай келеді. Бірыңғай салалы ет қабаты – кілегей және сір қабаттарының аралығында орналасқан. Ас қорыту жүйесінің жоғарғы бөліктері ғана көлденең жолақты ет ткандерінен түзілсе, ал қалған бөліктері өңештің ортаңғы бөлігі, қарын, аш ішек және тоқ ішек органдарының қабырғасы бірыңғай салалы ет ткандерінен түзілген. Бұл мүшелердің ет талшықтары негізінде екі бағытта орналасқан. Ішкі талшықтары – көлденең, сыртқы талшықтары ұзына бой жатады. Осы ет талшықтарының жиырылуына байланысты тағам жылжиды және механикалық түрде сөлдермен араласып қорытылады. Жалпақ ішек қимылын толқынды (перистальтикалы) қимыл дейді. Сір қабат – ішкі мүшелердің сырт жағын қоршап, қорғаныс қызметін атқарады. Оның ішімен қарынға, ішекке тамырлар мен нервтер өтеді. Бұл қабат кілегей бөліп, мүшенің сыртын ылғалдап тұрады. Сонымен бірге ас қорытуға сілекей бездері, қарынасты безі, бауыр белсене қатысады. Сілекей бездері үш жұп болады: шықшыт, тіласты, жақасты. Олардың шығаратын сөлін сілекей сөлі деп атайды, ал олар өз аттарына сай жерде жатады. Қарынасты безі асқазанның астыңғы жағында (ІІ) беломыртқа тұсында сір қабықшамен жабылып жатады. Бас бөлімі жуандап, онекі елі ішектің иініне кіріп орналасқан. Денесі бел омыртқаға көлденең келіп, асқазанға жанаса жатады. Құйрық бөлімі көкбауырға дейін жетеді. Қарынасты безінен тәулігіне 2 литр шамасындай сөл шығарылады, оны панкреат сөлі деп атайды. Қарынасты безінің жүрмесе, өт қапшығына жиналады.
Әдебиеттер: 1.Токаев З.К. Гистология, эибриология және цитология практикумы, Семей-2001ж., 2.Токаев З.К. Жалпы және арнаулы гистология практикумы, Алматы, Ана тілі, 1993ж.,3. Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім, 1996ж.,

4. Сатиева К.Р. Жануарлар морфологиясы, оқулық- әдістемек құралы, Семей, 2004ж.



Дәріс 8. Тыныс алу жүйесінің морфологиясы.
Дәріс сабақьын мазмұны: : 1.Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметтері.

Тыныс алу мүшелерінің организм тіршілігінде маңызы зор. Олар газ алмасу, дыбыс шығару, сөйлеу қызметтерін атқарады. Тыныс алу аппаратына мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронхылар және өкпе жатады. Мұрын қуысының негізі сүйек пен шеміршектен түзіліп, сыртқы терімен жабылып, ішкі беті кілегей қабықшамен астарланып жатады. Мұрын қуысының кілегей қабаттары қан тамырларына өте бай, оның беті көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен жабылған. Сонымен қатар көптеген бездері де болады. Мұрынға енген шаң-тозаңды эпителий кірпікшелері ұстап қалады, ал бездерден бөлінген кілегей микроорганизмдерді өлтіріп отырады. Көз жасы арнаулы түтік арқылы мұрын қуысына еніп, кілегейлі қабатын ылғалдап тұрады. Көмекей тыныс жолының ғана емес, сонымен бірге сөйлеу аппаратының ды бір бөлігі болып табылады. Көмекей мойынның алдыңғы жағында орналасып алдынан және екі бүйірінен бұлшық еттермен жабылған. Көмекейдің қалқандық қыры тері астында білініп жатады. Оның шеміршектері өзара бұлшық еттермен байламдар арқылы қозғалмалы түрде қосылысқан. Құрамында бірнеше гиалин және серпімді шеміршектер бар. Оның тақ шеміршектеріне: қалқанша шеміршегі, оймақ тәрізді шеміршек және көмекей қақпақшасы, ал жұп шеміршектеріне қалақша және мүйізше шеміршектер жатады. Көмекей шеміршектерінің филогенетикалық жетілу тегіне қарасақ, олардың ең алғашқысы қалақша және оймақ тәрізді шеміршектер болып есептелінеді. Қалақша шеміршек пен көмекей қақпақшасы өте жас орган, сондықтан олар тек сүтқоректі жануарларда ғана кездеседі. Жалпы алғанда, көмекейдің құрылысы өте күрделі, әсіресе ол адамда сөйлеу қызметіне байланысты күшті дамыған. Кеңірдек және бронхылар. Кеңірдек төменгі мойын омыртқалар тұсынан көмекейді оймақ тәрізді шеміршегінен басталып, көкірек қуысымен түсіп, өңештің алдыңғы жағынан оң және сол бронхыларға бөлінеді. Кеңірдек 16-20 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады, оның ұзындығы 9-15 см болады. Кеңірдектің гиалин шеміршегінен тұратын жартылай сақиналары сақина тәрізді сіңір байламдары арқылы байланысып жатады. Оның мұндай құрылыста болуы қабысып қалмай, ауаның еркін өтуіне жағдай жасайды. Сақиналы байламдар мойынды қимылдатқанда кеңірдектің ұзаруына, қысқаруына себеп болады. Кеңірдек ІҮ көкірек омыртқа тұсында бронхыларға (оң және сол) бөлінеді, оларды негізгі бронхылар деп те атайды. Мұның да іш жағындағы кілегей қабатының беті кірпікшелі эпителиймен жабылған. Оң жақ бронхы қысқа әрі жуан, ұзындығы 3 см, 4-7 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады. Сол жақ бронхы ұзын, әрі жіңішкелеу, мұның ұзындығы 4-5 см, 7-12 сақинадан тұрады. Әрбір бронхы өз өкпелеріне енгеннен кейін бронхы бұтақтарына тармақталады. Өкпе – көкірек қуысын алып жатқан конус тәрізді орган, ал олардың көлемі мен пішіні көкірек клеткасына байланысты. Өкпенің негізгі қызметі – газ алмасу процесінсіз адам тіршілік ете алмайды. Малдың жасы және атқаратын жұмысы өкпенің көлемі мен пішініне әсер етеді. Өкпе жаңа туған төлде көкірек қуысының үштен бір бөлігін алып жатады, оның өсуі алғашқы үш айда, толық жетілуі жеті жаста аяқталады. Осыдан кейін өкпе денемен қатар өседі. Өкпенің көлемі әр түрлі, сол өкпеге қарағанда оң өкпе үлкендеу келеді.

Өкпені жауып жатқан сір (сероздық қабықша) плевра деп аталады, ол осы мүшелерді орап жатқан жұқа, жылтыр қабықша. Егер плевра өкпенің сыртын жауып жатса, оны өкпелі (висцеральды) плевра қабықшасы, ал егер көкірек қуысының қабығын астарлап жатса, оны қабырғалық (париетальды) плевра қабықшасы деп атайды. Екі қабықшаның арасындағы саңылау кеңістікті плеврааралық қуыс деп атайды. Бұл қуыстың қысымы сыртқы атмосфера қысымынан төмен болады, әрі осы қуыста плеврааралық үйкелісті азайтатын сероздық ылғал болады.


Әдебиеттер: 1.Токаев З.К. Гистология, эибриология және цитология практикумы, Семей-2001ж., 2.Токаев З.К. Жалпы және арнаулы гистология практикумы, Алматы, Ана тілі, 1993ж.,3. Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім, 1996ж.,

4. Сатиева К.Р. Жануарлар морфологиясы, оқулық- әдістемек құралы, Семей, 2004ж.

Дәріс 9. Зәр шығару жүйесінің морфологиясы.
Дәріс сабақтын мазмұны: 1.Несеп шығару мүшелерінің жалпы сипаттамасы. 2. Несеп шығару мүшелерінің құрылысы және қызметі.
1.Несеп шығару жүйесі жыныс мүшелерімен морфологиялық және физиологиялық жағынан тығыз байланыста келеді. Несеп шығару жүйесінің қызметі организмде пайда болған зәрді организмнен шығару болса, жыныс жүйесі көбею функциясын атқарады. Осының нәтижесінде зәр шығару және жыныс мүшелері бір жүйе болып саналады. Себебі еркек малдарда зәр шығару және тұқым шығару жолдары бірігіп жалпы ортақ жол құрайды. Ал ұрғашы малдарда екі жүйенің жолдары екі бөлек болғанымен ортақ несеп-жыныс аппаратын түзеді және бір-бірімен тығыз байланыста жатады. Несеп шығару мүшелері- организмдегі зат алмасу процесінің соңғы ыдырау өнімі- несепті организмнен сыртқы ортаға шығарады. Несеп шығару мүшелері екі бөлімге бөлінеді. Олар: негізгі несеп түзуші мүшелер- жүп бүйрек және несеп шығарушы жолдар- несепағар, қуық, несепшығар /уретра/.

2. Зәр шығару мүшелеріне бүйрек, несепағар, қуық және несеп каналы жатады. Бүйрек – құрсақ қуысында жоғарғы бел омыртқалар тұсында орналасқан. Бір-біріне бас жақтарымен жақын жатады. Бүйректің орналасуы жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты келеді. Әйелдерде төмендеу, жас нәрестелерде одан да төмен, жамбас ішіне түсе орналасқан. Сырт жағынан тығыз фиброзды, оңай сыпырылатын дәнекер тканьді қапшықпен қапталған. Бүйректер құрсақ қабырғасына жақсы бекіген. Бүйрек ыдырау процесінде пайда болған керексіз заттарды органмизмнен шығарып, қанды тұрақты жағдайға келтіріп отырады. Бүйрек жұмысы нервтік және гуморальдық жолмен реттеліп отырады. Бүйрек құрамында екі түрлі нерв талшықтары кездеседі: симпатикалық және парасимпатикалық. Симпатикалық нерв импульстері арқылы қан тамырлары таралып, зәр бөлу азаяды. Ал парасимпатикалық нерв талшықтарының импульстерінің әсерінен керісінше, несеп бөліну процесі көбейеді. Бүйректе лимфа жүйесі де жақсы жетілген.

Несепағар – бүйрек түбегінен басталып, төмен қарай жүріп отырып қуыққа келіп жалғасады. Оны құрсақ және жамбас бөлігіне бөледі. Несепағар қабырғасы үш қабаттан түзілген: ішкі кілегей қабат іш жағын астарлап ұзына бойына қыртыстана жатса, ортаңғы қабаты жазық ет тканінен түзілген. Мұның өзі екі бағытта жатқан ет талшықтарынан тұрады: сыртқы – сақиналы, ішкі – ұзына бой. Ет талшықтарының жиырылу нәтижесінде бүйректен бөлініп шыққан несеп әрдайым қуыққа қарай ағып отырады. Қуық – зәр уақытша жиналып тұратын мүше. Ол жамбас қуысында шат сүйегінің артында орналасқан. Оның түбі, ұшы, денесі болады. Қуық түбінен несеп каналы басталады. Ол жоғарғы және артқы жағынан сір қабатымен қапталған, ортаңғы қабаты үш бағытта жатқан ет талышқтарынан түзілген. Оның сыртқы және ішкі талшықтары ұзына бой жатса, ортасындағысы оралып, көлденең орналасқан. Бұл ет талшықтарының жиырылу нәтижесінде қуық несептен босатылады. Несепағардың қуыққа ашылар тұсында кілегей қабықшасы қатпар түзеді. Ол қатпар қиғаштанып, клапан тәрізденіп несепағардың аузын жауып, несептің кейін кетуіне кедергі болады. Несеп каналы – қуықтың зәр шығаратын түтігі.
Әдебиеттер: 1.Токаев З.К. Гистология, эибриология және цитология практикумы, Семей-2001ж., 2.Токаев З.К. Жалпы және арнаулы гистология практикумы, Алматы, Ана тілі, 1993ж.,3. Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім, 1996ж.,

4. Сатиева К.Р. Жануарлар морфологиясы, оқулық- әдістемек құралы, Семей, 2004ж.


Дәріс 10. Жыныс мұшелерінің морфологиясы.
Дәріс сабақтын мазмұны: 1.Аталық және аналық жыныс мүшелерінің морфофункционалдық сипаттамасы. 2. Жыныс жүйесінің маңызы.
1. Жыныс мүшелері көбею функциясын атқарады. Олар аталық және аналық жыныс мүшелері болып бөлінеді. Аталық жыныс мүшелері ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Оның ішкі мүшелеріне шәует шығаратын өзек, шәует көпіршіктері, қуық түбі безі, ал сыртқы мүшелеріне сыртқы жыныс мүшесі, несеп каналы және аталық жыныс безі, ұма жатады. Аталық жыныс безінің сыртқы пішіні эллипс тәрізді. Ол ек түрлі (ішкі және сыртқы секрециялық) жұмыс атақарады. Сыртқы секрециялық жұмыс деп жыныс клеткаларын – сперматозоидтарды шығрауын, ішкі секрециялық жұмыс деп қан мен лимфаға бөліп отыратын жыныс гормондарын атайды. Аталық жыныс безінің арт жағына жабыса, оның қосалқысы жатады. Аталық жыныс безі қосалқысымен және шәует шығарар өзектің басталар бөлігімен ұма ішінде орналасады. Жыныс безіне келетін қан тамырлары нерв талшықтары сонымен бірге шәует шығарар өзек, дәнекер тканьді қабықшасымен жабылып, шәует бауын түзеді. Ол ұма ішінде жоғары көтеріліп шат каналы арқылы жамбас қуысына келеді. Осы жерде шәует шығарар өзек тамырлары мен нервтерінен ажырап, төмен қарай жүріп отырып кіші жамбас қуысына өтеді. Бұл несеп каналына ашылмастан бұрын бүйір кеңістігін жасап, шәует қуықшасын түзеді де, жыныс клеткалырының қойма маңызын атқарады. Шәует қуықшасы үш қабықшадан тұрады: ішкі – кілегейлі, ортаңғы – бірыңғай салалы ет, сыртқы – дәнекер тканьді болып келеді. Шәует қуықшасының жоғарғы кеңейген жерін денесі, төменгі жіңішкеріп келген бөлігін шәует шашар өзегі деп атайды. Шәует қуықшасы түссіз келген сұйықтыққа толы болып келеді. Оның құрамында сперматозоидтар болады, сондықтан оны сперма жинаушы қойма деп атайды. Оның кілегейлі қабатынан бөлігінен сұйықтық сперманы әрі сұйылтып, әрі активтендіреді. Ұма – аталық жыныс безінің қапшығы, оның ортасы ет пердесімен екі бөлікке бөлінген. Қабырғасы алты қабаттан тұрады: теріасты майы, беткей шандыр, ет қабаты, терең шандыр және ішектен түзілген сір қабықша.

Мұны ішкі секрециялық (эндокриндік) десе, ал жұмыртқа клеткалырының бөлінуін сыртқы секрециялық жұмыс деп атайды. Аналық без сыртқы (қыртысты) және ішкі (милы) қабаттардан түзілген. Аналық жыныс бездегі жұмыртқа клеткасының дамып жетілу процесі фолликулаларда өтеді. Жұмыртқа клеткасы жатыр түтігімен жүріп отырып, жатыр қуысына түседі. Мұнда жұмыртқа клеткасы аталық клетка - сперматозоидпен қосылып ұрықтану процесі жүреді. Жатыр жас ерекшеліктеріне және атқаратын жұмысына байланысты көлемі де, пішіні де өзгеріп қыз баланың жатыр мойны денесіне қарағанда ұзындау келеді, 14-15 жаста жалпы жыныстық жетілуіне байланысты өзінің көлеміне жетеді. Қартайған сайын кері даму процесі жүретіндіктен оның жалпы көлемі кішірейіп, тығыздалып, жатыр мойны қысқарады. Қынап – алдынан артына қарай қысыңқы келген ұзындығы 9-10 см саңылау қуыстық. Оның жоғарғы жағы жатыр мойнымен айнала қалталана жатады. Оларды қынаптың алдыңғы (тайыз) және артқы (терең) күмбездері деп атайды. Сыртқы аналық жыныс мүшелеріне – үлкен, кіші жыныс еріндері, клитор, қынап кіреберісі жатады.


Әдебиеттер: 1.Токаев З.К. Гистология, эибриология және цитология практикумы, Семей-2001ж., 2.Токаев З.К. Жалпы және арнаулы гистология практикумы, Алматы, Ана тілі, 1993ж.,3. Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім, 1996ж.,

4. Сатиева К.Р. Жануарлар морфологиясы, оқулық- әдістемек құралы, Семей, 2004ж.

Дәріс 11. Жүрек, қан тамырлар жүйесі. Лимфа жүйесі.
Дәріс сабақтын мазмұны: 1. Жүрек қан тамырлар жүйесінің дамуы және сипаттамасы. 2.Жүректің құрылысы. Тамырлар тарамдалуының заңдылықтары. 3.Лимфа айналым жүйесінің құрылысы және маңызы.

1.Тамырлар жүйесіне түсінік беретін анатомия саласы – ангиология деп аталады. Бұл жүйеге орталығы – жүрек, қан және лимфа тамырлары, қан жасайтын мүшелер (көкбауыр, сүйек майы, лимфатикалық бездер) жатады. Тамырлар жүйесінің қызметтері өте күрделі. Олар барлық мүшелерді өзара байланыстырып, нерв жүйесінің басқаруымен организмнің біртұстастығын сақтауға қатынасады. Сонымен қатар бір мүшенің шығаратын затын екніші мүшеге жеткізіп, жалпы организмнің қызметіне әсер етеді. Бұл ішкі орталық (гуморальдық) байланыс деп аталады. Қан арқылы зат және газ алмасу процесі өтеді. Қанның тағы бір қызметі – организмді әр түрлі аурулар туғызатын заттар мен бактериялардан қорғауы. Ересек адамда орта есеппен алғанда 5-6 литрдей қан болады. Организмнің жалпы жағдайын қан құрамының өзгерісінен байқауға болады. Қан айналу жүйесінің тамырлары атқаратын қызметтеріне, құрылысының ерекшелігіне қарап артерия, вена, капилляр қан тамырлары болып бөлінеді. Артерия, вена, капилляр қан тамырларынан тұйық қан айналу шеңбері пайда болады. Артерия қан тамыры қанды жүректен мүшелерге жеткізеді. Ең үлкен артерия қан тамыры қолқа (аорта) екіншісі өкпе сабауы. Артериялар ірі, орта, майда және орналасуына байланысты мүшелердің сыртындағы және оның ішіндегі артериялар болып бөлінеді. Мүшенің артериясы оның ішінде артериолаларға дейін тармақталады, капиллярларға жалғасады. Вена қан тамырлары арқылы қан мүшелерден жүрекке ағып келеді. Қан алдымен венулаларға, одан мүшелердің ішіндегі майда веналарға, одан ірі веналарға бірігеді. Денедегі барлық вена бірігіп жүрекке құяды. Өкпе веналары қанды өкпеден жинап, жүрекке құяды.

2. Тамырлар жүйесінің орталығы – жүрек. Ол іші қуыс келген, етті орган. Ол қалың ет пердесі арқылы бір-бірімен қатыспайтын екі бөлікке бөлінеді. Оның әрбір бөлімі жүрекше мен қарыншадан түзілген. Екі жүрекше жиырылып қанды қарыншаларға өткізеді, ал қарыншалар үлкен және кіші шеңбер қан айналыстарына жібереді. Атқаратын қызметтеріне қарай тамырларды артериялар, веналар, капиллярлар деп бөледі. Жүректен қанды органдарға алып кетіп жатқан тамырлар – артериялар, ал органдардан жүрекке алып келіп жатқан тамырлар – веналар деп аталады. Артерия тамырлары мен вена тамырлары арасындағы кездесетін майда тамырлар – капиллярлар деп аталады. Организмде қан айналу жүйесі бір-бірімен байланысып жатқан кіші және үлкен қан айналу шеңберлеріне бөлінеді. Кіші (өкпелік) қан айналу шеңбері оң қарыншадан өкпе артериясы арқылы басталып, жоғары қарай көтеріліп екі тарамға бөлінеді. Әр артерия тарамы өз өкпесіне енгеннен кейін, ұсақ капиллярларға бөлінеді. Осы капиллярлар бірігуінің нәтижесінде пайда болған өкпе веналары арқылы сол жүрекшеге келіп құятын қан айналу жолын кіші шеңбер немесе өкпелік шеңбер деп атайды. Үлкен қан айналу шеңбер деп жүректің сол қарыншасынан қолқа тамырлары арқылы басталып, бүкіл денеге тарамдалып, одан вена тамырлары арқылы келіп оң жүрекшемен аяқталатын жолды айтамыз.

Жүрек – конус тәрізді етті орган, оның жоғарғы, толық келген жағы жүректің негізі, ал төменгі сүйірленіп жатқан жағын жүрек ұшы деп атайды. Жүректің төмен қарап диафрагма үстінде жатқан бетін диафрагмалық, алдыңғы жағын жүректің төсқабырғалық беті дейді. Орта есеппе жүрекке 300 см3 қан сияды. Орта салмағы 250-300 г болады. Ол жүрек қабының ішінде орналасқан. Жүректің ішкі қабырғасы – эндокард, ортаңғысы – миокард, сыртқы – эпикард қабаттарынан түзілген.

Лимфа жүйесі деп вена жүйесін толықтырып тұратын тамырлар жүйесін атайды. Лимфа жүйесінің организм үшін маңызы өте зор. Себебі оның зат алмасу және фагоцитарлық процестерге қатысы бар. Тканьаралық сұйықтық организмнің ішкі ортасы болып табылады. Осы ортада қан мен ткань арасындағы зат алмасу процесі лимфа арқылы іске асырылады. Себебі тканьаралық сұйықтық қайтадан қанға толық сорылмай, майда лимфа капиллярларға өтеді, олар біртіндеп жинақталып лимфа тамырларына айналады. Денедегі барлық лимфа тамырлары жинақталып, көкірек және оң жақ лимфа өзектерін түзеді. Осы лимфа өзектері арқылы ткань сұйықтығы мойындырық және бұғанасты веналарының қосылысынан пайда болған веноздық бұрышқа келіп ашылады. Қорытып айтқанда лимфа сұйықтығы ткань аралығында қаннан пайда болып, ақыр аяғанда вена қанына келіп араласады.. Лимфа түйіндері тізе буынында, тақым астында, жамбас, шат, шынтақ буынында, қолтық, жақ астында, мойында, өкпеде, бронхыда, ішек шадырқайында кездеседі. Организмдегі барлық лимфа тамырлары көкірек және оң жақ лимфа өзектеріне барып аяқталады.

Лимфа тамырлары лимфа капиллярларының бірігуінен пайда болады. Бұл тамырлардың қабырға құрылысы қан тамырларының қабырғасынан жұқа келеді. Лимфа бездері лимфа тамырларының жолында топталып жатады. Осыған орай лимфа тамырлары лимфа бездерінен өтеді. Лимфа бездері әр түрлі пішінде болады. Олардың сыртқы капсуласы жиырылып, ішіндегі сұйықты сығып шығаруға көмектеседі. Бездерде пайда болған ақ түйіршіктер (лейкоциттер) лимфа сұйықтығына араласып, оның құрамын өзгертіп отырады


Әдебиеттер: 1.Токаев З.К. Гистология, эибриология және цитология практикумы, Семей-2001ж., 2.Токаев З.К. Жалпы және арнаулы гистология практикумы, Алматы, Ана тілі, 1993ж.,3. Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім, 1996ж.,

4. Сатиева К.Р. Жануарлар морфологиясы, оқулық- әдістемек құралы, Семей, 2004ж.

Дәріс 12. Қан жасау мүшелер.
Дәріс сабақтын мазмұны: 1.Қан жасау мүшлерінің морфофункциональдық сипаттамасы. 2. Қан жасау мұшелерінің құрылысы, қызметі.
Қан жасайтын мүшелер қан айналу және лимфа жүйесінің бойында орналасқан. Қан жасайтын мүшелерге сүйек майлары, лимфа бездері және көкбауыр жатады. Қан жасу мүшелері организмде иммунитетке қатысады. Иммунитет – дененің сұрыпталу құбылысында қалыптасқан, денеге енген бөгде денелерге жауап ретінде ерекше қорғаныс заттар түзуге икемділігі. Иммунитеттің екі түрі бар. 1) туа біткен (түрлердің, ерекше), 2) жүре пайда болған. Тума иммунитет әр түрдің өзіне тән болады да, тұқым қуалайды. Жүре пайда болған иммунитет табиғи және жасанда болып бөлінеді. Табиғи иммунитет белсенді (актив) және баяу (пассив) түрде пайда болады.

2.Сүйек майы сүйектің кемік бөлігінде орналасады. Эмбриональдық даму дәуірінде жіліктің түтік бөлігіндегі майдан да қан заты пайда болады. Сүйектің кемік затында орналасқан қызыл майда үздіксіз қызыл қан түйіршіктері (эритроциттер), ақ қан түйіпшіктері (лейкоциттер), гранулоциттер мен тромбоциттер пайда болып отырады. Эритроциттер дамып жетілгенше бірнеше кезеңдерден өтеді. Жетілген эритроциттер мен гранулоциттер ретикулярлы тканьдердің кеңістігінен капиллярларға еніп, қан айналу жүйесіне қосылады. Көкбауыр асқазан мен диафрагма аралығындағы сол жақ қабырға етегінде орналасқан мүше. Ол қызметі жағынан қан және лимфа айналу жүйесімен тығыз байланыста келеді. Көкбауырдың бір жағы дөңес (диафрагмалық беті), екінші жағы ойыс (ішкі беті), түсі қызыл-күрең, өзі жұмсақ. Сыртынан фиброзды дәнекер қабатпен оралады. Егер көкбауырды екіге бөлсе ақ және қызыл пульпадан тұратынын көреміз. Ақ пульпасы лимфоидты тканьнен түзілген, онда лимфоциттер пайда болады. Ал ретикулярлы тканьнен түзілген пульпада қанның қызыл түйіршіктері (эритроциттер) пайда болады. Көкбауыр қан жасайтын қызметінен басқа мерзімі біткен эритроциттердің ыдырайтын жері болып есептеледі. Сондықтан да кейде қан ауруына ұшырағанда эритроциттердің көбірек бұзылуына байланысты көкбауыр өте үлкейіп кетеді. Көкбауыр қан сақтайтын қойма қызметін де атқарып, қан қысымын реттеуіне де қатысады.


Әдебиеттер: 1.Токаев З.К. Гистология, эибриология және цитология практикумы, Семей-2001ж., 2.Токаев З.К. Жалпы және арнаулы гистология практикумы, Алматы, Ана тілі, 1993ж.,3. Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім, 1996ж.,

4. Сатиева К.Р. Жануарлар морфологиясы, оқулық- әдістемек құралы, Семей, 2004ж.

Дәріс 13. Ішкі секреция бездер.
Дәріс сабақтын мазмұны: Эндокринді жүйенің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. 2. Ішкі секреция бездерінің құрылысы мен маңызы.
Организімде бездер екі үлкен топқа – сыртқы және ішкі сөл бездеріне бөлінеді. Сыртқы сөл немесе экзокриндік бездер сөлін дененің қуыс мүшелеріне, сыртқы ортаға шығарады. Бұл бездерге сілекей, асқазан, ішек, тер, т.б.бездер жатады.

Эндокриндік немесе ішкі сөл бездері деп сөлін жасуша арқылы қан мен лимфа тамырларынка шағаратын бездерді айтады. Эндокриндік бездерге гипофиз, эпифиз, гипоталамус ядролары, қалқанша, қалқанша маңы, айырша, ұйқы безі, бүйрек үсті безі, жыныс бездері кіреді. Ішкі сөл бездерінің денеде орналасуы: мида –гипофиз, эпифиз, эпиталамус ядролары, мойында және кеуде қуысында – қалқанша, қалқанша маңы және айырша бездер; іш қуысында – ұйқы және бүйрек үсті бездері; жамбас қуысында – жыныс бездері орналасқан. Сонымен бірге қазіргі замандағы зерттеулер бойынша ас қорыту жолының бойындағы және тыныс мүшелеріндегі бездер ішкі секреция бездерінің құрамына кіреді. Гипоталамус немесе томпақ асты аймағы – гипофиз. Оған сұр томпақ, көру жолы, көру жолының айқасы, емізікше дене кіреді. Гипофиз-ми қосымшасы, «түрік ер тоқымының» ойығындағы ішкі секреция безі. Көру айқастары көз алмасынан басталатын көру жүйкесінің кейбір талшықтарының айқасынан пайда болады. Сұр томпақ жылу және зат алмасуын реттейтін қыртыс асты орталығы. Гипоталамуста 32 жұп вегетативтік жүйке ортасының қыртыс асты орталығы. Олар ішкі ортаның тұрақтылығын сақтайтын, ақуыз, май көмірсу, тұз-су алмасуын реттейді. Снымен бірге гипоталамуста дененің жылуын, қанағаттану, қанағаттанбау, қанның құрамы мен осмотикалық қысымын реттейтін оорталықтар бар. Гипоталамуста ашу орталығы орналасқан.


Әдебиеттер: 1.Токаев З.К. Гистология, эибриология және цитология практикумы, Семей-2001ж., 2.Токаев З.К. Жалпы және арнаулы гистология практикумы, Алматы, Ана тілі, 1993ж.,3. Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім, 1996ж.,

4. Сатиева К.Р. Жануарлар морфологиясы, оқулық- әдістемек құралы, Семей, 2004ж.

Дәріс 14,15. Жүйке жүйесі.
Дәріс сабақтын мазмұны: 1.Жүйке жүйесіне жалпы сипаттама. Жүйке жүйесінің құрылысындағы жалпы принциптер. 2.Жұлын. Ми. Есту және көру мүшелері.

Жүйке жүйесі жан-жануалар мен адамда ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасқан. Жүйке жүйесі ұрықтың даму кезеңінде пайда бола бастайды. Екі апталық ұрық денесінің, долрзальді (арқа жақ) бөлігінде эктодермадан (сыртқы ұрық жапырақшасы) ми-нерв пластинкасы қалыптасады. Даму нәтижесіне байланысты пластинканың екі жақ ұзына бой жиегі қалыңдап, бір-бірімен бірігіп, ұзынша келген нерв түтігін түзеді. Нерв түтігі хорданың үстіңгі жағында параллель жатады. Оның алдыңғы бөлігі біртіндеп ми бөліктеріне айнала бастаса, артқы ұзынша бөлігінен жұлын пайда болады. Ал түтіктің қалыңдап келіп қосылған жиегі генглиозды пластинкаға айналады. Осы генглиозды пластинкадан бара-бара омыртқааралық жұлын түйіндері мен ми нервтерінің түйіндері дамиды. Нерв түтігінің алдыңғы жақ қуысы кеңейіп, өзгеріп ми қарыншаларын түзсе, артқы бөлігінің қуысы жұлын каналына айналады. Нерв жүйесі сыртқы ортаның түрлі құбылыстарының әсерінен өзгеріп, күрделеніп отырады. Осыған байланысты, ішкі-сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдап, оған жауап беріп, организмді өзгермелі жағдайларға бейімдейді. Жүйке жүйесі барлық органдардың, тұтас организмнің жұмыс-әрекетін басқарып, күрделі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі ми мен жұлыннан және одан тарайтын нервтерден тұрады. Ми мен жұлынды орталық жүйке жүйесі, олардан тарамдалған нервтерді шеткі жүйке жүйесі деп атайды. Жалпы жүйке жүйесі нерв тканінен нейрондар мен нейроглиядан, т.б. тканьдерден түзілген. Нейроглия нерв клеткасының тірегі болумен қатар, оған белгілі бір пішін беріп, оларды қоректендіру (трофикалық) жұмысына қатысады. Сезім мүшелері құрылым жағынан жүйке жүйесінің құрамына кіреді. Омыртқалы жануарларда жүйке жүйесі күрделеніп тіршілікке қажетті иіс, дәм, есту, көру, тепе-теңдік органдарының рецепторлары шоғырланады. Вегетативті жүйке жүйесі құрылысының ерекшеліктеріне және атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық деп бөлінеді. Вегетативтік орталықтар ми мен жұлындағы сұр заттың белгілі бір жерлерде топтасып орналасуының нәтижесінде түзіледі. Вегетаитвтік жүйке жүйесінің орефлекторлық доғасынындағы нейрондардың орналасу жағдайларында ерекшелік бар. Себебі олардың мүшелер мен ми арасындағы эфференттік жолы екі нейрондық жол болып табылады. Бірінші нейрон ми мен жұлында жатса, екінші эфференттік нейрон нервтендіретін мүшелерге жақын немесе мүшелер ішіндегі түйіндерде орналасады.

Әдебиеттер: 1.Токаев З.К. Гистология, эибриология және цитология практикумы, Семей-2001ж., 2.Токаев З.К. Жалпы және арнаулы гистология практикумы, Алматы, Ана тілі, 1993ж.,3. Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім, 1996ж.,

4. Сатиева К.Р. Жануарлар морфологиясы, оқулық- әдістемек құралы, Семей, 2004ж.

Дәріс 30. Анализаторлар. Сезім мүшелер.
Дәріс сабақтын мазмұны:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет